ЖЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I БӨЛІМ ЖЕР РЕСУРСТАРЫ - ЕЛ БАЙЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ …. . 5
1. 1. Жер нарығын тиімді пайдалану. . 7
1. 2. Жер нарығының экономикадағы тиімділігі9
II БӨЛІМ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДА ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 13
2. 1. Аграрлық секторда жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырудың басым бағыттары. 15
III БӨЛІМ ЖЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 18
3. 1. Жерді ұтымды пайдаланудың және қорғаудың жай-күйінің реттелетін саласын дамытудың негізгі параметрлері . . . 19
3. 2. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау. 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . 28
КІРІСПЕ
Жер ресурстарын тиімді пайдалану, оған қажетті шараларды қабылдап, жүзеге асыру - еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен белгіленген негізгі стратегиялық міндеттердің бірі. Себебі бұл мақсат көптеген экономикалық салалардың алға басып, өндірістің дамуына, халықтың тұрмыс жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруына тікелей қызмет етеді. Қазақстандағы жер ресурстары табиғи байлығымыздың негізгі қайнары, жылжымайтын мүлік нысаны, өндіріс құралы ретінде нарық айналымына шығарылғаннан бері елімізге инвестиция тартудың үлкен көзіне айналып келеді. Міне, сондықтан да жер ресурстарын қорғау мен оны тиімді пайдалану мәселесі бүгінгі қоғамымыздың алдына өткір қойылып, Үкімет тарапынан қатаң бақылауға алынып отыр.
Жер ресурстарын тиімді пайдалануға, жерді қорғау жұмыстарын ұйымдастыруға және жер кадастрын толықтыруға әсер ететін фактордың бірі - жер мониторингі.
Жер мониторингі жердің жай-күйіне қатысты болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтауға, олардың әсерін бағалауға, жер қатынастары саласының даму барысына болжам жасауға, жерді баптау мен күту шараларының жақсаруын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Жер күтіміне кері әсері бар зардапты үдерістерді жоюға және олардың алдын алып отыру мен болдырмауға, осы мәселелерге қатысты ұсыныстарды дер кезінде әзірлеуге көмектеседі.
Жерді жүйелі түрде пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың материалдары, жер телімдерінің жай-күйін зерттеудің, түгендеудің, спутник арқылы суретке түсірудің нәтижелері, мұрағаттық деректер, жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жер мониторингі үшін ақпарат көздері болып табылады.
Біздің планетамыздың беті - 510 млн км2 (51 000 млн га) . Оның көп бөлігі - 361 млн км3 (36 100 млн га), яғни 71%-ін су алып жатыр; құрлыққа тиесілі - 149 млн км2 (14 900 млн га) . Бұл территорияның 4 060 млн га (28%-ін), орман алып жатыр, шалғын мен жайылым - 2 600 млн га (17%), өңделетін жер (еігістік) - 1 450 млн га (10%) .
Жер - өндіріске мәңгілік қажетті жағдай әрі ол дұрыс пайдаланылатын болса, оның құнарлығы таусылмайды. Тек бір мәрте пайдаланылуы ықтимал минералдық және орман ресурстарынан айырмашылығы жер жыл сайын өнім бере алады. Жерді пайдаланудан түсетін табыс бір емес, бірнеше мәрте түсетіндіктен экономикалық бағалауда бұл табыс пайдаланылған уақыт ішінде осы учаскіден түскен табыстың жалпы шамасын анықтау үшін жиынтықталуы қажет деп саналады.
Табиғат ресурстары оның ішінде жер еңбек өнімі болып табылмайды, осыған орай оның ақшалай бағасы әділ түрде толық анықталатын болса да құны болмайды. Алайда ол бағаланған ресурстарды игерудің өткен шақтағы шығынымен емес өндіріске - бұрын пайдаланылмаған учаскені игеруге кеткен шығынмен беріледі.
I БӨЛІМ. ЖЕР РЕСУРСТАРЫ - ЕЛ БАЙЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Еліміз егемендік алып, күллі әлем өркендеп келе жатқан жолға түсу барысында экономика салаларының барлығында жаппай реформа басталды. Сол реформалардың ішіндегі ең бір маңыздысы әрі күрделісі жер қатынастары саласындағы реформа еді.
Жер дегеніміз бар байлықтың басы, бүкіл тіршіліктің көзі ғой. Бұл мәселеге келгенде жүрек сезімі оянбайтын адам жоқ. Сондықтан, бұл мәселедегі өзгерістерді азаматтардың бәрі бірден дұрыс қабылдай алмайтындығы, оны жақтаушылардың да, даттаушылардың да болатындығы анық еді және солай болып шықты да. Шешімдер үлкен қиындықтармен қабылданды. Соның ең үлкені жаңа Жер кодексінің қабылдануы болды.
Өкінішке қарай, ауыл шаруашылығында жаппай жекешелендіру басталғанда мал, техника, өндіріс құралдарының барлығы халыққа бөлініп берілгенде, жер мәселесі шешілмей қалған болатын. Осы мүлік бөлу мен жер реформасы қатар жүрген жағдайда бұрынғы ұжымдар негізінде кооперативтер тез қалыптасып кетуі де әбден мүмкін еді. Қоғамды толғандыратын осындай мәселелер жүйелі түрде сатылап шешімін тауып отырмаса, жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы дамудың заманауи деңгейіне дейін көтеріле алмайтындығын ең алдымен Елбасымыздың өзі көре білді.
Мәселенің ауыр салмағын көптеген адамдар еліміздің ауыл шаруашылығындағы жағдай әбден жақсарып, өзгерген тұста ғана барып нақты мысалдар арқылы пайымдай алатын болды. Ал қазір өмірдің кез келген саласында жүргізіліп жатқан реформалардың барысы жалпы халықтың дайындығы мен сана өзгерісіне қарағанда, әлдеқайда алға кетіп отырғандықтан және қазіргі уақыт ағымы ел басшылығынан қоғамдық санаға қатысты өзгерістерді күтпей-ақ жеделірек қимылдауды талап етіп отырғандықтан кейбір мәселелерде түсінбестіктердің болып қалып жатқандығы да анық. Солардың алдыңғы қатарындағы еліміздегі жер реформасы Елбасының барынша төзімділікпен, екіншіден, қатаң бақылауда ұстай отырып, батыл жүзеге асырып келе жатқан шаруаларының бірі. Сондықтан бұл мәселенің әрі реформалық, әрі эволюциялық сипаттары тең түсіп келе жатқандығын байқаймыз.
Елбасы жер ресурстарының қоғам дамуындағы айрықша рөліне тоқтала келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады» деп тұжырымдаған болатын. Бүкіл адамзат қауымының арғы-бергі тарихына көз салсақ, жер мәселесінің ерекше мәнге ие болатындығын байқаймыз. Жер - адамзаттың басты тіршілік көзі, бүкіл материалдық өндірістің базистік негізі, мемлекетті құрып, дамытудың аса маңызды геосаяси факторы. Оның осындай маңызын түсіне және пайдалана білген, ресурстық мүмкіндіктерін дұрыс бағалаған және қоғамда жердің маңызы туралы нақты көзқарас қалыптастыра білген елдер ғана жақсы жағдайларға жеткен. Еуропадағы өркениетті үдерістердің тарихи қалыптасуын осының мысалы ретінде қарастыруға болады. Мұнда жер ресурстарының географиялық орналасу жайы, оның табиғи әлеуеті, ауа райының тұрмыс-тіршілікке қолайлылығы дамыған қоғам құруға орасан зор ықпал етті.
Сонымен жер ресурстары дегеніміз, адамзат тіршілігінің дамуына тірек болар негізгі факторлардың бірі. Ол өткен ғасырға дейін таусылмайтын ұшан-теңіз байлық көзі ретінде қарастырылып келген еді. Алайда соңғы елу жылдың ішінде адамзат қауымында жүріп жатқан жаңалықтар жерге деген бұрынғы көзқарастарға өзгерістер енгізді. Жер ресурстарының шектеулі екендігі мәлім болды. Осының ықпалында жердің өндірістік фактор ретіндегі маңызы барынша арта түсті. Жер бетін жайлаған адам санының жедел өсуіне байланысты қалалар мен қала шаруашылықтары күрт дамып, егістіктер мен мал жайылымдықтары тарылды. Құнарлы деген жерлердің біразы ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылып, басқа салалардың игілігіне берілді.
Оның үстіне өндірістік және экологиялық проблемалар (табиғи, климат өзгерістері) жылдан-жылға асқына түсті. Бүкіл әлем бойынша алғанда адамдардың жермен қамтылу көрсеткіші уақыт өткен сайын төмендеу үстінде. Бұдан 10-15 жыл бұрын әлем бойынша егістік жер 1 адамға 0, 45-0, 5 гектардан айналса, қазіргі уақытта осы көрсеткіш бар болғаны 0, 25 гектарды ғана құрайды. Осыдан барып жердің материалдық игілік көзі ретіндегі бағасы да артқан үстіне артуда.
Сонымен адамзат қауымы дамыған сайын оның тіршілігінің негізгі көзі - жердің маңыздылығы да арта беретіндігінің куәсіміз. Сондықтан әлемнің дамыған көптеген елдері жер ресурстарын пайдалану мен игеруді реттеу және бақылау мәселелерінде мемлекеттің рөлін күшейте түсіп отыр. Көптеген елдерде жер жеке және мемлекеттік меншіктің қолында. Жердің жеке меншігінде адамдардың оны қалай пайдаланам десе де еркі бар. Бірақ мемлекет жер телімдерінің қандай меншік түріне жататындығына қарамастан, олардың жалпыхалықтық маңызын, ұлттың негізгі стратегиялық ресурсы екендігін ескере отырып, жер телімінің тиімділікпен пайдаланылуын және жер туралы заңдылықтардың дұрыс сақталуын қадағалау жөніндегі өз рөлін бір сәт те босаңсытпай, қайта күшейте түсуде.
1. 1. Жер нарығын тиімді пайдалану
Біздегі көптеген адамдардың бойында қазір жеке меншік нарықтың жаны деген ұғым пайда болды. Бұл да дұрыс шығар. Бірақ, мұның өзі медальдің бір ғана жағы. Өйткені, егер біз осы бір қағидамен ғана шектеліп, қалыптасқан мемлекеттік қызмет құрылымдарының барлығын тоз-тозын шығарып, барлық билікті жеке меншікке үлестіріп беріп, енді қалған мәселенің бәрін нарықтың өзі реттейді десек, нағыз анархияға тап болар едік. Қазіргі дамыған капиталистік мемлекеттерде болып жатқан терең дағдарыстар соның дәлелі. Біз бұл жерде нарық либерализмінің ақыры қаржы алаяқтығына дейін ұласқандығын көріп отырмыз. Ал жедел даму жолындағы шығыстық мемлекеттер басшыларының қай-қайсысы болмасын экономиканы дамытудағы мемлекеттік саясаттың маңызын жеке меншіктің рөлінен кем санамаған. Мемлекеттік рөл қазіргі жағдайда даусыз жоғары деңгейде. Бұл екеуі медальдің екі жағы секілді. Екеуі қосылып, заңмен белгіленген шеңберде өзара үйлесімді әрекет жасаған жерде ғана дамудың тұрақтылығы мен жүйелілігі пайда болады. Оның үстіне жер мәселесіне қатысты қазіргі өзгерістер бұл мәселенің жекелеген мемлекеттердің ауқымынан шығып, жаһандық проблемаға айналғандығын көрсетіп отыр. Біз өзіміздің стратегиялық мақсаттарымызды жүзеге асырғанда дүние дидарында жүріп жатқан осындай өзгерістерді мықтап сараптап отыруға тиістіміз. Жер ресурстарының молдығы басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанның ең үлкен басымдығы. Демек, бұл артықшылығымызды қадірлеуіміз керек.
Жердің сан түрлі қасиеті бар. Ол қасиеттер осы уақытқа дейін қоғамның даму жағдайына байланысты ашылып келеді. Мәселен, біздің қазақ халқы ертерек уақыттары өзінің тарихи қалыптасқан көшпенді тұрмыс салтына сәйкес жерді мал жайылымы ретінде көбірек пайдаланып келсе, соңғы кездері егіншілік саласында да жақсы табыстарға жетіп отыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның әлемдегі ірі көлемде астық экспорттайтын елдердің қатарына қосылғандығын айтуға болады. Былтыр 29 миллион тоннадан астам астық бастырып, рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Мақта шаруашылығында да соңғы бес жылда болмаған мол өнім алынды. Әрине, осылардың барлығы бізде жүргізілген реформалардың, соның ішінде жер реформасының дұрыс бағытта екендігін білдірсе керек.
Еліміздің егістік жерінің келешек мүмкіндігі жоғары екендігін мына мысалдан көруге болады. Әлемнің әртүрлі елдерінде халықтың егістік алқаптармен қамтамасыз етілу көрсеткіші мынандай: Канадада 1 тұрғынға - 1, 48 гектар, АҚШ-та - 0, 63 гектар, Қытайда - 0, 08 гектар, Жапонияда - 0, 03 гектар жерден келсе, біздің Қазақстанда 1 тұрғынға 1, 51 гектар жерден айналады.
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану көрсеткіші табиғи-климаттық жағдайлармен және шаруашылықтардың қолданатын технологияларының даму деңгейімен, әлемдегі жер ресурстарын пайдалану жетістіктерімен анықталады. Қазақстан жерінің тағы бір басты қасиеті минералды шикізат көзі ретіндегі қазба байлық түрінде ашылып отыр. Қазба байлық - ел тәуелсіздігінің 20 жылдығында қол жеткізген экономикалық жетістіктеріміздің негізгі көзі (мұнай, газ, металл, көмір, т. б) . Сондай-ақ, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері республиканың табиғи көрікті өңірлеріне де назар аударылып, туристік инфрақұрылымдарды дамыту арқылы да табысқа жету жайы ойластырылуда. Қазіргідей әлем халықтарының аралас-құраластығы артып отырған тұста жердің транзиттік мүмкіндіктерінің болуының өзі үлкен байлық көзі деп есептеледі. Қазақстан Еуразия кеңістігінің кіндік тұсында қоныс тепкендіктен Еуропа мен қайнап өсіп келе жатқан Қытайды, Оңтүстік-Шығыс Азияны құрлық арқылы байланыстыратын көлік дәлізі ретінде де қызмет ете алады. Сонда бұл істен де үлкен экономикалық пайдаға кенелуге болады.
Осы айтылған жайттар кең-байтақ жеріміздің қасиеті уақыт өткен сайын әр қырынан ашыла түскендігін көрсетеді.
Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер - өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне, ол - өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер - табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады.
Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелері көбінесе, Жер кодексі мен табиғат қорғау заңдарына бағындырылса, адамдардың үй салу үшін жер телімін алуы, оны пайдалануы Жер және Азаматтық кодекстермен, басқа да заң аясындағы актілердің қатысуымен реттеліп отырады. Ал жерді өндірістік тұрғыдан, қазына байлығы ретінде игеру, оның күтіміне мән беру, басқа да ерекшеліктерін көбіне Жер кодексі мен экономикалық саланың заңдары реттейді.
Сонымен, ата-бабаларымыздан мұраға қалған біздің туған жеріміз - біздің тұрмыс-тіршілігіміздің негізгі қайнар көзі, сан-түрлі экономикалық іс-әрекеттердің тоқайласар тұсы, тәуелсіз мемлекет құруымыздың басты негіздерінің бірі. Қазақстан халқының болашағы көп жағдайда осы жердің ресурстық мүмкіндіктерін қаншалықты шеберлікпен пайдалана білгендігіне байланысты шешілетіндігі уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Сондықтан жер байлығын дұрыс игеру, одан пайда болған материалдық игіліктерді Қазақстан халқының әл-ауқатының артуы, мәдени, саяси жетілуі, бәсекеге қабілетті елге айналуы жолында дұрыстап іске жарату мемлекеттік саясаттың аса маңызды мәселесі болып отыр. Осы саясатты жүзеге асырамын деп Елбасымыз да бір сәт тыным көрмей келеді. Бүкіл дүниені шарлап, тіршілігі алға басқан елдерден әріптестер тауып, тиімді қарым-қатынастар орнатуда. Уақыт өте келе халық бұл саясаттың мәнін айқын түсінуде және оның алғашқы жемістерінің дәмін сезініп те үлгерді.
Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін жер қатынастарын неғұрлым тиімді шешудің жолдары қарастырылғаны белгілі. Кеңес өкіметінің кезінде жер тек мемлекеттік меншікте ғана болды. Сөйтіп, Кеңес өкіметінде жер қатынасының тек бір ғана - жер пайдалану формасы ғана мойындалды. Жер оны пайдаланушыларға тегін беріліп отырды. Салық алынбады. Жер телімінің жылжымайтын мүлік ретінде мәртебесі болмады. Жерді жалға алуға тыйым салынды. Сөйтіп, социалистік жер заңдылықтарында жерді меншіктенудің, төлемді пайдаланудың, жердің азаматтық және нарықтық айналымын дамытудың құқықтық мәселелері шешімін таппады.
1. 2. Жер нарығының экономикадағы тиімділігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz