Кустық жұмыстың өзектілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- --
-------3
ІІ. РАДИОЖУРНАЛИСТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР----------------------7
2.1 ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК--------------------------- ---14
2.2 ШЕШЕН СӨЙЛЕУ – ДИКТОРҒА ТӘН ҚАСИЕТ-----------------------17
2.3 СҰХБАТ ЖӘНЕ РЕПОРТАЖДЫҢ РАДИОДА КӨРІНІС ТАБУЫ---19
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- -
--23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ----------------------------- ------------------25

КІРІСПЕ
Кустық жұмыстың өзектілігі: Адамды адам еткен еңбек және сөйлеу машығы
дейді ғалымдар. Сөзді тыңдарманына жеткізудің де қуатты құралы радио
болмақ. Радио –журналистиканың саласы, бұқаралық ақпарат құралының бірі.
Оның осы аталған қызметі арқылы маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде.
Қазіргі күні радиоэфир бір мезгілде көптеген тыңдармандарға жетіп, керек
деген ақпараттардан хабардар ете алады. Сол арқылы қаншама адамның санасына
ықпал етіп, пікір тудырып, ой қорыту жүйесіне өз әсерін тигізеді. Шындығы
керек, радионы көшеде кетіп бара жатып та, көлікте отырыпта не болмаса үйде
демалып отырған сәтте де тыңдауға болады. Бұл дегеніміз, радионы
пайдаланудың артықшылығын көрсетсе керек.
Радионың құдыреті сол, адам саныс сілкінтіп, көңілін шымырлататын
қасиетінде, шынайы өнер туындысы секілді кісіні қанаттандырып,
шабыттандырып, рухани жан – дүниесіне де әсер етеді.
Күн сайын эфирге шығатын бағдарламалырды маңызы тіптен зор. Оны тыңдау
арқылы кез келген кісі өзінің рухани қажеттілігін өтейді. Ал бағдарламада
айтылған әңгіме кімнің де болса көкейіне ой салады. Сол себептен диктор
тікелей эфир уақытында өз сөзіне абай болып, ойланып шешім қабылдағыны
дұрыс.
Эфирге шыққан бағдарлама адамның көңілін көтеріп, демейді, оптимистік
қуат беріп, жігерлендіреді десек тікелей эфир арқылы тыңдарманға жол
тартқан сол бағдарлама жүргізушісіне қойылар талап биік. Диктордың бір қате
айтылған не болмаса мағынасыз пікірін миллиондаған тыңдарман естіп, сол
қате пікірдің арқасында теріс бағыттағы көзқарас қалыптастыруы әбден
мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды, радио тек ақпарат таратушы ғана емес,
тәрбие құралы болмақ. Сондықтан, менің таңдап алған курстық жұмысымның
тақырыбы өте –өте маңызды.
Зерттеу жұмысның нысаны: Радиодағы тікелей эфир.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Аталған курстық жұмысты жазу барысында
бүгінгі жас мамандар ақыл –парасаты мол, талғамы биік, сауатты, сөзге
шешен, тілі жатық, үні мақпалдай заманға сай диктор болып қалыптасса екен.
Және тәрбиелік мәні зор хабарлардың санын артса деген мақсатты алдыма қоя
отырып төмендегідей міндеттерді белгілеймін:
- Жас журналистерге нағыз радиожурналистің міндеттерін атап көрсету;
- Мамандық майталманы болу үшін жасауға тиісті шаралар;
- Тікелей эфирде тосылмай сөйлеу техникасы.
Зерттеу жұмысның дереккөздері: курстық жұмысты жазу барысында мынадай
әдебиеттер қолданылды: З.С.Тайшыбай Журналистиканың құқықтық негіздері
(2008ж.)В.В.Ворошилов; Журналистика; (2004ж.), М.Н.Ким. Новостная
журналистика (2005ж), (2003ж), Қазақстан Конституциясы (2008ж.), Н. Омашұлы
Радиожурналистика (2005Ж.), Н. Омашұлы Ұзынқұлақтан қазақ радиосына
дейін (2007ж.), Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен (2008ж.)
Курстық жұмыстың жаңалығы:
Курстық жұмыстың практикалық және теориялық маңызы: Бұл жұмысты жоғарғы
оқу орындарында оқытушылар мен студенттер әдістемелік құрал ретінде
пайдалана алады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі
деп айтқан белгілі ғалым А.Байтұрсыновтың зерделі ойы бүгінде өз міндетін
қалтқысыз атқарып келеді. Заманның қарыштап өркендеуіне байланысты
газеттің сыртқы көрінісімен бірге оның беттерінде орналасқан түрлі газет
жанрында жазылған мақалалардың маңыздылығы мен сапалығына да аса мұқият
болу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының
ішіндегі баспасөздің орнын , рөлін бөліп-жара айтуға болады. Электронды
ақпарат құралдарына қарағанда баспасөздің ерекшеліктері бар екендігін осы
орайда айтып өту орынды. Мәселен, радио, телевидение эфирлерінде сол
кездегі ақпараттан хабар беру кезінде түсінбей не болмаса естімей қалған
кейбір сюжеттерге қайта орала алмайсың. Ал газет-журналда басылған сөз
мәңгілік, сондықтанда бірнеше жылдардан соң баспасөз тарихын зерттеушілер
мен қажетті мәлімет іздеушілер, тарихшылар дереккөздерін мұрағатта
сақталған басылымдардың шаң басқан беттерінен тауып жатады. Яғни, оны тіпті
ғасырлар өткенде де тасқа басылған сөз ретінде пайдалануға болады.
Қазақстанда баспасөз дамуында үлкен жаңашылдық, тың өзгерістер бар екендігі
айқын сезіледі. Қазіргі кезде мемлекеттік және мемлекеттік емес
газеттердің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай бой көтеруі баспасөздің
қарқынды дамуына септігін тигізіп отыр. Бәсеке болған жерде сапалы
материалдардың дүниеге келуі сияқты оң нәтижелерге қол жеткізе алатынымызды
күнделікті өмірден көріп отырмыз. Сондай-ақ кемшін тұстары да жоқ емес. Бір
идиологияға бағынып келген Кеңестік дәуірдегі бір ғана баспасөз, енді міне
заман талабына сай түрлі позициядағы әралуан баспасөздерге ұласты. Олардың
тақырыптары мен стилдері, концепциялары да әрқилы болып келеді.
Мәселен, биылғы маусым айына дейін біздің мемлекетімізде 7281 баспа және
электронды БАҚ тіркелген . Ал, шынтуайтына келгенде бұл дерек тек қағаз
жүзінде ғана. Ол жөнінде Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет
Ертісбаев өз сөзінде мерзімдік бойынша бар болғаны тек 2,5 мыңы ғана іс
жүзінде өз жұмысын атқарып жатқанын айтып өтті.
Сондай-ақ, БАҚ-дың тең жартысы Жарнама туралы Заңның талаптарын
сақтамаған, - дейді мәдениет және ақпарат министрі.
Интернеттің қолданысқа енуі, газет-журналдар санының көбейіп отырған кезде
әркім өз өнімін өткізуге тырысады. Соңғы бес-алты жылда Қазақстанда
ұйымдастырылып жүрген медиа-форумды қай жағынан алсақ та маңызы зор
екендігін әлемнің төрт бұрышынан жиналған зиялылар да мойындап отыр. ТВ-4
телеарнасының халықаралық жаңалықтар үйлестірушісі Анна-Кэтрин Хэроу
әлемде болып жатқан шиеленістер мен келеңсіздіктерге апаратын жолда БАҚ-
тың рөлі мен орны айрықша екенін жеткізді.

Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, талдау
тәсілдері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұымстың құрылымына келсек, үш бөлімнен тұрады.
Алдымен кіріспе және үш негізгі бөлім,соңы қортынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімімен аяқталады.

ІІ. Радиожурналистке қойылатын талаптар
Радионың тілі мен стилі туралы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары алғашқы зерттеулер
пайда бола бастады. Бұл кезде жекелеген шағын еңбектер, мақалалар
жарияланды. Бірақ мұндай зерттеулерде көбіне алғашқы бауқаулар мен
тұжырымдар жасалады. Сондай –ақ, сол кездегі зерттеулерде көбінесе
мәселені терең әрі жан – жақты қамтиалмаушылық кездеседі. Алайда сол кездің
өзінде – ақ қайсі бір проблемалардың көтерілуі құптарлық еді. Алғашқы
еңбектер Говорит СССР, Советское радио и телевидение деген басылымдары
жарияланды. Ой – пікірлер айтылды. Бұл – алғашқы ізденістер еді. Әлі
аныықталмаған мәселелерді қозғау, жаңадан теория мен тәжірбие жайын жолға
қою ісі қолға алынды. Сөйтіп біріншілердің қатарына Бернштейн сияқты
ғалымдар зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сонымен бірге, М.Зарва, В.Вакуров,
В.Ружнеков, И.Андроников сияқты ғалымдар шықты. Бұлардың еңбектерінде
радиодағы хабарға байланысты тақырыптар зерттелді. Одан соң да зерттеу аясы
бірте – бірте кеңейіп, басқа да тақырыптар бойынша концепциялар
қарастырылды. Бұл орайда радио тілі біржақты қарастырылмай, әдеби тілге
және жалпы тіл заңдылықтарына байланысты алынды. Осы ретте орыстың атақты
ғалымы, академик Виноградовтың әдеби тілі мен стилі туралы және теориясы
туралы еңбектері пайдаланылды. Басқа да көптеген орыс ғалымдарының
лингвистикалық еңбектеріне назар аударылады. Ал қазақ зерттеушілерінің
еңбектеріне келетін болсақ, бастапқы кезде қазақ тілін жан – жақты
зерттеген Ахмет Байтұрсынов еңбектерін айту керек. Байтұрсынов тілдік
нормалардың жасалуы және заңдылықтары жөнінде еңбектер қалдырды. Сондай-
ақ, Әдебиет танытқыш деген еңбегінде тілдің тазалығына және анықтығына,
дәлдігі мен әуездігіне байланысты пайымдаулар мен ғылыми қорынтындылар
жасады. Сонымен бірге, сөздің дыбысталуы мен айтылу мәнері туралы
тоқталған. АЛ осы айтылған жайлар – радио тілі мен стиліне байланысты алып
қарауға байланысты мәселелер. Келесі бір қазақтың академик ғалымы Қажым
Жұмалиев Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Сбай поэзиясының тілі
деген еңбегінде. Сондай- ақ Стил – өнер ерекшелігі деген еңбегінде, тіл,
стилге орай ғылыми пікірлер айтқан. Сондай ғалымдар қатарына С.Аманжоловты,
Н.Сауранбековты, І. Кеңесбаевты, Ә.Хайдаровты,
Р. Сыздықоваларды атауға болады. Осы секілді ғалымдар қазақ тілінің
көптеген проблемаларын зерттеді. Сондықтан олардың еңбектерін де радионың
тіоі, стиліне қатысты түрде пайдалану керек. Журналистика саласында қазақша
арнайы, дербес зерттелген еңбек жоқ деуге болды. Бірақ арғы- берге
зерттеушілер: Х. Бекхожиннің, Т.Амандосовтың, Т.Қожакеевтың, Н.Омашеваның,
Р.Сағымбековтың еңбектерінде қосымша тіл – стилге байланысты айтылатын
мәселелерді пайдаланған жөн. Бір айта кететін нәрсе – радионың тілі , стилі
туралы қазақша еңбектер жазып, зерттеу алдағы уақыттың ісі. [1.53б]
Радионың тілі – қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, мәнерлі, әуезді
болуы керек. Сонымен бірге, радио тілі зерттеушілердің пікірлеріне назар
аударсақ, қосымша мына жайларды аңғаруға болады. Мәселен, ғалым А.Шнейдер
өз еңбегіне: кітаптың тілі емес, газеттің тілі емес, сөйлеу тілі ғана
радио тілі болуы керек, - деді. Ал зерттеуші Ю.Гальперин болса: Радионың
табиғатының өзі сөйлеу тілін қажет етеді,- деген. Сондай – ақ, Б.Михайлов:
Радио хабар тілі – әдеби тілдіңсөйлеу түрлеріне жатады, - дейді. Тағы бір
пікірді А.Фриш былай деп түйеді: Оның (яғни, радионың) сапасы сөйлеуге
байланысты.[1,53.б]
Демек осы пікірлердің бәрін қорыта келгенде, үлген ұғымдағы радио тілі
дегеніміз – сөзден, сөйлеуден, әнгімелесуден келіп құралады. Сол сөйлеудің
бәрі жай ғана айтыла салмай, радионың, яғни, ақпарат құралының мақсатын
орындауы керек. Сонда ғана сөйлеген сөздер радио тіліне айнала алады.
Тіл қолданудың өзіндік сырлары, жұмбақтары жетерлік. Радионың ерекшелігіне
байланысты дыбыс айрықша рөл атқарады. Радиодағы ауызша сөз бен сөйлеу
тілінің мәні бар.
Сондықтан сөйлеген дауысты жоғарылату мен төмендетудің және екпіннің, үн
ырғағының радиода сөйлеу үшін орны бөлек. Дауыстың қандай дәрежеде
болуының өзі адамға әртүрлі әсер етеді. Дыбыс акцентпен айтылған өз
көңңілге қонымды шығады. Естугеде жағымды.
Радиохабарын есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, текстің немес
сценарийдің айтылатын әңгімеге сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор
мән беріледі.
Соңғы уақыттағы осындай зерттеулерге сүйенетін болсақ, радиотыңдаушылар
ықыласын игерудің бір-бірімен тығыз байланысты үш кезеңін атайды. Оның
алғашқы кезеңінің өзін үш түрге бөліп қарау керек:
Біріншісі – біраз үнсіздіктен кейін естілетін диктор үні, немесе музыка.
Сол сияқты сөз арасында жасалған тосын пауза да аудитория көңілін он -
жиырма секундқа аударады екен. Ал дауыстың бірқалыпты емес, әлсін-әлсін
бірде төмен, бірде жоғары шығуының тигізетін ықпалы одан да мол.
Келесісі – аудиторияның тап сол сәттегі өте қажетсініп отырған мәселесін
қозғау. Радионың оперативтілігін пайдаоанып тыңдаушылар күткен көкейтесті
тақырыпқа бару.
Соңғысы - әрбір бағдарламаның, радиожурналдың бұрыннан қалыптасқан
тәжірибесіне байланысты туындайды. Мәселен, хабардың музыкалық шапкасын
немесе атын естісімен-ақ аудитория одан қандай қызықты, әрі ақиқат ақпарат
алатындығын шамамен болжалдап отырады. Бірақ мұндай тәсілмен радио
аудиторияны көп уақыт ұстауы мүмкін емес. Сондықтан ол хабардың алғашық
минутында-ақ, тыңдаушы ықыласын меңгеружің екінші кезеңіне ұласып кеткені
дұрыс. Яғни әңгіменің маңыздылығы, информацияны қызықтығы тыңдаушылар есіл
- дертін одан әрі баурап алады.
Радиожурналистер арасында кез келген хабарды текстісімен емес, естілуімен
бағалау керек деген сөз бар. Бұл, әрине, тегін айтылмаса керек. Себебі,
дикторлық оқу мен жүргізуші шеберлігі арқасында орташа жазылған текстің
өзін тым жақсы шығару, керісінше, тәп-тәуір туындыны өз деңгейінде жеткізе
алмау тәжірибеде мол кездесіп жатады. Олай болса, радиохабарының бастан -
аяқ ойдағыдай тыңдалуы үшін тек мазмұнды болу жеткіліксіз. Себебі, маңызыд
деген материалдың өзін бірқалыпты дауыспен (монотонды) оқу адамның
логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер етпейді. Яғни,
хабардың эмоциялық ықпалы нольге тең деген сөз. Мұндай хабардың тыңдалуы
ауыр болғандықтан тез шаршатады, жалықтырып жібереді. Сондықтан оның
мазмұнымен бірге эфирден берілу формасы, естілу ерекшелігі де тыңдаушысын
тартып, сезімін үйіріп, көңіл-күйін жетелеп отыруы тиіс. Бұл радиоаудитория
ықыласын игерудің үшінші кезеңінде іске асады.
Сонымен екінші кезеңнен үшінші кезеңге ауысу негізінен микрофон алдында
сөйлеушінің творчестволық мүмкіншілігіне, дайындығына, шеберліген
байланысты. Дәлірек айтсақ, негізгі жүкті көтеретін, басты қызметті
атқаратын нірсе – сөйлеуші интонациясы.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өзара қарым-қатынсы мен байланысын айтқанда
мына жайларға баса көңіл аударамыз:
1.Бірін-бірі мамандармен толықтырып отырады. Газет журналистері, теле
болмаса радиожурналистер деген мамандану қмірде таза күйінде сирек
кездеседі. Көбіне кадрлар ауысып, бірін екіншісі байытып, жалғастыра кете
береді. Көбіне радиода микрофонға төселген, сөйлеу машығын жетік
меңгергендер кейіннен телеэкранда да жақсы хабарлармен танылады.
2.Ұдайы ақпараттық алмасу жүріп жатады.
Радиожурналистер баспасөздің, телеарна мен интернеттің материалдарын
тікелей немесе өңделеген күйінде де қызметінде пайдалануы мүмкін. Тіпті,
радионың бастауында газет мәтінін оқу тұр емес пе?
БАҚ жүйесіне жанрлар мен пішіндер ортақ, бір-біріне ықпалдасып дамыған.
Бүгінгі телевизиялық жанрлар бастауын газеттен алады. Радионың пішіндері
мен жанрлары да үлкен эволюциялық жолдан өтіп барып, қалыптасты, ол өз
кезегінде тедевизиядан тікелей көрініс тапты. Яғни, осының өзінен
журналистік ізденістер мен әдіс тәсілдердің ортақтығы аңғарылады.
3.Жалпы қоғамдық, саяси науқандары, жарнама мен мәдени шараларды өткізу
тәжірибесі ортақ. Билік органдарын сайлау босын, музыкалық туындыны
насихаттау болсын, белгілі бір тауарды жарнамалау болсын - БАҚ ортақ
міндет - ақпарттық қамтамасыз етуге бір кісідей жұмылады. Әрқайсысы бір-
бірін толықтырып, ортақ мүддеге қызмет етеді. Тиісінше, қаражаттық үлесін
алады.
Телевидениеде немесе радиода микрофон алдында сөйлеп отырған журналиске
қойылатын басты талап – дыбыстың таза, анық болуы. Егер сөйлеп тұрған
сөзіңізден бір дыбыс естілмей қалса не күңгірт, шала естілсе, бар сөйлемнің
мән-мағынасы бұзылады. Бұл жай, кейде табиғи жаратылыстан пайда болған
кемшіліктердің нәтижесінде де туындайды. Ол – кетік тіс немесе қысқа тіл.
Сол сияқты, кекештену, жақты ашпай дыбысты тістің арасынан сыздықтатып
шығарып сөйлеу, сөзді асығыс айту, соңғы әріптерді айтпай кету немесе
естіртпей сөйлеу- бала күннен қалыптасқан әдет. Сондықтан да, жүйелеп анық
сөйлеуге баулу, тәрбиелеу – балабақшадан, мектеп қабырғасынан басталуы
керек.
Дауысты тәрбиелеу өнер адамы үшін жетістікке бастар алғашқы қадам болып
табылады. Сөз мағынасын, сөз астарын ашатын дауыс болса, сол дауысты
меңгертетін басты құрал дем.
Дем – дауысқа күш-қуат, жәрдем береді. Демек, дикторлық шеберлік пен сөйлеу
техникасының басын біріктіріп, ұштастыра білу аса маңызды. Сондықтан да,
дем, дикция, дауыс бір-бірімен өте тығыз байланысты. Оларды бөліп жарып
қарауға болмайды. Олар әрқашан бірін-бірі толықтырып, бірінен-бірі туындап
отырады .
Жаратылысында жоқ дауысты табу ешбір адамның қолынан келмейді. Ал, өз
дауысының көлемін кеңейтуге, дауысына музыкалық үн беруге, дыбыс ырғақтарын
дамытуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін:
1. Демді әбден меңгеріп алу үшін қажетті жаттығуларды ерінбей, жалықпай
жасау керек;
2. Дауысты дыбыстардың шығуына кедергі келтірмейтіндей, дыбыс тамақта
тығылмай еркін шығатындай үлкен тіл мен көмейдегі кішкентай тілді икемге
келтіру керек;
3. Денеде әрқашан еркіндік болуы керек. Тамақ пен мойын сіресіп тұрмауы
тиіс;
4. Дауыстағы төменгі регистр, жоғарғы регистр түгелімен пайдалануы қажет;
5. Сөйлегенде дауысты дыбыстарға ұқыпты бола отырып, анық және созыңқырап
айту керек;
6. Шыққан демді ұстап қалмай, дауысты дыбыстармен сөздің мағынасына қарай
шығару керек;
7. Иек пен жақ еркіндікте болып, тіс ашық болуын қадағалау керек;
8. Тамақты сақтау керек. Өте ыстық, өте суық, ащы және тұщы тағамдар
тамақты ауруға шалдықтырады;
Демек, дикторға қойылатын басты талаптардың бірі– сөйлеу техникасын жақсы
игеру. Сөйлеу техникасы мен сөйлеу мәдениетін қатар меңгеру – дауыс сапасын
жақсартудың бірден-бір жолы. Өйткені, сөйлеу мәдениеті – сөздерді
білдірмек ойға дәл таңдай білу болса, сөйлеу техникасы – сол сөздерді
тыңдаушысына жеткізе білетін дауыс құбылыстарын меңгеру болып табылады.
Сөйлеу мәдениеті мен сөйлеу техникасынан хабардар болу, өзіңді қоршаған
ортаның талап деңгейінен шығу, күнделікті өмірде пікір алысатын
серігіңіздің сіздің әңгімеңізге риза болуы деген сөз.
Соңғы кезде дикторлардың сөйлеу шеберлігіне тағы бір ақау қосылғаны
байқалады. Ана тілін жете меңгерген, жатық сөйлейтін жүргізушілердің өзі
сценарий мәтінінің қағазға түскен қалпын, яғни орфографиялануын бұзбай
айтамын деп қара көз, қара кесек, меңді қыз тәрізді сөз тіркестеріндегі
ішкі үндестікті ескермейді, яғни жазылу нормасына қарсы айтылу нормасын
бұзады.
Тележүргізушілерге деген халықтың сенімі мен көзқарасын жоғалтып алмау үшін
отандық телеарналар, әсіресе тәуелсіз телеарналардағы мемлекеттік тілдің
деңгейін жетілдіріп, эфирге қазақ тілін сауатты меңгерген жүргізушілерді
жіберу талабын қойып,барлық журналистерге қазақ тілін білуді міндеттеу
керек. Қазақ тіліндегі жобасы түзу деген хабарларды эфирден жібере салмай,
мазмұны терең, сапасы жоғары кәсіби дүниелерді іріктеп, саралап көрсеткен
абзал. Соңғы уақытта кірме сөз, термин, диалектикалық сөздердің мағынасына
үңілмей, жалпылама қазақшаға аудару белең алуда. Тисе терекке, тимесе
бұтаққа деп, қалай болса солай аудара беру тіл мәдениеті мен эфир
этикасына нұқсан келтіріп жатыр. Сондықтан жүргіуші мағынасы түсінксіз, өз
мәнінде ашылмаған аудармаларға сақтықпен қарағаны жөн. Мұның бәрін эфирде
отырғанда аңғару мүмкін емес. Сондықтан жүргізуші эфирге шықпастан бұрын,
дайын мәтінді толықтай оқып шығып, түсініксіз сөздерді өз сөзімен түзетіп
алғаны абзал.
Теледидарда сан миллиондық аудиторияның алдына шығып, салмақты, толымды ой
айту, кернеуін толтыра, қиыннан қиыстыра отырып сөз құрау – жұрттың бәріне
бірдей бұйырмаған қасиет. Сан құрсаулы, қалың қатпарлы ой тізбегін
шашыратпай өрбіту әрбір жүргіушіден шеберлік пен тапқырлықты, білім мен
біліктілікті, ойлылық пен ой жүйріктігін қажет етеді. Теледидардың алғашқы
балаң шағында бейне көріністер мен студия мейманының сөзі-ақ жұртты өзіне
қаратқанымен, келе-келе көрермен кіші экраннан өз ойын дөп басатын, ақыл-
кеңес айтатын, тіпті теледидар-телефон байланысы арқылы пікір таластыратын
арнайы тележурналистика маманын, бүгінде жеке тұлға дәрежесіне көтерілген
тележүргізушіні іздейтін болды. Тележүргізуші өз тұрғысында телередактор
ретіндегі арнайы маман болғанымен, көрерменнің оған дейтін ықыласы, қалауы
оны тұлғаға айналдырды. Сондықтан да тележүргізуші көрермен көңілінен
шығатындай болуы керек, теледидар этикасын жетік меңгеріп, бұл салаға
қатысты ережелерді сақтағына жөн.

2. 1. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
Радионың өзі - дыбыс өнері. Дыбыс адамның нізік түйсігінде соғып, ұғым
туғызатын эмоциялық құбылыс. Дыбыс өнері өмір шындығын, көркем образдарды
естірту арқылы бейнелейді. Бұл оның бейнелеу тәсіліндегі өнердің басқа
салаларының өзгешелігі, өзіне тін ерекше сипаты.
Радиоөнерді радиолық көркем шығармадан әсте бөле қарауға болмайды. Бірі
негізі болса, бірі соны паш етуші, мән-мағынасын, сыр-сипатын тыңдаушы
жұртшылыққа айқын жеткізуші. Яғни, осындай құдіретті сөзімге бөлеуші
актерлердің сөзімен айтсақ, белгілі артист Олег Табаков бір мақаласында
микрофон алдындағы актердің мейлінше шыншыл болғаны ерекше бағаланады.
Себебі, тыңдаушының көру мүмкіндігі жэоқ, тек біздің үніміз ғана бар.
Сондықтан тыңдаушы зейіні тек дыбысқа ауады да актер үніндегі аздаған болса
да жасандылықты тез аңғара қояды. Радиосахнадағы актердің образға кіруін,
оған берілуін қаншалықты нанымды етіп ойнап тұрғандығын экран мен
сахнадағыдан гөрі тез тануға мүмкіндік мол. Мұнда дыбыстық өнерге үлкен мін
беріледі.
Радиоөнердің сипаты, мүмкінділігі тек қана радиодраматургияның ішікі
заңынан көрінеді.көркем проза мен поэзияның мазмұн-мақсаты, сыр-сипаты,
кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқы, қарым-қатынасы арқылы айқындалып
ашылса, радиодраматургияның сыры актердің дыбыстық ойнау шеберлігімен
ашылады. Осыған байланысты Олег Табаков: Радиода көбінесе актерлік
штамптан қашуға тура келеді. Оның сахна, экран қойылатын талаптан
өзгешелігі соншалық, актерлік ойнау шеберлгі басқа қырынан танылады, яғни
дыбыстық образ жасауға көп көңіл бөлінеді,- дейді.
Радиоөнерінің ең негізгі мақсаты жөнінде А.Н.Толстойдыі сөзімен айтар
болсақ: Адам жаны туралы шындықты, жай сөзбен айтып жеткізе алмайтын жүрек
ққұпияларын суреттеу болып табылады. өнер микроскоп тәрізді. Оның тетігін
біліп туралай алған адам ғана ішікі жан-дүниесін ақтара көрсетіп, айшықтай
алады,- деген тұжырымға келер едік.
Біз дыбыс әлемінде өмір сүреміз, қоршаған ортамен белгілі бір қарым-
қатынаста болмаыз. Электронды ақпарат құралдары өмір ағысындағы күнделікті
дыбыстарды өңдеп, түрлендіріп қайта тыңдауымызға ұсынады, дыбыстық
символдар арқылы санамызға жаңа ұғымдарды сіңіреді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері
Тауықтың оба ауруы
«Мұнай кенорынды игеруге және пайдалануға салынған ақша қаражаттарының тиімділігін талдау»
Тіл білімі сөздігінде мәтін
Ағымдағы жер асты жөндеудің жобасы
Дидактикалық материалдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту.
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
Биотехниялық шаралар
Жұмыс уақыты ұғымы
Қара бидай егістігі
Пәндер