Қазақстанның істейтін және болашақтық кен орындар қорларының сипаттамасы және көмір шығару көлемдері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3-5

І-тарау:Негізгі бөлім:

1. 1. Қазақстанның отын-энергетикалық қорының жағдайы мен болашағы16-9

1. 2. Қатты отын қорлары және оларды пайдалану мүмкіншілігі10-12

1. 3. Қазақстан Республикасының шикізаты . . . 13-19

II-тарау: Мұнай және газ қорлары және оларды пайдалану болашағы20-21

2. 1. Қазақстан отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) басқаруды жетілдіру. . 22-23

2. 2. Энергетикада баға түзуді қалыптастыру 24-27

2. 3. Қазақстан Республикасының шикізат мөлшері . . . 28-29

Қорытынды. . 30-31

Қолданылған әдебиеттер132

Кіріспе

Қазақстан егемен ел ретінде даму барысында экономикалық өзгерістердің әр түрлі сатыларынан өтіп келеді. Басты мақсат - нарықтық қатынастарды қалыптастыру. Осы қиын жолда едәуір жетістіктер де бар. Ұлттық валюта тұрақтанды, өркениетті сауда жөнделуде, ол бастапқы кезде орын алған жабайы баспа-бас тауар алмасуды ығыстыруда. Республика дүниежүзілік нарыққа шықты және дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа интеграциялануда.

Халықтың көзқарасы өзгеруде. Жұрт бизнеске ұмтылып, өз істерін ашып күн көрістерін ойластыруда. Нарық кісілерді еңбектенуге және өзі үшін өнімді еңбектенуге ынталандырады.

Қазақстанның табиғи қорлары, ең алдымен, оның отын-энергетикалық қорлары және техникалық, интеллектуалдық мүмкіндігі - ұлттық дәулеті болып табылады.

Бұл курстық жұмыста Казақстанның отын ресурстары сипатталған. Отын ресурстары мүмкіншілігі және оның даму үрдісі ел экономикасының болашағын анықтайды. Сондықтан ОЭК туралы ақпарат жеткілікті нақты және дәл болса еліміздің дүние жүзіндегі орны мен келешегін болжауға көмектеседі.

Экономиканың шикiзаттық бағдарын бiрте-бiрте жеңу, көлiк желiлерiн және телекоммуникация саласын жедел дамыту, сонымен бiрге жетiлген нарықтық құрылымдарды қалыптастыру, 2006-2012 жылдар аралығында ашық типтегi экономиканы жедел қарқынмен дамыту, дүниежүзiлiк саудадағы Қазақстанның позициясын нығайту және әлемнiң индустриялы елдерiнiң қатарына кiру.

Экономиканың салалық құрылымын жақсартуға қолайлы жағдай жасайтын, тиiмдi жобаларға ұзақ мерзiмге несие беретiн Қазақстанның Даму Банкiнiң жарғылық қоры 45 млрд. теңге болып отыр. Инвестициялық-инновациялық қорлар, экспортты сақтандыру корпорациялары 2004 жылы бюджеттен 45 млрд. теңге көлемiнде қаржы алды. Қазiр де олардың қорларын капиталдандыру процесi одан әрi жүргiзiлуде. Жалпы алғанда, Қазақстандағы даму институттарының жиынтық жарғылық қоры 1 млрд. долларға жеттi. Үкiмет қарап жатқан 2005-2015 жылдарға есептелген Ұлттық инновациялық жүйенi (ҰИЖ) дамыту бағдарламасы, Ұлттық Инновациялық қор шеңберiнде 12 арнаулы технопарктер мен бизнес-инкубаторларды құруда Президент Жолдауында қойылған стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық саласы туралы ұғым беру және талдау жасау. Әрбір саланы бөліп қарастырып, ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеу тақырыбының мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

  • ағымдағы салалық жағдайды талдау;
  • салалардың жағдайын алдыңғы жылдармен салыстыру және қазіргі уақыттағы жетістіктер;
  • әрбір саланың ерекшелігін анықтау.

Қазақстанның шаруашылық салаларының өзіндік құрылымы бар. Экономиканың құрылымын жалпы өнім көрсеткіші немесе жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) айқын көрсетеді. Ол шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Неғұрлым ЖІӨ жоғары болған сайын, соғұрлым экономика ірі болады.

Сендер біздің еліміздегі жалпы ішкі өнімнің көп бөлігі қызмет көрсету саласында жасалатынын анықтадыңдар. Бірақ оның үлесі дамыған және көптеген дамушы елдерге қарағанда төмен.

Қазақстан шаруашылығы үш негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:

ЖІӨ-нің жартысынан астамын үшінші сектор (қызмет көрсету) береді.

«Оңтүстік-Батыс-Солтүстік» аймақтарының өзіндік «үштағаны» анықтайды. Мұнда жалпы енімнің 4/5 белігі жасалады.

Қазақстанның экономикасы әсіресе дүниежүзілік нарыққа бағытталған. Онда елде өндірілетін тауар мен қызмет түрінің 3/5 бөлігі жүзеге асады.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс ХІІ съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.

Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргізіліп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.

2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ.

Ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар болып табылады.

Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.

Индустриядан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.

Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективті шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады.

Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады.

Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртарап тандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:

қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;

бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;

жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;

адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.

  1. Қазақстанның отын-энергетикалық қорының жағдайы мен болашағы

Қазақстан қазіргі кезде және болашақта алғашқы энергетикалық қормен өзін-өзі қамдап сыртқа сатуға шығара алатын елдердін қатарына жатады, ондай елдер дүние жүзінде көп емес. Жердің құрғақ аумағының 1, 8% алып жатқан біздің Республикада дүниежүзілік отын қорының 0, 5%-тейі шоғырланған, ол 30 млрд. т. ш. о. құрайды. Одан көмір үлесіне 80%, мұнай мен газ шығына 13%, табиғи және ілеспе газға 7% келеді.

Республиканың отын-энергетикалық кешенінің мүмкіншілігі әлі жеткілікті толық пайдаланылмай отыр. Мысалы, 1993 жылы өзіндік өндіру арқылы Қазақстан электр энергиямен 90%, мазутпен 87%, бензинмен 86%. дизельдік отынмен 74%, табиғи газбен 42% қана қамданды. Бұл жағдай бұрынғы ССРО-ғы Республика халық шаруашылығын сол Республика мүддесімен санаспай бір орталықтан жоспарлаудың салдары.

Отын - энергетикалық қорлар Қазақстан жерінде орналасуы біркелкі емес: көмірдің негізгі қорлары Қазақстанның Солтүстік және Орталық бөлігінде шоғырланған, Батыс алқап мұнай мен газдың айтарлықтай қорына ие, Оңтүстік Қазақстанда өте ірі төменгі Іле қоңыр көмір кені мен бірнеше ұсақ газ және көмір кендері бар.

Негізгі су энергетикалық қорлар Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шоғырланған.

Зерттелуі және өнеркәсіптік пайдалануға дайындығы бойынша теңестік отын - энергетикалық қорларын мына категорияларға бөледі:

А- барланған және өндіруге дайындалған (өнеркәсіптік өндірілетін) ;

В - өнеркәсіптік өндіруге дайындалған (геологиялық негіздедген салыстырмалы барланған және шекарасы белгіленген, алдын ала өндірілген) ;

С1 - геологиялық зерттеу негізінде анықталған (бұрғылап барланған) :

С2 - геологиялық болжау негізінде анықталған.

VІІІ категорияның А+В+С, қосындысы кеннің өнеркәсіптік қоры болады, ол отын - энергетикалық кешеннің дамуын болжағанда есепке алынады.

Экономика батыл қарқынмен қалпына келуін жалғастыруда, оған мұнай бағасының қолайлығы және өткен жылғы құрғақшылықтан кейінгі ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі өсуінің қалпына келуі ықпал етуде. Құрылыстағы және жылжымайтын мүлік саласындағы динамиканың әлсіздігіне қарамастан, ХВҚ-ның қызметкерлері нақты ЖІӨ-нің 2011 жылы 6, 5 пайызға дейін өсетінін болжап отыр. Шетелдік активтер жоғары деңгейде және халықаралық резервтер мен Ұлттық қордың ресурстарын есептегенде 72, 5 млрд. АҚШ долл. (ЖІӨ-нің 40%) құрайды, сол арқылы экономика үшін жеткілікті буфер қалыптастырып отыр. Шикізат экспорты көлемінің ұлғаюының арқасында ағымдағы шоттың оң сальдосы ұлғайды, мұнай саласымен байланысты тікелей шетелдік инвестициялар және сыртқы қаражат көздерінен түскен инвестициялар капитал ағынының сақталуына ықпал етеді. Азық-түліктің және отынның әлемдік бағаларының едәуір дәрежеде жоғары болуынан, сондай-ақ халық кірісінің өсуінен (бюджет саласындағы жалақының шілдеде 30%-ға өсуін қоса алғанда) жылдық инфляцияның қарқыны қыркүйектің соңында 8, 75 пайызды құрады және қаңтардан бастап реттелетін бағалардың кеңінен қолданылуына қарамастан, мемлекеттік органдар жоспарлаған 6-8 пайыздық деңгейден асып кетті. Депозиттік база кредиттеу көлемінің ұлғаюы кезінде (мемлекеттік кәсіпорындар қаражатының есебінен) өсуде, бірақ банктердің баланстары әлсіз күйінде қалып отыр, бұл тәуекелдердің қолайсыздығын күшейтіп, қаржылық делдалдыққа зиян келтіреді.

Қазақстан экономикасының 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін жылдам көтерілуі сенім ұялатады. Алайда қалыпқа келу сыртқы экономикалық жағдайдың жылдам нашарлауы аясында жүріп жатыр. Әлемде экономикалық белсенділік төмендеп, әлсірей бастады, сенімділік азаяуда, ал теріс тәуекелдер күшейе түсуде. Дағдарыс нәтижесінде зардап шеккен дамыған елдер бастан кешірген құрылымдық проблемалар күткендегіден күрделірек болды, ал реформалар әзірлеу мен іске асыру үдерісінің сипаты азая бастады. Осындай қиындықтарға байланысты «еуроаймақтағы» дағдарысты реттеудегі және АҚШ-тағы мемлекеттік емес сұранысты қалпына келтірудегі түрлі кідірістердің себебінен ғаламдық өсу үшін анық теріс тәуекелдер туындауда. Бұл тәуекелдер орын ала бастаған жағдайда шикізат бағасы түсіп, әлемдік сауда мен капиталдың қозғалысының көлемдері қысқарады, бұл экономикасы қалыптасу үстіндегі елдердегі және дамушы елдердегі өсуді тоқтатады. Оның шикізат экспортына тәуелділігін және халықаралық нарықтармен тығыз байланысын ескере отырып, Қазақстан басқа да көптеген елдер сияқты осындай күйзелістер нәтижесінде зардап шегуі мүмкін.

Қалыптасқан жағдайда Қазақстанның банк жүйесінде сақталып отырған әлсіз тұстар алаңдаушылық туындатады. Сыртқы берешектің қайта құрылымдауына және мемлекет тарапынан қаржылай көмекке қарамастан банк активтерінің сапасы нашарлай берді, ал жұмыс істемейтін несиелер көлемі өте жоғары деңгейде (халықаралық есеппен алғанда) қалып отыр. Есептелген, бірақ алынбаған пайыздық кіріс көлемінің жоғары болуы, қайта құрылымдалған несиелер үлесінің жоғары болуы және кірістіліктің төмен болуы капитал жеткіліктілігінің нормативтері үшін тәуекелдер туындатады. Банктердің бұрынғысынша тәуекелге барғысы келмеуін, ал ірі заңды тұлғалардың заем қаражатының үлесін төмендетуді жалғастыруын ескерсек, мақсатты қаржы бөлінген кредиттер, мемлекет тарапынан адрестік көмек және бейімделген ақша-кредит саясаты кредиттеудің жақын болашақта өсуіне ықпал етуі екіталай.

Айтарлықтай күйзелістер болмаған кезде банктердің жағдайы біртіндеп жақсаруы мүмкін. Алайда, әлемдік экономикадағы белгісіз ахуалды ескерсек, банк жүйесінің толық сауығуын және оның әлеуетті күйзелістерге қарсы тұруын және жинақталған қаражатты өндірістік қызметке бағыттауын қамтамасыз ету үшін бастамашыл тәсіл қолданған жөн. Әлемдік экономикалық жағдайдың айтарлықтай нашарлауы, атап айтқанда, ірі көршілес мемлекеттер тарапынан болатын ықтимал теріс әсерлер, Қазақстанның экономикасына және оның банк жүйесіне теріс әсер етеді. Ықпалдар қол жетімді ресурстар көлемінің қысқаруы және қарыз құнының ұлғаюы (банктер, заңды тұлғалар және квазимемлекеттік құрылымдар үшін), сондай-ақ сенімнің әлсіреуі түрінде болады, бұл, өз кезегінде, банктер үшін қосымша қиындықтарға әкеп соғады. Экономикадағы қаржы ресурстарының көптігіне қарамастан, мұндай ахуал басқару органдары үшін көптеген қиындықтар туындатады, сондай-ақ «2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарында» көзделген мемлекеттік емес секторды дамыту және экономикалық әртараптандыру есебінен өсуді қамтамасыз етудің міндеттерін іске асыру үшін кедергі болады.

Бұл қиындықтардан шығуға Қазақстанның банк жүйесін орнықты ету жөніндегі уақтылы және шешімді шаралар көмектесуі мүмкін. Мемлекет орынды бірқатар шешімдер қабылдады: үмітсіз несиелерді есептен шығаруға кедергі келтірген салық ережелерінің күші жойылды; шетел валютасында кредиттеуге қарсы және капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды ұлғайтуға бағытталған шаралар есебінен нормативтік-құқықтық база нығайтылды; проблемалық активтерді реттеудің жаңа тұжырымдамасы қабылданды. Соған қарамастан қосымша байыпты күш салу қажет. Бірінші кезекте, барлық банктердің кредиттерді дұрыс бағалауына және резервтер қалыптастыруына (олар қайтарылмаған жағдайда) пәрменді түрде қол жеткізу қажет. Одан басқа тиісті жағдайларда үмітсіз несиелер көлемін төмендету және банктердің капиталын акционерлер немесе мемлекет тарапынан толықтыру үшін нақты іс-қимылдар жасау қажет. Көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайдағы төтенше іс-қимылдардың жоспарларын дайындау қажет.

Жағдайдың белгісіздігін назарға ала отырып икемді макроэкономикалық саясат жүргізген жөн. Міндетті резервтеу нормативінің жақындағы аздап ұлғаюы бейімділігі аз ақша-кредит саясатының жағына қарай жасалған қадам ретінде қабылданады. Ұлттық банк қаржы секторына қолдау көрсету мен инфляцияны ұстап тұрудың арасын байқап теңгеруі қажет. Жоспарланған бюджетті біртіндеп шоғырландыру бұрынғысынша орынды болып табылады және ол шығыстар сапасын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Егер сыртқы күйзелістер отандық экономикаға әсер ететін болса, ақша-кредиттік және салық-бюджеттік реттеу органдары жағдайды реттеуге дайын болғандары жөн. Айырбастау бағамының едәуір икемділігі экономиканың осындай күйзелістерге бейімділігіне жәрдемдесетін болады.

Болашақта қарсы циклдік бюджет саясатын жүргізуді жалғастыра беру қажет, ал бюджетті макроэкономикалық саясат мақсаттарына және мұнай ресурстарын оңтайлы пайдалануға сәйкес дайындаған жөн. Мемлекеттік органдардың мұнайға жатпайтын бюджетті орта мерзімді перспективада қысқарту жөніндегі жоспарлар жасағаны орынды. Әлеуметтік шығыстар инфляцияны ұстап тұрудың әкімшілік шараларына сүйенбес үшін халықты қорғаудың жетілдірілген жүйесі ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа мемлекеттік емес сектордың одан да серпінді қызметі және одан әрі экономиканы әртараптандыру үшін айтарлықтай резерв бар, бұл экономиканың өсуінің кемсітушілік сипатының аз болуын, бүкіл халықтың берекесін қамтамасыз етеді. Соған байланысты жақындағы «Дуинг бизнес» рейтингіндегі көрсеткіштердің жақсаруы сенім ұялататын фактор болып табылады, ал басқару, ашықтық және институционалдық құрылыс мәселесіндегі алдағы табыстар қаржы секторының сауығуымен қатар инвестициялар мен өсу үшін жаңа мүмкіндіктердің туындауына әкеп соғады.

1. 2. Қатты отын қорлары және оларды пайдалану мүмкіншілігі

Қазақстанда көмірдің дүниежүзілік өнеркәсіптік қорының 3%-ы шоғырланған. Көмір өндіру көлемі бойынша Қазақстан дүниежүзінде 8-ші орын, ал ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады.

Қазақстанда барлығы 100-ден артық көмір кендері ашылған, олардың геологиялық қоры 176, 7 млрд. т., бірақ жақсы зерттегендері 40-тай, олардың өнеркәсіптік қоры 34, 1 млрд. т.

1993 жылдың басындағы Қазақстанның теңестік (баланстық) көмір қоры 38, 63 млрд. т. деп есептелді, ол геологиялық қордан 22% құрайды.

1. 2. 1-кестеде көмір қорының Қазақстан аумағында орналасу құрылымы көрсетілген.

Солтүстік және Орталық Қазақстанда Қарағанды (9. 3 млрд. т), Торғай (5, 3 млрд. т) және Екібастұз (12, 5 млрд. т) ірі көмір алабтары (бассейндері) орналасқан.

Казақстанның барлық көмірін екі түрге бөлуге болады: тас және қоңыр көмір. Тас көмірлерге жататын көмірлердің ылғалды күлсіз массасының жоғары жану жылулығы 24000 қаж/кг-нан көп және ұшпа заттардың шығымы 9%-тен артық болады. Қоңыр көмір ылғалды күлсіз массасының 24000 қаж/кг-нан аз жоғары жану жылулығымен және жұмыстық ылғалдың 30-40% мөлшерімен сипатталады.

Қазақстан аумағында көмір қорының орналасу құрылымы

2-кесте

Аты: Аты
Геологиялық қор: Геологиялық қор
Теңестік қор: Теңестік қор
Аты: Шығыс Қазақстан
Геологиялық қор: 4, 5
Теңестік қор: 3, 04
Аты: Батыс Қазақстан
Геологиялық қор: 2, 9
Теңестік қор: 1, 79
Аты: Солтүстік Қазақстан
Геологиялық қор: 81, 8
Теңестік қор: 18, 52
Аты: Орталық Қазақстан
Геологиялық қор: 54, 5
Теңестік қор: 14, 8
Аты: Оңтүстік Қазақстан
Геологиялық қор: 33, 0
Теңестік қор: 0, 48
Аты: Барлығы республика бойынша
Геологиялық қор: 176, 7
Теңестік қор: 38, 63

Жалпы теңестік қордың негізгі бөлігі - 24, 3 млрд. т. тас көмірге келеді (1. 2. 2-кесте), оның 6, 1 млрд. т (25%) - кокстауға жарайтын көмірлер. ТМД-да жалпы көмір шығарудың 20%-ін, ал кокстенетін көмір шығарудың 16%-ін Қазақстан қамтамасыз етеді.

Қазақстанның теңестік көмір қорының құрылымы

3-кесте

Аты: Аты
Теңестік қор: Теңестік қор
Оның ішінде: Оның ішінде
Аты:
Теңестік қор:
Оның ішінде: А+В+С,
С2
Аты: Қоңыр көмір
Теңестік қор: 14, 33
Оның ішінде: 12, 39
1, 94
Аты: Тас көмір
Теңестік қор: 24, 30
Оның ішінде: 21, 75
2, 55
Аты: оның ішінде кокстау үшін
Теңестік қор: 6, 12
Оның ішінде: 5, 82
0, 31
Аты: Барлығы республика бойынша
Теңестік қор: 38, 63
Оның ішінде: 34, 14
4, 49

Тас көмір Қарағанды, Екібастұз, Қушекі кен орындарында шығарылады. Кокстенетін көмір тек Қарағанды кен орнында ғана шығарылады және оның үлесі, алап бойынша өндірілген көмірдің 55%-ін құрайды.

Қоңыр көмірлер көбінесе Солтүстік Қазақстанда негізінде Торғай және Майкүбі алаптарында шоғырланған.

Қазақстанда 01. 01. 1996 жылы 24 көмір шахтасы және 11 көмір карьері жұмыс істеді, олардың жалпы жобалық қуаты 162 млн. т болған. Бұл кәсіпорындарда 1992 жылы 126, 8 млн. т. көмір шығарылды, оның ішінде 93, 5 млн. т ашық тәсілмен, ал 1995 жылы көмір шығару 83, 2 млн. т, оның ішінде ашық тәсілмен шығару 68, 8 млн. т болды. Көмір өндіру деңгейінің төмендеуі экономиканың тұрақсыздануына байланысты.

Ашық тәсілмен жылына 400 млн. т көмір шығаруға жарайтын жалпы болжаулық қор Республикада бар, ал ашық тәсілмен шығаруға жарайтын өнеркәсіптік қор 21 млрд. т және Екібастұз (51%), Торғай (26, 4%), Майкүбі (8, 8%) және Шұбаркөл (7%) көмір алаптарында шоғырланған. Қазіргі ашық тәсілмен шығарылатын көмір деңгейіне есептесе бұл қор Қазақстанға 200 жылдан артық уақытқа жетеді.

Көмірді ашық тәсілмен шығару жер астынан шығарумен салыстырғанда 3-5 есе арзан. Мысалы, 1995 жылы екібастұз көмірін шығару қарағанды көмірін шығарудан 5 есе арзанға түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отын – энергетикалық кешен
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
Мұнай газ кен орындарын игеру
Көлік кешені, темір жол
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Су ресурстары және оны қорғау
XXI ғасыр басындағы Қазақстан-АҚШ өзара ынтымақтастығына энергетикалық әлеуеттің ықпалы және мәні
Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік мұнай компаниялары
Кәсіпорындардың түрлері және жіктелуі
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz