Ресейдің дипломатиялық қызметі


Мазмұны
Кіріспе. . 3
1. Ресей дипломатиялық қызметінің дамуы: тарихи ретроспективасы . . . 5
1. 1. IX- XIIғғ. Киев Русі дипломатиясының қалыптасуы мен дамуы………. . 5
1. 2. XIII- XVғғ. Киев Русі дипломатиясының ерекшеліктері . . . 6
1. 3. I Петрдің дипломатиялық реформасы: дипломатиялық қызметтің европалық моделіне көшу . . . 8
2. Қазіргі кезеңдегі Ресей дипломатиялық қызметінің даму деңгейі және ерекшіліктері . . . 17
2. 1 XIXаяғы -XXғғ. басындағы Ресейдің дипломатиялық қызметі . . . 17
2. 2. Қазіргі таңдағы Ресей Федерациясының дипломатиялық қызметі . . . 20
3. Қорытынды . . . 24
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Сонау XVIғ Ресей империясы пайда болғаннан бастап дипломатиялық және консулдық қызмет туралы сұрақ өзекті мәселелердің бірі болып келді. Бұл курстық жұмыста Ресейдің дипломатиялық қызметінің даму ретроспективасыннан бастап бүгінгі таңға дейінгі даму барысы мен ерекшеліктері зерттеліп, ашылған. І Петрдың ең мықты дипломат екенін білу және оның дипломатиялық қызметіне ерекше көңіл бөлінген. Тек І Петрдың билік басына келуімен «дипломатия тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас системасы» деген түсінік пайда болды. І Петрдың реформасы көптеген жаңашылықтарға алып келгені жайлы негізгі мәселе ретінде қаралды. Ресей Федерациясы әлемдегі алдыңғы қатарлы державалардың біріне айналғандықтан, дипломатиялық қызмет оның сыртқы саясатында басты бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі таңдағы Ресей Федерациясының дипломатиялық қызметі дипломатия тарихында аса маңызды орындардың бірін алады. Өйткені оның дипломатиясын тарихи жағынан ауқымы кең дипломатия деп айтуға болады.
Зерттеудің мақсаты. Ресей дипломатиясы мен дипломатиялық қызметінің құрылымының түп тамырынан зерттеп, даму ерекшеліктерін анықтау. Құрылымының ерекшелігін анықтау. Сонымен қатар, орта ғасырлар, империя кезіндегі мен қазіргі Ресей Федерациясының дипломатиялық қызметтерінің ерекшеліктерін талдау болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
- IX-XI Iғғ. Киев Русі дипломатиясының қалыптасуы мен дамуына шолу жасау;
- XIII-XVғғ. Киев Русі дипломатиясының ерекшеліктерін атап көрсету;
- I Петрдің дипломатиялық реформасының маңызды аспектілерін атап көрсету;
- XIXғ. аяғы-XXғ. басындағы Ресейдің дипломатиялық қызметіне сипаттама беру;
- Ресей Федерациясының дипломатиялық қызметінің ерекшеліктеріне шолу жасау.
Тақырыпты зерттеу деңгейі. Курстық жұмысты жазу барысында, көптеген әдебиеттер мен деректер пайдаланылды. Тақырыпты ашудағы қолданылған әдеби материалдарға келетін болсақ: В. М. Матвеевтің «Дипломатическая служба» кітабынан көп деректер алынған. Мұнда Ресейдің дипломатиясының ретороспективасы толық қамтылған. Сонымен қатар А. Лактионовтың «История дипломатии» кітабында да Ресейдің дипломатиясына шолу жасалған. Лактионов кітабының көмегімен қаншалықты Ресей дипломатиясының мықтылығы мен ішкі саясаттардың ерекшелігі арқылы мәліметтер жиналды, даму тарихы тұрғысынан жан-жақты қарастырылған. Қазіргі таңдағы Ресейдің дипломатиялық қызметі, оның жүйесі мен дипломатиялық заңдары туралы дерек көздері интернет сайттарынан алынған. Келесі негізгі материалдардың бірі - Қазақстан Республикасының атақты дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Беласу» кітабынын алынған. Мұнда көбіне Ресейдің сыртқы саясатында аса маңызды рөль атқарған дипломаттар жайлы көп жазылған. Курстық жұмысты жазуда халықаралық қатынастар және дипломатия туралы кітаптар қолданылған. Қолданылған әдебиеттер тізімі курстық жұмыстың соңында берілген.
Зерттеудің методологиялық негізі. Курстық жұмысты жүргізуде қазіргі кезде қолданылып жүрген методологиялық принциптер мен әдістер қолданылды. Ресей мемлекетінің дипломатиялық қызметін қарастырғанда талдау, салыстыру әдістерін қолдандым. Талдау әдісін қолдана отырып, Ресейдің дипломатиялық қызметі туралы толығымен әрбір тарауда талдау жасалған.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс екі бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан тұрады.
І. Ресей дипломатиялық қызметінің дамуы: тарихи ретроспективасы
- IX- XIIғғ. Киев Русі дипломатиясының қалыптасуы мен дамуы.
Дипломатия - сыртқы саясат емес, ол одан бөлінбейтін, оны жүзеге асырудың құралы. Ол мінез-құлықтың принциптері мен кодекстерінің жиынтығы болып табылады [1] .
IX ғ. Днепр жағалауы мен оған жанасатын аймақтарда құдіретті славаяндық Русь мемлекеті пайда болды. Оны біз Киев Русі немесе Маркстің терминологиясын пайдаланып «Руриковилық» деп атаймыз. 9ғ аяғында Рюриковилықтар үлкен құдіретті күшке айналды, тіпті онымен көршілес жатқан мемлекеттер бақ сынаса алмайтын. Киев Русі Византия мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатқан. Византияның өзінің Киев Русіне қатысты көздеген мақсаты болды. 1043 жылы Ярослав Мудрый Византия империясымен достық қарым-қатынасын үзеді. Оған себеп Константинопольде византиялықтардың орыстарға жасаған қастандығы болатын. Византиялықтармен қоса Киев Русі Европа мемлекеттерімен, соның ішінде гректермен достық қарым-қатынас орнатқан. Гректермен жасасқан үш келісімдері сақталған. Олар: 911ж. Олег князінің, 945ж. Игорь князінің, 971ж. Святослав князінің келісімдері. Гректермен жасалған келісімсөздер «келіспейтін, тым асығыс жасалған, ебедейсіз» деген сипатта болған. Ол тек қана «ұлы орыс князі» атынан ғана емес, тағы «барлық жарқын және ұлы княздер» атынан жүргізілген. 945ж. жасалған келісімсөзге князь Игорьдің қасындағы елшілерден басқа жұбайы Ольгадан, ұлы Святославтан, екі жиенінен «жалпы елшілер» де қатысқан. Екі ел арасындағы келісім достық емес қатынасты тоқтатып, «өзара бейбітшілік» орнату мақсатында жүргізілді. 911ж. келісім бойынша Империя орыс жасақшыларын қызметке алуды талап етті. 945ж. келісім екі жақтың әскери міндеттерін көрсетті. Әскери іс-әрекеттердің бітуімен, тұтқындар жайлы баптар енгізіледі. Бұл баптар 911ж. және 945ж. келісімсөздердің маңызды пунктілері болып саналды. Екі жақтың елшілері елге кіру үшін өздерінің ресми тұлға екендерін дәлелдеу керек болатын. Ол арнайы алтыннан жасалған мөрлер елшілер үшін, басқа да қонақтар үшін күміс мөрлер болатын. Осындай жағдайда ғана Византия үкіметі олардың өмірі үшін жауап беретін болған. 945ж. жасалған шарт бойынша Ресей князі өзінің елшілерін жіберу барысында, елшінің ол елге достық мақсатпен аттанып бара жатқанын көрсететін оларға арнайы грамоталар беріп жіберуі керек. Грамотасын Русьтен келген адамдарды византиялықтар ұстап алып, олар туралы князьге хабарлап отырған. Русьтен келетін елшілер мен қонақтарға бұзақылық жасауға тиым салынатын. Константинопольге келе салысымен олар тіркеуден өтіп, арнайы жерде тұратын болған. Қалаға Русьтен келгендіктер аса әскери сақтықпен кіргізілетін. Қақпаға бір топ 50 адамнан, қарусыз кіргізілетін болған. Көпестердің тауарлары арнайы бақылаудан өткізіліп, олардың әрқайсысы қымбат материалдарды алып шығуға құқықығы болды. Ақырында Русьтен келгендерге Константинопольде қысқа қалуға тиым салынды [2, с. 139] .
Айтып кететін нәрсе, келгендерді халықтық-құқықтық норма бойынша грек заңдарымен емес, «орыстардың заңдарымен» соттаған. Келісімшарттар ант беру арқылы жасалған. Орыс тілділер өздерінің қаруларымен, арнайы магиялық ырыммен сөз беретін. Магиялық сөздер айтып: «Егер біз өз сөзімізде тұрмасақ . . . сенетін құдайымыз Перу мен Велестің қарғыстары атсын» - деп ант суын ішкен. Византия елшілері христиандардың дәстүрі бойынша «кресті сүйетін»[2, с. 141] .
Қорыта айтқанда 1043 жылы Ярослав Мудрый Византия империясымен достық қарым-қатынасын үзеді және де оған себеп болған Константинопольде византиялықтардың орыстарға жасаған қастандығы еді. Византиялықтармен қоса Киев Русі Европа мемлекеттерімен, соның ішінде гректермен достық қарым-қатынаста болды. Гректермен үш келісімдер жасасқан. Олар: 911ж. Олег князі, 945ж. Игорь князі, 971ж. Святослав князінің келісімдері еді. Бұл келісімдер тек қана «ұлы орыс князі» атынан ғана емес, сонымен бірге «барлық жарқын және ұлы княздер» атынан жүргізілген. 911ж. келісім бойынша Империя орыс жасақшыларын қызметке алуды талап етті. 945 жылғы келісім екі ел арасындағы қақтығысты тоқтатып, «өзара бейбітшілік» орнату мақсатында жүргізілді және де бұл келісімде екі жақтың әскери міндеттерін көрсетті. Әскери іс-әрекеттердің бітуімен, тұтқындар жайлы баптар енгізілді. Екі жақтың елшілері елге кіру үшін өздерінің ресми тұлға екендерін дәлелдеу керек болатын. Арнайы алтыннан жасалған мөрлер елшілер үшін, басқа да қонақтар үшін күміс мөрлер болды. Осындай жағдайда ғана Византия үкіметі олардың өмірі үшін жауап беретін болған.
1. 2. XIII- XVғғ. Киев Русі дипломатиясының ерекшеліктері.
Киев Русі 1195, 1257 және 1270 жылдары Новгород және 1229жылы немістермен келісімсөздер жүргізілген, 1229 жылғы Смоленс келісімі бойынша істер «Смоленск шындығы» арқылы шешілген. Саяси бытыраңқылық кезеңінде Ресей жері дипломатиялық қатынастар басқа мемлекет аралық қатынастармен шектелген жоқ. Ерекше көңіл княздықтар арасындағы дипломатиялық қатынасқа бөлінген. Бұл дипломатияның басты мазмұны болып, ұсақ патшалық вотчинниктер арасындағы ұсақ даулар мен өзара арыздарды реттеу болып табылады. Ярослав қайтыс болғаннан кейін бұндай дауларды арнайы съездерде шешетін болған. Съезге қызығушылық білдірген барлық князьдер келетін болған. Бұл съездерде жер даулары да шешілген. 1097 жылы Любечтегі съезде Ярославтың немерелері княздықты мұрагерлік иелік ретінде орнатуды ұсынды. Сайып келгенде, съезде бүкіл князьдерге міндетті жалпы саяси принциптер орнатылған. Халықаралық қаулыға сай съездің шешімі «кресті сүю» арқылы бекітілген. Келісімсөздерде маңызды орынды шіркеулік феодалдар - епископтар мен шіркеудің бас попы алған. Епископтар әрқашанда елші ретінде алға шыққан. Олардың ішінде көрнекті елшілер де болған. Бұндай ерекшелік, мысалы, 1187 жылы рязань княздігі мен владимир княздігі арасында делдал болған черниговтық елші Порфирияның бойынан көруге болады. Кей кездері князьдер келісімсөздерге қатыса алмаған жағдайда, оларды арнайы елшілері алмастырған. 1229 жылы неміс қалаларына Смоленск жағынан «поп» барған. Осы жылғы келісім бойынша елшіні өлтірген жағдайда екі құн орнатқан: «құнын екі есе төлеу». Осы сияқты 1270 жылы Новгород келісімі бойынша новгород елшісін өлтіргені үшін 20 күміс марк пен неміс елшісі үшін сондай 10 күміс марк талап еткен. Жиі кездерде елшілерге зорлық-зомбылық көрсеткен. Мысалы, 1142 жылы новгородтық елшілер Оңтүстік Русьте ұсталған болатын. Өздерінің дипломатиялық міндеттерін атқарумен қоса елшілер, халықаралық маңызды мағлұматтарды таратуға ат салысқан. XI-XIIғғ. князь аралық келісімдер сақталмаған, бірақ олардың мазмұны қалпына келтірілуі мүмкін. Ол, біріншіден, одақтастық туралы келісім. Халықаралық сияқты князь аралық келісімдер де кресті сүю арқылы немесе «крестті грамота» арқылы жүзеге асырылған. Әрине, кресті сүю рәсімі шартты болған, өйткені оны силағандықтан сөздерінде тұратын болған. Сондықтан кресті сүю жеткілікті болмады. Бұнымен қоса антты үлгі тұтатын қасиетті адамның зиратының басында берген.
IX- XIIғғ. дипломатиялық келісімсөздер крест сүю арқылы жүзеге асырылса, енді XIV-XVғғ. Келісімсөздер жазбаша түрде жасалды. Князь аралық келісімдер біріншіден әр елдің саяси тәуелсіздігін қамтамасыз етті. Бұл принцип былай айтылған: «тебе знати своя отчина, а мне знати своя отчина». Князьдің вассалдарына қатысты арнайы баптар болған. Дипломатиялық жолмен шешілетін аса күрделі сұрақтарға қашқындарды қайтару болып табылады. Әрине, феодалдар өз қол астынан тәуелді адамдарды жібергісі келмеді. Жеке князьдіктердің тәуелсіздігін бекіте отырып, өзара келісіп отырған. Ол әсіресе сыртқы саясатқа қатысты. Феодалдық бытыраңқылық кезінде дипломатиялық жолмен жеке князьдіктер арасында сауда қарым-қатынастарын шешуге тура келді. Біріншіден, одақтас князьдықтар арасындағы кедендік бірлікті талап ету. Сол кездегі дәстүр бойынша әрбір князьдің орны феодалдық саты бойынша анықталған. Князь аралық қатынаста әлі күнге дейін үлкен рөлді князьдіктер арасында делдал болып іс жүргізген шіркеу феодалдары мен митрополиттер атқарған. Келісім грамотасында олар өздерінің қолдарын қоятын болған. Әйгілі митрополиттердің ішіндегілерінің бірі Алексей, тегі бойынша орыс. Оны кезінде константинопольдық патриарх оны шіркеу ісіне қарағанда, саясатпен көп айналысқаны үшін айыптаған. Өзінің тактикасының арқасында ол Алтын ордаға көптеген әсерін тигізді. Оның дипломатиялық жетістіктерінің дәлелі ретінде Тайдолла ханнан алған белгі мен жүзік болатын. Новгородта бүкіл сыртқы саясатты новгородтық «алдияр» жүргізген. Неміс пен шведтер арасында, әйгілі владимирлық князьдігімен де олар келісімсөздер жүргізген. Келісімсөздер оның «алғыс беру» арқылы жүргізілген [2, с. 151] .
Қорытындылай кетсек Киев Русі 1195, 1257 және 1270 жылдары Новгород және 1229жылы немістермен келісімсөздер жүргізген. Саяси бытыраңқылық кезеңінде Ресей жеріндегі дипломатиялық қатынастар басқа мемлекет аралық қатынастармен шектелген жоқ. 1097 жылы Любечтегі съезде Ярославтың немерелері княздықты мұрагерлік иелік ретінде орнатуды ұсынды. Сайып келгенде, съезде бүкіл князьдерге міндетті жалпы саяси принциптер орнатылған. Халықаралық қаулыға сай съездің шешімі «кресті сүю» арқылы бекітілген. Келісімсөздерде маңызды орынды шіркеулік феодалдар - епископтар мен шіркеудің бас попы алған. Епископтар әрқашанда елші ретінде алға шыққан. Олардың ішінде көрнекті елшілер де болған. Мысалыға алатын болсақ, 1187 жылы рязань княздігі мен владимир княздігі арасында делдал болған черниговтық елші Порфирияны атап көрсетуге болады. Ал 1229 жылы неміс қалаларына Смоленск жағынан «поп» барған. Осы жылғы келісім бойынша елшіні өлтірген жағдайда құнын екі есе төлейтін болды. Осы сияқты 1270 жылы Новгород келісімі бойынша новгород елшісін өлтіргені үшін 20 күміс марк пен неміс елшісі үшін сондай 10 күміс марк талап еткен. Халықаралық сияқты князь аралық келісімдер кресті сүю арқылы немесе «крестті грамота» арқылы жүзеге асырылған. Кресті сүю рәсімі шартты болған, өйткені оны силағандықтан сөздерінде тұратын болған. Ал XIV-XVғасырлардан бастап келісімсөздер жазбаша түрде жасалды. Князь аралық келісімдер біріншіден әр елдің саяси тәуелсіздігін қамтамасыз етті. Князьдің вассалдарына қатысты арнайы баптар болған. Дипломатиялық жолмен шешілетін аса күрделі сұрақтарға қашқындарды қайтару болып табылды.
- I Петрдің дипломатиялық реформасы: дипломатиялық қызметтің европалық моделіне көшу.
Ресейдің кәсіпкерлік дипломатиялық қызметінің құрылуы орталық мемлекеттің нығаюымен байланысты. Тарихи бұл процестің дамуы XV-XVIIғғ. қамтиды. Ресей орталықтандырылған мемлекет ретінде XVғ аяғы мен XVIғ. басында қалыптаса бастады. III Иван тұсында оның шекаралық түйіні мен мемлекеттік орталық аппарат құрыла бастады. IV Иван тұсында Ресей жеке билеушілік мемлекет ретінде құрылуы оның халықаралық аренада беделінің өсуі мен сыртқы саясатының арқасында жүрді. 1549 жылы И. М. Висковатыйдың қаулысымен сыртқы саясатты жүргізуде Елшілік қаулы қабылданды. XVIғ. аяғында приказда 15-17 дьяктың орынбасары және бірнеше аудармашылар жұмыс істеді. Құрылымы бойынша бұл қаулы мемлекеттік-шекаралық қызметі бойынша повытьяларға бөлінген. Мәскеу кнәздігінің жоғары дәрежеге жетуінде атақты феодалдардан тұратын Боярлық дума ерекше орын алды. XV ғ. бастап ол тұрақты кеңестік органға айналды. Бұл IV Иван кезінде (1462-1505жж) толассыз документтердің пайда болуымен байланысты. Шет елшілерді қабылдау, келіссөздер жүргізу, елшілік қызметтегі құжаттарды толтыру - Боярлық думаның қолында болды. Орталықтандырумен қоса Боярлық дума патшаға сыртқы саясатты жүргізуде кедергі болды. Сондықтан III Василий билеген жылдары патшаның сенім артатын адамдарынан тұратын кабинет құрылды, яғни Жақын (Ближний) дума деп аталды. Бұл орган шешім қабылдап, оны бекіту үшін Боярлық думаға жіберген. Шет ел дипломаттарымен келісім жүргізуде «жақын думалықтар» ескерілген. Бұл дәстүр XVIIғ. да сақталған болатын[3, с. 13] .
Дипломатиялық ведомстваның бояры А. Л. Ордин-Нащекин патша Алексей Михайловичке былай деп жазған: «Ресей мемлекетінде ертеден бері басқа шет ел мемлекеттері сияқты елшілік қызметті Жақын думалықтар жүргізген». Боярлық дума мен Жақын думадан басқа да мекемелер болған. XV-XVIғғ. Мәскеулік Кремль шекарасында сыртқы байланыстарды жүргізетін және дипломатиялық құжаттарды сақтайтын Қазыналық аула болған. XVIғ. ортасынан бастап Ресейде дипломатиялық байланыста жаңа сословие -дьяктра және олардың көмекшілері - подьячилар болды. XVғ. 80ж бастап құжаттардың айтуынша елшілік подьячилар категориясына бөлінген. Олар арнайы қабылдауларда болып, атақты патша атынан сөз сөйлеп, келісімсөздер барысын жазып отырған. Дьяктар шет елшілерінен грамоталар алып, шет елге өздері сапарға аттанатын болған. Орталық биліктің күшеюіне байланысты жаңадан мекемелер ашылды - италияндық «кеңеске» ұқсас приказдар - құрылымдар ашылды. Сыртқы істермен айналысатын - Елшілік приказдардың пайда болуын тарихшылар IV Иван билеген тұсына қатыстырады. Елшілік приказдар кең өкілеттікке ие болған. Сыртқы саясатпен айналысумен қоса құлдарды айырбастау, почта ісімен, шекараларды басқарумен айналысқан. Мұндай кең өкілеттілік елшілік қызметтегілердің қанағаттанбауына алып келді. Елшілік приказ туралы қызметті дьяктар мен олардың орынбасарлары атқарған. Қызмет етушілер мансаптық сатымен реттелген («жас», «орташа», «кәрі») . «Кәрі» орынбасарлар, ереже бойынша, шекаралық бөлім приказдарында қызмет атқарған - повытьялар. Олардың үшеуі Европа елдерімен байланыс жүргізген, ал екеуі - азиялық мемлекеттермен. Дьяктар елшілермен алып келінген грамоталарды қабыл алған, алдын ала келісімсөздер жүргізген. Осылар елшілікті басқарған. XVIIғ. алғашқы тұрақты дипломатиялық өкілдіктер Швецияда және Речь Посполитаяда бекітілді. Параллельді түрде дипломатиялық рангілеу жүйесі басталды. XVIғ. бастап құжаттарда:
- Ұлы елшілер- төтенше және өкілетті;
- Жеңіл елшілер- төтенше және өкілетті жіберілуші (посланник) ;
- Елшілер- өкілетті елші;
- Жіберілгендер- бір ғана жұмыспен жіберілген елші;
- Жіберілген елші- курьерлер;
- Хабаршылар- тапсырмамен жіберілген курьер.
Алғашқы кезден бастап-ақ елшілік приказда ерекше орынды аударма бөлімі алған. Ауызша аударманы тілмаштар, жазбашаларды - аудармашылар жасаған. Кейде бұл қызметке ресей қызметінде болатын, шет ел азаматтарын алған. XVIIғ. аяғында латын, италян, ағылшын, швед, неміс, голланд, грек, татар, парсы, араб, түрік тілдерінен 15 аудармашылар мен 50 тілмаштар аударатын болған. Боярлық жанұядан шыққандарды дипломатиялық этикетке және шет тілін үйрену үшін шет елдерге жіберетін болған. Зерттеуші Р. Лэнгхорнның айтуынша: «Дипломатиялық кадрлерді дайындау Ресей мемлекетінде аса маңызды мәселеге айналған». Ресейде дипломатиялық құжаттаманың барлық түрлері пайда бола бастады: сенім грамотасы - елшіні аккредитациялайтын грамота, қауіпті грамота - елшіге кіріп-шығу құқығы берілетін грамота, жауап грамотасы - келген шет елшілеріне берілетін грамота, елшілік есеп беру - елшілік қызметтегі жылдық есебін беру құжаты. Ресей дипломатиясындағы басты орынды - архивті істер алады. Дипломатиялық құжаттарды үнемі систематизациялау XVIғ. басынан бастап жүргізіледі. Дипломатиялық ақпаратты белгілеп қоюдың көп тараған формасы лауазымды тұлғаның қолымен бекітілетін - бағаналар, арнайы дәптерге жазылған - елшілік кітаптар болды. Құжаттар жылы, елі, аймағы бойынша реттелген. Барқыт, қапталған жәшіктерде сақталған. Елшілік приказ мемлекеттің өміріндегі мәдени орталығына да айналды. Европа мен басқа мемлекеттерді Ресейде болып жатқан істермен қамтамасыз етеді [3, с. 14] .
1667ж. бастап дьяктарды боярлар алмастырған болатын. Солардың ішінде, мысалы, А. Л. Ордин-Нащокинге ерекше лауазым «бекзаттық үлкен мөрлер және сақтаушының мемлекеттiк ұлы елшiлiк iстерi». 1670ж. Елшілік қаулы Елшілік баспаның Мемлекеттік қаулысы деп атала бастады. Ресейдің өз елшілеріне қарағанда, басқа мемлекеттің елшілері Ресейде ертерек пайда болды [4] .
Ол елшілік өзінің күрделілігімен ерекшеленетін ырымның - этикет пен сыртқы саяси қатынастың пайда болуына алып келді. Елшілік ырымға сай сыртқы саясатты «даңқты елшілер» жүргізген. Шет елшілерін Мәскеуде орналастыру үшін арнайы Елшілік аула жасалған болатын. Елшілік қызмет I Петрдің кезіне дейін болды. I Петрдің тоқтамсыз сапарларының нәтиежесінде 1700-1701жж. Елшілік жорық кеңсесінің пайда болуына алып келді. Кейіннен ол Елшілік кеңсе деп атала бастады. 1710 жылы Елішілік кеңсенің тұрақты жері Петербург болады. 1717 жылы желтоқсанда ол Шет елдік коллегияға өзгертіледі. Бұл мекеме құрылғаннан кейін I Петрдің бұйрығы: «К делам иностранным служителей коллегии иметь верных и добрых, чтобы не было дыряво, и в том крепко смотреть, и отнюдь не определять туда недостойных людей или своих родственников, особенно своих креатур. А ежели кто непотребного во оное место допустит или, ведая за кем в сем деле вину, а не объявит, то будут наказаны, яко изменники» [4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz