Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеудің теориялық негіздері

1. 1. Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары . . . 5-8

1. 2. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттіктері . . . 9-14

1. 3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттігінің міндеттері . . . 15-19

2 Қазақстандағы қаржы нарығы мен ұйымдарды басқару мен бақылау негіздері

2. 1. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттерінің қызметтері. . 20-22

2. 2. Қаржы нарығын ұйымдастырушылар мен оларыдың жай күйі . . . 23-24

2. 3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеудегі негізгі жұмыс процестері . . . 25-27

3 Қазақстан Республикасында қаржы нарығын жетілдіру жолдары

3. 1. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеу мен бақылауды дамыту ерекшеліктері . . . 28-30

Қорытынды . . . 31-32

Қолданылған әдебиеттер . . . 33

Қосымша

Кіріспе

Қаржы нарығы басыңқы салаларды инвестициялау үшін уақытша басы бос қаражаттың шоғырлануын қамтамасыз етеді. Қаржы нарығы экономикада өз жұмыстарын жақсы біледі, қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы оның негізгі кезеңдерін анықтау керек.

Қаржы нарығын экономикада қор нарығы деп те атайды. Қазақстанда қор нарығының инфрақұрылымы қалыптасқан деп айтуға болатындығына қарамастан алайда оның өтімділігі де тиімсіз пайдаланылуда. Әрі отандық, әрі шетелдік инвесторлардың қор нарығына мүдделігін күшейту үшін тетіктер мен шарттар қажет. Оның одан әрі дамуына жаңа қаржы құралдарын, қор биржаларының қосымша бөлімшелерін енгізу, инвесторлар үшін жеңілдікті шарттар жасауға мүмкіндік береді.

Қаржы нарығындағы жоспарды үдемелі енгізу қор нарығы сегменттерінің: отандық қаржы нарықтары анықтайтын ішкі және сыртқы ТМД елдерінің қаржы институттары басым болатын сыртқы да кеңеюіне әкеледі. Қазақстанның қор нарығының әлеуеті айтарлықтай зор, әсіресе егер мұнда бүгінгі күні жалпы ішкі өнімге акция нарығын капиталдандыруды ескерсек, Еуроодақ елдеріне қарағанда 20 есе төмен, ал борыш бойынша 45 есе төмен.

Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Қаржы нарығы ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына бағалы қағаздар нарығын және туынды бағалы қағаздар нарығын қамтитын болады

Ақша нарығы дегеніміз қолм-қол ақша ғана емес, қолма -қолсыз төлем қаражаттарының нарығы

Несие нарығы несие бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты .

Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады

Қаржы нарығында сатып алу -сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар-ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысімен ортақтастырылатын экономиқалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады . Қор құндылықтарының-бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды . ”Қор нарығы “ термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің - қор биржасының атымен байланысты .

Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі . Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық әсіресе инвестициялық процесстерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкімдік береді.

1 Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері

1. 1 Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары

Қаржы нарығы-құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, несие, валюта, сақтық және тағы басқа капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне байланысты жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.

Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.

Қаржы нарығының айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаражаттарының оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.

Қаржы нарығының негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Қаржы нарығы қызмет жағынан алғанда кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.

Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржының ақшаға тең категория ретінде қарастыратын дүниежүзілік айырмашылығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қолсыз төлем қаражаттарын, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.

Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді ссудалары жөніндегі банкінің несие операцияларына байланысты: бұған коммерциялық несие де жатады.

Қарыз несие түрінде мынадай негізгі қағидаларға сүйенеді:

  1. Қарыз несие түрінде белгіленген мерзімге беріледі, ол ақталғаннан кейін белгіленген несие жүйесіне қайтарылады;
  2. кәсіпорындар мен жеке адамдар несиені қандай мақсатта алса, сол мақсатқа жұмсалуы керек.
  3. кәсіпорындар мен жеке адамдар қарызды алып пайдаланғаны үшін қарыз алған банкіге немесе қарыз алған мекемеге белгіленген мөлшерде пайыз төлейді.

Банкте беретін несие қысқа, ұзақ, орта мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді несие әдетте бір жылға дейін негізінен айналым құралдарын жасауға беріледі.

Орта мерзімді несие 2- жылға жаңа құрылысқа, өндірісті техникалық қайта жабдықтандыруға жаңартуға беріледі.

10 және одан да көп жылға ұзақ мерзімді несие беріледі. Ол кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға беріледі.

Несиенің әртүрлі формалары бар: банктік, коммерциялық, тұтыну халықаралық т. б.

Банк несиесінде банк клиентінің векселін есепке ала отырып, оған осы векселінің құны орналасатын есеп айыру шотын ашады.

Коммерциялық несие кәсіпорындардың мұқтаждықтарына беріледі.

Тұтыну несиесі-бұл тұтынушылардың тауралар мен қызметтерді кейінге қалдырып, төлеу үшін пайдаланылатын несие түрі.

Халықаралық несие бұл шетелдерге берілетін немесе олардан қарызға алынатын сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет жасайтын несие түрі.

Чектік несиеде банк клиентке төлем жасауға қажетті соманы қарызға алуға мүмкіндік беретін чек жазып береді, борыш белгіленген уақытта қайтарылуы қажет.

Несие өзінің қызметтерін банктер арқылы атқарады. Саяси экономикалық тұрғыдан алғанда банктер кәсіпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың бос ақша құралдарын тартатын және жинақтайтын несие-қаржы мекемесі. Әлемдік банк тәжірибесінде көрсетіліп отырғандай, банк жүйесіне орталық банк, банктердің басқа да ұйымдық формалары мен мамандандырылған мекемелері, коммерциялық жинақ және инвестициялық банктердің үлкен тобы, ал бірқатар елдерде ипотекалық банктер кіреді. Осы мекемелер өздеріне тән қызмет атқарады.

Қаржы нарығы негізінен, ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады, олар қаражатты ұзақ мерзімге немесе мерзімсіз жұмсалғанын немесе берілгенін яғни негізгі қорлар қозғалысына қызмет ететінін айғақтайды. Қаржы нарығын сондықтан да қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді. Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы-кәсіпорындардың, банкілердің мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.

Нарықтардың барлық тұрпаттарының өзара байланысты қаржы нарығы болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:

  1. реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтердің кез-келген түрлері мен айналымы бойынша сұранымы мен ұсынысының тепе-теңдігі;
  2. Ұлттық банкі тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма-қол ғана емес, сондай-ақ қолма-қолсыз айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
  3. Несие нарығын жандандыру толық оны коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру, несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банкі проценттің есептік ставкасын коммерциялық банкілердің, міндетті резерв нормасын белгілеу, ашық ақша нарығында операциялар жүргізу арқылы реттеледі.

Мыналар қаржы нарығы қызметінің алғышарттары болып табылады:

  1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлектетік сектордың материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
  2. Қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің ролін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту; кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
  3. Шаруашылық субьектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
  4. бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ссуда қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етуімен ғана қоймайды. Оның қызметі ресурстарды қайта бөлу түрінде кәсіпорындар арасында тіке байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды обьектілер мен салаларға аудару арқылы жақсартады. Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, бағалы қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және олардың бағасы сұраным мен қамтамасыз етумен айқындалады. Экономикалық реформа процесі барысында қор нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляцияда болған қиындықтарға кезігуде. Инфляция елеулі әсер ететіндіктен, бағалы қағаздар қысқа мерзімді әрі құны түспейтін болуы тиіс. Баға ұдайы өсіп отыратындықтан, инвесторлар ұзақ мерзімге қаржы салмайды. Инфляция жағдайында ұзақ мерзім инвестициялар тауарға валютаға, тапжылмас мүлікке салынады. Қаржы нарығы халықтың тұрмыс деңгейін төмен болғандықтан дамымайды. Кәсіпорындардың төлем қабілеті нашарлығы сеебпті оларға бағалы қағаз салу тиімсіз. Қаражаттың жетіспеуі қысқа мерзімді несиелер мен депозиттердің проценттік ставкаларының өсуіне жеткізеді. Нәтижесінде бағалы қағаздар банкілердің ақша-несие операцияларымен бәсекелесе алмайды.

1. 2 Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттіктері

Қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарына мыналар жатады :

1) реттеліген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;

2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма - қол және қолма - қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

3) несие нарығының жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының - меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

2) қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;

3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату; распубликалық, сондай -ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.

Оның жұмыс істеу әкімшіл - әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссисын пайдаланбайды, рынокте еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногінің қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама- қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның өнімі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние - мүлікке, таурларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежелеп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның тәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша - кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

Қаржы нарығыныің жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамының мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді

Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды - экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногінің бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнаналық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.

Капиталды және басқа халықаралық, аймақтық және жергілікті қаржының қаржы нарықтарымен ұлттық және халықаралық операцияларды қолдау үшін мынандай орталық элементтердің белгілі бір жиындарына ие болуы керек. Біріншіден, қаржы нарықтарының айқын қызмет етуін қамтамасыз ететін тұрақты қаржы жүйелері мен институттарынан тұрады.

Кредит берушілер мен қарыз алушылардан шығын, тәуекелділік, табыс, өтемпаздық және бақылау мерзімдері көзқарастарынан варианттардың алуан түрлілігін тудыратын, қаржы құралдарының икемді жиыны талап етіледі.

Шетел капиталына арна жүргізу қабілеті маңызды, яғни барлық халықаралық операицяларды жүргізу тәсілдерін, құқықтық қамтамасыз етуді меңгерген, жақсы даярланған, кәсіпқой штат керек, оған сонда халықаралық қарызға алушылар мен инвесторлар сенетін болады.

Халықаралық қаржы орталығының міндеттері әртүрлі валюта секторлары арасындағы күшті байланыстары бар біріктірілген нарық жүйесі ретінде қарастырылады. Бұл байланыстар банкілер мен басқа да қатысушылардың ақша қаражаттарын айырбастау операциялары арқылы бір валюталық сектордан басқасына ауыстыру қабілетінен көрінеді.

Қаржы нарығының элементтері дүниежүзілік қаржы жүйесін құрайды, ол бірқатар негізгі операцияларды орындайды:

  • өзара байланысқан ақша нарықтарында активтермен сауданы ірі банктермен орталықтандыру, дилингілік операциялар халықаралық ақша нарығы активтерінің әртүрлерімен сауда жасау арқылы біртұтас қосылады;
  • делдал банктерге қаражаттың төрелік ағындарының бір секторынан басқа секторға өтуіне мүмкіндік жасайды;
  • халықаралық ақша нарығының нақтырақ бағасы бойынша операцияларына қатынасатын қарыз алушылар мен кредит берушілер үшін үлкен икемділік және еркіндік жасайды.

Қаржы нарығының дамуы оған жаңа қатысушылардың пайда болуы және қаржы құралдарының нысандары мен түрлерінің көбеюі капиталдың жылыстау жолдарын реттеудің икемдірек тетігін жасауды, нормалар тізбесін кеңейтуді талап етті. Оларды бұзу валюталық заңдарға сәйкес жазалауға апарып соқтырар еді. Шағын кәсіпкерлік саласынан банк және сақтандыру қызметінің субъектілерін айыру аталған ұйымдарға қадағалауды күшейтеді, қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайту мен тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында олардың қызметіне талаптарды өзгертеді.

Қазақстанның қаржы нарығына халықаралық беделге ие болған шетелдік кәсіпқой қаржы делдалдарын жіберуге мүмкіндік береді:

  • нарықтық бәсекелестіктің қажетті деңгейін қолдау;
  • қаржы жүйесінің клиенттеріне отандық қаржы институттары талап етпеген қызметтерді көрсету;
  • жергілікті қаржы жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Мұндай ұстанымды орындау үшін мыналар қажет:

  • тіркеу шартын теңестіру жөніндегі мәселені қарастыру, отандық және шетел қаржы институттарының қызметтерін лицензиялау және реттеу;
  • уақытша индекстің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу, соған сәйкес шетел банктері өкілдіктерінің елде бір жыл жұмыс істегеннен кейін барып, олардың Қазақстанда өздерінің еншілес банктерін ашуына құқығы болатын;
  • республикада жұмыс істеуге отандық қаржы делдалдары меңгермеген қызмет түрлері бойынша шетел қаржы институттарын жұмысқа тарту;
  • шетелдің кәсіпқой қаржы делдалдарына банк аралық төлемдер жүйесіне тікелей жол ашу;

Қаржы нарығы өзіне тән инфрақұрылымы және жаңа принципті ақпаратты ағымы бар күрделі экономикалық қатынастар саласы. Сондықтан қаржы нарығын құру үшін бағалы қағаздарды эмиссиялау, қаржы инфрақұрылымын құру және ақпаратпен қамтамасыз етуге байланысты жүйелі мәселелерді зерттеу қажеттілігі пайда болды.

Қаржы нарығы сату-сатып алу обьектісі болып спецификалық тауарлар ақша және бағалы қағаздар болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Мемлекеттiң құрылымдық - инвестициялық саясатын қалыптастыру негiздерi
«Инвестициялық процестегі құрылыс кешенінің рөлі»
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы
Қазақстан Республикасының инвестициялық іс – әрекетін бағалау
Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыру және олардың банкроттығы және Қазақстанда сақтандыру ісінің тиімділігіне олардың әсері
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz