АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚЫТУ


КІРІСПЕ
Әлемдік қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына - ақпараттық қатынастық технологиялардың (АҚТ-дың) адамның тіршілік іс-әрекетінің барлық саласына қарқынды енуімен сипатталатын ақпараттық қоғам фазасына кірді, ал ақпараттық ресурстар заттық пен энергетикалық ресурстарға қарағанда кем емес маңызды рөл атқаратын болды.
Әлемдік қоғамдастыққа және сәйкес түрде ғаламдық ашық ақпарқатынастық кеңістікке кірігу - әрбір ел үшін өте маңызды дүние. Сондықтан жаңа технологиялар мен мектеп бір бірінен бөлінбейтін болуы тиіс, өйткені барлық жоғары технологиялар: био-, нано- мен ақпар- және т. б. технологиялар берілетін жүйелі білімдерге негізделгендіктен, мектеп болашақ қоғам үшін кадрлар «инкубаторы», ал оларды дайындау мен дамыту АҚТ-мен үзіліссіз байланысты болып саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Жарлығымен 2010 ж. 1-ақпанында бекітілген Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында барлық білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру мен электрондық оқытуды жаппай енгізу бағдары анықталған болатын. 2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында адамзаттық ресурстардың әлуетін арттыру мақсатында білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты болып электрондық оқыту аталған. Электрондық оқытуды 2015 жылға дейін республика мектептерінің 50%-ына, ал 2020 жылға дейін 90%-ына енгізу жоспарланды.
ЮНЕСКО ұлттық жүйелерді жаңарту мен дамытуда незізгі рөлді электрондық оқытуға (e-learning) береді. Білім беру дағдарысының салдарын төмендету үшін, білім алушыларды білім берудің жаңа мәнеріне бағдарлау үшін және бүкіл ғұмыр бойы одан әрі оқыту үшін олардың біліктері мен машықтарын дамытатын e-learning технологиясы ең тиімді ретінде анықталды. Дамыған елдерде (Филляндия, Норвегия, Сингапур және т. б. ) е- learning-ті инновациялық іс-әрекеттің машықтарын дамытуға көмектесетін негізгі әдіс ретінде мемлекеттік деңгейде қарастырады.
Сонымен бірге, жалпы білімдік мектептегі электрондық оқытудың теориясы мен практикасында шешілмеген бірқатар өзекті мәселелер қалып отыр. Біртұтас, жалпы қабылданған, тұрақталған ұғымдық-санаттық аппарат жоқ, электрондық оқыту, ақпараттық білімдік орта және т. б. ұғымдардың анықтамаларында бірлік жоқ, электрондық білімдік өнімдердің көптеген топтамалары байқалады.
Электрондық оқытудың педагогикалық әдіснамасын дайындау мәселесі ашық қалып отыр. Электрондық оқыту көп жағдайда ересектерді оқытудың қағидалары мен заңдылықтарына сүйенетін жоғары және қосымша кәсіптік білім беру үшін толығымен жарамды электрондық веб-технология негізінде оқыту секілді ұстанымға бағытталған. Ал сол уақытта жалпыбілімдік мектепте оқыту процесі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты өз заңдылықтарымен және қағидаларымен ерекшеленеді. Сондықтан электрондық оқытуды жүзеге асырудың шынайы жолын анықтау және оның тұжырымдамасын дайындау қажет.
ХХІ ғасырда білім беруді дамытудың стратегиясы, ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастықтың өзараәрекеттестігі негізінде, қағидасы «ғұмыр бойы оқу» болуы тиіс, мектеп бітірушілерді дайындауға бағдарланған болуға тиіс. Мектеп қабырғасында оларды дайындаудың тұғыры, заңды объективтік процесс ретінде, оқытудың жаңа ақпарқатынастық парадигмасы болып саналады. Оқытудың жаңа парадигмасына өту механизмі, оқытудың тиімдігін түбегейлі арттыру мен жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, педагогикалық пен ақпараттық қатынастық технологиялардың кірігуі негізіндегі электрондық оқыту екендігін біз көріп отырмыз.
Электрондық оқытудың арқасында, бірінші кезекте, әрине, оқып үйренетін пән бойынша білімдер мен біліктіліктерді, тағы да ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау сияқты әмбебап амалдарды, алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуды меңгеру, сондай-ақ ақпараттық қоғамда тұлғаның толық құнды өмірі мен іс-әрекетіне қажетті, ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып саналатын, ақпарқатынастық өзараәрекеттестіктің нақты тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін дәстүрлі оқу процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетіне түрлендіру болады.
АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚЫТУ
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту
парадигмасының өзгеру факторлары
Информатика оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 жылдың 1 қыркүйегінде енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және есептеуіш техника негіздері» (ИЕТН) деп аталды. Жалпы білім беретін мектепте бұл пән жоғарғы екі сыныпта оқытылды (ол кезде бұл 9-10 сыныптар болды) .
Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарына біртіндеп енгізілген, информатика пәні туралы мағлұмат ертеден белгілі болды. Бұл процесс оқушылардың кибернетика және бағдарламалау элеметтерін оқып үйрену тәжірибелерінен басталады. Білім беру тарихында мектептің білім беру жүйесіндегі және қоғамдағы маңызды сапалы қорларды сипаттайтын, толық назар аударарлық бірнеше кезеңдер ерекшеленеді. Бұл жинақталған қорлар (дүниетану, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық) өткен ғасырдың 1980 жылдың ортасында информатиканың жеке пән түрінде мектепке енуін және қалыптасуын қамтамасыз етті.
Орта мектептiң оқушыларына арналған бірінші ресми бағдарламалау курсы бойынша оқу бағдарламаларының пайда болуына 60-жылдардың басында жалпы орта білім беретiн мекемелерде есептеуіш - бағдарламалаушыларды кәсіби дайындайтын, математикаға мамандандыратын мектептердің ашылуы себепкер болды. Осы жылы С. И. Шварцбурдтың 1959 жылдың қыркүйек айында Москва қаласының Первомойский ауданындағы № 425-ші мектептің бір класында бастап жүргізген тәжірибе жұмысы кең көлемде белгілі болады.
1960-61 оқу жылында бағдарламалаушыларды дайындайтын мектептердің саны өсе бастады. №425-ші Москва мектебі және басқада есептеуіш-бағдарламалаушыларды дайындайтын мектептердің тәжірибесі негізінде 1961 жылдың маусымында Ресейдiң ағарту министрлiгi математикаға мамандандыратын мектептер үшін: мектеп бітірушінiң мамандығына баға беретін мінездеме, оқу жоспары, математиканың жалпы курсы бойынша бағдарламалар, сонымен қатар арнайы «Математикалық машиналар және бағдарламалау», «Есептеуіш математика» оқу пәндеріне арналған құжаттың бірінші нұсқасын бекітті.
Математикаға мамандандыратын алғашқы мектептердің қалыптасуы болашақта маңызды алдыңғы қатарлы есептеуіш техникаларымен жабдықталған ірі ғылыми-зерттеу мекемелерімен және жалпы білім беретін орта мектептердің ұйымдасып әрекет жасауына мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар едәуір қиыншылықтармен байланысты болды. Сол кездегі С. И. Шварцбурдтың айтуы бойынша «№425 мектепте тәжiрибенiң басында оқушыларды есептеу орталығына практикаға жіберу өрескел болып көрінді». Білім беру департаментінің және қамқорлыққа алған кәсіпорындар мен аудандық әкімшілік ұйымдарының бірігіп назар аударып, күш салуының нәтижесінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Осындай бірлесіп қызмет қылудың ең алғашқы мысалы ретінде Москва қаласының Первомайский ауданы әкімшілігінің көмегімен № 444-ші мектепке жақын орналасқан Орталық кешенді автоматтандыру ғылыми-зерттеу институтының Есептеу орталағының базасына, мектеп үшін жаңа сала болып табылатын оқушылардың есептеу практикасын орналастыру болды. Осы сияқты жалпы орта білім беретін мектептер мен ғылыми-өндірістік мекемелердің бірлесіп қызмет істеу тәжірибелері көп қайталанды және еліміздің көптеген қалаларының аудандық оқу-өндірістік бірлестіктерінің құрылу және ұйымдастырылу жұмыстарында кең көлемде қолданылды. Қазақстанда Республикалық физика-математика мектеп-интернаты мен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің базасында есептеуші-бағдарламалаушы қосымша мамандыққа даярлау бағытында орасан зор жұмыстар жүргізілді.
1976-1984 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі А. Т. Лукьяновтың жетекшілігімен С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің мамандандары мектеп оқушыларын бағдарламалау мен ЭЕМ-да жұмыс істеуге үйрету жұмыстарын бастады.
Бағдарламалау саласындағы мамандықтары бар мектептердің дамуы: оқушыларға бағдарламалауды оқыту мәселелеріне арналған көптеген мақалалар және әдістемелік зерттеулердің, құралдардың шығуына өте маңызды және тиімді ықпал жасады. Осы және 1960 жылдардың басында шыға бастаған бағдарламалауды оқыту бойынша материалдар, сонымен қатар, математикаға мамандандырылған мектептер үшін арнайы материалдардың жариялануы «Математика в школе» журналы үшін әдеттен тыс болды.
Осы жылдары математикаға мамандандыратын мектептер үшін дайындаған А. Л. Брудноның мазмұнды белгілеулердегі бағдарламалау жүйесіне негізделген оқу құралы кең танымал болды. Жоғары әдістемелік деңгейде жазылған бұл кітаптар бағдарламалау бойынша факультативтік курстардың қалыптасуына да маңызды роль атқарды.
1980 жылдардың басында Қазақстан мектептерінде, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектеп-интернатында 8-10 сынып оқушыларына бағдарламалау тілдері бойынша арнайы курстар жүргізілді және бағдарламалау тілі ретінде ФОРТРАН тілі оқытылды. Мектеп бітіргенде оқушыларға бірінші разрядтағы есептеуші-бағдарламалаушы куәліктері берілді.
Ғылымда тұжырымдама деп «қандайда бір құбылыстарды түсінудің, түсіндірудің белгілі бір тәсілі, негізгі көз қарас, оларды түсіндіру үшін жетекші идея; іс-әрекеттің алуан түрлерінің жетекші ой желісі, сындарлы қағидасы»; «көзқарастар жүйесі, құбылыстарды, процестерді солай немесе басқаша түсіну» және т. б. түсініледі.
Бұл ұғымды біз зерттелетін процестер мен құбылыстарға белгілі бір көзқарас, қарастырылатын мәселені шешуге белгілі бір амал ретінде түсіндіреміз.
Парадигма - бұл ғылыми міндеттерді шешу үлгісі ретінде қабылданған және ғылыми қоғамдастың барлық мүшелері бөлісетін теориялық, әдіснамалық және аксиомалық тағайындаулар жүйесі. «Парадигма» сөзі гректің paradeigma - өнеге, үлгі сөзінен шығады. Үлкен энциклопедиялық сөздіктің анықтамасы бойынша, бұл алғашқы тұжырымдық схема, мәселелердің қойылыс моделі мен олардың шешімі, ғылыми қоғамдастықтағы белгілі бір тарихи кезең ағымындағы үстем болатын зерттеу әдістері.
Философиялық әдебиетте парадигма « . . . ғылыми қоғамдастыққа белгілі бір уақыт ағымында қойылған мәселелердің моделін және олардың шешімдерін беретін, көпшілік ғалымдар мойындаған ғылыми жетістіктер ретінде; ғылыми қоғамдастықтың кәсіптік қатынастарының салыстырмалы толықтығын және кәсіптік пікірлердің салыстырмалы пайымдауларын қамтамасыз ете отырып, біртұтас бүтінді құрайтын және біртұтас бүтін ретінде қызмет ететін тегі әр түрлі ретке келтірілген құрамдас бөліктердің «пәндік матрицасы» ретінде анықталады.
Ғылымда парадигма тұжырымдамалық (құндылық бағдарланған), теориялық-әліснамалық және технологиялық міндетті орындайды. Бұл негізді қалайтын ғылыми теорияларды кіріктіретін, әлемнің құрылысын, ол туралы жаңа білімдер мен ғылыми қоғамдастықтың басым құндылық бағдарын іздестіру тәсілдерін түсіндіретін сондай әдіснамалық құрылым (Е. В. Бондаревская) .
Ал білімдік парадигма - бұл мектептегі жай ғана меншікті оқыту әдісі ғана емес, ол адамның өмірлік іс-ірекетінің сол немесе басқа кезеңінде үстемдік ететін және кейбір базалық қағидаларға негізделген шындық пен ойлаудың типі (С. А. Смирнов) . Білім беру парадигмасы, оқыту парадигмасы - бұл білім берудің барлық жүйесі ретінде де, жеке алынған сабақтың режиссурасы ретінде де бағыттылықты анықтайтын сол философия, сол әдіснама.
Білім берудің парадигмасын іздестіру қоғамның өз дамуының жоғарырақ сатысына өтудегі білім беру жүйесінің реакциясы ретінде қарастырылады. Оны алмастырудың үлкен мәні бар, өйткені білім беруді одан әрі дамытуға жол ашады. Сондықтан қоғамның жаңа шақыруына жауап беретін жаңа парадигманы іздестіруге ұмтылу педагогика ғылымында жеткілікті тұрақты түрде қөрініс табады. Өткен ғасырда осындай рекция болды, мәселен, шетелде бірлестік-рефлекторлық, бихевиористік және іс-әрекеттік ілім теориясы, «мектептер-фабрикалар» мен «мектептер-отбасылар», кеңестік педагогикада - тұлғалық бағдарланған көзқарастағы ынтымақтастықтар педагогикасын дайындау (Ш. А. Амонашвили және т. б. ) .
Қазіргі заманғы ғалымдар да білім берудің жаңа парадигмасын іздестіруде. Әлдеқашан бірнеше ондаған жыл бойы зерттеушілер өркениетті дамудың постиндустриалдық векторына білімдік жүйелердің даму деңгейінің парапар еместігін атап келеді (К. К. Колин) . Үнді ғалымы К. Синкхтің сөзі бойынша білім берудің ұлттық жүйесі ондаған жылдарға ескірді, олардың негізінде ядролық пен ауқымды ойлау, өмір сүруі өткен ортодоксальдық көзқарас пен ескірген бағдар жатыр, және олардың адамзаттың әл-ауқаты мен өмір сүруі үшін қазір керек болатын жаңа парадигманы ұсына алатын жайы жоқ. Өткен ғасырдың аяғында ЮНЕСКО ұсынған ХХІ ғасыр үшін білім беру бойынша Халықаралық комиссияның баяндамасында білім беру жүйесі, ең алдымен мектеп жүйесі «бір орнында қалғанын, және тұтастай өткеннің астында көміліп қалғанын; сонымен мектеп оқушылары мен студенттердің зерігуін тудыра отырып, ескірген білімдерді беру үшін ескірген әдістер қолданылатынын, тіпті оқуға жиіркеніш тудыратынын атап өтті».
Парадигманың тұжырымдық, құндылық-бағдарлық міндетінің көзқарасы тұрғысынан ғылымда тұтастай осы уақытта және жақын болашақта қалыптасқан білім жүйесінің көмегімен осы қоғам, ел, мемлекет қол жеткізуғе тырысатын, саналы түрде межеленген нәтиже ретінде қарастырылатын білімдік мақсаттарды қайта қарастыруы қажет. Егерде білім берудің ескі парадигмасының мәні «Білім беру - бүкіл ғұмырға» ұранында айтылса, ал жаңа парадигма - бұл өз тегінде жетекші қағидалары ЮНЕСКОда жарияланған қағидалар болып саналатын, болашақ үшін білім беру стратегиясы: әлемдегі ең озық идеялар мен білімдерді қабылдауға және жүзеге асыруға қабілетті ғаламшарлық ойлауы бар әлемнің азаматтарын тәрбиелеуді қамтамасыз ететін «Білім беру бүкіл ғұмыр бойы» - «Life Long Learning (LLL) » және «Білім беру барлығы үшін» стратегиясы.
Қазіргі заманның мұқтаждығына жауап беретін білім берудің мақсаттары ЮНЕСКОда «Білім беру барлығы үшін» қозғалысының «Төрт бағаны» ретінде сипатталған, атап айтқанда: өмір сүруді үйрену; тани білуді үйрену; істей білуді үйрену; қатар өмір сүруді үйрену.
Білім беру парадигмасының технологиялық міндеті «оқыту парадигмасы» сияқты ұғыммен қабысқан. Әрине, оқыту парадигмасын таңдау сондай-ақ қоғамның әлеуметтік тапсырысына байланысты болады, ол өзгеретін педагогикалық мақсатты ұйғарымға жауап беруі, тұлғаның дамуына қоғамдық сұраныстың сипатындағы шынайы өзгерістерді ескеруі және белгілі бір әдіснамалық амалдарға негізделуі тиіс. Былайша айтқанша, парадигма, барлық мектеп үшін маңызды, жай бір ғана сұраққа жауап беру үшін қажет: оқушыларды оқыту керек пе, немесе ол оқып үйренуі керек пе?
Ғылым мен мектептік білім берудің дамуының көптеген ғасыры ішінде индустриальдық қоғам педагогикасында қазіргі дәстүрлі деп аталатын оқыту парадигмасы қалыптасты (Е. А. Сорокоумова, В. Д. Шадриков және б. ) .
Бұл парадигма білімнің құндылығына бағдарланған. Оның әдіснамасы өзара байланыс жүйесінің қатарласуына әкелетін ғылыми жаңашылдық логикасына сәйкес келеді: мұғалім - жетекші, оқушы - жетекке еретін, оқу процесі - педагогикалық түрде оқушыға объектілік рөл берілетін, білместіктен білуге қарай оның басқарылатын қозғалысы. Осы кезде баланың өзінің тұлғалық мүмкіндіктері, тілектері, мұқтаждықтары, ережедегідей ескерілмейді. Мұндай жүйе білімдерді тарату қағидасын іске асырады: дәстүрлі жағдайда оқыту процесі адамзат тарихындағы ғылыми, мәдени, техникалық, тарихи, әлеуметтік білімдердің, тәжірибелердің және т. б. барлық жинақталғанынан балаға барынша мүмкін мөлшерін беруді қарастырады. Мұғалім негізгі білім беру мазмұнының жалғыз ғана көзі бола отырып, осы білімдерді (оқулықта не баяндалса, соны қайталай және одан сырт ауытқымастан) қалайда таратады, ал оқушы, бірінші кезекте, тұлғаның репродуктивтік қабілетін дамытуға әкелетін ол мазмұнды жаңғыртады. Осыдан және педагог оқушыларды білімге «тартатын», ал оқушы білімдер, біліктер, машықтар жинақталатын өзіндік «жинақ» рөлінде қарастырылатын білімдік процестің сол бағдары қалыптасады.
В. Д. Шадриков атап өткендей, мұндай көзқараста мектеп оқушысы болмай қоймайтын енжар тыңдаушының, бақылаушының рөлін атқарады, мінез-құлыққа білімнің рөлі мен әлеуметтік талаптарды абсолюттейді және гиперболиттейді. Осындай парадигмаға жауап беретін мұғалімнің іс-әрекеті тәрбиелеуге, талап қоюшылыққа, білім беруге, бұйрық беруге, мәжбүр етуге, күнделікті тапсырмалар беруге және оларды бақылауға бағдарланған, ал оқушы білімдердің алдында екінші қатарға шегінеді [104] .
2003 жылы Әлемдік банк сарапшыларының Еуропада және Орталық Азияда жүргізген «Өтпелі экономикасы бар елдердегі білім беру, дамыту міндеттері» салыстырмалы зерттеулерінің нәтижесі бойынша білімдік жүйенің көп жағдайда бұрынғыша нақты ақпаратты еске сақтауға және тәсілдердің белгілі бір қатарын жаттап алуға бағдарланғанын көрсетті. Бұрынғы кеңестер республикасының студенттері «білім» мен «түсіну» критерийлері бойынша өте жоғары нәтижелерді (9-10 балл), ал «білімдерді практикада қолдану», «талдау», «жинақтау», «бағалау» бойынша өте төмен баллдарды (1-2 балл) көрсетті. Ал дамыған батыс елдерінің студенттері керісінше талдау, жинақтау машықтары бойынша дамудың жоғары дәрежесін, «білім» көрсеткішінің салыстырмалы түрде жоғары емес деңгейі кезінде де шешім қабылдау біліктері бойынша жоғары деңгейді демонстрациялады .
Ал біздің мектеп оқушыларымен және студенттерімен жұмыс істеудің шынайы тәжірибесі, олар ақпаратпен жұмыс істеу кезінде қиындықтарды бастан кешіретінін көрсетті. Бұл мектеп оқушылары схема бойынша жұмыс істеуге әдеттенгендіктен болады: келесі сабаққа нақты параграфты оқып келу және механикалық түрде қайталап айтып беру немесе есепті шығару, әлбетте шешім бір мәнді болуы тиіс болды. Ал өзіне керекті материалды қалай табу, қажетті ақпаратты қалай таңдап алу мен құрылымдау, осының негізінде қандайда бір өзінің креативтік өнімің қалай дайындау керектігін біздің мектеп оқушылары білмейді және осыны істей алмайды.
Жаңа парадигманың қажеттілігіне байланысты факторлар қоғамның жаңа өркениетті кезеңіне өтуге байланысты білім берудің мақсаттарындағы, міндеттеріндегі, мазмұндарындағы және сипаттарындағы өзгерістер болып саналады. Қоғамдық құрылыстың жаңа типі - қоғамдық өмірдің барлық саласына ақпараттық қатынастық технологияларды кешенді ендірумен байланысты ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен сипатталатын ақпараттық қоғам қалыптасады [2, 9, 42, 43, 57, 80 т. б. ] .
Ақпарат пен қатынасты ұсынудың цифрлық технологиясы әрбір адамның өміріне дәлме дәл жөргектен, тіпті одан да ерте, екпіндете кіреді, бір жағынан қазіргі заманғы баланың тұлғалығының дамуына және оның қоршаған әлемді түйсінуіне белгілі бір із қалдырады, екінші жағынан мектептік білім жүйесіне белгілі бір талапты қалыптастырады. Өткен 5-10 жылда мектепке келген балалар елеулі түрде өзгерді. Ата-аналар мен педагогтарға қарағанда елеулі жақсы бағдар жасай білетін цифрлық ойындар, плеерлер, смартфондар, ықшам компьютерлер бүгінгі таңда балалар өмірінің маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан мектепке келе салып, балалар « . . . өздерінің алдында тақта мен бордан басқа ештеңе көре алмастан, көңілі қалатын болады. Ал мұғалімнен бүгінгі таңда баланы еліктіру, оның «білім алауын» жағу, оған таным қуанышын ашу үшін бұрынғыға қарағанда елеулі үлкен күш талап етіледі» [Е. А. Набиев] .
Ғалымдар қазіргі қоғамды сондай-ақ білімге негізделген қоғам («knowledgebased society) деп атайды, сондықтан қоғамдық ілгерілеу адамзаттық білімдерді алу мен пайдалану мақсатымен ақпаратты табу, өндіру, өңдеу, түрлендіру, тарату және пайдалану мүмкіндіктеріне негізделген. Қатынас пен ақпарат мәселесі бойынша Юнеско директорының орынбасары А. В. Хан «білімдер қоғамы» мен «ақпараттық қоғам» ұғымдары өзара бірін бірі толықтырушы болып саналатынын айрықша атап көрсетеді. Оның пікірі бойынша, ақпараттық қоғам білімдер қоғамының қызметтік блогы болып саналады: Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасы «технологиялық инновациялар» идеясымен байланысты болады, ол кезде білімдер қоғамы ұғым ретінде түрленулердің әлеуметтік, мәдени, экономикалық, саяси және экономикалық құқықтық жай-жапсарларын, сондай-ақ дамумен байланысты болашаққа пікір еркінділігі көзқарасын қамтиды. «Менің көзқарасым тұрғысынан, «білімдер қоғамы» тұжырымдамасы болып жатқан өзгерістердің күрделігі мен динамикасын жақсы бейнелейтіндіктен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасынан беделділеу» дейді.
Білім алатын қоғамда құндылық білімдерді игеру процесінің өзі болып табылады (А. А. Кочетова) ал әрбір адамның аман-саулығы АҚТ негізінде ақпаратқа қатынас құруымен және онымен жұмыс істеу біліктілігімен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz