Ойын - сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. Ойын-сауық индустриясы зерттеу объектісі
ретінде ... ... ... ... ... ... .4

II. Ойын-сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру ... ... ... 6

III. Ойын-сауық орталықтары мен түнгі клубтарды басқаруда автоматтандыру
жүйелерін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

3.1. Астор: Ойын-сауық орталағы4.0
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...9

3.2. Intercard программалық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .12

3.3. Кинотеатрларды басқару
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..12

3.4. Brunswick Vector
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 15

IV. Қонақ үйді басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

V. Астана қаласының ойын-сауық
орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

VI. Анимациялық қызметтердің туризм саласындағы рөлі ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Пайдаланған әдебиеттертер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Кіріспе

Уақыт талабына сай қызмет ету қазіргі заманның үрдісі талап етеді.
Күні кеше ғана халықтың көңілінен шығып жатқан тынығу орындары, демалыс
орындары, сауықханалар, мейрамханалар бәрі-бәрі керемет болып жатса, енді
олардың көпшілігі көпке таңсық болмай қалып жатқаны бар. Өйткені, заман
талабы, жаңаша өмір сүруді, оның деңгейінің ауқымын жоғары болуын, қала
берсе қызмет көрсету саласының небір кереметтері шығып, ол күннен-күнге
ерекшеленіп барады.
Нарық экономикасы дамып, орын алып, дами түскеннен бері, мәдени
орындардың әртүрлі саладағы кәсіпорындарының саны ұлғайып, олар сәтті жұмыс
істеуде. Соның ішінде мен қонақ үйлердегі басқару жүйелері мен ойын-сауық
орталықтарының басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында автоматтандыру
жүйелерін қарастырдым. Кез келген кәсіпорын, оның ішінде казино, ойын-
сауық кешені, мейрамханалар, мейлі олар ірі болсын немесе шағын, кішігірім
болсын біртұтас құрылымға біріктірілген функционалды бөлімдердің
жиынтығынан тұрады, әртүрлі мақсаттағы және әртүрлі қызметтер көрсететін
осы бөлімдер өз алдына жұмыс істей отырып, біртұтас кәсіпорынның немесе
сауықхананың жемісті жұмыс істеуіне өте зор ықпал етеді.
Ойын-сауық, мейрамханалар үшін әрбір қызмет көрсету бөлімінің орны
бөлек. Бөлімдер бір мезгілде бір-бірінен тәуелсіз, сонымен қатар өзара
тығыз байланыста жұмыс істейді. Кез келген кәсіпорында ұйымдастыру жалпы
міндеттерден әрбір нақты міндетті кім орындау керектігін және бұл үшін
қандай құралдар қолданатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған
қызмет арқылы, яғни тапсырмалардың бөлінуі және бірлесулері арқылы әрбір
бөлімге қатысты басқару бір бағытта жүргізіледі. Өзектілігі-ойын-сауық
кешенінің ұйымдастырушылық құрылымы ойын-сауық орталығының орналасқан
жерімен, қонақтарының ерекшелігімен, оның жан-жақты жаңа үрдісте болуымен,
жаңа технологиялардың қолданыста енуімен және басқа да факторлармен
анықталады. Қоғамның әлеуметтік негізгі тетігі болып саналатын іргелі
ұйымның, яғни ойын-сауық кешеніне енетін кәсіпорындарының орын тебуі
мемлекет үшін де, болашақ үшін де өркениет белгісі болып қала бермек.
Бұл орындаған жұмысымның мақсаты – ойын-сауық кешнінің қызмет сапасы
мен мазмұндылығын айқындау, ондағы қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын
сипаттап, жаңа технологиялық ұсыныстарды анықтап, оларды ұйымдастыру мен
оның тиімді басқару жүйелерімен танысу. Семестрлік жұмысымның атқаратын
міндеттері: ойын-сауық индустриясы зерттеу объектісі ретінде танысу, ойын-
сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру, ойын-сауық орталықтары мен
түнгі клубтарды басқаруда автоматтандыру жүйелерін қолдану, ойын-сауық
кәсіпорындарын басқару, Астана қаласының ойын-сауық орталықтарымен
танысу.
I. Ойын-сауық индустриясы зерттеу объектісі ретінде.
Адам көңіл көтеру арқылы өзінің рухани қажеттіліктерін
қанағаттандырады, өзін бағалайды, түрлі әлеуметтік жүйедегі рөлін
зерттейді. Ойын-сауық индустриясы мақсаты ретінде ойын-сауыққа жағдай
жасауды қояды, яғни ойын-сауық үрдісі байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы.
Ойын-сауық индустриясының әлеуметтік бағыты ол жаңа жеке және қоғамдық
қажеттіліктерді қалыптастыруға бағытталғандығымен анықталады. Ойын-сауық
индустриясы көптеген міндеттерді атқара отырып(тәрбие, оптимистік көңіл
күйді қалыптастыру, білім, демалыс, адамның мәдениетінің дамуы), тұлғаны
қалыптастырады және дамытады. Адам бос уақытының көп бөлігін ойын-сауықпен
толтыра отырып, өзін еңбек бірлігі ретінде қалыптастырады.
Ойын-сауық индустриясын күрделі әлеуметтік экономикалық жүйе ретінде
қарау, оның заңдылықтарын қалыптастыру мен сипаттамаларын бағалауға
мүмкіндік береді.
Статистикалық тәжірибеде ойын-сауықпен айналысатын адамның іс әрекет
саласын бөлетін критерий жоқ. Бұл ойын-сауықтың түрлерінің бастапқы
классификациясының жеткіліксіздігімен байланысты. Және ойын-сауықты
ұйымдастыратын, қалыптастыратын кәсіпорындарының көптүрлілігін де атап кету
керек.
Ойын-сауық индустриясына жататын кәсіпорындар - ойын-сауықта
адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты негізгі
әрекеттермен айналысатын кәсіпорындары. Ондай кәсіпорындарға ойын-сауық
сипаты анық көрінетін іс әрекеттер — цирктер, зоопарктер, аттракциондар,
игротекалар, демалыс парктері, жылжымалы сырғанақтар және т.б. жатады.
Түрлі көрмелік кәсіпорындар, соның ішінде стационарлық және жылжымалы
театрлар, кинотеатрлар, изостудиялар, концерттік ұйымдар мен ұжымдар
(филармония, оркестр, ансамбль, мюзик-холлдар, радиохабарлаудың көркемөнер
және музыкалық ұжымдары) да жатады.
Әлемдік тәжірибеде халыққа ойын-сауықпен қызмет көрсету саласына,
туристерді орналастыру құралдарын қоса алғанда туризм кәсіпорындары да
жатады. Қонақ үйлерден басқа оларға мемлекеттік демалыс аймақтары мен
тарихи көрнекіліктері де жатады.
Тиісті жабдықтар мен инвентарь шығаратын өнеркәсіп саласары да ойын-
сауық индустриясының құрамына кіруі тиіс.
Ойын-сауық индустриясы материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын тарта
отырып, экономикалық жүйенің жеке саласы ретінде қызмет атқарады. Бұл
мағынада ойын-сауық индустриясының кәсіпорындары маманданған технологиямен,
басқару жүйелерімен, іс әрекет нәтижелерімен, персонал жұмысын
ұйымдастырумен сипатталады.
Туристерді ойын-сауық индустриясының нақты нәтижелерінің тұтынушылары
ретінде зерттеу өте маңызды. Кең көлемде туристің көңілді эмоциялары
туристік сапардың кез келген сәтімен байланысты болуы мүмкін. Ойын-сауық
үрдісінің негізгі сипаттамаларына келесілерді жатқызуға болады: ойын-сауық
түрін адам өз еркімен таңдауы, шексіз ойын-сауық түрлерінің тізімі, ойын-
сауықты тұтынуға тұлғаны алдын ала дайындау, ойын-сауық түрін жиі ауыстыру,
ойын-сауықты басқа да қызметтермен байланыстыру(демалыс және көңіл көтеру,
спорт және көңіл көтеру, көңіл көтеру және білім алу және т.б.), ойын-сауық
түрін қолдану кезеңділігі.
Ойын-сауық индустриясын зерттеудің маңызды заманауи міндеттерінің
қатарына жатады:
1. Ойын-сауықта тұлғалық ерекшеліктер қалыптастыруда ойын-сауық
индустриясын дамыту тенденциялары мен заңдылықтарын зерттеуді қажет
етеді.
2. Кейбір елдер үшін ойын-сауық индустриясы капитал салымы үшін
қысқымерзімде ақталатын тиімді сала болып табылады.
3. Қазіргі өмір тез ритмділігімен, адамдардың рухани стресстермен,
эмоционалды салмақсыздығымен сипатталады. Жүйке жүйесінің ауруларының
болуы қауіпі өсуде. Адамның жүйке жүйесінің бұзылуынан, артық
энергиясынан жоюға ойын-сауық саласының әсері зор. Адамның күнделікті
жұмысынан бөлек істермен айналысып, көңіл көтеруі ойын-сауық
индустриясының бағыттылығының құндылығы болып табылады.
4. Адам жеке немесе топпен көңіл көтеруіне қарамастан, адамның шаршауын
басуға жақсы әсер етеді.
5. Адам сенімдеріне ойын-сауық индустриясының әсер ету механизмдері
туралы заманауй кейіп (современное представление) қалыптастыру. Ойын-
сауық индустриясының тиімділік қызметін анықтайтын факторларды анықтау
және бағалау қажет.
6. Ойын-сауық индустриясының іс әрекеті, масштабы және кәсіпорынның
функциялық ерекшеліктері адамның бос уақытының қолдану көлемі мен
формасына байланысты.
7. Ойын-сауық индустриясының дамуын басқару толық ақпарат негізінде
құрылуы керек. Сондықтан, ойын-сауық индустриясының методикалық
инструментариясын жасап шығару маңызды рөл атқарады.

II. Ойын-сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру
Ойын-сауық орталығын ұйымдастыру жолында негізгі міндеттерді атқару
керек.
1. Персоналды техникалық жабдықтау
2. Жаңа персоналдарды таңдау мен дайындау
3. Фирманың әрекет ететін нарығының маркетингі мен менеджментіне зерттеу
жасау.
4. Ойын-сауық орталығының заманауй технологиялық базасын сатып алу және
орнату.
5. Басқарудың тиімді жүйесін жасау және берілген кешендегі адам
ресурстарын қолдану.
6. Тұтынушылар сеніміне ену және мақсаттық клиенттер тобын құру.
Көрсетілген міндеттер орындалған кезде, ойын-сауық орталығының менеджменті
объективті және субъективті сипаттағы көптеген қиыншылықтарға жолығады:
- Әлеуметтік сұранысқа ие бизнес идеялардың жоқтығы;
- Экономикалық, басқарушылық, әлеуметтік және маркетингтік сипаттағы
алдын ала зерттеу мен аналитикалық жұмыстардың кең көлемін жүзеге
асыру;
- Ойын-сауық орталығына қажетті барлық ресурстарды бағалау;
- Жабдықтаушылар, кредиторлар, басқару органдары мен қоғам арасында
өзара логистикалық қатынас орнату қажеттілігі;
- Бизнес жоспарға қатысушылардың барлығының қызығушылығын ескеру;
- Қазіргі экономикалық жағдайда компания нәтижесінің алдын ала болжай
алмауы.
Қабылданған шешімдердің тиімділігі көбінесе тұтас бизнесті басқару
жүйесінің құрылу логикасы мен сапасына байланысты. Солайша, жобаны жасау
мен ұйымдастыру кезінде келесі міндеттер шешіледі:
- Өз мүмкіндіктері мен жағдайды бағалау;
- Қызметтер кешені кіретін ойын-сауық орталығын ұйымдастыру;
Ойын-сауық орталықтарының жұмыстарын ұйымдастыру
концепциясының негізгі бағытталған мақсаты болып:
- ойын-сауық орталығының кешендік диагностикасы, негізгі мақсаттары мен
кешендік ойын-сауық орталығының қалыптасу міндеттерін анықтау.

Қазіргі таңда ойын-сауық орталықтарын кез келген жерден кездестіруге
болады. Демалыстың бұл түрінің кең танымалдылығының құпиясы келушілерге
ұсынылатын қызметтердің сантүрлілігінде. Ойын-сауық орталықтары
айтарлықтай қиын құрылымды. Осындай қиын жүйеде менеджерге тұтас кешеннің
жұмысын дұрыс ұйымдастыру өте маңызды. Кез келген ойын-сауық орталығының
мақсаты - келушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, орталықтың
жұмысын дұрыс реттей отырып, алдағы жұмысының тиімділігін үлкен табысқа
жету. Ірі ойын-сауық орталықтарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында
көптеген ойын-сауық орталықтарының басшылары түрлі автоматтандыру жүйелерін
қолданады. Автоматтандыру жүйелері ойын-сауық орталығының қызмет түріне
байланысты әртүрлі болып келеді.

2008 жылы парктер мен мəдени-көпшілік шаралар саны

Мəдени-көпшмейрамдар, концерттер,
Парктер саныілік серуендер спектакльдер
шаралар,
барлығы
Қазақстан 66 2201 717 646
Республикасы
Ақмола 1 - - -
Ақтөбе 4 150 94 56
Алматы 3 - - -
Атырау 1 - -
Батыс Қазақстан3 145 68 77
Жамбыл 2 90 47 43
Қарағанды 9 1135 170 184
Қостанай 2 44 22 22
Қызылорда 2 21 16 5
Маңғыстау 2 - - -
Оңтүстік 19 208 130 78
Қазақстан
Павлодар 3 180 41 84
Солтүстік 1 5 5 -
Қазақстан
Шығыс Қазақстан3 42 15 27
Астана қаласы 5 56 14 40
Алматы қаласы 6 125 95 30

III. Ойын-сауық орталықтары мен түнгі клубтарды басқаруда автоматтандыру
жүйелерін қолдану
Басқару жүйесі - берілген объектінің қандай да бір мақсатына жету үшін
бақылаудағы объктіге әсер етудің жүйелендірілген құралдар жиыны. Басқару
жүйесінің объектісі ретінде техникалық объектілер мен қатар адамдар да бола
алады. Басқару жүйесінің объектісі арақатынастың тұрақты құрылымы бар басқа
екі объекттен құралуы мүмкін:
• Адамдардың қатысуымен басқару жүйесі, көбінесе басқару
объектілерін менеджмент жүйесі деп атайды.
• Техникалық басқару жүйесі - басқа құрылғының немесе жүйенің
мінез құлығын реттеуге арналған құрылғы немесе құрылғылар жиыны.
Келушілердің арасында ойын-сауық орталықтары үлкен орын алады.
Мысалы, достарымен кафеде отыру, кинотеатрда жаңа фильмдерді қарау, боулинг
және биллиард ойнау, дискотекада билеу және т.б. ойын-сауық
кәсіпорындарында кәсіпорынның атмосферасы, ойын-сауық түрлерін ауыстыру
жеңілдігі, жақсы және тез қызмет көрсету маңызды. Әртүрлі және ыңғайлы
уақыт өткізуге барлық жағдайлар жасалған, жақсы ұйымдастырылған ойын-сауық
орталықтарына демалушылар қайта қайта келеді. Мысалға Астана қаласының
сауда ойын-сауық орталықтары – Керуен, Мега, Сарыарқа, Азия парк
атап кетуге болады. Мұндай күрделі құрылымды басқаруда менеджерге тұтас
кешеннің жұмысын дұрыс ұйымдастыру маңызды. Сондықтан да ойын-сауық
орталықтарын басқаруға ерекше талаптар қойылады:
• Келушілерге максималды мүмкін жылдамдықта қызмет көрсету
• Оқыту, қызмет көрсету және жұмыстың қарапайымдылығы
• Тауар қалдықтарының сапалы ендірілуі
• Ойын-сауық орталығының жұмысын кез келген уақытта кез келген жерде
бақылау мүмкіндігі.
Жыл өткен сайын ойын-сауық орталықтарының саны көбейіп келе жатыр.
Қазіргі заманда басқару тиімділігі үшін барлық ойын-сауық орталықтары
автоматтандырудың түрлі жүйелерін қолданады. Ойын-сауық орталығын
автоматтандыру қандай міндеттер атқарады?
Автоматтандыру ақша қаражаттары мен тауар қозғалыстарына, персонал
әрекеттеріне толық бақылау жасауға, сондай-ақ басқарудың заманауй
принциптерін қолдануға мұмкіндік береді. Бұл мынадай мүмкіндіктердің
арқасында жүзеге асады:
• Кешеннің кез-келген бөлімінде тағамдар мен сусындар сату;
• Барлық қызмет түрлерін сату (бильярд, боулинг, мейрамхана, кіру
билеттері және т.б.);
• Менеджер қалауы бойынша кейбір жерлерде тағам сатуға тыйым салу;
• Персонал арасында қолжетімділік құқығын шектеу үшін топтық және жеке
настройка құру.
• кіреберіс картасы жүйесі бойынша келушілерді еліктіру үшін түрлі
жеңілдіктер жүйесін қолдану.
Автоматтандыруда ең жиі қолданылатын жабдықтар:
• Әкімшіліктің жұмыс орнының автоматицазисы үшін компьютерлер,
• Тауар қабылдауда электронды таразы
• Даяршылар мен бармендердің жұмыс орындарында POS-жүйелер қолдану
• Кассалық чекті шығаруда фискалды регистраторлар
• Көптеген боулинг клубтарда тапсырыстарды ас үй мен бар үшін басып
шығару жүйесі жиі қолданылады. Тапсырыстың дайын болғандығын растау
үшін штрих-код сканері қолданылады.

3.1.АСТОР: Ойын-сауық орталағы4.0
Қазіргі заманда көптеген кәсіпорындарды автоматты түрде басқарудың
түрлі жүйелері бар. Солардың бірі АСТОР: Ойын-сауық орталағы4.0
автоматтандыру жүйесі. АСТОР: Ойын-сауық орталағы 4.0 ойын-сауық
орталықтарында, бильярд клубтарында, боулингте, аквапарктерде және басқа да
ойын-сауық индустриясының кәсіпорындарын басқару және есеп жүйесі болып
табылады. АСТОР: Ойын-сауық орталағы 4.0 жүйесі оперативтік және
бухгалтерлік есептен басқа, басқару құралдарын да қарастырады. Оларды
қолдану кешен басқарушысына мекеменің шығынын төмендетуге, келушілер санын
көбейтуге және бәсекелестік күресте қосымша тұрақтылыққа ие болуына
мүмкіндік береді. ол сатып алу процесінен бастап қаржылық нәтижелерге
анализ жасау процестеріне дейінгі қызметті басқаруға мүмкіндік береді.
АСТОР: Ойын-сауық орталағы 4.0 жүйесі келесі форматтағы
кәсіпорындарда қолдануға арналған:
• Ойын-сауық орталығы
• Бильярд клубтары
• Боулинг клубтары
• Аквапарк
• Сауна
• Және т.б.
АСТОР: Ойын-сауық орталағы 4.0 жүйесі келесі жұмыс орындарын
автоматтандыруға көмектеседі:
• Басқару
• Өндіріс меңгерушісі
• Калькулятор
• Сатып алу бойынша менеджер
• Маркетолог
• Бухгалтер
• Кладовщик
Қолданушылардың әр сатысының жүйедегі рөлі көрсетіледі, құқықтары мен
интерфейс жиынтығы анықталады.
Жүйенің функционалдық мүмкіндіктері:
АСТОР: Ойын-сауық орталағы 4.0 жүйесі есептік және басқару функциясы
мен ойын-сауық орталықтарын тиімді және нәтижелі басқаруға қажетті бизнес-
процесстердің нәтижелігінің көрсеткіштерін үйлестіретін басқару жүйесі
болып табылады.
Басқару жүйесі ретінде АСТОР:Развлекательный центр 4.0 жүйесі келесі
функцияларды атқарады:
Қорларды басқару:
• Сатуды жоспарлау
• Өндірісті жоспарлау
• Түскен өтініштер негізінде тапсырыстарды құру
Өзіндік қорды басқару:
• Тағамның өзіндік құнының құрылымына анализ
• Тағамның өзіндік құнына ингредиенттердің әсерін бағалау
• Нақты және жоспарланған өзіндік құнды салыстыру
 Мейрамхана залын басқару:
• Үстелдердің толықтықтылығы туралы анализ
• Үстелдердің айналым анализі
Қаржыны басқару:
• Ақша қаражаттарының бюджеттік басқарылуы
• Операцияларды жоспарлау, бекіту және орындалуын бақылау.
• Кредиттік қарыздар мониторы
• Кассалық бақылау
Басқарушы қызметі:
• Қызметкерлер жұмысының анализі.
• Тапсырыстар бойынша сату анализ.і
• Икемді жеңілдіктер жүйесін және қонақтарға дисконт карталар жүйесін
құрау.
• Кіру картасы жүйесін ұйымдастыру.
• Шешімдерді қабылдау үшін оперативті түрде мәліметтер алу:
1. Түсім есебі
2. Есептесу есебі
3. Шегерулер есебі
4. Артықшылықтар мен жетіспеушіліктер туралы есеп
5. Кәсіпорын жұмысы үшін қажетті басқа да есептер

АСТОР: Ойын-сауық орталағы 4.0 жүйесі бойынша автоматталған жұмыс
орындары:
• Директор
• Зал менеджері
• Кассир
• Даяршы
• Бухгалтер
• Калькулятор
• Сатып алу жөніндегі менеджер
• Жүйелік администраторлар қызметі
• Бармен
• Бильярдты басқару
• Боулингты басқару
• Кинотеатр
Осылардың ішінен бильярдты басқару, боулингты басқару және кинотеатр
бөлімдерінің салаларын қарастырып кетуге болады.
Бильярдты автоматтандыру:
• Бильярд үстелінің жарыңын басқару
• Тарифтендірудің түрлі жүйесі
• Есептесудің түрлері
• Бильярд қызметінің сатылу есебі
Боулингті автоматтандыру:
• Боулинг қызметін сату;
• Тарифтеу жүйесіндегі ерекшеліктер;
• Есептесу сызбасындағы ерекшеліктер;
• Боулинг ойыншыларына тағамдар мен сусындар сату;
• Мейрамхана ас үйінен сияқты тағамдарға тапсырыс беру;
• Сатылған қызметтерді есептеу

Кинотеатр:
• Сеанстар графигі
• Репертуар
• Кинозалдардың графикалық жоспары
• Орындарды броньдау
• Залдың толтырылуы мен бос орындарды бақылау
• Билеттерді мамандандырылған принтерде басып шығару

3.2 Intercard программалық жүйесі
Intercard ол ойын-сауық орталықтарын автоматтандырудың ақпараттық
программалық жүйесі. Ол ойын-сауық орталықтарын басқару үшін кешендік шешім
ретінде қолданылады. Intercard тың басты міндеті пластикалық магнитті карта
жүйесін енгізу, еркін құн құруды орнату, касса операциялары бойынша толық
статистикалық және қаржылық есеп алу.
Intercard арқылы аттракциондар мен қорқыныш бөлмелерінің (комната страха)
автоматизациясын жүзеге асыруға болады.
Intercard жұмысының негізгі принциптері:
Intercard жүйесі арқылы ойын-сауық орталықтарын автоматтандыру – ойын-
сауық идустриясын ұйымдастыруда тиімді шешім. Жүйенің жұмыс істеу мәні
келесі: қонақ, бір ойын-сауық орталығына келіп, шотында белгілі бір сомада
ақша қаражаты бар магнитті картаны иеленеді. Осы карта арқылы ол
аттракциондарды, кинотеатрларды, боулинг, видеоойындар, дәмхана, ойыншықтар
дүкеніне бара алады. Яғни, сол ойын-сауық орталығындағының барлығына. Ал
менеджер жер шарының кез келген нүктесінен оны реттеп және қонақтардың қай
аттракционға көп келетіндігінің динамикасын бақылап отыра алады.

Intercard-тың артықшылықтары:

Intercard ойын-сауық индустриясында көптеген шешімдерді қабылдауда
менеджерлер жұмысын жеңілдетті.

➢ Сенімділік
Бас сервер онлайн жүйесінде болса, тұтынушылардың қызметтерінің
активациясы секундта жүргізіледі, ал офлайн жағдайында болса, ойын-сауық
орталығы әдеттегідей жұмыс жалғастыра алады. Алайда, бұл жүйенің жұмыс
жасап бастаған уақытынан, 1979 жылдан бері бірде бір рет жүйенің жұмысының
бұзылғаны болмаған.
➢ Қарапайымдылық

3.3.Кинотеатрларды басқару жүйесі (TMS Theatre Management System).

Кинотеатрды басқару жүйесі бұл бір нүктеден мультиплекспен толық
басқаруға мүмкіндік беретін программалық және ақпараттық қамтамасыздандыру
кешені. Бұл жүйе цифрлы кино қолданушыларына өзінің ИТ-инфрақұрылымынан
максималды табыс табу үшін жасап шығарылған.
Бұл жүйенің арқасында контент енгізі, плейст құру және көрсетілім қалай
жүріп жатқандығын тексеру үшін бүр залдан екінші залға жүгірудің
қажеттілігі жоқ. Ол келесі міндеттерді атқарады:
• Контентті орталықтандырып басқару (кино, жарнама) - толықтыру, сақтау
• Көрсетілім кестесін орталықтандырып басқару – қарау(просмотр),
жасау(создание), контенттер тізімін өзгерту
• KDM (Key Delivery Message) цифрлы контентінің кілттерін
орталықтандырып басқару
• Орнатылған көрсетілім жабдықтарының мониторингі - сол мезеттегі
жағдайын көрсетеді: қосулы, өшірулі және көрсетілім жүріп жатыр.
TMS артықшылықтары:
• Көрсетілімді қосу үшін залдарға жүгірудің қажеттілігі жоқ
• Еркін таңдау мүмкіндігі

Кинотеатрларды басқаруға арналған мамандандырылған жүйелердің тағы бір
түрі - UCS Премьера.

UCS Премьера жүйесінің үш модулі бар  - "Администратор", Касса
және Кинотеатрларды басқару.
UCS Премьера жүйесінің модулі  - "Администратор"
1. Көрермендер залының сызбасын құру. Жүйе арқылы орындарға орналастыру,
баға сызбасын, орындар категорияларын құруға болады.
2. Фильмдер тізімін енгізу. Әр фильм үшін атауы, ұзақтығы - келесі
сеанстың уақытын анықтау үшін, және прокаттаушы компанияның атауы мен
прокат кезеңі көрсетіледі.
3. Сеанстар тізімін енгізу. Әр зал үшін сеанстар кестесі жасалынады.
Жарнама роликтеріне кететін уақыт та ескеріледі.
4. Билет бағаларын анықтау. Билет құны екі параметрге тәуелді - орын
категориясы және билет түріне. Қарапайым жағдайда билеттіңтек бір
түрін иеленуге болады. Бірақ балалар, студенттер,қарттарға арналған,
демалыс күнінің билеттері деп бөлуге болады.
5. Кинотеатр кассаларында жұмыс істеу үшін персоналды тіркеу. Жұмыс істеу
құқығына ие персоналдар тізімі құралады.
6. Есеп құру. Өткен сеанстар, одан түскен табыс, келушілер коэффициенті
бойынша және аналитикалық есеп құру.

UCS Премьера жүйесінің модулі  - "Касса"
Билеттерді сату, броньдау жұмыстары, кей жағдайларда билеттерді қайта
қабылдау және ақшасын қайтарып беру, кассалар арасындағы байланыс.

UCS Премьера жүйесінің модулі  - "Кинотеатрларды басқару"
Бұл модуль кинотеатрларды басқаруға қажетті негізгі жабдықтарға
негізделген:
• Кинотеатр бөлімдерін басқару
• Кинотеатр қызметкерлерін басқару
• Прокаттаушылар тізімін басқару
• Билет сатылымын басқару
• Кинотеатрда өткізілетін акцияларды басқару
• Кассалық есептерді қарау
• Бухгалтерлік есептерді қарау
• Басқа да есептерді қарау (бронь, келу коэффициенті)
• Оқиғалар журналын қарау (қателіктер, ескертулер)

Қазіргі таңда Қазақстандағы ең ірі киножелі болып KinoPark табылады.

Астана қаласының танымал кинотеатрлары:

Киножелілер KinoPark Sinema star Arman
Кинотеатрлары Kino Park 6: МегаХан Шатыр Arman–Asia Park
(СОО)
Kino Park 7: Arman - Arsenal
Керуен (СОО)
Kino Park 8:
Сарыарқа (СОО)

Керуен СОО (сауда ойын-сауық орталығы):

Залдар саны: 7, олардың біреуі IMAX 3D залы және біреуі 3D зал. Орындар
саны: 1518 ( 111ден 300ге дейін). Ауданы: 4300 м2, 2009 жылдың шілдесінде
ашылды.
IMAX зал- бұл биіктігі 8 метр және ені 16 метрлік зал геометриясына
жобаланған және күміспен жалатылған жаңа экран. Экранның көрсету сапасы үш
есе таза (кристально чистое трехмерное изображение).

Орнатылған жабдықтар:
- кинопроекторлар Ernemann (Германия),
- Dolby Digital стандарттарына сай дыбыс жабдықтары JBL,
- Lino Sonego креслолары (Италия),
- Harkness Hall экрандары.
Сарыарқа СОО (сауда ойын-сауық орталығы):
Залдар саны: 8 (1 — 292, 2 — 172, 3 — 153, 4 — 126, 5 — 184, 6 — 184, 7 —
111, 8 — 88 (VIP).
Орындар саны: 1329
Ауданы: 3735 щаршы метр
Ашылған уақыты: 2008жылдың 9 ақпаны
• Ernemann кинопроекторлары (Германия)
• Dolby Digital стандарттарына сай JBL дыбыс жабдықтары
• Seating Concepts креслолары (США)
• Harkness Hall экрандары

3.4. Brunswick Vector жүйесі.
Боулингті басқару жүйесі қолдануда өте қарапайым болып келеді. Онымен
қолданудың оңайлығы сонша, алдындары компьютермен мүлдем қолданбаған адам
15-20 минут ішінде онымен жұмыс істеуді үйреніп кетеді.
1. Жүйе қолдануда өте ыңғайлы және қарапайым.
2. Жеке парольдер арқасында басқару мүмкіншілігі
3. Ойыншыларды бір жолақшадан екінші жолақшаға алдыңғы ойынның
нәтижелерін жоғалтпай ауыстыру.
4. Жеке ақпараттар мен фотосы арқылы қонақ базасын құру мүмкіндігі.
5. Дисконтты карталар дисконтты жүйе құру мүмкіндігі.
6. Ойын уақыты мен таңдалған тарифтік жобаға байланысты автоматты түрде
сомманы есептеу.
7. Бір тарифтен екінші тарифке автоматты түрде көшу.
8. Түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істеу.
9. Ойын нәтижелеріне байланысты анимациялық роликтер мен қысқамерзімді
видеороликтерді қолдану.
10. Мониторда көрсетілімдер үшін түрлі темаларды қолдану.
11. Ағымдағы және алдыңғы ойын нәтижелерін басып шығару мүмкіндігі.
Боулинг орталықтарын басқарғанда Brunswick Vector жүйесі қолданылады.
Оның мүмкіндіктері:
- Қолданылмай тұрған жолдарда (дорожка) жарнамалық заставкалар,
роликтер, видео- және телевизионды бағдарламалар трансляциясы.
- Тиімді ақпараттар әр монитордан бір бір әріптен шығару.
- Әр ойыннан кейін жарнамалық роликтер көрсету.

VECTOR жүйесі бұл жарнамалық роликтер арқылы жарнама жасаушы
инвесторлар мен келушілерге жағымды әсер қалдырады. Ойын-сауық
индустриясында алған рет - келуші қалаған бағдарлмасын қарай алады. Және
бұл бағдарламалардың арасында сол боулинг орталығының да жарнамасы
көрсетіледі.
Көрсетілетін қойылымдардың мынадай жанрлары жиі ұсынылады: Attitude
Café  (Сән кафесі), Jungle Jive (Джунгли жаңғырығы), Bowling Soup (Винигрет-
боулинг), Club 300 (Клуб профи), The Keglers (Кеглеманлар), Jingle Balls
(Жаңажылдың тақырып), Extreme Sports (Экстремальді спорт)жәнеи Cosmic Crush
(Ғарыштық тақырып).
Ерекшесі: Love The Game (Я люблю боулинг) және туған күн иелеріне де
арналған роликтер де бар.    

IV. Қонақ үйді басқару құрылымы
Әлемдік тәжірибеде халыққа ойын-сауықпен қызмет көрсету саласына
туристерді орналастыру құралдарын да жатқызамыз. Қонақ үйлерді ойын-сауық
индустриясының бір элементі ретінде қарастыруға болады.
Қонақ үйді басқару құрылымы – біртұтас жүйе ретінде қонақ үйдің дамуы мен
қызмет етуін қамтамасыз ететін, тұрақты қарым-қатынастағы өзара байланысқан
элементтердің реттелген жиынтығы.
Жалпы басқару құрылымы иерархиялық және органикалық болып жіктеледі.
Иерархиялық құрылым:
1. төмендегі деңгей жоғарғы деңгейге бағынышты, әрі оның басқаруы мен
бақылауында болады.
2. менеджердің жұмысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын-сауық индустриясы
Туризм инфрақұрылымының тұрақты дамуы экологиялық аспектілері
Еуразия сауда орталығының дизайнын жобалау
Туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының даму жолдары
Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі
Туристік саладағы инновациялар
Сауда орталығындағы өртті сөндіруді ұйымдастыру және өрт сөндіру тактикасын қолдану
Бәсекелестік жағдайындағы фирма стратегиясының түрлері
Қарғанды облысында туризмді одан әрі дамытудың негізгі бағыттары
Арнайы экономикалық аймақтар, олардың құрылу ерекшеліктері
Пәндер