Сақтандырудың теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Сақтандырудың теориялық негіздері . . . 4
1. 1. Сақтандырудың пайда болу тарихы . . . 4
1. 2. Сақтандырудың экономикалық мәні . . . 6
1. 3. Шетел тәжірибесіндегі сақтандырудың ерекшеліктері . . . 8
II. ҚР-ның сақтандыру қызметі және қазіргі кездегі жағдайы . . . 9
2. 1. Қазақстандағы сақтандыру түрлері және жіктелуі . . . 9
2. 2. Қазіргі таңдағы Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жағдайы . . . 16
2. 3. ҚР-дағы «AMANAT-INSURANCE» СК АҚ-ның сақтандыру қызметіне талдау . . . 23
III. Бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары . . . 28
Қорытынды . . . 37
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 39
Кiрiспе
Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттарын заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық реформалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардың пайда болуына әкелді. Сақтандыру нарығы - бұл ерекше әлеуметтiк экономикалық құрылым және де ақша айналыс шеңберi. Сақтандыру сату - сатып алу кезендерiнде объектi ретiнде түседi, сондықтан да осы мақсатта сұраныс және ұсыныстың жүзеге асу iс - әрекетін көрсетедi. Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірісітк және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Қоғамдық өндіріс үздіксіздігінің объективті талаптары, бір жағынан, қорғану, осы тәрізді жағдайлардың ұнамсыз салдарларынан сақтану және басқа жағынан, бұл құбылыстардан болған шығыстарды өтеу қажеттігін тудырады. Сондықтан өндірістік үдерістерді жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (сандық немесе аумақтық аспектілерде) натуралдық - заттай қосалқы қорларында немесе резервтерінде, сондай-ақ ақшалай ресурстарды да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар әдетте резервтік және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандыру нарығының құрылымы институционалдық және территориялық аспектiлермен белгiленедi. Бiрiншi звеносында, сақтандыру нарығы сақтандыру компанияларымен сипатталады. Өз мақсатында ерекше құрылымын ұсынады, сақтандырудың негiзгi мәмілесiнiң бейнеленуімен жүзеге асады. Екiншi түрiнде сақтандыру нарығын халықаралық сақтандыру нарығымен мiнездес деп айтуға болады. Бұл жағдайда сақтандыру нарығы халықаралық нарық ретiнде өзiн көрсетiп, мұнда әр түрлi елдiң сақтандыру компаниялары өзiн таныстырып, ұлттық, мемлекеттiк, регионалдық сақтандыру нарығымен, қалалардың кейбiр бөлiктерiн қамтиды: регионалдық және аудандық болып бөлiнедi. Сақтандыру нарығының негiзгi қатысушыларының бiрi, бұл сақтаушылар . Сақтандыру процесiнде даму кезендерiмен байланысты нарықта, бiрнеше сақтандыру терминдерi пайда болған: олар сақтаушылар, сақтанушылар, сақтанушы, сақтандыру обьектiлерi, сомасы, сақтандырушы. Қазiргi кезенде осы терминдер қолдануда. Тек қана, сақтандыру терминдерi пайда болып жатқан жоқ, сонымен қатар сақтандыру нарығы немесе басқаша айтқанда, сақтандыру компаниялары да дамып Қазақстанда өсiмкiлiк көрсетуде. Негiзiнде сақтандыру саласын тек қауiптерден қорғау саласы ретiнде қолданып жатқан жоқ, осы кезеңдi пайдалана отырып көп компаниялар ақша табу мақсатында жұмыс iстеуде. Бiрақ компаниялардың саны Қазақстан Республикасының заңының өзгерiстерiне байланысты бiр өсiмкiлiк көрсетiп, бiр төмендеп кетуде.
I. Сақтандырудың теориялық негіздері.
1. 1. Сақтандырудың пайда болу тарихы.
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп (мотив) - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процесстерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақты аспектерін) натуралдық-заттай қосалқы қорларында немесе резервтерінде, сондай-ақ ақша ресурстарында қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар:
бюджеттік
және
сақтық әдіс
. Қаржыларды қалыптастырудың
бюджеттік әдісі
- бюжеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдіс -
қорларды шаруашылық жүргізуші субъктілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.
Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы санаулы, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оны толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтау қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді. Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі. Сақтандыру қорларын ұймдастыру және олардың мүделерін қорғау. Сақтандырырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногінде пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бар бірқатар факторлармен айқындалады. Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі. Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Сақтық жүйе республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоса алғанда, әлуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты. Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады: қоғамдық қорғау жүйесі; әлеуметтік сақтандыру (қорғау) және әлеуметтік қамсыздандыру; жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру. Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады. Сақтандыру - сақтық ұйым өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды, ол өтімдік және жиналымдық функция атқарады. Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанда көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға матералдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметтің рыногін дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
Сақтандыру категориясының қаржы категориясынан ортақ өзгеше белгілері бар: Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты; Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы; Оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады; Сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы; Ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) . Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді: 1) қатынастардың ықтималдық сипаты; 2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .
1. 2. Сақтандырудың экономикалық мәні .
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанда көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық залалды төлеу үшін мақсатты ақшалай қорларды құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгішітік қатынастардың айрықша сферасы деп қараған жөн. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді. Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады. Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру) . Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек cақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады. Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді. Мүлікті сақтандыруда сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі шын құнынан (сақтандыру құнынан) аспауға, ал сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру өтемі сақтанушының немесе үшінші бір тұлғаның сақтандырылған мүлкіне келтірілген тікелей зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Жеке адамды сақтандыруда сақтандыру сомасын сақтанушы сақтандырушымен келісе отырып белгілейді. Сақтанушы сақтандыру шартына немесе заңға сәйкес сақтандырушыға төлеуге міндетті сақтандыру төлемі сақтандыру жарнасы деп аталады. Сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі сақтандыру тарифі болып табылады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру тарифтері міндетті сақтандыру туралы заңдарда белгіленеді. Жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру тарифтерін сақтандырушылар дербес есептейді. Сақтандыру тарифінің нақты мөлшері тараптардың келісуімен арнаулы шартта айқындалады.
Сақтандыру объектісін бір шарт бойынша бірнеше сақтандырушы бірлесіп сақтандыруы мүмкін (ортақ сақтандыру) . Бұл орайда шартта әрбір сақтандырушының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын уағдалы шарттар баяндалуға тиіс. Сақтандырушы тәуекелдікті сақтандыруға қабылдай отырып, теңдестірілген сақтандыру қоржынын жасау және сақтандыру операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ол бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін уағдаласылған шартпен басқа бір сақтандырушыға беруі мүмкін. Мұны қайта сақтандыру дейді. Қайта сақтандыруға қатысушы тиісінше “қайта сақтанушы” (сақтандырылған тәуекелдікті ішінара қайта сақтандыруға берген сақтандырушы) және “қайта сақтандырушы” (тәуекелдікті сақтандыруға қабылдаушы) деп аталады. Сақтандырушыларда төленген жарғылық капиталдың және сақтандыру сақтық қорларының болуы, қайта сақтандыру жүйесі сақтандырушылардың қаржы тұрақтылығының негізі болып табылады. Сақтандыру сақтық қорлары жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру бойынша алынған сақтандыру жарналарынан құралады. Қазақстан аумағында сақтандыру алғаш рет Кеңес өкіметі орнағаннан кейін енгізілді. Бұл кезеңде сақтандыру мемлекеттік іске айналды. 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанынан сақтандыру қадағалауы ұйымдастырылды. 1998 жылы бұл қадағалау Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне берілді. Республикада сақтандыру ұйымдарының қаржы жөнінен тұрақты болуына қойылатын талаптарды, сақтандырудың жаңа заңдарын қалыптастыру, сақтандыру нарығының анықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығына (ІAІS) толық құқылы мүше болып кірді. Сақтандыру ұйымдарының есебі мен қаржы есептілігінің жаңа стандарттары енгізілді, ІAІS ұсыныстарына сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың жаңа қағидалары мен стандарттары әзірленді. 2008 жылы Қазақстан Республикасында 42 сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болды, оның ішінде төрт ұйымға шетелдік сақтандыру компаниясы қатысады. Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден астам бөлімшесі мен өкілдіктері жұмыс істейді. Сақтандыру агенттерінің тармақталған желісі бар. 2010 жылы сақтандыру ұйымдарының төленген жарғылық капиталының жиынтық мөлшері 3, 8 млрд. теңгеге жуық болды. Қазіргі кезде (2011) сақтандыру төлемдері 4, 2 млрд. теңгені құрайды, мұның өзі жалпы сақтандыру сыйақысының 14%-ы.
1. 3. Шетел тәжірибесіндегі сақтандырудың ерекшеліктері.
Сақтандырушылар салымдарының көлемінің ЖІӨ-ге деген қатынасы 2012 жылы 0, 83% құраған. Салыстырмалы түрде алсақ, АҚШ-та ол көрсеткіш 9, 2%, Ұлыбританияда -14, 7%, Германияда-7, 5%, Францияда -9, 1%. Осы елдерде жиналған сақтандыру сыйлықақыларының ЖІӨ-ге деген қатынасы әрдайым өсіп келеді. Алайда, сақтандыру рыногының дамуы ЖІӨ-ге тікелей қатысты емес. Сақтандыру секторының дамуы көптеген факторларға тәуелді, әсіресе, халықтың ақшалай табысының өсуіне, жалпы сақтандыру мәдениетінің дамуына, экономика салаларының жинақтаушы сақтандырумен бәсекелестігінің жетістігіне байланысты дамиды.
2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру сыныптары бойынша жасалған сақтандыру төлемдерін қарастырған кезде мынаны айтып кетуге болады:
- міндетті сақтандыруда-көлік құралдары иелерінің азаматтары құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша 47, 6% (3, 9млрд. теңге), қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде олардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық- құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша төлемдер 30, 5 % (2, 5 млрд. теңге), өсімдік шаруашылығын сақтандыру бойынша 19, 5 % (1, 6 млрд. теңге) және басқалар бойынша - 2, 4 % болды;
- ерікті жеке сақтандыруда - сақтандыру төлемдерінің 74, 3 % (5, 5 млрд. теңге) аурулардан сақтандыру бойынша, жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша - 12, 2 % (0, 9 млрд. теңге), аннуитеттік сақтандыру бойынша - 9, 5 % (0, 7 млрд. теңге) және өмірді сақтандыру бойынша - 2, 7 % (0, 2 млрд. теңге) болды;
- ерікті мүліктік сақтандыруда - 88, 2 % (33, 6 млрд. теңге) басқа да қаржылық шығындардан сақтандыру бойынша, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша - 5, 5 % (2, 1 млрд. теңге), мүлікті сақтандыру (автокөлікті, әуе, теміржол, су көлігін және жүкті сақтандыруды қоспағанда) бойынша - 2, 1 % (0, 8 млрд. теңге), басқалар бойынша - 4, 2 % болды.
2011 жылғы он бір айда жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы бойынша сақтандыру төлемдерінің мейлінше көп көлемі басқа да қаржылық шығындардан сақтандыру сыныбы бойынша сақталып, төлемдердің жиынтық сомасының 62, 7 %-ы болды.
II. ҚР сақтандыру қызметі және қазіргі кездегі жағдайы.
2. 1. Қазақстандағы сақтандыру түрлері және жіктелуі.
Мүліктік сақтандыруды тағайындау түрлі мүлікке апат жағдайлармен және басқа да кездейсоқ жағдайлармен келтірілген зиянның орнын толтырудан тұрады. Демек, сақтандыру объектісі болып әртүрлі құндылықтар және онымен байланысты мүдделер болып шығады.
Мүліктік сақтандыру
сақтандырушылардың категориясымен байланысты төмендегі салаларға бөлінеді:
- ауылшаруашылық кәсіпорындардың мүлігін сақтандыру;
- жеке, кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың;
- мемлекеттік меншікті; ;
- халықтың мүлігін.
Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандырған кезде басқа тұлғалардың мүлігіне, денсаулығына, өміріне, сондай-ақ келісімшарттардан және басқа да негіздерден пайда болатын міндеттемелер бойынша жауапкершіліктен зиян келтірілген салдарынан пайда болатын міндеттемелер бойынша жауапкершіліктің тәуекелі сақтандырылады. Сақтандырылған мүліктің түрінен немесе тобынан қарағанда мынадай сақтандыру түрлері бөлініп шығады:
- ауылшаруашылық мәдениеттердiң, малдардың, құрылыстардың сақтандыруы;
- мемлекеттік, жеке, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлігі, үй мүлігі;
- көлік құралдарын, дербес қонақ үйлерін;
- қаржылық тәуекелдерді (соның ішінде банктік операцияларды, бағалы қағаздар нарығындағы операциялар) ;
- жүктерді;
- мұнай операцияларды (мұнайды барлау, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша) және т. б.
Мүліктік сақтандыруда міндетті нысанда көліктердің барлық түрлерінде тасымалдауды жасаған кезде жолаушылардың алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілік және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады. 2000 жылдан бастап ауылшаруашылықтық өндірістің міндетті сақтандырылуы қалпына келтірілген: көпжылдық отырғызулар, ауылшаруашылық жануарларды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, ауыл шаруашылықтың тауарларын және өнімдерін қолайсыз табиғи-климаттық шарттардан, эпозотийлерден және басқа дүлей апаттардан.
Жеке сақтандыру - жеке тұлғаның өмірін, денсаулығын және тұлғаның басқа да қасиетін қозғайтын, сондай-ақ тұлғалардың мүдесін сақтандыру. Жеке сақтандыруды тағайындау азаматтарға олардың өмірлерінде белгілі бір жағдай келген кезде айтылып қойылған ақшалай соманы төлеуде болады. Ол мынадай төмінгі салаларды қамтиды: өмірді, денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті және басқа да адаммен байланысты мүдделерді сақтандыру. Жеке сақтандыруда әртүрлі түрлер бар:
- өмірді аралас сақтандыру;
- балаларды сақтандыру;
- неке қиюға сақтандыру;
- өмір бойы немесе қайтыс болу және еңбекке қабілеттілікті жоғалу жағдайынан сақтандыру;
- бақытсыз жағдайдан, соның ішінде балаларды сақтандыру;
- ұйымдырдың, мекемелердің, кәсіпорындардың есебінен қызметкерлерді сақтандыру;
- әуе, теміржол, теңіз, ішкі сумен және облысаралық, республикааралық бағыттарда автомобильдік көліктің жолаушыларын сақтандыру.
Жолаушыларды сақтандырудан басқа талған түрлер ерікті нысанда жүргізіледі. Көлік құралдардың иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершіліген сақтандыру міндетті нысанда жүргізіледі. Сақтандыру органдарына сақтандырудың тәуекелдік аймақтық түрлерін жасауға және енгізуге құқық беріледі. Қазақстандағы сақтандыру қорғаныстың ассортименті мынадай сақтандыру түрлерінен тұрады:
- өмірді аймақтық сақтандыру,
- жер сілкінісі жағдайына сақтандыру,
- әскерге шақырылатындарды сақтандыру,
- әйелдерді босану жағдайына сақтандыру,
- жануарларды ұрлау жағдайына сақтандыру,
- мүліктің уақытша орын ауыстыруын (іс сапарға, демалыс уақытысына, және т. б. алынған), азаматтармен жеке меншігіне сатып алынған пәтерлерді сақтандыру.
Банктік коммерциялық сектордың дамуы жеке тұлғалардың банктік депозиттерін сақтандыруды енгізуді талап етті. Әскери қызметшілердің, ішкі істер органдардың, ұлттық қауіпсіздіктің, салықтық қызметтің жеке құрамы міндетті сақтандыруға жатады. Сақтандыру ассортиментін жасау екі бағытта жүзеге асырылады:
- азаматтардың мүліктерін сақтанушының қалауы бойынша белгілі тәуекелден немесе тәуекел тобынан сақтандыру мүмкіндігін беру;
- кез келген материалдық құндылықтарды, тұтастай мүлікті емес бөліктеп сақтандыруға мүмкіндік беру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz