Несиелік саясат және несиелік механизм зерттеу


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ
1. 1. Қазақстан Республикасындағы несиелеу жағдайы. Несиелік саясат және механизм зерттеу . . . 5
1. 2. Қазақстандағы ипотекалық несиенің жағдайы . . . 15
1. 3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау жүйесі . . . 19
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРДЫҢ НЕСИЕЛІК ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН СТАТИСТИКА ПАКЕТІН ҚОЛДАНУЫМЕН СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ.
2. 1. «STATISTICA» пакетінің құрылымын зерттеу . . . 24
2. 2. «Еуразиялық Банк» АҚ-ның қарыз алушылардың несие қабілеттілігінің нәтижелерін «Discriminant Analysis» қолдана отырып тексеру . . . 28
- «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ ТӘСІЛДЕРІН ЗЕРТТЕУ . . . 38
Қорытынды . . . 41
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 43
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға өтуде мемлекет экономиканы дұрыс бағытқа қоя білуі керек. Бүгінгі күнде мемлекеттің және қоғамның басты бағыты ақша-несие саясатын іске асыру болып табылады. Қазақстан Республикасы болашақта бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіруге жоспарлауда, бұл ұйымның бірінші талаптарының бірі - ол, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық сфераның жоғары деңгейде болуы. Ал ақша-несие саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсудің бірден-бір факторы болып табылады. Өнімді өткізуде және өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету - несиенің басты ролі. Бүгінгі күнде толыққанды нарықтық қатынастардың қалыптасуыында мемлекеттегі несиенің ролін арттыра отырып, несиелік салымдардың көлемінің ұлғаюы мен несие қатынастарының сферасы кеңее түседі.
Несие - қоғам мүшелері үшін өз мұқтаждықтарын тез әрі тиімді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал мемлекет үшін экономикадағы ақша айналымына үлесін қосады және де экономианың өсуін ынталандырады.
Банктік сфера Қазақстандағы - экономиканың неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан секторы болып табылады. Ал банктердің басты экономикалық функциясы - ол, жағымды несие саясаты. Банктің неғұрлым жағымды несие функциясын іске асыруы, көбіне банк қызмет көрсететін клиенттердің экономикалық жағдайына тәуелді. Өзіндік ерекшелігі - несие саясатының ұйымдастырылуы, оның әлеуметтік-экономикалық саясатындағы ролі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірбиесіне сүйене отырып жазылған.
Басты мақсаты - Қазақстан Республикасының несиелеу жағдайы және оның дамуын статистика пакеттерін қолдануымен статистикалық талдау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөліп және қосымша бақылау жасауға тиіс. Қоғамға несиенің әкелетін маңыздылығын қарастыру арқылы, несиенің дамуына басты кедергі болатын тәуекелділікті, «STATISTICA» пакеті қолданып халықтың төлем қабілетілігін анықтау. Себебі, қарыз алушылардың уақытылы несиені төлемеуі несиенің тиімді дамуына кедергі туғызады. Бұл жәйт, несие механизмінің тиімділігін және халықтың әлеуметтік жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер орындалуы керек:
- несие, несиелік саясат пен несиелік механизмді зерттеу;
- несие түрлерін және несиелеу әдістерін зерттеу;
- қарыз алушының несие қабілеттілігін зерттеу;
- «STATISTICA» пакетінің құрылымын зерттеу, әдістерін талдау;
- «STATISTICA» пакетінің көмегімен қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау, корытынды жасау.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының несиелеу жағдайы және оның дамуы .
Курстық жұмыстың әдістемелік негізінде Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативті актілері, Қазақстан және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері мен оқу құралдары, ресми сайт мәліметтері, мерзімді басылым ақпараттары, сатистикалық жинақтардың мәліметтері пайдаланылған.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы несиелеу жағдайы. Несиелік саясат және несиелік механизм зерттеу.
Нарықтық экономикаға өтуде мемлекет экономиканы дұрыс бағытқа қоя білуі керек. Ақша-несие саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсудің бірден-бір факторы болып табылады. Өнімді өткізуде және өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету - несиенің басты ролі. Бүгінгі күнде толыққанды нарықтық қатынастардың қалыптасуыында мемлекеттегі несиенің ролін арттыра отырып, несиелік салымдардың көлемінің ұлғаюы мен несие қатынастарының сферасы кеңее түседі.
Несие қоғам мүшелері үшін өз мұқтаждықтарын тез әрі тиімді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал мемлекет үшін экономикадағы ақша айналымына үлесін қосады және де экономианың өсуін ынталандырады.
Бүгінгі күндегі несие жүйесі көп құрылымды жүйе болып табылады. Егер сыныпталуында ұйымның өз клиенттеріне ұсынатын қызметтер негіз ретінде алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің негізгі үш элементтеріне бөліп көрсетуге болады:
- орталықтандырылған (эмиссиондық) ;
- коммерциялық банктер;
- арнайы несие ұйымдары.
Қазақстан Республикасының қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды бақылауды басқарма Агентігінің 2006 жылдың 25 ақпаннында №44 пруденциалды нормативіне сәкес әр екінші деңгейлі банктер өзінің несие саясатын құруы керек.
Несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынада, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады. Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегиясына сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді. Жалпы несиелік саясатты келесідей сипатта болуға тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді ;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқауларды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызыметтің мынадай мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективті стандарттар мен критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс әрекеттерін;
- сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалылығын;
- ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз етілуі үшін және несиелік қызметкердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономикалық секторын дұрыс таңдай білуіне, сонымен қатар, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақтар шешуге банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап «өз клиентін» таңдауға біліктілігіне негізделеді. Сонымен қатар, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертен енгізудегі дұрыс санайтын несиелік өнімдерімен анықталады.
Несиелік саясаттың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, оның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мне несиелік нұсқаулары жасалады.
Несиелік стандарттар мен нұсқауларды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары еңгізілгеннен кейін саясатты және соған сәкес нұсқауларды бекітеді.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды. Отандық банктердің тәжірибесіндегі несиелік комитетінің шешетін мәселелері мынадай :
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкерлердің несие беру туралы қорытындысын карайды;
- несие беру немесе одан бас тарту тұралы шешім қабылдайды;
- несиелік тәуекелге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие соммасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерін бекітеді;
- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шарттарын бекітеді;
- берілген несиеге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабін жүргізеді.
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру оларды соған сай келетін ережелер мен нұсқауларға үйрету, банкте саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта мынадай элементтер көрсетуге тиіс:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- несиелік портфельді басқару;
- несиелеуге бақылау жасау;
- құзіретті бөлу принциптері;
- несиелеуді таңдаудың жалпы критерилері;
- несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
- несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
- несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:
- несиелеу саясаты;
- несиелеу стандарты;
- несиелеу нұсқаулары.
Сонымен қатар аталған үш құжаттын ерекше бір құжаты - «несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлердің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыты мен бағдары анықталады.
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты. Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
- қарыз алушылардың қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
- несиенің кепіл хаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
- әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
қарыз алушылардың несиелік қабілетін талдау тәртібі;
- несиенің айрықша түрлері бойынша ережелер.
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандартына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиісті. Ондай құжаттарға: несиелік келісім шарт, кепіл туралы шарт және тағы да басқалар жатады.
Несиелік нұсқаулар несиелік процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді. Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағытына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпаратты жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
- банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
- несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материял және нұсқаулар ретінде болу;
- несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
- несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөліп және қосымша бақылау жасауға тиіс.
Экономикалық түсініктегі «механизм» белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосу құралын білдіреді. Яғни, оның мәні экономикалық, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталатын, басқарылатын объектілерге басқаратын субъектінің әрекет ету мазмұнымен байланысты болып келеді.
Несиелік механизм - нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу процестеріне, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет ету үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізгі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық котигория ретінде қызмет етуін жеткізе және тұра бейнелей алмай, сонымен қатар оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік механизм сипатының объективтілігін айта отырып, екі элеметті: несиені және несиелік механизді бір бірінен бөліпқарау дұрыс емес. Соңғысы несиені бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды. Кез келген экономикалық механизм тұжырымы бұл механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.
Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынандай құрылымдық элементтерден тұрады:
- несиенің түрлері;
- несиенің объектілері;
- несиенің субъектілері;
- несиелеу әдістері;
- несиелеу процессі;
- несиелеу принциптері;
- несиелік тәуекелді бақылау.
Несие түрлері - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрініс.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1) қарыз алушылар котегорияларына қарай:
- қаржылық институттарға берілген несие: мақсатты қорларға, банктерге, қаржы-несие мекемелеріне;
- қаржылық емес агенттерге: өнеркәсіп салаларына, ауыл шаруашылығына, саудаға, дайындау ұйымдарына, жабдықтау сату ұйымдарына, жеке кәсіпкерлерге;
- тұтыну мақсатына берілетін несие.
2) мерзіміне қарай: қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) .
3) тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай: негізгі қорға жұмысалатын, айналым қаражатына жұмсалатын.
4) қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
- қамтамасыз етілген: кепілхатпен, кепілдемемен, кепілдікпен;
- сақтандырылған;
- қамтамасыз етілген сенім несиесі.
5) қайтарылу дәрежесіне қарай:
- стандарты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтарудан ешқандай күмән жоқ несиелер;
- күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел тұғызатын несиелер;
- үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер.
6) валютамен берілуіне қарай: ұлттық валютамен, шетел валютасымен.
7) берілу шартына қарай:
- тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді өтеу үшін берілетін несие;
- ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие;
- овердравт несиесі - клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы;
- овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін несие түрі;
- онкольдық несие - кредиторлардың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие;
- банк аралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі;
- ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, берілетін несие;
- лизингтік несие - құрал жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие;
- рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие;
- сенім несиесі - банк сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие;
- маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие;
- консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып берілетін несиелері.
Несиенің құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік несиелік мәмлеге қатысушылар немесе несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Несие берушілерге мемлекет, орталық және коммерциялық банктер, банк типтес мекемелер қаржылық ұйымдар, сонымен қатар халықаралық қаржы ұйымдары жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін.
Несие объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несие объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналым шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие матариалды жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектісіне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:
- өндіріс объектілерінің құрылысы;
- өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
- техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
- жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
- өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.
Несиелеу әдістері - несиенің берілуі және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:
- айналым бойынша несиелеу әдістері;
- қалдық бойынша несиелеу әдістері;
- айналым-қалдықтық.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымдағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азайюына байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несиеге деген қажеттілік тауарлы матерялды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты. Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде несиелеу объектісі толығымен қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдықты әдіс түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несиеге деген қажеттілік туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген несиелік опрациалар осыдан басталады. Мұндай құжаттарды қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін.
2) қарыз алушының несиелік қабілетін талдау. Қарыз алушының несиелік қабілеті - қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген көптеген факторлар әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
3) несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасау үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісім шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі: несиелеу мақсаты және объектісі, несиенің мөлшері, несиені беру мерзімі және қайтау шарттары, несиені қамтамасыз ету формалары, несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі, несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі, несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
4) несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі - несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайда жұмысалады. Екіншісі - несие алу құқығы қосымша қосымша қаражаттарға деген қажеттілік туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші - белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады.
5) несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау - несиелік операцианың маңызды кезеңі. Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құрудағы рөліне байланысты.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отыруымен де толықтырылады. Өйткені банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz