Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. ЖАҢА ҰЛТТЫҚ САЯСАТ ТҮСІНІГІ

1. Жаңа ұлттық саясаттың қажеттілігі және оның ұстанымдары ... ...
2. Ұлттық саясаттың мақсаты , міндеттері және оның қағидаттары.
3. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
1. Бірінші байлық –
денсаулық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
2. Салауатты өмір салты
үшін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ САЯСАТ
1. Мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2. Ұлттық саясатты іске асыру
тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .1

КІРІСПЕ

Қазақ ұлты - кең байтақ Қазақ елiн ғасырлар бойы мекен еткен,
оны түрлi тарихи зорлық-зобалаңнан, басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан
қорғап, аман сақтап қалған мемлекетқұрушы байырғы ұлт. Әр кезеңдегi
тарихи оқиғаларға байланысты қазiргi таңда Қазақ елiнде қазақ ұлтымен
қатар өзге де этностық топтар мен диаспоралар мекен етедi.
Үш ғасырға жуық тоқтаусыз жүргiзiлген ұлтсыздандыру саясаты
қазақ ұлтының тiлiне, дiнi мен дiлiне, мәдениетi мен салт-дәстүрiне,
бiтiм-болмысына қатер төндiрiп, ұлтты тығырыққа тiредi.
Ресей империясы мен кеңестік кезеңнің ұлттық саясаты халықтар құқығының
бұзылуы, тікелей геноцид, экологиялық апаттармен қатар жүргізілді. Билік
ұлттық құндылықтарды жоя отырып, қолдан утопиялық Кеңес ұлтын құруға
тырысты. Бейбітшілік пен келісім, негізінен, зорлықпен және жасанды
идеологиялық қысыммен орнатылды. Осының негізінде ұлттық проблемалар
шиеленісе түсіп, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне алып келді. Айналып
келгенде Кеңес Одағының құрдымға кетуі - дәл осы ұлттық мәселелердің
түбегейлі шешілмеуінің нәтижесі болды.
Тәуелсіздіктен кейін мемлекет пен саяси институттардың қызметі
өзгеріске түсіп, экономикалық реформалар жүргізілгенмен
этносаралық қатынастардың дамуы бұрынғы күйінде қала берді. Өкінішке
орай, Егемендік Декларациясы мен Тәуелсіздік туралы заңның Ұлттық
мемлекет құру туралы талаптары толық деңгейде жүзеге асырылған жоқ.
Отарлық саясаттың зардаптарын жоюға бағытталған кешенді бағдарлама
қабылданбады. Әлемдік үрдіске сай, отарсыздану саясаты жүргізілуі тиіс
еді. Экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатының өсуі ғасырлар бойы
жинақталған өзекті мәселелерді өзінен өзі шешеді деген ұғымның қате
екендігін әлем елдерінің де, Қазақстанның да тәжірибесі анық дәлелдеп
отыр.
Ұлттық саясат әлі де этносаралық қарым-қатынастардың кеңестік
стереотиптерінен арыла алмай келеді. Қазақстанда ашық қақтығыстардың
жоқтығы қоғамда шешуін таппаған өткір қайшылықтардың бар екендігін жоққа
шығара алмайды.
Қазақстанда кеңестік заманда 70 жыл бойы, тәуелсіздік алғаннан кейін 20
жылға жуық мерзім ішінде орыс тілі іс жүзіндегі мемлекеттік тіл рөлін
атқарып келеді. 1989 жылы қабылданған "Тілдер туралы" заң қазақ тілінің
мүшкіл күйін жақсарта алмады.
Әрбір мемлекеттің болашағы, оның азаматтары. Ал әрбір
азаматтың денінің саулығы, бұл мемлекеттің де саулығы болып табылады.
Бұрын соңды денсаулықты күту әр адамның жеке шаруасы деп қарастырылса,
қазіргі таңда бұл мемлекеттік деңгейге дейін көтерілген проблема болып
отыр. Себебі соңғы жылдары экономикалық және экологиялық себептерге
байланысты Қазақстан азаматтарының денсаулығы нашарлап кеткені мәлім. Бұл
орайда елімізде азаматтардың денсаулығын түзеуде үлкен жұмыстар
атқарылуда. Емханалар салынып, спорттық кешендер мен мектептер ашылуда.
Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен қаржы құйылып, көптеген жұмыстар
атқарылуда. Теледидарлар арқылы спирттік ішімдіктердің, нашақорлық пен
темекінің зияны мен әкелетін қасіреті жөнінде жарнамалар мен роликтер
көптеп көрсетілуде. Бұның бәрі халықтың санасын, өз денсаулығына деген
көзқарасын өзгертуге үлкен ықпал етуде. Сондықтан да атқарылып жатырған
шаралар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мемлекетіміздің
саулығының кепілі деуге болады. Бұл орайда Президенттің Қазақстан-2030
Стратегиясында көрсетілген Салауатты өмір салтын қалыптастыр бастамасы
атқарылып жатырған жұмыстардың қайнар көзі деуге де болады.
I. ЖАҢА ҰЛТТЫҚ САЯСАТ ТҮСІНІГІ

1.1. Жаңа ұлттық саясаттың қажеттілігі және оның ұстанымдары.

ХХI ғ. басында Қазақстанда әртүрлі этностық қауымдастықтарға
жататын адамдардың қарым-қатынастарына көзқарас өзгерді. Елден көшу
саябырсыды, ел халқының басым көпшілігі ұйысып, азаматтық қоғам қалыптаса
бастады. Елде ірі этнодемографиялық өзгерістер болды: Қазақстан екі
этностық қауымдастық (қазақтар мен орыс диаспорасы) басым болған
мемлекеттен, сан жағынан бір этнос, қазақ этносы басым мемлекетке айналды.
Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда да адамдардың ақыл-парасаты,
қазақтар мен қазақстандықтардың санасына жат өмір үлгілері мен стандарттар
енгізу үшін ақпараттық күрес жүруде, ол ұлттық сана-сезімді күйзелтеді.
Шындығында кеңес заманынан кейін қоғам алғашқы рет ұлттық
құрылым мәселелерін жаңа ой елегінен өткізудің алдында тұр, қоғамдық
санада, БАҚ-да және ғылыми жиындарда бұл мәселелер жиі көрініс алады.
Қазақстанның АҚ ЖОЛ Демократиялық партиясы Қазақстанның Ел
бірлігі доктринасын жаңа тарихи кезеңде күрделі ұлттық құрылым мен
ұлтаралық қатынастар үдерістерін доктриналды негізде талқылауға талпыныс
ретінде қарастырады. Сонымен қатар, біз, бір ғана осы құжат арқылы аталмыш
күрделі мәселенің барлық қырлары анықталуы мүмкін еместігін де түсінеміз.
Қазақстан Республикасының жаңа ұлт саясатының Тұжырымдамасын
(онан әрі-Тұжырымдама) дайындау мен қабылдаудың қажеттілігі қоғам және
әлемдегі жаңа этнодемографиялық, әлеуметтік Қазақстанның Ақ жол
Демократиялық партиясы және геосаяси, ұлттық және діни фактордың өсуі
жағдайында Қазақстан халқының бірлігін және тұрақтылықты нығайтуға
бағытталған 2011-2020 жылдардағы мемлекет саясатының нақты мақсаттары,
қағидаттары мен міндеттерін анықтаудан туындайды.
Жаңа ұлт саясаты әртүрлі этностық қауымдастықтардың қарым-
қатынастарын, олардың ерекшеліктерін есепке ала отырып жүйелеуге және оған
бағыт беруге арналады. Бұл саясат әлеуметтік-экономикалық, саяси тетіктер,
рухани құндылықтар, мәдениет пен тіл арқылы этносаралық және
конфессияаралық бірлікке жеткізетін жолдар мен шешімдерді анықтайды.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері
және адам құқықтары мен түрлі этникалық қоғамдастықтарға жататын адамдардың
ең басты бостандықтары жөніндегі халықаралық құқықтың жалпы талаптарына
сүйенеді. Ол экономикалық, саяси, әлеуметтік тетіктер және тіл мен мәдениет
негізінде этника және дінаралық келісімге жетудің әдістері мен құралдарын
анықтайды. 
Ұлттық саясаттың басты ұстанымы - ұлттық құндылықтар негiзiнде
Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер мен жер
қойнауы байлығын (Ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының
әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға мемлекеттi мiндеттеу. Әркiмнiң
азаматтық құқығының мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етпейiнше, заң алдындағы
бәрiне бiрдей жауаптылық болмайынша ел ішінде дұрыс түсiнiстiк болмайды.
Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей ортақ территория, бір
ғана азаматтық, жалпыға бірдей жоғары билік, жалпыға бірдей құқық жүйесі
мен жалпыға бірдей бір ғана мемлекеттік тіл негізінде дамитын болады.
Қазақ халқы қашанда қазақ жерінде өмір сүріп жатқан орыс, украин, өзбек,
қырғыз, түрікмен, неміс, әзірбайжан, ұйғыр, татар, тәжік, қарақалпақ, шешен
және басқа да этностық топтардың тіліне, дініне, мәдениеті мен әдет-
ғұрыптарына құрметпен және төзімділікпен қараған. Бүгінгі күні де өз елінде
басым көпшілікке айналған қазақ ұлты елдегі этносаралық және дінаралық
бірлікті сақтауды өзінің басты міндеті санайды. Мемлекет пен оның негізі
болып табылатын қазақ ұлты барлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен
еркіндіктерінің қамтамасыз етілуінің кепілі болып табылады. Қазақ жерінде
тұрып жатқан этностық топтар мемлекеттің және біртұтас азаматтық
қауымдастықтың бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік тілді білу - әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттің
басты міндеті азаматтарға мемлекеттік тілдің маңызын жан-жақты түсіндіре
отырып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуына қажеттілік
тудыру.
Осы ұстанымдарды іске асыру мақсатында алдағы жылдары мемлекет:
• ұлттық саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және білім
беру, т.б. бағдарламаларымен тығыз байланыста кешенді түрде жүзеге
асыруды;
• нәсіліне, этникалық тобына, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ
әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан
адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз
етуді;
• ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге, біртұтас мемлекет пен қоғамды
жікке бөлуге, этносаралық және діни алауыздықты, өшпенділік пен
араздықты өршітуге бағытталған әрекеттерге қатаң тыйым салып, тосқауыл
қоюды;
• мемлекет пен қоғамның ақпараттық тәуелсіздігіне қол жеткізуді,
еліміздің өзіндік ақпараттық-мәдени кеңістігін құруды, өзге елдердің
еліміздегі қоғамдық пікірді қалыптастыруына жол бермеуді;
• еліміздің басқа да түрік мемлекеттерімен бірдей болашақта латын
әліпбиіне көшу тұрғысындағы қоғамдық талқыларды жүргізіп, осыған
қажетті дайындықтарды жасауды;
• этностық немесе діни ерекшеліктерге негізделген саяси партиялардың ел
тұтастығына қарсы жұмыс жасап, осы мақсатта шетелден қаржыланатын
қоғамдық және діни ұйымдардың жұмысына заң арқылы тыйым салуды;
• Қазақстан халқы ассамблеясына берiлген қажетсiз әрi заңсыз
өкiлеттiктердi шектеу және оның жұмысының жалпыға бiрдей
конституциялық ережелерге сай болуын қамтамасыз ететiн тиiстi
құжаттарды қабылдауды;
• Қазақстан Республикасы шет мемлекеттерде тұратын қазақ диаспорасының
құқықтары мен мүдделерін қорғау, қазақ тілін, мәдениетін, ұлттық
дәстүрлерін сақтау мен дамытудағы істеріне қолдау көрсетуді қолға
алады.

 1.2. Ұлттық саясаттың мақсаты , міндеттері және оның қағидаттары

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты мақсаты -
байырғы қазақ жерінде құрылған ұлттық мемлекетті сақтау және нығайту.
Осы мақсатта:
• барша азаматтарды қазақ ұлтының маңына топтастыру, тәуелсіздігіміз бен
егемендігіміздің баянды болуын қамтамасыз ету;
• қазақ ұлтының тарихи жадын, тілін, ділін сақтау мен жан-жақты дамыту,
оның жаһандану заманындағы өзіндік ұлттық-мәдени ерекшелігін
қалыптастыру және әлемге паш ету;
• елімізде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тілі мен
мәдениетінің дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны -
Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп, оған деген сенімін арттыру
қажет.
Бұл үшін мемлекет пен қоғам өздерінің ерік-жігерін төмендегі
негізгі міндеттерді атқару үшін жұмылдыруы керек:
• Қазақстан Республикасы қоғамының негізгі ұлттық құндылықтарын
қалыптастыру және дамыту;
• қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізіп, оны
барша Қазақстан азаматтарын біріктіретін факторға айналдыру;
• этносаралық және дінаралық саладағы мемлекеттік органдар мен азаматтық
қоғам институттарының өзара тиімді және пәрменді қарым-қатынастарын
қамтамасыз ететін жүйені қалыптастыру.
• Қазақстандықтар қоғамдық келісімді, ел бірлігін жоғары бағалайды.
Бірақ бірлікті нұсқаумен қалыптастыруға болмайды. Ол елдің
іргесін нығайтатын нақты да айқын және өзара іштей байланысқан маңызды
идеяларды негізге алу арқылы жүзеге асады.
1.3.Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары.
1. Саяси-құқықтық салада:
Қазақстан Республикасы ұлттық, дербес, құқықтық мемлекет құруды
мақсат еткен ел ретінде саяси және құқықтық салаларда өзінің ұлттық
саясатының мынадай негізгі бағыттарын жүзеге асырады:
• еліміздің барлық азаматтары мойындаған, негізінде өздерінің ортақ
қазақ мемлекеттігіне қатыстылығын терең сезінетін ұлттық құндылықтар
жүйесін қалыптастыру;
• ел азаматтарының тарихи жадын және ұлттық, мемлекетшілдік санасын
қалыптастыру үшін тарихи ақтаңдақтарға, әсіресе Ресей отарлауы, 1920-
1940 жылдардағы ашаршылық, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргіндер
мен Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін зорлап депортациялау, ұлт-азаттық
қозғалыстар мен ұйымдарға және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне саяси
және заңдық баға беру, ортақ тарихпен тәрбиелеу мақсатында арнайы
мемлекеттік мұражайлар мен ескерткіштер ашу;
• Қазақстанда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отаршылдық
зардаптарынан, рухани бодандықтан арылу жұмыстарын пәрменділікпен
жүргізу;
• мемлекетіміздің негізін қалаған, ұлтымыздың тәуелсіздігі үшін аянбай
күрескен  тарихи тұлғалардың аттарын мәңгілік қалдыру бағытында ұлттық
және аймақтық бағдарламалар қабылдау, саяси-идеологиялық мақсатпен
орнатылған, қазақ тарихына қатысы жоқ ескерткіштер мен атауларды
өзгерту;
• мемлекеттің тұрақтылығы мен ұлт бірлігін қамтамасыз ету үшін сыбайлас
жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен бүкілхалықтық күрес
жүргізу;
• елiмiздегi сот және құқыққорғау жүйелерiн реформалау, оларды мемлекет
басшысына тәуелдiлiктен құтқару, шынайы дербестiгiн орнықтыру;
• елдегі этносаралық қатынастарды реттейтін заңнамаларды осы
тұжырымдамаға сәйкестендіру;
• елді мекендер мен жердің тарихи атауларын қайтару жұмысының тиянақты
жүргізілуі үшін ономастика салаларында кешенді республикалық және
аймақтық бағдарламалар қабылдау, оны мемлекеттің ұлттық мүддесі
тұрғысынан республикалық деңгейде шешу;
• қоғамдағы демократиялық институттарды дамыту, оның ішінде саяси
партиялардың рөлін арттыру, оларды этносаралық және дінаралық
мәселелерді шешуге қатыстыру, этностық топтардың өкілдерімен тығыз
жұмыс жасау.
2. Сыртқы саясат саласында:
  Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты міндеті - оның
тәуелсіздігі мен егемендігін, қауіпсіздігі мен жерінің біртұтастығын
нығайту.
Сыртқы саясат бойынша аймақтық әскери одақтарға, басқадай топтық ұйымдарға
кіру мәселесін тек барша халықтың ұйғарымымен жүзеге асыру көзделеді.
Халықаралық интеграция саясаты еліміздің тәуелсіздігіне еш нұқсан
келтірмейтіндей ұтымдылықпен жүргізілуі тиіс. Осы кезге дейін жасалған
мемлекетаралық келісім-шарттар ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қаралуы қажет.
Осы Тұжырымдамада көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып ұлттық
қауіпсіздік, сыртқы саясат, қорғаныс, ақпараттық қауіпсіздік доктриналары
қайта қаралып, оларға қажетті толықтырулар енгізілуі керек.
Алдағы жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы саясат саласында
төмендегі басымдықтарды:
• АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбритания сияқты ядролық державалармен
еліміздің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін, кепілдік
беретін арнайы екіжақты келісім-шарттар жасауға ұмтылу;
• Қазақстан Республикасында шетелдік әскери полигондардың орналасуына
заң жүзінде тыйым салу;
• Екі мемлекет арасындағы келісім-шарт мерзімі біткенде Ресейдің әскери
базаларын шығару және олардың жұмысының нәтижесінен туындаған
экологиялық, басқа зардаптарды өндіру мәселесін қою;
• Орталық Азия, түрік және мұсылман мемлекеттерімен саяси-экономикалық,
мәдени, экологиялық жақындасу, одақтасу саясатын белсенді жүргізу;
• Еуроодақ институттарымен жақындасу саясатын үдету, "Еуропаға жол"
мемлекеттік бағдарламасын қайта қарап, толықтыра түсу;
• Қазақстан Республикасы азаматтығын берген кезде үміткерлердің
мемлекеттік тілді білу деңгейін, білімін, жасын, кәсібилігін, қаржылық
мүмкіндіктерін, туыстық қарым-қатынастардың бар-жоқтығын негізге алу;
• шетелде тұрып жатқан қандастарымызды Отанына қайтару саясатын белсенді
түрде жүргізіп, еліне қайтып жатқан қазақтарға тез арада жеңілдетілген
азаматтық беру мен қоныстануын толық қанағаттандырарлықтай көмек
көрсету;
• қазақ диаспорасы тұрып жатқан мемлекеттермен тиімді қарым-қатынастар
орнатып, қандастарымызға құқықтық, қаржылық, ақпараттық, мәдени көмек
көрсету мәселесін мемлекетаралық деңгейде көтеріп, белсенді түрде іске
асыру қажет.
 3. Экономикалық және әлеуметтік салада:
 Қазақстан экономикасының дамуы өз тәуелсіздігін сақтап, ұлттық
жаңғырудың (модернизацияның) кепілі ретінде барша халықтың әлеуметтік
жағдайының деңгейін жақсарту мен рухани өсуіне толық мүмкіндік жасап, жер 
мен жер қойнауының байлығын  халқының мүддесін қорғайтын деңгейде
пайдаланып, шет елдік инвесторлар мен трансұлттық корпорациялардың
экспансиясына жол бермеу керек.
Бұл мақсатта:
• ұлттың негізгі байлығы жер мен жер қойнауының қазынасы халықтың ортақ
байлығы екенін бекітіп, мемлекет тек оны пайдалануды реттеп отыруға
құқылы болуын жүзеге асыру;
• экономиканың  стратегиялық даму салаларын қатаң мемлекеттік бақылауда
ұстау;
• индустриялық даму бағыты жер қойнауының қазынасы мен табиғи басқа
байлықтар ресурсын шикізат күйінде шетке шығаруды неғұрлым тежеп,
отандық ғылым мен жаңа технологияны пайдаланып, ішкі және сыртқы
сұранысқа сай сапасы жоғары, халықаралық деңгейдегі өндірістік өнім
шығаруды жолға қою;
• орта және шағын кәсіпті дамытуда, экономикалық тиімді, өнімдерінің өз
құнын төмендетіп, сапасын көтеретін жаңа технологияны жедел өзгертуге
бейімделген өнеркәсіп орындарын көптеп ашуға мемлекеттік қолдау жасау;
• Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамасын одан әрі
жетілдіру, шетелдік жұмысшыларды шақырудың ұлттық мүддеге қайшы
келмеуін және еліміздегі жұмыссыздықтың көбеюіне әсер етпеуін
қамтамасыз ету;
• ішкі көші-қонның мәселелеріне арналған арнайы заң қабылдау және ішкі
көші-қон толқынын реттеу мақсатында ауылдық жерлердің экономикалық,
әлеуметтік мәселелерін шешу;
• шетелдік инвесторлармен кезінде жасалған келісім-шарттардың құпия
мазмұнын жариялау жөнінде келіссөздер жүргізу. Болашақта үкімет пен
шетелдік компаниялар арасында жасалатын кез-келген келісім-шарттарды
міндетті түрде жария түрде жасау;
• Қазақстанға келген шетелдік инвесторлар өздерінің шикізат саласындағы
жобаларын жүзеге асыру үшін міндетті түрде жергілікті мемлекеттік не
болмаса жекеменшік компаниялармен бірлескен кәсіпорын ашуы керек.
Бұндай кәсіпорындардағы қазақстандық компаниялардың үлесі 51 пайыздан
кем болмауын қамтамасыз ету;
• экономикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті сақтау үшін отандық салалар
мен кәсіпорындардың шетелдік компаниялар сатып алатын барлық меншіктік
үлес мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі 49 пайыздан аспайтындай, ал әрбір
шет елдік компанияның меншігіне бір өндіріс орнының 15 пайыздан артық
үлес сатып алуына  шек қоюды іске асыруы;
• қазақ жерінде жұмыс жасап жатқан шетелдік компанияларды қазақстандық
жұмысшылардың құқын сақтап, негізінен отандық тауарлар мен қызметтерді
сатып алуға міндеттейтін заңдар қабылдануы;
• елдегі ұлттық компаниялардың негізгі акцияларын Қазақстан
азаматтарының, бірінші кезекте ауыл тұрғындарының иеленуін қамтамасыз
ету, сол арқылы оларды кәсіпкерлікке тарту;
• ауылдың экономикасы мен әлеуметтік жағдайының деңгейін қала тұрғындары
деңгейіне жеткізуге бағытталған, ұлттық менталитетке байланыстырылған,
ұлттық-аграрлық даму бағдарламасын дайындау;
• Жер Кодексін, Жер қойнауы туралы заңды қайта қарау, жерді сату мен
жер қойнауының байлығын пайдалану туралы заңнамаларды ұлтық даму
тұжырымдамасының бағытына сәйкестендіру;
• елiмiздiң ауыл шаруашылығына арналған жерлерiн шетел мемлекеттерiне
жалға беруге немесе бiрлескен кәсіпорын құрып пайдалануына жол бермеу,
шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға жерді жалға беруге тиым
салу;
• жоғары білімді инженерлер мен менеджерлерді, кәсіби жұмысшыларды оқыту
және олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру арқылы Қазақстанда
жұмыс істеп жүрген шетелдік мамандарды ұлттық мамандармен ауыстыру;
• ауылдың экономикалық, әлеуметтік, мәдени өркендеуіне жұмыс істейтін,
инфрақұрылымды дамытатын, ұлттық менталитетке негізделген дәстүрлі
экономиканы дамытатын аймақтық бағдарламаларды дайындау, оларды
қомақты және мақсатты қаржыландыру;
• елімізде орын алып жатқан урбанизациялық процестерге мемлекеттік
қолдау көрсету, қалаға келіп жатқан азаматтарды қоныстандыру және
әлеуметтендіру үшін арнайы мемлекеттік бағдарламаны қабылдау;
• қазба байлықтарды, мұнай мен газды шетелге сатуды қатаң бақылауға алу
арқылы ел қазынасын молайту, одан түскен табыспен жастардың тегін
білім алуын, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі
шешу;
• халықтың әл-ауқаты мен өсімін тұрақты түрде қамтамасыз ету
мақсатындағы (зейнеткерлерге, студенттерге, көп балалы аналарға
берілетін көмек, дүниеге келген әрбір балаға берілетін жәрдем ақы және
т.б.) әлеуметтік қолдаудың деңгейін көтеру;
• баспанасынан айрылған, банктерге қарызға батқан үлескерлер мен
борышкерлердің мәселесін шешуге бағытталған мемлекеттік іс-шараларды
дереу қолға алу;
• сыбайластықпен, заңсыз жекешелендірумен талан-таражға түскен ауыл
шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді халыққа қайтару;
• Қазақстан жерінің жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз шөл және шөлейт
жерлер екенін ескеріп, онда тұрып жатқан тұрғындарды қалаларға немесе
шұрайлы жерлерге көшіру бағдарламаларын жасау керек.
4. Тәрбие, білім беру және ғылым саласында:
Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты міндеті - оның
тәуелсіздігі мен егемендігін, саяси және экономикалық дамуының тірегі
болатын, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген
патриоттық рухтағы білімді жаңа ұрпақ тәрбиелеу, ғылымды жан-жақты дамыту.
Ол үшін:
• ұлттық тарихты, зердені, рух пен мәдениетті терең насихаттайтын әр
деңгейдегі, сан алуан технологиядағы жаңа буын оқулықтарын дайындау;
• жоғары оқу орындарында оқытылатын гуманитарлық және техникалық
мамандықтарға арналған мемлекеттік тілдегі оқу құралдары мен
оқулықтардың сапасын арттыру;
• арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы жасөспірімдер үшін қазақ және
басқа тілдерде ұлттық ауыз әдебиетінің үздік үлгілерін, бай эпикалық
мұрасын кеңінен насихаттайтын кітаптар, мультфильмдер, дискілер
шығару;
• 90-жылдардағы жабайы жекешелендіру кезінде жабылып қалған балабақшалар
мен мәдени ошақтары желісін қайтарту және демографиялық үдерістерге
сай қайта жаңғырту;
• білім беру жүйесі жас азаматтардың қазақ тарихы мен мәдениетіне,
мемлекеттік тіліне деген құрметін арттыруға, Қазақстан Республикасына,
оның мемлекеттік рәміздеріне, құндылықтарына деген сүйіспеншілік
сезімдер мен отансүйгіштік қасиеттерді өсіруге бағыттау;
• балабақшадан жоғары оқу орнына дейінгі мемлекеттік тілді үйретудің
үздіксіз жүйелері мен бағдарламаларын дайындап, оларды батыл түрде
енгізу;
• балабақшаларда, мектептерде және жоғары оқу орындарында тарихты
бұрмалау, жеке басқа табыну, елдiң дамуын бiржақты дәрiптеу сияқты
ұрпақ тәрбиесiнiң негiздемелерiне қайшы, бiлiм стандартына сай емес
Өзін-өзі тану сияқты жастарды рухани аздыруға алып келетін пәндердi
оқытуға тыйым салу;
• мемлекеттік балабақшалардағы тәрбие жұмыстарын мемлекеттік тілде
жүргізу;
• барлық мектептер мен ЖОО-дарында қазақ әдебиеті, тарихы және тілі
оқытылуы тиіс. Орыс әдебиеті пәнінің орнына Әлем әдебиеті пәнін
енгізу керек.
  Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты төмендегі басымдықтарды іске
асыруға негізделеді:
• мемлекеттік тілді меңгеру еліміздің әрбір азаматының міндеті болып
табылады;
• мемлекеттік тілді үштің бірі етіп әлсіретуге бағытталған үш тұғырлы
тіл саясатына жол берілмейді. Әркімнің өз қалауы бойынша басқа
тілдерді меңгеруіне ешқандай шек қойылмайды;
• қазақ елінің азаматтығын алуда сол адамның мемлекеттік тілді меңгеруі
басты талап болып саналады;
• қазақ жерінде жұмыс істеп жатқан, шетелдік компаниялардан өз
аудармашыларының мемлекеттік тілді меңгеріп, үкіметтік органдарымен,
жергілікті кәсіпорындармен және басқа да ұйымдармен мемлекеттік тілде
қарым-қатынас жасауы талап етіледі.
• 2010 жыл ішінде Мемлекеттік тіл туралы жаңа заң қабылдануы керек.
Заңда қазақ тілінің мемлекеттік органдардың іс-қағаздарын жүргізу
тіліне айналуы, оның сот, бизнес, банк, білім беру, ғылым, мәдениет
т.б. салаларында да мемлекеттік тіл дәрежесіне жетуінің механизмдері
мен талаптары белгіленеді.
• "Мемлекеттік тіл туралы" заң қабылданғаннан кейін Үкімет деңгейінде
төмендегідей шешімдер жүзеге асырылуы тиіс:
• әр мамандық иелеріне мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтайтын
"Қазтест" бағдарламасын қолдану ережелерін бекіту;
• мемлекеттік қызметкерлердің барлығы мемлекеттік тілді белгіленген
дәрежеде білетін болуы шарт;
• жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік тілге толық
көшу кестесі белгіленуі керек;
• республикада мемлекеттік тілді үйретудің бірізді-сатылы бағдарламасын
балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-жоғары оқу орны-мемлекеттік
қызмет жүйесі бойынша дайындап, міндетті мемлекеттік бағдарлама
ретінде бекіту.
барлық мемлекеттік шаралар мен шетелдік келіссөздер мемлекеттік тілде
жүргізіледі.
Республика деңгейінде Мемлекеттік тілді дамыту институты құрылуы керек.
Оның басты мақсаты болып қазақ тілінің модернизациясына қатысты ұсыныстар
дайындап, болашақтағы латын әліпбиіне көшуге қатысты дайындықтарды жүргізу
болып белгіленуі керек.
Республика деңгейінде аударма орталығы құрылып, оның міндетіне әлем
әдебиеті мен ғылымның озық үлгілерін қазақ тіліне аудару және қазақ
әдебиетінің үздік үлгілерін әлем тілдеріне аудару жатқызылуы тиіс.
2011 жылы мемлекеттік "Қазақфильм" компаниясының ішінен ұлттық дубляж
орталығы қайта қалпына келтіріліп, оған әлемдік деңгейдегі рухани, ғылыми,
мәдени маңызы бар кинофильмдер мен деректі фильмдерді, балалар мен
жасөспірімдерге арналған мультфильмдерді қазақ тіліне жоғары сапамен аудару
міндеті жүктелуі керек.
 

II.САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

2.1. Бірінші байлық – денсаулық.

Ауырып ем ізденгенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын,
жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз.
Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң
өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас
дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс
айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек
еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді
жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған
билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл
айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы
Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам
Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы
Қазақстан Республикасындағы адам қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Әлеуметтік мемлекет түсінігі
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Экономиканың инновациялық дамуы
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау проблемалары
Пәндер