Ламарктың Зоология философиясы еңбегі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...

2.1. Эволюция ұғымы, оның
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2. ЛАМАРК Жан Батист Пьер Антуан де Моне Шевалье ... ... ... ... ... ...

2.3. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.4. Ламарктың Зоология философиясы
еңбегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Эволюция терминін алғаш  М.Хейл  қолданды (1677). Кейін
швейцарлық ғалым Ш.Бонне (1720–93)  эмбриологияға арналған еңбектерінде
пайдаланды (1762). Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық
сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі
құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен
олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі
– мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу
кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер
организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең
алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда
болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді (қ. Микроэволюция).
Мутациялық процесс пен табиғи сұрыпталудан басқа, Эволюцияның қарапайым
факторының бірі болып, популяциядағы дарабас санының өзгеруі мен
популяцияның оқшаулануы, сондай-ақ гетерозиготалардың ыдырау ы кезінде
байланыс жиілігінің кездейсоқ бұзылуы жатады. Популяциялардың Эволюциялық
қайта құрылымы жаңа түрдің пайда болуына бастама береді (қ. Түр түзілу).
Эволюцияның себебін, қозғаушы күшін, механизмін және қарқыны мен оның жалпы
заңдылықтарын Эволюциялық биология зерттейді (қ. Эволюциялық ілім). Кейде
Эволюция ұғымына балама ретінде филогенез термині қолданылады.

II Негізгі бөлім

2.1. Эволюция ұғымы, оның бағыттары

Эволюция ұғымы, оның бағыттары. Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше
анықтамалары бар:

1. Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.

2. Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға
көтерілу үдерісі.

3. Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға
баяу өзгерген үдерісі.

4. Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі. Бұдан
өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжейтегжейлі ой толғаса,
тіршілік дамуының эволюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы
көрініс еместігін байқаймыз. Оны эскалатордың (жылжымалы саты) үдемелі және
біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы
бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады.
Ақиқатында мүлде анағүрлым күрделі. Эволюция үдерісі күрделі және оның
белгілі жоспары болмайды[1].

Ғаламшардағы тіршіліктің дәл қазіргідей үнемі бола бермейтіні бұрыннан
мәлім. Тіршіліктің ертерек кезендерде дүниеге келгені туралы бұрыннан
белгілі. Бұрынырақта зілдер (мамонт) мен динозаврлар (сұмпайы кесірткелер),
үңгір аюлары және қылыш тісті жолбарыстардың тіршілік еткені туралы да
баршаға мәлім. Бұл жануарлар бұрын өмір сүрді, бірақ бізге дейін сақталып
қалған жоқ. Ал қазір өмір сүретін, бізге үйреншікті болып кеткен көптеген
түрлер ғаламшарда жақында ғана пайда болды. Мәселен, теңіз жұлдыздары
немесе ақулаларға қарағанда көдімгі иттер, мысықтар немесе торғайлар
олардан тарихи жағынан әлдеқайда жас. Демек эволюция тарихи өзгеріс үдерісі
ретінде үнемі біркелкі жүрмейтінін түсіну қажет. Біріншіден, ағзалардың сан
алуан жүйелік топтарындағы эволюциялық өзгеріс жылдамдығы айтарлықтай
ерекшеленеді. Топтардың бірде қандай да бір уақыт аралығында өзгелерінен
тезірек эволюция жолымен бірте-бірте дамып, сол топтың өзі тарихи даму
барысында екінші уақыт аралығында мүлдем бөгеліп қала алады [2].

Тірі ағзалардың қандай да бір жүйеленген тобының дамуына, қалыптасып
жетілуіне жүздеген және мыңдаған факторлар әсер етеді. Атап айтқанда
сақталуы, тірі қалуы және одан әрі жетілуі - эволюциялық жолмен бірте-бірте
дамуы сол факторларға тәуелді болады.

Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және
биологиялық кері кету ұғымдарын бөліп керсету мақұлданды. Биологиялық алға
басу (прогресс) дегеніміз - дарақтар санының, жүйеленген. сан алуандықтың
(едәуір ұсақ жүйеленген топтар санының) артуы және аймақтың
кеңеюі. Мәселен, мезозой кезеніңде  сұмпайы кесірткелер (динозаврлар) үстем
болды. Бұл олардың биологиялық алға басу кезі еді, яғни дарақтар көп
болды, жүйеленген топтар (сан алуан ұшқыш, жыртқыш, теңізде тіршілік ететін
және шөпқоректі динозаврлар) көп болды. Сөйтіп осы түрлер бүкіл ғаламшарды
іс жүзінде жайлап алды.

Кері кету дегеніміз - алға басуға кері үдеріс, яғни эволюциялық
сәтсіздік. Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтар саны мен олардың
жүйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы. Биологиялық кері
кету кезінде санын қалпына келтіріп, алға басуға мүмкіндігі бар өкілдер
жеткілікті мөлшерде сақталады[3].

Мәселен, тірі ағзалар тобы, әр түрлі уақыт аралығында биологиялық алға
басу ретінде де, биологиялық кері кету ретінде де өмір сүре алады.
Жорғалаушылар мезозой дәуірінде үстемдік етсе де, соңынан сүтқоректілерге,
бунакденелілер мен құстарға орын берді. Алға басу үдерісінің жолдары да әр
түрлі болады. Ағзалардың біреуі жоғары сатыға көтеріліп, бұрынғысынан
күрделілене түседі. Сөйтіп құстар мен сүтқоректілер де биологиялық алға
басуға жетті. Ал оған керісінше, өзге ағзалар қарапайымдалып, бірсыпыра
маңызды мүшелерін жоғалтты. Бұл түрлер паразиттік жолмен тіршілік ете
бастағанда байқалады. Кейбір құрттар (эхинококк (жылауық), ішексорғы
(аскарида) және т.б. және бунакденелілер (бітелер, кәдімгі және төсек
кандалалары) осындай жолдан өтті.

Бізге органикалық әлемнің 5 - 6 миллион жылдардан кейін қандай
болатыны, сондай-ақ ол сол қалпында сақталып қала ма, жоқ па беймәлім.
Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге
дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге
нақтылы белгілі. Эволюциялық ілім жасауда Чарлз Дарвинның еңбегі зор. Ол
ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды.

Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы

Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы. Швед жаратылыс
зерттеушісі Карл Линнейді (1707-1778) эволюционистердің маңызды әуелгері
(предшественник) деуге болады. Сайып келгенде тірі ағзаларды жүйелеуде осы
ғалымның жолы болды. Оның Табиғат жүйесі еңбегі 1735 жылы жарыққа шығып,
К. Линнейді дүниежүзілік даңққа бөледі. Онда өсімдіктер мен жануарлар
ағзаларын жіктеудід негізгі қағидалары сипатталды, сондай-ақ оларды жарыса
бағынған жүйелік санаттарға: класс, отряд, туыс және түрлерге бөлді. Осы
проблемаға арналған тағы бір еңбегі: Ботаника философиясы кейінірек жарық
көрді. К. Линней ағзалардың қосарланған атауын - қосарлы атаутізімді
ғылымға еңгізді. Бұл екі сөз, оның біреуі сын есім - түрді,
екіншісі зат есім - туысты белгілейді. Мәселен, үлкен жолжелкен және
қандауыртәріздес жолжелкен бір туысқа - жолжелкен туыстасқа жатады. Бұл
дүние жүзі ғалымдарының бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік берді. Линнейдің
тағы бір еңбегі, ол түр ұғымын айқын қисындап мазмұндады және оның
анықтамасын морфологиялык өлшем негізінде, яғни сыртқы және ішкі
құрылысының ұқсастығы бойынша жетілдірді. К. Линней адамды адамтәріздес
маймылға (құрылысының ұқсастығын басшылыкка алып) жатқызса да эволюцияның
болу мүмкіндігін ойламады. Линней: жүйедегі жақындық қандас туыстықты
білдірмейді деді. К. Линней эволюция мәселелерімен шұғылданған жоқ. Ол
идеалист, метафизик болды, сондай-ақ жаратылған күннен бастап тіршіліктің
өзгермейтініне сенді. Линнейдін, сыртқы ұқсастыққа ғана негізделген
жүйесінде толып жатқан қателіктер болды және көбі жасанды еді. Алайда соның
өзі өз заманы үшін ең жақсысы болғандықтан, Карл Линней ғылым тарихына
жуйелеу атасы ретінде енді [4] .

2.2. ЛАМАРК Жан Батист Пьер Антуан де Моне Шевалье

ЛАМАРК Жан Батист (1.8.1744, Базантен, Франция, Пикардия провинциясы —
18.12. 1829, Париж) — француз жаратылыстанушысы, ең алғаш эволюциялық
теорияның (Ламаркизм) негізін қалаған ғалым, Париж ғылым академиясының
мүшесі (1783). Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы. Биологияда XVII
ғасырдын, өзінде-ақ трансформизм деп аталатын бағыт пайда болды.
Трансформистер тірліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді. Жан Батист
Ламарк (1744-1829) ең көрнекті трансформист деп есептелді. Ол алғашқы тұтас
эволюциялық теория жасады. Оның Зоология философиясы (1809) еңбегі
биологияда эволюциялың түсініктердің басымдыығына бағытталған жолда маңызды
қадам болды[5] .

Линней тәрізді Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені
едәуір жетілдірді. Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға
(жануарларға) және омыртқасыздарға (жөндіктерге) бөлді. Жәндіктерді 10
класқа, сондай-ақ қосмекенділер мен жорғалаушылар класына жіктеді. Ламаркқа
дейін жәндіктер (омыртқасыздар) - бунақденелілерге, ал бақалар тритондармен
бірге және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді.
Ламарк жүйелеуге жүйке және қантарату жүйелерін негіз еткен. Бұл Линней
жүйесінен дұрысырақ ете түсті. Ламарк түрлерді осылай қатарластырып, тірі
ағзалардың басқыш баспалдағы тәрізді бірінен-бірінің күрделене, жетіле
түсетінін байқады. Біртіндеп көтерілу - градация - өрлеме- сатылау ұғымы
осылай пайда болды. Ламарк жаралым деңгейінің біртіндеп жоғарылауын, тірі
ағзалардың күрделілене түсуін градация деп түсінді. Демек тірі табиғат
әлемі өзгереді, жетіледі. Сонда ағзалар өз өзгерістерінін, қай жаққа
өзгеруі қажеттігін қалай біледі? Міне, осы тұста Ламарк дұрыс болжам
жасайды. Оның ойынша тірліктің барлығы қоршаған орта талап еткен бағытта
өзгереді. Табиғи жағдайлардың өзгеруімен бірге тірі ағзалар да өзгереді.
Бұл үдерістің шапшаңдығының өте баяу екені туралы ойы да дұрыс.

Алайда Ламарк тұжырымдамасында да кемшіліктер бар. Оның бірі - табиғи
эволюция себебін идеалистік көзқараспен түсіндіруге тырысуы. Ж. Б. Ламарк
өте діншіл адам болды. Оның ілімі бойынша құдай қарапайым формаларды бір-ақ
рет жаратып, әрбірі тірі ағзанын бойына жетілуге ұмтылуды, жақсырақ болуға
ұмтылуды сіңірген. Сөйтіп кез келген ағза құдайдық жазғанып ықыласпен
орындайды және ұрпақтарына береді. Мәселен, батпақта жүретін құтан өз аяғын
сулағысы келмейді де үнемі батпақтан суырып алады. Күнделікті жаттығудан
өте ынталы құтанның аяғы біраз ұзара бастайды. Егер екі ынталы құтан
жұптасып, ұрпақ берсе, олардың балапандарының аяғы осы түрдегі
машықтанбаған өзге құстар аяғының бастапқы ұзындығынан ұзындау болады. Егер
мүшелер ұзақ уақыт жаттықпаса, олардың мөлшері кішірейіп, тіпті жойылып
кетеді. Мысалы, көртышканның көзі, жыланның аяғы тәрізді. Қазір мұндай
болжамдар сандырақ болып көрінеді. Алайда Ламарк өмір сүрген кезде оның
теориясы, ғылыми қоғамдастық кеңінен мойындамаса да, шынында төңкеріс
жасағанын естен шығаруға болмайды. Ламарктың идеясы толық қиялшылдығына
қарамастан, құдайға тіл тигізген сияқты көрінді[6] .

Келесі эволюциялық теория Ч. Дарвиндікі. Ол биологияда пайда болған
кезден эволюциялық көзқарас үстемдік етуде, яғни келесі ашылған
жаңалықтардың барлығы эволюциялық тұрғыдан анықтап тексеріледі.

Ламарк ботаникалық және зоологиялық еңбектерден басқа геология,
гидрология және метеорология бойынша да еңбектер жариялады. 1799 — 1810 ж.
“Метеорологиялық жылнамалар” журналының 11 томын шығарды. 1802 ж. шыққан
“Гидрогеология” деген еңбегінде сол кезеңде үстемдік еткен апат теориясына
қарсы шығып, жер бетінің сыртқы факторлардың әсерлерінен біртіндеп өзгеру
теориясын ұсынды. Ламарк тірі затты өлі заттан ажыратуға мүмкіндік беретін
10 белгіні ұсынды. Соның нәтижесінде клеткалық теорияның ашылуынан 20 жыл
бұрын Ламарк тірі заттың клетка құрылысының жалпыға бірдей болатынын
сипаттап берді. Сондай-ақ, адамның шығу тегі жайында да өз пікірін айтып,
адамның дене құрылысы маймылға жақын деп көрсетті. Ламарктың эволюциялық
ілімі Ч.Дарвинге үлкен әсерін тигізді. Ламарк палеонтология саласында да
зерттеулер жүргізіп, 8 томдық “Париж аймағынан табылған қазба заттар туралы
мемуарлар” (1802 — 1806) деген еңбегін жариялады. Өз заманында Ламарктың
эволюциялық көзқарастары қатаң сыналып, толық мәнінде дәлелденбегендіктен
кең тарала алмады[7].

2.3. Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы.

Линней тәрізді Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені
едәуір жетілдірді. Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға
(жанурларға) және омыртқасыздарға (жәндіктерге) бөлді. Ламаркка дейін
жәндіктер (омыртқасыздар) – бунақденелілерге, ал бақалар тритондармен бірге
және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді. Ламарк
жүйелеуге жүйке және қантарату жүйелерін негіз еткен. Бұл Линней жүйесінен
дұрысырақ ете түсті. Ламарк түрлерді осылай қатарластырып, тірі ағзалардың
басқыш баспалдағы тәрізді бірінен – бірінің күрделене, жетіле түсетінін
байқады. Біртіндеп көтерілу – градация өрлемесатылау ұғымы осылай пайда
болды. Ламарк жаралым деңгейінің біртіндеп жоғарылауын, тірі ағзалардың
күрделілене түсуін градация деп түсінді. Демек тірі табиғат әлемі өзгереді,
жетіледі. Сонда ағзалар өз өзгерістерінің қай жаққа өзгеруі қажеттігін
қалай біледі? Міне, осы тұста Ламарк дұрыс болжам жасай алды. Оның рйынша
тірліктің барлығы қоршаған орта талап еткен бағытта өзгереді. Табиғи
жағдайлардың өзгеруімен бірге тірі ағзалар да өзгереді. Бұл үдерістің
шапшаңдығының өте баяу екені туралы ойы да дұрыс.

Жоғарыда айтылғандай Ж.Б.Ламарк өзінің эволюциялық теорисын Зоология
философиясы деген еңбегінде баяндады. Бұл трактат 1830 жылғы айтыстан
жиырма жыл бұрын жарияланған болатын. Зоология философиясында баяндалған
Ламарктың пікірлері өз замандастарынан, тіпті алдыңғы қатарда саналатын
замандастарының көзқарастарынан да асып түсті. Мұны Ламарктың өзі де
түсініп, еңбегінің алғы сөзінде былай деп жазды: Адамның албырт қиялынан
туғандардың бәріне тез тез сене салудан гөрі, түсінілген шындық лайықты
бағаланбай, ұзақ тартысқа душар болғаны артық.

Ламарктың эволюциялық ілімін талдауға кірісерде, ең алдымен оның жалпы
философиялық және жалпы биологиялық концепцияларымен танысуға тиістіміз.
Көптеген басқа деистер сияқты, Ламарк та материяны және табиғатты, яғни
оның қозғалыс заңдарын құдай жаратты деп түсінеді. Құдіреттің жарату ісі
осымен тынады. Табиғаттың барлық келешектегі дамуы, оның өз заңдары арқылы
жүзеге асырылып отырды. Ламарк ақырғы мақсат принципі жайындағы телеология
ұғымына қарсы шығып табиғатта мақсат бар, ондағы әрекеттер санамен
орындалып отырылады деп түсінуші табиғат зерттеушілер адасып жүр дейді. Ол
рухты материяға қарама-қарсы қою дұрыс емес, себебі, бұл материяның
функциясы деп қарайды. Материя белгілі мөлшерде жаралды, бірақ ол өзгерісте
болатындықтан, онда үнемі жаңа өзгерістер болыпи отырады [8].

Ламаркша, тірінің өліден сапа жөнінен түбегейлі айырмасы бар.
Анорганикалық дене біртекті және әртекті масса түрінде болады. Тірі
денелердің бәрі тіпті өте қарапайым құрылыстылары да, ұқсастығы жоқ
бөліктерден құралған. Анорганикалық заттарды құраушы мссалардың белгілі
пішіні болмайды тек олардың құрамындағы бөліктердің формасы өзгермейді.
Бұған керісінше тірі денелерден белгілі бір форма болады, бұлар оны
қрпақтарын қалдырып отырады.

Сыртқы жағдайлар анорганикалық және органикалық тбиғатқа әр түрлі ықпал
етеді: өлі денеге әсер етіп, оны бұзады; ал олар тірі денеге әсер етіп
тіршілігін сақтайды. Өлі заттардың ұлғаюы, мысалы кристалдың ұлғаюы
сыртынан үстеп қосылу жолымен, яғни сол дененің сыртына жаңа бөліктердің
қосылу долымен жүреді, организмдегі ұлғаю, оның денесіне заттардың ену
нәтижесінде болады, ол заттар тірі дененің заттарына ұқсас болып денеге
қосылып соның мүшесіне айналып отырады. Анорганикалық табиғат қоректі керек
етпейді; органикалық табиғатқа қоректену процесі қажет, себебі бұл тірі
денедегі ыдырау мен жаңару сонымен байланысты. Өлі зат ұрықтан дамымайды,;
тірі заттың дамуы әрқашан ұрықтан басталады. Ең ақырында, ешбір
анорганикалық дене өлмейді, себебі онда тіршілік қабілеті жоқ, ал әрбір
тірі дене сөзсіз өлуге тиіс. Сөйтіп өлі немесе анорганикалық денелер мен
тірі денелердің арасында үлкен айырмашылық, терең үзіліс бар; екінші сөзбен
осы екі түрлі денелердің бір-бірінен алшақтағы сонша, ешбір анорганикалық
дене ең қарапайым деген тірі денеге жақындаса алмайды. Тіршілік және денеде
оны құрап тұрғандардың бәрі, тірі денелердің, барлық тіршілігі жоқ
денелерден елеулі айырмашылығы бар екендігін көрсетеді. Егер тірі
денелердің осындай ерекшеліктері болса, онда олар тіршілік жайындағы өзінше
ілім – биология пәнінің объектісі болуға тиіс [9].

Ламарк жануарлар дүниесінің табиғи системасын дамыта отырып , Линней
жасаған алты класты қосып алып, жануарларды он тқрт класқа топтастырды. Ол
өзінің системасында ең қарапайымдар мен ең күрделі құрылыстылар арасына
құрылыс дәрежелерінің біртіндеп күрделенуіне қарай басқа барлық кластарды
орналастырады. Линней кезінен бері жануарлар кластарын орналастыру тәртібі
айтылғанға мүлде қарама-қарсы болатын: яғни сүт қоректілердің басталып
қарапайым құрылысты құртпен аяқталып. Ламарк егер кластарды осылай
орналастырсақ, жануарлар системасына шолу жасағанда олардың құрылысы
деградацияланғаны және қарапайымдалғаны байқалар еді деген пікір көрсетеді.
Бұған керісінше, Ламарктың он төрт класты орналастыру бағытын алсақ ,
жануарлардың құрылысы баспалдақ сипатында біртіндеп күрделеленіп отырғаны –
градацияны көреміз. Мұнда он төрт класс алты сатыға орналастырып, Ламарк
бойынша бұлардың әрқайсысы келесісінен органдарының негізгі системалары
жөнінде нерв және қан тамырлар системаларының құрылысы күрделенуі жөнінен
айырмашылықтары бар. Өсімдік дүниесінде баспалдақты қатарлар бар, мұнда да
өсімдік топтары құрылысының күрделілігіне қарай орналасады. Ондай қатарлар
жануар дүниесіне де өсімдік дүниесінеде қарапайымнан басталып күрделі
құрылысты денелі организмдермен аяқталады. Бұл тәртіп органикалық
формалардың қарапайымнан күрделіге, қарапайым құрылыстан күрделі құрылысқа
қарай тарихи даму процесі жүріп тұратындығын көрсетеді.

Бұл процестің механизмі қандай? Эволюциялық дамудың қозғаушы күші не?
Эволюцияның бағыты анықталғаннан кейін Ламарк осы мәселелерге зейін бөледі.

Тіршіліктің қалыптасуы және тірі дененің өзгерулері сыртқы ортаға және
оның факторларына байланысты деп қарайды Ламарк. Ол ешқандай тіршілік
күші жоқ дей отырып, XVII ғасырдағы француз материалистерін жақтап ерекше
материалды себептердің әсерінен анорганикалық заттан қарапайым тірі денелер
пайда болуы мүмкін деген пікір көрсетеді. Сол кезде, табиғатта ерекше бір
сұйық заттар болады, олар жай көзге көрінбейді. Флюидтер болатындығын,
оларды тудырған құбылыстар арқылы ғана білеміз деген ұғым болатын. Мысалы,
жылытатын – жылу флюидті, электр құбылыстарын тудыратын – электрлік флюид.
Ламаркша флюидтер, өздерін тудырушы денемен және өздерінің әсер ететін
денесінің арасында делдалдық міндетін атқаратын материалдық агент флюидтер
организмнің жаңа ішкі ортасында жаңа жағдайда өзгеріп басқа флюидтерге
айналып кетуі мүмкін.

Сөйтіп жылудың, жарықтың және ылғалдың әсерінен өте қарапайым құрылысты
формалар өздігінен пайда болды. Содан былай жаратушының орнатқан градация
жолымен олардың құрылысы күрделеніп отырды. Егер құрамы жөнінен біркелкі
орта жасалса, бұл тәртіп бұзылмай орындалар еді. Табиғатта орта алуан
түрлі, тірі организмдерге олардың ықпалы да әртүрлі. Сол себепті, Ламарк
қазіргі жануарлардың қалпы бір жағынан градация заңы бойынша құрылысының
күрделену нәтижесі, екінші жағынан градация жолын бұзып отыратын сыртқы
орта әсерінің нәтижесі деп қарайды [2].

Ламарктың пікірінше, орта факторлары өсімдік органдарына тікелей әсер
етіп өзгертіп отырады. Ақырында, бұл бір мүшелердің пайда болуына және
дамуына, басқа бір мүшелердің әлсіреуіне немесе жойылуына себеп болады.
Егер бір түрге жататын особьтардың біреулері жақсы қоректенетін болса және
өсуіне қолайлы жағдай болса, ал екіншілеріне қорек жеткіліксіз болса,
бұлардың араларында елеулі айрмашылық байқалады. Жауынсыз құрғақ көктемде
шалғындық шөптер нашар өседі, әлсірейді, аласа күйінде гүлдеп, жеміс
береді. Көктемі жауынды болатын кездерде сол шөптер қарқындап өсіп кетеді.

Ламрк өзгергіштік туралы өзінің концепциясын дамыта отырып жануарлардың
кез келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ламарк ілімі
Алғашқы эволюциялық теория
Эволюция және прогресс түсініктер қатынасы прогресс критерийлері
Ламарктың эволюциялық концепциясы
Эволюция және Прогресс пен Регресс
Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы
Филогенетика казыргы кезеңі
Эволюция ілімі
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Эволюциялық ілім
Пәндер