Инвестициялық жобаларды талдау формалары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелерінің бірі - инвестициялық жобаларды құру болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай инвестициялық жобаларды талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауы тиіс.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: кез келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі кездегі инвестициялық жобаның теориялық және практикалық мәліметтері негізінде зерттеу жұмысын жүргізу. Қойылған мақсатқа жету үшін алдымызға келесідей міндеттерді қоямыз:
- Инвестициялық жобалардың мазмұны мен оның түрлерін қарастыру;
- Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлерін талқылау;
- Инвестициялық жобалардың қолайлығын бағалау тәсілдерін талдау;
- Инвестициялық жобаларды талдаудағы мәселелері мен шешу жолдарын зерттеу.
Жұмысты жазу барысында әдістемелік негізі ретінде отандық және шетел ғалымдарының инвестициялық жоба саласындағы еңбектері, статистикалық мәліметтер, монография, газет-журналдар мәліметтері пайдаланылды.
I. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. "Инвестиция" түсінігі және түрлері
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады. Сөйтіп, нені салуға болады? Ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабілеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді. Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
- Инвестиция дегеніміз- табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интеллектуалдық құндылықтар.
- Инвестициялық қызмет бұл- инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы. Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрылысына. Қандай болмасын кәсіпорнынның материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды. Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық. Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
- Инвестор- бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал. Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз капиталын салушы адам. Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам. Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
- Инвестициялау мақсаты- табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнынның әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс-әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады [1; 448-452 бет] .
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады.
- Венчурлық капитал- бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі. Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорынның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әр түрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.
- Тікелей инвестициялар- бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
- Портфельдік инвестиция- бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әр түрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әр түрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистері және басқалары кіреді.
- Аннуитет- жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы. Сақтандыру компаниялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе аннуитетті беруі мүмкін. Инвестицияның түрлері 1 кестеде көрсетілген [2; 184] .
1 кесте. Инвестициялардың түрлері
Ескертпе: [2; 185]
1. 2. Инвестициялық жобаның мазмұны және экономикалық мәні
Капиталдың ең маңызды белгісі - оның иесіне пайда әкелу мүмкіндігі. Капиталды ұзақ мерзімде салу немесе инвестициялау - мұндай мүмкіндікті пайдалану формаларының бірі. Инвестор тарапынан алғанда инвестициялаудың мәні - ертеңгі күні пайда алу үшін бүгінгі пайданы алудан бас тарту. Сәйкесінше капиталды ұзақ мерзімге салу туралы шешім қабылдау үшін негізгі екі болжамды белгілі бір дәрежеде дәлелдейтін ақпарат болуы тиіс:
- салынған қаражаттар толығымен өзін-өзі өтеуі тиіс;
- бұл операция салдарынан пайда жоғары болуы қажет, яғни тәуекелдерді жабу үшін.
Инвестициялық жобалардың түрлері және мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Яғни бұлар құрылыс жобаларының мүлікті бағалауға дейінгі жобаға сәйкес келмеуі мүмкін. Уақытша фактор - инвестициялық жобаны бағалауда негізгі рөлді атқарады. 3 даму фазаларын атап айтуға болады. Осы кезеңдер жобаның өмір сүру уақытын білдіреді:
- Бірінші фаза. Кей жағдайларда толығымен анықтала алмайды. Бұл кезеңде оның техника-экономикалық жағдайлары талданады, маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, жабдықтаушылар таңдалынады, потенциалды инвесторлармен тікелей жұмыс жүргізіледі. Инвестицияны алдын алу фазасының соңында инвестициялық жобаның бизнес жоспары болуы қажет.
- Келесі бөлім инвестициялауды білдіреді немесе жүзеге асыру фазасы. Бұл фазаның басқалардан ерекшелігі - бұл дамуы кезінде алдағы фазалардан едәуір мөлшерде шығындарды талап етеді. Бұл бөлімде кәсіпорынның тұрақты активтері қалыптасады. Кейбір шығындар (персоналды оқыту, тағы басқа) өнімнің өзіндік құнына енгізілуі мүмкін.
- Негізгі құралдың жұмыс істегенінен бастап, үшінші фаза, эксплуатациялық фаза іске қосады. Бұл фазада өнімді өндіру басталуымен және қызмет көрсетулермен сипатталады [1; 448-450] .
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол инвестициялық жоба деп аталады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа көзделетін кәсіпорынның іскерлігін жақсарту жайлы арнайы ұсыныс. Жобалар әдетте тактикалық және стратегиялық деп бөлінеді.
- Стратегиялық жобаныңқатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызамыз.
- Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Инвестициялық жобаның негізгі бөлімдері:
- Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы;
- Жобаның негізгі идеясы;
- Нарықты талдау және маркетинг тұжырымдамасы;
- Инвестициялық жобаны орындау процесіне қажетті материалдық ресурстардың көлемін негіздеу;
- Жобаның орындалуының техникалық негізіне сипаттама;
- Жобаның тұрған жері;
- Басқаруды ұйымдастыру;
- Қажетті еңбек ресурстары;
- Жобаның орындалу кестесі;
- Жобаны қаржымен қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау.
Жобаның орындалуының техникалық негізіне сипаттама:
- Жобаның тұрған жері;
- Басқаруды ұйымдастыру;
- Қажетті еңбек ресурстары;
- Жобаның орындалу кестесі;
- Жобаның қаржылануына сипаттама және оның тиімділігін бағалау.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол цикл келесі кезеңдерге ие:
- Жобаның тұжырымдалуы- бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументтер болуы тиіс. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
- Жобаны дайындау- жобаның бизнес идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген нақты шешімді қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында коммерциялық, техникалық, институционалдық және тағы басқа оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады.
- Жобаны сараптау- жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі қажет. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік, тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшаның көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшаның кейбір бөлігін жұмсауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін сараптама қажет.
- Жобаны жүзеге асыру- бұл кезең бизнес идеяның дамуынан бастап, жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді.
- Нәтижелерді бағалау- бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады.
- Жобалық несиелеу- бұл халықаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:
- инвестициялаудың стратегиясын дайындау;
- инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;
- инвестициялық артықшылықты анықтау;
- баламалы нұсқаларды қарастыру;
- инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;
- бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.
Инвестициялық жобалардың талдауы олардың жіктеулеріне негізделуі қажет, оны 2 кестеден көре аламыз [1; 450-453] .
2 кесте. Инвестициялық жобалардың жіктелуі
- кіші жоба
- мега жоба
- қысқа
- орта
- ұзақ
- тәуекелді
- тәуекелсіз
- мемлекеттік
- біріккен
- шетел инвесторлар
- жай
- жай емес
- тәуелсіз
- өзара бірін-бірі жоққа шығару
- орнын толтыру
- өзара әсер ету
1. 3. Инвестициялық жобаларды талдау формалары
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
- Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру;
- Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және оларды әр түрлі шаралар бойынша салыстыру;
- Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару;
- Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.
Жобаның коммерциялық орындалуын бағалау - инвестиция алдындағы зерттеу жүргізуде қорытынды звеносы. Ол барлық өткен этаптардан алынған және талдаудан өткен ақпараттарға негізделуі керек. Коммерциялық бағалау инвестициялық жобаның интегралдық жағдайын көрсетуі қажет. Инвестициялық жобаның коммерциялық қызығушылығында 2 критерий бар:
- қаржылық дербестігі (қаржылық баға) ;
- тиімділік (экономикалық баға) .
Бірінші жағдайда, жобаны іске асыру барысында өтімділік талданады (төлем қабілеттілігі) . Екіншіден, жобаның сатып алушылық құндылығының сақтап қалуында, салынған қаражаттар және де олардың қайта дамып өсуі. 1 сызбада әрбір критерий бойынша бірнеше әдіс берілген [6; 175-177] .
1 сызба. Инвестициялық жобаның коммерциялық бағалануы
Ескертпе: [6; 177]
Ұстаным бойынша маркетингтік талдаудың негізгі мағынасы екі жай сұрақтың жауаптарында:
- Жобаның іске асырылуының нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
- Бұдан инвестициялық жобаның шығындарын ақтайтын жеткілікті пайда түсіреміз бе?
Статистика бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың күйзеліске ұшырауының деңгейі 80%. Күйзелістің басты себебі - жеткіліксіз маркетинг. Маркетингтік талдаудың базалық мәселелері мыналар:
- Жоба қай нарыққа бағытталған? Халықаралық па, әлде ішкі нарыққа ма?
- Жоба халықаралық және ішкі нарықтар арасындағы балансты сақтайды ма?
- Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекет саясатының шешімдеріне бағыттас па?
- Егер жоба ішкі нарыққа бағытталса, оның мақсаты мемлекеттің ішкі саясатына бағыттас па?
- Егер жоба мемлекеттің саясатымен сыйыспаса, оны қарастыру керек пе?
Инвестициялық жоспардың барлық маркетингтік аспектілерін қарастыру мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі түсінікті бөлімдерін анықтап көрейік. Маркетингтің барлық сұрақтарының толық тұйықталуы келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді:
- нарық талдауы;
- бәсекелестік орта талдауы;
- өнімнің маркетингтік жоспарын әзірлеу.
Төменде аталған блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген:
- Нарықты зерттеу мақсаты -тұтынушылар сұранысын анықтау, нарық сегменттері мен маркетингтік шешімді қабылдау үрдісін тездету, сапасын жоғарылату үшін сатып алу үрдісін анықтау, сұраныс талдауы кезінде келесі негізгі мәселелер қарастырылуы тиіс:
- Потенциалды сатып алушы кім?
- Өнімді сатып алу себептері?
- Сатып алу қалай жүзеге асырылады?
- Қандай ақпарат қажет және оны қалай жинайды?
Нарықтың құрамын зерттеуді бәсекелестер, мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындар, жергілікті, ұлттық немесе марка қойылған немесе қойылмаған өнімдерден бастайды.
- Нарыққа жаңа қатысушылар(болашақ бәсекелестер), орнын басушы өнім (мысалы, мақта үшін жасанды талшықтар, жеміс шырыны үшін алкогольсіз сусындар) тұрғысынан бәсекелестіктің енуі жатады. Жауапты міндетті түрде талап етуші негізгі сұрақтар:
- Берілген өнімнің нарығының қазіргі құрылымы қандай?
- Осы саладағы бәсекелестік базасы?
- Институционалды шектеулер бәсекелестік ортаға қалай әсер етеді?
- Маркетингтік жоспаржобаның негізгі бөлімі болуы тиіс, оны әзірлеуде маркетолог мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:
- Өнім қаншалықты жақсы даярланған?
- Бағалаудың стратегиясы дұрыс анықталған ба?
- Өнімнің нарыққа шығу стратегиясы дұрыс анықталған ба?
- Алып-сату жүйесі сатушы мен сатып алушыларының эффектілі байланысын қамтамасыз етеді ме?
- «Маркетингтік қоспа» элементтері біріңғай жұмыс істеп тұрған маркетингтік жоспарға біріктірілген бе [6; 177-182] ?
Техникалық талдау. Инвестициялық жобаны техникалық талдау мiндетiне мыналар жатады:
- жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
- жергiлiктi жaғдайларды талдау, оның iшiнде шикiзатқа, энергияға, жұмыс күшiне қол жеткiзудi және оның құнын;
- жобаның iскe асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.
Техникалық талдауды, әдетте, кәсiпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргiзедi. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Бұл кезде келесі критерийлерді басшылыққа алған жөн:
- технология алдын-ала таныс, яғни, стандартты болуы тиіс;
- технология шет ел қондырғысы мен шикізаттарына бағытталмауы тиіс.
Eгep өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегi схемалардың бiрi бойынша бiреуiмен шетелдiк технология мен қондырғыларды тарту мүмкiндiгiне талдау жүргiзiледi:
- шетел фирмасымен бiрлескен кәсiпорын - бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
- технологиялық «ноу-хауды» icке асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;
- «Turn-key» - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процестi қалыптастыру;
- «Product-in-hand» - «turn-key» + кәсiпорынның қажеттi дайын өнім шығарғанға дейiн персоналды оқыту;
- өндiрic үшiн лицензиялар сатып алу;
- шетелдiк технолог тарапынан техникалық көмек.
Технология таңдау ережесi кейбiр альтернативтi технологияларды кешендiк тaлдayды және қандай да бiр агрегаттaлған критерийдiң негiзiнде жақсы нұсқаны таңдауды қарастырады.
Әлеуметтік талдау - мақсатты жоба жоспарының вариантын оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау. Талдау жүргізу нәтижесінде жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет ету мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету.
Экологиялық талдау - қоршаған ортаның шеккен зияндарын бағалайды. Егер экологиялық зиян орын алатын болса, оны тоқтату үшін қандай шаралар қолданатынын қарастырады [6; 182-184] .
Қаржылық талдау - инвестициялық жобаның бұл бөлiмiнiң көлемдi және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселенi түпкiлiктi қарастыруға жекелеген тараулар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенiн қарастырайық.
Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлiмiнiң жалпы нұсқасы қарапайым тiзбекке негiзделген:
- кәсiпорын қызметiнiң соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегi қаржылық жағдайына талдау жасау;
- инвестициялық жобаны дайындау кезеңiндегi кәсiпорынның қаржылық жaғдайына талдау жасау;
- негiзгi өнiм өңдiрiсiнiң залaлсыздығынына талдау жасау;
- инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау;
- инвестициялық жобаның тиiмдiлiк бағасы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz