Отбасы қалыпты дағдарыстары


Мазмұны
1. Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
1. 1 Отбасы - тәрбие факторы
1. 2 Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
1. 3Отбасындағы дағдарыстар
2. Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары
2. 1 Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары
2. 2Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы
2. 3Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
1. 1 Отбасы - тәрбие факторы
Қазақстан Республикасының " Білім беру туралы " заңында (07. 06. 1999ж. ) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, отбасының дамуына кепіл беретін және отбасы өмірінің, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.
Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар . Отбасындағы тәрбиенің субъектілері - ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз - іс-әрекет.
Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т. б. ) балаларды араластыру.
Баланың отбасында орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың отбасындағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы рөлін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың отбасындағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Ата-ананың тәрбие жұмысының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда отбасы тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, отбасының әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс-әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы .
Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақытты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері отбасының тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.
Отбасының бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсіну, сезім әсерлері негізіндегі бір-біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі., оның микроклиматын қалыптастырып, отбасының даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.
Отбасындағы бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі - оқушы тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара қатынас отбасының педагогикалық процесінің күйі туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемісті бола алады. Отбасының педагогикалық процесі күйінің диагностикасы жүйесін № 1 кесте түрінде көруге болады.
Кесте 1- Отбасының педагогикалық процесі күйінің диагностикасы
1) отбасы құрылысы;
2) ауқаттылығы, тұрмыстық жағдайы;
3) ата-ана туралы мәліметтер (білім деңгейі, кәсібі, әлеуметтік-мәдени құндылық бағыттары, мақсат-мүдделері.
Жеке іс құжаттарын зерттеу.
Отбасына бару (байқап-бақылау, әңгіме-сұхбат жүргізу) .
1) өнегелілік мақсат-нұсқаулары;
2) отбасындағы өзара қатынас стилі;
3) ата-ананың баланың өмір әрекетінің мазмұнына көңіл бөлуі;
Сұрақ-жауап.
Әңгіме-сұхбат.
Оқушылардың шығармалары. Тесттер. «Мен жне менің отбасым» суреті.
Ранжирование.
1) ата-ананың тәрбиенің мақсатын, міндеттерін түсінуі;
2) тәрбиенің құралдарын, формаларын, әдістерін, тәсілдерін білу.
Сұрақ-жауап.
Әңгіме-сұхбат.
Байқап-бақылау.
1) отбасы өміріне белсенді араласу;
2) адамгершілік, ителлектуалдық, өмірлік мақсаттар;
3) іс-әрекеттің мақсаты, себеп-салдары;
4) іс-әрекет түрлерінің алуан түрлілігі;
5) іс-әрекеттің білігі мен әдіс-тәсілдерін игеру.
Байқап-бақылау.
Педагогикалық жағдайлар.
Кесте 1 жалғасы
Педагогикалық процестің сипаттамалары отбасының тәрбие мүмкіндіктерінде жатыр. Оларға байланысты отбасындағы педагогикалық процестің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады( жоғары, орташа, төмен ) .
Жоғары деңгей - барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан отбасылар. Ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Отбасында оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Отбасындағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Бұндай отбасыларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым; балалардың әкесі мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен жетістіктерін де біледі; баланың мектептегі жағдайы да отбасында еркін талқыланады; ата-ана баланы жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді; әкесі мен анасы баланың сабақтан тыс уақытына көңіл бөледі; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін енгізеді.
Отбасыларда бірігіп істелінген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық шаралар, кітап оқу - күнделікті және жиі болып тұратын құбылыстар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлуметтік-жауапкершілігін түсінеді. Ата-аналар отбасы айтарлықтай түзетулерді керек етпейді. Олар оның мәнін және өздерінің баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын түсінеді.
Орташа деңгейде отбасының педагогикалық процесі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде, түзетуді қажет етеді. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз: олар көбінесе тәрбиеде аз әдістерін қолданады (насихат әңгімелер, т. б. ), үй тапсырмасын тексеру анда-санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді, бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес. Отбасындағы өзара қатынас демократиялық принциптерге негізделген, алайда авторитарлық бедел қалады.
Ата-ана баланың оқу іс-әрекетіне көңіл бөлгенімен, олардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай отырып, олар баланы күштеу және қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүрлеуге тырысады. Баланың оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана үшін қиындық туғызады. Олар сондай-ақ, баланың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруды да қиналады. Бос уақытты бірге өткізу кездейсоқ болады. Онда жүйелілік пен педагогикалық бағыттылық жоқ. Авторитарлық, оқушыға ықпал етудің педагогикалық негізі жоқ тәсілдерін қолдану, әкесі мен анасы арасында бөлісу отбасында орын алады.
Төменгі деңгей отбасының іс-әрекетінде ала ауыздықпен, ата-ананың нашар педагогикалық мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік, педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады. Балалардың үлгерімі төмен, олар үшін отбасылық өмірдің қызығы жоқ, балалардың әуестіктері кездейсоқтық сипатқа ие, жасөспірімдер ортасының оларға кері әсері өте үлкен. Ата-аналар өз міндеттерін тек қана оқушыны қаржы жағынан қамтамасыз ету және бақылаудың жалпы қызметтерін атқару деп түсінеді. Олар мектеппен жүйелі түрде байланыс жасамайды, педагогтар кеңесін ескемейді. Оқушының оқудағы, тәртібіндегі ақауларды мұғалімдердің жаман жұмыс істеуімен түсіндіреді. Мұндай ата-аналардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ және, ең бастысы, педагогикалық шараларға қатысуға ынтасы жоқ.
1. 2 Отбасы жүйесі - баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
Отбасы жүйесін - біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада - ері - әйелінен құралады; үшінші топ - сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы - баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады. Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.
Отбасы қызметі - құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасына тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасы қызметінің негізі екі тұрғыда қарастырылады:
1) әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер;
2) отбасында көрініс алатын мінез - құлық феномені және процестері.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір - біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз ету, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір - бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы жүз жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір-біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата-ана және құрбыларымен қарым-қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез-құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәрбиесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс-әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету түрі - отбасының әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, он бес жасар жеткеншек қыз перзентті болды деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік саны қалыптасатыны бізге белгілі. Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады. Сондай-ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілетін нақты қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж, бастысы туелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің басқа бір адамның жағдайын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай қиындататын болады.
Отбасы - іштей тұрақты, тұйық ұжым. Сондықтан оны зерттеуде белгілі бір қиыншылықтар ұшырасады. Отбасының сипаттамасы туралы мәліметтер алу мақсатында отбасына барған уақыттағы бақылаулар мен әңгіме жүргізу әдістері қолданылады. Әңгіме кезінде мақсатты түрде белгілі бір жоспарды ұстану керек. Ата-анамен әңгіме өнері мұғаліммен өте жақсы дайындықты талап етеді. Педагогтың өте маңызды қасиеті - бақылағыштығы. Әңгімелесіп отырған адамның бет әлпетінен, қойылған сұрақтарға қатынасынан оның психологиялық жай-күйін білуге болады.
Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педогогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және коференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол бес-алты адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және төрт-бес мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Отбасы бала тәрбиесінде көмек көрсетуді ықпалды тәсілі - ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, косультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т. б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, "отбасы суреті" ерекшеліктерінің, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесінжақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.
Ата-аналарға отбасы тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі "жаман " тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай шағымданулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А. С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақырудан, балалар тәртібіне шамданудан сақтандырған: " кей ата-ана мұндай әңгімеден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрынғы қалпында қалады ", - дейді А. С. Макаренко.
Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық - ойын- сауық ойындар, үйірмелік сабақтар, т. б. ) . Көптеген мектептерде " Ашық есік күндері " дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабаққа қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысыныңқандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т. б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек алады. Ата-аналарға отбасы тәрбиесінің тәжірибесімен алмасудың әртүрлі формалары ұсынылады.
Отбасы мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі "кіші педагогикалық кеңестер ", ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі.
Осылайша, мектеп пен отбасының сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қалыптастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың отбасыларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.
Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік кезеңдеріне әсіресе балалық шаққа көп көңіл бөлген З. Фрейд болды. Фрейдтің пікірі бойынша жыныстық құмарту-адам дамуының басты белгісі болып табылады. Бір жасқа дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрестелік-оралды кезең деп аталды. Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып ішектің сілекей қабаты қаралды. Бұл аналды кезең деп аталды. Бала бұл жаста сүйкімді және жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді, меңгере бастайды. Келесі фаллисикалық кезең (3-5 жас) деп аталады. Балада жыныстық құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді. Фрейдтің жолын қуушы Э. Эриксон өзінің кезеңдік бөлу негізіне басақ да белгілер енгізді.
Бала дамуы өмір сүрген ортасының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты. Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке жатады, оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге революцияланған болып табылады.
1) бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-әрекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады;
2) екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «мен өзім» дағдарысын туындатады;
Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-ананың бақылау жасау, шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. «Шектен шығара ұялту» жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығаруда бала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті-бала жеке басын сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада әділеттік қалыптасып, «кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік» деген жас ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді;
3) үшінші кезең «бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялдағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz