Тапсырысшы екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мердігерлік шарты

Мазмұны

Кіріспе

1. Мердігерлік шартының ұғымы, белгілері, тараптары, түрлері
2. Азаматтардың тапсырысы бойынша жұмыстарды орындау
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Қортыныды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тандалған жұмыстың тақырыбы мүліктік айналымды құқықтық реттеудегі
мердігерлік шартының маңызды орын алуына негізделген, шартты барлық
азаматтық құқықтық мәмілелердің жиынтығы түрінді көрініп, азаматтармен де,
ұйымдармен де жасалады. Көпке мәлім екі немесе көп жақты мәміле шарт болып
табылады. Осыған сәйкес ғылыми зерттеудің пәні ретінде мәміленің түсінігі,
түрлері, нысаны, оның жарамсыздығының негізі мен салдары, шартты жасау,
өзгерту және тоқтату туралы заң ережелері болады.
Бірақ бұл шарттың бір жағы (мәміле ретіндегі шарт) ғана. Шарттың
екінші жағын шарттан туындайтын міндеттемелер (құқықтық қатынас ретіндегі
шарт) құрайды. Осыған сәкес біз міндеттеменің пайда болуы, өзгеруі,
тоқтауы, міндеттеме бойынша құқықтар мен міндеттемелердің аусуы сияқты
мәселелерді қарастырдық.
Шарт – ең көне құқықтық құрылымдардың бірі. Одан бұрын қалыптақан
міндеттемелік құқық тарихында әрекеттер ғана болды.
Адамдардың арасындағы қарым қатынастың әртүрлі нысандарының дамуы
тараптардың келісілген еркі негізінде заңшығарушы ұсынған немесе құқықтық
моделді өздерінің жасауына қажеттілік туындады. Мұндай модел ретінде
шарттар болды.
Көп жылдар бойы әрекеттер мен шартар міндеттеменің пайда болуының
жалғыз негізі ретінде мемлекетпен танылды.
Біздің мемлекетте бүгінгі күнге дейін қатысушылары ретінде мемлекет,
кооперативтер, қоғамдық ұйымдар болған шарттырадың басым көпшілігі жоспарлы
актілерді орындау үшін жасалды. Мұндай шарттарды контрагенттердің еркі
мемлекеттік органдардан туындайтын тапсырмалардың тікелей немесе қосымша
әсерінен туындады. Осы арқылы шарт өзінің бастапқы құрастырушы белгісін
жоғалтты.
Қазіргі кездегі барлық азаматтық құқыққа тән шарттардың рөлінің арту
тенденциясы соңғы жылдары Қазақстанда экономиканың дамуымен анықырақ
байқалады. Бұл тенденция ең алдымен елдің экономикалық жүйесін түбірімен
қайта құрумен байланысты. Аталмыш қайта құруда ең маңыздысы жеке меншікті
тану, шаруашылық салада мемлекеттік реттеу рөлінің азайуы контрагенттерді
тандау еркіндігін бекіту және жаңа азаматтық құқықтың басқада негіздерін
іске асыру еді.
Жаңа АК шарт еркіндігі қағидатын бекітіп қана қоймай, сонымен қатар
оны жүзеге асыру үшін қажетті алғы шарттар жасады. АК тарапынан шарттың
маңызының өсуін тану оның ерекше бөлімінде көрініс тапты деп айтуға болады.
Өйткені ерекше бөлімнің басым көпшілігі шарттарға арналған.
Осыған байланысты әдебиеттеде Азаматтық кодекстің барлық мәтіні шартты
реттеу міндетін шешеді деп айту әділ.
Жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтағы мердігерлік шартының орынын, оны
жасау, өзгертудің, тоқтатудың жалпы ережелерін анықтау болып табылады.
Жұмысты жазу барысында М. М. Агарков, М. Н. Брагинский, В. В.
Витрянский, О. С. Иоффе, Е. А. Суханов, Г. Төлеуғалиев, М. К.Сүлейменов,
А. П. Сергеев, Ю. К. Толстой сияқты отандық және ресейлік ғалымдардың
еңбектері жан жақты зерттелді.
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның
жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыдан мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді ( белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл
мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) оңды ( пайдалы) қызмет деп
мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды
және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі
сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс
мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4)
ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге
арналған тарауында жеке параграфтар арналған.Мердігерлік шартының жекелеген
түрлеріне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұл түрлер
туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелер
де (нормалар) қолданылады.
Бұл шарттар мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы
қатынастарды реттейді. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату
шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты
тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін
жұмыстар орындалады. Мысалы, косметика салондарының шаштараздар, моншалар,
шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуі осы сипатта болады. Тұрмыстық
мердігерлік қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секілді бір тарабы
болып тұтынушы қатысады.
Тұрмыстық мердігерлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
640-650 баптарымен реттеледі [2, 450]. Сонымен бірге Қазақ КСР
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңы қолданылады. Тұрмыстық
мердігерлік қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйектегі №97
баға және антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік комитетінің Қаулысымен бекітілген тұрғындарға тұрмыстық қызмет
көрсету Ережесімен реттеледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің
үлкен бөлігі оның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда болатын
арнайы мақсатының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып
алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатынастарында тұтынушы сол
шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бірқатар
нормалар Азаматтық Кодекстің өзінде бар.
Мердігерлік шарттың қарастырылып отырған түрі оның құқықтық
өзгерістерін бастан өткізген. Социалистік экономиканың дамуының алғашқы
кезеңдерінде құрылыс мердігерлігі сөзсіз мердігерлік шарты болып
қарастырылған. 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгізілген РСФСР Азаматтық
кодексінің 220-235-баптарында және РСФСР-дың Азаматтық кодексінің 2358-
бабының 5-қосымшасы болы табылатын Мемлекеттік мердігерлік және жеткізілім
туралы Ережелерде мердігерлік жұмыстардың барлық түрлерін реттеу үшін
арналған жалпы мәндегі нормалар болған. Көрсетілген соңғы нормативтік
актпен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсіз мемлекет және
оның органдарының қатысуымен мердігерлік шарттың бірқатар ерекшеліктері
реттелген [2,450].
Бірақ өндірісте, барлық өндірістік процестердің дерективті жоспарлауын
нығайтуына байланысты, құрылыс мердігерлік – мердігерлік шарттардың жалпы
көпшілігінен анық бөлініп шықты және 1961 жылдан бастап барлық негізгі
жүйелік азаматтық – құқықтық актілері (азаматтық заңнама негіздері,
азаматтық кодекстер) күрделі құрылысқа мердігерлік шартты – мердігерлік
шарттың түрі ретінде емес, азаматтық-құқықтық шарттың жеке түрі ретінде
қарастырады.
Мердігерлік шартының бұл түрі құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты
жұмыстар жүргізілуін құқықтық реттеуге арналған.Жобалау жұмыстар оларға
сәйкес, алда құрылыс жүргізілетін құжаттар өңделуін қарастырады.Әдетте,
жобалау құрылыста жаңа конструкцияларды, технологияларды, материалдарды
қолдану қажет болса жүргізіледі.Сонымен бірге, құрылыс объектісінің өзі де
оларды салу стандартты жоба бойынша жүргізілуі тиіс емес (басқаларға
ұқсамайтын болуы тиіс) ғимарат (құрылыс)лардың кешені болып келуі мүмкін.
Жұмыс үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.
Негізгі бөлімде Мердігерлік шартының ұғымы, белгілері, тараптары, түрлері,
Азаматтардың тапсырмасы бойынша жұмыстарды орындау, Тараптардың құқықтары
мен міндеттері сұрақтары қарастырылған.
1. Мердігерлік шартының ұғымы, белгілері, тараптары, түрлері

Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның
жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыдан мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді ( белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл
мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) оңды ( пайдалы) қызмет деп
мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі [3, 321].
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол
тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына
жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта
болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де
қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан
көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де,
жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда онда
мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу
сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық
әдебиеттерде еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде
айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу сату және
еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының
қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың
мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың
(тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және
белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал
тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың
бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау
үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу
кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл
оларға тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер
етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта
болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары тез фотосуреттер дайындауымен
байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша
қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының
себептенуші негізінде болуы мүмкін.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде (616-683-б) ұстанылып келеді [2]. Одан басқа
Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. №97-қаулысымен
бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде
қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін
қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бұрын
қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз,
1994. №5-5- өкімімен бкітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста
мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының
Құрылыс министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас
мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара
қатынастарының ережелері күшін жойды.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды
және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі
сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс
мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4)
ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге
арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының
жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұл
түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы
ережелер де (нормалар) қолданылады.
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып
табылады.
Тапсырысшы екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі
бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық
құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік
шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен
белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация
министрлігінің 18.01.1998ж. №123- бұйрығымен бекітілген, жол жұмыстары
жайындағы конструктарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және өткізу
тәртібінің ережелері.
Мердігер - шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға,
көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субьектісі, жеке тұлға немесе кәсіпкер,
коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізінде мердігерлік
жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір
жағдайларда, Лицензиялау туралы 17.04.1995ж. Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және толықтырулармен)
мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау іздестіру,
құрылыс монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек [4, 736].
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.
Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа
тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де
тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа
тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 619-б. 1-тармағы) [2]. Тартылған тұлға
қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы
болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға
тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының
алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшінші тұлғалармен шарт жасауға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап
етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе
жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға
тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып
келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына)
жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине,
олар бөлек, бір біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың
субьектілері, өйткені олардың әрөайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік
шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін, осы
жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық
қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір
айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып
міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287-бабының 1-
тармағы), сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы
себебінен бірнеше борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 287-бабы, 2-тармағы) [2].
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы
мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау
тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан,
акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге
көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына
әкелуі мүмкін. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тәжірибесінде
үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты
орындауға келіскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негізгі) шартты
жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім
жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы мердігерлердің біреуінің
қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден сомының 35
пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы
мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша
төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге қатысты тоқтатудың
салдары қарастырылмағанға сілтенген.
Келтірілген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу
туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде
тоқтатылғасын негізді деп тануға болады. Қосымша мердігерлер өзара
келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайы өзгерте ала алмайтыны туралы
қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы бұл мердігер мен орындаған жұмыстың
нәтижесі. Мердігерлердің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін
белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін
табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың
тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөңдеу болуы мүмкін. Сол сияқты
кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киімдерді химиялық
тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға
бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де
реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі
орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады,
демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса
мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды
арзанға ауыстыруы мүмкін және т.б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін.
Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға
қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін [5, 693].
Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де
мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың
соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Баға әр
кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары әртүрлі болуы
мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау
тәсілдері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға
туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға
қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді. Бағаны есептеу
үшін, тараптарға келтірілген шығындар еске алынуы қажет. Егер, шарт
негізінде орындалатын жұмыстың күрделі құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзі
бірнеше олардың түрінен құрылса, бірнеше кезеңдерді қамтыса және т.б.
жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Смета бұл
мердігерлік шарты бойынша орындалатын барлық жұмыстың құнын жұмсалатын
материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердігер жұмыстың және материалдардың құндары жөнінде біліктілеу
болған соң смета көбінесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының
өзінің де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердігермен жасаған смета,
тапсырысшымен бекітіледі және шарттың ажырамас бөлігіне айналады. Өз
кезегінде тапсырысшы дайындаған смета мердігердің келісімін талап етеді.
Жалпы смета жөнінде келісуде оны шартты жасасу тәртібімен салыстырғанда
ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны
көбейтуді талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бір жақты өзгертуге құқық
шартты жасау кезінде орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін немесе бұл
үшін қажетті шығындарды анықтау мүмкін болмаса да пайда болмайды. Шарт
жасасқаннан кейін мердігер беруге тиісті материалдар мен жабдықтардың,
сондай ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтердің құны едәуір өскен
кезде мердігердің белгіленген бағаны (сметаны) көбейтуді талап ету
құқығына иеленеді. Егер тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан
бас тартса, онда мердігердің шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.
Шамалас сметаның ерекшелігі,оны қарастырған жағдайда мердігер өзі
шығындарының көлемі оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың
шамамен белгіленген бағасын (шамалас сметаны) елеулі өсіру қажет бола
қалса, мердігер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты
тоқтата тұруға міндетті. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындау
керектігі анықталғасын немесе материалдарға, үшінші тұлғалардың
қызметтерінің бағалары өссе, осындай қажеттілік болуы мүмкін. Бағаны елеулі
өсіруге көбейтуге келіспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай
жағдайда мердігер өзіне тапсырысшыда жұмыстың орындалған бөлігінің бағасын
төлеуді талап ете алады. Шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру
қажеттігі туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердігер жұмысқа шартта
белгіленген алғашқы баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты
орындауға міндетті.
Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың
шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс әрекеттерінің)
уақыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгілі мерзімге
мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән
жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі мердігерлік шарттарының
ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. Оның аралығында
жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік
шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен қатар шартта жұмыстар орындалуы
үшін қарастырылған ақырғы мерзімдер де бекітіледі (ҚР АК 628-бабы 1-тармақ)
[2]. Жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері аралық мерзімдер де
көзделуі мүмкін.
Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың
орындалуына байланысты мердігердің қызметінің бірдей етіп бөлінуін
қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын,
бақылауын қамтамасыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындаласа және
оны белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы
шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.
Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға
уақытылы кіріспесе де осы нәтиже орын алады.

2. Азаматтардың тапсырмасы бойынша жұмыстарды орындау

Мердігер шарты бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға,
көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субьектісі, жеке тұлға немесе кәсіпкер,
коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізінде мердігерлік
жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір
жағдайларда, Лицензиялау туралы 17.04.1995ж. Қазақстан Республикасының
заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және толықтырулармен)
мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау іздестіру,
құрылыс монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек [6, 456].
Кейбір жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келеді. Құрылыс
мердігерлігі шарты бойынша жұмыс азаматтың тұрмыстық немесе басқа жеке
қажеттерін қанағаттандыру үшін орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиісінше
тұрмыстық мердігерлік шарт бойынгша тапсырысшының құқықтары,ережелер
қолданылады.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа
тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға
қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы
болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға
тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының
алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшінші тұлғалармен шарт жасауға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап
етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе
жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға
тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып
келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына)
жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине,
олар бөлек, бір біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың
субьектілері, өйткені олардың әрөайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік
шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін, осы
жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық
қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір
айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып
міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287-бабының 1-
тармағы), сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы
себебінен бірнеше борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 287-бабы, 2-тармағы) [2].
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы
мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау
тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан,
акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге
көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына
әкелуі мүмкін. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тәжірибесінде
үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты
орындауға келіскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негізгі) шартты
жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім
жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы мердігерлердің біреуінің
қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден сомының 35
пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы
мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша
төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге қатысты тоқтатудың
салдары қарастырылмағанға сілтенген.
Келтірілген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу
туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде
тоқтатылғасын негізді деп тануға болады. Қосымша мердігерлер өзара
келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайы өзгерте ала алмайтыны туралы
қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы бұл мердігер мен орындаған жұмыстың
нәтижесі. Мердігерлердің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін
белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін
табады [4, 738].
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың
тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөңдеу болуы мүмкін. Сол сияқты
кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киімдерді химиялық
тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға
бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де
реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі
орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады,
демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса
мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды
арзанға ауыстыруы мүмкін және т.б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін.
Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға
қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін.
Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де
мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың
соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.
Жұмысты орындауда берілген тапсырыста (шартқа немесе бекітілген
нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мекен-жайы;
тапсырсшының тегі және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс
қабылданған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі,
аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткізген
тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлері, орындаушы мен тұтынушының
материалдарының (заттарының) толық тізімі, бағасы және саны (қанша
материалдар жұмыс орындау үшін қажет екені көрсетіледі), жөндеуге берілетін
заттың зауыттық нөмірі және өзге де реквизиттер. Түбіртектегі бұндай толық
ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердігерлік шарты жазбаша нысанда
жасалатынын білдіреді. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны
шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік
айғақтарға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.
Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат (оның түрлері, ерекшеліктері,
бағасы және төлеу нысаны туралы) кәсіпорынның тұрақты мекен-жайынан тыс,
мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктілерде, орынға барып жұмыс
істейтін бригадалармен қызмет көрсету жүргізген кезде де ұсынылуға тиіс.
Тапсырысты қабылдау жүргізілетін кәсіпорынның бөлмесінде тұтынушыға
керекті ақпарат көзге көрінетін жерде орналасуға тиіс. Оның тізімі
Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесінің 5-
пунктінде берілген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрін орындауға лицензия,
тұтынушыға ұсынылатын мердігердің және өзге бұйымдардың (фурнитураның)
үлгілері, типтік шарттардың түбіртектердің, жетондардың, қолхаттардың,
талондар және мердігер тапсырысты қабылдағанын және тұтынушы жұмыс үшін
төлегенін растайтын өзге де құжаттардың үлгілері көрсетілуі тиіс.
Тапсырысшының тұтынушы ретіндегі құқықтары оған оның құқықтары, шарт
жағдайлары, орындалатын жұмыстардың сипаттамалары туралы толық ақпарат
берумен қатар мердігерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызметтерді
қосуына тиым салу арқылы да қамтамасыз етіледі [5, 694]. Бір жұмысты
орындау өзге жұмыстар орындалуының міндеттілігіне әкелмеуі керек.
Тапсырысшы өзіне жұмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез келген уақытта
шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшін
мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. Бұл міндет
мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға
дейін орындалса ғана келеді. Тапсырысшы мердігердің мәлімдеме жасау сәтіне
дейін орын алған өзге де шығындарын өтеуге міндетті. Ал негізінен
тапсырысшының әрқашан шартты бір жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын
тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайлары жарамсыз болып келеді.
Мердігердің негізгі міндеті шарт талаптарына және міндетті талап
етілген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбір жағдайларда жұмыс
мердігердің материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар
сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге
міндетті.
Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс.
Тапсырысты орындау мерзімі азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеудің жалпы
ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мерзім жұмыстың орындалып біту уақытымен
және жұмысты орындауға кірісу уақытымен анықталады. Егер тұрмыстық
мердігерлік шартында жұмысты бөліп- бөліп орындау қарастырылса, онда шартта
әр орындалатын бөліктің мерзімдері көрсетілуі тиіс. Жедел қызмет көрсету
нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргізілуі мүмкін.
Тапсырысшы берген материалды мердігер біршама немесе толығынан
жоғалтып алса, (бүлдіріп алса) онда ол сол материалды түрі мен сапасы
сондай болып келетін өзге материалмен ауыстыруы тиіс. Сонымен бірге
тұтынушы шеккен шығындар да өтелуге тиіс болады. Материалдың жекелеп
бұзылуы мердігер оған материалдардың бүлінуіне әкелуі мүмкін материалдардың
айрықша қасиеттері жағдайында мердігер тұтынушының еркі бойынша ұзатпай
шартты жаңартып және қысқа мерзімде сондай материалдан затты дайындауға
міндетті.
Тапсырысшыға мердігер материалдардың олардың бүлінуіне әкелуі мүмкін
айырықша қасиеттері туралы ескертсе, онда мердігер материалдың біршама
немесе толық бүлінуіне (жойылуына) байланысты жауапкершіліктен босатылады
(яғни тапсырысшы өз нұсқауын берді деген сөз және осы нұсқауды орындау зиян
себебі болды) [6, 457]. Ал мердігердің материалдық айрықша қасиеттері
туралы білмегені оны жауапкершіліктен босатпайды.
Мердігер, егер төтенше және бой бермейтін (дүлей) күш жағдайлары орын
алса, осының себебінен материалдардың бүлінуі, жұмыстың тиісінше
орындалмағаны үшін жаупкершілікті көтермейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде тапсырысшы –
тұтынушының мүддесін қосымша қорғауды қамтамасыз ететін нрмаларды да
қарастырады. Мердігер тапсырысшыға дайындалған (қайта өңделген) немесе
орындалған жұмыстың өзге нәтижесін тапсырған кезде тапсырысшыға соларды
тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін қажетті талаптарды хабарлауға міндетті.
Орындалған жұмыс нәтижесін пайдалану талаптарын сақтамаудың тапсырысшының
өзі немесе өзге тұлғалар үшін қолайсыз салдары да көрсетілуі керек.
Жұмысты орындағаннан кейін немесе тапсырыстан бас тартылған жағдайда,
мердігер тұтынушыға жұмсалғаннан қалған материалдарды, сонымен бірге
ауыстырылған бөлшектерді (жарамсыз бөлшектерді) қайтаруға міндетті, сол
сияқты олар үшін тапсырысшы төлеген материалдардың жұмсалуы туралы есеп
беруге міндетті.
Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижесін қабылдауға және орындалған
жұмысқа ақы төлеуге міндетті. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша
тапсырысшы жұмыс нәтижесін толық көлемде қабылдағаннан кейін ақы төлейді.
Тараптардың келісімі бойынша ақы толығынан шарт жасасу кезінде немесе аванс
беру арқылы төленуі мүмкін.
Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесін алуға келмеген немесе тапсырсшы
оларды қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердігер тапсырысшыға жазбаша түрде
ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап 2 ай өткен соң мердігерлік
нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердігер өзіне тиесілі
барлық төлемді шегеріп, қалғанын тапсырысшының атына нотариустың депозитіне
салуға құқылы. Мердігер өзінің таңдауы бойынша мердігерлік нысанасын
сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтірілген залалды
өндіріп алу құқығын пайдалана алады.
Орындалған жұмыс нәтижелеріндегі кемшіліктерді анықтаса тапсырысшы
мердігерлік қатынастарды реттейтін жалпы нормалар қарастырған құқықтарды
жүзеге асыра алады. Жұмысты қабылдау кезінде немесе мердігерлік нысанасын
пайдалану кезінде кемшіліктерді анықтаса, онда тапсырысшы Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында қарастырылған жалпы
мерзімдер шегінде мердігерге талабын жүзеге асыра алады. Егер шартта
кепілдік мерзімі қарастырылса, онда талаптар кепілдік мерзімдер шегінде
жүзеге асуы мүмкін. Егер кепілдік мерзімі жалпы заңда көзделген мерзімнен
қысқалау болса, онда заңда көзделген мерзімдер қолданылады.
Өмір немесе денсаулық үшін қаупі болуы мүмкін кемістіктерді жою туралы
талап, кемістіктер қанша табылғанына қарамастан (жұмысты қабылдау немесе
затты пайдалану кезінде де) жүзеге асуы мүмкін. Сонымен бірге, бұл талап
кепіл мерзімдері өткен кезде де қойылуы мүмкін.Тапсырысшы жұмыс нәтижесін
қабылдаған сәтте анықталған кемсістіктер 7 күн ішінде жойылуы тиіс, шартпен
бұдан қысқалау мерзім қарастырылуы мүмкін [7, 250].
Тапсырысшы тағайындаған немесе тараптармен келісілген кемшіліктерді
жою мерзімі шаррта немсе өзге де құжатта бекітіледі. Мұндай мерзімді
бұзғаны үшін мердігер тапсырысшыға тұрақсыздық айыбын төлейді. Жекелеп
алғанда біреудің ақшасын пайдаланғаны үшін АҚ-ң 353-бабына сәйкес
тұрақсыздық айыбын төлейді [2]. Себебі мердігердің міндеттемесін ақшаға
аударуға (ақшадай бағалауға) болады.
Шарттың тоқтатылу салдары тиісті тараптың құүқықтық мирасқоры мен оның
келісімшарт жасасушы агентінің арасындағы келісім бойынша, ал олар
келісімге келмесе орындалған жұмыстың мөлшері мен бағасы, жұмсалған және
сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайлар ескеріле
отырып сот арқылы айқындалады.
Жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабылдауды рәсімдеудің арнайы тәртібі
қарастырылады. Ол үшін екі тараптармен қол қойылатын акт рәсімделеді. Егер
қабылдауда мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының өкілдері қатысуға міндетті болса, онда қабылдау актілеріне осы
тұлғалар да қол қоюы керек. Тараптардың біреуі актіге қол қоюдан бас
тартса, бұл туралы белгі жасалады, ал екінші тарап актіге қол қояды.
Тараптардың ішіндегі біреуінің актіге қол қоюдан бас тартқаны
жұмыстарды аяқтаудың заңды рәсімделуін шындап қиындатады. Дау болған
жағдайда шарттың тек бір тарабы қол қойған қаблылдау актісін сот жарамды
деп тануы қажет. Сонымен қатар, мұндай қабылдау актісіне қол қоюдан бас
тарту себептері сотпен негізсіз болып танылған жағдайда ғана қабылдау
актісі жарамды деп танылмаса, құрылыс мердігерлік шартындағы тараптардың
бір немесе өзге құқықтары мен міндеттерін (олардың жағдайын) анықтау
жөніндегі соттың істі қарауы алда тұрады.
Тапсырысшы шартта көрсетілген мақсат үшін жұмыс нәтижелерін пайдалана
алмайтындай кемшіліктер анықталған жағдайда және оларды мердігер,
тапсырысшы немесе үшінші тұлға жоя алмайтын болса, жұмыс нәтижелерін
қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Кемшіліктер анықталған жағдайларда олар жөнінде актіде көрсетілуге
тиіс. Кейбір жағдайларда , егер олар заң актілерінде көзделсе, салынған
объектілерді мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс, салынған объектілерді
мемлекеттік қабылдаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеу
қажет және онымен мемлекеттік органдардың аралық қабылдауларға қатыск
мүмкіндігі айқындалуы керек.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.

Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға
міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсіби субъект болған соң, оның
жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді.
Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшының бұрын алған заңсыз мінез
құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты
орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін мердігерді
жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етеді.
Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен
орындауға міндетті. Егер материал онымен берілсе, ол тапсырысшының алдында
материалдардың сатушысы болып табылады және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шарты
Тараптардың міндеттері мен құқықтары
Жұмысты мердігердің қарамағында орындау
Мердігерлік шартының жеке түрінің ерекшеліктері
Шарт: сақтау шарты, мердігерлік шарт
Мердігерлік шартының құқықтары
Мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
Мердiгерлiк шарты түсінігі
Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер
Мердігерлік шартының түсінігі
Пәндер