КИІМ ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. КИІМ ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Ұлттық киімдерді қолданудың маңызы 5
2. Ұлттық киімді көркемдеп оқытудың мазмұны 10
2. КИІМ ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 15
1. Ұлттық киімді құрастыруды оқыту әдістемесі 15
2. Бұйымды алғашқы өлшеуге дайындау технологиясын оқыту 18
әдістемесі
3. САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР 25
1. Жарықтың еңбек қауіпсіздігіне тигізетін әсері 25
2. Техника қауіпсіздігі 27
Қорытынды 29
Қолданған әдебиеттер тізімі 30
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы білім беру саласында жүргізіп жатқан
реформасының жоғары стратегиясының мақсаты ой-өрісі жаңашыл шығармашылық
деңгейі қызмет атқара алатын дүниетану мәдениеті дүние мен этикалық
қатынастағы жауапкершілігі зор адамды тәрбиелеу. Негізінен оқушыларға
қолданбалы өнер пәнін кең ауқымды түрде оқытуда көзделетін негізгі мақсат
өзіміздің күнделікті жүмысымызда колданылып жүрген бұйымдардың қыр-сырына
қандырып, қолданбалы өнер туралы талғамын дамытуға және практикалық білімі
мен көркемдік түйсінуін үйлесімді түрде бір-бірімен ұштастыра білуге
үйрету.
Қазіргі білім беру жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсатының бірі
- ұлттық тәрбие беру моделін жасау. Соңғы жылдары республикамыздың
мектептерінде ұлттық тәрбие беру, халықтық педагогикадағы ұлттық салт-
дәстүрлердің негізінде оқыту-тәрбиелеу Мұрагер, Атамекен, Дәстүр,
Кәусар бұлақ, т.б. бағдарламалары бойынша біршама жүргізілуде. Окытудың
қазіргі заманғы тенденциялары білімді, жан-жақты оқушы даярлаудың
жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда, оқушыларға
білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді
пайдалана отырып, білім беру үлкен маңызға ие. Қазіргі білім беру жүйесін
қоғамның даму мақсатына сай дүниеге этикалык жауапкершілікпен қарайтын,
шығармашылықты ойлауға дүниетанымдық мәдениетті жетілдірілген,
адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпақтарын қалыптастыруға
бағыттау керек.
Сонымен, өндірістің әр саласында ішкі және сыртқы нарықтық қатынастарды
тез игеріп, икемделетін мамандарды әр түрлі сипаттағы кәсіби, қоғамдық,
саяси-әлеуметтік, мәдени қызметкер етіп даярлау - бүгінгі таңда басты
міндеттің бірі.
Жас жеткіншекті әсемдік пен сұлулыққа тәрбиелеуде небір сындарлы
тағылымдар аз емес. Қазақ халқының салтанатты салиқалы өмір кешіп,
әсемдікті, ешқандай әсем ұғым-категорияларды қаптатпай-ақ сұлулық пен
әсемдікті жан рахатына пайдаланған. Қазақ жанының сұлулыққа аса құмарлығы
ою-өрнекті, тоқымашылық өнерді, үй мүлікртеріне молынан қолданғаны хақ.
Уақыт талабына сай оқушылар мектеп қабырғасында бірте-бірте өздігінен
сәндік қолөнері заңдылықтары мен түсініктерін қалыптастыруға ұмтылады және
үйренуге бейімделеді. Бұл бір жағынан, оқушының эстетикалық тәрбие туралы
түсінігінен қалыптастыру арқылы, қолөнер деген көзқарасы, дүниетанымы, ой-
өрісі кеңіп, ұлттық мәдениетінің бірте-бірте қалыптасып, өз бойында дамуына
ықпал жасайды.
Курстық жұмыстың зерттеу мақсаты: Киім тарихын оқыту
әдістемесі.
Курстық жұмыстың зерттеу міндеттері:
- Киім тарихын оқыту әдістемесінің мәнін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: оқу-тәрбие үрдісі.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық
негізгі қағидалары; педагогикалық үрдіс теориясы; үздіксіз білім беру
жүйесіндегі ғылыми теориялар; жалпы білім беру теориясы мен әдістемесіне
қатысты ілімдер; халықтық сәндік-қолданбалы өнерінің дамыту жолдары.
Курстық жүмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан түрады.

1.1 Ұлттық киімдерді қолданудың маңызы
Азаматтың арғы тарихынан бері қарай көз жүгірткен жан осынау жұмыр
жерді мекендеген ақыл иесінің қалай дамып, қалыптасқанын қапысыз аңғарар
еді. Адам ата мен Хауа Ана заманынан бастап әсер үстінде адамзат баласы
тіршілік ету, тірі қалу және ұрпақ жүргізді. Алғашқы адамдар үңгірд
мекендеген шақта қазіргі сәулет өнердің талаптарын ойлаған да жоқ. Олар
үшін үңгір суықтан пана, желден ық және табиғаттың дүлей құбылыстары мен
тағы аңдардан қорған болды. Сөйте тұра алғашқы үңгірлер адамзат
архитектурасының бастауында тұрады. Өнердің күнделікті, қарапайым
тіршіліктен бастау алып, кейін мүлде бөлек, жалпы тіршіліктен жоғары ұғымға
айналуының өзі адамзат ұрпағының алғашқы аталарынан бері қаншалықты дамып,
жетілгенін байқатса керек.
Қай өнерді алып қараса, олардың алғашқы бастаулары бұлдыр замандарда,
адамзат алғаш қалыптасатын кезеңдерде жатыр. Керек десеңіз. әлі күнге
көпшілік өнер екенін ескере бермейтін, бірақ талассыз түрде өнер деп
бағалауға болар құбылыстардың да арғы тарихы бар.
Тері қару үшін көп нәрсе қажет еді. Ол тұста сәнді көріну ешкімнің
зердесіне келмеген. Біртіндеп теріні сол қалпы емес, илеп пайдалану, жүнді
сол қалпы емес, тоқып пайдалану сияқты ілгерілеу болды. Бұл-адамзаттың сана
жағынан сапалық ілгерілеуі еді. Осылайша адамзатқа қызмет ететін, сонымен
бірге жасасып келе жатқан өнерлердің қатарына тағы біреуі-сән өнері
қосылды. Сән өнері адамзат игілігіне қызмет етуде басқа өнер түрлеріне
қарағанда күнделіккті қолданыста жүргенін және сан алуан сапалық жағынан
керек болып отырғанын айтуымыз да, мойындауымыз да керек.
Сонда сәнді киім дегеніміз не? Соның қасиеттерін санап көрейік. Ол
алдымен адам денесіне қонымды және қолайлы болуы керек. Екіншден, ол
адамның ажарын ашу, дене сұлулығы мен сымбаттылығын айғақтау үшін керек.
Үшіншіден, сәнді киім адамға рухани және моральдық жағынан дем береді.
Киіміне қарай қарсы алып, ақылына қарап шығарып сал дегендей.
Төртіншіден, сәнді киім адамның қоғамдағы орнына, байлығына, білімінен
хабардар етіп тұрған. Шындығында, киіміне қарап адамның қандай ортаның
мүшесі, қандай көзқарастың өкілі екенін де білуге болатын. Мәселен, ХIX
ғасырдың соңындағы және XX ғасырдың басындағы қазақ ортасындағы киім
үлгілері көрінісін қарап болсақ, онда бірнеше бағытты байқар едік. Ең
алдымен-Абайша айтқанда тон қабаттап киген топ. Бұлар қазақтың байырғы
байлығын көрсететін және ежелгі далалықтар мәдениетін байқататын әлеуметтік
орта еді. Бұрын қазақ даласында осы әлеуметтік орта ғана қаймағы бұзылмай
тұрса, сол XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында бұлардан басқа топтарды да
киіміне қарап тануға болар. Олардың ішінде орыс, Еуропа ыңғайына қарай
киіне бастағандар ерекшеленеді. Патшалық Ресей қалаларындағы оқу
орындарында оқыған, сол білімдеріне орай билеу жүйесінен қызмет алған
бұлардың еуропаша киініп жүруі алған білімдерін, көрген тәлімдерін және
қызмет ыңғайын айтқызбай-ақ байқатып тұратын. Сол сияқты ол тұста басына
сәлде орап, шапанының белін жібек орамалмен буған қожа молдаларды көптеп
көруге болатын.
Олардың киімі бұл адамдардың діни білімі бар екенін, әрі молда, қази,
қазірет сияқты діни басқыштарда жүргенін анық дәлелдейтін. Осылайша, киген
киіміне қарап адамның қоғамдағы орнын, беделін де анықтауға болатыны
даусыз. Керек десеңіз, бай, дәулетті адам мен кедей жанның арасындағы
айырмашылықты да киімінен айтқызбай білуге болады. Киіну үрдісі бір орында
тұрып қалмай, мода талабына сай киімді жаңғыртып отыру-адам мәдениеттілігін
бір мүшесі екенін бағамдасақ. Біздің де әрқайсысымыздың үстіміздегі қандай
киім киіп шығатынымыз Қазақстан Республикасының қандай мемелекет екендігін
талассыз танытып тұрмақ.
Ендігі әңгіме-моданың маусымдық және салтанаттық ерекшеліктері туралы
болсын. Қысы-жазы бірдей киініп жүру мүмкін еместігін қазір балабақшаға
баратын бүлдіршіндер де жақсы біледі.
Киімнің алғашқы міндеті де адам денесін суықтан қорғау болғаны белгілі.
Бұл қазір де бірінші міндет. Сән үлгілеуші шеберлер-модельерлер бұл заманда
жыл маусымынан бұрын қимылдайтын болған. Олар алдағы күздің, қыстық немесе
көктемнің киімдерінде қандай сипаттар басым болатыны алдын-ала анықтап
қояды. Сән талаптарымен киінетін адамдар соған орай, яғни мода талабынан
шығатын киімдерді іздей бастайды. Нарық жағдайында киім фабрикасында, сән
ательері жаңағыдай талаптардағы киімдердің маталарын алдын-ала тауып, ол
үлгілерді мүлтіксіз тігуге машықтануы керек. Өйткені қазір баяғы Кеңестер
одағы түсындағы жоспар билемейді. Енді тәуелсіз Қазақстан нарық
қатынастарына енгендіктен тек түтынушылар сұранымы басты өлшемге айналған.
Сән киімдерін бір күннің ішінде бірнеше өзгертуге тура келеді. Адамның
үйде, асханада , көшеде, кеңседе, театрда және сауық кештері мен тойларда
киетін киімдері әр қилы болуы заңдылық. Ешкім де ас үйдегі киіммен көшеге
шыға қоймайды. Сондай-ақ, серуендеуге арналған киімдермен сауық кешіне бару
ыңғайсыз.
Сән үлгілерін жасаушы шеберлер киімдердің осындай орталарға баруға
керек үлгілерін жасауды өздерінің ең мәртебелі міндеттері деп түсінген.
Әсіресе кешкі шақыру, қабылдау, қонақ астарға бару киімдерін үлгілеу
бірінші кезекте міндеттелінеді. Қандай жазушы да өзінің кітабын әйгілеуге
бар талантын жұмсайтыны сияқты модельер де өзінің үлгісі жоғары бағалануына
барынша шеберлігін, тапқырлығын, қабілетін жұмсап бағады. Бұл тұрғыдан
қарастырсақта сән өнерінің талабы мен талғамы сөз өнерінен кем түспейді.
Сән киім үлгісін жасау өте қиын жұмыс. Өйткені бұған дейін мың мыңдаған
киім үлгілері жасалған. Моданың бүкіл бағыттары бойынша ізденістер болған.
Ұсақ-түйектің түгелі ескерілген. Осындай жағдайда басқаны қайталамайтын, өз
қолтаңбаңды танытатын киім үлгісін дүниеге әкелу қайдан оңай болсын.
Матасын таңдаудан басталған конструкторлық ізденіс, тігісін жүргізушінің
шеберлігімен түйменің, ілгектің лайықты табылуымен немес арнайы жасалуымен
жалғаса береді. Бұл бір адамның қиялы мен жүздеген адамдардың жұмысына
ұласатын күрделі іс. Демек, архитектор сызып жататыны жүздеген құрылысшы
салып жататыны сияқты, модельер конструктокрдың шабытынан туындаған бір
үлгіні тоқушы, тігінші, иіруші оюшысы бар ондаған адам, бүтіндей бір цех
жүзеге асырады.
Сәнді киімдер тағы да екі топта қарастырылады. Біріншісі-әр маусымда
көпшілікке арналған үлгілер. Бұл үлгілерді жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары
сатып алып, өндіріске еңгіеді.
Енді сән киімдерінің тағы бір ерекше тобы болатынын айту керек. Олар-
тұтас киім кешендері ретінде бір емес, бірнеше киімдерден тұрады. Бір
сөзбен айқанда киімдер театры.
Өнердің кез-келген түрінде көлемді шығармалар болады. Мәселен, үлкен
суретшілер триптихтар салуды жөн көрген. Сол сияқты Мұхтар Әуезовтын Абай
жолы эпопеясы, Әбдіжамал Нүрпейісовтың “Қан мен тер”трилогиясы, Мүхтар
Мағауиннің Аласапыран дилогиясы бірнеше кітаптардан тұрады емес пе. Сол
сияқты сәулетшілер де бір ғимаратты ғана емес, кейде тұтас қалаларды,
микроаудандарды, кемелерді кешенді түрде жобалайды. Ендеше, тұтас киімдер
кешенінің дүниге келуі де сән өнері бар екенін дәлелдеу болып табылады.
Операда бір емес, бірнеше ария болатыны, олар бір-бірін толықтырып,
үдетіп, дамытып, байытып тұратыны сияқты. Сән театры сахнасына шығатын
киімдер кешені бір-бірінің ажарын асырып, бір-бірінің айшығын толықтырып
тұрады. Олар үшін бірдей материал таңдалып алынуы, сән бағытының бір
ыңғайда болуы, бірақ тігілуі, киілуі, әшекейленуі және басқа детальдары
түрліше болуы заңдылық. Осылайша әрі бір-бірінен ерекшелену, әрі бір-бірін
толықтыру арқылы бұл киім кешендері кайталанбас әсерлер туғызады. Ой-қиялды
қанаттандыру, көз майын тауысу, түнгі ұйқыны төрт бөлу, ең бастысы қажет
материалдар мен конструкторлық шешімдерді табу үшін жалықпай іздену
нәтижесінде туатын бұл киім кешендері біздің мақтанышымыз екені даусыз. Сән
театры сахнасынан бір сәтте жарқ етіп, келесі сәтте жоқ болатыны киімдер
кешенін жасауға жылдап уақыт жұмсалады. Бір сәттің көзқуаныші үшін жылдап
еңбек жұмсау да сәннің өнер екнін анықтайтын белгілердің бірі.
Мода деген сөз біздің тілімізге шет тілден енген термин сөз ретінде
қабылданған. Латынның “moduy” деген сөзінен алынған. Ол белгілі бір өлшем
тәртіп, әдіс немесе образ деген мағынаны білдіреді. Моданы өмірдің немесе
мәдениеттің белгілі бір саласында белгілі бір мәнердің аз уақытқа дәуірлеп
тұруы деп те аударуға болады. Талғам ұғымынан моданың айырмашылығы ол
көркем туындылардағы және күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарымыздың
сыртқы түрінің неғұрлым аз уақытта үстірт өзгеруін білдіреді. Ал тар
мағынада айтсақ, Мода дегеніміз салыстырмалы түрде аз ғана уақыттын
аралығында киімнің сыртқы түрі мен үлгісінің өзгеріп отыруы .
Бұл ойды адам әрі сабақтаса, моданың басты екі бағытын айқындап беруге
болады. Олардың бірінішісі - жеке адамдарға арналған, ерекше сәнді және
салтанатты сән үлгілері. Екіншісі - жалпы халыққа арналған сән үлгілері.
Әрине, бұлардың біріншісі екіншісінен әлдеқайда қымбат болары түсінікті.
Бірақ сән үлгілерін жасаушылардың міндеті осы екі категорияға да бірдей.
Адам болып туған соң жақсы киініп, жарқырап жүру әркімнің міндеті.
Талғам және мода ұзақ және қызғылықты әңгімелеуге тұрарлық. Сән әлеміне
кіргісі келетіндердің бір ғана мұраты мен мақсаты болады. Ол-өзінің стильін
мен өзінің формаңды табу. Яғни, сән үлгілері арқылы өзінің талғамыңды
таныту, көзқарасынды көрсету. Мода әлемінде әсте де маусым сәндерін сөзсіз
де көзсіз қайталау жақсы атаққа жеткізген емес. Қайта жеке қырларды
жарқырата көрсету-сән өнерінде аса жоғары бағаланады. Француз модасының
түрлерінің бірі Жаман әйел жоқ, өз стилін таба алмай, жаман киінген
әйелдер көп деп тегін айтпаса керек.
Сондай кейінгі ұрпақ үшін қасиеті мен қадірі, мәні мен мағынасы, берер
тәлім-тәрбиесі мен ұлағаты ерекше асыл мұра қазақтың ұлттық киімдері.
1.2 Ұлттық киімді көркемдеп оқытудың мазмұны
Салтанатты жағдайларға арналған киімдер де күрделі пішімді, әр түрлі
сәнді және силуэтті болып келеді. Мұндай киімдер әсем әшекейлермен, көркем
өрнектер-мен, тамаша бедерлермен безендіріледі. Әйелдердің қамзолы қысқа
жеңді, иықтан сәл түсіңкі, жеңді немесе жеңсіз түрінде тігіледі. Қамзол
жұмыс істеуге өте ыңғайлы, кедергі келтірмейді. Әйелдердің күн ұзақ үй
шаруасымен айналасып, кіріп-шығып жүретінін ескерсек, қамзол суықтан
қорғайды, иіліп бүгіліп жұмыс істеуге өте қолайлы.
Қамзолдың материалы - көбіне түкті пүліш маталар, оны барқыттан шұғадан
да тігеді. Ол міндетті түрде бір түсті матадан тігілген. Онда да шымқай
қанық түстер таңдалады. Әйелдердің жасына қарай қамзол түрі де өзгеріп
отырған. Қыздар көбінесе алқызыл түсті қамзол киген. Мұның өзі жасыл дала,
көгілдір ауа астында көзге оттай басылып, алыстан мен мұндалап түрған.
Орта және одан да жоғары жастағы әйелдер негізінен көк жасыл, сарғыш түсті
қамзолдар киеді, өйткені алқызыл түс оларға жараспайды.
Қамзолда жең болмағандықтан, жаға да жасалмаған, тек омырауға дейін
ойық қалдырылған, өйткені қамзолды тек көйлектің сыртынан киеді. Қазак
әйелдері мойындағы дейін жауып тұратын тұйық жағалы көйлек кигенің
ескерсек, енді оларды қамзолмен тұмшаланудың еш қажеті жоқ. Сол себепті
қамзол омырауға дейін ашық қалдырылған. Мойын мен омырау тұсын және
қамзолдың алдын тұтастай әдіптеу дәстүрі бар. Бұл ретте қамзолдың негізгі
түрі мен оның өңіріне әдіптелетін матаның түрі бір-біріне жақындай түскені
ләзім. Мәселен, қызыл қамзол өңірі қызғылт немесе қоңырқай мәуітімен
әдіптелсе, бұрынғыдан да көз тартып тұрады.
Қазақстанның көп бөлігінде қамзолдың өңіріне, сондай-ақ етегінің екі
жағына түрлі жылтырақтардан ою өрнектерді сәнді жіптермен салуға да
машықтанған.
Қамзолға ою-өрнек түсірілмеген жағдайда, оны түрлі жылтырак
әшекейлермен, таналармен безендіруге болады. Мүндай қамзол өте салтанатты
көрінеді. Оларды көбінесе мереке кезінде, той-томалақта және басқа да
салтанатты думандарда киеді (1 сурет).
Оның есесіне, қамзол түймеленбеген. Көп жағдайда ұсталар соққан
әшекейлі күміс ілгішектер арқылы қаусырылған. Мұның өзі онсыз да дала
гүліндей алаулап, көркімен көз тартар қамзолға қосымша сәндік берген .
Бүкпе мен әдіпті өңдеу. Иық бұйымдарын жасау барысында бүйір
кесінділерлі өңде үйренулерін қажет. Төменде берілген нұсқау картасын
пайдалана отырып, бүйір кесіндісін өңдеу технологиясын біліп алыңдар
(дидактикалық материалдарда берілген үлгіден алынған).
Кесте 1 Бұйымды бірінші өлшеуге дайындаудың біртізбектілігі
№ Орындалу реті
1. Иық, кеуде, бел бүкпелерін көктеп алу. Бөлшекті оң
бетімен бүгіп алып, бүкпелерді біріктіріп,
инешелермен түйреп біріктір, үстінен қол инемен
көктеп, тігіп шық.
2. Иық және бүйір кесінділерін көктеу. Бөлшектерді
өзара оң беттерімен біріктір. Бөлшектерді тексеру
белгілері бойынша біріктіріп, инешелермен түйреп,
көкте
3. Бұйымға сыдырма керек болса, сыдырманы өңір мен
бұйымға көктеп тігіп ал.
4. Ең соңында бүйымның ұзындығын белгілеп, етегін
қайырып, көкте.
5. Бұйымның қонымдылығын тексеріп, машинамен тігуге
дайында.
Мата таңдау. Кез келген бұйымды тігер алдында оған қажетті мата
таңдай білу керек. Матаны таңдағанды, оның пайдалы, сәндік қасиеттеріне
назар аударады. Пайдалы қасиеті деп отырғанымыз - мата талшығының құрамы,
денсаулыққа пайдасы, ауа мен ылғал өткізгіштігі, тез жуылуы, кебуі, өңінің
түспеуі, қыртыстанбауы. Мұндай қасиеттерді матаны қолмен ұстап, мыжғылап
анықтайды. Сәндік қасиеттеріне - таңдаған матаның түсі, сапасы, тігістің
әдемі түсіу, қатпалардың дүрыс жатуы, созылмауы, түтілмеуі, көп
қыртыстанбауы жатады. Табиғи маталар гигиеналық тұрғыдан қарағанда
денсаулыққа пайдалы, табиғи талшықтардан тоқылады. Бірақ олар тез
қыртыстанғыш, үтіктелуі қиын және тез отырады.
Қоспа маталар жылтырлау, тайғақ, тез сетінейді, тез қыртыстанады.
Мұндай матадан тігілген киім жақсы үтіктеледі, сабын суда оңай жуылады, тез
кебеді. Үтіктің режимін дұрыс реттемеген жағдайда, матаның бетінде жылтыр
із қалуы немесе тез бүрісіп қалуы мүмкін. Қоспа маталарға қарағанда
синтетикалық маталардың гигиеникалық сапасы төмен болғанмен жылу
сақтағыщтық және ылғал өткізгіштік қасиеті жоғары. Көбінесе табиғі
материалдарға ұқсас келеді. Мысалы, лавсан мен нитронның сырт көрінісі жүн
матасына жақынырақ.
Химиялық талшықтардан мата өндіру кезінде, оларды әр түрлі үлеспен
табиғи талшықтарға қосып отырады, өйткені вискозды талшықтарды жүнге қосса,
мата жұмсарады әрі жақсы бүрмеленеді. Ал капронды жүнмен араластырса, мата
екі есе мықты болады және онша қыртыстанбайды.
Сән таңдау. Сәнді арнайы көркемдеуші-сәнгер жасайды. Ол сәнқой адамның
талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп
орындайды. Сән таңдау - жауапты іс. Адамның дене бітімі, талғамы, талабы әр
түрлі болғандықтан, сән таңдау да - күрделі, жауапты жұмыстардың бірі. Сән
журналдарынан киім таңдағанда абай болған жөн, өйткені сәнді таңдағанда,
жасаңды, дене өлшеміңді, бойың мен толықтығыңды, сән бағытын ескеру керек.
Сонымен қатар дене бітімінің кем-кетігін жасыратындай етіп ойластырып, оның
бірнеше эскиздерін сызған дұрыс. Ішінен керектісін таңдап, оған мата,
фурнитура таңдау жұмыстарын жүргізеді. Сәнге байланысты матаның түс
ерекшелігін шешіп, бұйымның қолданылатын орнын ескеріп, үлгі дайындалады.
Бұйымды сәндеу. Киімді сәндеу - ол жаңа сән коллекциясын шығарудағы
шығармашылық процесс. Сәннің екі түрі бар: техникалық және көркемдік сән.
Көркемдік сәндеумен жоғарыда айтып кеткендей, көркемдеуші-сәнгер
айналысады. Олар сәннің бағытын, қолдану орнын, кімге арналғанын, қандай
матадан тігілетінін, көркемдік әшекей түрін (сәндік тігістер, кесте,
жапсырма, таспа т.б.), түс ерекшелігін, фурнитура мен аксессуар (сөмке,
бөкебай, қолғап, бас киім т.б.) ескере отырып шығарады. Техникалық сәндеу -
сәнді эскиз сурет, фото бойынша шығару. Онымен инженер-конструкторлар
айналысады.
Олар сәннің эскизі бойынша сызба бөлшектеріндегі жеке элементтердің
құрылысын өзгертеді. Сәндеуге кіріспес бұрын: сән эскизімен мұқият таныс;
керек; қосалқы сызықтарды жүргізу - алдыңғы бөлшектің ортаңғы, кеуде мойын
сызықтарын жүргізу; эскиз бойынша сәннің қандай бөлшектеріне өзгеріс енгізу
керектігін анықтау; үлгіні қию.
Сәннің сырт көрінісін сипаттау. Сән таңдалған соң, оған сипаттама беру
керек. Ол үшін сәнге жалпы сипаттама беріп, содан кейін жеке бөлшектерді
сипаттайды. Жалпы сипаттамада бұйымның аталуы; пішімі (қатал немесе қиял);
түймеліктің түрі; бейнесі (қынамалы, тік т.б.); пішілуі (реглан, қондырма
және құрастырма жең); жағасының орналасуы; қалтасы (жапсырмалары рамкалы,
қақпа); белдемше (тік, кең етекті, қатпарлы т.б.) жазып көрсетіледі.
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу. Әшекейлерді түсіре білу - үлкен өнер.
Ол екінің бірінің қолынан келмейді. Тіпті күнделікті ине ұстап, киім тігіп
отырғандардың көбі әшекейлеуге келгенде шорқақтық танытады. Бұл заңды да
өйткені, әшекей салу - өнер. Оның өзіндік ерекшеліктері, талабы бар.
Жұмыстың орындалу техникасы мен технологиясын ескере отырып жасаған жөн,
өйткені технологиясы ауытқыған жағдайда орындалған жұмыстың сапасы да күрт
өзгеруі мүмкін.
Сонымен қамзолда, бешпентте, бас киімде көздің жауын алатын ою-
өрнектердің орындалу технологиясын қарастырайық. Олар көбінесе жапсырмалы
түрде орындалып жүр. Кез келген матаға жылтыраған жапсырма жасауды білу
керек.
Енді жапсырма киімнің қай тұсына орналасуы керек дегенге келсек, оның
бірден көзге түсіп тұруы заңдылық. Сол себепті жапсырманы омыраудын жоғарғы
тұсына, кеудеге, алдыңғы қос өңірге, жеңге, етекке және ретіне қарай иыққа,
арқаға орналастырады. Қалай болғанда да, ол бірден жарқ етіп, назарды өзіне
аударуы қажет. Жапсырма үшін тек қана қымбат, жылтыраған, тамсандыратын
алтын немесе күміс маталар алынады.
2 КИІМ ТАРИХЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Ұлттық киімді құрастыруды оқыту әдістемесі
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген (көтерген) кезеңде ең
алдымен қолға алар шаруамыздың біріде, бірегейі де ертенің ойлаған елдің
негізгі нысанасы, өкшебасар ұрпақтың саналы тәрбиесі.
Ұрпаққа берер тәрбие, дарытар ұлағат, әрине, ұлттық мектептердің
санымен емес сапасымен өлшенуге тиіс. Егер ұлт тілінде білім беріп, маман
даярлайтын бөлімдер мен топтардың санын ғана қуаламай сапасын да көтереміз
десек. Онда пән негіздері бойынша жақсы оқулықтар шығарып, әдістемелік
құралдар туғызуды, сондай-ақ оқыту үрдісін жарықтандыруды кейінге қалдыра
бермей мемлекеттік деңгейде бірігей жүйе мен әрі шұғыл қолға алу қажет.
Мәдени-этникалық білім беруді қолға алуға байланысты ұлттық өнерді
оқыту жүйесінің кең көлемді реформасы ғылымның жүйелі көмегінсіз тиімді
бола алмайды. Сондықтан этнопсихология, этнопедагогика, этнология және
диаспорология секілді ғылыми пәндердің болашақта терең қалыптасуы үшін
мемлекет тарапынан игі ықпал жасауы қажет.
Сонда ғана осы ауқымды ұлт, этнос, мәдени-этникалык тектестік,
жан-жақты мәдениетті тұлға және де басқа ғылымдарға теориялық талдау
жасауға мүмкіндік туады.
Міне осындай ата-баба мұрасындағы ұлттық дәстүрлердің мақсаттары
ретінде ұсынылған мәдени-этникалық және мемлекеттік тектестікке бұқаралық
ақпарат құралдарында жалпылай мәлімдеумен емес, білім беру жүйесі арқылы
барынша тиімді қол жеткізуге болады.
Білім беру ісі ұлттық сананы қалыптастырудың мәдени ұлттық мүдделерді
жүзеге асырудың құралы ретінде төмендегідей үш бағытта қарастырылуы тиіс;
- табыстаушылық (ұлттық мәдениетті, өнерді өркендету, сақтау және дамыту);
- саралаушылық (адамның этникалық топтың немесе этностың ұлттық-
мәдени қажеттіліктерін айқындау);
- ынтымактастырушылық (өнер мен мәдениеттердің өзара бірлігін бірігуін,
байытуын, жеке тұлғаның әлемдік және ұлттық мәдениет жүйесіне ұмтылысын
қамтамассыз ету).
Яғни ғылым дегеніміз, әзірше халықтың қалың қатпарлы мол мұрасы
тіркеумен ғана айналысып келеді. Дәстүрлі халық өнері дегеніміз қызмет
саласындағы жеке дара іс. Сондықтан да ол өзінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz