Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4 - 6

І Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен жеке бас мотивациясының теориялық негізі

  1. Оқушылардың психологиясы мен мотивациясы . . . 7 - 10
  2. Оқушылардың мінез-құлықы мен танымдық ерекшеліктері . . . 11 - 14
  3. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен мотивациясының қалыптасуы . . . 15 - 23

ІІ. Оқушылардың оқуға деген мотивациясын білім беру барысында қалыптастыру

2. 1. Оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыруда шетел ғалымдарының ой-пікірлері . . . 24 - 28

2. 2. Оқушылардың оқу мотивациясын оқу барысында қалыптастыру . . . 29 - 34

ІІІ. Оқушылардың оқу мотевациясын эксперименттік зерттеу

3. 1. Кіші мектеп жасындағы балалрдың оқу мотивациясын зерттеу . . . 35 - 37

Қорытынды . . . 38 - 39

Пайдаланған әдебиеттер . . . 40 - 41

КІРІСПЕ

Көкейтестілігі кіші мектеп жасындағы кезең айналадағы ортаны тануға құмартушылығымен, еліктегіштігімен, ерекше эмоциялығымен, үлкендер мен құрбыларының әрекеттеріне аса сезімталдығымен ерекшеленеді.

Бұл кезеңде әрекеттеріне алты жеті жастағы балалардың психикасы ойын немесе оқу жағдайында дамуына байланысты сапалық өзгерістерге ұшырап, әр түрлі «кедергілерден» өтеді.

Кіші мектеп жасындағы балалар мектепке оқу әрекетінің өзі үшін мүлде бейтаныс жаңа жағдайда тап болады. Психологиялық тұрғыдан келер болсақ, оның бойында бұған дейінгі барлық кезеңге тән әрекет мотивтері қарым-қатынас, заттық және ойын әрекеттері сақталған. Баланың мектепке дейінгі әрекеттердегі адамдарға сеніммен қарау сезімі, адамзат жасаған заттар дүниесіне психологиялық тұрғыдан келу экологиялық сана дамуының алғышарттарын белгілі пайдалана білу сияқты қасиеттер оқу әрекеті жағдайында да одан әрі дами түседі.

Кіші мектеп жасындағы балалардың дене жағынан қалыпты дамуы психикалық көңіл күйінің жақсы болуы үшін оған тұрмыс қуаныш әкелетіндей, келешек өмірге құштарлық туғызатындай етіп, ойын мен оқуды ұйымдастыру қажет. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс- әрекеті оның мінез- құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертіп, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу мотивациясы болады. Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым- қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу мотивациясының қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс- әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады.

Кіші мектеп оқушыларының негізгі іс- әрекет түрі- оқу іс- әрекеті болып келеді. Бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттасымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс- әрекеті оның мінез- құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертіп, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.

Л. А. Венгер., А. Л. Венгер., В. В. Холмовский., Я. Я. Коломинский., Е. А. Пашко., Ш. А. Амонашвили т. б . Баланың жеке басының дамуында оның бойында жауапкершілік пен жанашырлық сезімдерінің қалыптасуы айырықша орын алуы тиіс. Бұл сезімдер өркен жайған кезде адамдыққа жеткізген игі қасиеттер ойлантады, «керек» деген мотив нормаға сай басқа әлеуметтік саналар туғызады, жанашырлық мотиві басқалар үшін баланың жүрек кілтін ашады., - басқа адамға жанашырлық көрсете, отырып, оның қуанышына ортақтаса алады деген психологиялық ерекшеліктерін жоғарыда көрсетілген ғалымдар зерттеген

Алты жеті жастағы балаларды психологиялық ерекшеліктерін мына ғалымдар зерттеген

Г. Кравцов және Е. Е Кравцова мектепке дайындығының комплексті мінезін белгілейді. Олар балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын

және мектепке психологиялық дайындық көрсеткішін белгілейді, балалардың мектепке психологиялық дайындығы үш сфералы жақтарын қалыптастырады, өз-өзіне қатынасы.

Алты жеті жастағы балалардың бейнелеу әрекетін қазіргі уақытта кең көлемде қарастырған олардың ақпаратты және стадия белгілері бөлініп шығарған: М. Д. Баррето., П. Лайта., К. Маховер., И. И. Будницкой., Т. Н. Головиной ., В. С. Мухина ., П. Т. Хоментаускас және т. б. зерттеулерімен көрініс тапқан.

Балалардың оқыту тапсырмаларының барлық жақтарын В. В. Давыдов және Д. Б. Эльконин көрсеткен.

Алты жеті жастағы балалардың ерік сапаларын анықтауға үлес қосқандар А. Л. Венгер., А. В. Запорожц., А. Карстен., В. И. Калин., Я. З. Неверович., Н. А. Самарина., Ш. Н. Чхартишвили.

Е. А. Бугрименко ., А. Л. Венгер., К. Н. Поливанова., Е. Ю. Сушкова диагностикалық комплексті әдістемелік ұсынған.

Зерттеу мақсаты: - Оқушыларда оқу мотивациясын қалыптастырудың ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу объектісі: 2 - сынып оқушылары.

Зерттеу пәні : Оқушыларда оқу мотивациясындағы ерекшеліктерді оқу барысында қалыптастыру.

Зерттеу міндеті:

1. Оқушылардың оқу мотивациясын қалыптасуы бойынша әдебиеттерді талдау;

2. Оқушылардың оқу мотивациясының оқу процесінде қалыптасуының жолдарын анықтау;

Зерттеу кезеңдері - алғашқы кезеңде зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып жүйеленді, ғылыми аппарат айқындалды, кіші мектеп оқушыларының мативациясымен қатар психологиялық ерекшеліктерін анықтау қажет. Екінші кезеңде кіші мектеп оқушыларының оқу мативациясыме қатар танымдық процестерін зерттеу.

Зерттеу базасы - Семей қаласының №38 жалпы орта білім беретін мектеп - лицейінің кіші мектеп жасындағы балалар.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қолданған әдебиет және қосымшадан тұрады.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫНЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1. Оқушыларының оқуға психологиялық дайындығы мен мативациясының қалыптасуы

Оқушы психикасының басты ерекшелігі - төңірегіндегілерден үйрену қасиетін баланың тез қабылдайтындығы. Осының арқасында ол айналадағы болмыс пен табиғат құбылыстарына, адамдардың әлеуметтік тіршілігіне қатынасты эмоционалдық қатынас жайында мағлұмат беретін сөздерді оңай меңгереді. Бұл ретте жалпы ақыл-ой дамуы мен осыған байланысты дүние көрінісінің баланың өмір жағдайында, тәрбиесіне тікелей қатысты болатынын есте тұтқанымыз жөн.

Қазіргі замандағы кіші мектеп жастағы баланың ақыл-ой дамуы ерекшеліктеріне объективтік тұрғыдан талдау жасау үшін дүние көрінісі туралы бала түсініктеріне және танымдық процестердің даму ерекшеліктерін талдауға арнайы жүгінген пайдалы. Бұл орайда сонымен бірге алты жеті жастағы баланың жеке басы дегеніміз не, оған қандай сезімдер тән және бұл сезімдердің әсер күші қандай? дейтін нәрселерге дұрыс бағдар жасалуы тиіс. [12. 21]

Оқушылар өмірі тіршіліктің әр алуан жақтарын қамтиды. Олар ойнайды, тентектік жасайды, дүниені таниды. Олардың танымдық ынта -ықыласы әр алуан: айталық олар құмырсқалар тіршілігін бақылап, олардың топтанып тіршілік етуі туралы теория жасай келіп, олар адамдардың күнделікті өмірде мұқият бақылай келіп, олардың өміріне қызығады, олар теңіз өмірінің, құрлықтың, космостың көрінісін көз алдарына ойша елестетеді, оларды сондай-ақ аяғымен кездейсоқ түртіп банкінің балконнан қалай құлағаны, торғайдың су ішкені т. б. қызықтырады. Баланың өзін қалай ұстауы, оның санасында қандай проблемалар туындайтыны көптеген себептерге байланысты. Баланың ақыл-ой дамуы, психикалық жай-күйі, сана- сезімнің даму ерекшеліктері, ақылы, сезімі мен еркі дамуының арақатынасы, ақыр соңында баланың зиялылығы оның жеке басын айқындайтын қайталанбас үйлестікті туғызып отырады. [14. 62]

Оқушы балалалр ақыл-ой жағынан бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді. Бұларда қазіргі уақыт тұрғысынан ақыл-ой жағынан дарынды (вундеркиндтер) , ақыл-ой дамуы тежелген және ақыл-ой жағынан артта қалған балалар деп бөлуге болады.

Қайсыбір балаға диагноз қоюмен мұғалім айналыспайды, бұл басқа мамандардың ісі. Бірақ өз сыныбының балаларының ақыл-ой дамуы өрісін оның бағдарлауы тиіс. Бұл ең алдымен ақыл-ой тәрбиесінің жауапкершілігі мұғалімге жүктелген бала үшін пайдалы. Мектеп жасындағы кішкентай балалардың ақыл-ой дамуының неғұрлым маңызды варианттарын талдап көрейік . Балалардың көпшілігінің ақыл-ойы қалыпты дамыған болып келеді. Кіші мектеп жастағы балалар заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөліп алуды және пайдалану қажет ететін

азды- көпті күрделі міндеттерді өзі шеше алады. Дегенмен, әрбір баланың өз мүмкіндіктерін пайдануы оның өмір сүру салтымен байланысты өзіндік

Оқушы балалалр қалыпты дамыған бала атаулы ақыл-ой белсенділігіне ие: олар айналадағы дүниені өзінің танымдық міндеттер қояды. «не үшін» және «неліктен» деген сұрақтар баланың ақыл-ой белсенділігінінің көрсеткіші болып табылады. Әрине, сұрақтардың бәрі бірдей үлкендерге бағыштала бермейд. Бала жауапты өзі табуға тырысып бағады; ол өз сұрақтарын түсініп алуы үшін «эксперимент» жүргізуі мүмкін; ол жануарларға адамдарға, табиғат құбылыстарына мұқият түрде бақылау жүргізе алады; ол пікір айтып, тұжырымдар жасай алады.

Баланың ойы ұғарлық проблемалар аясының ұлғаюы білімді меңгерумен байланысты. Білім көлемімен сапасы - бала ақыл-ойының айналадағы дүние туралы қайсы-бір хабарды меңгеруі үшін сондағы байланыстар мен қатынастарды бөліп, айқындап алуға бағышталған ой әрекетін орындай білуі тиіс, мұны оған үлкендер көрсетеді және оның әрекетінің табысты болуы да солардың көрсетуіне байланысты болады. Қалыпты дамыған бала меңгерген білімін жаңа тапсырмаларды орындауға орынды жұмсай біледі. [9. 165]

Біздің жоғарыда айтып өткеніміздей, кіші мектеп жастағы балалар бейнелі түрде ойлайды. Бейнелі ойлау мектепке дейінгі жастағы баланың өмірі мен әрекеттердегі жағдайларға, ойын үстінде, сурет салу, ойыншық құрастыру, үлкендермен қарым-қатынас жасау кездерінде туындайтын міндеттерге көп ретте сәйкес келеді. Мәселен, ойындағы бейнелерге жүгіне отырып, бала заттармен іс жүзінде не істеу керек не, оның нәтижесіне ой жүгіртеді., өзінің алдында туындаған міндеттері осындай жолмен шешеді. Сондықтан да ол зат жүзе ме немесе батып кете ме дегенді пайымдау үшін ол жүзгіштік қасиетті заттың көмегімен, пішінімен және зат жасалған материалмен байланыстырады. Мұндай ақыл-ой әрекеті арқылы баланың бейнелі ойлауына жол ашылады. Ал дерексіз логикалық ойлауға келетін болсақ, оны бала енді ғана меңгере бастайды. Кіші мектеп жасындағы балалардың жекеленген логикалық пайымдаулары балдырғанның ақыл-ой дамуындағы табыстары үшін бізді таңдану, қуаныш сезімдеріне бөленсе де, тұтастай алғанда кіші мектеп жастағы балалардың ойлау қабілеті жасерекшелігіне сай өзгеше болады.

Ой өрісінің кеңдігімен, ерекше қабілетімен көзге түскен балаларды әдетте вундеркинд деп атайды. Бұл «ғажайып балалар» айналасындағы адамдарды тез жетілуімен, еңбекке қабілетілігімен және ой белсенділігімен таңдандыра отырып, құрбыларынан көш ілгері болады.

Ақыл-ой ерте жетілуі, жақсы нышан . Ол ақыл-ой әрекеті мен келешегі өмірде табысқа жету кепілі. [52. 14]

Ақыл-ойының кемелденуі жағынан құрбыларынан көш ілгері ұзап кеткен кіші мектеп жастағылар мұғалім тарапынан аса ықыластылықты қажет етеді. Мұндай балалар кітап оқуға жастайынан үйір боп, санауды ерте үйренеді. Олар көбіне білімнің белгілі бір санасымен ғана айналысады. Және бұл салада олардың қайсыбір тамаша жетістіктерді де иеленіп жатады.

Ақыл-ойы озық дамыған балалар жөнінде психолгиялық әдебиетке талай рет жазылды да. Мұндай балалардың ерекше қасиеттеріне олардың ақыл-ой белсенділігінде айқындық танытатындығындығы, ақыл-ойға түсетін күшті онша көп ауырсынбайтындығы және ақыл-ой әрекетіне аса бейімділігі жатады.

Ақыл-ой жағынан дарынды балаларды ондаған жылдар бойы зерттеген Н. С. Лейтес мұндай балаларды әр түрлі жаттығудан өткізу олардың қабілетінің тез артуының көрсеткіші болатындығын жазған болатын.

Сөзді қалыптастыруда қатынасатын мүшелері (қимыл немесе есту мүшелері ) дамымай қалған балалар айрықша қиындық келтіреді. Тілдің нашар дамуы баланың бүкіл танымдық әрекеті дамуының ерекшеліктерін айқындайды, мұның өзі мектептегі үлгірімге кәдімгідей әсер етеді. Алайда бұл кемістікті де жоюға болады. Кекештікті қалпына келтірек тиісті жұмыс жүргізілген жағдайларда балалар қалыпты даму үстіндегі құрбыларын қуып жете алады.

1. 2. Оқушы балалардың мінез-құлықы мен танымдық ерекшеліктерінің қалыптасуы.

Қазіргі кезеңдегі зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, мектептің- сыныптық оқу жүйесі ойлау процесінің жоғарғы психикалық функциясымен нервтік- психикалық процеске қойылатын талаптардың өте үлкен екендігін көрсетеді.

Осы кезеңдегі балалардың көбінің нерв жүйесінің дамуы толығымен қалыптаспағанның, соның нәтижесінде балалардың мектепке бейімделу деңгейі төмен екендігін физиологтар көптеп атап көрсетеді. Физиологтар мен дәрігерлердің зерттеулерінше 30% -да ғана регуляторлық құрылыс пен мидың алаптарының толығымен дамуы анықталған, ал 70 % балаларда оқу әрекеті мен мектепке бейімделуіне байланысты проблемелары болады. М. М. Безрукихтің әдістемесі бойынша, зерттелген балалардың 60%- да әртүрлі менктеп дезадаптациясы факторлары анықталды. 50% балалар берілген нұсқауды түсінбейді, қажет болған жағдацда өздерінің іс- әрекетін бағдарлай алмайды. Көптеген балаларда бұл мидың бөліктерінің толығымен пісіп- жетілмеуінің нәтижесінде. 90 % балаларда қолдың әлсіз, ұсақ моторикасының жетілмеуі байқалады. Кіші мектеп жасынағы өтпелі кезең балалардың психофизиологиялық табиғаты диапазонының әртүрлілігінен. Әрине, жаңа мектеп жағдайына 8 жастағы балалар бейімделмеген болып келеді. Жеті жасар балаларға қарағанда интеллектуалды жүктемені алты жасар балалар көтере алмайды. Мысалы, үздіксіз оқу алты жасарларда -8минут болса, жеті-сегіз жаста -10 минут, ал тоғыз жаста-15 минутқа тең.

Н. В. Дубровинская зерттеуінше алты жасарлардың жұмыс істеу қабілеті - баланың функционалды жағдайының интегралды көрсеткіші. Автордың айтуынша, қалыпты мектептегі 45 минутқа тең жүктеме баланың продуктивті жұмыс істеуіне кері әсерін тигізеді . Бұл балаларда 70% жұмыс істеу қабілетін төмендетеді. Сондықтан 6 жасарладың оқу режимі мен оқыту технологиясы ерекше болуы тиіс. Сабақтың ұзақтығы 35 минуттан төрт сабаққа дейін болуы қажет. Санитарлы - гигиеналық талаптарға байланысты балаларды үш уақыт тағыммен екі уақыт күндізгі ұйқы мен күннің екінші жартысында демалыспен ұйымдастырылуы керек.

Адамның қоршаған әлемді тануы түйсік, қабылдау, түсінік сияқты танымдық процестерден басталады. Кіші мектеп жастағы балаларда танымдық процестер айтарлықтай дамыған болады. Бұнда қоғамда қабылдаған сенсорлы этолондардың ( дыбыстар галемасы, сппектр түстері және т. б. ) баламен меңгерілуі маңызды рөлге ие болады. Сөзбен бейнеленген нұсқаулар жүйесі ретінде сенсорлы этолондарды меңгеру бала қабылдауын саналы түрде өзгертеді. [54. 25]

З. М. Истомина алты-жеті жастағы балалардың есін зерттегенде оның дамуының 3 мнемикалық деңгейлерін анықтаған . Бірініші деңгей еске сақтау мақсатының болмауымен сипатталады. Екінші деңгейде балада осы мақсат болуы, алайда ол оны жүзеге асыруға ешқандай әдістер

қолданбайды. Үшінші деңгейге балада еске сақтап алу мақсаты болмауы

және де ол оны жүзеге асыру мнемикалық әдістерін қолдануы жөн.

Оқушы балалар ес дамуының екінші және үшінші деңгейлері жетеді. Кіші мектеп жастағы балалар мнемикалық мақсаттын анықтай алады. Бірақ мақсатты анықтау тек баладан белсенді еске сақтауды қажет ететін жағдайларда ғана болады. Алайда, осы жағдайдың болуы жеткілікті болады. Балада мнемикалық мақсаттың пайда болуына баланың үлкендермен берілген тапсырманы орындау әркет жағдай жасайды.

Оқушы балалар ырықты есінің дамуы үшін бала өз- өзін қадағалауды жүзеге асыруы керек. Бірінші деңгейге жататын балалар үшін өз-өзін қадағалау мүлдемге тән емес. Екінші деңгейге жататын балаларға жартылай өз-өзін қадағалау тән. Ал үшінші денгейде жататын балаларға өз-өзін қадағалай және мнемикалық міндетті орындау тән.

[68. 148]

Жалпы алты-жеті жастағы балаларға еске сақтау процесінде өз-өзін қадағалау тән болып келеді. Осы жастағы балалардың көбі көру арқылы қадағалау процесін жеткілікті дәрежеде жүзеге асырады. Өз-өзін қадағалау - оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да педагог мнемикалық әрекет процесінің осы қабілетті дамыту арқылы баланың есін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар оның мінез-құлқының ырықты болуын қалыптастырады.

Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі. Баланың ойлауы оның білімдерімен байланысты болады. Мектепке дейінгі балада білімдердің қалыптасуы жайлы Н. И. Поддьковпен қызықты мәліметтер анықтаған. Бұнда бір-біріне қарама- қайшы келетін екі тенденция анықталған.

Біріншісі- ойлау әрекеті процесінде баланың қоршаған орта жайлы білімдері нығая түседі. Осы тұрақты білімдер баланың танымдық аймағының ядросын құрады. [27. 89]

Екіншісі - ойлау әрекеті процесінде болжам ретінде болатын анық емес білімдер де қалыптасады. Осы дамып келе жатқан білімдер де қалыптасады. Осы тенденциялардың әректтесуі нәтижесінде анық емес білімдер азайып, анықталған білімдерге айналады. Сондықтан да балада анықталған білімдер жүйесін ғана қалыптастырумен шектелмей, анық емес білімдер жүйесін нығайтып отыру керек.

Тапсырмаларды шешкенде, заттар арасында байланыстарды қалыптастыру кезінде алты-жеті жастағы балалар ересек адам қолданатын ойлау әрекеттерін қолданады. Олар : көру-әрекеттік, көру - образдық, сөйлеу -

логикалық ойлау түрлері .

Заттық әректтен байланысты және онымен әрекет жасауға бағыттылған, заттармен шынайы әрекет жасау кезінде жүзеге асатын көру- әрекетін ойлау балада ерте кезде қалыптасатын алғашқы ойлау түрі болып табылады. Бірақ алты-жеті жастағы балалар өзі шешуге тәжірибесі жектелген тапсырмада ғана ойлаудың осы түрін қолданады.

[29. 86]

Бала тапсырманы шешуде заттардың өзін емес олардың образдарын қолданатын жағдайда ол образдық ойлау түрімен пайдаланады. Кіші мектеп жастағы балалардың образдық ойлауның мазмұнын анық образдармен шектеліп қоймай көру- сызбамен ойлаудың жоғарғы дәрежесіне ауысады. Бұл арқылы заттарды бөлек қасиеттердің емес, олардың арасындағы байланыстар анықталады. Бала үшін көру- сызбаның ойлау түрін меңгеру өте маңызды болып келеді. Өйткені бұл оған затардың сыртқы байланыстарын анықтауға көмектеседі.

Балада танымдық қызығушылықтардың дамуына баламен тәрбиеші арасындағы жағамды эмоцианалдық қарым-қатынас өз үлесін тигізеді. Өйткені бұл балада өзін-өзі бағалауын жоғарлатуға, өзінің қабілеттерін тануға мүмкіндік береді. Ал бұл өз алдына қоршаған ортаға қызығушылықты арттырады.

1. 3. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен мотивінің қалыптасуы.

Мектеп өміріне бейімделу кезінде кіші мектеп жасындағы балалар үлкен қиындықты бастан кешіреді. Өйткені ол жаңа ережелерді меңгеруге, оқуға, құрбы- құрдастарымен араласуға тиісті. Балдырған өте тез шаршайды. Оның қалыпты қуанышты көңіл-күйін басқа жай күй басады. Оның тула бойын енді мазасыздыққа толы ала құйын көңіл -күй билейді, яғни бұл - психикалық жайсыз күйді бастаған кешу деген сөз. Дені сау адамдар арасында ең көп таралған психикалық жай -күй- невротизм. Оның психикалық ауру - неврозға ауысуы мүмкін.

Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар. Оның бірінші жағы - баланың қоршаған дүниені біртіндеп біліп, өзінің адам алатын орнын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы - сезім мен еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді. [56. 197]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәселенін мұндай бағытта шешілуі
Ойлау қабілеті жайлы
Психология ғылымындағы ойлау мен сөйлеу арақатынасы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ПРОЦЕССТЕРІН ДАМЫТУ
Ойындар арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту
Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістемесі
Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Кіші мектеп жасындағы балаларда сананың дамуы
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде тілдік ортаның әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz