Топтық оқыту технологиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

І. Инновациялық - талаптар . . . 4

1. 1Білім берудегі инновациялық үрдістердің мәні мен мағынасы. . . . 4

  1. Инновацияның басты талаптары және оның түрлері. . . . 9

ІІ Қазіргі кездегі білім беру факторлары және

оның мақсаты мен міндеті . . . . 25

2. 1 Қазіргі кездегі әлемдік тәжірибе бойынша педагогикалық кадрлар

даярлау тенденциясы. . . . 25

2. 2 Жоғары педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеті. . . . 28

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе

Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдар аралығында дамыту туралы мемлкеттік бағдарламада жалпы орта білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей стандартты түлектердің базалық біліктілігі түрде көрініс беретін нәтижеге бағытталған ұлттық білім беру мақсатының жүйесін дайындайды деп атап көрсетілген.

«Нәтижеге бағдарланған білім» ұғымын ғылымға алғаш енгізген Билл Спейди оқытудың нәтижеге бағытталған төрт принципін анықтап береді, «мүмкіндіктердің ұлғаюы», «мақсаттың айқындылығы», «күтілетін нәтижелердің жоғары деңгейлігі», «жоспарды болар нәтижелер негізінде құру».

Қазіргі кезеңде Қазақстандық жоғары оқу орындарының мақсаты да жаңа яғни инновациялық технологияларды меңгерген, оларды өз тәжербиесінде шығармашылықпен қолдана алатын мамандарды даярлау. Бұл мақсатты шешуде жоғары орындарының білім беру мазмұнында міндетті түрде оқытылуы тиіс. «Инновациялық технологиялар» пәннің мәні зор. Инновациялық технологиялар кәсіби және отбасы сферасында бірдей табыс, өзіменде, өзгелермен де үйлесімді өмір сүре алуға икемді тұлға қалыптастыра алатындай болу қажет. (А. Маслоу, К. Роджерс, Д. Смигг, А. Комбс, К. Хорни және т. б. )

Бұл курсты оқып үйрену нәтижесінде студенттер де жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп оларды оқу-тәрбие процесінде қолдану дағдылары қалыптасуы тиіс.

Болашақ тек қана өркениеттілік техникалық прогресстің деңгейіне және экономикасының өсуіне ғана байланысты емес. Ол көбінесе адам игілігі үшін негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселерге шешуге дайындығы бар адаммен анықталады. Сондықтан ХХ ғасырдың екінші жартысында білім беру жүйесін реформалауды қолға алу тегінен-тегін болмай отыр, бұл мәселе әлемнің түрлі елдерінде өте мәнді болып табылады. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша бұл көріністің бірден-бірі себебі әлемдегі өркениетті жоғары бағалау болып табылса, сондай-ақ адам мәдениеттілікке тәрбиелеудің қажеттілігімен ғалымдық ойлаумен, әлеуметтік прогресске жедел араласуға қабілетті, өзін және шынайы қоршаған ортаның өзгерте алатындай үрдіске қоғам саналы түрде келіп отыр. Бұл ауқымды міндетті жүзеге асыруда жетекші фактор білім беру жүйесі, мұнда басты әрекет ететін, кәсіби педагогикалық білігін жоғары деңгейін жетік меңгерген мұғалім болып табылады.

Сонымен, тұтасымен алғанда білім беру жүйесінің негізгі ірге тасы инновациялық білім беру болып табылады. Бұл тұжырымдама жоғары оқу орындарын қайта бағдарлау, өздігінен ойлай алатын, алдына мақсат қоя отырып, оқу үрдісін жоспарлап оны жүзеге асыра алатын, өз іс-әрекетінің нәтижесіне бақылау жасап, бағалай білетін рухани - азаматтық қажеттілік дәрежесін, экологиялық көп мәдениеттілік және денсаулық сақтау қазіргі азамат, жастардың тәрбиесін жүзеге асыру болып табылады.

Егер жалпы және жоғары білім беретін мектептер жас ұрпаққа ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибелерді жеткізу мәселесін тиімді түрде шеше алса, яғни, ақпараттармен жұмыс жасау, жаңа білімдерді игеру, ал, ең басты - күн санап дамып отырған қоршаған әлем жайында қажетті білім деңгейін қамтамассыз етсе, онда үздіксіз білім беру идеясы қазірдің өзінде іске асар еді. Ал, ол үшін әрбір оқытушы мен оқушыға «оқыту» және «оқу» процестерін меңгеруге үш тілді меңгеру қажет - ана тілін, ғылыми тілін және технологиялар тілін.

Жаңа білім беру парадигмасын іске асыруда технологиялық әдіс-тәсілдерінің білім берушілік, тәрбиелеушілік мүмкіндіктері шексіз.

Ұсынылып отырған курстық жұмыс Инновациялық технологиялар-мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі ретінде, ерекшеліктері және қолданып жүрген түрлі жөнінде мағлұмат береді.

Зерттеу объектісі: Инновациялық технология- мұғалімнің кәсіби шеберлігін дайындау жүйесі.

Зерттеу пәні: Кәсіби шеберлікті дамыту барысында тиімді инновациялық технологияларды қолдану әдістемесі.

Зерттеудің мақсаты: Инновация жағдайында жоғары педагогикалық білім беруде жаңа формация педагогын дайындаудың жүйесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудағы негізгі теориялық және тәжірибелік тәсілдерді дайындау.
  • Инновациялық білім беру кеңістігіне іріктіруді ескере отырып, мұғалім кәсібилігін даярлаудың құрлымына, кезеңіне және мазмұнына қойылатын талаптарды өңдеу.
  • Инновациялық оқытуды іске асырудың кезеңдерін анықтау. . Инновациялық талаптар .

1. 1 Білім берудегі инновациялық үрдістердің мәні мен мағынасы .

Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәрбиеге енгізудіің нысанына айналады. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекеленген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжербиесі. Бұл процесс стихиялы дамымымағандықтан ол басқаруды қажет етеді.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы- тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқынды мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама- қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан (жан- жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға- адамның өзін- өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.

Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты мәселе- бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділікткрін дамыту. Жаңа білім беру прадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рольге ие.

ЮНЕСКО- ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген: «Фундаменталды ғылыми - жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемінің қазіргі заманғы ғылыми- жаралыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар етуі, кәсіби қызмет нәтижелерін бағалаудың ғылыми негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс».

Инновация - жаңашылдық, жаңалық өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлде бір жаңалықты енгізу деген сөз. Педагогикалық процессте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқытушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Инновация ұғымы ағылшын тілінен « innovation», аударғанда «жаңалық енгізу дегенді білдіреді»

50- жылдарындың соңына қарай, Германия, АҚШ және басқада елдерде педагогикалық жаңалықтарды зеріттеуге байланысты орталықтар құрыла бастады сондай-ақ білім беруге, жаңалықтар енгізуге арналған ағымдағы басылымдар шыға бастады ( мысалы, «Information et inavation en eolucation» Eolucational innovation in the United States» және т. б)

Инновация, негізінен қандайда бір дәстүрлі мәселелерді жаңа тәсілдер арқылы шешу нәтижелерінде, деректерді терең әрі жан- жақты зеріттеу барысында жаңа сапаларға ие болуы нәтижелерінда туындайды. Қазіргі заманғы инновациялардың көпшілігі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты болғандықтан, өткеннен бастау алады. Яғни, инновациялық үрдіс- белгілі жағдай мен оның сәйкес көрсеткіштері үшін өзекті әрі бейімделген болып табылатын, заманға сай идеяларды тарату, қолдану, менгеру мен қалыптастыруға бағытталған, мативацияланған, мақсатты әрі саналы үрдіс. Ол жаңалық енгізілген жүйенің сапасын жақсартуға бағытталған әрі ол жүйеге қатысушыларға стимул беріп, олардың көзқарасын жаңалыққа қарай өзгертуге бағытталған.

Білім берудегі инновациялық процесстердің мәні педагогиканың маңызы екі проблема олар озық педагогикалық тәжербиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық - психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инновация пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір- біріне оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процесстің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни процесстің нәтижесі теориямен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдануға болуы тиіс.

Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі жаңашылдықтарды теотиялық әрі тәжірибелік жұмыста қолдануда көрінеді. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі инновация бідім беру, жаңалық енгізу мақсатын да білдіреді: жаңа мазмұн өңдеу, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен формаларын, мектепті басқарудың жаңа технологияларын құру, оны дамыту, мектепте экспримент алаңы ретінде дамыту, мектептегі білім беру ісі жаңа бағыт алып, оқыту мен тәрбиелеудің де жаңалау кезіндегі оқиғаларды, жағдайларды т. б. қамтиды.

Осылардың даму негізінде екі топ факторлар бар:

  • объективті факторлар, инновациялық іс- әрекеттердің дамытуына түрткі болатын және оның нәтижелерін қолдануды қамтамасыз ететін жағдай жасау:
  • субъективті факторлар инновациялық үрдістегі субъектпен, оның инновациялық іс-әрекетке дайындық деңгейімен байланысты. Инновациялық үрдістің субъектісіне ғылым- педагогтар, мұғалімдер мен басқа да білім беру саласындағы қызметкерлерді жатқызуға болады.

Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе алады. Өйткені мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдау жасаушы, зерттеуші тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процессті мұғалімнің өз қызметінде әріптестердің тәжербиесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалы және қолдануына қамтамассыз етеді, ал пеадгогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамды және мәдени даму жағдайында педагогокалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бір қатар жағдайлармен айқындалады.

Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік - экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процесстерін ұйымдастырыудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен. Тәрбиеші қызметін инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.

Екіншіден , білім беру мазмұнын ізгілдендірудің күшеюі, пәндерінң көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің ензізілуі жаңа ұждымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде, осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.

Үшіншіден , мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолдануға деген қатынасы сипатының өзеруі. Оқу - тәрбие процессінің мазмұнының қатаң тәртіпке бағындырып қойылған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру орган басшылыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің негізгі инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасауы тиіс.

Төртіншіден , жалпы білім беретін оқу орындарының натқы қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.

Оқыту үрдістерінің жүйесі Педагогикалық дидактика оқу үрдісін іс- әрекет деп түсіндіреді, сондықтан оның теориялық жүйесін шартты түрде былай жіктейді:

  1. Оқтудың мақсатын анықтап, оны талдау.
  2. Мақсатқа жетудің мазмұны мен құралын сұрыптап, атқарылуға тиісті істі жоспарлау.
  3. Мұғалім мен оқушының атқаратын жұмыстарын тиімді ұйымдастырып, білімдендіруге байланысты оқыту ісін жүзеге асыру.
  4. Оқу жұмысының барысын бақылап, қате- кемшілік болса оңан өзгертулер мен толықтыру жасап отыру.
  5. Оқу нәтижесін талдап, бағалау.

Бұл жүйені басшылыққа алғанда мұғалім алдымен шәкіртке атқарылатын іс- әрекет жауапкершілікті талап ететіндігіне иландырып, оның тәжірибеде нақты орындалуына ерекше мән беру керектігін ұғындырады. Ал оқушы іс-әрекет атқару барысында қойылған мақсат, мазмұны, құралы мен әдісін игеріп, нәтижесін бақылап бағалауға саналы түрде үйренеді, соған машықтанды.

Мектеп өміріндегі мұғалімнің ең басты әрекетін оқу үрдісін басқарып, шәкірті еңбектене білуге бағдарлау екені айқын. Алайда, көп жағдайда мұғалім оқушыға білікті таным-түсінікті ұғындырып, оны жан- жақты тәптіштей баяндап, бәрін өзі айтып беруге ұмытылады да шәкірт тек жайбарақат тыңдаушы ретінде қалып қояды да, оларды самарқаулық меңдейді. Ал ондай жолға жібермей оқушының белсенділігін көтеріп, жайбарақаттықтан айқыру үшін қазіргі дидактиканың ұсынатын жолдары бар. Сол жолдарды тиімді пайдаланып, шәкірттік жайбарақат тыңдаушы етіп қалдырмай іс- әрекетке белсенді түрде араластырып, оқылуға тиісті мәселені талдап, талқылауға ынталандырып, оған бағдар беріп, мүмкіндік жасау мұғалімнің парызы деген ұстаным басшылыққа алынады. Мәселен тиісті оқу материалын мұғалімнің түсіндіріп айтып беруімен шектелуге емес, қайта оқушыны ойландырып, әрекеттендіріп, іздену барысында туатын кедергілер мен тосқауларды жеңуі оларды еңбектене білуге дағдыландырады. Қиындықты жеңу барысында қалыптасқан түсінік негізінде білім тианақты да сенімді болумен қатар оқушының саналы түрде ойлана білуінің арнасын кеңейтеді. Осы тұрғыдан келгенде мұалімнің ұйымдастыруш, бағдарлаушы, жол нұсқаусылық қызметі оқушының іздене білуіне басшылық жасау табысты, білім нәтижелі болатындығы ғылыми жағынан да, практикалық тәжірибеде де дәлелденгені ақиқат.

Оқу үрдісі дидактикалық тұрғыдан қарағанда білімдік мазмұнды меңгерудегі тұлғаның психологиялық ішкі қарым- қатынасы. Сондықтан танымдық үрдіс оқушының тиісті мазмұнды қабылдау, ұғыну, ойлану, тұжырымдай білу, көңіліне бекітуі, жүзеге асырып қолдана алуына болуы тиіс. Жинақтай келгенде бұл әрекеттердің бәрі оқыту үрдісіндегі психологиялық іс- әрекет екендігін үнемі ескеріп сабақты жоспарлауда оның ішкі мән- мазмұнына зейін қоя білу табысқа жетудің тиімді де өміршең жолы болып табылады.

  1. Инновацияның басты талаптары және оның түрлері.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылағы- тез өсіп бара жатқан жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктер арасында, инновацияның басты талаптары. Бұл қарама- қайшылық педагогикалық білім берудің асолютті идеалына (жан- жақты дамыған тұлға ) бас тартып, жаңа идеалға- адамнық өзін- өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етеді.

Сонымен, инновациялық оқытудағы басты талаптары- бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру прарадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етедуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие.

ЮНЕСКО-ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген. « . . . Фундаменталды ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар ету, кәсибі қызмет нәтижелерін бағалаудың ғылыми незгізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшкліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасына көмектесуіне тиіс».

Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе, студенттің басты мақсаты - көптеген пәндерден, олардағы ұшаң-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәнді көзқарас жаратылыстану, гуманитарлық, және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады.

Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмелогиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология ( « акме» - грек сөзі «шың, », «төбе», «бір нәрсенің ең биік басқышы» - дегенді білдіреді. ) - зерттеу объектісі өмірдің әртүрлі өзін-өзі көрсету сфераларында өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы.

Міндет - барлық оқушыларға өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өздігінен оқу мен өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру, себебі, бұл, «акме» деңгейіне жетудің негізгі факторлары. Алайда, бұл акмеологиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері (мотивациясы) болуы мүмкін. Оқытушының міндеті - студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін қалыптастыруға көмектесу. Инновациялық білім беру технологияларының да басты талабы осында.

Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамының - жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мақсаты негіздерін, мәндік және акмелогиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.

Жаңалықтар жекелеген сұрақтарды шешуде, сол сияқты білім беру мекемелеріндей жұмыстарда қолданылуы мүмкін. Мекемелер дамуының қалыптастырушы және инновациялық типтеріне бөледі. Ондағы басқарушылық шешімдер әлеуметтік-педагогикалық өзгерістердің мүмкіндіктерін ескеру негізінде қабылданады. Білім беру мекемелердің бірі құрастыру режимінде жұмыс істесе, басқалары даму режимінде жұмыс жасайды. Соңғысы инновациялық білім беру мекемелеріне қатысты, себебі, олардың педагогикалық жүйелері қоғам мен тұлғаның барлық сұраныстарын қанағаттандыру жақын тұрады. Даму режимінде көптеген авторлық мектептер жұмыс істейді.

Авторлық мектеп - бұл автордың психолого-педагогикалық идеясына немесе авторлық ұжым іс-әрекетіне негізделген білім беру мекемесі. Авторлық мектептер оны құрушылардың атына байланысты, олардың негізінде жатқан философиялық немесе психолго-педагогикалық тұжырымдарға байланысты ажыратылады. Олар ескі немесе жаңа идеялар ретінде жүзеге асырылу мүмкін.

Қазіргі кезде жекелеген ғалымдар немесе ұжымдар оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі бағыттары бойынша авторлық бағдармаларды құрастырған. Мысалы, «Мәдениет диалогы мектебі» (А. Н. Тубельский) ; Н. Т. Тереховтың салауатты өмір салтын қалыптастырудың психолго-педагогикалық негіздерінің құрастырулары, А. В. Запорожец атындағы «мектепке дейінгі шақ» орталығы, Н. Б. Шумаковтың «Дарынды бала» оқыту бағдарламасы және т. б.

Педагогикалық ізденістердің авторлық мектептердегі эксперимент жұмыстарының мәні, мысалы, білім беру мақсатынан өзгеше жаңа ізденістердің, дәстүрлі мақсаты мен мазмұнын сақтай отырып, білім берудің жаңа мазмұнынан, оқу үрдісі мен тәрбие ұжымен ұйымдастырудың жаңа формасынан, құрылуы мүмкін.

Жұмыс барысында авторлық тұжырымдамалар толықтырылады әрі кейбір кездерде осы тұжырымдаманы жүзеге асырушы педагог ұжымдарының жұмысында өзгерді

Авторлық мектептер Р. Ф-ның білім беру министрлігі мен жан- жақты экспертиза жүргізуден кейінгі халыққа білім беру оргондарының берген эксперемент алаңдарының типтерінің бірі болып табылады

Ресейдегі авторлық мектептер біріңғай қайта құру кезеңдерінде көптеген мектептер пайда бола бастады. Мысалы: «Гимназия», «Академиялық гимназия», «Мектеп гимназия», «Кадет корпусы», «Қуаныш мектебі» және т. б. Бұлардың ішінде инновайия жоқ мектептерде бар. Бірақ көптеген мектептерде инновация бар. Ондайларға қазіргі кездегі гимназиялар мен лицеилерді, сондай-ақ жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын мектептерді

де жатқызамыз.

Гимназия- оқушыларды гуманитарлы профиль пәндер бойынша тереңдате дамытуды қамтамасыз ететін негізгі жалпы және орта жалпы білім беретін бағдарламаларды жүзеге асырады сондай- ақ бастаушы жалпы білім беретін бағдарламаларды да жүзеге асыруы мүмкін.

Лицей оқушыларды техникалық пәндер немесе жаратылыстану- ғылыми профилдер бойынша тереңдете дайындауды қамтамасыз ететін негізгі жалпы және орта жалпы білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.

Жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын орта жалпы білім беретін мектептер оқушылардың бір немесе бірнеше пәндер бойынша тереңдете даярлауын қамтамасыз ететін бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.

Әлемге таралған әрі тәжірибелері көптеген әлуметтік нәтижелерге ие болған білім беру мекемелері Д. Ф. Б. М- ның «Федеральды эспримент алаңы», «ФЭП кандидаты», «Федеральды эспримент алаңының кандидаты» секілді мәдени- білімдендіру инийеативасының статусына ие болады.

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде мемлекеттік емес оқу мекемелері де баршылық Олар мемлекеттік мекемелер жүйесіне кірмейді.

Инновациялық оқыту технологиялары және олардың түрлері мен

ерекшеліктері

  1. Топтық оқыту технологиясы
  2. Іскерлік ойындар технологиясы
  3. Ақпараттық технологиялар
  4. Модульдік оқыту және рейтингбақылау жүйесінің ерекшеліктері
  5. Кредиттік - модульдік технология

7 . Витогенді технология .

8. Проблемалық оқыту технологиясы.

1. Қарақынды күшейте (интесивті ) оқыту технологиясы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Қазіргі педагогикалық технологиялар – объективті қажеттілік
Жалпы орта мектептерде оқушылардың білімін жетілдіру және оларды белсендендіру үшін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану
Инновация ұғымы, инновациялық технологиялардың жіктелуі
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Оқытудың жаңа технологиялары
Дәтүрлі педагогикалық технология
Модульдік оқыту технологиясының болмысы
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz