Сыныптан тыс жұмыстарын бейнелеу өнерінде пайдалану


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-6

Негізгі бөлім

І-Тарау

1. 1 Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен мазмұны . . . 7-12

1. 2 Сыныптан тыс жұмыста ұлттық өнерімізге баулу . . . 12-23

1. 3 Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру . . . 23-24

ІІ-Тарау

  1. Сыныптан тыс жұмыстың үлгі жоспары . . . 25-30
  2. Ши тоқу өнеріне бейнелеу . . . 30-34
  3. Сыныптан тыс жұмыста адамның тұлғасын бейнелеуге үйрету . . . 35-36

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38

Кіріспе

Бейнелеу сабағы балалардың ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі әсемдік пен әдемілікке деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Өнердің әр алуан түрін айта отырып, оқытушы баланың рухани дүниесін байытып, қиялы мен сезімін дамытады, өз өлкесінің сұлу табиғатын, халқымыздың әдет-ғұрып, ұлттық өнерімен кеңірек танысуына жол ашады.

Бейнелеу сабағын белгілі бір ережеде бастаған жөн, әуелі дұрыс отыруды, қарындашты (қаламды) қатты баспауды, бояуды ұқыпты пайдалану, оны қыл қаламның ұшымен ғана жаға білуді, сабақ аяқталған соң қолданған материалдарды ұқыпты жинап қоюды үйреткен дұрыс. Бұдан кейін бастаған суретін аяқсыз қалдырмауға дағдыландыру керек. Бұл қойылған талаптарды балаларға жеткізе түсіндіру, өзінің және жолдастарының салған бейнелеуіне әділ баға беріп, талдай білуге үйрету де маңызды істердің бірі.

Бейнелеудің үлгілерімен (шығармаларымен) таныстыру жөніндегі әңгімелер оқушылардың сезімін, көркемдік талғамын дамытады. Бейнелеу оқушыларды коммунистік рухта тәрбиелейді және оларға патриоттық, эстетикалық тәрбие беруде, олардың ой-өрісін қалыптастыруда ерекше орын алады. Бейнелеу сабағының қай түрі болмасын, оқушылардың әсемдікті қабылдаулары мен практикалық білімдерін ұштастыра білуге қалыптастырып, жас шәкірттердің өнерге деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Ол оқушыларды еңбек сүйгіштікке баулиды, өнеркәсіп өнімдерін эстетикалық жағынан бағалап, табиғатты қорғай білуге үйретеді.

Бейнелеуге мына төмендегі міндеттер жүктеледі:

  • Көркем өнерді түсіндіру
  • Көркем ісінде практикалық дағдылардан қалыптастыру

Сонымен қатар мұнда шығармашылық қабілетті эстетикалық талғамды дамыту көзделген. Сурет салуға, бейнелеу өнері пәні бойынша дұрыс білім алуға жол ашады. Бейнелеу өнері пәні сызықтық бейнелеу, түс, пішін, рең, үйлестіру және бейнелеу өнеріндегі көркемдік туралы түсінік береді.

Графика, кескіндеме, мүсін, дизайн, қолөнері, сәулет өнері сияқты түрлері мен жанрларынан мағлұмат аламыз. Практикалық жұмысқа сабақтың мына түрлері кіреді: заттың суретін көріп отырып салу, айналадан көргендері және әдеби шығармалар тақырыбы бойынша сурет салу, декоративтік (сәндік) сурет салу. Практикалық жұмыстарда адамның көзбен көріп қабылдауын дамыту, өмір құбылыстарын көргені бойынша және елестетуі бойынша қағазға түсіруге біртіндеп қажетті екені байқалады. Нәрсенің өзіне тән типтік белгілерін - пішінін, пропорциясын, көлемін, түсін, нендей материалдан істелгендігін, кеңістікте қалай орналасқанын көру және суретте көрсете білу қабілетін дамытады.

Тақырып бойынша суреттер алдын-ала бақылау, елестету негізінде салынады. Мұнда суреттің мына тұстарына: кейіпкер образының сипатына, суреттегі элементтердің мағыналық байланысына, түрінің көзге жақсы көрінуі мен бояуының үйлесімділігіне көңіл бөлу керек.

Декоративтік көркемөнермен таныстыру өрнектердің суретін салудан басталады. Бұл өрнектерді белгілі бір үлгіге қарап немесе әшекеленетін бұйымдардың неге арналғандығын және пішінін ескере отырып, өрнекті өз беттерімен салуға болады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша орыс оқулықтарында көркем шығарманың идеясы, мазмұны, образдар жүйесі, сюжеті, композициясы оқытылады да, ал суретші стилін, бояу түстерін үйлестіре білу шеберлігін қарапайым тілмен түсінікті етіп талдап беру мәселесі көздеген жерден шықпай жатады.

Бейнелеу сабағы көркем шығарма стилін талдап түсіндірудегі бірнеше міндеттерді айқындайды. Біріншіден, бейнелеу шығармалардың идеялық мазмұнын, бораздар жүйесін, тақырыбын, композициялық шешімін, шығарманың идеялық-эстетикалық болмысын терең түсінуге көмектеседі.

Екіншіден жаңа терминдермен танысып, маңызды дидактикалық принциптерді де ұмытпау қажет.

Бейнелеудің көркемдік жағын талдауда қолданылатын тағы бір әдіс өз бетімен жұмыс істеуі.

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.

Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелеу өнері сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді.

Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері әдістемесімен.

Зерттеу болжамы: Сыныптан тыс жұмыстарын бейнелеу өнерінде пайдалану. Сыныптан тыс жұмыстарда әртүрлі қолөнерге үйренетіндіктен біз осы тақырыпты таңдап алдық.

Зерттеу мақсаты:

  1. Оқушылардың халық өнері жайлы не білетінін анықтау.
  2. Бейнелеу өнері жайлы алған мағлұматтарын пысықтау.
  3. Сәндік қолданбалы өнер туралы түсініктерін тексеру.
  4. Адамның толық тұлғасын салу кезеңдерінен оқушының бейнелеуге бейімділігін байқау.

Зерттеу міндеті: Білімгер практика кезінде мектептің ішкі тәртіп ережелеріне, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен әдіскерлердің өнімдеріне бағынуға міндетті. Білімгер практика кезінде сыныптан тыс үйірме жүргізеді, көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар дайындаумен айналысады. Көрме ұйымдастырады. Техникалық қауіпсіздік негіздерін сақтап, еңбек пәні мен бейнелеу сабақтарына қатысып, оларды талқылауға белсенді қатысуға міндетті.

Зерттеу әдісі:

Түсіндіру;

Әңгімелеу;

Нұсқау беру;

Педагогикалық талдау, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, қорыту, эксперимент жүргізу. Халықтың қол өнерін үйретуде қолданылатын түсіндіру әдісі бұл іс-әрекеттерді, амал-әдістерді, құрал-саймандарды, материалдарды, бояу түстерін қолдану қажеттігі туралы ой-пікірлерді жеткізу негізінде жүзеге асырылады. Мұнда түсіндіру әдісі кең мағынаға ие болады. Өйткені ол барлық еңбек іс-әрекеттерінің мәні мен мағынасын, мазмұнын, еңбектің түрлерін, құралдары мен олардың бөлек бір бөліктерінің қолдану ережелері мен тәртібін қамтиды.

Иландыру әдісі: Баланың белгілі бір ұғымдар мен іс-әрекеттерге талаптардың дұрыстығына күмән келтірмеуі мақсатында және түсіндіру, дәлеледеу мен көрсету әдістерімен бірлікте қолданылады. Сонымен қатар көрсету әдісі де, жүзеге асырылады. Ою-өрнектерді қалай орналастыру керектігі тігістерді, пішу көрсетіледі.

Зерттеу нысанасы: 2008 жылдың ақпанның 2-нен наурыз айының 7-не дейінгі аралықта педагогикалық тәжірибеден өтуге Шайдана ауылында, Шайдана бастауыш мектебінде 2 және 3 сыныптардың оқушыларымен өткізілді. Практика кезінде еңбек, сурет пәндерінен сабақ бере жүріп оқушылардың қолдарынан өнер келетін қыз балаларын жинақтап үйірме жұмысын, яғни сыныптан тыс жұмыстар жүргізуге жоспар құрылды.

  1. Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері, мазмұны

Бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасының талаптарының барысында ұйымдастырылатын сыныптан тыс сабақтардың рөлі зор болып саналынады. Сыныптан тыс ұймыдастырылатын сабақтар сабақ кестесі бойынша өтілетін сабақтың жалғасы ретінде өтілуі тиіс. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын үйірме жұмыстарының тәрбиелік мүмкіндігі мол. Бастауыш сынып оқушыларымен ұйымдастырылатын «Жас техниктер», «Шебер қолдар», «Жас натуралистер» үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулумен қатар олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Бастауыш сыныптарымен ұйымдастырылатын сыныптан тыс сабақтарда оқушылар келешек мамандықты таңдай білуге оқушыларға ой салып, түсініктері молая түседі. Сыныптан тыс сабақтардың өзіндік ерекшеліктері сабақ кестесі бойынша өтілетін сабақтың талабынан басқаша түрде қойылуы тиіс оқушылар өздерін еркін ұстай біліп жұмыстар орындауда өз мүмкіндіктерін аша білуі тиіс.

Сыныптан тыс сабақтарда мұғалімдер оқушылардың техникалық сауаттылықтарын дамыту, білім аясын тереңдету, еңбек қабілеттерін дамыту және оқу материалының мазмұндарын тереңірек ұғынуға бағыттап отыру тиіс. Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылар атқаруда, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген тапсырмаларды орындап үйренеді.

  1. Еңбекке қатысты ыждағатты, ыждағатсыз көңіл бөлуі, өз пайдасы үшін ынтыға ма? Еңбек етуге құштарлығы және оны нақты не нәрсе қызықтырады: жасаған істің саласы, белгілі бір дағдыны меңгеруі т. б.
  2. Еңбек дағдысы мен шеберлігін меңгеруі.
  3. Еңбек процесіндегі жауапкершілігі мен тәртібі.
  4. Ұзақ еңбек дағдысына машықтануы.
  5. Еңбек әрекетінің түрін қалауы.

Жеке бастық бағыты және арнайы қабілеті

  1. Қызығушылығы (не нәрсе қызығады, бәрін көрсету) : қызығушылығының сипаты. Қол өнердің қай түрін ұнатады, өзінің қалаған бұйымын дайындау.
  2. Қайсыбір әрекетінде ерекше салуға, ши тоқуға, киім пішуге, түрлі сәнді бұйымдар жасауға т. б.
  3. Келешекте не істегісі келетіні, оның арманын, ойын мақсатын сұрау.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі еңбек, бейнелеу, сурет, қолөнер әрекеттерімен ұштасуы. Ол әдетте сыныптан тыс үйірмелерде жалғасын табады. Сыныптан тыс жұмыстың басты мақсаты: оқушылардың өздерінің ойларын толықтыру, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, қызығушылығы мен ынтасын ояту, бос уақытын дұрыс пайдалану, өнердің бір түрін таңдап сонымен жұмыс жасау.

Бейнелеу өнерден сыныптан тыс жұмыста бояудың түрлерімен тереңірек таныстырып, тушпен қалай жазу керектігін үйрету, акварельмен жұмыс жасау. Осыған орай қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу. Сыныптан тыс үйірмелерде оқушылар әр түрлі табиғи материалдардан жұмыс жасауға үйренеді. Мысалы: қамыстан қораптар дайындайды, кеуірттің қорабынан, жаңғақтың қабығынан, ермексаздан, пластмассадан, баклашкадан, сымнан түрлі бұйымдар жасайды.

  1. Сабақтан тыс жұмыста балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың өзінің кейбіруеінде бейнелеуге, суретке келгенде көзқарасы басқа болады. Баланың күш-қайратына, өзіне-өзі сенімдігі орнауына жағдай туғызады.
  2. Балада әр түрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру, басқа сөзбен айтқанда бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетке эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

Жалпы сыныптан тыс жұмыстар әр түрлі қоғамдық пайдалы, өзіне де пайдалы еңбекке үйреніп, өндірістік тәжірибе жинақтап, іскерлікке, ілкімділікте қызмет жасауға сауатты араласуға мүмкіндік жасау. Бұл жерде оқушылардың тәжірибелік ой-өрісі кеңейеді, еңбекқорлығы қалыптасады, санасы нығаяды. Бірақ материалдық базаның нашарлығына байланысты шеберхана, еңбек біліміне арналған түрлі өндірістік орындар, жұмыс істемейді немесе кей жерде тоқтап тұр. Кейінгі жылдары жалпы орта мектепке деген көз қарас өзгере бастады. Кейбір мектептерде 12 жылдыққа көшуге эксперимент жүргізілуде. Осыған орай еңбекке баулимыз, сабақтан тыс уақытта түрлі еңбекке тартамыз.

Бүгінгі қоғамда қайта құру жағдайында әрбір адамның, соның ішінде оқушы жастардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуы айырықша маңызға ие. Соған орай мектеп оқушылары мен жастардың өнер саласының әр түрімен айналысуы нәтижесінде көркемөнерпаздар ұжымының оқтын-оқтын байқауының, сурет көрмелері мен балалар фестивальдарының ұйымдастырылуы біздің қоғамымыздың өскелең жас ұрпағына эстетикалық тәрбие беріп, эстетикалық мәдениетін дамытуға ерекше маңыз беруі деп бағалаймыз. Мәдениетін дамытуға ерекше маңыз беруі деп бағалаймыз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың жасаған заттарын, бұйымдарын көрме түрінде көруге болады.

Еңбек пен бейнелеу сабақтарының сыныптан тыс жұмыстарының нәтижелерінің ұжымдылығы көп жағдайларға байланысты.

  • Нәтиже баланы жаңа іске құлышындырады.
  • Нәтиже баланың жұмыстағы тәуелсіздігін қалыптастырып, өздігінен іс тындыра алатындығына сенеді, іскерлікпен дағды қалыптасады, құштарлығы артады, сыныптан тыс жұмыстарда оқушының техникалық ойлау - технологиялық білім жинақтауға көмектеседі. Жалғыз бейнелеуден емес еңбек тәрбиесінің жүйелері де бар;
  • Оқу процесіндегі еңбек;
  • Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстық еңбек;
  • Өзіне-өзі қызмет ету;
  • Өнімді еңбек;
  • Қоғамға пайдалы еңбек;
  • Оқу процесіндегі еңбек дегеніміз - сабақ процесіндегі еңбек дағдыландыру, іскерлік, төзімділікті үйретіп еңбекке бас игізу. Еңбек сабағында оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді.

Сыныптан тыс жұмыстарда еңбек сабағынан - қол еңбекке, орта сынып - шеберханадағы еңбекке баулиды.

Мектеп пәндері бейнелеу пәндерімен тығыз байланысты. Кейінгі кезде компьютер қолдануда, бизнес, маркетинг т. б. нарық экономикасына байланысты жаңалықтар енуде, оны да бейнелеу сабағында қолдана алады.

Сыныптан тыс үйірменің жаппай еңбек тәрбиесін іске асырудағы тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. Мектептен тыс мекемелерде; балалар мен жастардың орталығындағы пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, еңбек ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді. Ғылыми зерттеу дағдыларына төселеді. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуды оқушыларға ой салады. Үйірме жұмыстарының нәтижесі ретінде жаппай іс-шарамен толықтырылады; «Астық мерекесі», «Наурыз» т. б. Бейнелеу сабағынан табиғаттың, ауланың алдына шығып сурет салу.

Сыныптан тыс үйірмеде жасөспірімдердің өмірге қызығушылығын танытып, қуат алады, жігерленеді.

Мектептегі балалардың еңбек сабақтарында, үй жұмысыныда, мектептен тыс үйірмелерде баланың тәрбиесі қалыптасады. Эстетикалық көзқарас, эстетикалық қызмет, өнер шығармаларын жасауда, эстетикалық тартымды қолөнер бұйымдарын жасауда, эстетикалық тұрмысқа енгізу барысында қалыптасады. Мектеп оқушыларының күнделікті іс-әрекеті арқылы жүріп-тұру, киіну, тазалық тәртібі, әсіресе өнер, бейнелеу өнері сабағын алуда эстетикалық көзқарас пайда болады. Бейнелеу, көркем еңбек үйірмелері эстетикалық көзқарасқа үлкен әсер етеді. Эстетикалық көзқарасты қалыптастыруда мектептен, сыныптан тыс оқушылармен өткізілетін үйірмелердің маңызы зор. Мыс: Табиғатқа саяхат, түрлі көрмелер, тарихи ескерткіштер, әдеби мұражайлар, өнер адамдарымен кездесу, түрлі өнер үйірмелерінде оқып, білім алу орындары ерекше.

Өнер адамдары (суретшілер) сұлулық пен эстетикалық тәрбиенің меңгерушісі. Әр адамда бала кезден өнерге деген құштарлық бар. Кішкентай бала суреттің ашық бояуына қызығады, әсіресе бастауыш сыныптарда өнер пәндеріне, суретке, бейнелеу өнеріне аз да болмса сағат бөлінген.

Сыныптан тыс жұмыста баланы бір мамандыққа дайындау, мүмкіндігін ашып өнер адамы болуға жағдай жасау. Бала біраз көркем шығармаларды білумен қатар, өнердің кейбір саласынан, күрделі саласынан хабардар болғаны дұрыс.

Оқушылардың оқу процесімен сыныптан тыс жұмыстарының негізгі әдіс-тәсілдері:

  • көркемдік шығармаларды орындау немесе көрсету;
  • көркем шығармаларды талдау, бағалау;
  • өнертану саласынан мағлұмат беру;
  • оқушылардың шығармашылық және орындаушылық әрекеттерін ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыстарда - өнерге балаларды абстракты -формальдық түрде оқыту. Ол абстракционизм және сюрреализмге байланысты. Оқушыларды сурет салуға, мүсін жасауға, адамның тұлғасын салуды, портрет салуға т. б. өнерге оқытады, үйретеді, және сонымен қатар оқушыларға еркін тақырыпта сурет салуды, бейнелеуді ұсынады.

Сыныптан тыс жұмыстарда саяхат барысында істелетін жұмыстар; бақылау, өлшеу, сурет салу, оқушыларға нақты тапсырма беру. Саяхат біткеннен кейін оқушылармен қорытынды сабақ немесе конференция өткізіледі, баяндама жасалады. Конференция жұмысты ұстаз қорытындылайды. Оған қоса көрме, шығармашылық жұмыстар жатады.

Сыныптан тыс жұмыста еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс береді; тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзін-өзі қызмет көрсету, әрекеттің бұл түрі мұғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады. Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін және өзін танып білуге деген құштарлығын қалыптастырады. Оқушылардың суретке бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді.

Сыныптан тыс жұмыстарда суреттің бетін безендіру жұмыстары, сонымен қатар мектеп учаскелеріндегі жұмыс, сыныптан тыс жұмыста жаңа-жыл мерекесі қарсаңында кешке дайындық, күзгі және көктемгі бал кеші, көрмелерге бару, көрмелер ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмыстарда ұшқыш, мұғалім, дәрігер, шарушылық мамандары т. б. толып жатқан мамандық иелеріне байланысты кәсіби бағдар жұмыстарын атқарудың да маңызы ерекше.

Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытында тиімді ұйымдастыру, олардың әрқайсысының тұлғасын қалыптастыруды, ең алдымен педагогикалық басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдермен оқушылардың мызғымас ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ.

1. 2 Сыныптан тыс жұмыста ұлттық өнерімізге баулу .

Қол өнер халқымыздың халық өнерінің ішіндегі қай өнер болмасын халқымыз жақсы игеріп, жасай білген. Жеткіншектердің әдебиеттен, математикадан, архитектурадан, театрдан, мухыкадан, бейнелеу, мүсіндеу, кесте тігу мен ою-өрнек қиып үйрену өнерінен едәуір хабардар болуы келешекте қандай мамандықта жұмыс істеседе, оқушылардың рухани өрісі жоғары, кемел азамат болып шығуына жол ашатыны анық.

Өнердің басқа да түрлері секілді, ою-өрнектің де оқушылардың ой-өрісі мен білімдерін жан-жақты дамытуға әсері мол. Болашақ зергер, мүсінші және суретшілер де ілппесін мектептен-ақ бастайды. Сондықтан мектеп өте күрделі лаборатория. Оның қабырғасынан алған білім мен тәрбие әрбір оқушының қолындағы өмір үшін қажетті кілті іспетті.

Халық қолөнерінің ішіндегі ең көп тараған түрі - ағаш өңдеу, құрақ көрпе құрастыру, ою-өрнек тағы басқалары. Қазақ халқының қолөнері - халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ежелгі өнер.

Қолөнер түрлері көп. Жұннен, киізден жасалатын бұйымдар, өрмек тоқу, ер-тұрман жасау, ағаш бұйымдары, кесте және көркем тігу, зергерлік өнер тағы басқалары.

Қазақ қолөнері ғасырлар бойы көркем ой, халық талғамымен үздіксіз дамып келеді. Халық шеберлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде өз жалғасын тауып келеді.

Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады:

Шебер - ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.

Ұста - қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.

Ісмер - ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

Зергер - алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар.

Қазақтың ұста, зергерлері көркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, кұмістеу, термелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын -күміспен әшекейлеген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асыл тастардан көз салынған шолпылар мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер.

Қазақ халқының кесте өнері біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу болып бөлінеді. Біз кесте шым кесте және әредік кесте деп екі түрге бөлінеді. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне бізбен өткермелеп шалу арқылы тігіледі. Әредік кестеде материалдық әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады.

Сырмақ - екі түсті киізден оюланған немесе үстіне мата оюластырған, тігістеріне жиек басып сырған әшекейлі төсеніш. Сырмақ бетіндегі сан қилы сәнді өрнектерге қарасаңдар, халық өнерінің шежіресін көргендей боласыңдар.

Әр оймақтың жергілікті жағдайына дәстүріне байланысты сырмақ әр қалай өрнектелді.

Өрмек - тоқу өнерінің қарапайым түрі. Ол жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.

Жай өрмекке қап, қоржын, термебау, басқұр т. б. тоқу жатады.

Күрделі өрнекке кілем, алаша тоқу жатады.

Термелеп оқу әдісі - қазақтың өрмек өнерінің көп тараған түрі. Онда әр түсті тік жіптерді самай отырып теріп тоқу арқылы мәнерлі өрнектер түсіреді. Бұл тоқу Қазақстанның оңтүстігінде жақсы дамыған. Сонымен қатар ол өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен халықтарында да кең тараған. Осындай тәсілмен тоқылған басқұр, қоржын, алаша, кілем, т. б. бұйымдар. Қарағанды, Павлодар облыстарында жиі кездеседі. Олардың өрмек мәнерінде, тоқу әдістерінде сол жақтың өздеріне тән ерекшеліктері бар.

Оңтүстік Қазақстанда термелеп тоқудың «келсемтеру» немесе «бұқар теру» деп аталатын тәсілі көп түсті әр түрлі өрнекпен теріліп тоқылатын басқұр мен алашада жиі қолданылады. Тақыр кілем тоқу Қызылорда облысында жақсы дамыған. «Орама көру» тәсілдерімен басқұр, алаша тоқылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА МҮСІНДІК КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Абстракция туралы ұғым
Бейнелеу өнерін оқытудың негізі
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Бейнелеу өнерінде сыныптан тыс жұмыстарды қолдану
Кескіндеме өнерін сабақтан тыс үйірме жұмыстарында қолдану
Бейнелеу өнері сабағында көне мұраларды оқыту арқылы оқушылардың рухани білімін дамыту
Балаларға бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz