Интерактивті тақтаның мүмкіншіліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І . Интерактивті тақта.

1.1 Интерактивті тақтаның
мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2 Интерактивті тақтаның түрлері, оның бағдарламалық жасақтамалары...

1.3 Интерактивті құралдар, олардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...

ІІ. Орта мектептерде тақтаны қолдану мен АctivStudio бағдарламасында жұмыс
жасау.

2.1 Орта мектепте интерактивті тақтаны қолдануың
маңызы ... ... ... ... ... ... .

2.2 Сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның АctivStudio бағдарламасын
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда көптеген мектептерде мұғалімдер компьютерлік файлдарды
көрсететін кәдімгі ақ экранды электрондық проектормен жұмыс жасауда.
Интерактивті тақта да сондай ақ экранды, айырмашылығы ол компьютерге
қосылған, оны экраннан алыстамай басқаруға болады.
Қажетті файлдарды ашуда, интернетке қосылу немесе жазуды жазу үшін
тақтаға қол тигізсеңіз болғаны жетіп жатыр.
Интереактивті тақтамен жұмыс жасау үшін қандай да бір арнайы жазба
құралдары: бутафорскілі ластик және маркерлерге батарейкалар қажет емес.
Сонымен бірге, тақтаға қолмен жазуға да болады: ол үшін сияның түсін таңдау
қажет. Айта кетерлік бір жайт, тақта тікелей желіске қосылмайды және
баларға ешқандай қауіп туғызбайды.
Интерактивті тақта кәдімгі маркерлік тақта сияқты. Оның да лотоктары
бар, арнайы контейнерлер орналасқан, ластиктер мен маркерлердің түстеріне
жауап беретін. Әрбір контейнерлерде оптикалық сенсорлар бар, қандай
құралдардан сіз лотка алғаныңызды анықтайтын. Егер барлық маркелер мен
ластиктер орнында болса, тақтаға қолыңызды тигізгенде тышқанмен жұмыс
жасағандай көрінеді, мысалы, қолыңызға маркер алсаңыз тақтаға жаза аласыз.
Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз:
мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз,
интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Мұғалімнің берген сабағын
оқушылар тақтадан анық көре алады, олар енді өзге жаққа алаңдай ала ма.
Мұғалім оқушылардың айтқан ұсыныстарының барлығын жаза отырып, сабағын
мыйға шабуыл жасаудан бастауға болады, содан кейін, әр түрлі фиргураларды
қолдана және объектілердің арасында байланыс туғыза отырып, ақпараттарды
құрылымға келтіреді, одан кейін қажетті көшірмелер жасап түсініктемелерді
қосуға болады.
Оқушылар енді мұғалімнің қастарына келуін күтпей-ақ, өз сұрақтарын
орындарында отырып мұғалімнің компьютеріне жібере алады. Қажет болса
мұғалім оқушылардың компьютерлерінің клавиатурасын және экранын, сонымен
қатар, Интернетке немесе белгілі қосымшаларға кіру қолайлылығын жеңіл
бекітіп тастайды. Бұл бағдарлама сауалнамалар мен тестерді тез жасауды,
жіберуді және тексеруді қамтамасыз етеді. коррекциялық міндеттердің
қажеттілігін, білім беру мәселесін шешуде тиімді құрал болып саналады.
Зеттеу мақсаты: Оқушыларды оқыту барысында АctivStudio
бағдарламасын қолдана отырып, білім беру жүйесінде оқушының танымдық
мүмкіндіктерін, білім қорын, оқуға деген қызығушылықтарын арттырудағы
маңызы
Зерттеу міндеттері:
1. Интеративті тақтаның мүмкіншіліктерін анықтау
2. Оқушылардың мектептерде интерактивті тақтаны қолдана отырып, ақпараттық
құралдармен жүмыс жасай білу қабілетін дамыту
3. Оқушыларға ақпараттық білім негіздерін бере отырып,
ақпараттық қоғамға бейімдеу, жаңа ақпараттық технологиялармен сауатты жұмыс
жасай білуге тәрбиелеу

ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛГІ
Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді
жеткізуіне көмектеседі. Әрине, барлық қажетті бағдарламалармен компьютерде
отырып жұмыс жасауға болады, сондай-ақ, экранның көлемі жұмыс жасауда
барлық оқушылардың қатысуына мүмкіншілік бермейді., Бірақ, сіз сол
материладарды интерактивтік тақта арқылы көрсете отырып, сыныптағы
оқушылардың зейінін аудара аласыз.
Мұғалімдердің жұмысын жеңілдететін, тапсырмаларға үлкен интерактивті
пен көрнекілік беретін, сондай-ақ, барлық мүмкіндіктегі тақырыптар мен
пәндер бойынша анимациялық роликтер, үлкен коллекциялы суреттер ұсына
отырып компания SMART Teshnologies арнайы бағдарлама жасады. Сабақ
барысында сіз веб-сайттар мен кез-келген қосымшалардан да жазу жаза алсыз,
оларды да әрдайым сақтай да аласыз, олар сізге қажет болуы мүмкін.
Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі
мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа
дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды
көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.
Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл
визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және
тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық
ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар
материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл
түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.
Мұғалімдер қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде
жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады.
Тұжырымдарды және абстраксиялы идеяларды түсіндіруде мұғалімдер үшін
таптырмайтын құрал ретінде келетін, тақта оқушыларға жаңа материалдармен
өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды
туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға
болады. Оқушылардың ойларын экранның өзіне жазып және бірте-бірте
оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін
түсіндіре, дауыстап тақылай алады.

1.1 Интерактивті тақта. Интерактивті тақтаның мүмкіншіліктері.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және
де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін:
ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Интерактивті тақта кәдімгі маркерлік тақта сияқты. Оның да лотоктары бар,
арнайы контейнерлер орналасқан, ластиктер мен маркерлердің түстеріне жауап
беретін. Әрбір контейнерлерде оптикалық сенсорлар бар, қандай құралдардан
сіз лотка алғаныңызды анықтайтын. Егер барлық маркелер мен ластиктер
орнында болса, тақтаға қолыңызды тигізгенде тышқанмен жұмыс жасағандай
көрінеді, мысалы, қолыңызға маркер алсаңыз тақтаға жаза аласыз.
Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз:
мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз,
интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз. Және интерактивті тақта
бұл ауыр паталогиялық және дамуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жасауда,
психологиялық орталықтарда коррекциялық міндеттердің қажеттілігін, білім
беру мәселесін шешуде тиімді құрал болып саналады.
SMART тақтаны интерактивтік Sympodium планшетімен толықтыруға болады,
тыңдаушы кіші топтарды игергендей үлкен аудиторияларды да игеруге болады.
Мұғалім, кішігірім экранда жазу жазып, орнынан қозғалмай оқушыларға қарап
тұрып, компьютерлік қосымшаларды, сонымен бірге оқушыладың үлкен экранда
және интерактивтік тақтада берілген сол көріністі көретінін бақылай алады.
SMART Ideas қамтамасыз еткен бағдарламаны пайдалануда, балар да
өздерінің ойларын өте жақсы жеткізе алады, бақылау барысында оладың
ойларының өскенін байқауға болады.

1.2 Интерактивті тақтаның түрлері, оның бағдарламалық жасақтамалары.
Интерактивті тақта SMART екі типті болады: тікелей және кері
проекциялы. Тікелей проекциялы тақтамен жұмыс жасау үшін арнайы орындықта
немесе арнайы қондырғыда орнатылған проекторлар қолданылады. Бұндай
қондырғылар оқу ісіне кері әсерін тигізуі мүмкін, мәселен, жұмыс бабында
интерактивті тақтамен проекторлардың арасында оқытушының проектордегі
бейнесі көлеңкелеп жауып қалмауынан алдан алады. Оны бір жерден екінші
жерге жеңіл тасымалдауға болады. Егерде мұндай келеңсіздіктер болмаған
жағдайда проекторді арнайы кранштейнге қондырып жоғары төбеге орналастыру
керек. Ал кері проекциялы тақта проектормен бірге компьютердің жүйелі
блогымен арнайы корпустарда орнатады. Корпустың ішінде орнатылған айна
жүйелерінің арқасында бейне экранға артқы жағынан беріледі, яғни, адам
алдында тұрсада көлеңкесі түспейді.
Интерактивті тақтаны және колонканы компьютерге қосу үшін бір ғана USB
– кабелі қажет. Интерактивті тақтаның 600 сериясы алдыңғыларындағыдай тоққа
қосу жүйелерінсізде жұмыс істей алады. Мұнда Bluetooth (USB – 2.0)
стандартты технологиясы қолданылады.
Интерактивті тақтада сенсорлы технология екі түрлі тәсілмен іске
асады. Резистивті сенсорлы интерактивті тақта экран бетіндегі арнай
белгілерді басу арқылы оның қызметін жүзеге асыратын екі жұқа қабатты тоқ
жүйелерінен тұрады. Олардың қандай да бір бөлшектері не жоғалып, не сынып
қалмайды және төзімді келгендіктен, осындай тақталар мектептерде өте
қолайлы.
Интерактивті тақтаның биіктігін оқушылардың бойына қарай реттеуге
болатындықтан, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Бүгінгі таңда технологиялық және инновациялық оқыту әдіс-тәсілдері бәріне
қолайлы.
1.3 Интерактивті құралдар, олардың ерекшеліктері
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы
іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және
ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не? 
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта
арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwandуказкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы
бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында
орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады.
ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен
астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс
жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте
қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы
қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан
көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат,
бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса
кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады,
жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін
конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады
ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай
алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-
ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады,
презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary
тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін
құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның
барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт
беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына
сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио
пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың
көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция
қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте
қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу
үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
Тест дайындау шеберінде ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта
мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да,
тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында
сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт
жасауға болады

ІІ. Орта мектептерде тақтаны қолдану мен АctivStudio бағдарламасында жұмыс
жасау.

Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі
мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа
дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды
көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.
Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл
визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және
тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық
ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар
материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл
түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.
Мұғалімдер қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалы түрде
жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады.
Тұжырымдарды және абстраксиялы идеяларды түсіндіруде мұғалімдер үшін
таптырмайтын құрал ретінде келетін, тақта оқушыларға жаңа материалдармен
өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды
туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға
болады. Оқушылардың ойларын экранның өзіне жазып және бірте-бірте
оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін
түсіндіре, дауыстап тақылай алады.
Зерттеу барысында оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар
тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды
пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады. Онымен
жұмыс жасауда оқушылардың білімін тексеруге де болады. Мұғалімнің дұрыс
сұрақтары оқушыларға тақтада не көрсетілген, материалдарды жақсы түсінуге
мүмкіндік бере, дискуссияны кеңейтеді.
Материалдарды пайдалануда шығармашылық подходта интерактивтік тақтамен
жұмыс жасау қарапайым қарастырылған. Барлық материалдар даяр болған
жағдайда, файлдар мен бет парақтарын (сабаққа қажетті) басқада бір
ресурстарға қосуға болады. Бұл оқу ісін жоспарлауға және сабақты өткізуге
өте қолайлы. Интерактивті тақтада объектілер мен жазуларды жеңіл
қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау
аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді
немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, сондан кейін қажетті
уақытта көрсетуге болады. Мұғалімдер және оқушылар көпшілік назарын аудара
отырып, осының барлығын тақтада сынып алдында жасайды.
Алдын-ала дайындалған мәтіндер, кестелер, диаграммалар, суреттер,
музыка, карталар, тематикалық CD-ROM-дар, сондай-ақ мультимедиалық
файлдарға гиперсілтемелер және интернет ресурстар сабақты құнарлы етеді.
Сіз кәдімгі жай тақтаға мәтінді жазуға немесе экраннан пернетақтаға көшуге
көп уақыт құртпайсыз. Перо құралын қолдана отырып, барлық ресурстарға
экранның өзінде түсініктеме беруге және көшірмелерді келесі сабаққа сақтап
қоюға болады. Өтілетін сабақ файлдарын әрқашанда ашуға және өткен
материалдарды қайталауға болады.
Интерактивті SMART тақтасы барлық жастағы балаларды оқыту
бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әр түрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік
береді. Оқушылар визуалды материалдарды жақсы қабылдайды, карталарды
үйренуде, суреттер мен схемалар – тақтадағы берілген көрініске кез-келген
көшірме қоса отырып, жылжыта, көлемі мен формасын өзгерте осының барлығын
тақтада көрсетуге болады. Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақта жаңа
мәселелерді бірігіп шешіп, талқылауға болады.
Әрине интерактивті SMART тақтасын тиімді пайдалану үшін оқытушыларға
жағдай кеңінен жасай отырып және оқытушының сабаққа даярлануына,
интерактивті тақтамен жұмыс істеуде өзара тәжірибелерді жинақтауға уақыт
қажет.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бөлімі сабақ беруді
жоспарлаудан тұрады: нтерактивті тақта материалдарды анық құру
бағдарламасымен қамтылған. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін
жақсарта түседі. Оқытушылар сабақ барысын жақсы, тиімді, қызықты өткізуге
толық мүмкіндік бар. Әрине ең алдымен оқытушылар арнайы бағдарламамен
қамтылған интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толық игеруі тиіс. Сонымен
бірге интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды
анықтай білуі маңызды.
SMART тақтасында сабақ барысында дайындық материалдарды толық бір
жүйеге келтіруге, этап бойынша логикалық подходта жоспарлауды жеңілдетеді.
Осы аралықта бір файлдан екінші файлға сілтеме жасауға, (мысалы, аудио,
видеофайлдарға немесе интернет парақтарына сілтеме жасауға) болады. Бұл
қандайда бір материалдарды іздеуде уақытты үнемдеуге көмектеседі. Сонымен
бірге, бұл интерактивті тақтаға аудио немесе видео құрылғыларын қосуға
болады. Бұл әсіресе шет тілдерін оқып үйренуде тиімді және мұғалімдер
оқушылар бір уақытта оқып, тыңдап үйренуін қалайды.
Сабақтан соң файлдарды (бастапқы немесе толықтырылған түрде) оқушылар
желісінде сақтауға болады, сонда оқушылар қалаған кезінде оған кіре алады.
Сондай-ақ, оларды оқушылардың білім деңгейін тексеру барысында келесі
сабақтарда да пайдалануға болады.
Жоғарыда аталғандай интерактивті тақта компьютер дисплейі, яғни,
компьютердегінің бәрін SMART тақтасында көрсетуге болады.
Бұл мұғалімдерге оқытудың көлемді ресурс спектрлерін пайдалануға жол ашады.
Атап айтқанда:
• презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету;
• мәтін редакторлары;
• CD-ROM-дар;
• Интернет;
• көріністер (экрандағы көріністер, диаграммалар, суреттер,фотолар);
• видеофайлдар (теледидарлық бағдарламалардан көрініс, VHS
видеокассеталар немесе сандық видеокөріністер);
• дыбыстық файлдар (басқада мұғалімдер немесе оқушылар жасаған
көшірмелер, кассетадан немесе радиодан үзінді). Тақтаға колонка
қосылса CD-ROM-дағы немесе интернет-парақтарындағы кез-келген дыбыс
естіледі.
• интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету;
• әр түрлі пәндерге қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету.
Сабақ беруде көптеген ресурстарды пайдалануға болады, бірақ мұғалім
қажетті ресурстарды өзі таңдап алады. Компьютердегі мүмкіндіктерді
пайдаланып, жоғарыда атап көрсетілген түсі, қозғалысы, дыбысы және былайғы
сабақтарда қолданылмайтын басқада ресурстарды пайдалануға болады.
Интерактивті тақтаның мұғалім сабақ барысында қолдана алатын
анықталған құралдар жиынағы бар. Олар оқушыларға жұмысқа деген шығармашылық
подходта барынша көп әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан –
жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына
жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер
пайдасы аса мол. 
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім
негіздерін беру,  логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,
ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде
пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық
базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог
мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне,
оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына
тәуелді.
         Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ
барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың
көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып
отыр.
Білім берудегі интерактивті технология  - мұндағы интерактивтісөзі- inter
(бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының
топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ
барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

2.2. Сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның АctivStudio бағдарламасын
қолдана отырып, білім беру жүйесінде оқушының танымдық мүмкіндіктерін,
білім қорын, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
ACTIVstudio программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны
сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard
және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio
программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды
құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі
кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге
және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Интерактивті құралдар
ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын,
арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді
қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар
панелінің көмегі қажет.
Флипчарт
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс
аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті
құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір
флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе
объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу
құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

Флипчарттың кескіні
ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден компьютердің экранына сәйкес
келетін жаңа флипчарт құрылады. Бұл 1-ші флипчарттың қолдануға дайын беті.
Флипчарт батырмасын басқаннан кейін ғана іске қосылады. Бұл батырманы
ACTIVstudio мен Windows арасында байланыс жасауға қолданылады.

Флипчарттың тақырып жолындағы батырмалар
нақты элементтің немесе сұхбат терезесіндегі анықтаманың
көрсеткіші.

флипчарт беттерінің жұмыс бетін немесе флипчарт бетінің кескінін
өзгерту әдістері. Экранда беттің орналасу әдісін немесе оның көлемін
таңдауға болады.

флипчарттың келесі бетіне ескертулер қосуға болады.

флипчартты экранда реттеу. Мұнда барлық ACTIVstudio терезелері
кітапхана ресурстары немесе кітапхана сілтемелері ескеріледі.

флипчарт терезесін бүктеу. Флипчартты бүктегенде ол Windows-тың
тапсырмалар тақтасында көрінеді. Бұл мәтінді және кескінді Office –тан
флипчартқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

флипчарт терезесін алдыңғы қалыпқа келтіру.

флипчарттың терезесін экранның бетімен бірдей түрге келтіру.

флипчарт терезесін жабу.
Жаңа флипчарт құру

Жаңа флипчарт құру үшін, Меню – Флипчарт – Құру командасын орында.
Параметр менюінің тізімінен өлшемді таңда:
Экран өлшемі ACTIVstudio алдыңғы экранның көлеміндегідей жаңа
флипчарт құрады. Мысалы: компьютерде 640х480 пиксел орнықтырылған болса,
онда флипчарттың көлемінің ені - 640, ал биіктігі - 480 пиксел болады. Бұл
өте ыңғайлы және экранның көлемін білесің.

800х600 Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 800, ал биіктігі -
600 пиксел болады.

1024х760 Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 1024, ал биіктігі -
760 пиксел болады.

Баптау... Сұхбат терезесінің көмегімен флипчарт бетінің көлемін
құруға мүмкіндік береді
Флипчартты жабу

Тақырыптың оң жақ шетіндегі Жабу батырмасын басу керек.
Флипчарттағы кез келген өзгерістер сақталмаған болса, онда сақтауға сұраныс
шығады.
Сақталған флипчартты ашу
Меню - Флипчарт - ...ішінен Ашу командасын орындағанда келесі
параметрлердің бірін таңдау қажет:
Менің Кітапхана ресурсының бөлімінен Менің кітапхана
флипчарттарым... ресурсым бумасына өту. Флипчарт файлын таңдап,

онда Ашу батырмасын шерткеннен кейін жаңа флипчарт ашылады.

Жалпы Жалпы кітапхана ресурсына ауысу бумасына өту.
флипчарттарым... Флипчарт файлын таңдап, Ашу немесе Болдырмау батырмаларын
басу керек.

АctivStudio-ның құралдар тақтасының құрылымы
негізгі құралдар тақтасы
арнайы құралдар тақтасы
флипчарттың
құралдар тақтасы
объектіні редакторлеу
құралдар тақтасы
бетті редакторлеу
құралдар тақтасы
тез таңдау құралдар тақтасы

6

Негізгі құралдар тақтасы
Тақырып қатары
Басты меню
Жылжыту
Флипчарт Бүктеу

Қаламның қалыңдығы Жұмыс үстелі

Түстер палитрасы
Қалам
Еркін таңдау

Маркер Өшіргіш

Мәтін Тазалау

Болдырмау Қайталау
Бүркемелеу
Прожектор
Фотоаппарат
Масштаб
Арнайы құралдар Тану

Құю Activote

Арнайы құралдар тақтасы

Негізгі құралдар тақтасы Арнайы құралдар батырмасын басып, осы құралдарды
іске қосуға болады. Бұл тақтада қажетті 20 құралды пайдаланып,
олармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Тақырып қатары
Тақтаның орнын ауыстыру үшін, оны шертіп орналастыруға болады. Ал жабу
үшін жабу батырмасын шерту жеткілікті.
Сызғыш құралы
Өлшейтін экран сызғышын іске қосады.

Циркуль құралы
Кез келген түстегі немесе сызықтары әр түрлі дөңгелек, доғаларды салады.

Транспортир құралы
Экран транспортирі.

Сүйекпен ойнау құралы
ойнау үшін кез келген сандарды шығарады және санау сабақтарына қажет.
Бөлшек құру құралының панелі
Математика сабағында бөлшектер құрады.

Калькулятор
Математикалық есептерді орындайды.

Пернетақта

Экранда пернетақтаны іске қосады және флипчарт беттерінде мәтінді енгізеді.
Веб-браузер

Сабақ кезінде ACTIVstudio-дан Интернетке қосылуға мүмкіндік береді.
Лента

Мәтіндік хабарлама құрады.

Ескертулер мен көрсеткіштер
Экранда ескертулер мен көрсеткіштерді жабыстырады (электронды
наклейка).

Координат центрі

Флипчарт бетінде айналу осьін орналастырады. Барлық объектілер осы нүктенің
айналасында айналдыруға болады.
Флипчартты жазып алу құралы

Флипчарт бетіндегі әрекеттерді жазып алады және оны анимация түрінде
көрсетеді.

Сағат

Экраннан сағатты көрсетеді.

Флипчарттың құралдар тақтасы

Флипчарт құралдар тақтасы арнайы диапазон құралдарымен флипчарттағы
жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі.
Келесі бет
Флипчарттың келесі бетіне өту. Флипчарттың соңына жаңа беттерді қосады.

Алдыңғы бет

Флипчарттың алдыңғы бетіне өту.
Бет таңдау
Флипчарт беттеріне қысқаша суреттеуге қарау және жұмыс беттерін таңдау.

Бетті ұйымдастыру

Флипчарт беттерін ретке келтіреді.

Бетті Сброс страницы
Соңғы сақталған флипчарт бетіне оралады – қосымша сақталған флипчартта ғана
жұмыс жасайды.

Кітапхана ресурсы

Презентацияға қажетті кең көлемді ресурстарға мүмкіндік береді.

Айналдыру жолағы

Флипчарт бетінде жоғары және төмен қозғалыс.

Бетті редакторлеу құралдары
Бетті редакторлеу тақтасын іске қосу үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту
жеткілікті. Құралды флипчарт бетінің қасиетін өзгертуге және флипчарттың
құрылымын редакторлеуге қолданылады.

Тақырып қатары

Тақтаның орнын ауыстыру үшін, онда шерту жеткілікті. Ал батырмасын
шертіп тақтаны жабуға болады.
Қиып алу
Флипчарт бетін жояды және оны басқа жерде қолдану үшін буферге
орналастырады.

Көшіру
Флипчарт бетін көшіріп алып, оны басқа жерде қолдану үшін буферге
орналастырады.

Қою
Соңғы қиып алынған немесе көшірілген флипчарт бетін қояды.

Өшіру
Флипчарт бетін өшіреді.

Қасиет

Флипчарт бетін және сыртқы түрін редакторлейді.

Бетін Сброс страницы
Соңғы сақталған флипчарт бетін қайтадан қалпына келтіреді.

Көшірме

Флипчарт бетін көшіреді.

Кітапхана ресурсы
кітапхана ресурсының толық мүмкіндіктерін флипчарт құрғанда
пайдалануға болады. Мұнда суреттер мен дыбыстардан бастап аяқталған іс-
әрекеттер, оқу жоспарлары да бар. Ол мыңдаған дайын ресурстармен қамтамасыз
етілген. Кітапхана ресурсын іске қосу үшін, флипчарттың құралдар тақтасынан
Кітапхана ресурсы батырмасын басу керек.
Меню батырмасы
Кітапхана ресурсының сыртқы түрін өзгертеді.

Жалпы Кітапхана Ресурсы
Бұл буманың ресурстары басқа да жалпы қолданушыларға ортақ. Бума да
программалық ресурстар бар.

Менің Кітапхана Ресурсым
Бұл папкада жеке қолданушының ресурстары сақталады.

Ресурсты іздеу
Нақты сөз арқылы ресурстарды іздеу. ACTIVstudio ресурстары топтастырылған,
сондықтан да іздеу критерийін енгіз және тез іздеу батырмасын шерт.
Басқа Ресурстар папкасы
Папканың мазмұны, таңдап алынған батырманы Басқа папканы қарау көрсетеді.
Жалпы Ресурс папкасы мен Менің Ресурсым арасында және таңдап алынған
мазмұнның арасында қатынас жасауға болады.
Басқа папкадан іздеу
Компьютердің ішіндегі ресурстарды қарастырады.

Бүктеу\ашу
Экранда орын босату үшін, Кітапхана Ресурсын бүктеп қояды.

Ресурс тірегін көрсету\жабу

Ресурс тірегінің терезесін көрсетіп және оны жасырады.
Ресурс тірегі
Таңдап алынған категорияның ішіндегі категориясын көрсетеді.

Эскиз панелі
Әрбір эскизді алдын ала қарағаннан бастап флипчартқа қосқанға дейін
қарастырады.

Жалпы\Менің Ресурсым
Жалпы Кітапхана Ресурсын қарастырғаннан бастап, оң жақтағы батырмаларды
таңдауға болады. Батырманы шерткенде арнайы типті барлық ресурстарды
таңдағанға байланысты қарап шығасың. Мәтін ресурсында, Жалпы\Менің мәтінім
батырмасын шерт. Әр түрлі торларды қарау үшін Жалпы\Менің торым батырмасын
шерт.
1. Жалпы Менің коллекциям
2. Жалпы Менің түсім
3. Жалпы Менің торым
4. Жалпы Менің кескінім
5. Жалпы Менің мәтінім
6. Жалпы Менің формам
7. Жалпы Менің сызбам
8. Жалпы Менің ескертпем
9. Жалпы Менің дыбыстарым
10. Жалпы Менің флипчартым
11. Жалпы Менің флипчарт беттерім
12. Жалпы Менің лентыам
13. Жалпы Менің көрсеткіштерім
14. Жалпы Менің бейнем
15. Жалпы Менің веб-сілтемелерім
16. Жалпы Менің іс-әрекеттерім
Нұсқаларды ары-қарай таңдап алып, флипчарт бетінде көрсетілген ескертулерді
қосуға болады.

№1 Лабораториялық жұмыс
Жаңа флипчарт құру
Негізгі құралдар тақтасынан батырмасын басып жаңа толық экранмен
бірдей флипчарт құрады. Кез келген уақытта осы батырманы басып флипчарт
құруға болады. Флипчарт батырмасына қайта басып тағы да флипчарт құруға
болады.

Қалам құралын пайдалану
Кез келген қиын істі бастағанда, алдымен онымен қалай жұмыс жасауға болатын
ережесімен танысу қажет. Жұмыстың көбі негізгі құралдар тақтасы болып
табылады. Өздерің байқағандай негізгі құралдар тақтасында – бөліп алу
құралын– тіктөртбұрышты шекарасы бар түссіз фон; бұл сол құралдың активті
екендігін көрсетеді. Бөліп алу құралы кез келген объектіні бөліп алу үшін
қолданылады. Қазір бет таза болғандықтан, Қалам құралын басып
активтендіруге болады. Оны активтендіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті тақтаны орнату
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу
DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖАСАҚТАУ
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Биологияны компьютерлік технологияға негіздеп оқыту ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері
Пәндер