Жастар және жұмыссыздық мәселесі
Мазмұны:
Кіріспе
3-4
І. Жастар және жұмыссыздық мәселесі.
1.1 Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері
5-7
1.2 Жастар арасындағы жұмыссыздық және онымен күресу шаралары 8-12
ІІ. Қазақстандағы жастар саясатының жүргізілу ерекшеліктері.
2.1 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
13-17
2.2 Жұмыссыз жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі технологиялар18- 23
Қорытынды
24-26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
27
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жастарды дамытудағы әлеуметті
сұрақтардың ішіндегісі жас адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесі,
сонымен қатар жастар потенциялының экономикалық қарым –қатынастардағы
жұмысын жүзеге асыру болып табылады. Жастарды әлеуметтік қорғайтын
белсенді формалар мамандырылған дайындық, жұмыссыз жастарды қайта
оқытып дайындау және квалификацияларын көтеру болып табылады. Жастар
саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас
адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Әсіресе,
экономикалық проблемалардың шешілмей отырғандығын атап өтуге болады. Жастар
өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты
халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі
және рухани шектелу қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік және осы
сияқты әлеуметтік құбылыстардың таралуы - олардың басты факторы болып отыр.
Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топ ретінде репродуктивті жаста
бола отырып, сонымен жұмыспен аз қамтылғандар қатарында. Осындай
проблемалар қысқа және ұзақ мерзімде жастардың барлық санаттары келешекте
өзіндік белсенді азаматтық санасын тәрбиелеуге, олардың қоғамның әлеуметтік
мәселелерін шешуге белсене қатысуына бағытталған жастардың қоғамдық маңызды
бастамаларын тиімді қызмет ететін мемлекеттік органдармен қорғау жүйесін
қалыптастыруды қажет етеді. Әрине, жастар арасындағы жұмыссыздық
мәселесін жалпы қоғамнан бөліп-жарып қарауға болмайтын шығар. Өйткені,
қоғамдағы проблемалардың бәрі ондағы әлеуметтік топтардың барлығына ортақ
деуге негіз бар. Десек те, мемлекеттің келешегі саналатын жастардың
жұмыссыздығы мәселесі – қоғам алдындағы ең маңыздысы, әрі бірегейі.
Жастардың бүгінгі келбеті ғана елдің ертеңін елестете алары сөзсіз. Осыдан
келіп біздің курстық жұмысымыздың өзектілігі туындайды. Аталған бағытта
жұмыспен қамту жән халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін
қазақстандық ғалым – экономистер; Я.Ә.Әубәкіров, Т.А.Әшімбаев, С.Х.Берешев,
Б.А.Жүнісов, Н.К.Мамыров және т.б. өз еңбектерінде жан– жақты қарастырып,
экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жастар және жұмыссыздық мәселесіне талдау жасай
отырып, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету курстық жұмыстың негізгі
мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- жастар және жұмыссыздық мәселесі және онымен күресу шаралары талдау
жасау;
- жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептерін қарастыру;
- Қазақстандағы жастар саясатының жүргізілу ерекшеліктері талдау жүргізу;
- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларға шолу жасау;
- жұмыссыз жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі технологияларға тоқталу;
Жұмыстың нысаны: Жастар және жұмыссыздық мәселесі
Курстық жұмыс пәні жалпы жұмыссыздық мәселесі және оның жастар арасындағы
көрініс беруі және оны шешудегі мүмкін бағыттары болып табылады.
Курстық жұмыс теориялық - әдістемелік негізі Жастар және жұмыссыздық
мәселесіне қатысты ғалымдардың, саясаттанушы, әлеуметтанушы, экономист,
құқықтанушы ғалымдардың теориялық еңбектерімен қатар, Қазақстан
Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен
жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2007 – 2008
жылдарға арналған Бас Келісімі, ҚР еңбек нарығын реттеу үшін 2001 жылы 23
қаңтарда Халықты жұмыспен қамту туралы қабылданған заңы басшылыққа
алынды.
Тақырыптың жаңашылдығы: жастар жәнеж жұмыссыздық мәселесіне байланысты
елімізде жүргізілген әлеуметтік саясат жоспары мемлекеттің тұрақты саяси
дамуын қамтамасыз ететін ең тиімді саяси құрал екені анықталды.
