Өсімдік шаруашылығының негіздері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Өсімдік шаруашылығын өркендетуінде белгілі бір жағдайда қоғамды ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын өндірісті құрудың және жүргізудің биологиялық, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырулық, техникалық және технологиалық негіздерінің жиыны болып табылады.
Түрлі белгілерге байланысты өсімдік шаруашылығын өркендету жүйелері төрт тұрғыдан жіктеледі. Олар аймақтың, обылыстың, ауданның, кәсіпорынның жағдайларна сәйкес шаруашылықты жүргізу жүйесі болады.
Салалық негізден қарағанда өсімдік шаруашылығының өндірістің қосымша және қызмет ететін салаларының жүргізу жүиесі олардың әрқайсысна тән болуы қажет.
Себептік - технологиялық тұрғыдан қарағанда жалақы төлеудің, машйналарды пайдаланудың, тыңайтқыштар қолданудың, малды азықтандырудың өзіндік жүйелері, жергілікті жағдайда толық сай келетін тәртібі болуы керек. Мәселелердің қайсысын болса да жүйелі негізде шешудің ортақ мақсаты - өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету. Осыған орай шаруашлықты жүргізу жүиесін ғылыми негізде құру үшін көп жағдайлар ескеріледі. Өсімдік шаруашылығын өркендету үшін аймақтық жағдайларға байлансты зерттегенде оны аймақтың барлық бөліктерне бір мерзімде жасаған жөн. Мәселелердің шешілу дәрежесі аймаққа, облысқа, ауданға қарағанда кәсіпорындарда салаларын жүргізу жүйесі агроөнеркәсіп кешендерінің басқа да салаларының дамуына тығыз байлансты шешілгені дұрыс.
Белгілі бір кәсіпорынды өркендету жүйесін айқындау кезінде оған әсері бар көптеген себептер мен өндірістік жағдайлар еске алынады. Олардың ішінде шешуші себептерге түрлі қорлардың саны мен сапасы, әсіресе, әр түрлі өндіріс құралдары, адам күші, Жер қоры жатады. Шаруашлықты өркендету жүйесне табиғи, эканомикалық, ұйымдастырулық, әлеуметтік, биологиалық және басқа өндірістің түрлі жағдайлары әсер етеді.
Өсімдік шаруашлығының экономикалық ұтымды түрін табу үшін қойылатын талаптар; Өнімді өткізу және өткізуде шартты міндетерді толық орындау, нарықтық жағдайдағы бәсекелестікте өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірістің бөлімшелері мен салаларның өзара қатнастары мен байланстарн нығайту, жерді, өндірістік құралдарды, адам күшін және басқа қорлар мен қаржыларды толық және ұтымды пайдалану, жұмыстың маусымдығын баяаулату, жыл боиында жұмышы күшін толық және мүмкіндігі болғанша біркелкі қолдану, өндірістің тиімділігін арттырудың қаржы айналымын тездетуді және ақшалай табыстың түсу қарқыны біркелкі қолдану, өндірістің тейімділігін арттырудың қаржы айналымын тездетуді және ақшалай табыстың түсу қарқыны біркелкі болуын қамтамасыз ету.
Белгілі бір кәсіпорынның өркендету жүйесін айқындау кезінде өндірістік құрылымның ұтымды түрін табу қажет. Бұл мәселе үш түрлі жолмен шешілуі мүмкін.
Біріншісі қолда бар салалар өзгертілмейді, бірақ олардың сапасын жақсарту, яғни өнімді тұқымдары, түсімі мол дақылдар, өнімділігі жоғары машиналар қолданылуы көзделеді.
Екіншісі; салалардың саны, түрі жаңартылып, өсімдік шаруашлықтың өндірістік бағыты көп өзгереді және осыған байлансты өндіріс қорларның, жұмыс күшінің, егіс көлмінің құрылымы, тағы басқалар қайта қаралады.
Үшіншісі; салалардың саны және түрлері аз ғана өзгереді. Осыған байлансты шаруашлықты мамандандырудың мәні мен дәрежесі сәл түзеледі де, өсімдік шаруашлығы өнімдерінің түрлері де бұрынғыдай болмауы мүмкін.
Өсімдік шаруашылықтың құрамын ұйымдастырғанда оның өндірістік бөлімшелерінің түрлері, сандары және бір - біріне бағынады. Ірі шаруашлықтар бірнеше бөлімнен, фермалардан немесе цехтардан құралады. Ал бөлімдер мен цехтардың әрқайсысының құрамына бірнеше бригадалар немесе звенолар кіруі мүмкін. Мұндай шаруашлықтың ұйымдастырлулық құрылымы үш сатылық болып есептеледі. Екі сатылық ұйымдастырулық құрылымда шаруашлықтың тек бригадалары мен звенолары ғана болады. Көп салалы үлкен кәсіпорындарында ұйымдастырулық құрылым аралас, яғни екі - үш сатылы бола беруі мүмкін.
Өсімдік шаруашлықтың өркендету жүйесі әрбір нақтылы кәсіпорынға жеке жасалады. Бұл үшін ғылыми мекемелердің деректері, озат шаруашлықтардың және олардың бөлімшелерінің тәжірйбелері ескеріледі. Есептеп шығаруға байлансты көрсеткіштерді анықтағанда жоспар жасауға пайдаланып жүрген мөлшерлер мен көлемдер қолданлады.
Шаруашылықты өркендету үшін оның жүйесінің жобасы міндеті түрде ғылыми - техникалық прогресс жетістіктеріне негізделе ғылыми - зерттеу және оқытатын институттар ұсыныстарын, озат тәжірйбені қамти отырып жасалады. Осы мақсатта шаруашлық басшысының төрағалығымен арнайы комиссия мүшесі ретінде келісім - шартпен ғылыми - зерттеу және жобалау мекемелерінің мамандарның қатынастырлғаны жөн. Жоба жасалып болған соң кәсіпорын ұжымының жиналыснда талқыланып бекітілуі керек. Осы кезде өсімдік жүйелеріне ерекше назар аударылғаны жөн.
1 бөлім. Өсімдік шаруашылығы
1. 1 Өсімдік шаруашылығындағы егіншілік және алғашқы астық қорлары жайлы мәліметтер
Тарихи деректерге қарағанда қазіргі ТМД елдерінің территориясында бастапқы егіншіліктің пайда болуы және алғашқы астық қорларының жасалуы бастауын сонау қаумдық құрылыс кезеңінен алады.
Осы кезден семья құрыла бастаған, одан кейін келе жеке меншік айырбас сияқты әрекет пайда болған. Адам қоғамы біртіндеп дамып, бір жерге тұрақты қоныс тепкен қауымдастықтар арасында байланыс, сауда-саттық, айырбас қызметінің өрістеуіне орай астық басты айырбас құралының біріне айналған. Бұл адамзатты егішілікті дамытуға, астықөндірісін кеңейтуге, астық сапасын жақсартуға итермелейді. Осы туралы алғашқы деректер 17 ғасырдың екінші жартысында Киев маңынан табылған, ал1 9 ғасырда жазба түрінде сақталған астық сапасы туралы деректер көп кездеседі.
Ал адамзат қоғамы бұдан әрі өркендеп, өнеркәсіп дәуірлеген, сауда-саттық кең қанат жацған заманда астықты зерттеу, оның технологиялық қасиеттерін тексеру жұмыстары да өріс ала бастаған. Астықтың химиялық құрамын бірінші тексерген Д. И. Менделеев деп есептеледі. Ол оның құрамын анықтап, агротехникалық шаралар арқылы сапасын қалай жоғарылатуға боландығын дәлелдеген және ұн тартуға жарамдылық қасиеттерін тексерген.
1894 жылы Ресей жер Департаментінде өсімдіктерді іс жүзінде пайдалану бюросы құрылып, Ресейде өсетін дәнді дақылдары жіктеу, топтау басталады, ал 1875 жылдан бастап көрнекті биолог және селекционер И. В. Мичурин жұмыс істей бастайды. Оның істеген істерінің пайдасы далалық егіс шаруашылығына да тиеді. Міне осыдан кейін ғана шет елдермен сауда жасау мақсатында элеваторлар салу, астықты топтастыру, жіктеп бөлу жұмыстары жүргізіле бастаған және 1910 жылы ірі қалаларда элеваторлар салынып, 1913 жылы астықты топтастырып, жіктеу принциптері қалыптасады.
1918 жылдан бастап Ресейде астықты зерттеу жаңа арнада жүргізіле бастады. Астықты жинап-тексеру, оны сақтау, өндеу үстінде ғылымның жетістіктерін кең түрде пайдалынады. Қазір Қазақстанда астықтын күрделі проблемаларын Ғылым академиясының ботаника институты, Ақмоланың астық шаруашылығы институты, Қазақтын егін шаруашылығы т. б. жоғарғы оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттар зерттейді.
Астық сапасын мемлекеттік астық сорттарын сынау комиссиясы өзінің көптеген сорт сынау жүйелерінде тексереді. Астықтың сапасы биохимия институтында және басқа да көптеген тәжірибе және селекция станцияларында тексеріледі. 1946 жылы Женевада халқаралық астық сапасын стандарттау орталығы ашылды. Бұлар барлық халықтарға бірдей қатынасы бар стандарттар жасап енгізу, халықаралық қатынастарды нығайту және астық, нан өндірісінде істейтін көптеген қауымды біріктіру мақсаттарын алдарына қойған. Қазақстанда жыл сайын өсірілетін астықтын сапасын, оны қабылдау, сақтау, өндеу проблемаларын мемлекеттік астық инспекциясы басқарады.
1. 2 Қазақстанда өсімдік шаруашылығының (егішіліктің) дамуы
Қазақстанды негізінен ежелден мал шаруашылығымен айналасқан көшпелі халықтар мекен еткен.
Мұны мен қатар тәрихи-әдеби деректерге қарағанда, кейбір топырағы құнарлы сулы аудандарда аздаған егін шаруашылығының болғаны туралы да мәліметтер бар.
М. С. Сүлейменовтың (1971) деректеріне қарағанда, Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы11 мың жылдықта Қазақстанның оңтүстік облыстарында бидай егістігі болғаны байқалады.
Тарихи деректерге қарағанда алғашқы кезде бұл жерлерде жұмсақ бидай, құрғақшылық аудандарда тары егілген.
Бидайдың аласа бойлы қожа бидайтүрі осы қазақ жерінде пайда болып тараған.
Оның себебі көшпелі халықтар бидайды қыстауда егіп, өздері мал бағып жайлауға шығып кететін де, күзде жайлаудан қайтып оралған соң ғана бидайды орып алатын болған.
Сонда жуан сабақты, ауа райының қолайсыздығына төзімді түрлері жығылмай қалып, көшпелі халық соларды жинап алып кажетіне жаратқан.
Сөйтіп, қожа бидай аты бидайдың бұл түрі табиғи жағдайда қазақ жерінде қалыптасқан және осы уақытқа дейін кейбір аудандарда егіледі. Батыс облыстарда Ресейде, Ираннан әкелген қатты бидай көп егіліп келген.
Қазақстан жерінде жоғары сапалы бидай өсетіні баяғыдан белгілі. Академик Д. Н. Прянишников (19650) өзінің кітабында бұлай деп жазды :Франция бидайының 100 дәні, 4, 55 грамм, Индия бидайының дәні -3, 8, Америка бидайы-3, 12, орыс бидайы -2, 25, ал Қоңыраттын ақ бидайы -6, 12 грамм, кожа бидайы-4, 5 гр, тартады деп жазылған.
Қазір ғылым Удольская осы Қожа бидайында «Қазақстан 126»аты жана сорт шығарды. Осы кезге дейін Ақ бидай, Шөл бидай, Сыр бидай, Қызыл бидай сияқты т. б. да байырғы бидайдын жергілікті сорттар кездеседі.
Қазақ жерінде қыс қатты болып, жұт болған жылдары көп мал қырылып, қазақтар кейінрек күн көріс қамы үшін егіншілікпен де айналыса бастаған .
Солардың ішінде Сейтқұл (1771830) деген дихан қазақтың аты тарихта қалған.
Ол қазіргі Торғай облысы, Торғай ауданда тұрған, бидай, тары, қауын, қарбыз, пияз, асқабақ және жүзім егістерін бірінші болып еккен.
1730 жылдарда Қазақстанның Ресеймен байланысының, қарым-қатысының кеңеуіне орай егін шаруашылығы да өркендей бастайды.
Кейін келе дәнді дақылдар егісі Әулие Ата уезінде (1900 жылдары ) әдеуір кеңейтілді.
Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда егістіктің көлемі тез ұлғая бастады. 1928-1930 жылдары қара шаруаларды өсімдік шаруашылығын көтеруіне байланысты, егістіктің көлемі өсіп -3, 8 млн гектарға, ал 1953 жылы -7 млн гектарға жетті. 1954 жылдан бастап Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру басталады. 1965 жылы 25, 5 млн га жер игеріліп, ол жерлерде 337 үлкен астық шаруашылықтары құрылды да, сол жылдары үкіметке 10 млн тоннадан астық тапсырылды .
Сөйтіп Қазақстан ірі астық өндіретін аймаққа айналады.
Қазақстан астығының 57 процентіне дейіні үкіметке тапсырылады . Республиканың оңтүстік облыстарында күздік, ал солтүстік облыстарында жаздық бидай егіледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде бидай жер жүзінде өте көп тараған дақыл және, қара бидайды есептемегенде, ұн мен нан сияқты кең тараған тағамдары тек бидайдан ғана алуға болады .
Жер шарында оның көптеген түрлері бар.
Оның ішінде екі түрі көп тараған.
Олар жұмсақ бидай көбінесе нан пісіруге пайдаланылады.
Ол өзінің наубайханалық қабілетіне қарай үш топқа бөленіде.
Бірінші топ - күшті бидай.
Оның наубайханалық қабілеті өте жоғары, осал бидайдың наубайханалық қабілетін қатардаға дәрежеге жеткізе алады.
Оның құрамында ақуыз (белок) және дән маңызы (клейковина) к-п болады және олардың сапасы -өте жақсы болып келеді.
Екінші топқа - қатардағы бидай жатады.
Үшінші топ-осал бидай-наубайханалық қабілеті қанағаттанарлықсыз, өзі таза күйінде нан пісіруге жарамайды.
Күшті бидай Қазақстанның тек солтүстік облыстарында өседі.
Күшті бидай өңдірісі бойынша Қазақстан жер жүзінде елеулі орын алады . Бұл бидай халықаралық стандарттарға сәйкес шет елге сатқанда КС-14, 5 немесе КС-15, 5 деген өзіндік атағымен сатылады.
КС-Қазақстан спрингі (Ағылш. жаздық деген сөз) . 14, 5 немесе 15, 5-оның құрамындағы ақуыздың проценті.
Бұл бидай тек алтынмен есептелетін бағамен сатылады.
Күшті бидай Қазақстаннан басқа АҚШ, Канада және Ресейдің Краснодар өлкесінде өседі. Оның құны өте жоғары, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде ерекше орын алады және оның көлімі жылдан-жылға өсуде.
1. 3 Өсімдік шаруашылығының негіздері
Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.
Дәнді дақылдар. Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15-20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35-40 п/га.
1 кесте - Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары (Н. И. Вавилов пен В. В. Вольский бойынша)
апельсин, зәйтүн, құрма
сұлы, кендір, бұршақ,
қызылша, жүзім
мақта, джут, шай,
кокос пальмасы
қытайтары (гаолян), арпа,
тары, шабдалы, өрік
саго, банан, қант құрағы
тары, кофе, мақта,
банан
май пальмасы, қарбыз,
қауын
жержаңғақ, какао, сизаль,
макта, темекі
мақта, күнбағыс
Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында - Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т. б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл - бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.
2 кесте - Дәнді дақылдар жинаудан жетекші елдер. 2012 ж.
саны
млн. т
жинаудағы үлесі, %
Бидай.
Бидай - ең басты дақыл. Оның негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған.
Қазір бидай адам тұрақты мекендейтін барлық материктерде өседі. Бидай солтүстік жарты шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Кесте мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері, арпа) жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған.
Бидайдың тауарлық өндірісі XIX ғасырдан бастап дала зонасы таралған материктерде қалыптаса бастаған. Қазір олар жоғары маманданған ірі шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы Ұлы жазықтар, Ресейдің; Еуропалық, бөлігінің оңтүстігі, Украина, Қазақстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстігі, Аустралияның оңтүстігі, Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңірлер жатады. Астықты өлкелердің бірі болып саналатын жер - АҚШ пен Канаданың Орталық жазықтары. Мұнда көбінесе жоғары сапалы нан пісіруге арналған қатты бидай өсіріледі. Виннипег каласын бидай астанасы деп атайды.
Күріш
.
Күріш - тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері - Қытай. Бидай сияқты басқа жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия, Египет және т. б. ) күріштен жылына екі рет өнім жиналады. Күріш - жылу мен ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орналасқан аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр.
Жүгері. Жүгері (маис) -Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар орналасады. Тек дән үшін ғана емес, мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсіру соңғы кезде оның таралу аймағын кеңейтті. Басты өндіруші елдер - АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан - АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі.
Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10-15%-ы шығарылады. Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады. Азық-түліктік астық өз астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі. ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30-40 млн т астық сатып алуға мәжбүр. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу байқалады. Соңғы жылдары Қазақстан астықты сыртқа шығаратын елдер қатарына қосылды. Мысалы, 2009 жылы ұн сатудан ТМД елдерінде бірінші орынға шықты. [1]
Техникалық дақылдар . Өсімдік шаруашылығының маңызды саласының бірі - техникалық дақылдар. Олар әр түрлі өндіріс салаларына шикізат ретінде өсіріледі. Аса маңызды техникалық дақылдарға майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, крахмалды, сергітпе және дәм-татымдық дақылдар жатады. Олардың өзі азық-түліктік маңызы бар және азық-түлікке жатпайтын деп ажыратылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz