Сапа деңгейін бағалау


Мазмұны
Нормативті сілтемелер
Анықтамалар
Кіріспе . . .
1. Квалиметрия туралы жалпы мәлімет және квалиметрия принциптері . . .
2. Өнімнің техникалық деңгейін бағалау кезінде қолданылатын негізгі терминдер . . .
3. Квалиметриялық шкалалар . . .
4. Сынып және топ бойынша өндірістік өнімнің классификациясы . . .
5. Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы . . .
6. Өнімнің сапа көрсеткіштері мен базалық үлгінің номенклатурасын таңдау тәртібі . . .
7. Салмақтылық коэффициентін анықтау . . .
8. Сапа деңгейін бағалау . . .
9. Студенттің өзіндік ғылыми жұмысы . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Аннотация
Бұл курстық жұмыс «Лак бояу өнімдерінің сапасын бағалау және басқару» тақырыбында жазылған. Курстық жұмыс: Квалиметрия туралы жалпы мәлімет және квалиметрия принциптері; Өнімнің техникалық деңгейін бағалау кезінде қолданылатын негізгі терминдер; Квалиметриялық шкалалар; Сынып және топ бойынша өндірістік өнімнің классификациясы; Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы; Өнімнің сапа көрсеткіштері мен базалық үлгінің номенклатурасын таңдау тәртібі; Салмақтылық коэффициентін анықтау; Сапа деңгейін бағалау; Студенттің өзіндік ғылыми жұмысы сияқты бөлімдерді өз ішіне алады.
Курстық жұмыс 64 беттен тұрады. Жазулар Times New Roman 14 шрифтімен, бірлік аралық интервалмен жазылған. Курстық жұмыста 4 кесте, 3 сурет көрсетілген.
Нормативтік сілтемелер
"Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
ҚР СТ ИСО 9000 - 2001 Терминдермен анықтамалар.
ҚР СТ 1009-2005 Азық-түліктік емес тауарлар. Тұтынушыларға арналған ақпарат. Жалпы талаптар.
ҚР СТ 1009 Тұтынушыларға арналған ақпарат
ГОСТ 9. 008-82 Жемірілуден жəне тозудан қорғайтын бірыңғай жүйе.
Бейорганикалық металл жəне металл емес жабындар. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ 9. 032-74 Жемірілуден жəне тозудан қорғайтын бірыңғай жүйе.
Лак-бояу жабындары. Топтар, техникалық талаптар жəне белгілер.
ГОСТ 9. 072-77 Жемірілуден жəне тозудан қорғайтын бірыңғай жүйе.
Лак-бояу жабындары. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ 9. 104-79 Жемірілуден жəне тозудан қорғайтын бірыңғай жүйе.
Лак-бояу жабындары. Пайдалану шарттарының топтары.
ГОСТ 9825-73 Лак-бояу материалдары. Терминдер, анықтамалар жəне
белгілер.
ГОСТ 9980. 1-86 Лак-бояу материалдары. Қабылдау ережелері.
ГОСТ 9980. 2-86 Лак-бояу материалдары. Сынау үшін сынамаларды
іріктеу.
ГОСТ 9980. 3 - 86 Лак-бояу материалдары. Буып-түю.
ГОСТ 9980. 4-2002 Лак-бояу материалдары. Таңбалау.
ГОСТ 9980. 5-86 Лак-бояу материалдары. Тасымалдау жəне сақтау.
ГОСТ 28246 - 89 Бояулар мен лактар. Терминдер мен анықтамалар
Анықтамалар
Осы курстық жұмыста "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылған терминдер мен анықтамалар қолданылады
Кіріспе
Еліміздің егемендік алып тәуелсіз ел аталғанына да міне 20 жыл болды. Еліміздің алдына қойған талаптары мен мақсаттары өте үлкен.
Егеменді еліміздің алдына қойған мақсаттарының бірі - ол Халықаралық Сауда ұйымына мүше болу. Ал, бұл ұйымға мүше болудың бірден-бір талабы -дүниежүзілік сауда аренасында бәсекеге қабілетті отандық өніміміздің болуы. Оған қол жеткізу үшін - отандық өндірістеріміз халықаралық стандарттар талаптарына жауап бере алатын сапалы өнім шығаруы қерек.
Өнім сапасын тек тексеріп қана қоймай, сапаны өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде басқару қажет. Квалиметрия - өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде сапаны бақылап, оны сандық бағамен бағалайды.
Біз өмірде «сапа» ұғымын жиі пайдаланамыз: іс әрекет сапасы; өнім, көрсетілетін қызмет, еңбек сапасы; сапалы өмір және тағы басқалар. Сапа - көп салаға тән ұғым . Оны қамтамасыз ету көптеген мамандардың ой - өрісінің мүмкіндігі мен іс - тәжірибелерін жинақтауды талап етеді. Сапаны көтеру мәселесі тек қана мемлекеттің, федеральды басқару органдарының, кәсіпорындар, еңбек ұжымдары басшылары мен мүшелерінің бірлескен әрекеттерімен шешілуі мүмкін. Бұл мәселені шешуде тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге өздерінің талаптары және сұраныстарымен үстемдік жасайтын тұтынушылардың рөлі өте маңызды. Қазіргі таңда тұтынушылардың өнімге, оның сапасына деген көзқарасы мен талғамы өскен.
Бұл курсттық жұмысты қазірде базар нарығында тұтынушылардың көптеген талаптары мен сұраныстарына ие болып отырған өнімдердің бірі -лак бояу материалдарының сапасын бағалау және бақылау мақсатында жаздым.
Қазіргі уақытта пәтерді, тұрғын үйді немесе кеңсені жөндеу уақытында лак бояу материалдарды қолданбауға шара жоқ. Әркім өмірінде пәтерінің қабырғасын, төбесін, терезесін немесе есіктерін тым болмағанда бір рет бояған болуы керек, қоршау мен шатырды ретке келтірген болуы тиіс. Көптеген адамдар лак пен бояуды қолданудың материалдары мен тәсілдері басқа да сылақшы жұмыстарымен айырмашылығы бар екеніне көз жеткізген болар. Олар дағдыны, сонымен қатар материалдарды мұқият таңдауды талап етеді. Бірінші кезекте, төсемді таңдау кезінде қызметі, құрамы, түрлері және лак бояу материалдарға қолдану аймағын біле отырып әрекет жасаған абзал.
Лак бояу жабындары ережеге сай дереу екі функцияны орындайды - қорғаныш және сән. Бояудың қасиеті оның құрамына қатты байланысты болады. Бояудың құрамында байланыстыратын заттар, пигменттер, сонымен қатар қосалқы заттар болады: еріткіштер, сиккативтер, кебуді жылдамдатқыш және басқа да көптеген заттар болады.
Лак бояу жабындар машина құрылыс бұйымдарында коррозияға қарсы қорғаныш ретінде, ғимараттың, құрылыс құрылымдарының ішкі және сыртқы беттерін бояу үшін кеңінен қолданылады. Оларды жиһаздар, былғары, аяқ киімдік өндіріс, полиграфтық өнеркәсіптерде қолданады.
Лак бояуыш төсемдер электрооқшаулауыш, герметизация кезінде, заманға сай техниканың салаларында, соның ішінде радио және электротехникалық, микроэлектрондық өнеркәсіп, авиациялық және ғарыштық техникада маңызды роль ойнайды.
Қазіргі уақытта жаңа материалдар және функционалды жабындарға қойылатын талаптардың жоғарылауын байланысты олардың негізінде сұрыпталымын кеңейту және ары қарай лак бояу жабындарының құрылымы мен қасиеттерін қалыптастырудың физико-химиялық процестері жайлы білімді дамыту қажеттіліктері туындайды. Көрсетілген бағыттағы зерттеулер физико-химиялық құбылыстар жайлы келтірімді ары қарай дамытуға бейім, қабілетті, олар төсемнің торлы құрылымын қалыптастыру және осының негізінде жаңа технологиялық әдістер мен оларды алу жолдарын өңдеуді алып жүреді. Олар сонымен қатар төсемдердің оның негізінде тәжірибелік қолдану шектерін кеңейту, қолдану сенімділігін арттыру мақсатымен функционалдау механизмдерін және қабықша түзгіш материалдардың құрылымы мен қасиеттерінің бағытталған өзгеруін болжамдау жолдарын терең түсінуге алып келеді.
Осы байланыста материал мен жабындардың химиясы мен технологиясы ғылым ретінде ғылымның динамикалық түрде дамып келе жатқан салаларына бағдарлануы тиіс: полимерлер, олигомерлер және композиттердің технологиясы мен қайта өңдеуіне, химиялық өнеркәсіптегі материал кірістіру, полимерлердің химиясы мен физикасына, физикалық және органикалық химияға, сонымен қатар микроэлектроника, авиациялық және ғарыштық техникалар үшін ерекше қасиеттері бар жаңа метариалдарды жасаудың басымды мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Келесі мәселелер әліге дейін өзекті болып:
− зиянды тасталындылар мен лас заттарды жою, қалдықсыз технологияны құру;
− энегроресурстар мен материалдарды үнемдеу;
− еңбек шығынын қысқарту және технологиялық процестерді механизациялау және автоматтандыру жолымен еңбек өнімділігін арттыру;
− лак бояу заттардың қасиеттерін жақсарту, жаңа прогрессивті технологияларды өңдеу мен енгізу, бояуға беттерді дайындаудың әдістерін жетілдіру есебінен төсемнің сапасын және беріктігін арттыру.
Лак бояу өнеркәсіптің үлесіне химиялық өнеркәсіптің өнімінің 6% үлесі келіп түседі. Халық шаруашылығының барлық салалары, әсресе машина жасау, прибор жасау, радиоэлектроника, авиация және кеме жасау, құрылыс, ғарыш техникасы және т. б. лак бояуыш материалдардың тұтынушылары болып табылады. Соңғыларының таңбалық аты 2000-ға дейін жетіп қалады.
Лак бояу өндірістің құрамына келесілер жатады: жарытылай дайындалған өнімдер өндірісі - лак бояуыш материалдар компоненттері (қабықша түзгіш заттар, пигменттер, пластификаторлар, модификаторлар және т. б) және олардың негізіндегі лак бояуыш материалдардың өндірісі (лак, бояу, эмаль, тегістеуіш, шпатлевка) .
1930 ж дейін лак бояуыш материалдар өндірісінде өсімдік майы мен табиғи шайырды қайта өңдеуші өнімдер, сонымен қатар табиғи пайда болатын минерал пигменттер басым түрде қолданыла бастады. Қазірге дейін лак бояуыш өнеркәсіп дамудың үлке сатысынан өтті. Синтетикалық қабықша түзуші заттар мен пигменттерді қолдану шикізат базасын кеңейтуге үлкен мүмкіндік жаратты, сонымен қатар жоғары сәнді сипатқа ие берік атмосфералық, термо және химиялық төсемдерді алуға қажетті жаңа және жетілдірілген лак бояуыш материалдарды жасауға мүмкіндік тудырды.
Қымбат тұратын және улы органикалық еріткіштерді қолдану деңгейі құрамында ұшпайтын заттары көп, сонымен қатар экологиялық толық құнды материалдар болып саналатын сусұйылтқыш, суэмульцииялық және ұнтақты боуяыштары бар материалдарды шығарудың өсуі есебінен қысқартыла бастады.
Заманға сай көп сұрыпталымды лак бояуыш өнім ірі, қондырғылармен жабдықталған, қайта құрылған немесе қайта қалпына келтірілген кәсіпорындарда шығарылады.
Қазіргі уақытта лак боуяыш өнеркәсібінде шикізаттық қорды нығайту, прогрессивті процестерді механизациялау, автоматтандыру және қолдану негізінде өндіріс технологиясын жетілдіру, сонымен қатар өнімдегі жоғары сапала эмальдар мен тегістеуіштердің үлесін арттыру және әртүрлі қызметтегі экологиялық толық құнды материалдардың үлесін арттыру мақсатымен шығарылатын өнімнің сұрыпталымын жетілдіру мәселелері қолға алынған.
Химиялық ғылымның дамуымен, соның ішінде полимерлер химиясының дамуы салдарынан лак бояу өнеркәсіптің шикізаттың қоры үлкейді, ол әртүрлі қасиеттері бар жоғары сапалы лак пен бояуыштарды алу мүмкіндігін қамтамасыз етіп отыр.
Қазіргі уақытта лак боуяыш өнеркәсібі жылына 3 млн. т шамасында әртүрлі лак бояуыш материалдарын шығарып отырады. Олардың көп бөлігі синтетикалық полимерлер негізінде құрылады. Соғыстан кейінгі жылдарда бірнеше ірі лак бояуыш зауыттар құрылды, ал соңғы уақыттары саланың көптеген кәсіпорындарын қайта қалпына келтіру және заманға сай құрал-жабдықтармен қайта жабдықтау жүргізіліп келеді.
Өнеркәсіптік өндірістің қарқынды дамуы адамзат алдына үлкен мәселені қойы отыр, ол - қоршаған ортаны қорғау. Көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде заңнамалық актілер қызмет етеді, олар өнеркәсіптің кәсіпорынға зиянды заттарды суаттарға, жерді ластау және әуе бассейнін ластауға тыйым салатын барлық қажетті шараларды қарастыруын міндеттейді.
Заманға сай өнеркәсіп үлкен көлемде суды қажет етеді, ол табиғи су балансын бұзады. Сондықтан кәсіпорындарда су айналымдық жүйелерді құру маңызды халық шаруашылық мәселесі болып табылады. Аппараттарды суытуға қажетті суды пайдалану деңгейін азайтудың тәсілдерінің бірі болып оны әртүрлі салқындатқыш қоспалармен ауыстыру. Лак пен бояуыштардың технологиясының заманға сай дамуының негізгі бағыттары болып келесілер табылады.
1. Құрамында органикалық еріткіштерінің мөлшері азайтылған немесе еріткіштерсіз (су, ұнтақты бояуыштар және т. б. ) прогрессивті экологиялық толық құнды лак бояуыш материалдарды шағырау көлемін арттыру.
2. Лак бояуыш материалдардың сапасын төмендетпейтін эквивалентті ауыстырғыштарды қолдану есебінен өсімдік майының шығынын қысқарту.
3. Полимеризациялық типтегі полимерлерді кеңінен қолдану есебінен лак бояуыш материалдар сұрыптамасын кеңейту.
Заманға сай лак бояуыш материалдар, бұл көпкомпонентті қоспалар, құрамында қабықша түзуші заттар және пигменттер, сонымен қатар толтырғыштар, бетті белсенді заттар, диспергаторлар, қоюландырғыштар, көпкомпонентті еріткіштер және басқа да қоспалар кездеседі. Осы компоненттердің әрқайсысы лак бояуыш материалдар өндірісінің технологиялық процесі мен қасиеттеріне ғана әсер етіп қоймай, соынмен қатар олардың негізінде алынған төсемнің қасиетіне де әсерін тигізеді. Сондықтан лак бояуыш материалдардың рецептурасын дұрыс құру үшін табиғи және синтетикалық қабықша түзуші заттардың, пигменттердің және толтырғыштарды алудың тәсілдері мен ерекшеліктерін, қасиеттерін ьілу қажет болады; сонымен қатар олардың физико-химиялық процестерді диспергирлеуі кезінде жүретін табиғатын және осы процестерге әртүрлі технологиялық қоспалардың әсерін білу қажет.
Лак бояу материалдарды халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолданады. Олардың негізінде алынатын төсем металдан және ағаштан жасалған әртүрлі бұйымдарды коррозия мен шіруден, жоғары және төмен температураның әсерінен және т. б. құбылыстардан қорғайды. Көптеген төсемдерге қойылатын міндетті талап болып сәнді қасиеттер табылады.
1 Квалиметрия туралы жалпы мәлімет және квалиметрия принциптері
- Квалиметрия пәнінің қысқаша даму тарихы
Сапа - объектілер және олардың қасиеттері мәнінің сипаттамасы ретінде әрқашан адамдар үшін үлкен практикалық мәнге ие. Сондықтан, адамның барлық ісінде сапаны бағалау мәселелері маңызды болған және бола береді.
Өнім сапасын бағалаудың алғашқы мәлім болған жағдайлары б. э. д ХV ғасыр. Ол кезде Крит аралының көзешілері өздерінің өнімнін дайындаушы және жоғары сапасы туралы куәландыратын арнайы белгімен бұйымдарын таңбалаған. Бұл «атаулар шкаласы» немесе «адрестік шкала» деп аталатын шкала бойынша сапаны бағалау болған. Қазіргі кезде фирмалық белгілер, сонымен қатар басқа сапа белгілері өнім сапасының бағдары, бағалау көрсеткіші ретінде қызмет етеді. Кейінірек өнім сапасын бағалаудың эксперттік әдісінің түрі ретінде «ұжымдық даналық» әдісі - тұтынушылардың жалпы тәжірибесіне негізделген әдіс қолданылды. Сапаны эксперттік бағалаудың көне мысалы шарап дегустациясы болып табылады. Тұтынушы мұқтаждықтарының еңбек өнімдерінің сәйкестігін анықтаудың өспелі қажеттілігі арнайы ғылыми пән - тауартанудың пайда болуына алып келді. Бұл сату нарығында тауарлардың классификациясын, сонымен қатар олардың сапасын және құнын бағалауды талап ететін, әртүрлі тауарлардың үлкен мөлшерде пайда болуымен негізделді. Тауартанудың алғашқы кафедрасы Италияда Падуан университетінде 1549 ж. ұйымдастырылды.
Халықаралық сауданың дамуы сапа категориялары бойынша өнімді жіктеуді талап етті, бұл үшін өнімнің жеке қасиеттерін ғана өлшеу емес, барлық негізгі тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы бойынша өнім сапасын сандық бағалау қажет болды. Осымен байланысты Еуропа және АҚШ-та ХІХ ғ. соңында ХХ ғ. басында баллдық өнім сапасын бағалау әдістері кеңінен қолданыла бастады.
Алғашқы рет Ресейде өнім сапасын бағалаудың аналитикалық әдісін атақты кеме жасаушы, академик А. М. Крылов негіздеді және қолданды. Ол кеменің әрбір қасиетінің айқындылық дәрежесін және олардың біркелкі еместігін ескеретін сәйкес коэффициенттер көмегімен ұсынылатын кеме құрылысы жобасының сапасын бағалаған. Осы коэффициенттерді бір жүйеге келтіру қаралатын жобалардың сапасын сандық бағалауға мүмкіндік берді.
Квалиметрия кез келген объектілердің сапасын бағалау туралы жеке ғылым ретінде ХХ ғ. соңында қалыптасты. Оның пайда болуы өндірілетін өнімнің сапасын басқарудың тиімді және ғылыми негіздеудің аса қажеттілігімен негізделді.
Бұл ғылым үшін тарихи шешім «Будапешт» Мәскеу мейрамханасында энтузиасттар тобының ресми емес кездесуінде 1967 ж. қаңтарда қабылданды. «Стандарты и качество» журналының 1968 ж. қаңтардағы санында квалиметрия - сапаны өлшеу мәселелері зерттелетін және кез келген табиғат объектілерінің: материалды және материалды емес, жанды және жансыз, заттар және процестер, еңбек және табиғат өнімдері және т. б. сапасын сандық бағалау әдістері және әдістемелері әзірленетін ғылым ретінде ұсынылған «топтың» ұжымдық позициясынан жазылған мақала жарияланды. Мақалада сапаның әртүрлі қасиеттері мен белгілердің көптігінен қарамастан, объект сапасын бір сандық көрсеткішпен сипаттау мүмкіндігі дәлелденген.
1971 ж. біздің елімізде алғашқы «Өндірістік өнімнің сапа деңгейін бағалау әдісі» шығарылды. Осы жылы 15 - Сапаны бақылау бойынша Еуропа ұйымының (ЕОКК) халықаралық конференциясында бес секцияның біреуі квалиметрия мәселелеріне арналды. 1972 ж. Таллинде квалиметрия бойынша алғашқы жалпыкеңестік ғылыми конференция өткізілді.
1979 ж. - КСРО Госстандарты РД 50-149-79 «Өндірістік өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар» атты жетекші құжат шығарды.
1979 ж. бастап «квалиметрия» термині ГОСТ 1546-79 «Өнім сапасын басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтамалар» стандартталған болып табылады. ЕОКК 1971 жылдан халықаралық конференцияларда квалиметрия мәселелерін тұрақты талқылайды.
Біздің елімізде пайда болған және белсенді дамып жатқан квалиметрия енді шетел мамандарымен танылып және меңгеріліп жатыр. Мысалы, 1997 ж. қыркүйек АҚШ-да квалиметрия тәсілдері мен әдістемесін қолдануды менеджерлерге оқыту бойынша халықаралық семинар өткізілді.
- Квалиметрияның негізгі ережелері
Квалитология - сапа туралы ғылым. Квалитология құрылымында мынадай бір-бірімен өзара байланысты және өзара әрекеттесетін құрылымдық бөлімдерді атауға болады:
- сапа теориясы, сапа табиғатын зерттеу, өнімді жасау және қолдану кезіндерінде өнім сапасының экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық аспектілерін зерделеу болып табылатын пән;
- сапаны басқару теориясы - бұл сапаны қамтамасыз ету және басқару ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеумен айналысатын ғылым саласы;
- квалиметрия - сапаны сандық бағалау әдістерін зерттейтін және іске асыратын ғылым саласы;
- метрология - сапаны өлшеу әдістерін зерттейтін және іске асыратын ғылым саласы.
Квалиметрия ғылым ретінде өлшеу және бағалау құралдары мен әдістерінің ортақтық дәрежесімен ерекшеленетін өзара байланысты теория жүйесі ретінде қарастырылады. Мұндай теорияларға мыналар жатады:
- жалпы квалиметрия;
- арнайы квалиметрия;
- пәндік квалиметрия;
жалпы квалиметрия - жалпы теориялық мәселелерді қарастырады: түсініктер жүйесі, бағалау теориясы (заңдар мен әдістер), квалиметрияның аксиоматикасы (аксиомалар және ережелер), квалиметриялық шкалалау теориясы (сонымен қатар ранжирлеу, салмақтылық) .
Арнайы квалиметрияда - бағалау модельдері мен алгоритмдері, бағалаудың дәлдігі мен сенімділігі қарастырылады: эксперттік квалиметрия, ықтималдық-статистикалық квалиметрия, индекстік квалиметрия, квалиметриялық таксономия, әдетте иерархиялық құрылымды болатын күрделі-бағдарланған объектілерді жіктеу және жүйелеу теориясы.
Пәндік квалиметрия - бағалау пәні бойынша. Өнім және техника квалиметриясы, еңбек және қызмет квалиметриясы, шешімдер және жобалар квалиметриясы, процестер квалиметриясы, субъективті квалиметрия, сұраныс квалиметриясы, ақпарат квалиметриясы және басқалар.
Квалиметрияны жетілдіру оның пәні және мазмұны туралы әртүрлі көзқарастардың нәтижесінен болды, олардың басты ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- бағалаудың сандық әдістері теориясы туралы ғана квалиметрия туралы көзқарас;
- квалиметрия пәнін объект сапасын өлшеу және бағалау саласына дейін тарылту, еңбек өнімдері болып табылады немесе кешенді сапа көрсеткіштерін мәселесіне дейін тарылту;
- квалиметрия пәнін кеңейту, оны сандық - өлшенбейтін объектілерге тарату;
- экономикадан тыс бағалау әдістеріне квалиметрия пәнінде акцент.
Бұл кезде квалиметрия пәніне көзқарастар эволюциясы орын алады. Әлеуметтік, педагогикалық, географиялық және басқада бағыттар пайда болды.
Квалиметрияның құрылымдығы, динамикалылығы, анықтылығы және біртұтастығы өзара әрекеттесі механизмімен қамтамасыз етіледі: жалпы квалиметрия арнайы квалиметрияны қолданылатын бағалау әдістері мен модельдерінің ерекшелігін ескеріп ауыстырады, ал соңғысы пәндік квалиметрияда көрініс береді. Сонымен бірге, жалпы квалиметрия, арнайы квалиметрия және пәндік квалиметрия өзара байланысы жалпы ерекше және бірегей динамикасын сипаттайды.
Ғылым ретінде квалиметрияның мыныдай статустарын атауға болады:
- экономикалық;
- технико-экономикалық;
- жалпы ғылымдық;
- жүйелік.
Экономикалық статус тұтынушылық құны және құнының сапа категориясының өзара әрекеттесу политэкономикалық мазмұнымен негізделген. Экономикалық статус позициясынан квалиметрия объектілер және процестер құратын экономикалық қасиеттерді теориялық өлшеу, эконометрия әдістерін қамтиды. Квалиметрияның технико-экономикалық статусы нәтижелік-шығындық тиімділік өлшемдерінде, технико-экономикалық көрсеткіштерде, технико-экономикалық деңгейлерде және т. б. сипатталатын объектілем мен процестердің экономикалық және техникалық қасиеттерін кешенді бағалауға бағытталғандығын сипаттайды.
Жалпы ғылымдық статус сапа категориясының философия-әдістемелік және жалпы ғылымлық функцияларымен анықталады және пәндік квалиметрияның (өнім, техника, еңбек және т. б. ) көпшілігін қалыптастырумен расталады.
Квалиметрияның жүйелік статусы оны жүйелі теория ретінде анықтайды. Бұл сапа категориясы құрылымдылық, динамикалық, анықтылық, тәртіптілік - жүйенің барлық негізгі белгілеріне иелігімен байланысты. Сонымен, мұнда бағалауға да, талдауға да, басқаруға да жүйелік тәсілдеме болуы мүмкін.
Сапаны сандық бағалау маркетингтік зерттеуден өндірістен алу туралы шешім қабылдауға дейін өнімнің тіршілік циклының барлық кезеңдерінде негізделген шешімдерді қабылдау үшін қажет. Сапа квалиметриясы анықтауға, сапа және баға байланысын орнатуға, өндіріс процестерінің сапасына талдау жүргізуге, өнімді жетілдіру және шығындарды азайту жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, процестер, жобалар және шешімдер сапасына квалиметриялық әдістер мен тәсілдерді тарату сапаны басқарудың барлық салаларында көп критериялы шешімдердің жақсы нұсқаларын таңдаудың қызмет ететін аппаратын жасайды.
- Қазіргі квалиметрияның тұжырымдық ережелері мен міндеттері
Қазіргі талаптардан қазіргі квалиметрияның мынадай бастапқы тұжырымдық ережелерін қалыптастыруға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz