Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Деңгейлеп саралап оқыту
  1. Деңгейлеп саралап оқыту дегеніміз не
  2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
  3. Деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі
  1. Механика тарауы
  2. Кинематика
  1. Кинематиаканың алғашқы ұғымдары
  2. Қозғалыс туралы түсінік
  3. Векторлар. Векторларға амал қолдану
  4. Жылдамдық
  5. Қозғалыс түрлері. Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс
  6. Лездік жылдамдық
  7. Үдеу
  8. Бір қалыпты айнымалы қозғалыс. Еркін түсу удеуі
  9. Бұрыштық жылдамдық. Бұрыштық ығысу
  10. Физикалық шамаларды өлшеу
  11. Центрға тартқыш үдеу
  12. Деңгейлеп саралап оқытуды қорта келгенде
  1. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болады. Қазақстан - дербес мемлекет. Еліміздің болашағы - бүгінгі балалар. Ал олардың қандай азамат болып шығуы мұғалімдерге байланысты. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Физика» оқу пәні «Жаратылыстану» білім саласына жатады. Физика курсының негізгі орта білім беру деңгейі (7-9 сыныптар) пәнді әрі қарай (10-11-12 сыныптарда) зерделеу үшін негіз болып табылады. 10-11-12 сыныптарда физика курсы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша оқытылады. Бұл жағдайда негізгі орта білім беру деңгейіндегі физика курсы жаңа мәнге ие болады. Ол базалық аяқталған, физика ғылымының негіздері бойынша барлық оқушыларды олардың болашақ мамандығына тәуелсіз іргелі білімдер жүйесімен қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан курс бағдарламасы қазіргі заманғы адамның жалпы мәдениетінің негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мазмұнға сүйенуге тиіс. Физика оқу пәні ретінде қоршаған әлемнiң сансыз құбылыстарында орын тебетiн табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады, оның ғылыми, техникалық және гуманитарлық әлеуеті бар, ол адамзат мәдениетінің маңызды құраушысы болып табылады. «Физика» оқу пәнінің негізгі орта білім беру деңгейіндегі мақсаты оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабiлетiн дамыту; физиканың қазiргi қоғам өмiрiндегi және жалпы адамзат мәдениетiн дамытудағы рөлiн ашу; табиғатқа ғылыми көзқарасты бекiту; адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесiне, физикадан берiлетiн бiлiмдi түрлi мәселенi шешуге шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтiк мәнi бар бiлiктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

- оқушылардың ғылыми дүниетанымы мен ой-өрісін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; әлемнің физикалық бейнесі, ондағы адамның орны мен рөлі туралы біртұтас көзқарасын қалыптастыру; - ғылыми таным әдістерін, ғылыми мәлiметтердi түсiну, ғылыми бiлiмдi өз бетiнше игеру және қолдану, физикалық құбылыстарды бақылау, оны түсiндiру, өз бетiнше зерттеулер жүргiзу біліктілігін қалыптастыру; - жауапкершілікке, ғылыми және экологиялық мәдениетке, физика ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу; - ғылым мен техниканың, заманауи технологиялардың негізгі даму бағыттары туралы түсінік қалыптастыру. «Физика» пәні бойынша білім мазмұнын таңдап алудың негізіне төмендегілерді ескеретіндей негізгі тұжырымдық ұстанымдар басшылыққа алынды, яғни негізгі орта білім беру деңгейіне арналған физика курсы: - логикалық аяқталған және біртұтас, яғни ол бізді қоршаған әлемнің ғылыми бейнесін жасауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы физиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын және теориялық қорытындыларын кешенді түрде қамтиды; - ғылыми дүниетаным (табиғат, техника, ондағы адамның рөлі, оның түрлендіруші іс-әрекеті, қоршаған ортаны қорғау проблемалары және т. б. ) қалыптастыруды қамтамасыз етеді, адамның тұрмыстағы және өндірістегі практикалық қызметі үшін қажетті физиканың қолданбалы мәселелерін, әсіресе, қазіргі заманғы технологиялар жайлы кейбір мәліметтерді қарастырады; - оқушыларда зерттеудің ғылыми әдістері мен ғылыми танымның әдіснамасы туралы, стандартта көрсетілгендей, жаңа білімдерді өзбетінше меңгеру мен білімді жалғастыру үшін қажетті түсініктер қалыптастыруды көздейді; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық мүмкіндіктері, сонымен бірге олардың жаратылыстану-математика пәндерінен алған білімдері ескеріледі; - деңгейлік саралауға бағдарланған, яғни оқу материалы оқушылардың басым көпшілігіне түсінікті болуымен қатар, физиканы тереңдете оқуға қабілеті мен қызығушылығы бар оқушылардың да талап-тілектерін ескереді.

Деңгейлеп саралап оқыту

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға қарай еліміздің білім беру жүйесі толықтай 12 жылдық білім беруге көшеді деп жоспарланып отыр . 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік береді. Аталған мәселені жүзеге асыру үшін тұтас педагогикалық үдеріс пен білім мазмұнын жетілдіріп, технологияландыру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан педогогтеріміздің алдында үлкен індет, ауыр жүк тұр. Жасыратыны жоқ, бұрын оқыту ісіне біржақты қарап, оқытуды тек сабақты тек жақсы беру деп санап келдік. Соның салдарынан ауыртпалық мұғалімнің мойынына түсті, ол өзі сабақ айтады, сөйлейді, сұрайды, қосымшалармен толықтырады, яғни сабақ үрдісінің барысында ұстаздық қызметі басым еді. Бала тек тапсырманы орындаушы ғана болады. Қазір бұл әдіс-тәсілді қоғамның дамуы қолдай ала ма? Жоқ. Себебі, заман ағымына сай оқыту мен тәрбие ісін жаңаша жетілдіруді өмірің өзі талап етеді. Ендеше бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесінің озығында, тозығын да қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларын сабаққа енгізуге шұғыл бетбұрыс жасалды. "Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар" демекші, оқу-тәрбие жұмысын жақсартуды ойласақ, мектепте атқарылар әрбір игі істерді осы заманға икемдеп жаңғырта, жандандыра түсуіміз, сөйтіп оқу-тәрбие жұмысындағы кемшін тұстарымызды толықтыру жолдарын қарастырумыз керек. Ол үшін жоғарыда айтқандай сабақ беру үрдісіне оқытудың жаңа технологиясын батыл енгізу қажет. А. Байтұрсыновтың "Мектептің жаны - мұғалім" деген сөзін еске түсірсек, мектебіміздің жоғары нәтижеге жетуі, ұжымдағы мұғалімдердің оқытудың жаңа технологиясын сабаққа кеңінен енгізу шығармашылық ізденістеріміздің нәтижесі екені даусыз. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңартуына алып келді . Дәстүрлі бағыттағы мектептерден бөлініп шығып, өз алдына оқытудың формаларын ұйымдастырған жаңа типі мектептер бой көрсетті. Мұндай мектептерде заман талабына сай білім беріп жатқан білім мекемелеріне жатқызуға болады. Ал жаңа типті мектептің негізгі мақсаты жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әрбір ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Білі беру саласындағы оқытудың озық технологияларын менгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесіндегі алдын ала оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осыдай сұрақтарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Оқытудың жаңа технологияларын күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере, педагогтік мақсат-мүдесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады . Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашалық белсенділігі, шығармашылық ізденісі қз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Жалпы педогогика ғылымында баланы оқытумен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамуынан жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерге де, жаңа технология бойынша, әдістемелік басты компоненті оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ ол мақсат жеке тұлғаға өздігінен дамуға жағдай жасау сондықтан оның өзіндік та Барлық педагогикалық жүйе құрамы бөліктерінде «инновациялық», «технологиялық» үрдісі іске асуы үшін төмендегідей жұмыстар істелуі тиіс. Біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпақтың білім алуын жаңа бағытқа салу үшін оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсідерден қолдану. Екіншіден, жалпы білім беретін мектептегі оқу жүйесінің мазмұнына өзгерістер енгізу. Үшіншіден, оқушылардың ойлау қабілеті жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру және ол жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. Технология - грек тілінен аударғанда шеберлік деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің мағынасы- педагогика саласында қолданғанда шеберлікпен өнім алу, нақты нәтижеге жету. «Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі». Ал педагогикалық жүйе дегеніміз - белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Қазіргі дидактикалық білімдер жүйесінде педагогикалық технология және оқыту технологиясы деген ұғымдар туындауда. Педагогикалық технология ұғымының мәні оқыту технологиясы ұғымынан кең ауқымдырақ. Педагогикалық технология- оқу-тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторларының үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиелекдің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі. Ресей педагогы Лихачев Б. Т. - «педагогикалық технология - оқытудың, тәрбие құралдарының арнайы жиынын, әдіс-тәсілін анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар бірлестігі, педагогикалық ықпал етудің ғылыми-педагогикалық сипаты», - деп анықтайды.

Ал оқыту технологиясы - оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесіне қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар жиынтығы. Ол оқыту процесінде нақты жүйе қызметін атқарады. Танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендіру қажет. Педогогикалық технологияны құруға қажет тұжырымдамада С. Л. Рубенштейннің енбектерінде айтылған, "ойлау барысында ойлау обьектісін жаңа байланыстарға қосуға педогогикалық, психологиялық берік негізі бар" - деген ойынан алынған . Ол бойынша өнертапқыштық пен жаңалықты ашуға болады екен . Технологияда тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория-дамуы "актуальді даму" аймағынан " жақын арадағы даму " аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу- тапсырмаларды қайталап орындауға арналған 1-ші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру үшін деңгейлеп саралап оқыту технологиясын өз тәжірибеме енгізудемін. Саралаудың негізгі ұстанымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға таразыланған көмек болуы тиіс. Негізінен тәжірибеде саралап оқудың екі түрі кеңінен Қарастырылады: деңгейлік және бағдарлық. 12 жылдық білім - нәтижеге бағытталған, әлемдік білім беру жүйесі негізінде сапалы білім алуға негізделген жүйе болса, білім сапасы - білім беру мекемелеріндегі оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі жоғары көрсеткіштерінің жиынтығы. Білім сапасы білім беру мазмұны, оқыту формалары мен әдістері, технологиялары негізінде анықталады. 12 жылдық білім жағдайында білім сапасын арттыруға және нәтижеге бағытталған оқыту технологияларының бірі - деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы. Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы пайдалану оқушы белсенділігін арттырып, білімін саралап қана қоймай, қол жетімді нәтижеге жеткізіді көздейді.

Деңгейлік саралау - оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.

Бағдарлық саралау -оқушылардың әртүрлі тобымен оқу материалын деңгейі жоғары мазмұны бағдарламамен оқып-үйренуі.

Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еке сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да мұғалімнің да белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Балалардың даму деңгейінің біріңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Сабақ барысында міндетті 3 деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаймыз. Тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады 1. Оқушылық деңгей:

  1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
  2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген Білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік беруі;
  3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланымты болуы керек.

Яғни мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже анықтамаларын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн. 2. Алгоритімдік деңгей

  1. Өткен материалдарды реттеуе және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
  2. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге беоілген тпсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустармен сөзжұмбақтар.

3. Эврикалық, шығармашылық деңгей:

  1. Танымдық ізденім түріндегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс-анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорынтындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу ұшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек;
  2. Өзжігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігіиен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар;
  3. Оқушыларды белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың икемділігін байқататын дүние жасап шығуы негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып щығару) ;
  4. Олимпида есептерін шығару;
  5. Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау.

Демек, бұл тапсырмалар - оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және бағалау деңгейі болады. Жоғарыда айтылғандай 1- деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалауы бойынша 2-, 3- деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырлады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі прблемаларының шешіліуіне жақсы жағдай жасалады. Олар: ● Әр оқушының барлық пән бойынша толық үлгеруіне кепілдік алуы; ● Артық жүктеме тарату проблемасы шешіледі; ● Оқушының " екі алып қалуы ", " үлгермей қалуы " үрейінің жойылуы; ● Әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы шешіледі; ● Оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі; ● Оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететін саласынын дарын ашу проблемалары шешіледі; ● Оқушылардың мемлекеттік стандартты талаптарына сай білім алуына қамтамасыз ету:

Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай: а) оқушының барлық пән бойынша толық үлгеруіне оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі; ә) алынған нәтижені өлшеуге; б) бағалаудың жетелеушілік қасиеті; в) дамыта оқытудың болатындығы г) оқу процесінің жарыс түріндеұйымдастырылуы әдіс - тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т. б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу - білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді. Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі. Жеке оқушыларға нақты білімге, тұлғалық құрылымдарға бағыттау. Білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, оқу деңгейін, оқу мазмұнын баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы. Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - білім алушыларды «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау, оқытудың тиімділігін арттыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды болып табылады. Ал, оқу әдісіндегі дәстүрлі әдәстердің озық заман талабына сай жауап бере алмайтындығы өз-өзінен түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие просесіне озық тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізіуді талап етеді. Белгілі педогог Ш. А. Амонашвили: « Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпыға алынғанда ең бірінші оқушыларды неге қызығатының анықтап алып, содан соң содан бастау керек », - дейді. Физика пәнің оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнлелі түрде түсіндіруге оқыушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлайды. Физика мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптардың басқа пәндер мұңалімдерінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылыұтары бар. Сол талаптарды іске асыру - мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп сабаққа және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады. Соңғы жылдары біз білім беру саласында болып жатқан ірі өзгерістерге куә болып келеміз . Білім беру стандарттарының өмірге келуі, оның оқу орындарына ене бастағанымен, оған сәйкес, оның сөзсіз, орындалуына кепілдік беретін педагогикалық технологияның жоқтығы біршама қиындық келтіруде. Әр оқушының мемлекеттік білім стандарты деңгейіне жету үшін әр оқу орынға әдеттегі дәстүрлі орнына жаңа педагогикалық құрылым қажет. Деңгейлік саралап оқытуды мен өз сабақтарымда өткен тақырыптарды тапсырмалар беріледі. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар - базалық стандарт болып табылады. Оларды орындауда оқушы бұл пәнен өткен нақты материалдарды қайталап айтып беру деңгейінде болады. Бұларды әр бір оқушы орындау тиіс. Екінші деңгей тапсырмаларын оқушылардың оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді. Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардың алған білімдерін ойлап, талғап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншіге өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс. Деңгейлік саралап оқыту техналогиясы кәдімгі қатардағы оқушылардың әр бір оқушыдан артықшылықтарын есепке алатын «жеке тұлғаны жетілдіру» оқыушыға айналуына себебін тигізеді, пән негіздерін жақсы бере алатын алдынғы қатардағы оқу орнына айналады. Міне осындай тәсілдерімен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар өзін өзі жетілдіре алатын жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады . Осындай қасиеттері бар адамдар әлуметтік жағынан да өзін -өзі жақсы қорғай алады. Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі екіден топтастырып, бір тапсырма беремін . Мұндайда бір оқушының жетекші болып тағайындалады да, олар есепті талқылап, шығару жолын қарастырып шығарған есептерін бірлесіп қорғайды . Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса, дұрыс жауап бермесе, екіншісінінде бағасы төмендетілкді . Мұндай тапсырмалар оқушыларды жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді, оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді . Осы деңгейлік сараланған тапсырмалардың тестік сынақ жұмыстарының тиімділігін айта кетейік .

Деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздемесі
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Сөз таптарын оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану үлгілері
Дамыта оқыту технологиясы
ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту тапсырмаларын қолданудың ерекшеліктері
Математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz