Инновациялық гранттардың қаражаттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі

1. 1. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары

1. 2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау

1. 3. Кәсіпорында инновациялық қызметтің ұйымдастыру ерекшеліктері

ІІ. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау

2. 1. “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” АҚ - ның ұйымдастырушылық - экономикалық жағдайы

2. 2 «ҚТЖ» ҰК» АҚ инновациялық қызметті талдау және тиімділігін бағалау

ІІІ. Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру

3. 1. Қазақстанның инновациялық нарығының көрсеткіштерін бағалау

3. 2. Кәсіпорында инновацияны тиімді басқаруға жету жолдары

Қорытынды

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына Жолдауында елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады.

Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.

Ел экономикасының қарқынды өсуінің қажетті шарты ғылыми-техникалық, өндірістік, қаржылық және институционалдық саланың өзара байланысты қалыптасуына ықпал ететін инновациялық жолға өту болып табылады. Мұнымен бірге, басты міндет ғылымның дамуын, жаңалықтардың қозғалысы, алдыңғы қатарлы өндірістік технологияларды әзірлеу және енгізуге ынталандыратын ғылыми-инновациялық саясатты қалыптастыру болып табылады.

Экономикалық қатынастың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке негізгі роль берілген, себебі оның соңғы нәтижесі: өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек пен капитал өнімділігінің өсуі, жоғары технологиялық өнімдердің көлемі, яғни елдің экономикалық қуатын анықтайтындар болып табылады. Ғылыми-технологиялық саясат инновациялық үдерістерді белсендендіруге, жаңа жоғары технологиялық салттарды енгізуге, ғылым мен өндіріс арасындағы айырылысты жеңуге, инновациялық қызметті ынталандыруға және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.

Әлем елдерінің барлығының экономикалық сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі ретінде бүкіл әлемде мойындалған ғылыми-техникалық прогресс(ҒТП) батыс және отандық әдебиеттерде инновациялық процес ұғымымен байланыстырылады. Бұл процесс жаңалық табуды білдіреді және ғылыми идеяның туылуынан оның коммерциялық іске асуына дейінгі кезеңдерді, яғни өндіріс, айырбас, тұтыну қатынастарының бүкіл жинағын қамтиды.

Инновациялық процестерді зертеудің маңыздылығы, бір жағынан, қоғам экономикасын көтеру үшін ғылым мен инновациялардың ерекше маңыздылығымен, екінші жағынан, Қазақстан Республикасында инновациялық дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.

Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының теміржол көлігі мен «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ- мы болып табылады.

Зерттеу нысаны - теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті басқару үдерісі.

Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі уақытта Қазақстандағы инновациялық үдерістер және кәсіпорындарда инновацияны басқарудың қандай тәсілдер мен жолдарын қолдану қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын талдау.

Бұл курстық жұмыста инновация, оның түрлері, инновациялық үдерістер, кәсіорындағы инновациялық қызмет, инновацияны басқару тәсілдері мен жолдары, инновациялық қызметтегі контроллинг және «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ инновациялық қызметіне талдау жүргізіледі.

І. Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі

1. 1. Инновацияны басқару теориясы мен тұжырымдамалары

«Инновация» термині өтпелі экономика кезеңінде белсенді пайдаланады. Алдымен тақырып маңызын ашпастан бұрын, инновация терминіне тоқталып өтейік.

Инновация - белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін комерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдерді, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жаңалығымен қатар өндірістік қолданбалығы да жатады. Инновация жоғарыда аталған барлық қасиеттер де бірдей дәрежеде маңызды екендігін айта кеткен жөн. Оның қайсы бірінің болмауы инновацияның үдеріске кері әсер етеді.

Инновациялық қызметті экономикалық басқару шаруашылық және коммерциялық жағдайды алдын ала көре білу, «шығындар-нәтиже» арақатынасын оңтайландыру бағытындағы іс-шараларды жүргізе білу және осы арқылы қойылған мақсаттарға жету болып табылады. Алдымен тақырып маңызын ашпастан бұрын, инновация терминіне тоқталып өтейік.

Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептелінеді. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

  1. Жаңалығы болуы керек
  2. Нарық сұранысын қанағаттандыру керек
  3. Өндірушіге пайда әкелуі керек

Қазіргі уақытта инновациялық қызметті дамыту, ел экономикасын инновациялық бағытта өркендету, әсіресе нақты сектор өндірістерінің аясында инновациялық жетістіктерді енгізудің маңызы зор. Осы жетістіктерге жету үшін инновацияны дұрыс басқара білу керек.

“Инновациялық басқару” экономикалық тұрғыда басқару және бақылауды білдіреді, дегенмен мақсат қою мен оны жүзеге асыру бағытындағы іс-шараларды жоспар құру әрекетінсіз тиімді басқару мүмкін емес. Сондықтан басқару - жоспарлау, реттеу және бақылау бағытындағы іс-шаралар жиынынан тұрады. Инновациялық басқару барлық элементтерді жоспарлаудан бастап, оның орындалуына мониторинг жасауға дейін ең алдымен жоспардың орындалу нәтижелерін талдау, оны жүзеге асыру үдерісінде оң және теріс ауытқуларды бағалау негізінде жоспардың орындалуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.

Кәсіпорындағы инновацияларды басқаруда кәсіпорын басшылары бірқатар басқару әдістері мен жолдары бойынша шаралар атқарады. Сол инновацияны басқаруда ең көп қолданылатын шаалардың бірі контроллинг тұжырымдамасы болып табылады.

Контроллингтің мақсаты ұйымның жалпы мақсатынан туындайды және ең алдымен ұйымның қалыпты жағдайын сақтау және оның табысты дамуына бүкіл басқарушылық үдерісті бағдарлауға негізделген.

Контроллингтің міндеттеріне табыстылықты, өтімділікті қамтамасыз ету, тәуекелді төмендетуді жоспарлау және бақылау жатады. Мұнда контроллингтің негізгі мақсаты ретінде қызметті басқару, төтеп беру және күшейту бағытындағы іс-шараларды дер кезінде жүргізуге мүмкіндік беретін ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету.

Контроллинг - кәсіпорын қызметінің табыстылығын арттыру жолымен ұзақ мерзімді кезеңде оның өмір сүруін қамтамасыз етуге, серпінді дамуы үшін ұтымды инвестициялық шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін кәсіпорынды басқарудың заманауи жүйесі.

Отандық және шетелдік экономист-ғалымдарының контроллинг аясындағы пікірлері мен ғылыми ұстанымдары көбінесе басқару қызметіне, үйлестіруге және ақпаратқа негізделген. Сол себепті контроллинг жеке ғылыми зерттеуді қажет етеді. Инновацияға негізделген контроллинг- инновациялық жобалар бағытындағы шешімдерді қабылдау үшін басқарушылық қызметті бағыттау, инновациялық жобалардың ұзақмерзімді өміршеңдігін және үйлесімділігін қамтамасыз етуге ақпараттық-инструменталды қолдау көрсету.

Инновацияларға шаруашылық механизмнің әсері ерекше басқару стратегиясы мен белгілі бір әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады. Әдіс-тәсілдер мен стратегиялардың жиынтығы инновацияларды басқарудың өзіндік механизмі, басқару үдерісін басқару жүйесі - контроллинг қызметі арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллинг келесі кезеңдерден тұрады:

  1. инновациялар үшін негіз ретінде көрінетін идеяларды іздеу;
  2. идеяларды жүзеге асыруда ақпараттық-инструментальды қамсыздандыру;
  3. берілген инновациялар үшін инновациялық үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру;
  4. нарыққа инновацияларды енгізу және олардың қозғалу үдерісін бақылау.

Кәсіпорын қызметіне объективті және негізделген баға беру үшін контроллинг қызметінде екі көрсеткіштер топтамасын, яғни басқару тиімділігі мен табыс пайдаланылады, бұл кәсіпорынды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

1-сурет - Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі

Инновациялық контроллингті стратегиялық контроллингтің құралнамасы ретінде айқындауға болады, себебі кәсіпорынның инновациялық қызметі оның болашақтағы ұзақмерзімді қызмет етуін айқындайды және едәуір тәуекелдермен, белгісіздіктермен байланысты келеді. Стратегиялық контроллинг құралнамалары ең алдымен кәсіпорынның перспективасы мен тәуекелін, оның ұзақмерзімді қызмет етуіне кедергі келтіретін факторларды анықтау және үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық контроллингтің қалыптасу үлгісі 3-суретте келтірілген.

Инновациялар экономиканың кез келген секторы сияқты күрделі қаражат салымдарын талап етеді. Қосымша пайда табу, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке жету үшін қаржылық салымдар салу қажет.

3-сурет - Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі стратегиялық контроллинг

Стратегиялық контроллинг оперативті, сонымен қатар инновациялық контроллингті қамти отырып, кәсіпорынның ұзақ мерзімді басымдықтарын, жоспарларын, ішкі және сыртқы ортасын талдай отырып, іске асыруға тиісті бағдарламаларды әзірлеп, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырады.

1. 2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау

Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Өнімнің жаңа түрін игеріп (тауарларды, қызмет көрсетулерді) және жаңа технологияларды қолдануын сипаттайтын көрсеткіштердің жинағы сонымен қатар кәсіпорынның инновациялық қызметін сипаттайтын көрсеткіштердің жинағы және талдауы инновациялық қызметті бақылаудың мақсаты болып табылады.

Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің бақылауында зерттеу нысанасы ретінде инновацияның келесі түрлері қолданылады: өнімдік, процесстік және басқарушылық. Кәсіпорын жұмысының тиімділігіне және сапасының жоғарылауына басқарушылық инновациялары маңызды роль алады, атап айтқанда ақпараттық алмасудың кеңеюі, жаңа білім мен технологияны қолдану және оқыту қабілетінің жақсаруы. Басқарушылық инновациялары - олар құрылған жүйеге - көптеген қатысушылары және өзара қарым қатынастары бар күрделі әлеуметтік жүйеге қатысты көпшілік деңгейде ерекше. Сонымен қатар технологиялыққа қарағанда менеджменттегі инновация күрделірек, өзінің енгізуіне дейінгі негіздемеге және одан кейінгі бағалауға жол береді.

Кәсіпорындардың инновациялық қызметін зерттеуде инновациялық саладағы (атап айтқанда, зерттеу жобаларын әзірлеу бойынша) кәсіпорындардың бірлескен ынтымақтастығын зерттеуге, нәтижесінде инновациялардың сапалы деңгейін арттыруға және бәсекеге қабілеттілік нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған екпін күшейтілген. Бұл білімді тарату және пайдалану процесінде өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін анықтау қажеттілігімен, инновацияларды әзірлеу және іске асыру процесінде ұйымдардың арасындағы білім ағындарының өзара алмасуының маңызды рөліне негізделеді.

Кәсіпорынның инновациялық қызметі ақпарат, білім, технология, тәжірибе, адамдық және қаржылық ресурстар көздерімен байланысының әртүрлілігі мен құрылымына байланысты. Кәсіпорынның инновациялық қызметін зерттеуде зерттеулер мен талдамалардың бірлескен жобаларын орындау бойынша серіктестермен арақатынастың әртүрлі нұсқалары қарастырылады: кәсіпорын, өнімді тұтынушылар (жұмыс, қызмет) кіретін топ құрамындағы кәсіпорын (бірлестіктер, серіктестіктер, қоғам), құрал-жабдықтарды, материалдарды, жинақтаушыларды, бағдарламалық құралдарды жеткізушілер: консалтингілік, ақпараттық фирмалар, ғылыми ұйымдар, университеттер мен басқа да жоғары оқу орындары; даму институттары («Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Даму» Кәсіпкерлік қоры» АҚ, «Технологияларды инжинирингілеу мен трансферт орталығы» АҚ және т. б. ) . Осымен, экономика дамуының тиімділігі жекелеген дербес экономикалық құрылымдардың инновациялық дамуының тиімділігінен ғана емес (ғылыми ұйымдар, ғалымдар, ЖОО және т. б. ), инновациялық қызмет үдерісінде олардың арасындағы өзара байланыстың тиімділігіне де тәуелді.

Инновациялық өнім үш жыл бойы түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімді көрсетеді. Бақылауда жаңа өнім жаңалығының бірнеше деңгейін бағалау келтірілген: өнім, әлемге қатысы бойынша жаңа, елге қатысы бойынша жаңа, өңірге қатысы бойынша жаңа; жаңғыртылған. Бұл қатарда бірінші үш деңгей маңызды болып табылады, яғни жаңадан енгізілген немесе соңғы үш жылда айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшыраған және соңғы үш жылдың ішінде жетілдіруге тартылған өнімдерге жататын, қағидатты жаңа өнім. Өнім тек қана кәсіпорын үшін ғана емес сонымен қатар нарық үшін де жаңа бола алады, оған қоса кәсіпорын үшін жаңа өнім нарық үшін де жаңа өнім болу міндетті емес. Бұл көрсеткіштер - басқа елдер қатары және Еуропалық Одақ елдерінің инновациялық қызметтерін салыстырмалы бағалау мақсатында Еуростатпен қолданылған маңызды сиппатамалары. Инновациялық өнiмнiң жаңалығының қаралатын деңгейлерiнен ең төмені жүзеге асатын процесстік инновацияның нәтижелері болып табылатын, жаңғыртылған өнімге жатады. Бұл параметрлері айтарлықтай дәрежеде жақсартылған немесе түрленген кәсіпорында шығарылып қойылған өнім болып табылады.

Еліміздің шаруашылықты жүргізу субъектісінің инновациялық қызметі үшін қажет қаржы қаражатын анықтау үшін бақылауда инновациялық технологияларды пайдалануда шығындар жіктелімі қарастырылған. Инновациялық үдерістер шығындары (ағымдағы, күрделі) шығындар түрлерi бойынша, сонымен бiрге қаржыландырудың көздерi бойынша бөлінеді.

Өнімнің өзіндік құны (жұмыстар, қызмет көрсетулер) есебінде басты сипатта жүзеге асатын ағымдағы шығындар технологиялық инновацияны енгізіп және әзірлеумен айналысатын қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге жұмсалатын шығындарды, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлуге, сонымен қатар бір жыл ішінде ұйыммен жасалған инновациялық қызметті қамтамсыз ету үшін қажет жабдықтарды, материалдарды, шикізаттарды алуға жұмсалған шығындар сияқты, күрделі шығындарға жатпайтын басқа шығындар. Күрделі қаржы жұмсалымы өзімен құруға жұмсалған жыл сайынғы шығындарды, көлемінің ұлғаюын, сонымен қатар технологиялық инновацияларды әзірлеу және енгізуге байланысты жүзеге асырылатын, сатуға арналмаған, ұзақ пайдаланатын айналымнан тыс активтерге ие болуды көрсетеді. Олар инновациялық қызметті пайдалану үшін қажетті машиналарды, жабдықты, өзге де негізгі құралдарды сатып алуға, инновациялық қызметті жүргізу үшін ғимараттар, жер учаскелерін және табиғатты пайдалану объектілерін сатып алуға жұмсалған шығындардан тұрады.

Ағымдағы және күрделі қаржы шығындарына технологиялық инновацияларды (зерттеулер мен әзірлемелер, өнертабыстарды патенттеу, өзге де патент-лицензия беру қызметтері, қызметкерлерді дайындау, тәжірибе жүзінде оқыту, конструкторлық жұмыстар, маркетингтік зерттеулер және т. б. ) әзірлеу және енгізуге байланысты бөгде ұйымдардың осы ұйым үшін орындаған арнайы жұмыстарына, қызмет көрсетулеріне ақы төлеуге жұмсалған шығындары есептеледі.

Технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар туралы деректер есепті жылы ескеріледі. Онымен қоса инновациялық процестің қай сатыда тұрғандығы маңызды емес.

Технологиялық инновацияларға күрделі және ағымдағы шығындар инновациялық қызмет түрлері бойынша бөлінеді.

Зерттеулер мен әзірлемерлерге жұмсалған шығындар құрамына қосылады:

  • өндірістік көрсеткіштер үшін сыйақыларды, ынталандырушы және өтемдік төлемдерді ескере отырып ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаушы құрам қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығындар, белігіленген жасқа дейін бала күту демалысында болатын әйелдерге өтемақы, сондай-ақ негізгі қызметпен айналысатын тізімдік құрамға кірмейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар.
  • нақты тақырыпты жобалауды, тасымалдауды және орнатуды қоса оны орындау үшін қажетті арнайы аспаптарды, құралдарды, саймандарды, аппараттарды, механизмдерді, құрылғыларды және басқа арнайы жабдықты сатып алуға және дайындауға жұмсалған шығындар. Мұндай шығындар шарт бойынша орындалатын жұмыстардың өзіндік құны есебінен жүзеге асырылады, ал олар аяқталғаннан соң немесе тоқтатылғаннан соң қалған арнайы жабдық, сондай-ақ тақырып бойынша жұмыс істеу процесі кезінде сатып алынған немесе дайындалған үлгілер, макеттер және басқа бұйымдар тапсырыс берушіге табыс етілуі керек. Егер аталған жабдық және бұйым тапсырыс берушіге қайтарылмаса, онда тақырып аяқталғаннан соң олар түгенделеді және құнына қарай жарғылық қордан негізгі немесе айналым қаражаттары құрамына тегін түскендер ретінде енгізіледі.
  • шеттен сатып алынатын шикізат пен материалдардың, жинақтаушы бұйымдардың, жартылай дайын өнімдердің, отынның, табиғи шикізаттың барлық түрлері энергиясының, көлденең кәсіпорындар орындайтын өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтердің, келіп түскен материалдық ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты табиғи кему нормалары шегіндегі ысыраптардың құны; өнімді (жұмысты, қызметті) өндіруге жұмсалған материалдық шығындар есепте үстеме бағаны (үстеме ақыны), жабдықтаушы, сыртқы экономикалық ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақыларды, тауарлық биржалар көрсететін қызметтер құнын, кедендік баждарды, көлденең ұйымдардың күшімен жүзеге асырылатын тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты шығыстарды қоса оларды сатып алу құны бойынша (қосымша құн салығын ескере отырып) көрсетіледі;
  • зерттеулер мен әзірлемелерге, соның ішініде жер учаскелерін сатып алуға, үйлер құрылысына немесе сатып алуға, негізгі қорлар құрамына кіретін жабдықты сатып алуға жұмсалған күрделі шығындар, зерттеулермен және әзірлемелермен байланысты өзге де күрделі шығындар. Ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен байланысты емес, тұрғын үйлердің, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілердің құрылысына және т. с. с. байланысты есеп беруші кәсіпорын жүзеге асыратын күрделі қаржы жұмсалымы ескерілмейді;
  • зерттеулер мен әзірлемелердің орындалуымен байланысты және шығындардың жоғарыда аталған түрлерінің біреуінде де ескерілмеген өзге де шығындар.

Машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алудың басқа жағдайлары технологиялық инновациялар сияқты, мысалы белгілі модельдің қосымша станоктары есебінен өндірістік күшті кеңейту немесе станоктарды ескі модификацияның сол моделіне ауыстыру технологиялық инновация болып табылмайды.

Өндірістік жобалауға, өндірісті жаңа өнімдерді шығаруға, оларды өндірудің жаңа қызметі мен тәсілдерін енгізуге даярлаумен байланысты басқа жұмыс түрлеріне жұмсалған шығындарға технологиялық жабдықтаумен, өндірісті ұйымдастыру және жаңа өнімді шығарудың бастапқы кезеңімен байланысты өндірістік жобалық-конструкторлық жұмыстар жатады. Өнеркәсіпте олардың мазмұны жаңа өнім өндіруге дайындықпен байланысты өнеркәсіптік объектіні (үлгіні) жобалау, белгілі бір өндірістік үдерістер мен әдістерге бағытталған басқа да жобалық-конструкторлық жұмыстар, технологиялық жаңа өнімдер мен жаңа үдерістерді жүзеге асыруға қажетті техникалық спецификациялар, пайдалану ерекшеліктері (белгілер) түрінде болуы мүмкін.

Инновацияға жұмсалатын шығындар қаржыландыру көзіне байланысты бөлінеді:

1. Кәсіпорындардың меншік қаражаттары;

2. Республикалық бюджет қаражаттары;

3. Жергіліктің бюджеттің қаражаттары;

4. Даму институттарының қаражаттары;

5. Инновациялық гранттардың қаражаттары;

6. ТМД елдерінің қаражаттары;

7. Венчурлық қорлар қаражаты;

8. Кредиттер мен қарыздардан қаражат;

9. Жеңілдік шартымен кредиттер мен қарыздардан қаражат.

Инновациялық жобаларды инвестициялаудың негізгі үлесі кәсіпорынның жеке қаражатына тиесілі екені тәжірибелерден белгілі. Бақылаулар қорытындысы бойынша кәсіпорынның инновациялық қызметі жағдайы, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында жаңа өнім түрлерін (тауар, қызмет) игеру әрі жаңа технологияларды құру және пайдалану туралы мәліметтер және т. б. қалыптасатын болады.

1. 3. Кәсіпорында инновациялық қызметтің ұйымдастыру ерекшеліктері

Кәсіпорынның инновациялық қызметі жаңа өнім мен технологиялар өндірісін ұлғайтуға, отандық тауарлардың өтім көлемінің ұлғаюына бағытталуы керек, бұл инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын талап етеді.

Инновацияға байланысты кәсіпкерлік екі үлгіге бөлінеді: дәстүрлі, инновациялық.

Дәстүрлі үлгі ─ дәстүрлі, өсімпаздық, ескішілдік кәсіпкерлік. Осы үлгі шеңберінде кәсіпкер пайданы көбейту мақсатында кәсіпорынның ішкі резервтерін қозғалысқа әкеледі және рентабельділікті көтереді. Осы үлгі бойынша кәсіпкерліктің табыстылығы көп жағдайда федералдық үкімет және аймақтық билік органдарының жағынан субсидиялау, протекционизммен ілеседі.

Екінші үлгі инновациялық (өнімді немесе жемісті) кәсіпкерлікпен қарастырылады. Сонымен қатар, кәсіпорынның даму жолдарын іздестіруді қарастырылады, оның негізіне соңғы қолдану кезеңіне жеткізілген инновациялар немесе жаңалықтар жатқызылады.

Кәсіпорындағы инновацияның дамуына түрткі болатын себеп кәсіпкерлік қызметтің шығындарын төмендету ынтасы және нарықтық бәсекенің қатты жағдайында пайданың көлемін ұлғайту болып табылады. Ескірген технология мен техниканы қолдану үдерісінде шығындар орташадан жоғары деңгейде қалыптасады және кәсіпкерлік шығынды болуы мүмкін, егер бәсекелестер өндіріс шығындарын төмендету және ұсынылатын өнім мен қызметтердің төмен бағасының негізінде нарықтағы өтімділік табысына жету жолдарын тапқан болса.

Осыдан әр бір кәсіпорында бәсекелік басымдылықты жасау қажеттігі пайда болады, бұны жүзеге асыру үшін инновацияларды қолдану керек. Сонымен бірге, неғұрлым инновациялық процесс тез жүрсе, соғұрлым табысты қызметтің болуы ықтимал. Өнімді жаңарту және оны дер кезінде нарыққа шығару қосымша пайда алу ықтималдығын жоғарлатады, бұл ғылыми-техникалық рента деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
Қамтамасыз ету функциясы
Ақша қаражаттары және олардың баламалары
Бюджет кірістерін болжау
Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу
Шағын және орта бизнесті дамыту
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Қаржы салсындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері
Қазақстандағы және әлемдегі инновациялық құрылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz