ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Жалпы мәдениет түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизмнің арақатысы ... ...8
1.3. Құқықтық сана және құқықтық
мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2. Кәсіби құқықтық мәдениет адамгершілік
айнасы ... ... ... ... ... ... ..21
2.3. Қазақстан Республикасының мәдениеті және оны құқықтық реттеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...30
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... . 31

КІРІСПЕ

Жалпы қоғамның мәдениет саласындағы қатынастардың басым көпшілігі
заң арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Заң мәдениетінің негізгі мүдде –
мақсатын анықтап, оның орындау бағыттарын көрсетіп реттеп отырады. Заң
мәдениетінің жаңа бағытын жаңа мақсатпен болжап, алдын – ала заңға тәуелді
нормативтік актілердің қабылдауын қамтамасыз етеді. Заң құқықтық мәдениетті
басқаратын, дамытатын аппараттарды құрып, нығайтып отырады.
Заңның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ететін – заңға тәуелді
нормативтік актілер. Сондықтан құқықтық мәдениетті дамыту үшін мемлекет
барлық басқарушы аппараттардың (Үкімет, министрлік – ведомстволық
жергілікті органдардың) жұмысын жақсартып, олардың нормалары мен құжаттары
дұрыс, сапалы уақытында қабылданып қоғамдағы мәдениет процесін реттеуді
басқаруды тиісті дәрежеде ұстауды қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда құқықтық мәдениеттің дамуының негізгі шарттары:
халықтың сана – сезімін дамыту; мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын
жақсарту; заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату; мәдениеттің жетістіктерін
қорғау; құқықтың мемлекет қалыптастыру.
Адам қоғамның тарихи даму процесінен қалыптасқан ең зор мәдени
байлық – құқықпен құқықтық заңдар.
Жалпы осы курстық жұмыстың мақсаты не? Нені зерттейді деген
сұрақтарға жауап беруіміз керек.

1. ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жалпы мәдениет түсінігі және түрлері

Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері
мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани
құндылықтардың жиынтығы. Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси,
экономикалық, әлеуметтік, парасаттылық, инабаттылық, экологиялық құқықтық,
т.б. мәдениет жүйе – салалары. Олар бір – бірімен тығыз байланыста қоғамның
экономикалық саяси, әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар
қоғамның әр саласындағы қарым – қатынастарды реттеп – басқарып отырады.
Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып
қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартып, нығайтып отырады.
Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан – жақты нығаюына мүмкіншілік
жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекетпен бірге бірлестіктер, одақтар,
ұжымдар зор үлес қосады. Жоғарғы деңгеі мәдениетке құқықтық мемлекет жол
ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық тәрбиелік т.б. деңгейі
мәдениеттің деңгейімен айқындалады. Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның
экономикасының, саяси - әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамдағы бұл екі жақты байланыс бір елдің, бір мемлекеттің
шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамыуына сыртқы қолайды жағдай зор әсер
етеді. Мысалы, дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып,
олардың рухани байлығын, сана – сезімін көтеріп, мәдениетін дамытады.
Мәдениеттің мазмұны туралы ғылымда бірнеше пікірлер бвр, оларды үш
топқа бөлуге болады: антропологиялық, социологиялық, философиялық
көзқарастар – жіктеулер:
- антропологиялық жіктеу – мәдениет адамдарының іс - әрекеті
мен қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасқан материалдық
және рухани жетістіктер. Бұл концепцияның өкілдері
мәдениеттің мазмұнын жақсы түсіну үшін қоғамның барлық
саласының жетістіктерін біріктіріп зерттеуді жақтайды;
- социологиялық жіктеу – мәдениет қоғамының даму процесінде
қалыптасқан рухани жетістіктер. Бұл концепцияның өкілдері
мәдениеттің мазмұнын түсіні үшін қоғамның әлеуметтік және
идеологиялық жетістіктерін біріктіріп зерттеуді қостайды;
- философиялық жіктеу – мәдениет қоғамдағы барлық материалдық
және рухани құбылыстардың жиынтығы – деп індіріледі. Бұл
концепцияның өкілдері мәдениеттің мазмұнын түсіндіру үшін
қоғамдағы барлық құбылыстардың объективтік және субъективтік
заңдылықтарын зерттеп, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар
жасауды дұрыс дейді.
Антагонистік қоғамдағы материалдық және рухани мәдениет үстемдік
етуші таптың мүддесіне бағындырылған. Әрбір ұлттық мәдениетте демократиялық
элементтерде болады. Өйткені әрбір ұлтта еңбекші және қанаушы бұқара бар,
олардың өмір сүру жағдайлары демократиялық идеологияны туғызбай қоймайды.
Қазіргі замандағы мәдениет мазмұны жағынан алғанда өте кең байтақ,
ол өткендегі барлық мәдениет атаулының ең прогресшіл және ең жақсы жақтарын
заңды түрде қабылдап, дамып келеді. Мәдениет түсінігіне тек ғылым, ағарту,
өнер, тіл және әдебиет қана жатып қоймай, оған сезім мәдениеті де кіреді.
Мәдениеттің маңызды сипаты, оның интернационалдығы. Мәдениеттің
экономикалық негізі оны стихиялық дамудан сақтайды. Мәдениеттің үзіліссіз
даму процесінде бірте-бірте ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы
айырмашылықтар жойылады, адамның жеке басының үйлесімді жан-жақты дамуына
жағдай туады.
Қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі – құқықтық мәдениет. Бұл
қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды
баурау жөніндегі қатынастарды құқықтық нормалар арқылы реттеп – басқару.
Құқықтық мәдениет қоғамдағы мәдениеттің деңгейінен жоғары бола алмайды. Бұл
объективтік процесс.
Құқықтық мәдениет қоғамның құқықтық санасының, айнасы деуге болады.
Өйткені бұл мәдениет адам қоғамының өткен формациясының құқықтық
мәдениетінің жетістіктерін жинақтап, біріктіріп отырады. Құқықтық мәдениет
екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет.
Жеке тұлғалардлың мәдениеті қоғамдық мәдениетті дамытуға шешуші үлес
қосады. Құқықтық мәдениет жалпы – халықтық байлық, ол адам қоғамының тарихи
цивилизациялық жетістігі.
Құқықтық мәдениет жеке тұлғалардың білімінің деңгейіне қарай үшке
бөлінеді: күнделікті, профессионалдық, теоретикалық. Күнделікті мәдениет
жалпы қоғамдық мәдениеттің көлеміндегі дәреже. Бұл дәреже еңбектенсе өсуі
мүмкін. Профессионалдық мәдениеттің бір немесе бірнеше саласын игеру.
Теоретикалық мәдениеттің теориясын жақсы білу.
Құқықтық мәдениеттің функциялары: танымдық, реттеушілік,
прогностикалық, нормативтік. Танымдық – құқықтық мәдениет теориясын дамыту;
реттеушілік – мәдениетті реттеп – басқару; нормативтік – мәдениет
бағытындағы нормативтік актілердің сапасын жақсарту, сол арқылы құқықтың
рөлін көтеру, күшейту; прогностикалық – құқықтық мәдениеттің болашағын
дұрыс болжау.
Құқықтық мәдениеттің субъектісіне қарай үш жүйеге бөлінеді:
қоғамдық, топтық және жеке тұлға. Бұл жүйелерге азаматтардың белсенділігі
өте қажет, онсыз нормативтік актілердің іске асуы, орындалуы нашарлайды.
Белсенділіктің екі түрі болады: біріншісі – құқықтық шығармашылықтағы,
құқықты дамытудағы, орындаудағы белсенділік; екіншісі – заңдылықты,
тәртіпті нығайтудағы белсенділік.
Қоғамдық жүйедегі нормативтік актілер барлық халықты қамтып,
қоғамдық көлемде мәдениетті дамыту, топтық жүйе – бірлестіктер, одақтар,
ұжымдар көлемінде мәдениет мәселесімен шұғылдану; жеке тұлға жүйесі – жеке
адамдардың рухани сана – сезімін, білімін, мәдени тәжірибесін дамыту.
Құқықтық мәдениеттің қызметі үш топқа бөлінеді: танымдылық,
бағалаушылық, реттеушілік. Танымдылық – халықтың заң білімін білуінің
деңгейі, рухани сана-сезімінің жақсаруы. Бағалаушылық тобы төрт жүйеден
құралады: құқықтық салалары, қағидалары, құрылымы, функциялары; құқықтық
тәртіпті; заңдылықты қорғайтын органдардың жұмысы; азаматтардың өздерінің
баға беруі. Реттеушілік тобы – қоғамдағы мәдениет бағытындағы қарым –
қатынастарды реттеп – басқару олардың, заңдылық немесе заңды еместігін
анықтау, дұрыс орындалуын қамтамасыз ету.
Мәдениет жүйесін құқықтық реттеудің, басқарудың негізгі бағыттары:
- қоғамның құқықтық сана-сезімін дамыту;
- құқықтық шығармашылықты жақсарту;
- нормативтік актілердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттің құқықтық жұмысының нәтижесінде халықтың рухани
және материалдық мүдделерінің орындалуын жақсарту.
Осы көрсетілген төрт бағыттағы құқықтық жұмысты қоғамдық көлемде
болсын жеке адамдар тұрғысынан болсын ғылыми творчествалық процесс деп білу
керек. Сонда ғана мәдениет дұрыс, прогресстік жолмен дамып, адам қоғамының
рухани және материалдық жетістіктерін біріктіріп мемлекеттің жақсы дамуына
мүмкіншілік жасайды.
Құқықтық мәдениеттің ең жоғары деңгейдегі түрі – профессионал-
заңгерлер. Бұл топқа жататындар: мемлекеттің заңды қорғайтын органдарында
қызмет атқаратын азаматтар және заңгерлердің кәсіпқойлық ғылыми ұйымдарында
жұмыс істейтін мамандар. Олардың көпшілігінің құқықтық сана-сезімі, білімі,
тәжірибесі өте жоғары дәрежеде боладлы. Сондықтан олар нормативтік
актілерді қабылдауға, қорғауға, орындауға өте зор үлес қосады, қателікке,
кемшілікке жол бермейді.

1.2 Құқықтық нигилизм, оның мазмұны

Құқықтық мәдениетке қарама – қарсы бағыт – құқықтық нигилизм.
Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды,
ғылым заңдарын, мәдени және моралдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық
өмірдің нысаналарын тағы басқаларын жоққа шығарып мойындамау. Россияда,
Германияда; Испанияда тағы басқа европалық елдерде нигилизм ХІХ ғасырда
қалыптасқан саяси реакцияшыл ағым. Марксизмде болашақта – коммунизмде –
мемлекет пен құқық болмайды деп түсіндіреді. Қазіргі заманда саясатшылар,
заңгерлер, ғалымдар құқық пен мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүреді
дейді.
Нигилизм әлеуметтік құбылыс, оның аз да болса дұрыс бағыты болады.
Мысалы, Россиядағы патшалық саяси-экономикалық режимге демократтардың қарсы
күресі. Кеңестік дәуірде тотаритарлық саяси басқару жүйесіне еліміздегі
қарсы күрес. Бұл саяси күрестердің стратегиясы дұрыс, тактикасы – күресті
жүргізу нысаны реакцияшыл бағытта болды – террор, төңкеріс. Бірақ бұл саяси
ағындарды нигилизмге толық жатқызуға болмайды.
Нигилизмнің өзіне тән белгі-нышандары: субъективизм, волюнтаризм,
үстемділік тағы басқа. Нигилизмдік саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде
әр түрлі нысанда үзіліссіз жүріп жатады. Постсоветтік республикаларда
нигилизмнің түрлері, нысандары көбеюде. Олар әртүрлі саяси бағыттағы
қозғалыстар, монархистер тағы басқалар.
Бұл қозғалыстар қоғамны, халықтың өміріне көп зияндар келтіруде:
рухани, моральдық, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді жоюда, еңбексіз
баю жолында, салт-дәстүрді аяқ-асты қылуда.
Бұл топтың біразы мемлекеттің ең жоғары басқару аппатарына орналасып
алған. Қазіргі кезде постсоветтік республикаларда нигилизмнің көріністері
жоғары мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетінен байқала бастады.
Социалистік жүйеден нарықты экономикалық жүйеге көшеміз деп еліміздің
экономикалық, әлеуметтік байлығын талан-таражға салып, өздері байып, жұртты
құтқаруға отырғызды.
Құқықтық нигилизмнің түрлері: - нигилизм санқырлы, өте қауіпті саяси
ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шым-шырақай өзгерістерге
айналдырып халықты алдауға өте шебер. Осы реакцияшыл тактиканың негізгі
түрлері:
1) Қоғамдағы құқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс-
әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бұл құқық бұзушылық қылмыс немесе теріс
қылық, қоғамға, ұйымдарға, адамдарға моралдық, материалдық, зиян
келтіретін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.
2) Адамдардың жаппай заңды нұсқауларды орындамай, өздерінің ойдан
шығарған нормасымен жүріп қоғамдағы азаматтық, әкімшілік тәртіпті бұзу. Бұл
мемлекеттің әлсіздігі.
3) Заңдардың арасындағы күрес – соғыс, нормативтік актілердің
арасындағы қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып
кетуі де кездесіп жатады. Бұл нигилистік асыра сілтеу. Заңдардың, биліктің
күресі – соғысы қоғамға өте қауіпті нигилистік іс-әрекет.
4) Заңдылықты субъективтік, прагматикалық саясатпен ауыстыруға
талаптанған ағымдарда өмірде кездесіп жатады. Олар қоғамның объективті
дамуына көп зиян келтіреді.
5) Мемлекеттің билік және басқару органдарының арасындағы күрес –
қайшылықтар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен
Президентінің арасындағы келіспеушіліктер, Жоғарғы Кеңестің таратылуы.
6) Қоғамда адамдардың бостандығы, құқықтары, теңдігі толық
қамтамасыз етілмесе саяси нигилизмнің негізіне айналып көп зиян келтірілуі
мүмкін, соғысқа апаруы мүмкін. Мысалы, Россиядағы чечен халқына қарсы
соғыс.
7) Әртүрлі теорриялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Мысалы,
марксистік және буржуазиялық идеологияның күресі 50 жыл атом қаруын
себепсіз дамытып дүние жүзіндегі халыққа қауіп төндірді.
Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп, қазіргі замандағы нигилизмнің
негізгі нышандарына тоқтайық:
- нигилизмнің идеологиясымен уланған адамдардың мемлекеттік
аппараттық барлық деңгейінде, қоғамдық ұйымдарда барлығы ақиқат-шындық;
- нигилизмнің санқырлы сипаттарының түрлері парламентте,
Президенттік аппаратта, үкіметте, министрліктерде көрініп қалып жүр;
- нигилистер жамандықтың ең сорақы, қайырымсыз түрлерін қолдануға
құиар. Олар керегінде өтірік саяси, оппозициялық ұйым бола қалады. Сөйтіп
өздерінің антидемократиялық, қастандық іс-әрекеттерін жасай береді;
- олар мемлекеттік, саяси, моральдық, рухани экономикалық, діни
органдардағы нигилистермен бірлесіп қоғамда жартылай ашық реакцияшыл күшке
айналады;
Кеңес кезінде нигилистер қазіргі нигилистермен топтасып бірте-бірте
ашық демонстративно жауынгер, агрессивтік бақылауға болмайтын реакцияшыл
мафияға айналып отыр.
Бұл күш, бұл мафия Кеңес Одағын талқандап, посткеңестік
республикаларды талан-таражға салып, олардың байлығын ашық түрде өзара
бөлісуде.
Мазмұнының толықтыққа жақындау деңгейіне немесе дәрежесіне қарай
құқықтық сана құқық теориясына дағдылы, кәсіби және ғылыми болып бөлінеді.
Дағдылы құқықтық сана дегеніміз адамдардың жаппай түсініктері,
олардың күнделікті және өмірлік тәжірибесінің ықпалымен туындайтын құқық
пен заңдылық жөніндегі сезімі мен көңіл күйі болып табылады. Бұл құқықтық
сананың ең жылжымалы түрі, толық емес және үздік – создық, фрагментарлық
болған ол сонымен бірге құқықтағы жаңалыққа мейлінше сезімтал және құқық
қолданудың кемшіліктерін байқауда қырағы болып келеді.
Кәсіби құқықтық сана бір түр ретінде кәсіби заңгерлер арасында
қалыптасады, норма шығаруда, құқықты түсіндіруде және құқық қолдануда
өзекті рөл атқарады. Ол екінің бірінде белгілі бір стереотиптермен
белгіленген, жазудан ерекше стилі мен заң тілін қалыптастырады. Бұл –
құқықтық сананың біршама толық түрі.
Ғылыми құқықтық сана құқықты және құқықтық өмір шындығының
құбылыстарын теориялық тұрғысында ой елегінен өткізу арқылы қалыптасады, ол
қоғамның құқықтық идеологиясын әзірлеуде, мемлекет пен заңдарды дамыту
жолдарын негіздеуде белсенді рөл атқарады. Құқықтық сананың осы ең толық
түрін иеленушілер құқықтанушы және мемлекеттанушы ғалымдар болып табылады.
Құқықтық санамен тығыз байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық
мәдениет болып табылады. Ол құқыққа белгілі бір көзқарас қана емес,
құқықтық білімнің, тұрақты құндылық-құқықтық бағдардың және соларға сәйкес
заң жүзінде маңызды мінез-құлықтың бірлігі ретінде көрінеді.
Құқықтық мәдениет қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары
деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол
адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың
басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқық бұзушылықтың
жасалуына бастамшылықпен кедергі жасауына сәйкес келуін анықтайды.
Құқық өз нормаларына сәйкес келетін мінез-құлыққа оң көзқараста
болады. Алайда егер жеке адам заңды бұзбаса, құқық нормаларын жазалаудан
қорыққандықтан немесе өзінің комформизмі салдаран, жұрттың бәрі сияқты
істеймін принципі бойынша бұзбайтын болса, бұл әлі де оның қажетті
құқықтық мәдениеті бар екенін білдірмейді.
Сол сияқты жеке адамның немесе топтың кез келген құқықтық
белсенділігін құқықтық мәдениетке жатқызуға болмайды. Заңдарды білуге және
оларды өздері қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян келетіндей етіп
пайдалануға болады. Өмірде құқықтарды, сөз бостандығын қоғам мүдделеріне
нұқсан келтіре отырып, қиянат жасау да сирек кездеспейді. Керісінше, заңсыз
әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын кездер де болады. Демек,
әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе ұжымның
жеткілікті құқықтық мәдениетінің компонеті деп танылуы мүмкін.
Заңды мінез – құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік – құқықтық
оң белсенідікке; конформистік мінез-құлыққа және маргиналдық мінез-құлыққа
жіктеумен қатар, юриспурденцияда заңды мінез-құлықты оның қоғамдық
маңыздылық дәрежесіне қарай да бөлу жүргізіледі.
Осы өлшем бойынша заңды қажетті мінез-құлық; заңды қалағанындай
мінез-құлық; заңды жол берілетін мінез-құлық болады.
Кең мағынасында құқықтық мәдениет – қоғамның құқыққа деген нақты
қажеттері, құқықтық ғылым дамуының деңгейі мен заң білімінің прогресшілдігі
және ақырында, елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай – күйі керек ететін
қоғам мәдениетінің ажырағысыз бөлігі.
Тар мағынасында алғанда – қоғамның құқықтық жүйесінің даму деңгейін
құқықтық мәдениет деп түсінген жөн.
Заңды нұсөқамаларынан ауытқудың қоғамда едәуір кең таралған сипаты
бар. Себептердің және оларға жәрдесемдесетін жағжайлардың көп болуына,
субъектілер мен жасалатын және құқыққа қарсы әрекеттер сипатының алуан
түрлі болуына қарамастан, олардың көпшілігінің бірқатар ортақ белгілері
бар, солардың негізінде заң ғылымы оларды әлеуметтік құбылыстың біреуіне
жатқызады. Бұл құбылыс құқық бұзушылық деген ұғыммен белгіленеді.
Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне
зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе
әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен
жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.
Адам өзінің әрекеттері немесе заң жүзіндегі елеулі әрекетсіздігі
болмаса заң үшін жоқ деп есептеледі. Жеке адамның ой және сезім жүйесі,
оның биологиялық жай-күйі әлеуметтік жағдайы, туыстық және жеке
байланыстары құқық бұзушылық деп танылмайды.
Құқық бұзушылықтың сөзсіз белгісі қоғамдық қауіпті әрекет болып
табылады, ол зиянның болуын және іс - әрекетке қоғамдық бағаны қамтиды.
Қоғамға қауіп төндірмейтін әрекет құқық бұзушылыққа жатқызылмауға тиіс.
Сонымен бірге қоғамға қауіптілікті нақты индивидтің бірлі-жарым қылығынан
ғана көріп қоймай қоймай, ең алдымен, адамдардың белгілі бір іс-әрекетінің
қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін немесе мемлекет қорғайтын белгілі
бір қатынастарды бүлдіру қатерін туғызатын нақты мінез-құлық түрі ретінде
таралуын бағалау керек.
Құқық бұзушылықтардан зиян моральдық және материалдық, өлшенетін
және өлшеусіз, мәндік және рухани, елеулі және болмашы, қалпына
келтірілетін және қалпына келтірілмейтін зиян болады.
Қоғамдық қауіптіліктің, әрекеттің қоғам үшін зияндылығының заң
жүзіндегі дәл көрінісі оның құқыққа қарсы екендігі болып табылады. Құқыққа
қарсылық шегін және оны бұзғандық үшін жауапкершілік шараларын мемлекет
белгілейді және өзгертеді.
Егер әрекет заң міндетін орындамау немесе құқықты асыра пайдалану
болса, ол құқыққа қарсы болып табылады. Бұл тікелей Қазақстан Республикасы
Конституциясының 12-бабының 5-тармағы мен 34-бабының 1-тармағынан
туындайды. Жеке адамның өзінің субъективті құқықтарын пайдаланбауы құқық
бұзушылық болмайды, өйткені бұл оның қалауы мен тілегіне байланысты.
Құқық бұзушылықтың бәрі құқыққа қарсы. Бірақ құқыққа қарсы әрекеттің
кез келгенін құқық бұзушылық деп тануға болмайды. Нәтижесі субъектінің
еркін өз ықтиярымен білдіруі, яғни оның кінәлі мінез-құлқы болған әрекет
қана құқық бұзушылық болады. Бұл – адамдардың құқық бұзушылық
қабілеттілігі, яғни адамның өз мінез-құлқының нұсқасын таңдап алу
мүмкіндігі және оның бұл мінез-құлықтың құқыққа қарсы екендігін ұғыну, өз
қылықтарының салдарын болжай білу қабілеті заң жүзінде бағалануға тиіс
деген сөз. Әдетте, жасы толмағандар мен ақыл-есі кем адамдар өз
әрекеттерінің сипатын ұғынбайды деп саналады, сондықтан да олар құқық
тұрғысынан құқық бұзушылыққа қабілетті болып танылмайды.
Жеке адаиның өзге мінез-құлық нұсқасын таңдауға амалы қалмайтын
жағдайда жасаған құқыққа қарсы әрекеті құқық бұзушылық деп танылмайды.
Еркіне тәуелсіз құқық нормасын бұзу объективті түрде құқыққа қарсы әрекет
болады, бірақ жаза қолданылатын құқық бұзушылық емес.

1.3 Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені
және тәрбиені талапа етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші
кезекке қояды. Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да
сауатты рухани – психологиялық мәдениеттің қалыптасы мен жетілуіне жол ашу
– қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы
реформалық мазмұнының бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.
Осы тұрғыдан Елбасы Н.Назарбае мынадай жауапкершілікті алға тартады:
Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп –
қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау
ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі...біз жаңа мемлекетті,
жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз
мемлекеттер осы тәрізді жолды баыснан кешіп те үлгерген уақытта құру
үстіндеміз.
Міне, сондықтан да азаматтардың жаңа әлеуметтік – экономикалық мінез –
құлқын қалыптастыру тұжырымдамалары заң мен құқықтық мәдениетті жетілдіру
қажеттілігіне сілтеп отыр.
Қазір елімізде 600 – дан астам заң қабылданды. Олар қылмыстық,
әкімшілік, экономикалық, интеграциялық және т.б. кешендік мәселелерді
қамтиды. Бастысы заң бар, оны орындау, іске асыру және сыйлау әрі
күнделікті өмір салытында әдетке айналдыру кеоек дегенмен, кейде түрлі
жауапсыздықтарға куә боламыз. Сондықтан, бұл процестің тәрбиелік бағыты
мектепке дейінгі мекемелерде және оқушылармен, арнайы орат және жоғары оқу
орындарында, көпшілкпен жұмыс жүргізуден басталады...
Осыдан 15 – 20 жыл бұрын заңды насихаттау қарқыны күшті болды. Түрлі
оқу семинарларда, тіпті кинотеатрларда әрбір сеанс алдында сот,
прокуратура,әділет, милиция және т.б. заң қызметкерлері түрлі тақырыптарға
қысқаша хабарлама жасайтын. Демек, өткеннің пайлалы тәжірибесін құқық
тәрбиесіне қатысты жаңа мазмұн, идеологияда қолдану керек.
Қазіргі кезеңде құқықтық сана мен құқықтық мәдениет мәселелеріне
заңгерлер, философтар, саясатшылар мен әлеуметтанушылар көңіл аудара
бастады. Республика ғылымдары М.Баймаханов, А.Ыбыраев, А.Котов,
А.Бейсенбаева, С.Оспанов, Т.Бурбаев т.б. осы тақырыптағы өз еңбектерін
ұсынуда. Әрине, бұл ұсынған ой – пікір, дәйектемелерде құқық қорғау
органдары қызметкерлерінің бойыннда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті
қалыптастыру мен өрбіту заңдылықтары, яғни қажеттілікфакторлары,
кепілдемелер мен кеңестер топтастырылған.
Қозғалған тақырыптың методологиялық негізі өзінің танымдық
ерекшелігін, дүниетанымдық позиция тұрғысынан оныі табиғатын, мазмұндық
формасы мен қозғалысын анықтаудан басталады. Осыған орай, қазіргі білім
дамуының жалпы заңдылықтары мен құқық мәселелерінің ерекшеліктерін
біріктіреді. Мұнда қоғамдағы заң кешенінің негізгі түсініктік және
категориялық аппараттарын үйрену әрі түсіну арқылы оның ішкі табиғаты ашып
көрсетіледі. Әринеғ бұл процесс сыңаржақ бағытта емес, өте күрделі және көп
түрлі категориялы білімді біріктірген.
Кеңес дәуірінде құқықтық сана мен мәдениет партиялықтаптық тұрғыдан
жоғарыдан кепілдеме берілген дәйектемелер шеңберінде әлеуметтік сұраным
жағдайында талданды. Қазір бұл бағыттағы ғылыми пікірлер жаңа әлеуметтік-
саяси, экономикалық қатынастар ыңғайына қарай демократиялық позициямен
жетіліп, толықтырылуда.
Заңдылықтың қатаң сақталуы бұқараның мәдени деңгейі мен саналылығын,
құқықтық санасын дамытудың маңызды алғышарттары болып табылады. Қоғамдық
сана қоршаған ортаның түрлі формадағы бейнеленуі болса, оның ішіндегі
ерекше түрі құқықтық сана екені белгілі. Сондықтан да ол адамдардың тиісті
құбылыстарды бағалауы, көзқарасы, көңіл-күй, сезім, нанымы, сенімі сияқты
қасиеттерін біріктіреді.
Мамандардың пікірінше, құқықтық сананы құрайтын көзқарастар, идеялар
мен принциптердің айтарлықтай бөлігі нормативтік сипатта болады.
Құқықтық сананың ерекшелігі, біріншіден, материалдық жағдай анықтайтын
белгілі топтың, индивидтердің көзқарастар жүйесі, нанымдары; екіншіден,
аталған қасиеттер қазіргі саяси жүйенің қалыпты өмір сүруіне жауап беретін
қоғамдағы белгілі құқықтық режимнің орнауына бағытталған; үшіншіден,
қоғамның құқықтық режимі мемлекеттік биліктен өрбитін және арнайы
мемлекеттік құралдармен қамтамасыз етілетін заң категорияларындағы
хақылардың құқықтық санасымен, міндеттерімен, талаптары және ұйғарымдарымен
анықталады.
Жалпы практикадағы құқықтық сананың гнеологиялық, реттеушілік және
құқықтық модельдеу міндеттері жеке-жеке мәселелер ретінде айшықтауды талап
етеді. Сонымен бірге, құқықтық сана күрделі құрылым ретінде құқықтық
идеология және құқықтық психология болып бөлінеді. Ал, әлеуметтік
позициядан теориялық, күнделікті және кәсіптік сипатта болады. Оған қоса,
қауымдасу жағынан алғанда бұқаралық, топтық және индивидуальдық өрісте
байқалады. Бұл аталғандардың барлығы да өзара байланысты, әрі шарттас
құбылыстар мен қасиеттер.
Құқықтық сананың негізгі белгілеріне келетін болсақ, онда ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық мәдениеті ұғымы және құрылымы
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Рухани - адамгершілік тәрбие
Тәрбие үрдісінде құқықтық тәрбие беру
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениеттің мағынасы
Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мектептен және сыныптан тыс түрлері
Пәндер