І. Жастар және жұмыссыздық мәселесі.
1.1 Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері.
Нарықтық қатынастартар жағдайларында жұмыспен қамту мен жұмыссыздық
проблемалары өткір қозғалады. Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік
экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді
халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз
болады. Жұмыссыздық түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай
өзгешеленеді.
· Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты
ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз
еріктермен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әр қашан және барлық жерде болады.
· Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа
салаларының ашылуларының ықпалымен өндірістік құрылымының өзгеруінен
туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныспен сұраныныс
арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
· Кезендік жұмсыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар
кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар
саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалын топтарын қамтуда және барған
сайын ұлғайып келеді. Тіпті экономикалық өсудің жоғарғы қарқындары
белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып
қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту
мәселесін әрең игеріп отыр. Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген
және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағыланып қалған адамдар,
кенеттен, мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторлар жұмыс
орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен
айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы
өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады. [3;27]
Жұмыссыздық- экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын
азайтатын құбылыс. Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі
бір бөлігін экономикалық әрекет жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден
айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден,
жұмыссыздық еңбек дағдыларын жоғалтуда, яғни жинақталған адам капиталынан
айырылуға ұшыратады және осылайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді.
Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге
жұмыссыздардың әл ауқатын деңгейін қолдауға, мемлекеттердің жұмыспен қамту
жөніндегі түрлері бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік
шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді
бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Өте
күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық
мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне
деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын
нәтиже. Экономикады жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен
қамтылмағандардан құралады.
Жұмыссыздар - республикалық ұлттық заңдар жиынтығында белгiленген жасқа
(16 жас және одан жоғары) жеткен, зерттелетiн мерзiмде жұмысы (табысты iсi)
жоқ, өз бетiнше немесе еңбекпен қамту қызметi көмегiмен жұмыс iздеп,
табылған күнде бiрден кiрiсiп кетуге дайын тұрған тұлғалар. Еңбекпен қамту
қызметiнде тiркелген жұмыссыздар саны. Бұл көрсеткiш ресми жұмыссыздар
ауқымын сипаттайды (белгiленген тәртiппен жұмыссыз болып табылғандар саны).
Ресмей жұмыссыздар деңгейi - еңбекпен қамту қызметiнде тiркелген
жұмыссыздар санының есеп беру жылының соңындағы экономикалық белсендi халық
санына қатынасы.
Жәрдемақы алатын жұмыссыздар саны. Жұмыссыздық бойынша еңбекақы еңбекпен
қамту қызметiнде тiркелген жұмыссыз статусына ие болған азаматтарға
төленедi. Қайта тiркеу тәртiбiн сақтамаған, өзiне лайықты ұсынылған
жұмыстан себепсiз бас тартқан жағдайда жұмыссыз деп табылған тұлғалар
жәрдемақы алу құқынан айырылады.
Жұмысқа орналасқан азаматтар саны - еңбекпен қамту қызметi арқылы жұмысқа
орналасқандар саны.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы
жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі.
Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі
нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан
алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық,
технологиялық, табиғи және т.б.
Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықды екі топқа бөледі:
· Жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты;
· Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты. [3;35]
Соннымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды,
адам капиталынан айырылуы, әлеуметтік саралаудың күшеюін, жастар
проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздық жастардың әлеуметтік әл-ауқатына ерекше әсер ететін
мәселелердің бірі. Мектепті бітіріп, оқу орындарында білім алмайтын және
жұмыс тәжірибесі жоқ 16-19 жас аралығындағы жастар жұмыссыз жастарының
басым бөлігін алады. Жұмыссыз жастар құрылымындағы басым бөлікті әйелдер
жұмыссыздығы алады. Қазіргі таңда бала-бақшамен қамтамасыз етілу 35,6% ғана
алады, бұл жағдай ерлі-зайыптылардың екеуінің бірдей жұмысқа тұруына бөгет
жасайды. Жастар арасында жұмысшы мамандықтарды әлсіз насихаттау мен еңбек
нарығындағы қажетті мамандықтар туралы ақпарат берілмеуі байқалады.
Жастардың жұмыспен қамтылуы құрылымында жалдамалы қызметкерлер мен өз
беттерінше жұмыспен қамтылған жастар сәйкестігі жөнінде өзгерістер орын
алды, бұл жағдайда мемлекеттік емес мекемелерде жалдамалы қызметкерлер
басымдылық алады. Бірақ, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс туралы жалпы
ақпараттық база жоқ. Жастардың дамуының маңызды бөлігі олардың инновациялық
талпынысын жүзеге асыру және анықтау болып табылады. Ғылыми-зерттеу
жұмысымен айналысатын жас адамдардың саны 21,4 құрайды. Жастардың тек 20%
ғана өздерінің кәсіби біліктілігін одан ары дамытып бүкіл ғұмыры бойында
оқуға ниеттеніп отыр.
ЖОО түлектерін жұмысқа тұрғызу да көңіл аударатын басты мәселелердің бірі.
Жастар арасындағы жұмыссыздық мысалдарының бірі, сарапшылардың талдаулары
бойынша ЖОО өз түлектерін жұмысқа тұрғызуға қызығушылық танытпайтындары
туралы таңқаларлықтай жағдайды айтады.
Аталған бағытта болып жатқан жағдайды ескере отыра, жастарғадың жұмыспен
қамту мәселесіне байланыст мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қажет.
Жұмыссыздық мәселесін шешу, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау үшін
мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты тіркелген жұмыссыз азаматтардың тиімді
әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететіндігі белгілі.
Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуде төмендегідей бағыттарды
қарастыруға болады:
✓ Жастарды еңбек нарығына дайындау.
✓ Оқу орындары түлектерін жұмыспен қамту мәселелері.
✓ Жастарды қолдау бағдарламалары.
✓ Жастардың кәсіби дайындығына ықпал ету.
Жастарды еңбекпен қамтуға ықпал етуге төмендегілер жатады:
✓ Жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындарға қолдау
көрсету;
✓ Тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру;
✓ Жастарды жұмыспен қамтуға арналған мекемелер және кәсіпорындар
инфрақұрылымын құру. [2;12]
Жастар жұмыспен толық қамтылмаған әлеуметтік топ ретінде болып отыр,
яғни, қандай да бір қоғамдық іс әрекетке тартылмай қалған еңбек ресурстары
болып табылады. Осы мәселенің астарында жастардың белсенділік деңгейінің
төмендігі жатыр. Осыған орай, өз еліне және өз азаматтық белсенділігін
арттыру мақсатында барлық мүмкіндіктерді кеңейту үшін қажетті шарттарды
қалыптастыру керек.
1.2 Жастар арасындағы жұмыссыздық және онымен күресу шаралары
Жастар жұмысқа орналасуға байланысты ең осал топ болып табылады, осы
себептен олар кедейшілікке де бейім. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың
жоғары деңгейіне және толық жұмыспен қамтылмауға, әсіресе ауылдық жерлерде
көп кездесетін жұмыссыздыққа ұшырататын әлеуметтік және экономикалық
проблемалармен олар бетпе-бет кездеседі. Қазіргі кезде білім жүйесі еңбек
рыногының талаптарына бейімделмеген. Жастар – бұл кез келген заманауи
мемлекеттің стратегиялық әлеуеті. Еліміздің қазіргі жастары жаңа жағдайда –
тәуелсіздік алып, өсіп өркендеген, демократиялық реформалар мен нарықтық
түрленуден соң тәрбиеленіп, ер жетті. Сондықтан да жастар саясатына қатысты
мәселелерді шешуде мазмұны жағынан принципті түрде алғанда жаңартылған,
қазіргі заманауи тәсілдерге сәйкестікті талап етеді. Мемлекеттік жастар
саясаты – әрбір жастың Қазақстан Республикасының аумағында жарамды Ата
Заңмен, өзге де нормативті құқықтық актілермен бекітілген, әлеуметтік-
экономикалық, саяси, жеке бас еркіндігі мен құқығын мойындауға негізделеді.
Жас ұрпаққа Қазақстанның мемлекеттік дамуының негізгі идеялары және
Конституцияны, өзге де заңдарды сақтап, құрметтеуге үйрету және жастар
құқығы мен мүдделерін қорғау қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға
үндейді. Жас азаматтың тұлға болып қалыптасуы үшін жағдай туғызып, білім
саласында, еңбекте, жұмыспен қамтуда, әлеуметтік қорғауда кепілдіктерді
қамтамасыз ету үшін мемлекетіміз барлық күш-жігерін бағыттайды. Сонымен
қатар, отбасы, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес
сектор – Қазақстанымызды гүлдендірудің кепілі болып табылатын жас ұрпақта
отаншылдық, кәсібилік, ұқыптылық, жауапкершілік сынды қасиеттердің болуы
жолында ұштасуы қажет. Жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің артуы,
саналы құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруы, олардың өмірлік
көзқарастарын қайта қарауы кезінде, өмірлік қағидасы күшті, рухты болып
бекітілуі мемлекеттік жастар саясатының алға қойған жұмысы – мемлекеттік
үкіметтік органдардың және азаматтық қоғамның өзге де институттарының басым
бағыттарының бірі саналады. [5;33]
Еңбек нарығы - бұл нарықтың ерекше түрі. Онда жұмыс күші тауарын
сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құнымен жалдану
жағдайы бағаланады. Еңбек нарығы экономика жағдайын көрсетудің
айнасы. Тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын
жұмыссыздықтың сала бойынша кәсіби біліктіліктік демографиялық және
басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады. Еңбек нарығы-еңбектің
сатылуымен және сатылып алуымен байланысты нарық. Еңбек өндіріс факторы
ретінде айрықша тауар. Еңбек нарығында сұраным мен ұсынымның арақатынасы-
еңбекақы деңгейін анықтайтын жетекші фактор. Кез келген нарықтағы сияқты
еңек нарығы өзінің тепе-теңдігін жоғалтып алуы мүмкін. Бұл тепе-теңдікке
әсер ететін факторларға:
* кәсіпкелер тарапынан еңбекке сұранымның төмендеуі;
* еңбек берушінің төлейтін еңбекақының төмендеуі;
* халықаралық бәселестіктің күшеюі;
* кәсіподақ саясаты (жұмыс уақытын қысқарту, екбекақыны көтеру);
* мемлекеттіксаясат.
Жұмыссыздық дегеніміз тұрғындардың еңбекке қабілетті тобының жұмыспен
қамтамсыз етілмеуі болып табылады, яғни экономикалық тұрғыдан белсенді
халықтың екбек нарығында қажет болмауы. Еңбекке қабілеттілік ҚР заңнамасы
бойынша әйелдер үшін 18-58, ерлер үшін 18-63 жас аралығы болып табылады.
Жұмыспен қамтылу азаматтардың ҚР Конституциясына, НҚА қайшы келмейтін
өзіндік қажеттіліктерді қанғаттандыруға байланысты табыс әкелетін қызмет.
ҚР еңбек нарығын реттеу үшін 2001 жылы 23 қаңтарда Халықты жұмыспен қамту
туралы заң қабылданған. [14;45]
Нарықтық экономикаға көшу жұмысыздық түрлерін алып келді. Бүгінде
экономиканың теориясында жұмыссыздық келесі түрлері көрсетілген:
1. фрикциондық-кәсіпті, мекен-жайды өзгертумен байланысты.
2. маусымдық-мерзімдік жұмыссыздық.
3. құрылымдық-салалардың даму, өндірісті жаңалықтармен байланысты.
4.циклдық-экономикалық конъюктураның дамуымен анықталады.
Жұмыспен қамту саласында Қазақстанда жүргізілетін мемлекеттік саясат:
1. Ел азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кәсіпті
еркін таңдау мүмкіндігі, қолайлы еңбек жағдайын туғызу;
2. жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, жұмыс орындарын ашу.
3. еңбек нарығында қажет мамандарды дайындау баса назар аудару;
4. еңбек және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;
5. жұмыс берушілерді ынталандыру;
6. еңбек делдалдылығын ұйымдастыру;шетелдік жұмыс күшін тартуды
лицензиялау және оған квота белгілеу арқылы елдің еңбек нарығын
қорғау;
7. осы бағыттағы жұмыстарды елдің экономикалық саясатымен ұштастыру;
8. еңбек нарығының ақпараттық базасын қалыптастыруға бағытталған. Халықты
жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы огандарға
Орталық атқарушы органдар, Жергілікті атқарушы органдар, Уәкілетті
органдар жатады.
Қазір көптеген мекемелер әлдеқашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының
қажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салға
кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс
іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне
қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
1. кадр дефициті
2. жұмыссыздық.
Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы
бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін
белгілі бір стратегия қажет.
1. жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс
негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын
сектор зардап шегеді, себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы салық
есебінен алынады.
3. Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын, өйткені ол кедей
елдерден имигранттар келуін көбейтпесе, ашылған жұмыс орындарға
жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол
қоғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
1. Білім беру
2. жұмыс табуға көмек т.б.
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер
мәселесін де еске алған жөн. Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың
маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып
саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде
қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын
алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында
жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың
белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде
қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің
әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады.
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың
басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын. [14;47] Әр түрлі
әлеуметтік топтар мен категорияларға қатысты әлеуметтік қорғау механизмі
төмендегідей қорғау мен қолдауды жүзеге асырады. Біріншіден, халықты
негізгі өмірлік қолдау қызметімен барлық тұрғындарды қамтамасыз ету;
Екіншіден, азаматтардың жұмыспен қамтылуында олардың құқықтарын жүзеге
асыру; Үшіншіден, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қажетті тұтыну
деңгейіне көмек көрсету мен қолдау білдіру.
Әлеуметтік саяси мәселеде мемлекеттің көңіл аударуын талап ететін
бірқатар жайттар бар. Олардың ішінде мыналарды бөліп айтуға болады:
- жұмысқа орналасу мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестікті
жетілдіру қажеттігі (дәл қазіргі таңда кәсіпкерлер, кәсіподақтар
және өкімет арасындағы мүдделі келістірудің осынау маңызды
тетігінің әлеуеті, нақ осы бағытта жеткіліксіз пайдаланылуда);
- еңбек және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі күші бар заңдардың
еңбекшілер құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету бөлігін жақсарту
мәселесін ойластыра түсу қажеттігі.
Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту
үшін халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын,
қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.
Жұмыссыздықтан қоғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты
қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі
түрлі бөлек жүйеден тұрады:
· Бірінші бөлек жүйе өзінің үшкі мағынасы бойынша
жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
· Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі
шұғыл шараларды жүзеге асырады.
Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады –
жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе
экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса,
екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады.
Жұмыссыздыққа қарсы күрес мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды
басымдықтардың бірі болғандықтан, оны шешу жолдарын қарастыруда мемлекет
жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жүргізеді. Оған
дәлел ретінде қоғам үшін әлеуметтік-саяси құндылығы бар мына ресми құжатты
келтіруге болады. Ол Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің
республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық
бірлестіктері арасындағы 2007 – 2008 жылдарға арналған Бас Келісімі
[13;54]. Мұндай саяси - әлеуметтік құжаттардың қабылдануы Қазақстанда саяси
билік пен қоғамдық институттар арасында, мемлекет пен азаматтық қоғамның
арасында өзара жауапкершілік қарым-қатынастары қалыптасып келе жатқандығын
дәлелдесе керек. Сондай-ақ, бұл саяси мәні бар құжатқа назар аударатын
болсақ, онда кәсіби-техникалық білім беру мен мамандарды қайта даярлау
ісіне мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінген. Оның саяси заңдылығы да
бар. Өйткені еліміздегі әлеуметтік саясаттағы басты басымдықтардың бірі
жұмыссыздыққа қарсы іс-шаралар орта және арнайы кәсіби білім беру
мәселесіне келіп тіреледі. Сондықтан да бұл өзекті мәселені шешу үшін,
біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау
министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және жұмыс берушілер бірлестігі
арасында тығыз байланыстар орнатылып, осы бағытта жүйелі жұмыстар
жүргізілуі қажет. Әлеуметтік саясаттағы негізгі қағидалардың бірі білім
алуға деген қол жетімділікті қамтамасыз ету болса, кәсіби-техникалық білім
беруді жандандыру арқылы жұмыссыздық мәселесін де кешенді түрде біртіндеп
шешуге болады деп ойлаймыз.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi
бағыттары бірінде:
жастар еңбегi мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепiлдiктердi
қамтамасыз ету; деп көрсетілген болатын.
Жалпы Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты жүйесін бірнеше
тармақтарға бөліп қарастыруға болады. Ол негізінен бәсекелестікті дамыту
мен азаматтық тәрбиені дамыту сияқты бөлімдерден құрылып, өз ішінде олар
білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, баспана, инновациялық даму мен
патриоттық сананың деңгейін жоғарылату сияқты мәселелерді қарастырады.
Жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі мақсат – мемлекеттік жастар
саясатын жүзеге асырудағы мониторинг пен бақылау жасау. Елімізде жастар
мәселесі әрдайым Елбасымыздың назарында әрі Президент жанындағы Жастар
саясаты жөніндегі кеңес пен Үкімет жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес бұл
қызметтерді атқаруда. Сонымен қатар, орталық деңгейде жастар саясатының
дамуын қалыптастыруымен және іске асыруымен мемлекетіміздің Білім және
Ғылым министрлігі, жергілікті деңгейде министрліктің құрылымдық бөлімдері
болып табылмайтын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі саясат
департаменттері айналысады, оған қоса басқа да ведомстволар мен мемлекеттік
емес ұйымдар жан-жақты қолдау көрсетуде. Сонымен қатар соңғы кездерде
жастар арасында көптеген сауалнамалар жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде
жастарды толғандырып жүрген мәселелер мен олардың талаптарын анықтау
мүмкіндігі туды. Мәселен, ең бірінші кезекте жастар арасында алаңдатушылық
тудырып отырған мәселе – ол жұмыссыздық. Статистикалық деректерге үңілсек,
2009 жылы 15 пен 29 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздықтың
деңгейі 5,9% - ы құрады, яғни, бұл көрсеткіш жастарды экономикалық тұрғыдан
әлде де дамыту керек екендігін көрсетіп отыр. [7;58]
Әлеуметтік саясатта басты екі мақсат бар: толық жұмыс бастылық және
табыстарды теңестіру. Толық жұмыс бастының мақсаты ретінде жұмыс бастылықты
қолдау, жұмысшы күшін қайта даярлау мен жоғары кәсіби оқытуға басымды назар
аударылады. Табыстарды теңестіру табыс салығының прогрессивті жүйесінің
әрекеті нәтижесінде іске асады. Сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру жүйесі
арқылы қайта үлестіруге мүмкіндік береді. Адамдарға қажетті табыс
деңгейінен қамтамасыз ету, толық жұмыс бастылық мәселесін шешумен
байланысты. Жалпы жұмыссыздық 2 пайыздан аспауы қажет. Халықтың ересек
жұмыспен қамтылғандардың үлес салмағының өсуі бойынша Швеция әлемде алғашқы
орынға ие. Табыспен қамтамасыз ету үшін күресудің келесі түрі – пассивті
көмек, жәрдемақылар [1;4]
Ресми мәліметтер бойынша әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің мақсаты –
науқасқа медициналық көмек көрсету, қарттық, қайғылы оқиға, өндірістік
себептер бойынша науқастану және жұмыссыздық жағдайында адамды экономикалық
қорғаумен қамтамасыз ету.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты теңдікті қамтамасыз ету
болып табылады және бұл мақсат нарықтық экономикалық елдерде әртүрлі
жүргізіледі. Соның ішінде, әйгілі авторлар Германияда әлеуметтік саясатты
келесі бағыттар арқылы жүзеге асыру жөн деп есептейді: жұмыскерлерді қорғау
– еңбек нарығын реттеу – басқаруда жұмыскерлердің құқын қорғау - әлеуметтік
қорғау жүйесін құру - әлеуметтік көмек – тұрғын үй саясаты – жанұяны
қорғау, жастар мен қарттарға жәрдем беру – орта кластарға әлеуметтік
қолдау, сонымен бірге тұтынушыларды қорғау. Егер өтпелі экономикалы ел үшін
ұзақ мерзімді басымдықты әлеуметтік саясаты өңделсе, онда екі негізгі
бағытты бөліп көрсету керек: еңбек қатынастарын реттеу және кедейлік
шегіндегі тұлғаларға ең төменгі күн көріс деңгейін қамтамасыз ету.
Мемлекеттің әлеуметтік әрекеті оның құрамындағы үш бөлігі –
экономикалық тиімділік, әлеуметтік саясат, биліктің құзыреттілігі және
қоғамдық институттар әрдайым бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған
жағдайда ғана жүзеге асады. Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік қорғау
саласындағы саясаттың мақсаты – кедейшілік және жұмыссыздықпен күрес,
әлеуметтік қазіргі талапқа сай инфрақұрылымды дамыту және сақтау, халықтың
әлеуметтік-экономикалық шашыраңқылығын төмендету, экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету болып табылады.
Еңбек қатынастары мемлекеттің пайымдауынша, жекелеген жұмыскердің
позициясы жұмыс берушілерге қарағанда әлсіздеу, сондықтан жұмыскер
әлеуметтік қорғалуды қажет етеді. Мұндай теңсіздікті ескере отырып,
мемлекет кең ауқымды кәсіпорындағы жұмыскерді әлеуметтік қорғау
бағдарламаларын өңдеуге (денсаулықты қорғау, заңсыз жұмыстан босатылуды
қорғау), жұмыскерлерді ұйымдарға бірігу мүмкіндігін беруге және кәсіпорынды
басқаруға қатысуға жұмыскерлердің құқығын қамтуға тырысады. Бұл әлеуметтік
саясат жұмыскерлерге белгілі құқықтарды беруге, ал жұмыс берушілерге
белгілі бір міндеттерді жүктеуге бағытталған. Сонымен қатар ол денсаулықты
қорғау мәселелерін, еңбек шиеленістерін шешу жақтарын реттейді. Әлеуметтік
саясат тиімді жұмыс үшін, сондай-ақ өндіріс тиімділігінің өсуіне жағдайлар
жасау мақсатында жүзеге асырылады. Бірақ бұл саясатты жүргізуде кері
әсерлер болуы мүмкін. Мысалы, жұмыскердің әлеуметтік қорғалуы соншалықты
жақсы болуы мүмкін, бірақ жұмыссыз жүрген адамдарға оны алуы қиынға соғуы
ықтимал, ал бұл өз кезегінде әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді.
Мемлекет жұмыспен қамту саясатын жүргізе отырып, жұмыскерлер мен
жұмыс берушілер арасында құқықтық нормалар мен қатынастардың сақталуына
бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты мұнда еңбек нарығының
нормативтік-құқықтық базасының жұмыс істеу тиімділігіне байланысты
институционалдық факторлар ерекшеленеді. Институцоналдық факторлар олар
үшін, бір жағынан, мемлекет немесе аймақ деңгейінде арнайы мақсатты
бағдарламалар жасалатын, екінші жағынан, түрлі жәрдемақылар, стипендиялар,
гранттар және т.б. төлеумен байланысты осы бағдарламалар мен түрлі
заңнамалық актілер шеңберінде жұмыспен қамту қорлары құрылатын жастардың
еңбек ресурстарымен тығыз байланысты. [3;6]
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті
еңбек нарғындағы субъектілермен әлеуметтік серіктестікті кеңейту жолымен
еңбек нарғын зерттеу жөніндегі жұмысты үнемі жетілдіруде. Жұмыс
берушілермен, үкіметтік емес мекемелермен, қалалар мен аудандардың
әкімдіктерімен, ауылдық округтердің әкімдерімен және т.б. серіктестік қарым-
қатынастар жолға қойылды. 2006 жылғы 9 айда жұмыспен қамту мәселелер
жөніндегі уәкілетті органдарға 29 740 жұмыссыз өтініш берді, оның 17 890
адамы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, консультация алуға – 11 850 адам.
1.10.2006 жылға халықтың экономикалық белсенді санындағы тіркелген
жұмыссыздардың үлесі 1,4 пайызды құрады.
Шығыс Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамту бағдарламасында
12260 жаңа жұмыс орындарды құру көзделді. 2006 жылғы 9 айдың қорытындысы
бойынша 11885 жұмыс орындары құрылды, оның ішінде ауылды жерде 5040 жұмыс
орны.1.10.2006 жылғы жағдай бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 76,2
пайызды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz