Мүгедектер проблемасын шешудегі құқықтық аспект



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Мүгедек , Мүгедектік
ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2 Мүгедектік – жеке адам мен қоғамның
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

II бөлім. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК
ЖҰМЫС ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2.1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2.2 Мүгедек жастар әлеуметтік жұмыс обьектісі мен әлеуметтік жұмыс
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитация)
қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең
маңызды және қиын міндеттердің бірі.
Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық
және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу
екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын
көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан
осылардың барлығы әлеуметтік оңалту іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.
Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес (БҰҰ, 1975 ж.) мүгедек —
туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік және ақыл - ой
мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе
жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктердің өздігінше
қамтамасыз ете алмайтын әрбір адам.
1992 ж. 5 мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44 сессиясының
реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік - денелік, психологиялық,
әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес мүгедектігі бар
адамға қоғамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның өмірінде,
отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің
болуы ретінде анықталады.
Зерттеудің өзектілігі: Кез - келген қоғамда адамдардың әлеуметтік
жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер туғызылғанда ғана, сол қоғамның дамуы
орнықты сипатқа ие болмақ.
Бұдан шығар қорытынды, өз елінің тұрақты дамуы мен өркениетті елдер
қатарына қосқысы келетін мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағдайын
ең алдыңғы кезектегі іс ретінде қарауы заңдылық. Халықтың әлеуметтік
жағдайы қазіргі таңдағы кезек күттірмес өзекті мәселе ретінде танылуда.
Кез - келген елде, қай уақытта болмасын бұл мәселе ең алдымен
шешілуді талап етеді.
Осы ретте әлеуметтік жұмыстың теориясына тоқтала келіп, негізгі
концепциялары мен категорияларына түсінік береді. Сондай - ақ әлеуметтік
қызмет көрсетудің дамуының тарихи кезеңдерін, ондағы қабылданған заңдар
жүйесі мен қалыптасқан әлеуметтік қайырымдылық ұйымдарын және олардың
бағдарламаларын атап өтеді. Ал, әлеуметтік жұмыстың негізгі айналысатын
проблемалары және көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерімен таныстырып
өтеді.
Әлеуметтік жұмыс саласы бойынша енді ғана дамып келе жатқан біздің
еліміз үшін, қажетті тұстары мен тәжірибелік көрсеткіштері бар екендігін
айтуымыз керек.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасында және басқа да Европа
елдеріндегі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің даму тарихы мен ондағы
негізгі ұйымдарды және олардың бағдарламаларын таныстыруға, сонымен бірге,
кедейлік, жұмыссыздық деген сияқты шешілу түйіні қиын проблемаларды жан -
жақты талқылап, баяндайды. Бәрінен бұрын мүмкіндіктері шектеулі жандар
соның ішінде мүгедек жастармен жұмыс жүргізу, әлеуметтік қызметкерлердің
профессионалды заңдылықтары мен жауапкершіліктері жөнінде маңызды
проблемалар көтеріледі.
Зерттеу объектісі: әлеуметтік қызмет көрсету.
Пәні: әлеуметтік қызмет көрсету проблемалары және Қазақстан
Республикасындағы ерекшеліктері.
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру, төмендегідей міндеттерді шешуді
талап етті:
Жалпы курстық жұмыстың кұрылымы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты,
объектісі, пәні, әдісі мен әдістемесі, теориялық және тәжірибелік маңызы,
қорғауға шығарылатын ережелер мен зерттеу нәтижесінің апробациясы
қарастырылған.
Жұмысты жүйелі түрде баяндау мақсатында тақырыптың зерттеу деңгейін
ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты еңбектер жазған
ғалымдарының зерттеулері, негізгі нормативтік құқықтық актілер, халықаралық
стандарттар мен нормалар, мерізімді басылымдарда жарық көрген мақалалар
қарастырылған.

Жұмыстың негізгі бөлімі екі тараудан тұрады. Бірініш тараудың бірінші
бөлімінде, Мүгедек, Мүгедектік ұғымдары , екінші тарауда мүгедектік –
жеке адам мен қоғамның мәселесі. Ал екінші бөлімі екі тараудан тұрады.
Бірінші тарауда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің
әлеуметтік саясаты, екінші тарауда мүгедек жастар әлеуметтік жұмыс
обьектісі мен әлеуметтік жұмыс технологиясы ретінде қарастырылған.

Теориялық маңыздылығы: Мүмкіндіктері шектеулі клиенттерді жұмыспен
қамтуды экономикалық категория ретінде мәнін ашу.
Жаңашылдығы: Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын түтас
құжаттар, заңдар қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз
етудің" стандартты ережесінің аясында анықтау.
Тәжірибелік маңыздылығы: Үкіметтің әлеуметтік мәселесін шешуге,
мүмкіндіктері шектеулі жандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосу.
Зерттеу әдістемесі: Себеп - салдарын анықтау, талдау, тарихи,
логикалық және т.б. әдістемелер.

І бөлім. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Мүгедек , Мүгедектік ұғымдары

Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына
сәйкес, олардың тәуелсіз өмірімен тұруына мүмкіндік беру мақсатында
бейімдеуі қажет.
1989 ж. БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы
конвенцияның тексін қабылдады. Мұнда дамуында кемістіктері бар балалар мен
жастар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді
араласып, толық және салауатты өмірі сүруі үшін олардың құқықтарын
бектілген. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы дем алуы,
білім алуы, еңбек етуі, медициналық көмек алуы т.б. үшін ақысыз көмек алуы
(ата - анасының, жақын, қамқорын адамдардың финансттық ресурстарын есепке
алу арқылы) жүзеге асырылады.
1971 жылы БҰҰ бас Ассамблясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың
құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар
оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін
максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы
айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс - әрекетпен айналысу,
мүмкіндіктерін толық пайдалану, материалдық қамтамасыз етілуте және
қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.
Мүгедек - балалар үшін үлкен маңызға не талап бойынша, мүмкіндігіне ойлау
мүмкіндігі шектеулі бала өзінің отбасында, немесе қабылдап алған ата -
анасының отбасында тұруы қажет деп айтылады. Мұндай отбасы мемлекет
тарапынан көмек алуы тиіс делінген. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы
мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы
тиіс.
БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы халықаралық
пактінде әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және
психикалық денсаулықтың мүмкін болатын дәрежесіне жетуге құқығы атап
көрсетілген.
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжат БҰҰ қабылдаған
"Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі"
болып табылады.
1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктің тапсырысы бойынша
дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың денсаулығын
бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының тиімді
жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады 1.
Ана мен баланы қорғау, отбасыны жоспарлау мекемелері, балалар мен
жеткіншектерге тән ауруларды емдеуді т.б. финанстық инвестициялау бөлу
статистикасы төмендетіп қана қоймай, көп жылдар бойы денсаулығынан айрылып,
аяқ астынан уақытынан бұрын өлуді қысқартады.
Өмір ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, аурусыз, қыйналусыз өмір
сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырады.
Мүгедектік балалар мен жастардың өмір сүру қабілеттерін төмендетіп, даму
мен өсудің тоқтауына байланысты әлеуметтік бейімдей алмауға болашақта, өз
мінезін бақылай алмауға, бағдарын, басқалармен аралсуын, оқуын, еңбек етуін
тежеуге алып келеді.
Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасынсыз — отбасы, үй -
интернат түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, адамның мүмкіндігінің
шектеулілігі таза медициналық құбылысқа жатпайды.
Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларына болдырмауға
әлеуметтік - медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т.б.
факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу технологиясы -
үлкендер мен балаларға әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік - экологиялық
моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар
қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге
оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне
сай келмеуінен, қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың жақтырмай
қарауларынан да болды.
Мысалы: Церебральный паралич диагнозын қойған бала оған арнайы бейімдеу
техникаларын қалдыру, жаттығу жасату, емдеу т.б. көрсетілмесе ол қозғалуға
да мүмкіндігі төмендейді. Адамның араласқысы келмеуі, кішкене кездерінен
бастап олардың дағдылану қабілеттерін төмендетіп, интеллектуалдық дамуын
тежеуі мүмкін.
Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта. Бірақ балаға қатысты
отбасы мүшелері кейде қатыгездік көрсетулері мүмкін. Өйткені, отбасының
финанстың қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік белсенділік
көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз көңіл - күйлеріндегі
қиналыстарды балаға көрсетулері (мүтедек балаға) мүмкін.
Әрбір отбасының құрылымы мен қызметі уақыт барысында өзгеріске ұшырап,
отбасының қарым - қатынастық тәсілдеріне әсер етіп отырады.
Отбасының өмірлік циклі түрлі даму деңгейлерінен тұрады:
Неке құру, бала туу, олардың мектептегі кезеңі, жеткіншектік кезең, үйден
кету кезеңі, ересектік кезең, қартаю т.б.
Мүгедек балалары бар отбасының олардың даму кезеңдеріндегі өзгешеліктерге
дайын болулары тиіс.
Мысалы: мүгедек - баласы бар отбасының өмірлік циклі:
1. бала туу — балада патология бар екендігі туралы хабар алу,
эмоцианалдық дағдылану, отбасының басқа мүшелерін хабардар ету;
2. мектептегі кезең - баланың оқу түрі туралы шешім қабылдау,
құрдастар тобының реакциясын уайымдау, оның оқуын ұйымдастыру
және оқудан тыс әрекетін ұйымдастыру;
3. жеткіншектік кезең - баланың ауруының ұдайлық табиғатына
дағдырлану, сексуалдық мәселелердің пайда болуына байланысты
мәселелер, құрдастардың оны жақындасуы (олар тарапынан), баланың
болашақ өмірін жоспарлау;
4. "бітіру, шығару" кезеңі — отбасылық жауапкершіліктің жалғауына
дағдырлану, есейген баланың тұратын жері туралы шешім қабылдау,
әлеуметтену мүмкіндігінің шектеулігіне (мүгедек баланың) отбасы
мүшелерінің қайғыруы;
5. ата - аналардан кейінгі кезең – ерлі - зайыптың өзара қарым -
қатынасының қайтадан құрылуы (мысалы: егер бала отбасынан шыққан
соң дұрыс жерге орналастырылса) және баланың тұрғылықты
жеріндегі мамандармен өзара қарым - қатынас жасау 2.
Тарихи тұрғыдан "мүгедектілік" және "мүгедек түсініктері "еңбекке
жарамсыз және "ауру" түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да
мүгедектілікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау
саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы "мүгедектікті" , шарттын
мойындамай, оны дұрыс емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен
де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның
басты көрсеткіші ретінде алынған. Осыған орай дәрігерлік еңбектік
сараптамалық комиссияның басты міндеті, кәуаландырып отырған адам қандай
кәсіби қызметті атқара алатындығын субъективтілік, дәлірек айтқанда
биологиялық негізде анықтау болған, әлеуметтік - биологиялық критерий;
алынбаған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңдестірілген.
Сонымен, құқықтың аясында және нақты экономикалық жағдайлардағы адамның
әлеуметтік рөлі екінші орынға ығыстырылған, және де мүгедек түсінігі,
әлеуметтік, экономикалық, психологиялық білім беру және басқа да қажетті
технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан мүлде
қарастырылмаған 3.
Қазіргі кезде мүгедек, өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның
әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің
салдарынан ауруынан организм функцияларының қатты бұлінуі бар,
денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынады. Мүгедектілік,
халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Ол
қоғамның әлеуметтік жетілгендігін, экономикалық толыққанды жағдайын,
адамгершілік ондылығын көрсетеді және мүгедек — адам мен қоғамның өзара іс
- әрекетінің бұзылуын сипаттайды.
Жалпы, таңдаудың шектеулі екендігі жағдайындағы адам қызметінің проблемасы
ретінде қаралатын мүгедектіліктің бірнеше негіздегі аспектілері бар:
құқықтық; әлеуметтік – орталы; психологиялық; қоғамдық-идеологиялық;
өндірістік - экономикалық, анатомиялы – функционалдық; медициналы -
әлеуметтік; басқарушылық.
Мүгедектер проблемасын шешудегі құқықтық аспект
Құқықтық аспект; мүгедектердің құқығын, еркіндігін және міндеттерін
қамтамасыз етуді білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылы 21 маусымда Қазақстан
Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалымдығы туралы заңға қол
қойған. Осы арқылы қоғамымыздағы ерекше әлсіз бөлігіне әлеуметтік қорғау
кепілдемесі берілген.
Заңның негізін құрайтын үш принципалдық ережені айтып өту керек:
- Бірінші — бұл мүгедектерде, білім алу үшін белгілі бір
жағдайларға ерекше құқықтың болуы; қозғалыс құралдарымен
қамтамасыз етілуі; арнайы тұрғын - үй жағдайларына; жеке үй
құрылысына, қосалқы шаруашылық және саяжай шаруашылығын
жүргізуге жер учаскелерін бірінші кезекте алулары, және тағы
басқа. Мысалы, тұратын жерлер қазір денсаулығын және басқа да
жағдайларын есепке ала отырып, мүгедек - балалары бар
жанұяларға, мүгедектерге берілетін болады. Мүгедектер,
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген аурулар
тізіміне сәйкес, жеке бөлме түрінде қосымша тұратын жер алуға
құқылары бар. Ол артық деп саналмайды және де бір реттік
мөлшердегі төлеммен төленеді. Тағы бір мысал, мүгедектерді
жұмыспен қамту үшін ерекше жағдайлар енгізілуде. Меншік
формасына байланыссыз 30 адамнан көп жұмысшысы бар кәсіпорын,
мекеме, ұйымдар үшін мүгедектерді жұмысқа қабылдауына квота
белгіленеді — жұмысшылардың орташа тізімді санына пайыз,
ретінде (бірақ үш пайыздан кем емес);
- Екінші бір маңызды ереже — бұл мүгедектердің, өмір қызметіне,
мәртебесіне және т.б. қатысты шешім қабылданатын барлық
процестерге белсенді қатысушы болуға құқықтары. Бұл норманы
бұзып қабылданған шешімдер соттық тәртіпте жарамсыз деп
танылады;
- Үшінші ереже, арнайы мемлекеттік қызметтерді құруды білдіреді;
медициналы - әлеуметтік экспертиза және реабилитация. Олар
мүгедектердің тәуелсіз өмір қызметін қамтамасыз ететін жүйені
құрады. Сонымен қатар, медициналы - әлеуметтік экспертиза
мемлекеттік қызметіне жүктелген функциялардың арасында —
мүгедектердің әлеуметтік қорғаудың әр түріне деген қажеттілігін
анықтау; кәсіби ауру алған тұлғалардың кәсіби еңбекке
жарамдылығын жоғалтуының дәрежесін анықтау; халықтың
мүгедектілік деңгейін және себептерін анықтау және т.б.
Заң, мүгедектер проблемасын шешудің негізгі бағыттарына ерекше назар
салады. Атап айтқанда, онда мүгедектердің ақпараттық қамтамасыз етілулері,
өмір қызметінің кедергісі жоқ ортасын құрудағы қажеттіліктері туралы
айтылған. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесінің өнеркәсіптік базасы
ретіндегі реабилитациялыық индустрияны құру, мүгедектердің еңбегі мен
тұрмысын жеңілдететін арнайы құралдардың өндірісін, сәйкесінше
реабилитациялық қызметтерді беруді және де оларды ішінара жұмыспен қамтуды
білдіреді. Заңда медициналық, әлеуметтік және кәсіби аспектілері бар
мүгедектердің көп профильді реабилитациясы бар кешенді жүйесін құру жайында
айтылған. Сондай - ақ мүгедектермен жұмыс істейтін кәсіби кадрларды
дайындау, оның ішінде мүгедектердің өз ішінен дайындау проблемасы да
қозғалады 4.

Әлеуметтік - орталы аспект
Әлеуметтік - орталыға, микроәлеуметтік ортамен (жанұя, еңбек ұжымы,
үй - жай, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік айналамен (қалақұрушы
және ақпараттық орталар, әлеуметтік топтар, еңбек рыногы және т.б.)
байланысты мәселелер кіреді.
Әлеуметтік жұмысшылар қызмет көрсететін "объектілердің ерекше
категориясын мүгедек адамы бар, болмаса сыртқы көмекті қажет ететін қарт
адамы бар жанұялар құрайды. Ондай жанұя бұл кезде микроорта т.б. Ресейлік
ғалымдар жүргізген арнайы зерттеу бойынша 1 еңбекке жарамсыз жанұя
мүшелері бар 200 отбасының әлеуметтік қызмет көрсетуді тиімдірек
ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы мүгедектіліктің себептерін білуі қажет,
олар:
84,8% - жалпы аурулар,
6,3% - соғыста болғандар (соғыс мүгедегі),
6,3 % - бала жастан мүгедектер. Мүгедектің қандай да бір топқа жатуы
жеңілдіктер мен ерекшеліктерге байланысты. Әлеуметтік жұмысшының басты
міндеті осы жөнінде толық мәлімет ала отырып, әрекет етуші заңға сәйкес
жеңілдіктердің жасалуына ат салысу болып табылады. Мүгедек адам немесе қарт
адамы бар жанұямен жұмысты ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмысшы осы жанұяның
әлеуметтік жайын, оның құрылымын (толық, толық емес) анықтауы өте маңызды.
Бұл факторлардың болуы сөзсіз, онымен, жанұямен жұмыс әдістемесі және де
жанұяның әр түрлі сипаттағы қажеттілігі байланысты. Зерттеу барысында 45,5%
- толық, 28,5% - толық емес (әдетте анасы мен балалары) жанұялар, 26% -
жалғызбастылар, онда да әйелдер жағы басым болған (84,6%). Айта кететін бір
жайт, ұйымдастырушы делдал, атқарушы ретінде әлеуметтік жұмысшының
(қызметкердің) рөлі жоғарыдағы жанұялар үшін мына салаларда маңызды;
моральды - психологиялық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік - тұрмыстық
қамтамасыз ету. Моральды — психологиялық қолдауды бағалаған кезде барлық
жанұялар үшін келесілер ең өзекті болып табылған; әлеуметтік
қамтамасыздандыру органдарымен байланысты ұйымдастыру (71,5%), қоғамдық
ұйымдармен байланыс орнату (17%) және еңбек ұжымдарымен байланысты
жандандыру (17%). Толық жанұялардың ішінде әлеуметтік қамсыздандыру
органдарымен байланыты ұйымдастыруға 60,4%, толық емес жанұялардан — 84,2%
жалғыз бастылардан — 76,9% мұқтаж екен. Қоғамдық ұйымдармен байланысты
орнатуға сәйкесінше — 27,5%, 12,3%, 3,8% жанұялар ұмтылады екен. Еңбек
ұжымдарымен байланысты жандандыруға 19,8% толық жанұялар, 5,9% толық емес
және 26,9% жалғызбастылар мұқтаж болады. Бұл жағдай, мүгедектердің өздеріне
көрсетілетін жеңілдіктер туралы толық хабардар болмауымен түсіндірілуі
мүмкін.
Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға деген мұқтаждықты талдаған кезде
71% жанұялар учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік туғызса, жанұялардың
жартысына жуығы (49,5%) тар мамандық иелерінің кеңестеріне, ал 17,5%
диспансерлік бақылауға мұқтаж болған. Толық жанұяларда көрсетілген
медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктің рангілік орындары біраз
басқаша: бірінші орында (50,7%) учаскелік дәрігердің байқауына қажеттілік,
екінші (40 %) — диспансерлік бақылауға, ал үшінші (30,3%) — тар мамандық
иелерінің кеңестеріне деген қажеттіліктер байқалған. Толық емес жанұялар ең
басты мұқтаждық (37,4%) диспансерлік бақылауда, 35,4% жанұялар тар мамандық
иелерінің кеңесіне және 26,7% - учаскелік дәрігердің байқауына деген
қажеттіліктерін білдірген. Жалғызбастыларда тар мамандық иелерінің
кеңестеріне деген қажеттілік басым (34,3%) және де тең дәрежеде (22,5%)
учаскелік дәрігердің байқауымен диспансерлік бақылауға да қажеттіліктер
орын алған.
Зерттеуге алынған жанұялардың ең көп қажеттіліктері әлеуметтік - тұрмыстың
қызметтіліктерге екен белгілі болған. Бұл, еңбекке қабілетсіз жанұя
мүшелерінің қозғауларының шектеулігімен түсіндіріледі. Әрдайым сыртқы
көмекке мұқтаж болады және де өздеріне сау адамдарды байлап қояды, яғни
олар азық - түлік дәрі - дәрмектерін сатып алып береді, жеткізіп береді
және оларға әр түрлі үйден тысқары шығатын негіздегі тұрмыстық қызметтерді
көрсетеді. Сондай - ақ оны қазіргі кездегі әлеуметтік шиеленістермен, азық
- түліктерді және тұрмыстық қызметтерді алудағы қиындықтармен де
түсіндіруге болады. Осыған орай әлеуметтік қызметкердің ролі бірден
жоғарылайды. Жанұялардың әлеуметтік - тұрмыстық қызмет көрсетудегі
қажеттіліктерін бағалаған кезде келесілер айқындалған. Барлық
зерттелінгендердің ең басты қажеттіліктері кір жуушыларға екен (88,5%),
химиялық тазартуға (82,5%) аяқ киім шеберханасына (64,6%). Сонымен қатар,
пәтерлерін жуып - жинауға деген қажеттіліктері айқындалған (27% жанұя),
үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу (24,5%), тең дәрежеде (20,5% жанұяда) –
азық - түлік пен дәрі - дәрмектерді жеткізуте әр түрлі санаттағы
жанұялардың салыстырмалы талдауы көрсеткендей, жалғыз бастыларда басқа
жанұяларға қарағанда азық - түлікті жеткізуге (50%), пәтерлерін жинауға
(46,2%) дәрі – дәрмектерді жеткізуте (40,4%) ең көп мұқтаждық байқалған.
Алынған мәлімет, деректер, еңбекке қабілетсіз жанұя мүшелері кіретін
жанұялардың қажеттіліктері елдегі әлеуметтік - экономикалық жағдаймен бір
жағынан анықталса, екінші жағынан мүгедектердің өзін - өзі қамтуының
шектеулі мүмкіндіктерімен анықталуынын көрсетіп отыр.
Сонымен, барлық зерттеуге алынған жанұяның әлеуметтік қорғаудағы ең үлкен
қажеттіліктері қазіргі уақытта әлеуметтік - тұрмыстық проблемалар
төңірегінде топталып отыр, ал әлеуметтік қорғау тұрғысынан ең көп ығыр
көруші топ — жалғызбасты еңбекке қабілетсіз азаматтар азық - түліктерді
және дәрі - дәрмектерді жеткізуге, пәтерлерін жинауға әлеуметтік
қамсыздандыру орталықтарына тіркеуге алынуға үлкен қажеттілік туғызатындары
белгілі болды. Маральды - психологиялық қолдауға деген жанұялардың
қажеттіліктерінің қалыптаспағандығымен түсіндірілсе, екінші жағынан елдегі
қалыптасқан ұлттық дәстүрлерге екі фактор да өзара тығыз байланысты.
Әлеуметтік қызметкерлердің қызмет аясын қалыптастыру қажет болып отыр.
Нормативтік құжаттарда, біліктілік сипаттамаларында көрсетілген
міндеттерден басқа, қазіргі қалыптасқан жағдайды ескере отырып тек қана
ұйымдастырушылық делдалдық қызметтерді атқарумен шектелмеу керек. Осы
тұрғыдан басқа да қызмет түрлері белгілі бір өзектілікке ие болуда, олардың
ішінде: әлеуметтік жұмысшының қызметін кеңінен пайдалану жөніндегі
мүмкіндіктер туралы халықтың хабардар болуы еңбекке қабілетсіз азаматтардың
құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы халықтың қажеттерін (рыноктік
экономикалық жағдайында) қалыптастыру, отбасын моральды - психологиялық
қолдауды жүзеге асыру және т.б. 5

Өндірістік - экономикалық аспект
Өндірістік - экономикалық аспект ең алдымен халықты әлеуметтік қорғаудың
өнеркәсіптік негіздерін және оңалту (реабилитациялық) бұйымдар мен
қызметтердің рыногын құру проблемасымен байланысты. Мұндай көзқарас,
ішінара немесе толық өзіндік кәсіби, тұрмыстық және қоғамдық қызметтерге
бейім мүгедектер үлесінің ұлғаюына бағдарлануға, олардың оңалту
(реаблитациялық) құралдарымен қызметтерге деген қажеттерін адрестік
қанағаттандыру жүйесін қүруға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде олардың
қоғамға кіріктірілуіне әрекет етеді. Мүгедектерді оңалту (реаблитациялық)
бұйымдармен қамтамасыз етуге мемлекеттін монополияны сақтау халықтың
"белсендің бөлігін ақталмайтын экономикалық жүктемелеуге әкеледі және де
мүгедектердің шынайы қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері
арасындағы диспропорцияның әрдайым өрістеуіне әкелетін "жеңілдікң саясатын
жалғастыру үшін негіз болмақ 8.

Анатомиялы - функционалдық аспект
Мүгедектіліктің анатомиялы - функционалдық аспектісі, оңалту (реаблитация)
функцияны орындай алатын және мүгедектің оңалту (реаблитациялық) қуатының
(потенциалының) дамуына әрекет ететін әлеуметтік ортаның (физикалық және
психологиялық тұрғыдан) қалыптасуын білдіреді. Сонымен мүгедектіктің
қазіргі түсінігін ескере отырып, бұл проблеманы шешкен кезде мемлекеттің
басты назарының пәні адам организміндегі бұзылушылық емес, оның шектеулі
еркіндік жағдайындағы әлеуметтік рөлдік функцияның жандануы болуы керек.
Мүгедектерді оңалту мәні адамдардың тұрмыстық, қоғамға және кәсіби
қызметкерлердің оның дене бітімінің психологиялық және әлеуметтік куатының
деңгейіндегі (микроәлеуметтік және макроәлеуметтік ортадағы ерекшеліктерін
ескере отырып) қабілеттіліктерін жандандыруға деген кешенді көппрофильдік
көзқарастарда жатыр. Процесс және жүйе ретіндегі кешенді көп профильді
оңалтудың шешуші мақсаты анатомиялық дефектісі, функционалдық бұзылуы,
әлеуметтік ауытқулары бар адамдарға салыстырмалы түрде тәуелсіз өмір
қызметін беру мүмкіндігі болып табылады. Осы тұрғыдан оңалту (реаблитация)
адамдардың қоршаған әлеммен байланысының бұзылуының алдын алады,
болдырмайды және мүгедектіліктің профилактикалық функциясын атқарады. Бұл
мақсаттар үшін дене бітімі тұрғысынан жетілмеген балалар үшін интернат -
үйлері бар. Бұл мекеме де тірек қорғаушы аппараттардың бұзылуы бар
балалардың ең ауыр контингенті шоғырланған. Бұл мекемелердің мақсаты -
үздіксіз қарқынды жандандыру терапиясы және протездеу, психологиялық
коррекция (түзету), мектептік және еңбектік оқыту, кәсіби дайындық және
еңбектік оқыту, кәсіби дайындық және ары қарайғы ұтымды (рационалды)
жұмысқа орналастыру арқылы мүгедек - балалардың медициналық - әлеуметтік
оңалтуын жүзеге асыру. Грек қорғаушы аппаратының бұзылуы бар мүгедек -
балаларды белсендендіруде интернат - үйлерімен ғана шектелінбейтін спорттық
- сауықтыру жұмыстары үлкен мәнге ие. Бұл жерде мүгедектердің спортын
ұйымдастыратын мекеме мен байланыс орнату қажет. Интернат - үйлерінде дене
бітімі толық жетілмеген балалар үшін еңбектік оқулар жүргізіледі.
Интернат - үйлерінен ер жетіп, оқып дайындалып шығатын жасөспірімдер әр
түрлі өмірлік - тұрмыстық проблемалар туралы (жұмысқа түру, үй алу және
т.б.) толық хабардар болулары керек. Әлеуметтік қызметкердің бұл жердегі
рөлі осы жас мүгедектерге қоғамға кіргізу кезіндегі қиыншылықтарын жеңе
білуге көмектесуде жатыр. Бұл жерде тек қана ақпарат, кеңестер ғана емес,
сондай - ақ іс - әрекеттік көмектер беру, арнайы үй алуына ат салысу,
мүгедектер үшін берілетін пәтерлерде қосымша құрылғылар мен құрал -
жабдықтардың орнату, жұмысқа тұруда, жеңілдіктер алуда және т.б. көмектесу
үлкен маңызды жайттар болып табылады. Әлеуметтік қызметкер ашық қоғамға
енуші мүгедектің шынай көмекшісі болады 9.

Медициналы - әлеуметтік аспект
Әлеуметтік қызметкер мүгедектерге заңдық тұрғыдағы, психологиялық,
педагогикалық және өте маңыздысы медициналық - әлеуметтік сипаттағы
бірқатар мәселелер бойынша қашан да көмек көрсетуге дайын болуы қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң
құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек - балалар және
бала жасынан мүгедектер медициналы - әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға
(реабилитация), дәрі - дәрмектермен протездермен, протезді - ортопедиялық
бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге,
сондай - ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Еңбекке
қабілетсіз мүгедектер тегін медициналық - әлеуметтік көмекті мемлекеттің 4
- есе муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің мекемелерінде алуға, үйде
қаралуға, ал негізгі өмірлік қажеттерді қанағаттандыра алмау кезінде -
халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде қаралуға құқылы.
Бұл санаттағы азаматтың кепілденген құқылары олардың мүгедектіліктің ресми
статусын алған сәттен бастап күшіне енеді, сол себептен де әлеуметтік
қызметкер, азаматтық, медициналық - әлеуметтік экспертизаға жіберілу
тәртібінің бағыттылығын білу керек, алайда ол мүгедектер үшін көбінде
күрделі әрі қиын орындалатын процедура болып табылады.
Медициналық - әлеуметтік экспертиза мүгедектіліктің себебін және тобын,
азаматтардың еңбекке жарамсыздығының дәрежесін белгілейді, оларды оңалту
түрлерін, көлемін және мерзімін анықтайды және де әлеуметтік қорғау
мөлшерін де, азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар береді.
Әлеуметтік қызметкер бұл салада мүгедектерге қараумен қатар белгілі бір
мөлшерде дәрігер болу мәселесінің дәрежесінде болады және де пациенттің
өмір бейнесіне әсер етеді, оның психологиялық оңалтылуына әрекет етеді.

Басқарушылық аспект
Мүгедек жастарды жұмысқа орналастыру және олардың тұрмысын әлеуметтік
тұрғыда ойластыру басқарушылық органдарынсыз мүмкін емес. Олар мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлерінде бар. Мемлекеттік тұрғыда әртүрлі комитеттер
бар: әлеуметтік қорғау комитеті, зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау және
т.с.с.
Республикаларда, өлке, аймақтарда, облыстарда мүгедектер ісімен
айналысатын, орталық органдарға сәйкес келетін басқармалар әрекет етеді.
Барлық әкімшілік аймақтарында да мүгедектер ісі бойынша комиссиялар,
бөлімдер, басқармалар бар.
Мемлекеттік басқару органдарынан басқа мүгедек жастар ісін қорғайтын
ведмоствалық басқару бөлімшелері де болады. Көптеген емханаларда арнайы
дәрігерлер жұмыс істейді, әдетте емхананың бас дәрігерінің орынбасары
рангісінде ол ауруға негіздеме - қорытынды жазады және азаматтарды
әлеуметтік қамту органдарында мүгедектікке ұсынуға қүжаттарды рәсімдейді.
Барлық аймақтардың әкімшіліктерінде адамдардың мүгедектілігі туралы
қорытында шешім қабылдайтын, органдарда мүгедектікті рәсімдеу үшін заңдық
негіз бола алатын құжаттарды (анықтамаларды) жазатын арнайы медициналық -
әлеуметтік эксперттік комиссиялар (МӘЭК) құрылған.
Сонымен қатар, әлеуметтік қамту жүйесінде мүгедектілік бойынша зейнетақыны
тағайындайтын, сапалық индексациясын, қайта есептелуін қарайтын,
зейнетақылардың еңбектік жинақ кітапшаларына немесе байланыс бөлімшелерінің
пошталық бөлімдеріне аударылуын қадағалайтын, мүгедектердің үй жағдайында
қамтамасыз ететін және т.б. айналысатын басқармалар, бөлімдер, секторлар
қызмет етеді 10.
Басқарушылық аспектінің бір жағы — мүгедектермен ұйымдастырылып жұмыс
істеу, яғни әлеуметтік қызметкердің мүгедектерінің жарысқа, фестивальдерге,
көрмелерге, жәрмеңкелерге және т.б. іс - шараларға жұмылдырылуын
ұйымдастыруы болып табылады.

1.2 Мүгедектік – жеке адам мен қоғамның мәселесі

Мүгедектік – ол жалпы мемлекет тарапынан қолдау алатын категориялардың
бірі болып табылады. Бүкіл қоғамды аландатып отырған мәселе – құқықтық-
әлеуметтік мәселелер. Әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар
қатарында болып келді және болып қала да береді. 2005 жылдан бастап
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң қолданысқа енгізілуі тиіс.
Осы жылдан бастап зейнетақының ең төмен мөлшерін 10000 теңге етіп белгілей
отырып, зейнетақы мөлшерін инфляция деңгейінен ілгері оза индексациялау
қажет 15.
Зейнетақымен қамтуға 2005 жылы қосымша 10,5 миллиард теңге бөлінеді.
Жоғарыда айтқандай, мемлекеттің қастерлі борышы жұмыс істеу немесе табыс
табудың бірдей жағдайына ие болу мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген
қамқорлығы болып табылады.
Бұл азаматтарға көмектесу — біздің қоғамымыздың ізгілену мен кемелдену
дәрежесінің көрінісі 18.
Келесі жылдан бастап бұл мақсатқа 15,8 миллиард теңге жұмсай отырып,
мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды едәуір көбейту қажет. Бұл негізінен 680 мыңнан
астам адамды қамтиды 19.
Мынандай жәрдемақылар:
47 мың бірінші топтагы мүгедектерге — 3 айлық есептік көрсеткішке (2757
теңгеге) (АЕК — 919 теңге);
193 мыңнан астам екінші топтағы мүгедектерге — 2,5 айлық есептік
көрсеткішке ұлғайтылады (2297 теңгеге);
125 мыңдай дерлік үшінші топтағы мүгедектер 2 айлық есептік көрсеткішке
ұлғайтылған жәрдемақы алады (1838 теңгеге);
50 мыңнан астам 16 жасқа дейінгі мүгедектер 3 айлық есептік көрсеткішке
ұлғайтылады (2757 теңгеге);
асыраушысынан айрылған 262 мың отбасы бір айлық есептік көрсеткішке
ұлғайтылатын жәрдемақылар алады.
Нәтижесінде 2005 жылы 415 мыңнан астам мүгедектер үшін мемлекеттік
жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін немесе 50 пайызға
жоғарлайды.
Асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақының орташа көлемі
20 пайызға, 6500 теңгеге дейін өседі.
Елімізде әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі басқа да құзырлы мекемелермен біріге отырып,
нақты іс - шараларды қарастыруда 29.
6 сәуірде 2004 жылы Үкімет мәжілісінде "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
туралы"заң жобасы кеңейтілген комитет отырысында талқыланды. Оның
жұмысына қос палатаның депутаттары мен еліміздегі мүгедектер
ұйымдарының өкілдері, жобаны жасаушылар қатысты.
Алдымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова заң
жобасының тұжырымдамасымен таныстырды. Сонымен қатар, талқылауға қатысқан
мүгедектер ұйымдары өкілдерінің мүң - мұқтажы тыңдалды 20.
Республикада әртүрлі санатқа жатқызылған 386 мыңнан аса мүгедек жан бар.
Оларды әлеуметтік қорғау мәселелері 1991 жылдан бері төрт қайтара жамап -
жасқалған заңмен шешіліп келеді. Заман өзгерді, ғасыр да алмасты. Бүгінгі
дейін мүгедектерді әлеуметтік қорғау да аздаған тиын - тебен жәрдемаіды
беріп, шамалап протездік - ортопедиялық және сурдотифло құралдарымен, басқа
да оңалту жабдықтарымен қамтамасыз етумен ғана шектеліп қалған жайымыз бар.
Бірінші топтағы мүгедек — 7100 теңге, екінші топтағы — 5800 теңге, үшінші
топтағы мүгедектер 3300 теңге жәрдемақы алады. 2005 жылдан бастап бірінші
топқа үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде, екінші топқа — 2,5, үшінші
топқа — 2, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне — 15 айлық есептік көрсетьсіш
көлемінде қаржы қосылмақ 31.
Аталған заң жобасының негізгі мақсаты мен міндеті мүгедектерді оңалту
жүйесін құру, олардың қоғамға жан - жақты араласып отыруына мүмкіндіктер
жасау, дербес өмір салтын қамтамасыз ету. Сонымен бірге, жаны жаралы
жандарды кәсіптік даярлау, жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар туғызу да
заңда көзделген. Бірінші және екінші топтағылар мен мүгедек балалар үшін
орта және жоғары кәсіптік білім беретін ұйымдарға окуға түсу кезінде Үкімет
белгілеген санда қабылдау квотасын ұсынады 32.
Депутаттар алдымен осы заң үшін алыстан ат сабылтып келген мүгедектер
қоғамдарының өкілдерін тындады. Олар: "Мүгедектер туралы жасалып жатқан
бұл заң қолданыстағы заңға жеңіл - желпі ғана жүргізілген әрлеу сияқты.
Мүгедектерге арналған заңды мүгедектердің өздері араласа отырып жасауы
тиіс. Ал біз өзімізге арналған заң жобасымен Парламент қабырғасында танысып
отырмыз. Мұнда бүгінгі экономикалық шындық айтылмаған. Заң бізді
қорғамасын, бізге дені саулармен араласуға мүмкіндік берсін. Мүгедектің де
қоғам мүшесі екенін ескерсін. Заң осы жағдайларға негізделіп жасалса болады
еді" — деген өтініштерін айтты 23.
1992 жылдан бастап БҰҰ шешімімен Халықаралық мүгедектер күні 3-
желтоқсан болып белгіленді.

II бөлім. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

2.1 Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Мүгедектілік — маңызды әлеуметтік проблема, оны әрбір қоғам шешуіне тура
келеді. Мүтедектілік масштабы әрбір елде көптеген факторларға байланысты
болады, оның ішінде әлеуметтік - экономикалық, экологиялық, саяси, оның
бәрі де мемлекеттің әлеуметтік - саясатының қалыптасуы үшін негіз болады.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар халықтың 8% құрайды екен. Қазақстан
Республикасының конституциясы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет
болып табылады және де әлеуметтік-саясаттың приоритеті — адамдарды, оның
ішінде мүгедектерді қорғау болып табылады. Мүгедектерге қатысты саясат
олардың экономикалық және қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігін қамтамасыз
етуге бағытталған. Бұл адамдардың негізгі құқықтарының мәселесі, және де
заң. Ол құқықтарды әрбір азаматтқа кепілдеуі қажет.
Соңғы 30 жылда мүгедектілік проблемасын шешуге деген бірқатар көзқарастар
белсенді түрде жүзеге асуда, туындауда. Халықтылық деңгейде бұл жұмыс адам
құқығын қорғау бойынша комиссиямен және БҰҰ Декларациясы, мүгедектер
қүққығы туралы БҰҰ Декларациясы, мүгедектерді қорғаудың Бүкіл әлемдік іс -
әрекеттік бағдарламасы қабылданған.
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің
мәліметтері бойынша республикада 487 мың мүгедектер бар екен, олардың 40
мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адамының өзі Алматы қаласында тұрады екен.
Әрбір елде еңбекке қабілетсіз адамдар мемлекеттің қамсыздандыруының пәнін
құрайды, олар өз кезегінде өздерінің қызметтерінің басты бұрышына
әлеуметтік - саясатты қояды. Қарт адамдармен мүгедектерге қатысты
мемлекеттің негізгі қамсыздандыру жұмысы оларды материалдық қолдау болып
табылады. Алайда еңбекке қабілетсіз адамдар тек қана материалдық қолдауға
мұқтаж болмайды. Оларға әрекеттік физикалық, психологиялық,
ұйымдастырушылық және басқа көмек көрсету маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік
қызметкердің міндетті осы акдараттарды меңгеру және де өздері қызмет
көрсететін тұлғаға жеткізу, оларды хабардар ету және қажет болған жағдайда
заң бойынша оларға тиісті жеңілдіктерді пайдалануға көмек көрсету болып
табылады. Белгілі бір дәрежеде әлеуметтік қызметкерлер мүгедектер мен қарт
адамдарға қатысты құқықтық жүйенің негіздерін меңгеруі қажет.
Негізінен әлеуметтік - саясаттың аясында сөз қозғап отырғандықтан Орта
Азиядағы мүгедектілік проблемасының көрінісінен ой толғайық.
1. Ол елдегі мүгедектердің саны жалпы халықтың 2-5 % құрайды
(Қазақстан Республикасы туралы жоғарыда келтірілген).
2. Мүгедектер халықтың ең кедей және оқымаған бөлігін құрайды.
3. Ол елдердегі мүгедектердің жалпы саның ішінде жас мүгедектердің
саны өсуде.
4. Орта Азиядағы мүгедектерге қатысты заңдық базаның негізін бұрынғы
кеңес дәуіріндегі "ССРО мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы заң
құрайды.
5. Орта Азиядағы мүгедектердің бәрін де төмендегідей жалпы проблемалар
біріктіреді:
- қоғамның инфрақұрылымының дамымағандығы, бұл
инфрақұрылымның әр түрлі объективтеріне мүгедектіктің ене
алмайды;
- мүгедек - балалар және жас мүгедектер үшін білім
негізінің осалдығы, жоғары білімге қол жеткізілмеуі;
- мүгедектерді жұмысқа орналастыру проблемасы және оларды
жұмыспен қамту;
- мүгедектердің арасында шағын бизнестің
дамымағандығы және мүгедектердің кәсіпкерлігін, жұмысқа
тұруын ынталандырушы салық заңдылықтарының жоқтығы;
- қоғам мен мүгедектердің іріктірілуі үшін жағдайлар
жасамайтын қоғамдық - экономикалық өмірдіңбарлық
салаларындағы заң дардың базаңың осалдығы;
- мүгедектерді инватехникамен (коляска, балдақ, протездер,
есту аппараттары, сурдотехникалар және т.б.) қамтылу
проблемасы;
- мүгедектердің мәдени, спорттық, білімдік және басқа да іс
- шараларға белсенді қатысулары үшін жағдайларының
жоқтығы;
- Орта Азия елінің мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері
санаулы - ақ, олардың материалдық - техникалық базасының
дең гейі төмен және де аймақтық, орталық өкіметтерімен
өзара әрекет етулері нашар;
- Орта Азиялық мүгедектердің қоғамдағы бірлестіктің көптеген
іс - шараларының басым бөлігі халықтардың ұйымдарының
грантына жүргізіледі және солардың қолдауымен өтеді.
Осы ретте Алматы қалалық мүгедектер қоғамының (АҚМҚ) іс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРЛІ
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған реабилитациялық мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет жүйесі
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
Патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік медициналық жұмысқа
МҮГЕДЕКТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мүгедектерге арналған дене шынықтыру және спорт
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы туралы
Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты
Пәндер