Қазтабан компаниясы артықшылықтары


Мазмұны
1 Аналитикалық бөлім . . . 9
1. 1 Компанияның қысқаша сипаттамасы . . . 9
1. 2 “Қазтабан” ЖШС-нің тарихы. 9
1. 3 «Қазтабан» ЖШС-нің ұйымдық құрылымы. 10
1. 4 «Қазтабан» ЖШС - не тауар жеткізуші серіктес ұйымдар. . 11
1. 5 Қызметтері мен міндеттері12
1. 6 «Қазтабан» компаниясы артықшылықтары : . . 13
1. 7 «Қазтабан» компаниясың сауда бағыттары14
2. 1 Front Page-ге жалпы түсінік15
2. 1 FrontPage мүмкіндіктері18
2. 3 Редакторды іске қосу. 18
2. 4 Беттерді жасау және сақтау . . . 20
2. 5 Мәтінді ойып алу, көшірмелеу және кірістіру. 21
2. 6 Мәтінді жою21
2. 7 MICROSOFT OFFICE файлдарынан материал пайдалану. . 21
2. 8 Графикалық обьектілерді сайтқа кірістіру22
2. 9 Гиперсілтемелерді жасау және пайдалану . . . 23
2. 10 Web - бетті жасау . . . 28
2. 2 Front Page - дің қосымша мүмкіндіктері. . 30
2. 12 FrontPage бағдарламасының терезелері32
2. 13 Web-парақтар редакторы . . . 36
2. 14 Парақтың фоны 41
Аннотация
Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның тауарларын және ұсынатын қызметтерін жариялайтын дербес портал құру үшін «FrontPage» редакторы қолданылды.
Аналитикалық бөлімде жалпы компанияның қысқаша сипаттамасы және тарихы туралы айтылған. Ал жобалық бөлімде Front Page-ге жалпы түсінік, редакторды іске қосу, беттерді жасау, сақтау, мәтінді жою, гиперсілтемелерді жасау және web бетін қалай құру тереңінен қарастырылған.
Курстық жұмыс мынадай бөлiмдернен тұрады: кіріспе, аналитикалық бөлім, жобалық бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер. Мұнда сонымен қатар, 2 кесте, 3 сызба, 24 сурет қамтылған. Бұл курстық жұмыс 45 беттен тұрады.
Аннотация
В данной курсавой работе представлено, как можно создать в редакторе ФП персональный портал, который публикует тавары организаций и их услуги.
В аналитической части компании говорится о краткой характеристике и её истории. Проектической части общее понятие о редакторе FrontPage, подключение редактора к работе, создание страниц, сохранение, удаление текста, создание гипер ссылок и углубленно рассматривается создание веб страниц.
Курсовая работа состоит из таких частей : Введение, аналитическая часть, проектическая часть, заключение и использованная литература. И ко всему этому есть 2 таблицы, 3 чертежа, включены 24 рисунка. Данная курсовая работа состоит из 45 лисов.
Белгілеулер мен қысқартулар
Бұл курстық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылады:
ЖШС- жауапкершілігі шектеулі серіктестік
АҚ- Акционердік қоғам
MS Office - Microsoft office
HTML- HyperText Markup Language
Кеңейтулер:
- JPEG (JPG) ;
- CompuServe GIF (GIF) ;
- BMP файлдары;
- TIFF (TIF) ;
- Метафайлдар Windows (WMF) ;
- Sun Raster (RAS) ;
- Postscript (EPS) ;
- Paintbrush (PCX) ;
- Targa (TGA) ;
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Қазіргі заманғы кеңседе күн сайынғы жұмыс көптеген міндеттерді шешуді талап етеді. MS Office қолданбалы бағдарламалары дестесі оларды жүзеге асырудың бірқатар құралдарын ұсынады.
MICROSOFT OFFICE құрамына процессоры (құжаттар жасау үшін), электронды кесте (сандарды өңдеу үшін), тұсаукесерлерді жүргізу бағдарламасы (слайдтар мен диаграммалар жасау үшін), дербес ақпараттық менеджер (адамдардың аттары, олардың пошта мекен-жайлары мен телефон номерлері туралы хабарларды сақтау үшін), деректер базаларын басқару бағдарламалары (хат-хабар жіберу мен жүргізілген зерттеулер туралы хабарларды сақтау үшін), стол үстіндегі баспаға арналған бағдарлама (беттерді жасау мен хаттау үшін), Web -беттер мен графикалық редактор жасауға арналған бағдарлама (сандық фотосуреттер сияқты бейнелерді өңдеуге арналған) жатады.
Сайттың құрамы өзіне : - әдемі және сапалы дизайн; - жаңалықтармен қарапайым және ыңғайлы басқарма; -сайтты басқарудың қарапайым және ыңғайлы жүйесі; - кері байланыс сонымен қатар сайттың сауатты ізденіс ортасы және фотогалереяны құрайды.
Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны - бұл ақпараттық дизайн.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.
1 Аналитикалық бөлім
1. 1 Компанияның қысқаша сипаттамасы
“Қазтабан” ЖШС-гі бұл бірлестік негізінен Қазақстанның бірнеше қалаларында арнайы киім сатумен айналысатын дүкендер желісі. Бұл дүкендер желісінің атқаратын негізгі қызметі, халықты арнайы киіммен қамтамасыз ету. Бұл мекеме Заңды тұлға болып табылады, өзінің жеке атауы, мөрі, бланктері және банкте жеке шоты бар.
Мекеменің толық атауы - «Қазтабан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
«Қазтабан» ЖШС өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті нормативтік-құқықтық актілерін қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, қала әкімдігінің қаулыларын басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 22-п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлы-тұрмыстық құралдармен, емдеу-профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, емдеу-профилактикалық құралдармен қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады.
1. 2 “Қазтабан” ЖШС-нің тарихы
Мекеменің ашылу тарихына келетін болсақ, 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында кіші маркет ретінде ашылып, уақыт өте келе, ауқымды дами отырып, өз дүкендерін басқа қалаларда ашып, халыққа қызмет көрсетуін кеңейтті.
Кәсіпорынның құрылуына себеп болған негізгі фактор бұл - Қазақстанның нарығында дамымаған саланың, кеңінен сұраныста болуы, яғни арнайы киім сатумен айналысатын, тек осы салаға негізделген кәсіпорынның болмауы.
1. 3 «Қазтабан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық құрылымы
Ұйымның құрылымы: Мекеме директорынан басталып, санитармен аяқталады, ол төменде 1. 1 - суретте көрсетілген.
1. 1 сурет - «Қазтабан» ЖШС - ның ұйымдық құрылымы
1. 4«Қазтабан» ЖШС - не тауар жеткізуші серіктес ұйымдар
Кәсіпорынның тауарларына кепілдік беріледі. Кәсіпорын ол тауарлардың сапасы өте жоғары екеніне сенімді. Сырттан әкелінетін тауарлардың әрқайсысы жеке тексеруден өтіп, орталық қоймаға жіберіледі. Ол қоймадан қайта санақ жүргізіліп еліміздің басқа қалаларындағы дүкендер желісіне жіберіледі. ЖШС “Қазтабан”: ЖШС “Қазкиім”, ЖК “НҰР”, ЖШС “СӘТ ”, ЖК “Құрылыс ”, ЖШС “Тұран” ұйымдарымен келісім шартқа отырған. Бұл уйымдар мекемеге уақтылы әрі сапалы тауарды жеткізіп отырады (1. 2 сурет) .
Cатып алушыларға берілген арнайы кімдер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына сәйкес сақталады.
1. 2 сурет - «Қазтабан» ЖШС - не тауар жеткізуші серіктес ұйымдар
ЖШС “Қазкиім” мекемеге, киімнің жазғы, қысқы, су өткізбейтін және комуфляждық киімді жеткізіп отырады. ЖК “НҰР” мекемеге, жазғы аяқ киім, металдық қорғанысы бар аяқ киім, қысқы аяқ киім, резінкеден аяқ киім жеткізеді. ЖШС “СӘТ ” мекемеге жеке қорғаныс құралдары яғни, көз, бас, қол, демалу жолдарын қорғайтын құралдарды жеткізеді. ЖК “Құрылыс ” Құрал саймандар жеткізумен айналысады. ЖШС “Тұран ” мекемеге үй шаруашылық заттарын жеткізеді.
1. 5 Қызметтері мен міндеттері
“Қазтабан” ЖШС-гі бұл бірлестік негізінен Қазақстанның бірнеше қалаларында арнайы киім сатумен айналысатын дүкендер желісі. Бұл дүкендер желісінің атқаратын негізгі қызметі, халықты арнайы киіммен қамтамасыз ету. Арнайы киімнің негізгі сериялық моделдеріне өзгерістер енгізумен қатар жеке тапсырыстағы корпоративтік түсті сақтап, логотип түсіру арқылы фирмалық корпоративтік арнайы киім тігіп шығару - «Қазтабан» компаниясы жұмысының тағы бір саласы болып табылады. Компанияның эксперименталды цехі сіздердің барлық өтініштеріңізді ескеруге дайын. «Қазтабан» конструкторлары мен технологтары шығаратын моделдер қауіпсіздік техникасы мен қазіргі заман сән тенденциясының барлық сұраныстарына сәйкес келеді. Бүгінгі күні компаниялар өздерінің корпоративтік стиліне көп уақыт пен көңіл бөлуде. Сол себепті, фирмалық символикамен түстің бірыңғай стилін жасау арқылы компанияны танымал ету - корпоративті киімнің мақсаты болып табылады.
Арнайы киімнің негізгі сериялық моделдеріне өзгерістер енгізумен қатар жеке тапсырыстағы корпоративтік түсті сақтап, логотип түсіру арқылы фирмалық корпоративтік арнайы киім тігіп шығару - «Қазтабан» компания жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылады. Компанияның эксперименталды цехі сіздердің барлық өтініштеріңізді ескеруге дайын. «Қазтабан» конструкторлары мен технологтары шығаратын моделдер қауіпсіздік техникасы мен қазіргі заман сән тенденциясының барлық сұраныстарына сәйкес келеді. Бүгінгі күні компаниялар өздерінің корпоративтік стиліне көп уақыт пен көңіл бөлуде. Сол себепті, фирмалық символикамен түстің бірыңғай стилін жасау арқылы компанияны танымал ету - корпоративті киімнің мақсаты болып табылады.
1. 6 «Қазтабан» компаниясы артықшылықтары:
- Офиспен қойманың бір жерде орналасуы;
- 800 астам әртүрлі өнімнің қоймада болуы;
- Шымкент қаласы бойынша жеткізу;
- Тұрақты клиенттерге төлемдерді кейінге шегеру;
- Жеңілдіктер мен бонустар жүйесі;
- Өнімдерді тапсырысқа тігу;
- Менеджердің үлгілермен шығуы
1. 7 «Қазтабан» компаниясың сауда бағыттары
- формалық киімді;
- арнайы киімді (жазғы және қысқы) ;
- жаңа материалдарды қолдана отырып, қазіргі заманғы технологиялар бойынша өзіміздің өндірісімізде шығаратын арнайы аяқ киімді;
- әлемдік көшбасшылардан жеке қорғану құралдарын: респираторлар, құлаққаптар, дұлығалар, қолғаптар, көзілдіріктер және т. б. ұсынамыз.
- сонымен қатар, «Қазтабан» компаниясы өздерінің клиенттеріне арнайы киімнің фирмалық стилімен тапсырыс бойынша коллекция жасауды ұсынады. Сіздердің өтініштеріңізбен сұрауларыңыз бойынша қайталанбас корпоративтік киім коллекциясын жасауды іске асырады. Киім тігуде әртүрлі арнайы қосындылар қосылған кең түсті гаммалы жоғарысапалы шетелдік және отандық маталар қолданады. Компания мұндай әлеуметтік маңызды және жауапты қызмет саласында үлкен тәжірибе жинақтап, жан-жақты білімін тұтынушыларға жоғары сапалы және кәсіби қызмет көрсетуде қолданады. Біздің ұсынып отырған ассортимент ірі өндіріс компаниялармен қатар, кіші бизнес кәсіпорындарын кешенді қамтамасыз етуге бағытталған.
Символика түсіру
«Қазтабан» компаниясында әрбір оныншы клиенті кәсіби киімге логотип түсіру қызметін пайдаланады. Тапсырушылардың қажеттіліктері мен қаржылық мүмкіндіктерін есепке ала отырып, бірнеше нұсқаулар ұсынылынған:
1) Термобасу, жоғары сапалы кескін-бейнені қамтамасыз етеді. Оның көмегімен дайын киімдерге, оның кез келген бөлігіне, сонымен қатар бас киімдер мен құрылыс каскаларына белгі жапсыруға болады. Кескін-бейне ылғалдылыққа, жууға, аяздарға қарсы жоғары тұрақтылықпен сипатталады. (Химтазалауға және киімнің бет жағынан үтіг басуға болмайды) ;
2) Шелкография - бояудың күңгіртенуімен өңуіне, жууға төзімді АҚШ пен Германияда өндірілген пластизолды бояулармен түсірілетін кескін-бейне. Кескін-бейне А4 форматқа дейін түсіріледі. Өз компанияңыздың жеке стилін көрсетіңіз!
2 Жобалау бөлімі
2. 1 Front Page бағдарламасына жалпы түсінік
Егер бірінші ЭЕМ-нің бүгінгі күннен тек жарты ғасыр ғана бұрын құрылғандығын ескеретін болсақ, онда Internet компьютерлік әлемнің ардагері деуіміз дұрыс болар. Себебі Internet тарихы осыдан 30 жыл бұрын басталған. Алпысыншы жылдардың аяғында құрылған Internet АҚШ елдерінде көбінесе коммуникациялық желі ретінде қолданылған (ARPAnet деп аталған) . Ол көбінесе жоғарғы оқу орындарында қолданылып, тек сексенінші жылдары ғана бұл желі өз қанатын бүкіл елге жайып, Internet - деген атау алады.
Бүгінгі күні бағдарлаушыларға Web-беттерді құру үшін жүздеген әр түрлі бағдарламалар, құралдар бар екендігі бәрімізге мәлім. Солардың ішінде HTML-редакторлары, графикалық пакеттер және осылардың ішіндегі ең мықтысы - Front Page бағдарламасы да Web-беттерді құру үшін құрылған.
Web-беттерді құрудың ең оңай жолы - бұл мастер мен шаблондарды қолдану болып саналады.
Мастерлер мен шаблондарды құру. Шаблон каркас тәріздес, ол жаңа құжаттар құру кезінде қолданылады. Ал мастер бір немесе бірнеше экран беттерінен құрылған бірнеше сұрақ қою нәтижесінде, сіздің қажеттіктеріңізді анықтайтын және результат нәтижесінде қанағаттанған құжатты генерациялайтын (арттыратын) бағдарламалық модуль. Бұл жағдайда шаблоның мастерге қарағанда мүмкіншілігі аз, бірақ екі жағдайда да біз Web-беттің негізі бола алатын құжатты ала аламыз.
Шаблондар дегеніміз - мүмкіндігіне орай Frontpage толтыруды ұсынатын сайттар мен беттердің үлгісі. Олар мастерлер секілді сайт пен беттерді құрудағы мәрелік (старттық) аудан болатын құрылымды құрайды. Бірақ мастерлер тапсырыс берілген сайт пен бет үрдісін ұсынады, сонда шаблонды таңдап алып, осы шаблонның нақты мәтін үлгісі бар сыңарын аласыз. Соңынан оны өзіңіз жасаған шаблонмен ауыстыруға болады. Frontpage шаблон беттердің көптеген түрлерін ұсынады, олар, таза бет каркасы тәріздес Normal Page - кәдімгі бет шаблоннан басталып, Three Column Staggered ең қиын үшбағанды бет шаблонына дейін өзгереді. Бар сайтқа шаблон арқылы құрылған жаңа беттерді қосқанда, өзіңіздің Web-бетіңізді тез және оңай түрде өзгерте аласыз.
Құрал - саймандар панелімен жұмыс жасау. Редактордың құрамына құралдыр панелі кіреді және оларды View менюі арқылы басқаруға болады, олар:
- Standard (Стандарттық) ;
- Format (Форматтау) ;
- Image (Сурет салу) ;
- Forms (Формалар) ;
- Table (Кестелер) ;
- Advanced (Қосымша) .
Сонымен қатар View менюінің құрамына Status Bar (Жолдар жағдайы) Format Marks (Символдарды форматтау) қосымша бөлімдер кіреді.
Бұл бөлімдерде редактордың көмегімен беттерге қоюға болатын элементтердің көбі сипатталып жазылған. Олардың барлығы беттердің кәдімгі элементтері, мысалы, текст құжаттары, гиперссылкалар, тақырып аттары, кестелер (tables), фрейм (frames) және жылжымалы жолдар (marquees) . Сонымен қатар редактордың көмегімен WЕВ-беттерге формаларды (forms) және компоненттерді (Components) қоюға болады. Меню, құралдар панельдері және элементтердің көбі Word бағдарламасында жұмыс істеуімен өте ұқсас болып келеді.
Web-беттермен графикалық жұмыс жасау. Web-беттермен графикалық жұмыс істеген кезде ең негізгі мәселенің (проблеманың) бірі болып, браузер бетінде пайда болған бейне суреттердің жылдамдығы файлдардың алатын жады көлеміне байланысты. Графикалық форматтар көбінесе сол форматпен байланысқан кеңейткіштер арқылы аталады. Ал олар өз алдына көптеген қиындықтарға әкеледі. Осындай форматтарға BMP, GIF, EPS, TIF, JPEG, WMF және т. б. жатады. Бірақ та Frontpage тілінде Web-беттермен жұмыс істеген кезде біз көбінесе екі түрлі бейне суреттерді ғана қолданамыз, олар: JPEG және GIF. Олардың екеуі де қысылған және Web-беттермен жұмыс істеген кезде ең жиі қолданатын графикалық форматқа жатады. Frontpage көп түрлі графикалық форматтарды импорттап алады, олар:
- JPEG (JPG) ;
- CompuServe GIF (GIF) ;
- BMP файлдары;
- TIFF (TIF) ;
- Метафайлдар Windows (WMF) ;
- Sun Raster (RAS) ;
- Postscript (EPS) ;
- Paintbrush (PCX) ;
- Targa (TGA) ;
Web-беттерге бейне суреттерді қойған кезде және егер олар сақталмаса, осындай бетті жабу немесе сақтау кезінде Frontpage олардың әрбіреуін тиісті сайт үшін сақтауды сұрайды. Frontpage GIF және JPEG форматтардан бөлек файлдарды автоматты түрде GIF форматта сақтайды. Ал егер сіз бейне суреттерді JPEG форматта сақтағыңыз келсе, онда Web-бетті сақтағанға бұрын Image Properties (Бейне қасиеттері) диалогтық терезеде сол форматты көрсету керек.
JPEG форматы (Joint Photographic Experts Group - фотосурет бойынша біріккен эксперттік топ) - бұл масштабталған, қапталған, жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасын аз ғана түсіретін формат болып табылады. Электрондық формада графикалық суреттерді бір форматтан екінші форматқа ауыстырған кезде бейнелер өзінің анықтығын біраз жоғалтады. Сол себепті, JPEG форматы жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасы жағынан да жоғары болғандықтан Web-сайттар үшін ең қолайлы. JPEG форматы фотосуреттер үшін және түсі 256-дан асатын бейне суреттер үшін өте қолайлы.
GIF форматы (Graphics Interchange Format - графикалық мәліметтерді алмастыратын формат) - бұл 256 немесе одан да аз түсті бейне суреттер үшін арналған қапталған формат. GIF форматы көбінесе біркелкі түстерден тұратын бейне суреттерден құралған (мысалы, безендіру сияқты) . Сонымен қатар, GIF форматы мөлдір және жолдық бейнелерге де қолданады.
Интернет желісі жайлы барлығымыз айтарлықтай жақсы білеміз. Қазіргі кезде барлық мекемелер өз өнімдерін жарнамалау үшін және мекемені нарықта дамыту үшін желіні пайдаланады. Интернет желісі бизнес әлеміне маркетинг үшін зор мүмкіндікті береді. Сонымен бірге маркетинг мүмкіндіктері кәсіпкер қиялына байланысты болады: қарапайым жарнама мен электронды поштаны қолданудан толық функционалды электронды дүкен құруға дейін барады. Берілген мақала Интернет желісінде маркетинг құралының бірі ретінде - Веб-сайт жайлы болмақ.
Көптеген қазіргі жас және дамып келе жатқан компаниялар интернет технологиялардың мүмкіндіктерін толық бағаламайды. Интернет желісі әрдайым өсуде, жыл сайын қолданушылар саны ұлғаюда. Қазіргі заманда интернет жаппай ақпараттың толықтай құралы болып табылады, сондықтан сіз әрқашан сайтыңызда тауарлар мен қызметтеріңізді алғысы келетін әлеуметті тұтынушыларды таба аласыз. Сапалы Веб-сайт кәсіпкерлікті дамытуда жан-жақты құрал болып табылуда: бұл қарапайым сөзбен айтқанда, «сайт-визитка»болып табылу мүмкін, ол интернет желісінде сіздің фирмаңыздың «беті»; бұл әлеуметті тұтынушыларға берілетін тауарлар мен қызметтер жайлы толық ақпарат беретін ақпараттық портал болуы мүмкін немесе сіз интернет-сауда алаңын ұйымдастыруыңыз мүмкін, ол өз кезегінде сіздің тауарларыңыз бен қызметтеріңізді әлем бойынша сіздің географиялық орныңызбен шектелмей, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сапалы интернет жоба сіздің кәсібіңіздің жарнамасы бойынша сіздің мақсатты тыңдаушыларыңызға бағытталған ауқымды мүмкіншіліктермен қамтамасыз етеді, бұл оның тиімділігі мен көп деңгейлі қайырымдылығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Басты артықшылық интернет сайтты өңдеу бойынша қызметтер бағасы. Интернет ресурсты құру, орналастыру және дамыту басқа ақпарат құралдарына қарағанда арзанырақ. Осылайша Веб-сайт сіздің кәсіпкерлік жарнамаңыз және маркетингтің ажырамас құралы болуы, сіздің пайдаңыз бен қызметтер сапасын ұлғайтуы мүмкін.
2. 2 FrontPage мүмкіндіктері
Маңызды HTML редакторы деп Microsoft FrontPage - ні атауға болады. Бұл интернетке арналған арнайы редактор және, бір жақсысы, ол Word-қа ұқсайды, сондықтан оны ұғыну сендерге қиынға соқпайды.
Microsoft FrontPage 2000 версиясының (бұдан әрі FrontPage 2000 немесе жай ғана FrontPage редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол.
FrontPage редакторы HTML-ді бүге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса, Word-тағыдай мәтіннің қажетті фрагментін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар-іс бітті. FrontPage HTML-дің тиісті кодын өзі генерациялайды.
Қаласаңдар, тікелей Редакторда HTML кодын жазып, сол мезетте, браузерді іске қоспай-ақ, өз жұмыстарыңның нәтижелерін көрулеріңе болады.
Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі-оның беттерді WYSIWYG режимінде көрсете алатын қабілетінде (what you see is what you get-не көрсеңіз, соны аласыз) . Бұл дегеніміз - олардың браузердегі көрінісі Редактордағыдай болады деген сөз. Күні кеше ғана HTML кодтарында ұсақ-түйекке дейін қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Енді жерде, беттің Редакторда дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жетіп жатыр. FrontPage редакторында жұмыс істеу Microsoft Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуге өте ұқсайды. Мұнда да жартылай қара қаріп, курсив және астын сызу, маркерленген және нөмерленген тізімдер, операцияны қайталау және орындатпау сияқты стандартты батырмалар қолданылады. Редактор терезесінде мәтін енгізу дәл Word-тағыдай іске асырылады; орфографияны да дәл Word-тағыдай тексеруге болады. Редакторда кестелер және фреймдер (frames) құру өте ыңғайлы. Фреймдер жөнінде кейінірек әңгімелейміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz