Палата мүшелерінің құқықтары мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі.

1. 1 Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметінің пайда болуы . . . 4

1. 2 Қазақстанның кәсіби бағалаушылар палатасы . . . 11

1. 3 Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары және түрлері . . . 15

II. Бағалау қызметінің міндеттері мен негіздемелері.

2. 1 Бағалаушының құқықтары мен міндеттері . . . 22

2. 2 Бағалау қызметін жүзеге асырудың негіздемелері мен шарттары . . . 27

III. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі және оның дамуы перспективалары.

3. 1 Бағалау қызметінде мәселелерді шешу жолдары . . . 30

3. 2 Қазақстан Республикасында бағалау қызметін алға қарай дамыту жолдары . . . 32

Қорытынды . . . 35

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 37

Кіріспе

Нарықтық экономика өзімен бірге көптеген қызмет түрлерін, талап-міндеттерді ала келді. Соның бірі - бағалау қызметі. Нарық заманында әрбір дүниенің (мүлік, жер, бизнес, т. б. ) нарқын белгілеу алдыңғы кезекке шықты десек, бұл талап өз кезегінде бағалау қызметінің пайда болуына алып келді. Жақында Алматы қалалық Әділет департаментінің мұрындық болуымен еліміздегі бағалау қызметінің мәселелерін талқылауға арналған жиын өтті. «Бағалау қызметін дамытудағы құқықтық аспектілер» деген айдар тағылған жиында отандық бағалаушылар мен олардың жұмысын заң шеңберінде бақылайтын департамент қызметкерлері бас қосты.
Жоғары кәсіптік мамандардың бар болуы мүлікті табысты басқаруды анықтайтын факторлардың бірі болып табылады. Сарапшы- бағалаушылар мемлекеттік мекемелерде, сонымен қатар жеке фирмаларда, банктерде, сақтандырушы және аудиторлық компанияларда қызмет атқара алады.

Назар аудара кететін жайт, барлық бағалаушылар-жеке тұлғалар, соның ішінде заңды тұлғаларға лицензия беру туралы бұйрықтың негізіне сәйкес олардың фамилиясы көрсетілген бұрын бағалаушылар ұйымында қызмет атқарғандар бағалаушылар қызметі туралы заңнамаға енгізілген өзгертулерге сәйкес дербес лицензиялары болуы тиіс. Бағалаушылар ұйымдардарында жұмыс істейтін, бағалаушылар палатасының бір мүшесі болып табылатын жеке тұлғалар, осы немесе басқа бағалаушылар палатасының дербес мүшесі болуға міндетті.

Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру бағалаушы көрсететiн қызметтердiң тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн шарттарының бiрi болып табылады.
Бағалаушының бағалау жүргiзу нәтижесiнде келтiрiлген зиянының салдарынан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

Бағалау қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бағалау қызметiмен айналысу құқығына үмiткер жеке тұлғалар олардың бiлiктiлiк деңгейiн анықтау мақсатында бiлiктiлiк емтиханынан өткiзiледi.
Бiлiктiлiк емтиханын қабылдау үшiн құрамына мүшелердiң тақ саны кiретiн кемiнде бес адамнан тұратын бiлiктiлiк комиссиясы құрылады. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына бағалаушылар палаталарының өкiлдерi мiндеттi түрде кiредi, олардың саны комиссия құрамының жалпы санының кемiнде екiден бiрiн құрауға тиiс.
Америка Құрама Штаттарына жүргізілетін бағалау процесстері Ресей мен Қазақстанда жүргізілетін багалаудан айырмашылықтары көп емес, алайда олар бар. Біріншіден, жалпы бағалау процессіне тоқталайық, екіншіден, оның әдістері мен тәсілдеріне.

Америкада бағалауды жүргізуге әсер ететін фактордың біріне тозуды есептеу мерзімі жатады.

Тозуды есептеу мерзімі. 1986 жылғы салық реформасы туралы Заңы бойынша, 1986 жылдан кейін сатып алынған жылжымайтын мүлікке тозу есептеледі. Тұрғын үйлерге 27, 5 жы, ал тұрғылықты емес объектілер үшін 31, 5 жыл. Сонымен қатар бұл мерзімнің 40 жылға дейін үлкейтілуі қарастырылған. Салық салу мақсатында тозуды есептеу периоды, Конгреспен қабылданған және АҚШ президенті қол қойған заңмен реттеліп отырылады.

Кез келген экономикалық қызметтің табыстылығы 4 фактормен анықталады: Жер, жұмыс күші, капитал және басқару. Жылжымайтын мүлікті бағалау үшін оның табысының қалыптасуына әр фактордың қосқан үлесін білу қажет. Әр фактор белгілі қызметпен құралатын табыстан төленуі қажет. Жер жылжымайтын болғандықтан, жұмыс күші, капитал, басқару факторлары оған тартылуы керек. Яғни, алдымен осы факторларға компенсация жасалуы қажет, қалған ақша сомасы оның иесіне жер қойнауын пайдаланғаны үшін төленуі керек.

Соңғы кезеңдердегі Қазақстанның қаржы нарығында қалыптасқан маңызды мәселелердің бірі бағалау қызметінің сапасын көтерудің қажеттілігін түсінуге алып келді. Бірінші кезекте, бұл мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынатын жер телімдерін дұрыс бағалау қажеттілігімен байланысты. Сонымен қатар, ипотекалық нарықтағы мәселелер де дұрыс болмағанның нәтижесі. Дұрыс бағаламаудың әсерінен инновациялық бизнесті дамыту шаралары, «ноу-хау» күтілген нәтижелерге әкелмейді. Сонымен қатар, Бағалы қағаздар нарығы инвесторлардың бағаланған бизнес құнына толығымен сенетіндей жағдай болғанда ғана дамиды. Яғни, бағалаушы - нарықтық экономикадағы маңызды тұлға, ал дұрыс емес бағалау көлеңкелі бизнес ортасының дамуына ықпал етеді.

1. 1 Қазақстан Республикасының бағалау қызметiнің пайда болуы.

Тәуелсіздік алғалы нарықтық экономика сөзі санамызға әбден сіңді. Нарықтық экономика өзімен бірге көптеген қызмет түрлерін, талап-міндеттерді ала келді. Соның бірі - бағалау қызметі. Нарық заманында әрбір дүниенің (мүлік, жер, бизнес, т. б. ) нарқын белгілеу алдыңғы кезекке шықты десек, бұл талап өз кезегінде бағалау қызметінің пайда болуына алып келді. Жақында Алматы қалалық Әділет департаментінің мұрындық болуымен еліміздегі бағалау қызметінің мәселелерін талқылауға арналған жиын өтті. «Бағалау қызметін дамытудағы құқықтық аспектілер» деген айдар тағылған жиында отандық бағалаушылар мен олардың жұмысын заң шеңберінде бақылайтын департамент қызметкерлері бас қосты.
Жиынға Әділет Департаменті бастығының орынбасары Қанат Базарбаев, баспасөз қызметінің жетекшісі Салима Якупбаева, құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңдық көмек көрсету бөлімінің мамандары, бағалауу қызметін қадағалаушылар Қанат Байымбетов пен Берік Бержанов қатысты. Сондай-ақ, қаламыздағы бағалаушы компаниялардың жетекшілері - «Business-CosuItinq» ЖШС директоры - Р. Малғаждарова, «American Appraiser» ЖШС директоры - Е. Есжанов, «FM ConsuIting» ЖШС директоры - А. Сейтенова, және «Tим ЛТД» ЖШС директоры - М. Сабралиевтер де дөңгелек үстел басынан табылып, бағалау қызметіне қатысты ойларымен бөлісті.
Бағалау қызметі біздің елімізде де заңмен жүйеленген. 2000 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының «Бағалау қызметі туралы» заңы қабылданды. Бағалау қызметі нарықтық экономиканың бірден-бір құралы болғандықтан, мемлекет тарапынан құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы № 858 Жарлығымен бекітілген «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясында» айқындалған. Осы орайда, мемлекеттік бағалау стандарттарын анықтау, бағалау қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және осы саладағы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру секілді құқықтық шаралар өткізу қажеттілігі туындайды. Бұл мәселені шешу жолындағы маңызды қадам деп Қазақстан Республикасының «Бағалау қызметі туралы» заңына 2010 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды атап өтуге болады. Аталмыш толықтырулар мен өзгертулер бойынша бағалаушы өзі мүшесі болып табылатын бағалаушы палатасы енгізген іскерлік және кәсіптік әдеп ережелері мен бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бағалау стандарттарын сақтауға міндетті. Бағалаушының бағалауқызметі бойынша заңды бұзбауын мемлекет қадағалайды. Үкіметтің 2007 жылғы «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері» туралы ережесіне үкімет тарапынан үстіміздегі жылдың мамырында әкімшілік кедергілерді жою мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұрынғы ереже бойынша лицензиат филиалдың ашылуы туралы, орналасқан жерінің өзгеруі жайлы, заңды тұлға атынан мүлікті бағалауды жүзеге асыру құқығы бар жеке тұлғалар тізімінің өзгеруі туралы уақытында ескертпеген жағдайда және құжаттарды дер кезінде тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген болатын. Биылғы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, бұл әкімшілік жауапкершілік алынып тасталды. Алайда, бағалаушылардың есептері заң талаптарына сәйкестендірілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда бағалаушы заңды тұлға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 357- бабы 2-тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Әділет департаменті құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңдық көмек көрсету бөлімінің жетекші маманы Берік Бержанов: «Бізде бағалаушы заңды тұлғалардың жұмыстарына жоспарлы тексерулер болып тұрады және олардың тарапынан әкімшілік құқық- бұзушылықтар кездеседі. Мысалы, биылғы жылдың 1-ші жартыжылдығында 50-ден аса заңды тұлға тексерілген болатын. Нәтижесінде, 6 заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Өйткені, олардың бағалау есептері заңға қайшы жасалған», - деп атап өтті.
Елімізде бағалау қызметіне байланысты мәселелер жетерлік. Соның бірі - бағалаудың халықаралық RІСS стандартына өту болып отыр. Бұл ағылшын елінің мамандандырылған бағалаушыларымен жасалған стандарт. Бұл стандарт біздің елде әлі қолданысқа енбеген. «Amerіcan Appraіser» ЖШС директоры Ерлан Есжанов елімізде RІСS бөлімшесін ашу жоспарланып отырғандығын, отандық мамандар аталмыш стандарт бойынша Мәскеуден білім алып келгендігін айтып өтті. Алайда, «Busіness-Consultіng» ЖШС директоры Раушан Малғаждарова отандық бағалау қызметінде халықаралық RІСS стандартына көшу әлі бірнеше жылдарды талап ететіндігін еске салды.
Жалпы, Қазақстанда төрт мыңға жуық бағалаушы орын тіркелген. Олардың 60 пайызы Алматыда жұмыс істейді екен. Әрине, бұл кең байтақ еліміз үшін аздық етеді. Отандық бағалаушылар еліміздегі бағалау қызметінің көп бөлігі жылжымайтын мүлікке қатысты жүзеге асатындығын айтуда. Бағалау қызметін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиісті деңгейде еместігі, алдағы уақытта мұның аясын кеңейту керектігі мәселенің бір парасы. Айта кетерлігі, отандық бағалау қызметін атқаратындардың көбі шетелдік бағалаушы компаниялардың өкілдері. Отандық бағалаушылардың үлес салмағы өте аз. Бағалаушы компаниялардың атаулары өзге тілде екендігі осы сөзіміздің айғағы. «Неге қазақша атау бермейсіздер?» деген сауалымызға ар жақтағы «қожайындары» рұқсат бермейтіндігін алға тартады. Компания атаулары ғана емес бағалаушы мамандардың өздері де мемлекеттік тілге шорқақ. Олардың ісқағаздары да ағылшын және орыс тілдерінде жүргізіледі екен. Бағалау қызметінде қазақ тілінің бағаланбай жатқандығы жанға батты.

Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдардағы құқықтық саясат Концепциясында көрсетілгендей, бағалау қызметі тұрақты назар мен толық жетілдіруді қажет ететін нарықтық экономиканың маңызды құралы болып табылады.

Толық жетілдіру мақсатымен бағалаушылар палатасының құқықтық жағдайы мен өкілеттілігіне, оқыту мен қайта дайындау, бағалаушылар қызметі туралы заңнаманың талаптарын бағалаушылармен орындалуын қамтамсыз етуге, бағалау үлгісіне (стандартына), іскерлік және кәсіптік этиканың ережелеріне арналған 2000 жылы «Қазақстан Республикасындағы бағалаушылар қызметі туралы» Заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Одан басқа, бағалаушы құрылған бағалаушылар палатасының бірінің мүшелігінде міндетті түрде болу керек екендігі қарастырылған. Бұл жаналық бағалаушылар қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыратын бағалаушыларды бағалаушылар палатасына біріктіру жолымен бағалаушылар қызметінің негіздерін нығайтуға жол береді.

Қазіргі уақытта бағалаушылар қызметі экономиканың дербес саласы ретінде қызмет атқарады және қоғамдық қатынастар инфрақұрылымының маңызды элементі болып табылады. Жоғары кәсіптік мамандардың бар болуы мүлікті табысты басқаруды анықтайтын факторлардың бірі болып табылады. Сарапшы- бағалаушылар мемлекеттік мекемелерде, сонымен қатар жеке фирмаларда, банктерде, сақтандырушы және аудиторлық компанияларда қызмет атқара алады.

Нарықтың шегіндегі жақсы бәсекелестікте өзі реттелетін палата білікті мамандар-бағалаушылардың келуіне, өз мүшелерінің кәсіптік білімінің деңгейін арттыруына, олардың қызметін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етулері тиіс. Осындай жолмен, нысандық белгісі бойынша қызмет атқаратын бағалаушылар институтынан бағдары кәсіптілік болып табылатын тетікке өтуге нақты қажеттілік толықтай туындады.

Сонымен қатар, уәкілетті органмен бекітілген республика аумағында барлық субъектілермен бағалау қызметінің бағалау стандарттарын сақтау бойынша жалпыға міндеттілік белгіленді. Бағалау стандарттарының қатарына халықаралық бағалау стандарттарын қолдануға жол беріледі.

Енгізілген толықтырулар «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңды да қозғап өтті. Мемлекеттік бақылау және қадағалаудың қызметінің 24 тармағында осы заңға қосымша ретінде әділет органдарына бағалау қызметі саласына бақылау жүргізу бекітілді. Заңның аралық ережесі бағалаушылармен және бағалаушылар палатасымен өз қызметін заңға сәйкес атқаруға байланысты. Тәжірибеде, көптеген жағдайларда бағалаушылар қызметінің лицензиаттарына кезектен тыс тексеру жүргізудің негізі болып бағалаудың қорытындысын даулайтын заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштері, сонымен қатар, заңнаманы бұзғандығы туралы сот процесі кезінде анықталған бағалаушыларға қатысты соттың ұйғарымдары табылады.

Назар аудара кететін жайт, барлық бағалаушылар-жеке тұлғалар, соның ішінде заңды тұлғаларға лицензия беру туралы бұйрықтың негізіне сәйкес олардың фамилиясы көрсетілген бұрын бағалаушылар ұйымында қызмет атқарғандар бағалаушылар қызметі туралы заңнамаға енгізілген өзгертулерге сәйкес дербес лицензиялары болуы тиіс. Бағалаушылар ұйымдардарында жұмыс істейтін, бағалаушылар палатасының бір мүшесі болып табылатын жеке тұлғалар, осы немесе басқа бағалаушылар палатасының дербес мүшесі болуға міндетті. Осы уақытта, бірлесуді таңдау бостандығын қамтамсыз ету үшін, бағалаушы- жеке және заңды тұлғалар сол облыста жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде салық органдарында тіркелсе, Палатаға мүшелікке кіруге міндетті емес. Осындай жолмен, «Қазақстан Республикасындағы бағалаушылар қызметі туралы» Заңымен бағалаушы Қазақстанның барлық аумағындағы нысандарды бағалауға құқығы бар және кез-келген облыс орталығында, республикалық маңызы бар қалаларда немесе республика астанасында палатада тұра алады.

Сонымен қатар, «бағалаушылар қызметі туралы сұрақтар бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы » Заңының 2 бабы 2 тармағына сәйкес, осы заңға енгізу кезінде бағалаушылар қызметін жүзеге асырып жатқан жеке және заңды тұлғалар қолданысқа енгізілген уақыттан бастап 9 ай ішінде, яғни 2010 жылдың 5 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалаушылар палатасының мүшелігін қабылдау тиіс болатын.

Қазіргі уақытта палатада мүшелікте болмау, бағалаушылар бағалауды жүзеге асыра алмайды. Сондықтан, осы бағалаушымен берілген бағалау туралы есеп жарамсыз болып табылады.

2010 жылдың 14 қыркүйегінде «Астаналық бағалаушылар палатасы»(әрі қарай-Палата) палата мүшелерінің жалпы жиналысында Палатаның Жарғысы бекітілді. Палатаның Жарғысында «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» ҚР-ның Заңымен бекітілген барлық қызметтері көрсетілген.

Көптеген жағдайда, Заң мен Жарлыққа сәйкес, бағалаушылар палатасының қызметтері болып мыналар табылады:

- Бағалаушыларды оқыту және қайта даярлау;

- Өз мүшелерінің ақпараттық және әдістемелігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

- Палатаның бағалаушысының бағалау қызметіне қызмет көрсету саласы бойынша тұтынушылардан келіп түскен арыз, шағым және ұсыныстарды қарау;

- Мемлекеттік органдармен, өзін-өзі басқару органдарымен, сонымен қатар халықаралық кәсіптік бағалаушылар ұйымдарымен өз мүшелерінің мүдделерін көздейтін ұсыныстар енгізу;

- ҚР заңнамасына сәйкес бағалаушылар палатасының лицензиясынан айыру немесе әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғау туралы уәкілетті органға ұсыныс беру және т. б.

Қазіргі уақытта Палатаның мүшелері болып 57 жеке тұлға және 21 заңды тұлға табылады. Палатаның өз мүшелерін ақпараттық және әдісдемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша қызметін тиісті жүзеге асыру үшін Палатаның «www. pospo. kz» интернет-сайты бар.

Бағалаушылар қызметі бойынша толық ақпарат алу үшін, тиісті кеңес беретін Астана қ-сы «Столичная палата оценщиков» Отырар 15-те орналасқан Астана қаласының Бағалаушылар Палатасына жүгіне ала аласыз.

Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi

Қазақстан Республикасының бағалау қызметi

1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау - бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
2) бағалау амалы - бағалаудың бiр немесе бiрнеше әдiстерiн пайдалана отырып, бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау тәсiлi;
3) бағалау әдiсi - бағалау объектiсiнiң нарықтық және өзге құнын белгiлеу үшiн пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы iс-қимылдар жиынтығы;
4) бағалау күнi - бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құны анықталатын күн немесе уақыт кезеңi;
5) бағалау қызметi - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бағалау объектiлерiне қатысты бағалаушылар жүзеге асыратын белгiлi бiр күнге нарықтық немесе өзге құнды белгiлеуге бағытталған кәсiпкерлiк қызмет;
6) бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер - бағалау жүргiзуге, бағалау туралы есептерде пайдаланылатын амалдар мен әдiстерге, олардың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды белгiлейтiн актiлер;
7) бағалау стандарттары - бағалау қызметi саласындағы ережелер, принциптер мен сипаттамалар жалпыға бiрдей және бiрнеше рет пайдалану үшiн белгiленетiн нормативтiк құжат;
8) бағалау туралы есеп - бағалаушының бағалау жөнiндегi жұмыстың нәтижелерi туралы тапсырыс берушiге берiлетiн, уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша және осы Заңның талаптарына сай келетiн жазбаша хабарламасы;
9) бағалаушы - бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар және мiндеттi түрде бағалаушылар палаталарының бiреуiнiң мүшесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
10) бағалаушылар палатасы - бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн құрылатын коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдық-құқықтық нысаны;
11) бұрыс бағалау - жоқ объектiге немесе бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, бағалау стандарттарының талаптарын бұза отырып, бағалау туралы есепте бағалау объектiсiнiң нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға әкеп соғатын бұрыс деректердi пайдалана отырып, жүзеге асырылған бағалау;
12) қайталап бағалау - бағалау қызметi субъектiлерiнiң арасында бағалау нәтижелерi бойынша туындайтын даулардың салдарынан объектiнiң нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
13) нарықтық құн - мәмiле жасасушы тараптар бағалау объектiсi туралы қолжетiмдi барлық ақпаратты иелене отырып әрекет ететiн, бәсекелестiк жағдайындағы мәмiленiң негiзiнде сол объектiнi иелiктен шығаруға болатын ақшалай есеп айырысу сомасы, ал мәмiленiң бағасына:
мәмiле жасасушы тараптардың бiрi бағалау объектiсiн иелiктен шығаруға, ал екiншi тарап сатып алуға мiндеттi болмағанда;
мәмiле жасасушы тараптар мәмiленiң нысанасы туралы жақсы хабардар болып, өз мүдделерiне әрекет еткенде;
мәмiленiң бағасы бағалау объектiсi үшiн ақшалай сыйақының баламасы болып табылса және мәмiле жасасушы тараптарға қатысты қандай да бiр тараптан мәмiле жасауға мәжбүрлеу болмағанда, қандай да бiр төтенше жағдайлар әсер етпейдi;
14) өзге құн - бағалау объектiсiнiң нарықтық құнынан басқа, түрлерi бағалау стандарттарымен белгiленетiн өзге құны;
15) тапсырыс берушi - бағалаушы көрсететiн қызметтердi тұтынушы жеке немесе заңды тұлға;
16) уәкiлеттi орган - бағалау қызметi саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
17) үшiншi тұлғалар - бағалаушылар мен тапсырыс берушiлердiң қатарына кiрмейтiн, бағаланатын мүлiкке, бағалаушының бағалау қызметiне және тапсырыс берушiнiң тапсырысына белгiлi бiр қатысы бар тұлғалар.

1. Бағалаушылар, тапсырыс берушiлер және үшiншi тұлғалар бағалау қызметiнiң субъектiлерi болып табылады.
2. Бағалаушы жеке тұлғалар осы Заңға сәйкес бағалау қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғамен еңбек шартының негiзiнде не Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негiзiнде дара кәсiпкер ретiнде дербес бағалау қызметiмен айналысуға құқылы.
3. Бағалаушы заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негiзiнде бағалау қызметiмен айналысуға құқылы.
Бағалау объектiлерi

Бағалау объектiлерiне:

1) жекелеген материалдық объектiлер (заттар), оның iшiнде қараусыз қалған, иесiз мүлiктер;

2) тұлғаның мүлкiн, оның iшiнде мүлiктiң белгiлi бiр түрiн (жылжымалы немесе жылжымайтын) құрайтын заттардың жиынтығы;

3) меншiк құқығы және мүлiкке немесе мүлiктiң құрамындағы жекелеген заттарға өзге де заттық құқықтар;

4) мiндеттеменi (борышты) талап ету құқығы;

5) жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат;

6) интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi;

7) азаматтық құқықтардың өзге де объектiлерi жатады. K941000
Бағалау түрлерi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нотариаттың қызметінің түсінігі. Нотариаттық қызметтің пәні мен әдісі
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі
Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ НОТАРИАЛДЫҚ НЫСАНЫ
Қазақстан Республикасының парламенті
Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі
Халықаралық парламент
Қазақстан Республикасы нотариаттық қызметтің конституциялық құқықтық негіздері
Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаттары
Қазақстан үкіметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz