Иран мен Ирактың соғысқа әскери дайындықтары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы :Кіріспе:

М А З М Ұ Н Ы :

Кіріспе

:
М А З М Ұ Н Ы :Кіріспе: 1 Иран - Ирак соғысы қарсаңындағы саяси ахуал
:
М А З М Ұ Н Ы :Кіріспе:
  1. 1969-1979 жылдарындағы Иран - Ирак қатынастары . . .
  2. Иран мен Ирактың соғысқа әскери дайындықтары . . .

1. 3 Иран мен Иракқа басты қару-жарақты тасымалдаушылар . . .

:

7

10

12

М А З М Ұ Н Ы :Кіріспе: 2 Иран - Ирак соғыстың басталуы және соғыс қимылдары
:
М А З М Ұ Н Ы :Кіріспе: 2. 1 1980 жылдағы соғыстың алғышарттары . . .
: 13
М А З М Ұ Н Ы :Кіріспе: 2. 2 Соғыстың Иранның қолына өтуі . . .
: 14
М А З М Ұ Н Ы :Кіріспе:

2. 3 Иранның Иракка басып кіруі . . .

2. 4 1984-1986 жылдардағы соғыс барысы . . .

2. 5 Иран - Ирак соғыстың соңғы жылдары және аяқталуы . . .

:

16

17

19

М А З М Ұ Н Ы :Кіріспе:

3 Иран - Ирак соғыстың аяқталуы және халықаралық қатынастарға тигізген әсері

3. 1 Иран-Ирак соғысының нәтижесі . . .

3 . 2 Иран-Ирак соғысы және Парсы шығанағындағы импералистік елдердің саясаты . . .

:

20

21

М А З М Ұ Н Ы :Кіріспе: Қорытынды . . .
: 24
М А З М Ұ Н Ы :Кіріспе:

Әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

:

26

28

К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі. Иран мен Ирак арасындағы соғыс ұзақтығына қарамастан, тарихта болған ерекше соғыстардың бірі. Соғыс территориялық шиеленістен басталды. Территориялық мәселенің ар жағында елдің табысы, яғни сол жерлерде орналасқан табиғи ресурстарға таластан туындаған болатын. Территориялық мәселенің туындауы идеологиялық ұстаныммен тығыз байланысты екенін ескеру керек. Бұл соғыс тек қана шиіттік Иран мен Ирак арасында ғана болған соғыс емес, сонымен қатар мұнайлы империялардың артында, яғни империялық саясат ұстанған елдердің соғысы деп нық айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл тақырыптың өзектілігі соғыстың яғни құр бос территорияларға ғана емес, сонымен бірге идеологиялық, діни, экономикалық мәселелердің шырмалып жатқандығында.

Ирак жасаған «блицкриг» ауыр және созылмалы соғысқа айналды. Бұл соғыс туралы 1987 жылдың 20 ақпанында Ресейдің сыртқы істер министрінің көмекшісі А. А. Громыко Кремльде болған кезіндегі айтқан сөздері дәл сипаттайды. Ол: «Иран мен Ирак соғысы - бұл қажет емес әрі мағынасыз қақтығыстар. Ақылға қонар ендігі әрекет - өткенді еске ала бермей, болашақтың жағдайын ойластыруымыз керек. Соғыстың әрі қарай жалғасуы тек қана импералистік күштердің ұтуына әкеледі. Олар Иранға да, Иракқа да жат мақсаттарды көздейді» [1, 130 б. ], - деп айтты.

Зерттеу объектісі. Иран мен Ирак конфронтациясы болып табылады. Оның мәнісінде саяси, діни, этиникалық, территориялық, экономикалық мінездердегі себептер жатыр. Иран мен Ирак бір-бірінен саяси-идеологиялық басқару тәртіптерімен айрықшаланады [2, 57 б. ] . Иран басшыларының «Ислам революциясын» Иракқа бағыттау бұрынғы болған барлық келіспеушіліктерді қайта «оянуына» әкелді. Оларға Шатт-эль-Араб өзенінің бойындағы территориялық қақтығыстар, күрдтер мәселесі, Ирактағы шиіттердің құқықтары, Хузестандағы арабтардың мәселесі, Парсы шығанағындағы аралдар маңындағы сулар мен континентті шельфтер мәселесі, жаңадан ашылған мұнай орындарының мәселесі, шекарадағы мал жайылым жерлері, Ирактағы шиіттік қасиетті орындардың орналасуы т. б. мәселелердің жиналып, соғыстың басталуына түрткі болған әрекеттер деп айтуға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Иран мен Ирак арасындағы болған созылмалы әрі жанкешті соғыстың алғышарттарын, басталу себептерін, мақсаттарын, кезеңдерін және нәтижесін қарастыру болып табылады. Жоғарыдағы айтылған деректерден «Иран-Ирак соғысы» тақырыбының мазмұндық маңыздылығы көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпты таңдап алып, алға қойған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер айқындалады:

  • Соғыс қарсаңындағы саяси ахуалға сипаттама беру;
  • Иран-Ирак соғысының басталуындағы алғы шарттарын зерделеу;
  • Соғыс жылдарындағы қарулы қақтығыстар барысын ашып көрсету;
  • Соғыстың негізгі құралы болған қару-жарақ тасымалдаушы елдерді туралы мәліметтерді анық көрсету;
  • Соғысты жүргізу тактикасы және олардың ерекшеліктеріне тоқталу;
  • Соғыстың нәтижесі мен зардаптарын барынша нақты жазу;
  • Соғысты тиімді санаған мемлекетттердің, яғни импералистік елдердің ұстанған бағыттарына толықтай тоқталуып кету;
  • Соңында барлық мағлұматтарды ескере отыра қорытындылау;

Аталған тақырып бойынша курстық жұмысты жазу барысында бірқатар деректік құжаттардың жинақтары және түрлі кезеңдерде жарияланған ғылыми зерттеулер пайдаланылды. Шығыстанушы ғалымдарының мерзімді басылымдары, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралдары, отандық және шетелдік еңбектермен танысып, тақырыпқа қатысты біршама құжаттар легінен жетерліктей көп аналитикалық мағлұматтар алынды. Атап айтатын болсақ, соғыстың барынша өрбуіне себеп болған Алжир келісіміне [3] (қосымшаны қараңыз) қол қою арқылы достық қарым-қатынасқа жетсе, аталмыш келісімді бұзу арқылы соғыстың басталуына әкелді. Алжир келісімінің тақырыбымызға тікелей мыңыздылығы осыдан байқалады. Келесі маңызды құжат БҰҰ-ның 1987 жылы соғысқа байланысты қабылдаған резолюциясы [4] (қосымша № 2 көрсетілген) болып табылады. Аталмыш құжатта соғысты аяқтау және бейбіт қатынастар орнату жайында айтылған. Соғысты тоқтату үшін БҰҰ-ның атқарған ролі қаншалықты маңызды болса, оның қабылдаған құжаты соншалықты маңызды болды.

Тарихнамалық тұрғыдан талдай кететін болсақ, осы тақырыпта кеңінен ашып зерттелген әдебиеттер қатарына шығыстанушы Ш. А. Ниязматовтың орыс тілінде жазылған „Ирано-Иракский конфликт“ [1] атты тарихи очеркінде соғыстың басталуына түрткі болған себептер жайлы жақсы талданған. Екі мұнайлы державаның соғысын тек бір позициядан ғана емес, әр түрлі жағынан қыр-сыры ашып жазылған. Аталмыш еңбектің ерекшелігі тілінің көркемділігінің арқасында қарапайым оқырманға түсініктілігі. Курстық жұмыста айрықша қолданылған әдебиеттер қатарына интернет ресурстарынан алынған электронды энциклопедия „История войн. Три войны Саддама Хусейна“ (II часть: Война с Ираном) [5] . Электронды оқулықтың мағлұматтары соңғы кезде зерттеген тәуелсіз эксперттердің баяндамаларынан алынған. Дәлірек айтсақ, соғыс туралы нақты сандар мен деректер көрсетілген. Сонымен бірге, И. Кленов, В. Орловтың «Ирано-Иракская война» [2], Н. М. Мамедов, М. Санаидың «Иран: ислам и власть» [6], Г. Б. Поляк, А. Н. Маркованың «Всемирная история: Учебник для студентов» [7], М. Р. Годстың «Иран в ХХ веке: политическая история» [8] еңбектеріндегі мағлұматтар мазмұндас деп айтуға болады. Соғыстың басталу алғышарттарына айтарлықтай мағлұматтар осы еңбектерге негізделді. Л. И. Медведконың «Ветры перемен в Персидском заливе» [9], М. С. Ивановтың «Зона Персидского залива» [10] еңбектерінде Парсы шығанағындағы биліктің ауысуы, мұнайлы елдердің қарым-қатынастары барынша айқын жазылған. Сонымен қатар, А. П. Криворучко, В. Т. Рощупкиннің «Война с Ираном: жребий брошен / Багдадский вождь: взлёт и падение» [11] еңбегінде соғыстағы С. Хусейннің ролі мен атқарған іс-әрекеттеріне негізделген еңбек. А. З. Егорин «Война за мир на Ближнем Востоке» [12] мен В. Примаков «Анатомия Ближневосточного конфликта» [13] кітаптарында соғысқа деген көзқарастардың бірнеше аспектілері орын алған. Соғыстың негізгі құралы қару-жарақ болғандықтан, дәл деректер интернет ресурстарынан «Энциклопедия военного искусства» [14], қару сату туралы деректер базасы «SIPRI» [15] сайттарынан алынды. Соғыстың созылмалы болуына байланысты, әр елде әр түрлі еңбектер жазылып, әр түрлі деректер келтіріледі. Сондықтан да соғыстың қалай өрбігеніне анық көз жеткізу үшін сол кезде шығарылған газет беттерінен, тәуелсіз эксперттердің еңбектерімен жұмыс істелді. Толығырақ тоқталып кетсек, Ресейлік тәуелсіз эксперт Г. Фалуниннің «Ирак-Иран: последняя "классическая" война ХХ века» [16] атты мақаласынан шындыққа жанасатын ақпараттар алынды. Сонымен қатар, ақпараттық орталықтардан «Ближневосточные конфликты» [17] мақаласынан 1983 жылғы әскери жорықтарды, «Красная звезда» [18] газетінің сайтынан 1985 жылғы соғыс әрекеттерін, 1988 жылғы соғыс барысы «Зарубежное военное обозрение» [19], «Известия» [20] газеттерінің сайттарынан барынша анық түрде жазылған ақпараттар қолданылды. Сонымен бірге, көптеген мағлұматтар түпнұсқаларында алынды. Ағылшын тілінен аударылған мақалалар қатарына: «The New-York times» [21], журналынан алынған «Iran-Irag: false or true» мақаласы және де соғыс шығындары жариялаған американдық зерттеуші К. Mофидтің «The economic Conseguences of the Iran-Irag war» [22] деген еңбегінің түпнұсқасынан алынды. Соғыстың аяқталуы мен бейбітшілікке жетуі туралы айқын жазылған әдебиеттер қатарына А. Васильевтің «Персидский залив в эпицентре бури» [23], В. Иваненконың «Ирано-Иракская война: кто выигрыше» [24] жатады. Парсы шығанағында импералистік саясатты ұстанған елдер туралы айрықша жарияланған әдебиетке А. Е. Примаковтың «Персидский залив: нефть и монополии» [25] еңбегін атауға болады. Интернеттен электронды ашық энциклопедиядан алынған [26] ақпараттардың маңызы да зор болды.

Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде соғыс қарсаңындағы саяси ахуал сипатталады. Аталмыш бөлімде соғыс алдындағы он жыл мерзіміндегі елдердің дамуы, ішкі саясаты, сонымен қатар соғысқа дейінгі екі елдің қарым-қатынасына, соғыс алдындағы дайындық, қару тасымалдаушы елдер туралы айтылады. Екінші бөлім соғыстың басталуы туралы баяндалған. Аталған бөлімде соғыстың алғышарттары, басталуы, соғыс бағытының өзгеріп отыруы, тактикалық жағынан жүргізілуі сипатталады. Үшінші бөлімде соғыстың соңғы жылдары мен аяқталуына назар салады. Соғыстың екі ел үшін әкелген зардаптарын нәтижелеумен аяқталады. Соңғы, қорытынды бөлімде, жалпы тақырып туралы ой-тұжырымдалған. Қолданылған әдебиеттер тізімі берілген. Сонымен қатар, қосымша мәліметтерде соғыс барысында жасасқан құжаттар енгізілген. Территориялық мәселелерді анық көру үшін бірнеше карталар бар.

Аталмыш жұмыстың хронологиялық шеңбері 1980 -1988 жылдарды қамтиды.

  1. Иран - Ирак соғысы қарсаңындағы саяси ахуал1969-1979 жылдары иран-ирак арасындағы қарама-қайшылықтар мен оны шешу жолдары

Иран ең ежелгі мемлекеттердің бірі. 1935 жылға дейін Парсы империясының құрамында болды. ХIХ ғасырдың екінші жартысында ағылшындар мен орыстардың экспансиясына ұшырап, жартылай отар елге айналды. Мемлекет байлықтарын толық бақылауға алу және стратегиялық маңызды жерлерді қолдану үшін ағылшын үкіметі 1921 жылы мемлекеттік төңкеріс жасады. Елде әскери министр Реза Пехлевидің диктатурасы бекітілді. 1925 жылы Р. Пехлеви Иран шахы болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Иран АҚШ пен Батыс Европа елдерінің ізімен жүруге тырысады [5] .

60 жылдары үкіметке қарсы топтар социалды-экономикалық реформалар жүргізуге мәжбүр болды. Осы жоспар бойынша Иран тез арада Батыстық үлгімен алдыңғы қатарлы елдерге қосылуы тиіс еді. 1967 жылы Коломбо жоспарына кірді. 1972 жылы Иран Ислам Республикасы болып жарияланды.

Осы жылдар аралығында Иранда саяси жүйенің ауысу кезеңі болды. 1978-1979 жылдары Иранда шах билігіне қоғамның барлық топтары қарсы шықты. Ислам құндылықтарын орнына қайтару мақсатында шиіттік ағымның мүшелері белсенді түрде көтерілді. 1979 жылы ақпан айында шах билігін құлатқан антимонархиялық революция болды. Революция тарихта «Ислам революциясы» деген атпен қалды. Оқиғаның нәтижесінде билік Революциялық кеңестің басшысы аятолла Рухолла Хомейниге өтті [6, 154 б. ] .

Көптеген ғасырлар бойы Ирак жері әр түрлі империялардың, атап айтсақ Парсы немесе Оттоман және Араб халифаты сияқты елдердің құрамында болды. Сонымен қатар, Ирак территориясы ағылшындардың бақылауында болғанын білеміз. Осы елдердің арасындағы Ирак үшін ғасырлар бойғы талас оның көршілес Иран елімен арақатынастарының құлдырауына әкелді. Көбінесе жанжал Шатт-эль-Араб өзенінің бойымен өтетін шекара мәселесі болды.

Тигр мен Ефрат өзендерінің ағысының қосылуынан пайда болған Шатт-эль-Араб өзені шамамен 250 км. Парсы шығанағына құярға дейінгі 82 км шекаралық болып табылады. 1908 жылы иран провинциясы Хузестан жерінде мұнай жерлерінің ашылуы, шекараның толыққанды бекітулуін талап етті. 1913 жылы Константинопольде Иран мен Батыс елдерінің арасында келісім жасалды. Келісімге сәйкес Шатт-эль-Араб өзеніндегі шекара Иран жағалауы арқылы өтетіндей етіп бекітілді. 1919 жылы Ирак елі құрылып, Иран елімен 1500 км шекараласты. 1932 жылы Ирак тәуелсіздік алғаннан кейін иран-ирак келіссөздері жүргізіле бастады [1, 177 б. ] .

Ирактың саяси ішкі жағдайы тұрақты емес еді. 1958 жылы әскерилер корольді тақтан құлатты, ал 1963 жылы билікке баас-истер, яғни социалды идеяны ұстанған ұлтшыл арабтар келді. Олар Иран шахымен дипломатиялық қарым - қатынаста болмады. Бірінші рет Араб Социалистік Қайта Құру Партиясы (БААС - арабша) 9 ай ғана билікте отырса, кейін 1968 жылдың 17 шілдесіндегі сайлауда реванш алып, билікте жалғыз өзі 35 жыл үстемдік етті.

Тегеран мен Багдад арасындағы қатынас күрделене түсті. Екі жақта территориялық келіспеушіліктер болды. Екі ел шекарасындағы Шатт-эль-Араб өзені екі жаққа да әскери және экономикасына, әсіресе ирак үшін өте маңызды үшін территориялық аймақ болды. Аса маңызды ирак порты Басра өзеннің Парсы шығанағына құяр жерден 90 км жерде орналасқан. Негізгі мұнай құятын Фао порты өзеннің жағалауында орналасқан. Бірнеше мұнай құбырлары өзенге таяу әрі параллель аймақтан өтеді. Ирактың Парсы шығанағындағы теңіз шекарасы 80 км шамасында. Бұл жерде елдің жалғыз порты Умм-Каср орналасқан. Портқа тек қана Кувейттің бақылауынан өтетін жіңішке су жолмен қана келуге болады. Өзеннің иран территориясында үлкен сауда порты әрі оңтүстіктегі теміржол торабы - Хорремшехр орналасқан. Сонымен бірге, бұл аймақта мұнай өңдейтін Абадан және әскери теңіз базасы Хосровабад орталықтары орналасқан. Жүктерді Парсы шығанағы арқылы әкеліп, Хорремшехрдегі темір жол арқылы тасу экономикалық жағынан басқа да оңтүстіктегі порттарды қолдану орнына қарағанда үнемді саналады. Өзеннің шығыс бөлігінің иракқа дипломатиялық жолмен өтуі, бұл ел үшін аса маңызды еді. Бірақ иран үшін қолайсыз болғандықтан, олар келісім шартты кез - келген сәтте қайта қарастыруларына әрі шекараның тальвег сызығы бойымен өтулеріне талап етулеріне болатын-ды [5] .

Сонымен қатар, иран мен ирак арасындағы жанжал кейбір құрлықтық территориялар үшін де туды. Барлығын қосқанда жалпы ауданы 370 км болатын Хорремшехрдің солтүстігінде орналасқан 6 территориялық аудандар: Фука, Мехран (екі ауданнан), Нефтшах, Касре-Ширин. Ұзақ уақыт бойы шекарадағы өзендердің суын қолдануы әрі мал бағатын жерлер жөнінде шешілмеген даулы территорияларға жатқызылады [9, 217 б. ] .

Екі жақ осы мәселелерді «жергілікті» курдтар арқылы шешуге тырысты. Багдадта билік басына баас-тардың келуі екі ел арасындағы қатынасты жақсартпады. Одан да гөрі, жалпы арабтардың бірігу идеясын ұстанғандықтан, иранмен шекаралық Хузистан (араб деректерінде Арабстан) территориясында арабтардың сепаратистік көтерілуін және дамуына ықпал жасады. Бұған қоса шекарадағы Шатт-эль-Араб өзенінің мұнайлы территорияларының мәселелері қосымша салмақ салды [8, 57 б. ] .

Бұл уақытта Ирактың ішкі жағдайында төңкерілістер, күрдтермен соғыс, экономикалық құлдырау үстінде болды. Осыны пайдаланған Иран 1937 жылы қабылданған шекара туралы құжатты 1969 жылдың 19 сәуірінде біржақты жоққа шығарды. Құжат бойынша ирак шекарасы Шатт-эль-Араб өзенінің иран жағалауынан басталатын, енді шекара өзеннің нақ ортасынан өтетін болатындай етілді. Ирак ештеңе істей алмады [7, 95 б. ] .

Бірақ Иранға жауап қайыру керек болғандықтан 1970 жылдың 20 қаңтарында белгісіз тұлғалар төңкеріс жасамақшы болып, жарылыс ұйымдастырған. Ирак бұл әрекетті Иранға жапты. Жауап ретінде ирактың ирандағы елшісі Тегераннан 24 сағат ішінде кетуі талап етілді [5] .

Келесі жылы Иран Ирактың Абу-Мұса, Ормуз шығанағындағы Үлкен және Кіші Томб аралдарын жаулап алды. Иракта «Арабстан арабтардікі болу керек» дегендей ұрандар айтыла бастады [2, 54 б. ] .

1973 жылы болған Израиль дағдарысы - екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатуына әкелді. Бірақ бұл екі елдің бір-біріне істеп отырған әрекеттерін тоқтатпады. Иран бұрынғыдай күрдтердің көтерілісін демдеп отырды. 1974 жылы наурыз айында Иран Ирактың қуғын-сүргініне ұшыраған күрдтер үшін өз шекарасын ашты. Сонымен қатар, Иранда күрдтерді әскери өнерге үйрететін лагерлер ашылды. Ирактардан жауап ретінде 1975-1978 жылдары Иранмен шекарада «араб белдеуі» деп аталатын 25 км созылған ауданға арабтардан шыққан ирактың азаматтары көшірілді [10, 151б. ] .

Екі мұнай өндіретін үлкен державалардың арасындағы жанжалдың өрбуі ОПЕК-ке тиімсіз болды. Алжирде 1975 жылдың 6 наурызында Алжир президенті Х. Бумедьеннің қатысуымен Ирак президенті С. Хусейн мен Иран шахы Р. Пехлеви жаңа территориялық келісім-шарт жасасты. Құжат Шатт-эль-Араб өзенінің маңындағы шекаралық аймақ туралы болатын. 1937 жылғы құжат өз күшін жойды. Тальвег сызығы бойынша шекара өзеннің ортасынан өтетін болды. Жауап ретінде Иран Ирактағы күрдтердің көтерілісін қолдаудан бас тартуы керек болатын. Бұл 1975 жылы 13 маусымда екі ел арасында жасалған Алжир келісімімен бекітілді [3] .

Келісім бойынша Иран кейбір даулы территориялардан өз әскерлерін әкету керек болды. Ирак Иранға 518 км 2 территория беруіне келісті. Екі ел дипломатиялық қатынастарды жалғасытруға келіскен-ді.

Барлық дипломатиялық қатынасты Иранда 1979 жылы болған Ислам революциясы бұзды. Ирандағы шииттік басқармасы Багдадта отырған баасистерді жақтыртпайтын. Аятолла Хомейни кезінде Ирактан шахтың бұйрығы бойынша қуғындалған еді. Билік басында отырған Ирактың солтүстік-батыстан келген сунниттіктерге 1977 жылы елдің оңтүстігінде болған шиіттік көтерілісті жаншуларын естеріне салды. Иран кезінде Ирактағы күрдтерді ғана емес, сонымен бірге Ирактың жартысынан көбі тұратын шииттерді қолдаған болатын. Ирак территориясында Кербел, Энь-Наджафта шиіттердің қасиетті заттарының орналасуы - тағы бір мәселені тудырды [6, 178 б. ] .

Ирак пен Иранда бір-біріне антогонистік биліктің болуы болған жағдайды одан әрі ушықтырды. 1979 жылы Хомейни басқарған иранның үкіметі Ирактан шиіттердің Кербел және Неджефтегі қасиетті заттарын Иранның Кум қаласына берулерін талап етті. Бағдад кері жауап қайтарды. Тіпті С. Хусейн 1979 жылы Неджеф қаласында өзін Мұхаммед (с. а. с) пайғамбардың ұрпағынан тарайтын гениологиялық кестені көрсетті. Бұл әрекет шиіттердің ызасына тиді [2, 79 б. ] .

1975жылы Алжирде жасалған келісімді 1979 жылдың 17 қыркүйегінде біржақты денонсациялады [2, 80 б. ] .

1979 жылы 7 қазанда Хорремшехрде ирак елшілігінің жарылысы болды. Иран ресми түрде Парсы шығанағын Ислам шығанағы деп атады. Иракта жасырын шиіттік ұйымдар құрыла бастады. (Мысалға Ислам Революциясының Жоғарғы Кеңестік Ұйымы) . Ирак Хомейниге қарсы оппозициялық «Халықтың моджахеды» үкіметтін қаржыландырып, қаруландырып отырды [8, 67 б. ] .

  1. Иран мен Ирактың соғысқа әскери дайындықтары

Соғыстың басталар алдындағы он жылдықта Иран мен Ирактың қарулы күштері біршама өзгерістерге ұшырады. Екі жақта қару жарақтарын, әскерлерін соңғы үлгімен қаруландырған. Әсіресе, Иран шахы «Парсы шығанағының жандармымын» деп өз армиясын айтарлықтай қаруландырған. Иракта 1973 жылдың қазанында «Қиямет күнінің соғысы» болған кезде армиясының өте әлсіз екенін көрсеткен еді. Осы оқиғадан кейін Ирак армиясын күшті қару-жарақтармен жарақтандырды.

Келесі кесте екі жақтың қару-жарақтардың милитаризациясы туралы мағлұматтар келтіріледі [14] .

Кесте № 1

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘСКЕРИ ӘРЕКЕТТЕН КЕЙІНГІ ИРАК ЖАҒДАЙЫ
Екі белдеулі әлем жағдайында екі ірі мемлекеттің бір бірінің саяси ахуалына, сыртқы саясатына қызығушылығы - заңды табиғи құбылыс
Араб монархтарының басқа араб мемлекеттерімен қарым-қатынасы. АҚШ-тың араб әлеміне ықпалының даму тенденциясы
Ирактағы ішкі саяси жағдай
АҚШ - тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары
Екінші дүние жүзілік соғыста Ирактың ролі
Америка Ирак дағдарысы
Күрдістан және күрдтер мәселесі (хіх ғ. 90 ж.– 1917)
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz