Кәсіпорында инвестициялық жобаларды ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3 1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

  1. Өнеркәсіптік кәсіпорында инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі . . . 6
  2. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер . . . 10
  3. Кәсіпорында инвестициялық жобаларды ұйымдастыру . . . 14
  1. «АТАМЕКЕН» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ . . . 17«Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау . . . 17«Атамекен» АҚ-ның қаржы-экономикалық тұрғыдан талдау жасау . . . 20Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау . . . 23
  2. ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 28Өнеркәсіптік кәсіпорынның нивестициялық тартымдылығын арттыру . . . 28Кәсіпорынның рейтингін бағалау . . . 31

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 2011 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады.

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарастырылады.

Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.

Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады. Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.

Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады, яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі. Қазақстанда дәл қазір бұған қолымыз жетпей отыр, өйткені нарық жағдайында қайшылықтар мәселесі шешімдер кезегін күтуде. Бір жағынан еркін кәсіпкерлік ортаны құру жене тұтынушылардың сұранысын ақтау өз бетінше әрекеттер жасауға әкеліп тірейді, яғни технологиялық жаңалықтарды енізіп, іске қосу керек. Екінші жағынан терең экономикалық дағдарыс, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, ҒЗТКЖ-ге жұмсалатын қаржының азаюын атап өтуге болады. Жоғарыда айтылып кеткен факторлардың әсері болу үшін, инновацияны енгізудегі ғылыми-техникалық қол жеткізушіліктерді қабылдап алу міндетті, өйткені олар жаңа жаңалықтарды енгізушілікті бақылайды және оның іс жүзінде жаңа өнім ретінде сатылуын, қаржының жұмсалуы, техника мен технологияның жаңарып ауысуы, осы жаңа енгізулерді тиімді түрде пайдаланып экономикалық даму септілігіне ие болады

ҚР Президентінің халыққа 01. 03. 2011 жылғы жолдауында былай делінген: «Біз ндустриалды-инновация стратегиясын жүзеге асыруды бастадық, бұл экономиканың әртараптануы, яғни болашаққа арналған бағдарлама».

Біз бәсекеге қабілетті және осы бәсекелестікті әлдеқайда жоғарылытатын экономикалық әлеуетке ие басымдықты саланы таңдадық, мұнымен біз Қазақстандық кластерлікті дамыту жүйесінің бастамасын құраймыз деп білеміз.

Еліміздегі кәсіпорындардың экономикасын дамыту үрдісінде инвестициялар тарту саласында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру мен оны дәйектi түрде жүзеге асыру үлкен мәнге ие болып отыр. Зерттеуге алынған тақырыптың өзектiлiгi осы жағдайлармен түсiндiрiледi

Қазіргі кезде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның дамуы қалыптастырыла бастады. Мемлекеттік институттардың даму капитализациялары жылдың басында 730 АҚШ долларын құрады, ал инвестициялық болжамалар 1 млд. 200 млн АҚШ долларын құрайды.

2010 жылы 2014 инвестициялық жобалар іске асырылған, соның ішінде тең жартысы- даму институтының көмегімен жүзеге асқан.

Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі: «Атамекен» АҚ-ы

Зерттеу негізі: кәсіпорында инвестициялық тартымдылық үрдісін танып-білу.

Курстық жұмысты зерттеуіндегі қолданған әдістер:

  • әдебиетке аналитикалық шолу;
  • инвестициялық үрдіске талдау жасау;
  • құрылымдық-функционалды әдіс.

Курстық жұмыстың мақсаты- кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарының теориялық және әдістемелік негiздерiн зерттеу, инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгiн талдау және инвестициялық саясатты жетiлдiру және рейтингтік бағасын анықтау жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

кәсіпорынның инвестициялық әрекетінің теориялық және басқарудың әдістік тәсілдерін танып-білу.

«Атамекен» АҚ-ың инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарын қарастыру.

«Атамекен» кәсіпорынының экономикалық қызмет әрекеттеріндегі қазіргі заманға лайық басқаруының даму жолын қарастыру.

Курстық жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен бағдарламалары, отандық және шетелдік ғалым - экономистерінің еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері алынды.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 НАРЫқ ЖАҒДАЙЫНДА ӨнеркӘсіптік кӘсіпорынның Инвеститциялық ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛыЯҚ негіздері.

  1. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.

Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер” атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды.

Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк өндiрiстiң дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен, “инвестициялар” категориясының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн анықтап алу қажет.

Инвестициялар - бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.

“Инвестиция” терминi (латын тiлiнiң investio- киiндiремiн) ғылыми және публисцистикалық әдебиеттерде кең қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т. б. ) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.

Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы.

Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн. Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В. Бочаров инвестицияны тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде болады.

В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.

Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.

lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т. б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.

Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) - жаңа кәсiпорын құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) - мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк капиталын - негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды.

Жаңа өндiрiстi құруға бағытталған инвестиция-лар: Жаңа өндiрiстi құруға бағытталған инвестиция-лар
:
Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвес-тициялар: Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвес-тициялар
:
Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвес-тициялар: Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвес-тициялар
:
Мемлекеттiк басқаруоргандарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар:

Мемлекеттiк басқару

органдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар

Тәуекелдiлiктiң жоғары Тәуекелдiлiктiң төмен

дегейi деңгейi

1-сурет-Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланыс.

Сонымен қатар, тiкелей және жанама инвестициялар болады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында тiкелей инвестициялар - бұл Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiне байланысты және Қазақстан Республикасына берiлетiн ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберiне кiретiн инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрi. Ал жанама инвестициялар - бұл бағалы қағаздар немесе мүлiктiк құнды заттар жиынтығына жасалған салымдар, деп көрсетiлген.

Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.

Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:

1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;

2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялардың мақсаты - iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;

3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.

4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады.

Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.

Инвестициялық iс-әрекеттiң объектiлерiн пайдаланушылар ретiнде инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк және жергiлiктi мекемелер, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы орта құрылмына мыналар кiредi:

  • күрделi құрылыс ортасы, мұнда салалардың негiзгi және айнымалы өндiрiстiк қорларға инвестиция салу жүргiзiледi;
  • инновациялық орта, мұнда ғылыми-техникалық өнiм және интеллектуады потенциал iске асырылады;
  • қаржылық капитал айналымы ортасы (әртүрлi түрдегi ақшалай, қаржылық және қарыздық мiндеттемелер) .

Нарықтық экономика жағдайында негiзгi инвестициялық шешiмдер шаруашылық субъект деңгейiнде қабылданады. Кәсiпорында қаржы салымдарын жасау үшiн бiрнешесе альтернативтi қаржыландыру мүмкiндiктерi бар. Бiр-бiрiне ұқсамайтын бұл қаржыландыру көздерi бiрге қолдануы мүмкiн. Тәжiрибеде солай жиi болады.

  1. кесте - Қаржыландыру көздерiн топтастыру.
Қаржы ресурстары: Қаржы ресурстары
Кәсiпорындағы инвестициялау көзi: Кәсiпорындағы инвестициялау көзi
Қаржы ресурстары: 1
Кәсiпорындағы инвестициялау көзi: 2
Қаржы ресурстары:

1. Жеке

  1. Амортизациялық қаржы бөлiнулер (негiзгi қорлар мен материалды емес активтерге салынған тозу қаржылары)
  2. Жалпы пайдаТауарлар мен қызмет көрсетулердi өткiзуден түскен пайда (кәсiпкерлiк табыс. Басқа да өткiзулерден түскн табыс. Өткiзуден тыс нәтижелердiң (табыстар) сальдосы. Резервтiк қор
  3. Жөндеу қоры.
  4. Сақтандыру резервтерi
  5. Бақалар
Кәсiпорындағы инвестициялау көзi:

Өткiзуден түскен түсiм (өзiндiк құн)

Өткiзуден түскен табыс

Басқа да өткiзулерден түскен табыс

Өткiзуден тыс табыстар

Жалпы табыс

Таза табыс

Қаржы ресурстары:

2. Тартылған қаражаттар.

2. 1. Ағымадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары.

2. 2. Бағалы қағаздарды эмиссиялаудан түскен қаражаттар.

2. 3. Еңбек ұжымының мүшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың табыстық және басқа да жарналары.

2. 4. Сақтандыру төлемдерi.

2. 5. Франчайзинг, селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi

2. 6. Басқалары

Кәсiпорындағы инвестициялау көзi: Сәйкес инвесторлардың қорлары
Қаржы ресурстары: 3. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер
Кәсiпорындағы инвестициялау көзi: Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары
Қаржы ресурстары: 4. Бюджеттiк емес қорлардан түскен түсiмдер
Кәсiпорындағы инвестициялау көзi: Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары.
Қаржы ресурстары:

5. Қарыздық қаражаттар.

5. 1. Банк несиесi

5. 2. Басқа да қаржылық институттардың несиелерi

5. 3. Бюджеттiк несие

5. 4. Коммерциялық несие

5. 6. Басқалары

Кәсiпорындағы инвестициялау көзi: Несие берушiлердiң қорлары
Қаржы ресурстары:

6. Тартылған қаражатар

6. 1. Аығмадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары.

6. 2. Бағалы қағаздарды эмиссиялаудан түскен қаражаттар.

6. 3. Еңбек ұжымының мүшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың пайдалық және басқа да жанрлары.

6. 4. Сақтандыру төлемдерi.

6. 5. Франчайзинг, селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi.

6. 6. Басқалары

Кәсiпорындағы инвестициялау көзi: Сәйкес инвесторлардың қорлары
Қаржы ресурстары: 7. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер.
Кәсiпорындағы инвестициялау көзi: Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары
Қаржы ресурстары: 8. Бюджеттiк емес қорлардан түскен тұсiмдер.
Кәсiпорындағы инвестициялау көзi: Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары

Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектiсі кәсіпорындар немесе мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т. б. ) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi.

Жалпы жинақтар - бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк шығындар да жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының бiр бөлiгi және бұл инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.

Жалпы мемлекет көлемiнде жалпы инвестициялар мен жинақтар бiрдей деуге болады. Жалпы жинақтар мен инвестициялардың бiрдейлiлiлiгi, бөлек экономика секторларында басқаша болуы мүмкiн. Дамыған несиелiк-қаржылық жүйе жағдайында жинақтардың иесi кiс екендiгiнiң принципиалды маңызы жоқ, себебi, бұл қаражаттар қаржы қорларында несиелеу операцияларында мобилизацияланады.

  1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштері.

Әрбір кәсіпорын өзінің инвестициялық саясатын жүргізу керек, ол үшін оның тактикасы болу керек. Біз оны стратегялық инвестициялық саясат дейміз.

Инвестициялық саясат дегеніміз - инвестицияның жиынтық көрсеткішін іске асыру және сол іске асырудын механизмі.

Табыс алу мақсатында көлемді кұрлымды белгілейтін шаруашылық шешімдердің жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында (кәсіпорын, фирма, компания) жүргізетін негіз - кәіпорынның инвестициялық саясатын құрайды. Осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы: өңдірістің құрлымын жетілдіру, даму қарқын жылдамдату және т. б. Ерекше орын алатын - жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін жоғарлату.

Басқарудың экономикалық әдісін кең қолдану жағдайында кредиттік жағдайды кешіру және нарыктық қатнастарға өтуде перспективаға инвестициялық саясаттың ғылыми дәлелдігін қамтамассыз ету керек, жаңа шаруашылық механизіммен инвестицияны болжау мен жоспарлау тәжірибесін байланыстыру және салымдардың ұтымды жолдарын қамтамассыз ету, елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі бағдарламасының бірі сияқты оның нәтижелігін жоғарлату болып табылады.

Кәсіорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынандай шараларды қолдану керек:

  • экономикалық, ғылыми техникалық, әлеуметтік жетістіктерге жетудің жолдарын табу;
  • пайданы көздеу;
  • жалпы шығындарды азайту;
  • мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны, гранттан келген қаржыны дұрыс пайдалану;
  • дүние жүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;
  • инвестициялық тәуекелділік;
  • инвестицияның өтімділігі.

Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.

Инвестициялық өтімділіктің бір түрі - пайдық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай - атаулы бағалы қағаз болып табылады. Әр инвестициялық пай иемденушісіне бірдей құқық береді. Инвестициялық пайды шығару тәртібі, оларды орналастыру, айналымға жіберу бағалы қағаздар нарығындағы федералды комиссия шешеді.

Инвестициялық пай - құжатты және құжатсыз нысанда шығарылады. Инвестициялық пайдын мерзімі аңыкталмайды. Инвестициялық пай бойынша процент және дивидент есптелінбейді.

Инвестициялық пай қорының мүлкі және инвесторлардын құқығы жүргізуші кәспорынның келісім шарты негізінде мамандырылған депозиттарімен жүзеге асады. Инвестициялық пай қордын тек бір ғана маманданған депозитариі болады.

Инвестициялық пай қоры инвесторлардын мамандырылған депозиттари есебіне берілген және жүргізүші кэсіпорынның сенімді жерінде болған мүлкі негізінде құрылады.

Мамандырылған депазитариға және жүргізуші кәсіпорынға есеп үшін берілген мүлік инвестициямен пайды, инвестициялық пай қорын алу үшін жүзеге асады.

Инвестициялық пай қордын құрылуы инвесторлардын жүргізуші кәсіпорыннан инвестициялық пайды алу негізінде болады. Инвестициялық пай қорынан инвестициялық пайды алатын инвестордын қаржысы мамандандырылған депозиттари есебінен түседі.

Инвестициялық пай қоры 2 нысанда болады:

  • ашық;
  • интервалды.

Егер жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды инвесторлардын сұрауы бойынша уақытында және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп бойынша сұрау күннен бастап 15 күннен кешіктірмей сатып алуды міндеттіне алса, онда ол қор ашық болады.

Инвестициялық пайды орналастыру жағдайында ол тек қана ақша қаражаттарымен төленеді. Орналастыру жағдайында ескере кететен бір жағдай: толық төленбеуге немесе төлемді кейінге қалдыруға болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімінің резервтері
Инвестициялық жобалардың түрлері
Инвестициялық жобаға түсінік
Қазақстанның инвестициялық саясаты
Қр-ның экономикалық өсіміне экспортты-импорттық операциялардың әсері туралы
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
Қр-да инвестициялық саясаттың мәні мен мағынасы
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары
Кәсіпорындaғы инвестицияның экономикалық негіздері ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz