Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
I бөлім. Мемлекеттегі жастар саясаты - жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар негізінде . . . 4
1. 1 Жастар саясатының қалыптасуы мен моделдері . . . 4 1. 2 Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты және оның негізгі
мақсаттары мен бағыттары . . . 9
II бөлім. Қазақстандағы жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған іс-шаралар . . . 17
2. 1 Жастар кадрлық резерві және «Жастар Отанға» жобасы, Жастар ісі
жөніндегі комитеттер (ЖІК) жұмысы . . . 17
2. 2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы
заңдылықтар . . . 22
2. 3 Жастардың мемлекеттік жастар саясаты туралы ақпараттану деңгейін
зерттеу . . . 25
Қорытынды . . . 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері - бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда. Қоғам өте күрделі жүйе. Оның зерттеліп, басқарылып дұрыс бағытталып отыруы үшін белсенді дамуды көздейтін бағдарламалар мен мақсат, міндеттерге ие мемлекеттік саясат қажет. Қазірде адамзат қоғамы қарқынды дамып келеді. Әрине, мұның басты себебі осы құраушы адамдардың әлеуметтік белсенділігі болып табылады. Қазақстанның әлемдік аренада алдыңғы орынға ие болып, экономикалық-саяси, әлеуметтік тұрғыдан өркендеуінде белсенді жастарымыздың үлесі өте жоғары. Осы жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін арнайы саясат - мемлекеттік жастар саясаты, яғни тиімді жұмыс атқарушы құрылым қажет. Сонда ғана жастардың әлеуметтік орны нақтыланып, құндылықтары жоғарылай түседі. Жастар саясатының дұрыс жүзеге асырылуы қоғам мен ел дамуының басты алғашарттарының бірі болып табылатыны белгілі.
Тақырыптың өзектілігі: Жастар әрбір мемлекеттің дамуының алғышарты екені белгілі. Жастар мен жасөспірімдер арасында білім алу, денсаулық сақтау, мамандық таңдау, девиантты мінез-құлыққа салыну, қоғамнан оқшаулану сияқты маңызды мәселелер белең алып отыр. Сондықтан жастар саясатын қарастыру өзекті болып табылады.
Зерттеу мақсаты - жастар саясатының теориясы мен практикасын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері :
- Жастар арасында жастар саясаты туралы түсінік қалыптастыру;
- Жастар саясатының нақты міндеттері және мақсаттарымен жастарды ақпараттандыру;
- Жастардың өз құқықтары мен міндетттерін дұрыс білуіне тиімді ықпал жасау
Зерттеу объектісі - халықтың белсенді тобы болып табылатын, «жастар» деген әлеуметтік статусқа ие, 14-29 жас аралығындағы халықтың ерекше тобы.
Зерттеу пәні - мемлекет тарапынан ұсынылған жастар саясатының теориясы және оның практикасы аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және мемлекеттік емес іс-шаралар.
I Мемлекеттегі жастар саясаты - жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар негізінде
- Жастар саясатының қалыптасуы мен моделдері
Әлеуметтік саясат дегеніміз адамдардың қоғамдық әл-ауқатын, олардың материалдық, әлеуметтік және интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды, адамның қадір-қасиетіне құрметті қалыптастыру және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты, әлеуметтік бейбіт өмірді белгілейтін саясат. Ішкі табиғаты жағынан әлеуметтік саясат адамның дамуына, қоғамдағы адам ресурсын дамытуға бағытталған, осыдан оның мақсатының гуманистік бағыты сияқты маңызды ерекшелігі анықталады. Басқа бір маңызды ерекшілігі әлеуметтік саясат қоғамдық байлықты тарату және пайдалану механизмі. Әртүрлі қоғам мен мемлекет өз мүмкіндіктері мен мүдделеріне байланысты белгілі бір қағидаларға сүйене отырып әлеуметтік саясатты жүзеге асырады. КСРО жағдайында қоғамдық тұтыну қорлары «тегін» тұрғын-үй, денсаулық сақтау, білім беруді кепілдей отырып, капитализммен салыстырғанда, азаматтардың әлеуметтік құқығын қорғаудың тиімді нысандары болып есептелді. Мемлекеттің қамқорлығында болашаққа ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің барлық жүйесі қалған болатын. Мемлекет балаға қамқорлық жасаудың көп ауыртпалығын өзіне артып, отбасының жағдайын жасауға тырысқан. Бірақ әрқайсысын бірдей дәрежеде қорғауға ұмтылыс өзгеріске әкеп соғады, содан кейін - қоғам мен жеке тұлғаның екі жақты субъект және объектілік байланыстарының бұзылуына әкеп соқты, ол жеке адам деңгейінде, отбасы және жеке әлеуметтік институттар деңгейінде көрінеді. «Әлеуметтік асырау» деген түсінік пайда болады. Мұндағы әлеуметтік асырау дегеніміз адамның санасыз түрдегі бағдары емес, объективті түрде қалыптасқан өмір жағдайы, яғни оның өз күшіне емес мемлекеттің қамқорлығына сүйенуі, сөйтіп пассивты объектіге айналуы. Дегенмен, мемлекет те өзі жариялаған құқығын сапалы түрде жүзеге асыруға шамасы келмей қалды, оған КСРО халқы мен дамыған капиталистік елдерінің халықтарының тұрмыс жағдайын салыстырулар дәлел бола алады. Құқықтық әлеуметтік мемлекеттің әлеуметтік саясаты, пост кеңестік кеңістікте пайда болған барлық елдердің Конституциясында, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланғандай, екі шекті қабылдамайды: жалпы асыраушы болу және әлсіздер тағдырына немқұрайлықпен қарау. Әлеуметтік мемлекеттің негізгі қызметі адам мен қоғамның бостандық шегін анықтаудан тұрады, онда азаматтардың мемлекетке қаншалықты және неге көмекке үміт артуға болатынығы, ал қайсысы олардың өз қолдарынан келетіні көрсетілген. Мұндағы ең қиыны - экономикалық және әлеуметтік саясат арасындағы ара қашықтықты табу. Көптеген әлеуметтік кепілдіктердің экономикалық тиімділіктерге байланысты екені белгілі[1] .
Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда жастар саясаты туралы бірнеше анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бірнешеуін келтіріп көрейік:
- «Мемлекеттік жастар саясаты - мемлекеттің жас азаматтарының әлеуметтік қалыптасуы мен дамуы үшін әлеуметтік - экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайдары мен кепілдіктерін құру және қоғам мүддесі үшін жастардың шығармашылық әлеуетін барынша толықтай жүзеге асыру әрекеті» [4] .
- «Жастар саясаты - жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қолдауға, жастардың ( балалардың, жасөспірімдердің, бозбала мен бойжеткендердің, 10-25 жас аралығындағы жас адамдардың) өмір сүруіне қалыпты жағдай туғызуына мемлекеттік - қоғамдық жағынан қатысуды білдіретін әлеуметтік саясаттың саласы» [5] .
- Жастар саясатына Қазақстандық мамандар өзіндік анықтама береді: «Мемлекеттік жастар саясаты - мемлекеттің жастар саясатына доктрина, концептуалды бағыт беруіне және жас ұрпаққа әлеуметтік - құқықтық қорғанышты қамтамасыз ету, оның негізгі мүдделері, қабілеттері, физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес және реформаланушы қоғамның мүдделері мен оның ілгерілеуін ескере отырып, жастардың еркін әлеуметтік дамуға, шығармашылық бастамашылыққа құқығын жүзеге асыру мақсатында, оны тұтастай әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі арқылы қамтамасыз ету қызметі» [1] .
Жастар саясатына берілген бұл анықтамалар оның жалпы жобасы мен мазмұны жағынан дұрыс түсінік бергенімен өзіндік кемшіліктерге ие. Оларда, біріншіден, мемлекет, оның органдары мен әдістері жүзеге асыратын жастар саясаты туралы айтылған, бірақ әлеуметтік жастар саясатының қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдар, қорлар, т. б. саяси партиялар әрекеттері арқылы жүзеге асатын «қоғамдық» кесінді есепке алынбаған. Екіншіден, жастар саясаты туралы ұсынылған анықтамаларда жастардың өздерінің жастар ұйымдары, басқа да қоғамдық бірлестіктердің белсенділері арқылы, сондай-ақ жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда жеке бастамашылық көрсету арқылы қатысуы аз немесе мүлдем көрсетілмеген. Үшіншіден, оларда әлеуметтік саясат үшін өте маңызды болып табылатын өлшемдері негізінде - әлеуметтік қорғаудың қажетті дәрежесіне қарай жастардың мемлекеттік және басқа да патерналистік көмекті қажет ететін бөлігінің барлығы көрсетілмеген. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, әлеуметтік жастар саясатына мынадай анықтама беруге болады: «Әлеуметтік жастар саясаты - бұл әлеуметтік саясат, оны мемлекет және қоғамдық, соның ішінде жастардың, бірлестіктері мен ұйымдары жүзеге асырады, ол жастарды қоғамның және өздерінің мүдделеріне сай дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған және осының бәрі жас адамдардың өз тағдарлары үшін, өз отбасының тағдыры үшін жеке жауапкершілік пен бастамашылыққа негізделе отырып, жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз бөлігіне қатысты, мақсатты түрде арнаулы шаралар қолдану арқылы қорғау арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай, жастар саясатына деген қазіргі ғылыми көзқарас ең алдымен оны мемлекет пен қоғамның жалпы әлеуметтік саясатының бір бөлігі ретінде мойындауынан тұрады. Ол халықтың әртүрлі санаттарының, соның ішінде ерекше әлеуметтік - демографиялық топ ретіндегі жастардың бағыттық және адекваттық сұраныстары кезінде болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жастар саясатының әлеуметтік саясаттағы балалар, мүгедектер, зейнеткерлер мен басқа да әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін халықтың санатына деген қатысы жағынан айырмашылығы оның тек жәрдем беру механизмінен тұрмай, жас ұрпақтың еңбек және шығармашылық әлеуетіне сүйенетін белсенді жаңарған аспектіден тұруы, ол жастар саясатын қоғамның дамуының стратегиялық ресурстары қатарында қарастыруға мүмкіндік жасайды[13] . Жастар саясатының мемлекет пен қоғамның іс-әрекетінің дербес бағыты ретінде бөлінуі адамзат өркениетінің қазіргі даму кезеңінің заңдылықтарының бәрін көрсетеді. Бұл процесс қоғамның еңбек және интеллектуалдық ресурстарының әлемдік экономиканың технологиялық қайта құруының жағдайларына, жас ұрпақты әлеуметтендірудің дәстүрлі институттарының дағдарысына, қоғамдық жастардың рөлінің өсуіне, көптеген жастардың маскүнемдік, нашақорлық және т. б. түрде көрінетін «өзін-өзі бұзу мінез-құлқының» өсуіне қайта өндірудің күрделілігімен байланысты. БҰҰ, МОТ сияқты халықаралық қауымдастық пен басқа да халықаралық ұйымдар адамзаттың болашағы үшін жас ұрпақтың сапалы әлеуметтенуі, әлеуметтік дамуының маңызы зор деген шешімге келді. Қоғамдық даму, ілгерінді қарқынды жылдамдатуға әсер ететін әлеуметтік институттарды, әлеуметтік жіктер мен топтарды іздеуде БҰҰ әлемдік қауымдастықты экономикалық, саяси, әлеуметтік мәдениеттің дамуының субъектісі ретінде жастарға назар аударуға шақырды. Халықаралық қауымдастық қоғамның жастарды әлеуметтендіруде және интеграциялауда кездесетін қиындықтары тез өзгермелі дүниедегі жастардың қажеттіліктері мен ұмтылыстарының арасындағы қайшылықтарға, сондай-ақ қоғамның бір жағынан ұсынып, екінші жағынан тарап етуіне байланысты екенін де мойындайды. Осы қайшылықтарыд шешу үшін жастарға өзін-өзі көрсету үшін жағдай жасап, қоғамның даму процесіне өз үлесін қосуға мүмкіндік беру керек. Жастарды әлеуметтендіруде білім беру мен тәрбиелеу арқылы ғана емес жаңа идеялар мен көзқарастар әкелетін жастарға да үлес қосады, олар қоғамды ілгерінді бағытта өзгеруге және дамуға мәжбүрлейді. Жастардың қоғамның дамуына, әлеуметтік ілгерінділікке үлес қосуына әсер ету мүмкіндігі олардың білімділігіне, санасының деңгейіне, құндылықтар мен мінез-құлық себептеріне, әлеуметтік белсенділігіне және т. б. байланысты. Жастардың өмір саласына қаншалықты кең және терең енуі жастар мен қоғамның даму қарқынына да байланысты. Осы жағдайларды саралай келе халықаралық қауымдастық жастар саясатының жалпы мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі екенін анықтады. XX ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінде жастар саясатының қалыптасуы шартты түрде бірнеше кезеңнен өтті. 60-шы жылдардың басында батыстық қоғам жастардың анти әлеуметтік, аморальдық мінез-құлықтарына алаңдаушылық көрсетті, көптеген мамандар оның себебін қоғамның жаңғыруы, оның ғылыми-техникалық прогресс әсерінен құрылымдық жағынан күрделенуі, сондай-ақ дәстүрлі әлеуметтік қатынастар мен институттардың, діни және отбасылық моральдың бұзылуынан көреді. Ал әлеуметтік мінез-құлық қоғамның «төменгі жігінен» шыққан жастардың көп бөлігіне ғана тән емес, қоғамның орта жігінен шыққан жастардың көп бөлігіне де тән болды. Ол кейбір жағдайларда қоғамның саяси, экономикалық және интеллектуалдық элитасының отбасыларынан шыққан жастардан да байқалып қалған. Нәтижесінде қоғам, әсіресе мемлекет жастарға қатысты ауырлықты бұған дейін қоғамның тәртібіне «сыймаған» жастарға көмектесіп келген әртүрлі әлеуметтік қызметтер, қайырымдылық және басқа ұйымдардан алып, оны жалпы мемлекеттік сипаттағы шараларға, барлық жастарға арналған кешенді шараларға артуға мәжбүр болды. Бұрындары жастар мәселесінен өзін алшақ ұстаған мемлекетке, жас ұрпақтың тұрмыс саласына белсене араласып, мемлекеттің өзіне тән бағытын анықтауға күш салуына тура келді. Бұл іс-әрекет жастар саясаты болды, ол мемлекет пен қоғамның бірегей саясатының құрамдас бөлігі болып табылды. 70-ші жылдары жастар саясатының екінші кезеңінде жастармен жұмысының бағыты жастардың қоғамдық өмірде, жастарға тән нысандарда өздерін танытып, дербестік көрсетуіне жағдай жасау болды. Жастарға қызмет көрсетудің инфрақұрылымы өрістеп, ол жастардың әртүрлі санатының мүдделері қажеттіліктерінің кең шеңберіне арналды және зеріктірмейтін қалыпта берілді. Ересектердің көптеген жастардың қызметтеріндегі рөлі минимумға жетті. Жастар клубы, жастар мүддесін қорғайтын органдар: жастар кеңесі, дербес жастар ұйымдары мен ассоциациялары пайда болды. 70-ші жылдардың екінші жартысынан бастап жаңа технологиялар білім беру, мамандық таңдау, жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерін көтерген кезде, жастар саясатына деген қызығушылық одан әрі өсе түсті. Жастар саясатының үшінші кезеңі дамыған елдерде 80-ші жылдарға тап келеді және мемлекеттің қоғам өміріндегі рөлі мен жастарды әлеуметтендірудің тиімділігін қайта қарауға байланысты болды. Бұл кезеңді Батыс мамандары «Мемлекеттен кіші - қоғамнан үлкен» деген сөзбен бағалады. Мұндай қайта қараудың объективті себептеріне экономикадағы дағдарыс құбылыстарына сай мемлекеттің жалпы шығынының қысқаруы мен мемлекеттік әлеуметтік қызметтің өз жұмыстарында «әркімге көмектесу» деген оймен жұмыс істеуге ұмтылған ерікті түрде құрылған құрылымдар, қоғамдық және жеке ұйымдар қызметіне қарағанда тиімділігінің төмен болуына байланысты болды. «Болашаққа ұмтылған, әрқашан әлеуметтік және мәдени жаңаруларды әкелетін» деп есептелетін жастарға қоғамның оптимистік үміттерінің алдануына байланысты туындаған реніштер де байқалды. Енді дәріптеу емес, жастар мен олардың мәселелеріне деген шынайы көзқарас қалыптасты. Мемлекет жастардың бір бөлігі мен олардың белгілі бір тобына мемлекеттік құрылымдар тарапынан арнаулы көмек керек екенін шешетін болды. Осыған байланысты дамыған елдердегі жастар саясатының дамуы қоғамның жастарға, олардың болашағына, қазір даму кезіндегі рөліне көзқарасына тікелей байланысты. Жастар саясатының даму амплитудасы жеткілікті тұрғыда жылжымалы:ол жастардың әлеуметтік қорғауды қажет ететін және «қамқорсыз» категорияларына, қаражат бөлудің белгілі шегін белгіліген жағдайда, мемлекет тарапынан көмектесуді қарастыратын жастар саясатының консервативтік емес моделінен бастап, қоғам мен мемлекет қоғамдағы жастардың барлық интеграциясына жауапкершілікті ала отырып, оның әлеуметтік қорғауды қажет ететін санаттарына сай назар аударып, оларға беретін көмекті біртіндеп жастардың басқа да топтарына арналған әлеуметтік бағдарламасын құруды қарастыратын әлеуметтік-демократиялық моделін қамтыды. Жастардың әлеуметтік саясатының осы түрлі моделдерінің арасында қандайда бір елдің жағдайларын көрсететін нұсқалар бар. Қазіргі жағдайда жастар саясатының нұсқаларырның айырмашылықтары негізі мыналармен анықталады.
- Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі;
- Ұлттық дамудың қандай да бір кезеңінде жастар саясатына деген көзқарастардың ауысуы, сондай-ақ осы дамудағы жастардың рөліне көзқарастардың эволюциясы, бұл айқындамалардың өзгеруіне маңызды рөлді халықаралық ұйымдар (БҰҰ, МОТ, ЮНЕСКО, ВОЗ) да ойнайды.
- Мемлекеттің, оның аймақтарының экономикалық мүмкіндіктерін жастар бағдарламаларына арнайы қаражат түрінде жіберу, бюджеттік арнайы ақша бөлу;
Жастар саясатының кез-келген моделі оны жүзеге асырудың алдын ала анықталған механизмі болғанда ғана іске асады. БҰҰ өзінің көптеген құжатттарында бұған ерекше назар аударуы да тегін емес. Соның ішінде, жастар саясатын жүзеге асыру үшін жастардың ісімен айналысатын ұлттық органдар құрылып, оларға мынадай қызметтер жүктелуі керек деп көрсеткен:
- Жастарға қатысты ұлттық саясат пен жоспарлар жасауға қатысу;
- Жастарға қатысты саясат пен бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттерді қолдау және үйлестіру, бұған кадрлерді даярлау бағдарламасын енгізу;
- Жұмыс барысына бақылау жасау;
- Зерттеу жұмысы және мәліметтер жинау[14] .
Қазіргі уақытта үкімет органдары жастардың мәселелерімен арнайы айналысып отыр. 90-нан астам елдерде арнайы министрліктер немесе басқа министрліктердің жанынан басқарма департаменттер құрылған. Шет елдік жастар саясатының жасалуы мен қызмет ету тәжірибесіне талдау жасай отырып мынадай қорытынды жасауға болады:
- Дамыған елдердегі жастар саясаты мемлекет әрекетінің дербес бағытына айналып, оның себебіне еңбек пен интеллектуалды ресурстарды қайта өндіру жағдайының күрделену процесі жатады;
- Мемлекет жастар саясатын басқару және бағдарлау органдарының жүйесі арқылы жүргізеді, осында мемлекет тарапынан қадағалау қаншалықты күшті болған сайын аймақтық «еркін» деп атауға болатын жастар қызметінің (қорлар, ассоциациялар, клубтар, және т. б. ) белсенділігі соншалықты әлсіз;
- Жастардың әлеуметтік бағдарламаларының тиімді жүзеге асуы жастардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің есебіне, олардың білім беру, еңбекпен қамту, бос уақытты өткізу, қызмет көрсету салаларының сапасына деген талаптарының өзгеруіне байланысты. Осы бағдарламаларда бос уақытты, оқу процесін ұйымдастыру нысандарын таңдауда өзін-өзі басқару мен анықтау механизмдеріне көп мән беріледі;
- Барлық жастарға арналған бәрін сыйдыратын, бірегей, орталықтандырылған, жалпы мемлекеттік бағдарламалардан оқшауланған, мақсатты, орталықтандырылған оңтайлы жобаларға көшу байқалады. Оны жүзеге асыруда нақты тұтынушыға жақындау және жастар саясатын қалыптасып, жүзеге асатын нақты аймақтың демографиялық, әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейтін жергілікті басқару органдарына басты назар аударылып отыр;
- Қоғамның дамуының жоғарғы қарқынының, жастарлың өздерінде болған қарқынды өзгерістер негізінде ұзақ уақытттық жастар бағдарламаларынан бас тарту байқалада. Олардың орнына моральдық тұрғыда ескіргендерден арылуға мүмкіндік беретін, жыл сайынға қабылданып тұратын жаңа шешімдерге көбірек көңіл бөлінген;
- Жастардың бағдарламаларына ғылыми болжау, әлеуметтік қамтамасыз ету кеңінен пайдалануда, жастар саясатын жоспарлауда және жүзеге асыруда қателіктер жібермеу үшін ғылыми экспертиза енгізілген[7] . Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты және оның негізгі мақсаттары мен бағыттары
... жалғасыЖастар - бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Кенеттен емес, БҰҰ Мыңжылдық даму бағдарламасындағы негізгі шешуіші мәселе ретінде - жастар олардың қалыпты өмір сүруі, денсаулығы, тиімді еңбек етуі секілді мәселелер қозғалған. Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар - 14-29 жас аралығын қамтиды. Жастар саясатына берілген анықтама -мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi қызметінің аясы. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жастар саясаты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты болып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жастар саясаты туралы концепциясы» 1999 жылы 28 тамызда қабылданған, оның мағынасын кең түрде ашатын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жылы 7 шілдедегі «Жастар саясаты туралы заң» бар. Алайда, оның баптары не себепті толық орындалмайды? Оның толық орындалмауы эффективті нормаативті-құқықтық базасы жеткілкіті қамтамасыз етілмегендіктен бе, қаржылық жетіспеушіліктен бе, қадағалаудың аздығынан ба секілді түрлі қырлары бар. Елбасы айтуынша, төрт базалық элемент - кәсіби жақсы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, отбасы құруға арналған жеке үйі, салауатты өмір салтын жүргізуге арналған мүмкіндіктің болуы жастар мәселесін шешудің қадамдарының бірі. Қазақстан жастар саясатының жеткілікті дәрежеде дамымау себептері неде екенін анықтау бұл мәселенің барысын қарастыруға мүмкіндік береді:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz