Бразилия таулы қыраты


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Шығыс және Амазония . . . 4
1. 1 Гвиана таулы қыраты мен Гвиана ойпаты . . . 7
1. 2 Ориноко жазығы . . . 8
1. 3 Бразилия таулы қыраты . . . 9
1. 4 Тропиктік жазықтар(Гран-Чако, Маморе, Пантанал) . . 10
1. 5 Ла - Плата аймағы (Пампа) . . . 12
1. 6 Прекордильер және Пампа сьерралары . . . 13
1. 7 Патагония үстірті . . . 14
2. Анд . . . 16
2. 1 Карибтық Анд таулары . . . 16
2. 2 Солтүстік Анд . . . 18
2. 3 Орталық Анд . . . 19
2. 4 Чили-Аргентина Андысы . . . 20
2. 5 Оңтүстік (Патогониялық) Анд тауы . . . 21
2. 6 Отты жер . . . 22
Қорытынды . . . 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 26
Қосымша . . . 27
Кіріспе
Оңтүстік Америка - батыс және оңтүстік жарты шарлардың қиылысуында орналасқан құрлық. Солтүстігінде - Гальинас м, оңтүстігінде - Горн м, батысында - Париньяс м, шығысы - Кабу-Бранку мүйістері бар. Жер көлемі - 18, 3 млн км квадрат. Ең ұзын тау - анд тауы, ұзындығы 9000 км.
Солтүстік және Оңтүстік Американы, оларға таяу жатқан аралдарды қоса, әдетте, дүниенің бір бөлігіне біріктіреді, оны Америка деп атайды. Бірақ бұл материктердің табиғат жағдайлары бір -біріне мүлде ұқсамайды, мұның өзі олардың географиялық орнының және даму тарихының ерекшеліктеріне байланысты.
Батыс жарты - шардағы осы материктердің табиғатындағы үлкен айырмашылық олардың әрқайсысын жеке қарастыруды қажет етеді.
Бұдан едәуір кейінірек кезде бірқатар орыс ғалымдары Оңтүстік Американың түрлі аймақтарын зерттеді.
Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, экваторлық және субэкваторлық белдеулерде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай ендіктеріне материктің енсіз бөлігі ғана кіреді.
Оңтүстік Америка төңірегінде аралдар біршама аз. Оның жағалауына таяу жатқан материктік ірі аралдар- Тринидад, Чили, Отты Жер, Фолкленд аралдары, Мұхиттық аралдардан Оңтүстік Америкаға Галапагос, Хуан-Фернандес аралдары жатады.
Солтүстік Америка сияқты Оңтүстік Американың да шығыстағы ежелгі платформалық бөлігі мен материктің солтүстігіндегі және батысындағы күрделі құрылған жас Анд тауы жүйесінің табиғат жағдайларында үлкен айырмашылық бар.
Шығу тегі мен геотектоникалық құрылысының әр түрлі болуына байланысты осы бөліктердің әрқайсысының ендік бойынша климат жағдайлары өзгеше болады, таулы өңірдегі биіктік белдеулігі әр түрлі қалыптасады және органикалық дүниесінің құрамы мен бейнесі де әр қилы келеді. Материктің екі ірі бөлікке (субконтиненттерге) - Шығыс пен Андыға бөлінуі осыған байланысты.
Өзектілігі: Оңтүстік Американы аудандастыру кезінде екі тарауға бөліп анықталды. Оның бірінші тарауында Шығыс бөлігін, ал екіншісінде Андыны қарастырылды. Онда олардың климаты, гидрографиясы, жануарлар дүниесі, өсімдіктері, аралдары зерттелді.
Мақсаты мен міндеті: Оңтүстік Американы аудандастыру кезінде 2 тарауға бөлініп, сипаттама берілді. Осы мақсатты іске асыру үшін мынадай нақты міндеттерді қойылды:
- Шығысын аудандастыру;
- Андыны аудандастыру ерекшеліктерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, бірінші тарау 7 бөлімнен, екінші тарау 6 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Шығыс және Амазония
Оңтүстік Американың құрылымы платформалық және жер бедері көбіне жазық болып келетін шығыс бөлігі солтүстік субэкваторлық және оңтүстік қоңыржай климаттық белдеулердің аралығында жатыр.
Оның шегіндегі жердің формасына қарай бөлуінің басты факторларына, бір жағынан, платформаның құрылымы мен жер бедеріндей айырмашылықтар (кең-байтақ қалқандар мен платформалық синеклизалардың алмасып келуі), екінші жағынан, зоналық құрылымы жатады. Бұған қоса материктің пішінінің - экваторлық бөлігінде барынша кеңіп, оңтүстікте тарылуының, Тынық мұхит жағынан тау тосқауылы болып, Атлантика жағынан анағұрлым ашық болуының мәні зор.
Жер бедеріне қарай бөлінуінде (олай болса, территориялық табиғат комплекстерінің жекеленуінде) платформаның мұхит маңы және геосинклиналь маңы шеттерінің орогендік күшеюінің, сонымен бірге Бразилия таулы қыраты мен Прекордильераның эпиплатформалық таулары түзілуінің үлкен маңызы бар.
Оңтүстік Америка Шығысының осы ерекшеліктерінің бәрі оның табиғатының жер формасының бөлінуіне қарайғы күрделі бейнесін қалыптастырады және айқын жекелеген табиғат аймақтары жүйесін ажыратуға мүмкіндік береді.
Амазония.
Амазония табиғатының негізгі ерекшелігі оның жер бедерінің жазық болуына, континенттің ұзақ уақыт дамуы мен экватор маңындағы орнына байланысты. Ол - Жер бетіндегі ыстық ылғалды климат пен ылғалды тропиктік ормандардың, сондай - ақ суы мол өзен жүйесінің ең зор аймағы.
Амазонияда қисапсыз табиғат ресурстары - азық - түліктің, техникалық және дәрі - дәрмек шикізатының, құрылыстық және әшекейлік материалдардың орасан зор қоры бар орман шоғырланған. Қойнауында пайдалы қазбалар бар, олардың ішіндегі ең құндысы - мұнай. Бүкіл осы байлық әлі жеткілікті зерттелмеген және шамалы мөлшерде ғана пайдаланылады.
Амазонияның шекарасын Бразилия мен Гвиана таулы қырат-тарының беткейлері және Анд тауының шығыс етіп айқын белгілеп тұрады. Солтүстікте табиғат жағдайына қарай оған Ориноко ойпатының оңтүстік шеті мен Пардаос аласа тау сілемдерін жатқызуға болады.
Амазонка ойпаты ұзақ уақыт бойы шөккен алап, соған орай оның бүкіл территориясында дерлік биіктік шамалы және жер бедері бірыңғай тегіс болып келеді . Тіпті, Анд тауының етегі маңында да оның жер бетінің биіктігі теңіз деңгейінен 100 м-ден аспайды. Тек оңтүстік-батыста ғана Анды жағынан терең өзен анғарларымен тілімденген құм тасты үстірттер, ал солтүстік-батыста тектоника жағынан Гвиана таулы қыратына ұқсастау Пардаос таулы сілемі (900 м) бой түзеп тұрады.
Ойпаттың батыс бөлігінде, шамамен Мадейраның Амазонкаға құйылысына дейін, өзен аңғарлары жер бетін тілімдемеген және олардың аралықтарындағы суайрықтар жер бедерінде нашар бай-қалады. Өзен бойындағы аллювий үйінділердің қалың қабаттары жыл сайынғы су жайылу кезіңде үнемі өсіп отырады. Су басатын өңірдің ені кейбір жерлерде жүздеген километрге жетеді. Осы алапта өзендер көптеген меандра мен қара су жасай отырып, ирелеңдеп ағады. Су жайылған кезде көптеген және шым-шытырық жатқан ағыс аралары бір-біріне қосылып кетіп, орасан зор су айдынына айналады.
Шығыста платформаның ежелгі негізгі көтеріңкі және жер бетіне біршама таяу жатыр. Бұл жергілікті жердің теңіз денгейінен жаппай 200-250 м дейін көтерілуіне және өзен аңғарларының тілімденуіне әкеліп соғады. Ең терең аңғарларда кристалды тау жыныстары ашылып жатады. Су жайылған кезде террасалардың айқын кемерлерімен және негізгі жағалармен шектелген өзендердің біршама енсіз жайылмаларын ғана су басады.
Амазонканың сағалық бөлігінде оның аңғары қайтадан кеңейеді , ішінара су басқан кең-байтақ атырауға айналады. Атырауын да өзен жан-жаққа тарамдалып кетеді де, салалардың, тармақтардьң және көлдердің барып тұрған шытырманына айналады.
Амазонияның орта және батыс бөліктерінде экваторлық климат тән. Онда ақпаннан маусымға және қазаннан қаңтарға дейінгі жаңбыр өте мол жауатын екі кезең болады.
Амазонияның солтүстік ж ә не оңтүстік шет аймақтарында мол жауын-шашын кезеңдері әрбір жарты шардың жазына сәйкес келетін бар кезеңге бірігіп кетеді. Онда жылдың ылғалды кезеңі өте ұзаққа созылады, құрғақ маусым кезінде де жауын-шашын жауады, бірақ оның мөлшері елеулі азаяды.
Ең ұзақ құрғақшылық кезең Манаустан шығысқа таман, оңтүстік жарты шардың пассаты соғатын жерде болады. Онда желтоқсаннан мамырға дейін жаңбыр мол жауады және ауаньң салыстырмалы ылғалдылығы 95%-ке жетеді , маусымнан желтоқсанға дейін жауын-шашын мөлшері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы анағұрлым аз болады.
Амазонка ойпатының ылғалды тропиктік орманының құрамы мен сыртқы көрінісі өзеннің қайсыбір бөлігіне қарай, орналасу орнына байланысты өзгеріп отырады. Амазонка мен оның салалары суының мезгіл-мезгіл басып кетуі өсімдікке үлкен әсер етеді. Осыған орай ойпаттағы орман өсімдігінің бірнеше типі болады: жылына бірнеше ай бойы су басып жататын өзен аңғарындағы ормандар ; су қысқа мерзім басатын өзен аңғарындағы ормандар (олар «варзея» деп аталады) ; мүлде су баспайтын суайрық кеңістіктегі ормандар («эте» деген атпен белгілі) . Бұған қоса Амазонканың өзінің және басқа өзендердің су өсімдігі , сондай-ақ Атлант жағалауының мантра тоғайлары бар.
Амазонияның үндіс халкының көпшілігі жеміс немесе әр түрлі жануарларды, мысалға ірі сүтқоректі ламантиндерді сонымен бірге берік және әдемі терісі жоғары бағаланатын крокодилдерді аулап, көшіп-қонып жүреді. Жергілікті халықтың табыс көзінің бірі - тасбақаның дәмді де нәрлі жұмыртқасын жинау. Тасбақалар топталып жұмыртқалайтын жерде олардың саны жүздеген мыңға жетеді.
Халықтың едәуір бөлігі сонымен бірге балық аулаумен айналысады. Амазонка және оньң салалары балыққа өте бай.
Шығыс Амазонияда пайдалы қазбалар - мұнай мен марганец рудасы табылып, өндіруде. Мұнайдың мол қоры сонымен қатар облыстың батысында - Перуде бар. Мұнда алғашкы скважина салына бастады.
Трансамазонка автомобиль магистралының салынуы Амазония дамуының қуатты факторы болып табылады. Бірақ оның салынуы табиғат ортасын қатты бұзғаны соншалық, бұл бірегей амазонка ландшафтыларын қалпына келмейтін және өте ұнамсыз өзгерістерге ұшыратуы мүмкін. [3; 8]
1. 1 Гвиана таулы қыраты мен Гвиана ойпаты
Атлант мұхиты жағалауына Ориноко ойпатына дейін жер беті бірте - бірте кең саты түрінде көтеріле береді. Теңіз маңы өңірін батпақты ойпат алып жатады, ол әрі қарай кристалды жыныстардан түзілген баяу көтеріле беретін тегіс үстіртке өтеді. Оңтүстік-батысқа қарай жер беті берік тау жыныстарынан түзілген шоқы-шоқы болып көрінетін кәдуілгі кристалды мүжілген тауға айналады.
Гвиана таулы қыраты орталық бөлігінде өте-мөте биік және тілімденген болады. Беті кристалды жыныстарының үстіне жатқан протерозой жамылғысындағы түрлі түсті құмтас және кварцитпен жабылған жеке массивтер 2000 м-ден асып кетеді ал тау қыратыньң ең биік массивтер і (Рорайма және Ауян-Тепуа) 2772 және 2950 м-ге жетеді Кей жерлерде жер бедері опырықтармен күшті кескінделген, биіктігі 2000 м-ге дейін баратын және одан да асатын қырқалар кездеседі (Пакараима т. б. ) .
Ең биік массивтердің төрткүл бастарында орман өспейді және оларды түзетін жыныстар әр түрлі - сұр, ақ, қызыл түстерге боялған. Олар, әсіресе, беткейлерін жауып жатқан көктің арасында көз тартарлықтай оқшауланып тұрады. Рорайма қызыл массивін жергілікті үндіс тайпалары қасиетті деп есептейді және оған байланысты әр түрлі аңыздар бар. Қазіргі кезге дейін адамдар оның маңына бара алмайды десе де болады.
Тау қыратының кия, сатылы беткейлерінен ағатын өзендер биік кемерлерді басып өтеді де, көптеген сарқырама жасайды. Әсіресе, тау қыратыньң орталық бөлігін басып өтетін өзендерде - тау қыратыньң аса биік массивтерінен түсетін және құмтас пен кварциттердің қия жарларын жарып өтетін Карони мен оның оң жақ салаларында орасан зор сарқырамалар көп.
Чурун өзенінің бас жағында төрткүл тәріздес Ауян-Тепуа мас-сивінен дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы (биіктігі 1054 м) құлай ағады. Тау қыратынан Гвиана ойпатына ағатын өзендерде де сарқырамалар көп.
Потаро өзеніндегі Кайетеур сарқырамасы биіктігі жөнінен Анхельден көп кейін тұрады (225 м), бірақ, Ниагара сарқырамасының биіктігінен бірнеше есе асып түседі және дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі болып табылады.
Атлант мұхиты жағалауын бойлап мангра тоғайлары тараған, олар мұхиттан алыстаған сайын ылғалды тропиктік ормандарға айналады. Бұл ормандар батпақтармен немесе әр түрлі тропиктік дақылдар плантацияларымен кезектесіп ауысып отырады.
Ылғалды тропиктік ормандар сонымен қатар өзен аңғарларын бойлап тау қыратының ішкі бөліктеріне енеді. Бұған қоса олар оңтүстікте тау беткейлерінің төменгі бөліктерін жауып жатады. Алайда жер бетінің көп бөлігін саванна алып жатыр, тау қыратыньң ішкі бөлігінің тегіс үстірттерінде саванна көп тараған және тау беткейлерін 400-500 м биіктікке дейін жауып жатады. Саваннада калың әрі биік шөптердің арасында әдемі сымбатты пальмалар өседі.
Ылғалды тропиктік ормандар мен саванналар биіктікке көтерілген сайын флоралық құрамы өте алуан түрлі және әдемі әрі ашық, гүлдейтін өсімдіктер көп таулы тропиктік ормандармен ауысады. 2000 м-ден биігірек жерде тау орманы бұталарға және ірі, бояуы қанық гүлді шөптерге ауысады. Тау қыратыньң ең биік басында өсімдік өспейді, ол тастақ болып жатады.
Гвиана таулы қыраты аймағы, әсіресе, оның ішкі бөліктері әлі де болса өте аз зерттелген және оны елсіз деуге болады. Елді мекендер мен плантациялар негізінен жағалық аудандарға шоғырланған. Көптеген елді мекендер аймақта қоры мол боксит, марганец рудасы өндірілетін жерлерде, алмас пен алтын кен орындарының маңында пайда болған. Гвиана таулы қыратының орталық бөлігіндегі ормандарда қашқын құлдардың ұрпағы - «орман негрлері> дейтіндердің қарапайым егіншілікпен аиналысатын тайпалары тіршілік етеді. Кейбір үндіс тайпаларыньң сыртқы дүниемен байланысы жоқ десе де болады. [1; 6; 8]
1. 2 Ориноко жазығы
Аймақ Атлант мұхиты жағаларынан оңтүстік-батыста Амазония орманды алқабына дейін созылып жататын кең-байтақ өңір құрайды.
Оңтүстігінен және солтүстігінен ол Гвиана таулы қыратымен және Солтүстік Анд тауларымен шектелген.
Жер бедерінде бірнеше эррозиялық сатылар айқын көрінеді. Ең төменгі саты - Ориноко өзенінің және оның салаларының бойындағы ойпат. Бұл ойпат барлық жерінде дерлік мұхит деңгейінен 100 м-ден аспайтын биіктікте жатыр. Оның Атлант мұхиты маңындағы бөлігін сусымалы шағыл құм алып жатады. Ойпатта биіктігі 200-300 м дөңес алаптар оқшауланып тұрады. Олар солтүстікте және оңтүстікте кездеседі.
Тау алдындағы месадан гөрі биігірек үстірт тәрізді бөлік пьемонт деп аталады. Оларды кей жерлерде кристалды жоталар - сьерралар кесіп өтеді Меса мен пьемонт бетін Ориноконың ең ірі салалары - Метаның, Апуренің және Гуавьяренің терең аңғарлары тілімдеген. Гуавьяренің аңғарын аймақтың оңтүстік шекарасы деп есептеуге болады.
Аймақ климатыньң басты ерекшелігі- жауын-шашынның маусымдылығы. Жаңбырлы кезең шамамен алғанда сәуірден қазанға дейін, құрғақ кезең -қарашадан наурызға дейін созылады. Оңтүстік аудандарға қарағанда солтүстік-шығыс пассат анағұрлым бұрын келетін солтүстікте қуаңшылық кезең ұзағырақ болады, жаңбырлы маусым жазғы үш айға ғана созылады. Оңтүстікке қарай жауын-шашынның экваторлық режиміне ауысқанда жаңбырлы кезеңінің ұзақтығы бірте-бірте артады. Жауын-шашынның жалпы жылдық мөлшері солтүстікте 800 мм, оңтүстікте - 1000 мм-ге дейін. Мұның өзінде бүкіл жыл бойы -4-20° С-ден төмен түспейтін температура басым. Құрғақ маусымның солтүстік-шығыс пассат соғатын ең құрғақ айларының өзінде орташа температура шамамен +25, +26° С болады, ал ылғалды маусымның басы мен соңында 29° С-қа дейін жетеді.
Венесуэла мен Колумбияның жергілікті халқы ылғалды астро-номиялық жазды - қыс деп, ал құрғақ қыс кезін - жаз деп атайды. Жаңбырлы маусымда өзендер кемерінен аса суға толады да, тасиды. Төменірек болатын батыс бөлігінде - Аласа Льяностарда - бұл жағдайда көптеген километрге созылып кететін тұтас су айдындары пайда болады. Бұл кезеңде кейбір аудандар мүлде адам өте алмайтын жағдайға келеді, бірақ оның есесіне көп жерде жалғыз дерлік қатынас жолы болып табылатын өзендерде кеме қатынасы жағдайы жақсарады.
Ориноко жазығы қазіргі кезге дейін нашар игерілген, халық сирек қоныстанады. Тек аздаған жерде жүгері, маниок, мақта, банан өсірілетін өңделген алаптар бар. Мал шаруашылығы өркендеген, бірақ жайылым ретінде мал жаюға жарамды жерлердің шағын бөлігі ғана пайдаланылады.
Төменгі Ориноко аңғарында, өндіруші өнеркәсібі дамыған Ве-несуэланың территориясында, халық едәуір тығыз, ол жерде жаңа қалалар мен поселкалар пайда болуда, өңделетін жердің көлемі ұлғаюда, саваннаны асфальттанған жолдар кесіп өтеді.
Жануарлар дүниесі алуан түрлі және жақсы сақталған. Аймақта жыртқыштар - пума мен ягуар тіршілік етеді, олар жабайы шошқаға (пекариге) және басқа шөп қоректі жануарларға шабуыл жасайды, сонымен бірге үй малын ұстап әкетіп жейді . Өзен бойларындағы батпақты тоғайларда тапир кездеседі, саваннаның ашық жерлерінде құмырсқа жегіштер мен сауыттылар тіршілік етеді . Саваннада термиттер құрылыс салады, өте-мөте құрғақ кезде көбейіп кететін басқа да насекомдар көп. [5; 7]
1. 3 Бразилия таулы қыраты
Аймақ табиғатының басты ерекшеліктері таулы үстірттер мен төрткүлді үстірттердің көп болуына және субэкваторлық климат пен тропиктік климаттын басым болуына байланысты.
Эррозиялық процестердің ұзақ әсер етуі және таяу уақыттағы тектоникалық қозғалыстар тау қыраты өңірінде алуан түрлі жер бедерін түзген. Онда ежелгі кристалды мүжілген алаптары шөгінді жыныстардан түзілген оқшау қыраттармен, жанар таулық үст і рттермен және кайнозойдағы жарылу мен көтерілу нәтижесінде пайда болған жақпарлы жоталармен ұштасып жатады.
Таулы қыраттың ең биік бөліктері Атлант мұхитына таяу жатыр және одан енсіз жағалау өңірімен ғана бөлінген. Барлық жерде дерлік жағалық сызықта таяу арада болған жердің төмен түсуі байқалады. Кей жерлерде жағалауға қолайлы айлақ болып табылатын шағын үшкіл қойнаулар кіріп тұрады. Осындай қойнаулардың бірінің жағасында Бразилияның ірі қаласы - Рио-де-Жанейро орналасқан. Одан солтүстікке және оңтүстікке қарай тау қыратыньң шеті біраз кейін шегінеді Атлант мұхитының жағасын бойлап толысу кезінде ішінара су басатын құмды жағажайдың байтақ өңірі жатыр.
Бразилия таулы қыратының шығыс және оңтүстік-шығыс бөктері Атлант мұхиты жағынан биік және күшті тілімденген тау жүйесі сияқты болып көрінеді. Шығыс Бразилия қалқанының шеткі бөлігінің неогенде бөлшектенуінің және көтерілуінің нәтижесінде биіктігі 2000 м-ден асатын жоталар немесе сьерралар пайда болған. Жағалаудың мұнан кейін төмен түсуінен сьерралардан Рио-де-Жанейро қойнауын қоршап жатқан төбелері бас қант тәріздес аралдар бөлінген. Тау қыратыньң бұл бөлінген қойнауында темір және марганец рудаларының, радиоактивтік элементтердің, алмастың және алтынның бай кен орындары бар.
Орталық аудандарда жұрнақ таулы үстірттер бар, оларға өзеннің терең аңғарлары і шкерілеп кіреді.
Батыста және орталық бөлігінде кристалл тау жыныстарын палеозой мен мезозой кезіндегі әк тас пен құмтас қабаттары жауып жатады. Өзендер оларды биік, қия беткейлі төрткүл қыраттарға (шападаларға) бөлшектейді. Жоғарғы Парана бассейнінде кристалды негіздің беті триас лавалары қабатының астында қалады. Олар сатылы үстірт жер бедері құрайды. Бұл үстірттердің сатыларынан Парана мен оның көптеген салалары құлап ағады да, шоңғалдар мен сарқырамалар (Игуасу, Сети-Кедас, Урабу-панга т. б. ) жасайды. Шоңғалдар мен сарқырамалар кристалды үстірт бөктерін басып өтетін өзендер де көп.
Батысында және солтүстігінде Бразилия таулы қыраты ойпаттармен шектеседі Тропиктік ормандар жауып жатқан ойпатты алаптар өзен аңғарларын бойлап тау қыратыньң шегіне ішкерілей кіреді.
Ормандарда, тіпті, елді мекендер маңында бақ пен егінге үлкен зиян келтіретін маймылдар, саванналарда - сауыттылар, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы тіршілік етеді. Жыртқыштардан пума мен ягуар кездеседі. Барлық жерде құстар, әсіресе тотылар мен колибрилер көп, жылан және басқа да бауырымен жорғалаушылар өте көп тараған.
Ормандар мен саванналарда құмырсқа өте көп. Олардың кейбіреулері адам тұрағына таяу қоныстанады да, адамдарға үлкен қолайсыздық тудырады. Саванна ландшафтысына тән бейне бір ерекшелік- термит илеуі.
Бразилия таулы қыратының территориясын халық әркелкі мекендеген, және ала-құла игерілген, сондықтан табиғат ланд-шафтыларының өзгеру дәрежесі де аймақтың әр бөліктерінде әр түрлі. Атлант мұхитына іргелес өңір көбірек қоныстанылған. Ол жерде ең ірі қалалар орналасқан және пайдалы қазбалар өндіріледі. Парана бассейнінде жыртылған жерлердің ең көлемді аудандары шоғырланған, онда темекі, банан, жүзім шыбығы өсіріледі. Өзен аңғарларындағы суармалы жерлерде күріш плантациялары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz