ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДIҢ АКТИВТЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЛЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
БАСҚАРУ
1.1 Екінші деңгейлі банктердің активтерінің экономикалық мәні мен
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Екінші деңгейлі банк активтерiн сапасына байланысты жiктеу
... ... ... ... ..7
1.3 Банктің активтері және оларды
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ(АТФБанк және Қазақстан
Халық Банкі АҚ-ның материалдары негізінде)
2.1 АТФБанк АҚ-ның қаржылық көрсеткiштерiне жалпы талдау ... ... ... ..12
2.2 Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның активтерін басқарудағы қаржы
менеджментін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .16
3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ банктердің активтерін басқарудағы мәселелер
және оларды шешу жолдары
3.1 Екінші деңгейлі банктердің активтерін басқаруды жүргізудегі
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.2 Екінші деңгейлі банктердің активтерін басқаруды жүргізудегі
жетілдіру іс –
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
33
КIРIСПЕ
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-
өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар
жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу
саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар
жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi
атқарып отырады.
Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк
жүйесi және осының негiзiндегi қаржы рыногында басты делдал болып табылатын
Екінші деңгейлі банктер iске асырады.
Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы
тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін
сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы
екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады. Екінші
деңгейлі банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен
Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы
делдалы қызметін атқарады. Екінші деңгейлі банктер уақытша бос ақша
қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған
салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға,
елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне,
халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда
нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Осы айтылған Екінші деңгейлі банктер қызметі ішіндегі олардың активті
операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың
шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрдк
қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп
айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару,
халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады.
Бұл операциялар өз кезегінде Екінші деңгейлі банктердің активті
операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын Екінші деңгейлі
банктердің активтерінің құрамы мен құрылымы деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі Екінші деңгейлі банктерінің активтері мен
активтік операцияларының жалпы ұлттық экономикадағы дамытуға маңызының
жоғары екендігі және экономиканың қолдауды қажет ететін басым салаларын
ынталандырудағы орны ерекше болып табылады. Мысалы, екінші деңгейлі
банктердің несиелік және лизингтік, форфейтинг және факторинг қаржыландыру
операцияларының экономиканы қаржыландырудағы рөлі жоғары екендігі белгілі.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым мен міндеттерімді келесідей
топтастыруға болады:
➢ Екінші деңгейлі банктердің қаржы жүйесіндегі орны мен банк
жүйесіндегі маңыздылығын ашу;
➢ Банктердің активті операцияларының құрамы мен құрылымын талдау
және оларды жан-жақты қарастыру;
➢ Екінші деңгейлі банктердің активтері ретінде несиелеу
процесінің маңыздылығын және несиелеу бойынша операцияларды
талдау;
➢ Лизингтің қаржылық операция ретіндегі экономиканы
қаржыландырудағы орны мен тиімділігіне тоқталу;
➢ Банктердің бағалы қағаздармен операцияларын жан-жақты зерттеу;
➢ Еліміздегі Екінші деңгейлі банктердің активтік операцияларының
дамуы мен бүгінгі таңдағы жағдайын, даму көздерін талдау болып
табылады.
1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДIҢ АКТИВТЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЛЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
БАСҚАРУ
1.1 Екінші деңгейлі банктердің активтерінің экономикалық мәні мен құрамы
Банк активтері бұл пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әртүрлі
активтер бойынша орналастырылған каражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін
сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды.
Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді
активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің
өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:
✓ касса және оган теңесетін ақшалай қаражаттар;
✓ берілген несиелер;
✓ багалы қагаздарга жұмсалынган инвестициялар;
✓ банктің гимараты мен жабдықтары.
Бiрiншi топқа: қолма-қол ақша және оған теңестiрiлген қаражаттар жатады,
яғни банкте бар ақшалай қаражаттар (корреспонденттiк шоттағы, Орталық
банктегi мiндеттi резервтiк қордағы қаражаттар), сонымен қатар, аз уақыт
iшiнде ақшалай қаражаттарға тез айналатын активтерге жұмсалған қаражаттар
(мемлекеттiк бағалы қағаздар, мемлекет кепiлдендiрген қысқа мерзiмдi
қарыздар және тағы басқалары) жатады.
Екiншi топқа: кәсiпорындарға, ұйымдарға берiлген қарыздар жатады. Бұл
активтердiң өтiмдiлiк деңгейi қарыздың берiлу мерзiмi мен мақсатына, қарыз
алушыға байланысты болады. Өтiмдiлiгi жоғары құнды қағаздарға басқа
банктерге берiлген және бiрiншi классты құнды қағаздар жатады.
Үшiншi топқа: басқа кәсiпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына
салынған инвестициялар жатады. Бұл активтердiң өтiмдiлiк деңгейi бiрiншi
және үшiншi топтың активтерiнiң өтiмдiлiк деңгейiне қарағанда төмен
қазiргi уақытта өтiмдiлiгi жоғары бағалы қағаздарға банктердiң бағалы
қағаздарын (акциялар, депозиттiк сертификаттар және тағы басқаларын)
жатқызуға болады.
Төртiншi топқа: банктiң негiзгi құралдары жатады: ғимараттар, құрылғылар
есептеу техникалары, көлiк құралдары және тағы басқалары. Бұл активтер
өтiмдiлiгi төмен активтерге жатқызылады. Дегенмен әрбiр кезеңде елдегi
экономикалық жағдайды ескерiп отыру қажет.
Банк өз активтерiнiң құрылымын олардың жекелеген топтары және түрлерi
тұрғысынан алынғанда, белгiлi-бiр уақытқа яғни, белгiлi-бiр күнге, сонымен
қатар, олардың динамикасы арқылы талдау негiзiнде ол қаражаттарды
активтердiң бiр түрiнен келесi түрiне ауыстыра алады. Бұл кезде қаражаттар
көзi өзгермей қалуы да мүмкiн немесе ақшалай қаражаттардың жаңа көздерi
есебiнен де ауыстырылу жүргiзiлуi мүмкiн. Банк активтердi бiр түрiнен
екiншi бiр түрiне ауыстырған кезде орналастырудың сенiмдiлiгi және табыстың
деңгейi тұрғысынан активтердiң ұтымды құрылымын қалыптастыру қамтамасыз
етудi көздейдi. Бұл жағдайда пассивтердiң құрылымы және тартылған қарыз
қаражаттарының мерзiмi де ескерiлуi қажет.
Егер активтердiң бiрiншi тобын қарастыратын болсақ, Орталық Банкте
корреспонденттiк шоттағы ақшалай қаражаттардың қалдығы үнемi жоғары болатын
болса бұл қаражаттарды қысқа мерзiмдi банктiк қарыздарға немесе
мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыруға болады. Мемлекеттiк бағалы
қағаздардың әкелетiн табысы аз болғанымен олардың банктiң шығаратын бағалы
қағаздарына қарағанда сенiмдiлiгi жоғары. Қазақстан Республикасында 1994
жылдан берi мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығы жұмыс iстеуде. Осылайша
өтiмдiлiк деңгейiн төмендетпей, банктiң табысын жоғарылатуға болады.
Алайда, корреспонденттiк шоттағы қаражаттарды активтiң басқа түрiне
орналастыру туралы шешiм қабылдамас бұрын, банк кәсiпорынның төлем
қабiлеттiлiгiне талдау жасауы, табыстары және шығындарына болжау жасауы
қажет. Өйткенi түрлi қолайсыз факторлар әсерiнен корреспондентiк шоттағы
қаражаттардың тез арада азаюы орын алуы мүмкiн, ал бұл корреспондентiк шот
бойынша дебеттiк қалдықтың пайда болуына әкелiп соғады. Бұл жағдайда банк
операцияларды жүргiзуге Орталық Банктiң қаражаттарын қарызға алуға мәжбүр
болады, олар бойынша пайыздық мөлшерлеме Орталық Банктiң есеп мөлшерiне
қарағанда анағұрлым жоғары болады.
Қаражаттардың екiншi топтағы активтерiне орналастырылуы акционерлiк
қоғамдардың, серiктестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың акцияларын алу,
олардың қызметтерiне қатысу түрiнде болады. Бұл негiзiнен банктердiң
табыстың үнемi келiп түсуiн қамтамасыз етуде ұмтылушылығынан болып отыр,
осының әсерiнен банктердiң қаржылық тұрақтылығы және өтiмдiлiгi
жоғарылайды. Қазақстан Республикасында банктердiң барлығына бiрдей
кәсiпорындардың бағалы қағаздарын сатып алуға рұқсат берiлмеген. Банктердiң
бұл қызметiн кастодиалдық қызмет деп атайды. Кастодиалдық қызметпен
айналысуға рұқсатты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бередi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында бұл қызметпен тек санаулы ғана
банктiң айналысуға рұқсаты бар. Соның iшiнде осы жұмыста активтiк
портфелiне талдау жасалғалы отырған банк те бар.
Бiр мезгiлде бұл топтың активтерi банктiң қарыздар тобының активтерiне
қарағанда өтiмдiлiгi төмен, әсiресе экономикалық дағдарыс жағдайында, және
оларға қаражаттарды орналастыру едәуiр тәуекелмен байланысты болады.
Сондықтан коммерциялық банкте арнайы резервтер құрылуы керек. Қазақстан
Республикасында банктердiң бұл тобына қаражаттарды орналастыруы өте аз
болып табылады.
Акционерлiк қоғамдардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына
қаражаттар жұмсау және олардың шаруашылық қызметтерiне қатысу коммерциялық
банктiң өтiмдiлiгiн төмендетедi, ал оларды басқару дамыған корпоративтiк
бағалы қағаздар нарығының жоқтығына байланысты үлкен қиыншылықтар туғызады.
Екiншi топтың активтерiнiң құрылымында да негiзгi үлестi кәсiпорындарға,
ұйымдарға берiлген қарыздар алады. Бұл қарыздар қазiргi уақытта қысқа
мерзiмдiк сипатта және негiзiнен айналыс сферасына бағытталған. Активтердiң
бұл түрiне қаражаттарды орналастырудан түсетiн табыс деңгейi анағұрлым
жоғары. Бұл Екінші деңгейлі банктерге пайданың көп бөлiгiн несиелiк
операциялардан алуға мүмкiндiк бередi. Қысқа мерзiмдi несиелердiң
өтiмдiлiгi әр уақытта бiркелкi емес, бұл қарыз алушының несиенiң
қайтарылуын қамтамасыз етуге қойған қамтамасыз етiлу көздерiнiң әруақытта
сапалы еместiгiнен туындайды. Сондықтан Екінші деңгейлі банктер тартылған
ресурстарын тәуекелдiлiгi жағынан қолайлы активтiң түрi - басқа банктерге
несиелерге жұмсайды. Активтердiң бұл түрiнiң табысы кәсiпорындарға
берiлетiн несиелердiң табысынан төмен, бiрақ банктiң өтiмдiлiгiн көтередi.
Бұл несиелер әдетте негiзiнен қысқа мерзiмдiк сипатта болады.
Екiншi топтағы активтердiң iшiнде шамасы бойынша едәуiр орын алатын актив
- банкаралық несиелер болып табылады.
Екінші деңгейлі банктердiң дамуымен байланысты банкаралық несиелер де
тұрақты түрде өсiп келедi. Бұл бiрқатар факторларға байланысты, соның
iшiнде банктердiң өз өтiмдiлiктерiн жоғарылатуға ұмтылуы да бар.
Активтердiң төртiншi тобын негiзiнен коммерциялық банктiң өндiрiстiк-
техникалық базасын дамытуға жұмсалған қаражаттар құрайды. Екінші деңгейлі
банктер өздерiнiң қалыптасуының алғашқы сатысында тұрғандықтан олардан
бүгiнгi таңда өздерiн ғимараттармен, құрылғылармен, есептеу техникаларымен,
байланыстың жаңа құралдарымен қамтамасыз ету үшiн едәуiр қаражат жұмсау
талап етiледi. Алайда, барлық банктер бiрдей, әсiресе жаңадан құралған
банктер өздерi дамуы үшiн қаржыландыру көздерiн таба бермейдi. Осыдан
банктiң күрделi жұмсалымдары мен оны қаржыландыру көздерi арасында тепе-
теңдiктi қамтамасыз ету мәселесiн шешу қажеттiлiгi пайда болады. Жоғарыда
айтылып өткен шығындарды банк сәйкес жабу көздерiнсiз жүзеге асыратын
болса, онда банктiң өтiмдiлiгi төмендей бастайды.

Екінші деңгейлі банктiң активтерiнiң сапасы олардың өтiмдiлiк,
тәуекелдiлiк, және табыстылық деңгейiмен бағаланады. Талдаудың классикалық
схемасы төмендегiдей.
Алдымен активтердi үш топқа бөледi:
✓ Өтiмдi активтер. Оларға: кассадағы қолма-қол ақша, Орталық Банктегi
және корреспондент-банктердегi шоттардағы қаражаттар, мемлекеттiк
бағалы қағаздар, егер олардың дамыған екiншi нарығы және ломбартық
несие бар болса, Орталық банкте қайта есептеуге алынатын есепке
алынған вексельдер.
Өтiмдi активтердiң мөлшерi салымшылардың орналастырған ресурстарын
қайтаруға қатысты олардың талаптарын қанағаттандыру үшiн, банктiң
қаражаттарды айналымнан алу мүмкiндiгiн сипаттайды. Әдетте өтiмдiлiгi тез
активтер тәуекелi жоқ деп есептеледi және сәйкесiнше табыстығы аз болып
есептеледi.
✓ Жұмыс iстеп тұрған активтер. Олар клиенттерге берiлген қарыздар,
банкаралық несиелер, сатылуға арналған және сатуға жарамды бағалы
қағаздар және тағы басқалар.
Бұлар табыс әкелетiн активтер, бiрақ белгiлi-бiр дәрәжеде тәуекелi
бар және өтiмдiлiгi төмен болып табылады. Бұл кезде мына жағдайды ескеру
қажет: әдетте мұндай активтердiң табыстылығы жоғары болғанымен олардың
шамадан тыс көбеюi банктiң өтiмдiлiгi және қаржылық тұрақтылығына терiс
әсер етедi.
✓ Өтiмсiз активтер. Оларға қозғалмайтын мүлiкке, банктiң ғимаратына
және құрылғыларына, басқа мекемелердiң, фирмалардың және
компаниялардың капиталына, егер олар сатуға арналған және сатуға
жарамды бағалы қағаздар формасында болса, инвестициялар жатады.
Мұндай жұмсалымдар банктiң өз қаражаттары есебiнен жұмсалыуы қажет.
Өйткенi табиғаты бойынша мұндай жұмсалымдар ұзақ мерзiмдiк сипатта болады
да тартылған ресурстардың қысқа мерзiмдiк сипатына сай келмейдi.
Келесi сатыда активтердiң белгiлi-бiр уақыт кезеңiндегi динамикасына
талдау жасалады. Осы сатының ең негiзгiсi - жұмыс iстеп тұрған активтердiң
тәуекелдiгiн талдау және бағалау болып табылады. Мұндай талдау құрылған
резервтердiң жеткiлiктiгiлiгiн анықтау үшiн және активтiк операцияларды
басқару тиiмдiлiгiн бағалау үшiн қажет. Осыған байланысты, тек жұмыс iстеп
тұрған активтердi олардың тәуекелдiгi тұрғысынан жiктейдi.
Пруденциалдық нормативтер жайлы ереже бойынша, төменде көрсетiлген
сандық белгiлер арқылы Екінші деңгейлі банктердiң активтерiнiң
тәуекелдiлiгiн белгiлейдi.
1-топ тәуекелдiлiк дәрежесi нөлге тең активтер. Оларға мыналар жатады;
- касса (теңгелер және халықаралық экономикалық ынтымастық пен даму
ұйымына кiретiн елдердiң валютасы);
- Ұлттық Банктегi шоттардағы қаражаттар, Ұлттық Банктегi мiндеттi
депозиттер;
- Монетарлық бағалы металлдар;
- Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына кiретiн елдердiң Орталық
Банктерiндегi ағымды шоттар мен қысқа мерзiмдi депозиттер;
- Мемлекеттiк және басқа да жоғары өтiмдi бағалы қағаздар;
- Несиелер (депозиттермен, жоғары өтiмдi бағалы қағаздармен монетарлы
бағалы металлдармен, Үкiмет кепiлдеген кепiлдермен кепiлденген)
- Қазақстан Республикасы Үкiметтiне берiлген несиелер;
2-топ тәуекелдiлiк дәрежесi 0,2-ге тең активтер. Олар:
- Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердiң банктерiнде
орналастырылған ағымдағы шоттар мен қысқа мерзiмдi депозиттер;
3-топ тәуекелдiлiк дәрежесi 0,5-ке тең активтер. Олар:
- Монетарлы емес бағалы металдар.
4-топ тәуекелдiлiк дәрежесi 1-ге тең активтер. Олар:
- Экономикалық ынтымақтастықпен даму ұйымына кiрмейтiн елдердiң
валютасы;
- Басқа банктердегi ағымдағы шоттардағы және мерзiмдiк депозиттердегi
қаражаттар;
- Сатуға арналған бағалы қағаздар және басқа қағаздар;
- Басқа банктерге берiлген несиелер ;
- Төлемдер бойынша есеп айырысулар;
- Материалдық қорлар;
- Негiзгi құралдар;
- Есептелген проценттiк табыстар;
- Проценттердi және шығындарды алдын ала төлеу;
- Бағалы қағаздар бойынша премиялар және скидкалар;
- Банк дебиторлары;
- Уақытша активтер;
Активтердi тәуекелдiлiк дәрежесi бойынша өлшеу cәйкес баланстық
шоттағы қалдықты (немесе оның бiр бөлiгiн) тәуекелдiлiк коэффициентiне
көбейту (% пен) және оны жүзге бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Банк активтерiнiң барлығы белгiлi бiр тәуекелде болады. Банк өз
активтерiнiң тәуекелдiлiк дәрежесiн заңға және өз саясатына сай анықтау
керек және соны ұстап отыру керек. Тәжiрибеде несиенiң қандай да бiр топқа
жатқызылуы қарыз алушы несиелiк шарттың мерзiмдерiн және шарттарын атап
айтқанда, қарызды өтеу шарттарын қаншалықты орындауына байланысты жүзеге
асырылады.
Банктер берген несиелер, қарыз берушiнiң несие бойынша төлемдердiң
(негiзгi қарыз және процент) мерзiмiн сақтауына , қарыз алушының банкпен
қарым қатынасына, несиелiк тарихына, несиенiң қамтамасыз етiлуiне және оның
сенiмдiлiгi мен өтiмдiлiгiне байланысты сапасы бойынша мынадай топқа
бөлiнедi:
1) Стандартты;
2) Күдiктi, бұл өз кезегiнде;
а) субстандартты
ә) қанағаттанарлықсыз
б) тәуекелi жоғары күдiктi
3) Үмiтсiз.
Стандартты несие – бұл өтеу мерзiмi жетпеген және сапасы күдiк
туғызбайтын несие, яғни қарыз алушы қаржылық жағынан тұрақты шаруашылық
субъектiсi болып табылады, несие сенiмдi және өтiмдi қамтамасыз етiлген
мұндай несиенiң қамтамасыз етiлуi ретiндегi кепiлдер депозит, аффинирленген
бағалы металлдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары
түрiндегi кепiлдер болып табылады.
Бұл категориядағы несиелерде олардың қайтпай қалу белгiлерi болмайды.
Субстандартты несие - негiзгi қарыз және пайыздың қайтарылуы бойынша
төлемдер 30 күнге дейiн кешiктiрiлген несиелер. Бұл топқа сонымен қатар
қаржылық жағдайы тұрақты, бiрақ белгiлi-бiр қанағаттанарлықсыз
көрсеткiштерi, (дебиторлық қарыздың өсуi, дайын өнiм және тауарлардың
өтiмсiз қорлары) бар клиенттерге берiлген несиелер.
Қанағаттанарлықсыз несиеге негiзгi қарыз немесе пайыздың қайтарылуы
бойынша төлем 30 күннен 60 күнге дейiн кешiктiрiлген немесе бiр рет
ұзартылған немесе қаржылық жағдайы нарық конъюктурасының өзгеруiмен
байланысты нашарлаған қарыз алушылардың несиелерi жатқызылады.
Мына негiздердiң бiреуi бар болған жағдайда несие күдiктi несие деп
есептеледi:
- негiзгi қарыз немесе проценттiң қайтарылуы бойынша төлем 60 күннен 90
күнге дейiн кешiктiрiлсе;
- қарыз алушының қаражаттарының үнемi жеткiлiксiздiгi;
- сауықтандырудың бiр жылдан көп емес мерзiмге жариялануы;
- қарыз алушыға материялдық зиян келтiрген форс-мажорлық жағдайлар қарыз
алушының басқа мiндеттемелерi бойынша қарызының ұзартылуы;
Егер келесi негiздердiң бiреуi бар болса, онда несие үмiтсiз деп
есептеледi:
- негiзгi қарыз және проценттi қайтару бойынша төлемнiң 90 күннен көп
мерзiмге кешiктiрiлуi;
- қарыздың бiр реттен көп ұзартылуы;
- қарыз алушының банкрот деп жариялануы;
- сауықтандырудың бiр жылдан көп мерзiмге жариялануы;
- қарыз алушыға материалдық зиян келтiрген және оның ары қарай қызмет
етуiне мүмкiндiк бермейтiн форс-мажорлық жағдайлар;
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында Екінші деңгейлі банктер
жiктелiнген активтер бойынша провизия құрайды. Оның қажеттi мөлшерiн
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Субстандартты активтер бойынша пайыз уақытында төленiп тұрса негiзгi
қарыздың 5 пайызы мөлшерiнде, пайыз кешiктiрiлген жағдайда 10 пайыз
мөлшерiнде банктер провизия құрайды.
Қанағаттанарлықсыз активтер бойынша пайыз толығымен төленген жағдайда
негiзгi қарыздың 20 пайызы мөлшерiнде, пайыз бойынша төлем кешiктiрiлген
жағдайда 25 пайызы мөлшерiнде провизия құрайды.
Күдiктi активтер бойынша барлық жағдайда негiзгi қарыздың 50 пайызы
мөлшерiнде банктер провизия құрауға мiндеттi, ал үмiтсiз активтер бойынша
барлық жағдайда 100 пайыз мөлшерiнде провизия құрайды.
1.3 Банктің активтері және оларды басқару
Активтерді басқару – меншікті және тартылған қаражаттардың орналастыру
тәртібі мен жолдары. Қаражаттарды орналастыруда үлкен көңіл ссудалық
операциялар мен инвестицияларға бөлінеді.
Банк активтерін басқару мақсаты - меншікті және тартылған қаржыларды
тиімді орналастыру негізінде банктің ең үлкен пайда алуына қол жеткізу.
Активтерді басқару сапасы тікелей бірнеше көрсеткіштерге ықпал
жасайды:
- өтемпаздығы;
- пайдалылығы;
- сенімділігі;
- банктің тұрақтылығы.
Банктің активтерін басқару кезінде мынандай негізгі қағидалармен
жетекшілік жасалады:
- банк активтерінің тиімді құрылымын қамтамасыз ету;
- әр тараптандыру ( актив операциясын кеңейту);
- тәуекелділікті анықтау және резервті құру;
- активтердің тұрақты табысын қамтамасыз ету.
Активтік операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды
пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін
орналастырады.
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз
ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Бұған жататындар:
➢ Шаруашылық жүргізуші субьектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру
үшін қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;
➢ Халыққа тұтынушылық несие беру (үй құрылысын
жүргізу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзімде
пайдаланыла алатын мүліктерді сатып алуға);
➢ Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
➢ Лизингілік операцияларға несие беру;
➢ Факторингілік операцияларға несие беру;
➢ Басқа банктерге несие беру.
Көрсетілген активтік операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдылық,
мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып
табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының
80%-нан асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар
көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер, үй сатып алуға берілетін
несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер
телімін жақсартуға берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге
берілетін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік
ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға несие берілетін болды.
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 АТФБанк АҚ-ның қаржылық көрсеткiштерiне жалпы талдау
Активтер көлемі бойынша АТФБанк АҚ-ның Қазақстан банк жүйесіндегі
үлесі 8,5% құрады. Топтың несие қоржынының өсу қарқыны алдыңғы 3 жылмен
салыстырғанда ( 2009 жылы – 67,2%, 2010 жылы – 50,9%) біршама төмендеді.
Дегенмен 2011 жылы өсім көлемі жоғарылап, нақты айтсақ – 259,6 млрд. теңге.
2011 жылы несие қоржыны үлесінің 50,9%-дан 79,5%-ға өсуі есебінен баланс
активтері қайта құрылды, сонымен бірге барлық өтімділік коэффициенттері
белгіленген пруденциалдық нормативтер шамасында қалды.
1-сурет. Жылдар бойынша несие қоржынының серпiнi:млн. тенге
2-сурет. Клиенттерден тартылған қаражаттар серпіні
2011 жылы топ тартқан клиент қаражаттарының көлемі өсті. Оның ішінде клиент
қаражаттарының баланс пассивіндегі үлесі 38,7%, ал 2010 жылмен
салыстырғанда 4,3% құрайды. Клиент қаражаттарының құрамындағы ағымдағы
шоттар мен депозиттердің талап етілгенге дейінгі үлесі – 16,3%,
клиенттердің жедел қаражаттарының үлесі – 83,7%. Заңды тұлғалардың
клиенттер алдындағы берешек қаржысы – 63,6%, ал жеке тұлғалардың қаржысы –
36,4% құрады. Жылдар бойынша клиент қаражаттарының серпiнi: млн. тенге.
3-сурет. Жылдар бойынша кредиттiк мекемелердiң серпiнi: млн. тенге
2010 жылы кредиттiк мекемелерден тартылған қаражат көлемі 34,6%
төмендеді. Мұндай төмендеу қысқа мерзімді міндеттемелер көлемінің азаюынан
болды. 2010 жылғы қазан айында 150,0 млн.тг. сомасында синдицирленген заем
өтеліп, оның орны негізгі компанияның қаражаты есебінен жабылған болатын.
2011ж. - 221891143тг. құрады. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 67,6%-
ке өсті.
4-сурет. Жылдар бойынша табыс серпiнi: млн. тенге
2010 жылы табыс салығын төлегеннен кейінгі АТФ Банк АҚ-ның таза табыс
көлемі 7 244 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 68,6%
артық. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш – 8 043 277тг. құрады. 2010 жылмен
салыстырғанда 799 277тг. өскен.
АТФ Банктің АҚ бухгалтерлік балансын талддау барысында мыналарды
ескереміз: Қазақстан Республикасының ҰБ-гі ақша құралдары; Сатуға арналған
активтер саны; Банкпен ұсынылған ссудалар мен құралдар; Клиенттерге
арналған ссудалар; Ассоцияциялық компанияларға инвестиция салу; Негізгі
құралдар; Материалдық емес активтер; Салықтық активтер; Дебиторлық
салымдар; Басқа активтер.
1 – кесте АҚ АТФ Банктің 2009-2011 жылдарындағы бухгалтерлік
балансы мың. теңге
Активтер 2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл
Қазақстан Республикасының ҰБ-гі ақша1 215 568 4 012 228 7 110 194
құралдары
Сатуға арналған активтер саны 2 624 547 9 391 827 23 532 321
Банкпен ұсынылған ссудалар мен 5 515 684 11 948 605 8 521 033
құралдар
Клиенттерге арналған ссудалар 29 215 964 47 151 986 65 613 661
Ассоцияциялық компанияларға 543 159 917 899 823 309
инвестиция салу
Негізгі құралдар 1 215 624 2 044 400 1 825 537
Материалдық емес активтер 56 658 79 637 100 421
Салықтық активтер 74 325 86 794 112 908
Дебиторлық салымдар 23 597 31 844 203 735
Басқа активтер 198 125 280 143 472 079
Жалпы активтер 39 269 558 75 945 363 108 315 198
Ақпарат көзі: АТФ БанкАҚ-ның экономикалық көрсеткіштері
1- кестеден көріп тұрғанымыздай АҚ АТФ Банктің өзіндік активтері
орасан зор. Жалпы активтер соммасы 2009 жылы 39,269,558 мың теңгені құраса
2010 жылы 75,945,363 мың теңгені құрады, яғни 48%-ға көтерілді, ал 2011
жылы бұл көрсеткіш 108,315,198 мың теңгеге көтерілді 2010 жылмен
салыстарғанда, өсім 29% құрады. 2010-2011 жылдардағы көрсеткіштерге
қарағанда активтердің соммасы жылдан жылға көтеріліп кележатқанын
байқаймыз.
АҚ АТФ Банк корпоротив және жеке клиенттерге үлкен спекторда қызмет
көрсетеді. Бантің активтері 30.09. 2009ж. қарағанда 1.099 млрд АҚШ
долларына жетті, ол жеке өзіндік капиталдың көлемі 178,8 млн. АҚШ долларын
құрады. 2010 жылы 3 тоқсанында банктің таза пайдасы 15,2 млн. АҚШ долларын
құрады. Ал банктің жалпы персонал саны 1400 адамға жетті.
1998 жылдан бастап АТФ Банктің акциялары ресми тұрде Қазақстан қор
биржасының А Категориясына енді.
2003 жылдан бастап Еуропалық Даму Банкімен стратегиялық әріптес болып
АТФ Банк ЖАҚ Инэксимбанктің (Қырғызстан) 46% пакет акциясын басқаруға
алды. Сонымен қатар Қазақстаннан тыс 2002 жылдың ақпанынан бастап банк
Мәскеу қаласында өз жұмысын істеп келеді.
Қазіргі кезде банктің филиалдық жүесі 50-ге жеткен, жалпы олар
барлық облыстық орталықтарда Қазақстан бойынша орналасқан.
Банк өнімдерін сату биылғы жылы жеке тұлғалар үшін орасан көп
көңіл бөлмек:
- ипотека;
- көліктерді несиелендіру;
- орта және шағын бизнесті несиелендіру;
- инвестиция тарту;
- кезек күттірмес несиелер.
2010 жылы АТФ Банктің валюталық баллансы 1,8 есеге көбейді, ал
клиенттің шотындағы қалдықтар 2 есеге, жеке тұлғалардың ссудалық қоржыны
2.4 есеге ұлғайды. Ал 2010 жылы банк пен облигациялық программа жалпы
соммасы 30 млд. теңгеге тіркелген сонымен қатар банк облигацияның 3
шығарылымы жалпы соммасы 12 млд. теңгеге тіркелген, сонымен қатар
облигацияның бір бөлігі қамтамасыздандырылып шығарылған.(ипотекалық
облигациялар)
ҚР АФН коммерциялық банкінің тұрақтылығылымен сенімділігін арттырумен
байланысты талаптарына сай 2010 жылы АТФ Банк акцияларын қоғамының
жарғылық капиталы 3,7 млд. тан 10,363 млд. теңгеге дейін, ал банктің
өзіндік капиталы 1 жыл ішінде 5390 млн.теңгеден 14242 млн. теңгеге ұлғайды.
Несие қоржыны. 2010 жылдың 31 желтоқсанында банктің несие қоржыны жыл
басымен салыстырғанда 182,3 млрд теңгені құрап 18,9% өсті. Бұдан 2011 жылы
қарыз қоржынының орташа көлемі 159,5млрд. теңгені құрады және 2009 жылмен
салыстырғанда 62,7% өсті. Кейбір қарыз қоржынының төмендеуі байқалады:
жылдық 15,9%-дан 15,2%–ға дейін, 2009 жылы Қазақстанда пайыз ставкасының
жалпы тенденциясының төмендеуі ескерілді. Сауда мен жобалық қаржыландырумен
қатар банк клиенттерге кепіл және аккредитив сияқты банктік өнімдерді
ұсынады. Құжаттық несиелеу көлемі 2009 жыл ішінде 43,9% -ға 39,4 млрд.
теңгеге дейін өсті.
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы жағдайындағы борышқорлардың қаржылық
жағдайын жақсартудың арқасында 2005жылдың соңында резервтеу деңгейі 2010
жылмен салыстырғанда 6,5%–дан 6,2%–ға шамалы азайды.
Қарыз қоржынындағы әрекет етпейтін қарыз көлемі (бұған сыйақы бөлу
тоқтатылыған қарыздар жатады) 2009 жылы 31 желтоқсанда 1,4 млрд. теңгеге
қарсы 2010 жылы 31 желтоқсанда 2,5 млрд. теңгені құрады. Банктің қарыз
қоржынындағы әрекет етпейтін қарыздың салыстырмалы мөлшері жыл басымен
салыстырғанда аздап өсті және 3,3% құрады банк борышкерлерінің үлкен үлесі
мен нарық коньюнктурасымен жұмыстың мезгілдік сипатымен түсіндіріледі.
Қарыз бойынша шығындарға банк құрған резервтер әрекет етпейтін қарыздар
көлемін 4,7 есе жабады.
Жыл ішінде қайтарылмаған және шығынға жазылған қарыздар есебінен әрекет
етпейтін қарыз көлемі жыл соңында 8 млрд. теңгені, немесе несие қоржынының
3,6% құрады ( 2009 жыл несие қоржынының 2,4 % немес 3,6 млрд. теңге қарсы).
2 – кесте. Шығынға жазылған қарыздардағы қалпына келтірілген қарыздардың
үлесі
Көрсеткіштер 2009ж 2010ж 2011ж
Әрекет етпейтін және шығынға жазылған (нетто) 2,863 3,347 6,996
қарыздар
Әрекет етпейтін қарыздар 586 1,218 2,318
шығынға жазылған (нетто) қарыздар 2,187 2,114 4,680
Несие қоржынындағы (%) әрекет етпейтін және 3,7 2,3 3,5
шығынға жазылған (нетто) қарыздар үлесі.
Шығынға жазылған қарыздардағы қалпына келтірілген 68,9 16,0 7,9
қарыздардың үлесі (%)

Соңғы жылдардағы жалпы тенденциялар клиенттерді несиелеу мерзімін
ұзарту болып табылады. Сол уақытта инвестиционные жобалар, егер олар
перспективалы салаға бағытталған болса ұзақ мерзімді салуды талап етеді,
бұған байланысты банк қоржынындағы олардың үлесі сол қалпында қалады
(6,8%). Мұнымен бірге 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімдегі несие үлесі 2010
жылы 2009 жылға қарсы 38,7% –дан 53,7%-ға дейін өсті.

менеджментін талдау
Халық Банкі АҚ-ның несие портфелі ең жоғарғы стандарттарды енгізуге
тырысады. Халық Банкінде несие портфелінің сапасын бақылау мақсатымен
несиелеу бойынша операциялардан тәуелсіз қызмет ететін Тәуекел Басқармасы
құрылған. Басқарманың басты функциясы – тәуекелге сәйкес несие портфелін
жіктеу. Қарыздар стандартты, субстандартты, қанағаттандырылмаған, күмәнді
және үмітсіз болып жіктеледі. Стандартты және субстандартты қарыздар
несиені төлеу қабілеттілігі жоғары ретінде қарастырылады. Күмәнді және
үмітсіз болып жіктелінетін қарыздар төмен несие өтеу қабілеттілікке ие және
залалға ие болмаса да болашақта мүмкін орын алатын белгілі бір сипаттарға
ие және несиенің қайтаруын күмәнға қояды. Соңғы 3 жылдың қарыздарының 85%
астамы стандартты және субстандартты болып жіктелінген.
Банктің қаржылық жағдайын талдау. 2008 жылы Халық банкінің негізгі қаржылық
нәтижелері баланста көрсетілген.
Активтер. Банк активі 2008 жылы 398,2 млрд. теңгені ($3,1 млрд) құрады,
алдыңғы жылмен салыстырғанда 144,6 млрд. теңгеге немесе 57% өсті. 2008
жылғы көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 25% өсті (Сурет - 5).
Cурет - 5. Банк активтерінің динамикасы
Ақша және оның эквиваленттері алынған қаражаттардың әділ құны бойынша
бағаланады, олар Қазақстанның Ұлттық Банкіндегі қаражаттардан тұрады. Оған
балансты құрған күннен есептегенде қайтару мерзімі 90 күн ішінде болатын
міндетті резервтер мен несиелік мекемелердегі қаражаттар жатқызылады.
Бағалы қағаздар. Бағалы қағаздар 2010жылы 39 914 328 теңгені құрап, алдыңғы
жылмен салыстырғанда 69% өсті.
Кесте 3 – Қазақстан нарығындағы саудалы бағалы қағаздар
млн. теңге
Саудалы бағалы қағаздар 2009 2010
ҚРҰБ-нің ноталары 23.958.264 10.148.019
Қаржы Министрлігінің қазынашылық 9.207.605 6.209.751
міндеттемелері
Қазақстан Республикасының мемлекттік 4.085.513 4.549.879
облигациялары
Қазақстандық банктердің 2.493.542 2.129.283
еурооблигациялары
Қазақстанның Даму 169.404 470.050
Банкініңоблигациялары
Саудалық бағалы қағаздар 39.914.328 23.506.982
Репо келісмінің шарттары бойынша 5.656.840 4.283.405
Осы бағалы қағаздардың сыйақы мөлшерлемесі мен өтеу мерзімі келесідей
болады:
Кесте 4 – Бағалы қағаздардың сыйақы мөлшерлемесі
2008 2007
Бағалы қағаздар
% Өтеу % Өтеу
мерзімі мерзімі
ҚРҰБ-нің ноталары 4,7%-5,4% 2004 6% 2003
Қаржы Министрлігінің қазынашылық 5,7%-16,9%2004-2013 7-17% 2003-20
міндеттемелері 08
Қазақстан Республикасының 11,1% 2007 11,1% 2007
мемлекеттік облигациялары
Қазақстандық банктердің 7,38%-8,6%2007-2013 7,1%
еурооблигациялары 2007-20
13
Қазақстанның Даму 9,1-9,8% 2007 9,1% 2007-20
Банкініңоблигациялары 13
Ескерту-автормен құрастырылған: www.halykbank.kz.негізінде
2008 пен 2007 жылдардың 31 желтоқсанында екі банктің еурооблигациялары
қазақстандық банктердің 100% және банктің меншікті капиталының 11,7% және
15% құрады. Қазақстан банктерінің ішінде 2005 жылдың бірінші жарты
жылдығындағы бағалы қағаздарға салынған салымдарынан Халық Банкі 3 орында
(Сурет – 6).
Сурет – 6 Бағалы қағаздардың динамикасы
Негізгі құралдар. Негізгі құралдар 2008 жылдың 30 маусымында 7 176 874
млн.теңгені құрады. Ал 2007 жылдың 31 желтоқсанында 7 322 490 млн.теңгеге
тең болса, 2006 жылдың 31 желтоқсанында 7 045 844 млн.теңгені құраған
болатын (Сурет - 7).
Сурет – 7. Негізгі құралдардың динамикасы
Қазақстандық банктердің ішінде несиелік портфель динамикасы бойынша Халық
Банкі 3 орынды алды.
3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ банктердің активтерін басқарудағы мәселелер және
оларды шешу жолдары

мәселелер
Активтер басқару субъектілерінің ішінде отандық банктік тәжірибеде
қолданылып жүргендеріне: активтер мен пассивтерді басқару комитеті,
несиелік комитет, проблемалық несиелермен жұмыс бөлімі, тәуекелдерді
басқару бөлімшесі және қазынашылық жатады.
Мұндағы бастапқы екі банк комитет бөлімшенің қызметін атқармайтыны
белгілі. Олар қазіргі жағдайда банктің активтері мен пассивтеріне құзіретті
басқаруды жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz