Баға саясатының мақсаттарын анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ БАҒА
САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Баға саясатының мақсаттарын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Бағаны құрайтын  факторларды
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 7
3. Бағаны құрау тәсілдерін
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.9
4. Баға  стратегиясын таңдау, соңғы бағаны
бекіту ... ... ... ... ... ... ... . ... ...10
2. ҚазТрансГаз акционерлік қоғамының баға саясатын талдау ... 12
2.1 ҚазТрансГаз акционерлік қоғамы компаниясы
туралы ... ... ... ... ... .12
2.2 ҚазТрансГаз АҚ компаниялар тобы қызметінің өндірістік
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3 Қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған
есеп ... ... ... ... ... ... ... 15
3. КӘСІПОРЫНДА БАҒА БЕЛГІЛЕУ
ӘДІСІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...21
1. Бағаны жеңілдікпен және сынақпен
орнату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...21
2. Баға саясатын құру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 5
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға
өндірушілердің және тұтынушылардың  өз арасындағы бәсеке нәтижесінде
қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы
нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді
болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан
тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның
ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр кәсіпорынның табысты тұрақты алуына
және өндіріс  бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр
сферада және әр тауар түрі  бойынша бағаның құрылуының маңызы мен
маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Баға құрудың негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның
 қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі
және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу
жолдарын  анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан
да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде  қолдана білу
болашақ мамандар үшін аса қажет.  Өйткені, Қазақстан Республикасы
жағдайында бағаның  құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ,
бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның
нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның
нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік
сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер
етеді.
Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің
сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы  сауда бағасының
жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу
тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша,
сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан
Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі
де экономикадан өзіндік орын алады.
Жұмыстың негізгі мақсаты:Қазақстан Республикасындағы тауарларға баға
қалыптастыру саласын дамытудың актуалды мәселелерін табуға ұмтылыс және
мемлекеттік нарықтық саясатының мазмұнын талдау.
Жұмыстың негізгі міндеттері:
- маркетинг жүйесіндегі қызмет көрсету мен тауарлардың алға жылжуын
қамтамасыз ету мәселелерін ашып көрсету;
- маркетингтегі баға саясатының тауар мен қызмет көрсетудің дамуында
кері әсер туғызатын факторларды көрсету;
- маркетинг жүйесіндегі тауар мен қызмет көрсетудің қалыпты деңгейде
дамуы үшін баға саясатының  мазмұнын талдау және оны іске асыру;

1 КӘСІПОРЫННЫҢ БАҒА САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Баға саясатының мақсаттарын анықтау
Ұйымның баға саясатын қалыптастыру: кезеңдік басшылық
Кәсіпорын баға саясатының барлық кезеңдерін қалыптастыра отырып,
шығарылатын өнімнің бағасын белгілеуде соңғы шешім қабылдау үшін бірнеше
факторларды ескереді: нарықтың типін, кәсіпорын қызметінің  мақсаттары мен
міндеттерін, маркетингтік шаралар  жүргізу мүмкіндіктерін, нарықтағы
бәсекелестік күрес  деңгейін және т.б.
Дұрыс қалыптасқан баға саясаты -  нарықта өнім мен кәсіпорынның 
бәсекелестікке қабілеттілік  деңгейін артыруға бағытталған қарқынды
процесс.  Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның баға саясатын
қалыптастыру  бәсекелестікке қабілеттілік механизмінің маңызды
элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылары 
баға саясатын қолдануға және оны жасау процесіне көбірек көңіл аударуға
тырысады.Олай болмаған жағдайда  нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң
бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне, табыс деңгейінің, рентабельдіктің 
азаюына, нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен жалпы
кәсіпорынның әлсіреуіне әкеп   соқтыруы мүмкін.
Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру  1-ші кестеде ұсынылған
кезеңдер тізбегіне негізделген:
1 кесте
Ұйымның (кәсіпорынның) баға саясатының кезеңдері
№ ппКезең атаулары Жүзеге асыру нұсқалары
1 Баға саясатының
мақсаттарын анықтау 1.1. нарықта аман қалу стратегиясы; 
1.2. пайданы максимизациялау  шарттарын
орындау ; 
1.3. нарықтағы үлес көрсеткіштері 
бойынша көшбасшылық және нарық үлесін
арттыру; 
1.4. нарықта баға бегілеуде көшбасшылық; 
1.5. жаңалықтар енгізуде көшбасшылық.
2 Баға құрайтын факторларды
талдау 2.1. сұранысты талдау (бағалық және
бағалық емес құрамдар); 
2.2. сұраныс икемділігін талдау; 
2.3. ұсынысты талдау ( бағалық және
бағалық емес құрамдар); 
2.4. ұсыныс икемділігін талдау; 
2.5. өндіріс шығындарын бағалау; 
2.6.  бәсекелестер шығаратын өнімдер мен
олардың  бағасын талдау.
3 Баға құрайтын тәсілді
таңдау 3.1. өнімнің өзіндік құнына үстеме баға; 
3.2. шығынсыздық қағидаты; 
3.3. тұтынушылар сұранысының төлеу
қабілеттілігіне бейімделу; 
3.4. нарықтағы бағалар қарқынына
бейімделу; 
3.5. бәсекелестердің баға ұсынысын
күтуіне бейімделу.
4 Баға  стратегиясын
таңдау, соңғы бағаны 4.1. жаңа нарыққа ену  —бағаны құрайтын
бекіту  психологиялық факторларды ескеру; 
4.2. нарықтағы  позициялардың тұрақталуы
— тілекке сәйкес баға бейнесін жасау; 
4.3. нарықты және оның  сегментациясын
дамыту — баға диверсификациясы.

Кәсіпорынның баға саясатының мәнін барынша  толығырақ қарастырайық.
1.1 Баға саясатының мақсаттарын анықтау
Ұйым (кәсіпорын) мақсаттарының бірнеше деңгейде жүзеге асырылатын
құрамдас бөліктері:
• Стратегиялық мақсаттар —ғаламдық  мәселе қоюға бағытталады және ұзақ
мерзімге бейімделеді;
• Тактикалық мақсаттар — орта мерзімдік  нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік береді, шешімдер көлемі стратегиялық мақсаттарға сәйкес
шектеулі болады;
• Операциялық мақсаттар — жергілікті сипатқа ие, қысқа мерзімді шешімдерді
жүзеге асыруға бағытталған (тактикалық және  стратегиялық мақсаттарға сай
болуы тиіс).
Мәселен, кәсіпорын баға саясаты аясында – нарықта жаңалықтар енгізуден
көшбасшы болу туралы стратегиялық мақсаттар қойса, бұл мақсат тактикалық
мақсатпен алмастырылады: нарыққа барынша жаңа бұйымдар келіп түседі,
тауардың жаңа болуына байланысты баға диверсификацияға ұшырайды (жаңа
бұйымдар қымбатқа, ескілері арзанға сатылады). Бұл мақсаттар өз кезегінде
шұғыл мақсаттар туғызады: мысалы, жаңа бұйымдар сатып алушылардың жеке
тапсырысы бойынша, нарықта  ең жоғары X бағасымен,  сериялық өндіріспен
шыққан жаңа тауарлар — мейілінше  төмен  Y бағасымен,  ал нарықта  бірнеше
жылдан бері келе жатқан тауарлар, ең төменгі жеңілдетілген Z бағасымен
сатылады. Нарықта аман қалу стратегиясы тауарлар шамадан тыс көбейіп
кеткенде, яғни шығарылатын өнімге сұраныстан ұсыныс артып кеткен
жағдайларға бейімделген. Бұл жағдайларда тауарға деген сұранысты арттыруға
байланысты кәсіпорын тұтынушының көзқарасына себепші болу үшін, төмен
бағалар белгілеуге мәжбүр болады. Көбіне, сатып алу көлеміне байланысты,
жеңілдетілген баға жүйесі қолданылады (көлем неғұрлым көп болса, баға
соғұрлым төмен). Табысты  максимизациялау шарттарының орындалуы
коммерциялық ұйымның (кәсіпорынның) нарықтағы генетикалық ерекшеліктеріне
негізделген, яғни  өнімді сатудан барынша көп табыс алуға. Бұл жағдайда
кәсіпорын төлем қабілеттілігін, әлеуеттік сұранысты, нарықтық бағалардың
түрлі құрылымына байланысты шығындар деңгейін талдайды. Одан кейін ол
  өнімді шығаруға немесе қызметтерге кететін шығындардың көп бөлігін
жабатын ағымдағы табыстың оңтайлы нұсқасын таңдайды. Нарықтағы үлес
көрсеткіштері бойынша көшбасшылықты жеңіп алу немесе нарық үлесін арттыру
мақсаттары кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілік деңгейімен
байланысты. Сол жағынан күшті кәсіпорындар, әдетте, шығарылатын өнім
нарығының айтарлықтай үлесіне ие (яғни бәсекелестермен салыстырғанда сату
көлемі едәуір үлкен).Бұл ауқымдылық әсері есебінен тауар өндірісі
шығындарын азайтуға және алыс болашақта тұрақты табыс алуға  мүмкіндік
береді.Кәсіпорын нарықтағы үлесін арттыруды мақсат етіп қойса,  шығаратын
өнім бағасын мүмкіндігінше төмендетуге саналы түрде барады. Нарықта баға
белгілеуде  көшбасшылықты жеңіп алуды мақсат еткен кәсіпорын, көбіне, 
олигополия нарығында қызмет ететін ірі корпорация болып саналады. Барынша
бәсекелестікке қабілетті ұйымға тиесілі бұл құқық,   құпия келісімге келмей-
ақ, белгілі бір нарықта жалпы баға деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Нарыққа жаңалықтар енгізу көшбасшылығы ең жаңа жоғары сапалы тауарларға
ҒЗТКЖ-ын жүргізу шығындарын жабу үшін ең жоғары баға белгілеуді
қарастырады. Мұндай кәсіпорындар тұтынушылар сұраныстарын мейілінше
қанағаттандыру үшін және тұтынушылардың артық қаражатын тарту үшін жаңа
тауарлар жасаумен және қолданыстағы үлгілерді модернизациялаумен тұрақты
түрде айналысады.
 1.2 Бағаны құрайтын  факторларды талдау.
Мұндай талдау кәсіпорынның  баға саясатында  сатып алушылардың,
жеткізушілердің, өндіріс пен бәсекелестер  факторларының бағаның өзгеруіне
қатысты пікірлерін ескеріп отыруын мүмкіндік береді. Шығарылатын өнімге
сұраныстың бағалық және бағалық емес  құрамдарын бағалау баға өзгерген
кезде тұтыну көлемінің өзгеру заңдылықтарын: бағаны, тұтынушының табысын,
бір-бірін толықтыратын және бір-бірін алмастыратын тауарлар бағасын, сатып
алушылардың санын, талғамын және сұранысын, ұлттық ерекшеліктерін,
тұтынушылардың күткенін анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс икемділігін
талдау кәсіпорынға маңыздылығына байланысты қандай да бір тауарға баға
белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен, мүлде икемділіксіз сұраныс
жағдайында  (мысалы,  аукциондық сауда-саттыққа қойылған тауарға) ұсынылған
тауардың бірегейлігіне байланысты баға барынша жоғары дейгейде белгіленеді.
Икемділіксіз  сұраныс жағдайында (бірінші қажеттілік тауарлары) өндіруші-
сатушының бағаны төмендетуіне тура келеді, бірақ аз мөлшерде ғана, өйткені 
нанға, тұзға, энергияға үнемі сұраныс болады. Икемділікті сұраныс (кеңінен
тұтыну тауарлары) кәсіпорынды нарықта икемді баға саясатын жүргізуге мәжбүр
етеді, өйткені бағаны көтеру тауарға деген сұранысты төмендетуі мүмкін. Бұл
жағдайда кәсіпорын көбіне сапаға, тауардың жаңалығына және т.б. байланысты
баға диверсификациясы саясатын жүргізеді. Мүлде икемділіксіз сұраныс
жағдайында (мысалы, колхоз нарығы) ұйым (кәсіпорын)  бағаны артық қаражат
шеңберінде белгілеуге мәжбүр. Бұл нарықта көптеген бәсекелестердің
стандартталған және  бұқаралық өнімдер шығаруымен байланысты. Мұндай
жағдайда бағаны көтеру сату көлемінің азаюына  және табыстың бір бөлігін
жоғалтуға  әкеп соқтырады. Ұсыныстың бағалық және бағалық емес құрамдарын
талдау бағаның өзгеруінің өнімді сату көлеміне әсер ету дәрежесін
бағалауға, кәсіпорынның ұсыныс көлемінің -  ресурстар бағасының қарқынына,
ҒТП әсеріне  және өндірістік технологиялардағы өзгерістерге, салық   және
субсидия  салаларындағы мемлекеттік саясатқа, бір-бірін алмастыратын
тауарлар бағасына,   нарықтағы сол тауарды жеткізушінер санына, өнім
өндірушілер тарапынан күтілген баға өзгерісіне  тәуелділігін  анықтауға
мүмкіндік береді. 1.2.4. Ұсыныстың икемділігін бағалау ұйымға (кәсіпорынға)
ресурстарды тиімді бөлуге , шығарылатын өнімнің көлеміне және оған
белгіленетін бағаға байланысты уақытқа бейімделуге көмектеседі.Сонымен,
қысқа мерзімді ұсыныс - икемділіксіз. Бұл іс жүзінде бір жылдық өндіріс
бағдарламасы аясында өндіріс көлемін  өзгерту мүмкін еместігімен
байланысты. Тіпті өнімнің нарықтық бағасы өзгерсе де. Орта мерзімді кезеңде
(ұсыныс икемділікті) өндірісті жетілдіру және ішкі ресурстар қорының
есебінен өндіріс көлемін  өзгертуге мүмкіндіктер пайда болады. Яғни
нарықтық баға қарқынын бағалауға және өндірістік бағдарламаны түзетуге
біраз   уақыт  бар. Ұзақ мерзімді кезеңде ұсыныс  аса икемділікті
болғандықтан, кәсіпорынға өндірістің барлық факторларын өзгертуге,
маркетингтік зерттеулер жүргізуге және солардың негізінде өндіріс
бағдарламасы мен сапалы баға саясатын құруға қатысты  мүмкіндіктер береді.
Өнімді сатудан түскен табыстың көмегімен өндіріс шығындарының  көп бөлігін
жабуға тырысатын кезкелген кәсіпорын үшін өндіріс шығындарын бағалау
маңызды. Кәсіпорын өнім өндіру, тарату және сатып орналастыру  шығындарын
ескере отырып,  өнімнің нарықтағы бағасын, пайда нормасын, нарықтық
тәуекелдікті сақтандыруды белгілейді.  Нәтижесінде нарықтың әр түрлі
типтерінде, баға шығындардың минимизациясына және пайданың максимизациясына
бейімделе отырып, сол нарыққа қатысушылар үшін белгіленген ережеге сәйкес
бекітіледі. Оңтайлы бағалық саясатты анықтау, көбіне, шығындардың
жіктелуіне (мысалы, тұрақты, ауыспалы, орта, шектеулі)  байланысты, бұл 
бағаны құрауда шектеулі шығындар тәсілін, пайда өскенде шығындарды қысқарту
негізінде табыс массасын реттеу тәсілін, нарықтық бағалардың жағымсыз
қарқыны жағдайында шығындар өтелімі тәсілін  қолдануға мүмкіндік береді.
Бәсекелестердің бағалары мен өнімдерін талдау келесі жағдайларды анықтауға
мүмкіндік береді. Өнімге белгіленетін ең жоғары баға сұранысқа (мысалы,
сатылымға қойылған әлемдік жауһарлар), ал ең төменгі баға  өндіріс
шығындарына  байланысты анықталатынына қарамастан, кәсіпорынның баға
саясатына айтарлықтай дәрежеде бәсекелестердің  бағалық  және тауарлық 
саясаты ықпал етеді. Маркетинг қызметтері тұрақты түрде  бақылаулық сатып
алулар мен сауалнамалар жүйесі  арқылы бәсекелестер тауарларының
салыстырмалы талдауын  жасайды. Сонымен қатар, нарыққа ұсынылған  ұқсас
өнімдердің бағалары да салыстырылады.  Егер сапа мен баға шамамен бірдей
болса,  кәсіпорын бәсекелестік күрестің бағалық және бағалық емес
тәсілдерін пайдалануға тырысады (мысалы, мерзімдік сатылымдар ұйымдастыру
арқылы жеңілдіктер жүйесін жасайды.  Жарнамалық акциялардың  тікелей
формалары мен   ұтыс, лотерея, сыйлық және т. б. формаларын  күшейтеді.
Өнім сапасын арттыру, ноу-хау ұйымдастыру шығарылатын өнімнің  айрықша
ерекшеліктерін сипаттауға, бәсекелестердің әрекеттерінен сақтануға 
мүмкіндік береді.Сонымен қатар,  бағалық емес бәсекелестік тәсілдері
нарықта бағаның диверсификациясын жүргізуге және  түрлі топтағы
тұтынушылардың мүдделеріне зиян келтірмей, олардың  артық қаражатын тартуға
мүмкіндік береді.
 1.3 Бағаны құрау тәсілдерін таңдау
Бұл кезеңде  ұйым(кәсіпорын) тауарға баға белгілеу тәсілін таңдау
арқылы баға саясатын қалыптастыру мәселесін шешеді. Бәсекелестік ортада
қолданылатын кең тараған тәсілдердің арасынан -  өнімнің өзіндік құнына
үстеме бағаны, шығынсыздық қағидатын, төлем қабілеттілігі сұранысына
бейімделуді, нарықтық баға қарқынын және бәсекелестердің  бағалық
ұсыныстарын атап өтуге болады. Өзіндік құнға үстеме баға  тәсілі есептеудің
қарапайымдылығы арқасында  нарықтық экономикада мейілінше жиі қолданылады.
 Үстеме баға  өлшемдері  кең ауқымды қамтиды, бұл тауардың түрлеріне,
нарықтың аумақтық ерекшеліктеріне, мемлекеттік реттеу органдарының
қатынастарына және т.б. байланысты. Бағаны құраудың бұл тәсілінің  бірқатар
артықшылықтары бар:
• өндіруші-сатушыларға  сұраныс пен оған әсер ететін факторлард талдау 
жөнінен маркетингтік шаралар кешенін орындаудан гөрі, өндіріс
шығындары деңгейін талдау, шығарылатын өнімнің өзінді құнын анықтау
жеңілірек;
• нарықтағы бәсекелестердің көбі баға белгілеудің дәл сондай саясатын
ұстанған жағдайда, іс жүзінде бағалық бәсекелестік пен шығын
мүмкіндігі жойылады, соның нәтижесінде пайданың айтарлықтай үлесі де;
• өзіндік құнға үстеме баға, әдетте, ақылға сыйымды өлшемде (50%-дан көп
емес) болады, бұл   өндіруші-сатушыға тұтынушылардың мүддесіне зиян
келтірмей,  олардың артық қаражатын тартуға мүмкіндік береді.
Алайда нарықтағы сұраныстың төлем қабілеттілігі қарқынын қадағалай
алмау  және кәсіпорынның баға тактикасын дер кезінде өзгерте алмау қаупі
бар. Бұл кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестігінің төмендеуіне және шығындар
тәуекелдігі деңгейінің артуына соқтыруы мүмкін. Шығынсыздық қағидаты
дегеніміз – бағаны өнімді сатудан түсетін пайда өндірістің жалпы шығындарын
жабатын деңгейде белгілеу.Бұл тәсілді қолдана отырып, кәсіпорын тұтыну
көлеміне байланысты, бағаны  диверсификациялайды, бұл сұрынысқа дем беріп,
сатудан түсетін  пайданы арттырды. Сұраныстың төлем қабілеттілігіне
бейімделу тәсілін өз құрамында маркетинг бөлімдері бар немесе шығарылатын
өнімге сұранысты  талдау үшін қаражаты жеткілікті кәсіпорындар қолданады.
Бұл орайда сапаға, тауарды безендіруге, қызмет көрсетуге және т.б. сол
сәтте қойылатын талаптарды ғана емес, сонымен қатар, тұтынушылар тілектерін
(әлеуеттік сұраныс) де бағалау қажет. Бұл тәсілді пайдалану барысында
кәсіпорын бағаны тұтынушылардың әлеуметтік топтарына байланысты,
тауарлардың сапасына, жаңалығына, тауарлық санатына байланысты
диверсификациялайды. Бұл тұтынушылардың түрлі  топтарының  артық қаражатын
тартуға мүмкіндік берумен қатар, маркетингтік шараларды жүзеге асыруға 
айтарлықтай кыржы бөлуді талап етеді. Нарықтық бағалар қарқынына бейімделу
нарықтағы ағымдық баға деңгейін есептеуден және оның қысқа мерзімдік
кезеңде бағаның өндіріс факторларына байланысты немесе тұтынушылық сұраныс
үрдістеріне байланысты  өзгеруінен тұрады. Мұндай тәсіл баға саясатын
қалыптастыруда, әсіресе, нарықтық баға деңгейі  жалпы шығындар мен пайда
нормаларына қатысты шынайы көріністі бейнелейтін, жетілген және
монополистік бәсекелестік нарығында, ірі ауқымдағы  маркетингтік
зерттеулерден бас тартуға мүмкіндік береді. Бәсекелестердің күткен баға
ұсыныстарына бейімделу тәсілі, көбіне,  олигополия нарығында, баға  бойынша
көшбасшылық жағдайында, көшбасшы-кәсіпорын бірінші болып бағасын бекітіп,
нарықтың өзге қатысушылары берілген баға деңгейін ұстанған жағдайда 
қолданылады. Кәсіпорын, сонымен қатар, бәсекелестердің күткенін бағаның
орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік өзгеруіне қатысты бағалай алады.
Нәтижесінде кәсіпорын бағаны ұстану немесе баға бәсекелестігігіне орай,
баға саясатын жүргізеді.

1.4 Баға саясатын таңдау, соңғы бағаны белгілеу
Кәсіпорын бұл кезеңде  бағаны құрау тәсілін таңдап, баға белгілеу
туралы шешімін жүзеге асыруға кіріседі. Бұл орайда бағаны құраудың бірқатар
нарықтық факторларын ескеру қажет: психологиялық сипаттағы факторлар
(тұтынушыларға қатысты), тілекке сәйкес баға  образы, бағаларды
диверсификациялау мүмкіндігі. Бұл факторлардың қай-қайсының да  маңыздылығы
өз кезегінде  кәсіпорынның өмірлік кезеңдеріне айтарлықтай әсерін тигізетін
таңдалған баға  стратегиясына байланысты.
Кәсіпорынның нарықта пайда болуы кезеңінде,  оның алдында тұратын
басты мақсат  — қатаң бәсекелестік күрес жағдайында аман қалу. Бұл жағдайда
барынша қолайлысы – жаңа нарыққа ену стратегиясы оны жүзеге асыру үшін
бағаны құраудың психологиялық  факторларының  маңызы зор.
• Кәсіпорын көп жағдайда баға белгілеуде бірінші цифр тактикасын
қолданады. Оның мәні баға дөңгелектелмеген формада белгіленеді,
мысалы,  399,99 теңге. Бір қарағанда сатып алушының көзі 3 цифрына
түседі және  тауар 300 теңге. тұратындай әсер қалыптастырады.
• Түтынушы  психологиясын естерудің тағы бір нұсқасы  — бағаның сапа
ретіндегі көрінісі —  баға неғұрлым жоғары болса, сапа соғұрлым жоғары
болады деген пікір қалыптасқан. Баға белгілеудің бұл нұсқасы әдетте
Ресейдің кеңінен қолданылатын тауарлар, мысалы, киімдер мен аяқ
киімдер  нарығына тән.
• Үшінші нұсқа — баға тауар мерейінің көрінісі ретінде — тұтынушылардың
сән туралы түсінігін, белгілі бір әлеуметтік және кәсіби топтардың
пікірлерін қамтиды. Нәтижесінде, тауардың бағасы жоғары болған сайын,
тұтынушылар көзқарасы тұрғысынан мерейі жоғары (мысалы, шаштараздық
қызметтер ұсыну салондары).
Кәсіпорынның даму кезеңінде пайданы максимизациялау және кәсіпорынды
жедел дамыту мақсаттары қойылады. Бұл орайда, көбіне, нарықты немесе оның
сегментацияларын дамыту стратегиясы қолданылады. Тұтынушылардың артық
қаражатын тарту үшін бәсекелестермен күрес жүргізу кәсіпорынның баға
саясатының аса маңызды элементіне айналады. Өнімге соңғы бағаларды белгілеу
туралы шешімнің ерекшелігі – оларды диверсификациялау.
Тұрақтылық кезеңінде  кәсіпорын  нарықтағы өз позиицияларын 
нығайтады, жеткілікті түрде бәсекелестікке қабілетті. Сондықтан оның
мақсаты – нарық үлесінің өсуі немесе бағаларда көшбасшылыққа қол жеткізу.
Мұндай мақсатқа  тілекке сәйкес баға образын құруды қарастыратын нарықтағы
позициялар тұрақтылығы стратегиясы сай келеді. Көбіне, жеңілдіктер жүйесі 
және нарықтағы ең төменгі баға  жарнамасы жиі қолданылады.
Уақыт өте келе, нарықта ҒТП-тен қалыспай келе жатқан жаңа бәсекелестер
пайда болады. Нәтижесінде нарықта бұрыннан келе жатқан бәсекелестер көнере
бастайды. Олар үшін нарықтағы позицияларын сақтап қалу негізгі мақсатқа
айналады. Бұл жағдайда  нарықтағы позицияларын тұрақтандыру стратегиясы
қолданылады, бірақ кәсіпорын баға образын құруға емес (осының алдындағы
кезеңдегідей), оны сақтауға  басты назар аударады. Бұл орайда басшылық
кәсіпорынды жаңарту туралы ойластыра бастайды.
Қайта жаңару кезеңінде кәсіпорын өз қызметін жаңартуға және дамытуға
бағытталған шаралар жүргізеді, олардың бірі жаңа баға саясатын қалыптастыру
болып табылады. Ол үшін бұрыннан белгілі жаңа нарыққа ену және нарықты
немесе оның сегментацияларын дамыту стратегиялары қолданылады. Өнімге
соңғы бағаны белгілеу туралы шешім таңдалған стратегияларға сәйкес
қабылданады.
Осылайша, баға саясатын қалыптастырудың барлық  кезеңдерінен өткен
кәсіпорын шығарылатын өнімге баға бекіту туралы соңғы шешімді көптеген 
факторларды ескеріп қабылдайды: өнім сатылатын нарықтың типі, кәсіпорынның
мақсаттары мен міндеттері;  маркетингтік шаралар жүргізу мүмкіндіктері,
нарықтағы бәсекелестік күрес деңгейі және т.б. Дұрыс қалыптасқан  баға
саясаты өнімнің және кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілік
деңгейін көтеруге бағытталған қарқынды процесс болып табылады.

2. ҚазТрансГаз акционерлік қоғамының баға саясатын талдау
2.1ҚазТрансГаз акционерлік қоғамы компаниясы туралы
Қазақстан Республикасының газ саласы одан әрі дамуы үшін
айтарлықтайәлеуетке ие, ол болашақта Қазақстанды табиғи газды жетекші
өндірушілер қатарына шығаруға мүмкіндік береді. ҚазТрансГаз акционерлік
қоғамы еліміздің және дүниежүзінің газ нарығында мемлекеттің мүдесін
білдіретін Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы ірі
компания болып табылады. Оның Жалғыз акционері ҚазМұнайГаз Ұлттық
компаниясы АҚ. ҚазТрансГаз табиғи газды магистральдық газ құбырлары бойынша
тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нарыққа газ сатумен айналысады,
құбыр желілері мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады
және пайдаланады. Есепті кезеңде ҚазТрансГаз компаниялар тобына 12 еншілес
және тәуелді компания кіреді, олар мынадай бизнес-бағыттар бойынша
берілген: магистральдық тасымалдау Интергаз Орталық Азия АҚ, Азиялық газ
құбыры ЖШС, Бейнеу-Шымкент Газ құбыры ЖШС, ҚырҚазГаз ЖШҚ; газбен
жабдықтау ҚазТрансГаз Аймақ АҚ, ҚазТрансГаз-Алматы АҚ, ҚазТрансГаз-
Тбилиси ЖШҚ, ҚазТрансГаз - Өнімдері ЖШС; ресурстық база Амангелді Газ
ЖШС. Көмірсутекті ішкі және сыртқы нарыққа жеткізудің көпвекторлық
қағидаттарына сүйене отырып, Қазақстан табиғи газды транзиттеу және
экспорттық жеткізу бойынша барлық экономикалық тұрғыдан тиімді маршруттарды
дамытуға ұмтылуда. Бүгінгі таңда Қазақстанның газ саласы Түркіменстан-
Өзбекстан-Қазақстан-Қытай газ құбырына үлкен үміт артып отыр, оның табиғи
газды өткізу қабілеті жылына 30 млрд. текше м болады, ол қазірдің өзінде
пайдаланылуға енгізілген. Қазақстан Республикасы үшін газ саласындағы басты
басымдық газды ішкі нарыққа жеткізу болып табылады. Қазіргі уақытта
Қазақстан Республикасында 9 облыс газдандырылған. Негізінен бұл –
республиканың оңтүстік және батыс өңірлері. ҚазТрансГаз компаниялар тобы
(бұдан әрі - Топ) табиғи газды жеткізу нарығының 9 өңірінен 8-інде –
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау,
Ақтөбе және Қызылорда облыстарында көрсетілген. Газ тасымалдаудың жалпы
жүйесі магистральдық газ құбырларының (МГҚ), компрессорлық станциялардың
(КС), газдың жер асты қоймасының (ГЖҚ), сондай-ақ тарату газ құбырларының
ауқымды желісін қамтиды.

2.2 ҚазТрансГаз АҚ компаниялар тобы қызметінің өндірістік
көрсеткіштері

2011 жылғы жағдай
Бейнеу-Шымкент МГҚ құрылысының басталуы: газ құбырының маршруты
Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағынан
өтеді. Оның жалпы ұзындығы – 1477 мың километр. Газ құбыры Қазақстанның
оңтүстік өңірлерінің экономикалық тұрғыдан дамуын қамтамасыз етеді, сондай-
ақ қазақстандық газды Қытайға экспортқа өткізу үшін жағдай жасайды.
Қазақстан-Қытай МГҚ бірінші учаскесінің 3-ші желісін салу жөніндегі ҮАК
және СОП-қа Қазақстанның Оңтүстігін газбен жабдықтау үшін 5 млрд.м3.
көлемінде қазақстандық тарап үшін қуаттылықтарды беру шартымен қоса қол
қою; жобаланатын үшінші желінің газ жіберу қабілеті 25 млрд текше метр
газын құрайды, олардың жылына шамамен 15 млрд текше метрі Түркіменстаннан
жеткізіледі, ол бүгінгі күні Қазақстанның аумағы бойынша Түркіменстан
–Өзбекстан – Қазақстан – Қытай экспорттық жүйесі арқылы өтетін жалғыз
жеткізуші болып табылады.
ҚР өңірлерін газдандыру жобаларын іске асырудың басталуы (100%-ға
Алматы қаласының жекеменшік секторын газдандыру, Алматы, Жамбыл облыстарын,
Қызылорда қаласын газдандыру); Аталған жобаның шеңберінде Жамбыл, Алматы
облыстарының 30-дан астам елді мекендерін, сондай-ақ Алматы қаласы мен
Қызылорда қаласының газдандырылмаған шағын аудандарын газдандыру жөніндегі
іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Маңғыстау облысын газбен жабдықтау нарығына кіру: облыстың коммуналдық
меншігіндегі газ құбырлары мен құрылыстар сенімді басқаруға алынған.
Осылайша, өңірде магистральдық тасымалдаудан газды аяққы тұтынушыға
өткізуге дейінгі қызметті жүзеге асыратын газбен жабдықтаудың бірыңғай
операторы құрылған.
КОЛОН (Оңтүстік Корея) комапниясымен бірлесіп Алматы қаласында 5 АГТКС
салу үшін АвтоГаз Алматы ЖШС-ның кәсіпорнын құру. 2010 жылы ҚазТрансГаз
АҚ Қазақстан Республикасының автомобиль көлігін мотор отыны ретінде
компромирленген табиғи газды пайдалануға көшірудің 2011-2015 жылдарға
арналған тұжырымын бекітті, ол тұтынушыларды КТГ-ге біртіндеп көшіру
жөніндегі іс-шараларды кезең-кезеңмен іске асыруды көздейді.

Құрылымдық бөлімшелер бөлігіндегі негізгі өндірістік және қаржылық
көрсеткіштер
ҚазТрансГаз АҚ
ӨНДІРІСТІК КӨРСЕТКІШТЕР
2009 2010 2011 в % к 2010
Газ өндіру, 354 344 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауардың өмірлік циклындағы баға саясатының факторлар
Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Компаниядағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру
Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Маркетинг қызметінің саласы
Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау
Пәндер