Тарбағатай тауының топырақтарына жалпы сипаттама


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1. 1 Тарбағатай тауының географиялық орны . . . 5
1. 2 Тарбағатайдың геологиясы мен жер бедері . . . 6
1. 3 Топырақ және жер ресурстары . . . 9
1. 4 Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары . . . 12
1. 5 Тарбағатайдың өзендері (ішкі сулары) . . . 15
2. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНЫҢ БАРЬЕРЛІК МӘНІ
2. 1 Тарбағатай жотасының климатқа әсері . . . 18
2. 2 Табиғат кешендерін қалыптастырудағы рөлі . . . 27
3 ТАРАУ. БАРЬЕРЛІК ЛАНДШАФТЫЛАР СИПАТТАМАСЫ
3. 1 Барьерлік ландшафтылар және олардың ландшафт компоненттері мен белдеулер түзілуіндегі рөлі . . . 29
3. 2 Тау барьерлерінің және барьерлік ландшафтылардың
классификациясы . . . 33
3. 3 Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысы . . . 35
4. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ЖЕР РЕСУРЫСЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР.
4. 1 Тарбағатайдың ауылшаруашылығының салаларын дамыту . . . 38
4. 2 Тиімділігі жоғары салалрды кіші және орта бизнеске тарту . . . 39
5. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ.
5. 1. Тарбағатайдың туризм саласында жұмыс жасау . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты: таулар мен жазықтар байланысындағы барьерлік ландшафтыларды және олардың географиялық маңызын анықтау жөнінде зерттеу жүргізу, Тарбағатайдың туризм саласын дамыту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысын зерттеу;
- Барьерлік ландшафтылар және ландшафт компоненттері мен белдеулердің түзілуіндегі олардың рөлін анықтау;
Көрші орналасқан жазықтар мен тауларды зерттеуде әрқашан ең алдымен олардың табиғи жағдайларының өзгешелігіне, бір-біріне ұқсамайтындығына мән беріледі. А. Гумбольд заманынан бастап географтар және экологтар тауларда биіктік белдеуліктің барлығын ескерген. Бұл туындының зерттелуіне дәстүр бойынша көп мән беріледі, соның арқасында жеке табиғи компоненттердің және табиғи кешендердің вертикальді өзгерісі жайлы көп ақпарат жиналған. Нәтижесінде таулы елдердің ландшафтты дифференциациясының негізгі заңдылығы ретінде биіктік зоналылық жайлы тұрақты түсінік қалыптасты. Осы заңдылыққа сәйкес физико-географтар Л. С. Бергтан кейін аудандастыру кезінде Орта Азияның таулары мен жазықтарын бөлудің бірінші кезеңінің өзінде жеке шекараларды қарастырды.
1961 ж Л. Н. Бабушкин, Н. Д. Далимов, Н. А. Когай құрамына тығыз байланысты таулар мен жазықтар кіретін Тұран провинциясының бөлінісін негіздеді. Олардың ізбасарларының бірі В. И. Четыркин арнайы құрылымнан тұратын кең территорияларды бөліп қарастыру қажеттігін ескерді, “ол таулар мен жазықтардың бір бүтін жүйе екенін” білдіреді. Орта Азия таулары мен жазықтарын бір аймаққа біріктіруді қолдаушылардан геоботаниктер Р. И. Аболинді, М. Г. Попов, Е. П. Коровин және т. б және топырақтанушылар И. П. Герасимов, А. Н. Розанов, Б. В. Горбунов және т. б атауға болады. А. Н. Розанов бүкіл топырақ бірлестігін төменгі жазықтардан жоғарғы тау жүйелеріне дейін қарастыру керек деп санады. Е. Н. Коровин Орта Азияның өсімдік жамылғысын жазықтарды да тауларды да қамтыған провинцияларға бөлді. Э. М. Мурзаев физ-географиялық аудандастыру схемасында таулардың жазықтарға әсерін ескерді.
Физикалық географиядағы таулар мен жазықтардың бір-біріне әсер етуі мен байланыстылығының мақсатты зерттелуіне қосылған үлкен үлес А. И. Яунпутнинмен барьерлік ландшафт жайлы түсініктің еңгізілуі еді. Кейіннен бұл идеялар қабылданды және әдебиеттерге енді.
Ф. Н. Мильков энергия және зат алмасуының жоғары интенсивтілігімен ерекшеленетін тау маңайлы ландшафттардың ерекше классын бөліп қарастыруды ұсынды. Ол таулардың күшті ландшафтылық әсері маңындағы жазықтардың кең зонасын қамтып алысқа тарайды деп есептеді. О. Ю. Пославская рельеф және рельеф құрушы процестер бойынша мәліметтерді толықтырып, таулы және жазықты бөліктерді қамтыған геоморфологиялық аймақтардың бөліну заңдылығын көрсетті.
3
Ф. Н. Мильковтың мақаласының публикациясы жарыққа шыққан уақыттан
бері таулар мен жазықтардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы жайлы түсінік тереңдеді, жалпы сипатта бір-бірімен әсер етуінің механизмі анықталды. А. А. Макунинаның кітабында ол туралы былай делінген: «Орта Азия таулары - атмосфералық жауын-шашынның аккумуляциясы облысы, жазықтары -беткі ағындардың жинақталған облысы . . . сумен бірге ОртаАзия өзендері таулардан көптеген материалдарды, сондай-ақ езілген заттарды ағызып әкетеді. Ағызылған материалдардан жаңа аккумулятивті жазықтар қалаптасады, ол ұсақ, жұқа фракциялар бағытталған ауа әсерімен аэрозоль күйінде қайта тауларға қонады. Осындай жолмен Орта Азия таулары мен жазықтарының тығыз байланысқан дамуы жүреді». Динамикада таулар мен жазықтардың геоморфологиялық байланысы Б. А. Федоровичпен қарастырылған, ол олар бір-бірін сіңіріп алады деп ескерген.
Жалпы тақырыпты зерттеуде салыстырмалы географиялық, картографиялық және т. б зерттеу әдістері қолданылды.
4
1 Тарау. Тарбағатай тауына физикалық-географиялық сипаттама.
1. 1 Тарбағатай тауының географиялық орны.
Сауыр-Тарбағатай Алтайдан оңтүстікке қарай орналасқан көрші тау жоталарымен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Сөз төркіні қалмақтың «Суырлытау» деген сөзінен алынған.
Солтүстігінде Зайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр. Ұзындығы 470 км, ені 150 км-ге созылған.
Тарбағатай тауы Зайсан қазаншұңқырының оңтүстік және оңтүстік батысында орналасқан. Ол облыс өлкесінің бірден-бір биік, әрі әсем бөлігінің бірі. Басын қар шалған қарт Тарбағатай өте ертеде пайда болған. Оның пайда болу кезеңі миллион жылдармен есептеледі. Қазіргі кезде Тарбағатай тауының оңтүстігі асу бермес қиын, солтүстік беткейі жатық. Тау қойнауларында талай тарих құпияларын жасырған үңгірлері, сылдырай аққан бұлақтары мен, кейде жоғалып, кейде пайда болатын өзендері көз тартады.
Тарбағатай бір-бірін жалғастыратын бірнеше жоталардан тұрады. Басқа сілемдермен салыстырғанда Тастау шыңы (2992 м) биіктігімен ерекше көзге түседі.
Оның батыс бөлігінде Жалаулы тауы теңіз деңгейінен 2962 м көтеріліп, орташа биіктігі 2000 м болатын тау сілемдері 250 км жерге созылып жатыр. Аңызға айналған «Ақберілі» асуы мен «Найзақара» секілді шыңдары бар. «Найзақара дегенде найзақара, сен мені танымасаң айға қара» деген сөз ел аузында әлі сақталған.
Бұл өлке альпілік тау жасалу кезеңіне сәйкес келгендіктен, тау түзілу процесі қазірде жүріп жатыр. Оны соңғы кездердегі жер сілкіну процестері дәлелдейді.
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің ең биік жотасы Сауыр. Оған жалғасып Сайқан жатыр. Олардың биік бөлігі Мұзтау (3805м) . Қазақстан жеріне оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді. Солтүстік беткейіндегі шатқалдарда кішікірім мұздықтар бар. Ағын сулардың әсерінен жоталар үгілуге көбірек ұшыраған, беткейлері жақпарлы болып келеді.
Сауыр - Сайқанның батысындағы Маңырақ тауы Шорға жазығына дейін созылады. Ол Зайсан қазаншұңқырының оңтүстік-шығысында орналасып, Кендірлік, Еспе өзендеріне суайрық болады. Сауыр жотасының солтүстік етегі Зайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі.
Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады.
Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады. 5
1. 2 Тарбағатайдың геологиясы мен жер бедері ,
Тарбағатай Жотасының Қазақстанға батыс бөлігі ғана (Батыс Тарбағатай) еніп жатыр және ендік бағытта 180 км-ге созылып жатыр. Оның солтүстік беткейі оңтүстікке қарағанда аз тілімденген. Бетінің тегістелуі кең дамыған. Тау беткейлері шатқалдармен терең бөлінген. Жотаның ең биік жері 2991 м, орташасы - 2000 м. Тарбағатайдан батысқа солтүстік-батыс бағытта Шыңғыс жотасы ұласып жатыр, онда абсолюттік биіктік 1300 м дейін төмендейді. Тарбағатай Алакөл және Зайсан ойпаттарын бөліп жатыр. Тарбағатайдың кішігірім тауаралық ойпаттары ол үшін үлкен маңызға ие емес.
Тарбағатай антиклинориясының шегінде негізінен төменгі және орта палеозойдың шөгінді жыныстары дамыған, ал оның ядросы (ортасы) ортаордовиктік түзілімдерді құрайды. Каледондық Тарбағатайлық қатпарлы жүйе - варистік Жоңғар-Балхаш геосинклиналиден Аягөз-Ұржарлық және Барлық жарықтарымен бөлінген.
Батыс Тарбағатай шегінде орташа таулар, аласа таулы және тау алды адырлы рельеф айқындалады (1) .
Шұғыл тілімденген орташа таулар ең үлкен абсолюттік биіктікке 2000-2900 м ие. Рельефтің бұл типіне қырқаларды 700 м биіктікке дейін бөлетін терең шатқалдардың болуы тән. Палеозойлық жыныстардың шатқалдық түзілімдерімен көмкерілген қырқалардың беткейлерінде майда ірі тау жыныстары дамиды. 2000-2200 м абсолюттік биіктікте карлар - ежелгі мұз басудың іздері байқалады.
Қазіргі таңда карлар өте жоғары орналасқан және таулар физикалық үрленуге шалдығуда. Оған беткейлердің төменгі бөліктеріндегі жаңа майда ірі тау жыныстары дәлел бола алады.
Тектоникалық кертпештердің төменгі бөліктеріне шығу конустарының тауалды шлейфтары мен адырлы жер бедері еніп жатыр.
Қалыпты тілімденген орташа тау Алакөл көлімен шығысқа және жотаның батыс бөлігінде дамыған. Абсолюттік биіктік 1200-1400 м жоғары емес. Үлкен беткейлі қырқалар кең тараған.
Орта таулы жер бедерінің суайрықтық кеңістіктерінде палеогендік және төменгі антропогендік түзілімдер сақталған. (2) Ол тегістелудің ежелгі беткі қабатының және төменгі төрттіктен кейінгі - таулы жер бедерінің палеогендікке дейінгі жасын көрсетеді.
Аласа таулы жер бедері тектоникалық кертпештермен жоғарыда орналасқан орташа таулардан және төменде жатқан адырлардан бөлініп орналасқан. Абсолюттік биіктік 1000 метрден 1200 метр аралығында, ал ауытқымалар 300-450 м. Рельефтің тегіс формалары жалдармен, қырқалармен айқындалған. Суайрықтар кейбір жерлерде жоғарғы плиоцен - төменгі субстратта аккумулятивті денудациялық жазықтарға өтеді. Ол аласа таулы жер бедерінің кейінгі ертетөрттік жасын дәлелдейді.
6
Адырлы жер бедері Батыс Тарбағатайдың етегіне тән. Оның түзілуі тау алды шлейфтардың және тауаралық ойыстардың жалпы көтеріліп, кейіннен кеуекті түзілімдерінің эрозиямен тілімделуіне байланысты.
Батыс Тарбағатайдың етегінде адырлы жер бедері қырқалардың 50-70 м биіктікпен ауысып отыруынан қалыптасқан. Ол орта - жоғары төрттік лес тәрізді саздақта, кейінгі төрттік - яғни қазіргі кезеңде түзілген.
Тарбағатай үшін жер бедері тегістелуінің тегістігі немесе 100-150 м ауытқуында толқындылығы тән. Тегістелу беті 2000 м биіктікке көтерілген және оған ежелгі мұздық процесстар әсер еткен, жекелеген бөліктерде карлар, трогтар және мореналар сақталған. Жоталардың суайрықтық бөлігінде оның майысулары байқалады, ал жарыла бастаған беткейлерде ол сатылы жер бедерін құрайды.
Шығыс Қазақстанның жер бедерінің тегістелу беті З. А. Сваричевскийдің пікірі бойынша орта олигоцендікке дейінгі кезеңде қалыптасқан. (3)
Тектоникалық кертпештердің етектерінде шығу конустарының делювиальді-пролювиальді еңісті тау асты жазықтары дамыған.
Таулардағы өзен аңғарлары шатқалдар формасына ие, жайылма асты террасалары нашар дамыған. Аягөз өзенінің ең ірі аңғарында төрт терраса бар: төртіншісінің биіктігі 25-30 м, үшіншісінікі 13-15 м, екіншісі 10 м және біріншісі 5-6 м.
Саур, Маңырақ және Тарбағатай таулары жер бедерінің даму тарихы .
Қарастырылып отырған аудандардың қазіргі жер бедерінің негізгі ерекшеліктері палеозойлық таулы елде мезозойда және кайнозойда эрозия-денудациялық қайта қарастыру нәтижесінде құрылды. Жер бедері дамуының тарихында үш кезең ерекшеленеді: ортаолигоценге дейінгі, ортаолигоцен-неогендік және төрттік.
Мезозойда және кайнозойдың басында олигоценге шейін таулы елдің орнында толқынды жазыққа ұқсайтын континенттальді тегістелудің біртұтас беті қалыптастырылды. Бірақ кейбір ойыстарда (Кендірлік, Алакөл, Іле) сол кездің өзінде көлдік режим қалыптасты. Кіші-гірім тектоникалық жылжымалар жер бедерін жаңартты.
Екінші кезеңде - олигоценнің ортасынан неогеннің аяғына дейін - пенепленнің қалыптасуы жалғасты, бірақ жаңа тектониканың айқындалуы байқалған территорияның бір бөлігі тілімделуге ұшырады, сондаақ ойыстардың төмендеуі көрініс алды. Олигоценнің өзінде Тарбағатай және тағы басқа жоталар көтерілген болатын, бірақ тек төрттік кезеңде ғана тұрақты дами бастады.
Орта олигоцен - төменгі плиоцендік кезеңде өзендік толрдың құрылуы және миоцен мен төменгі плиоценде эрозия базисінің көтерілуі аңғарлардың делювиальді қызыл-күрең батпақтармен толуына әкелді. (4)
Орта плиоцен ерте төрттік кезеңде таулардың көтерілуі, дөрекі құлама материалдың жиналуы және құлауы жалғасты. Интенсивті көтерілу орта төрттік кезеңде,
7
сипатталған территорияға тән жоғары гобиилік конгломераттар жинала бастағанда басталды.
Орта төрттік кезеңнің басында климаттың суытуы таулардың көтеріңкі бөліктерінде мұзданудың дамуына жағдай жасады. Таулардың көтерілуінің жалғасуы және климаттың ылғалдануы нәтижесінде төменгі төрттік тау алды шлейфтар шайылуға ұшырады. Орта төрттік кезеңде өзен торы қайта құрылды. Тау алдыларында өзен аңғарларының антецеденттік бөліктері құрылды. Бірақ ылғалдану кезеңі ұзаққа созылған жоқ, ортатөрттік кезеңнің аяғында - кейінгітөрттік кезеңнің басындағы климат аридизациясының күшеюі - көлді сулар астындағы үйінділердің дамуына және эолдық жер бедерінің түзілуіне әсер етті.
Кейінгі төрттік кезеңде таулар биіктігінің өсуі және климаттың суытуы аңғарлық типтің жаңа мұздануына алып келді. Нәтижесінде қазіргіге ұқсас таулы жер бедері және тауаралық ойыстар жазықтары қалыптасты.
Голоценде таулардың көтерілуі, жауын-шашынның тауаралық және тауалды ойыстарға түсуі және олардың жағалық бөліктерінің кейінгі көтерілуге енуі өз жалғасын тапты.
Тауаралық эжәне тау іші ойыстары. Тауаралық ойыстар оңтүстік-шығыс Қазақстанның таулы бөлігін бөліп тұрған кең ауқымды төменгі бөліктер. Үш ірі ойыс анықталады: Балхаш-Алакөл ойысы, Іле және Зайсан ойыстары.
Балхаш-Алакөл ойысы - Балхаш маңы және Алакөл ойпаттарынан тұрады. Оның біріншісі аккумулятивті, ал көп бөлігінде эолды болып келеді, солтүстіктен Сары-Арқамен, батыста және оңтүстікте Шу-Балхаш суайрығымен, оңтүстік-шығыстан Жоңғар Алатауымен шектелген. Жазық Балхаш көліне еңкейіп орналасқан. Оның абсолюттік биіктігі осы бағытта 700 м-ден 340 м-ге дейін азаяды.
Алакөл ойысы да аккумулятивті, негізінен көлді-аллювиальді. Ол батыс Тарбағатай, Барлық және Жоңғар Алатауы таулары арасында кіріктіріліп орналасқан. Балхаш маңы ойпатымен Арғанат тауларының солтүстік-шығыс беткейімен шектеседі. Алакөл жазығы Сасықкөл-Алакөл көлдері тобына түседі. Минимальді абсолюттік биіктігі 344 м.
Балхаш-Алакөл ойысына екі әр түрлі құрылған морфоқұрылымдар: Балхаш және Алакөл кіреді. Балхаш морфоқұрылымы - бұл тауалды платформалы еңіс, ал оңтүстік бөлігінде сыртқы оргенді болып табылады, ол оңтүстік-шығыстан Жоңғар көтерілімімен шектелген. Балхаш ойысындағы палеозой жыныстары солтүстік-батыс бөлікте 200 м тереңдікте, ал оңтүстік бөлікте 1000 м тереңдікте жатыр.
Алакөл ойысы ішкі орогенді болып табылады және Тарбағатай-Саур тектоникалық көтерілімімен Жоғардан бөлінеді. Оның палеозойлық фундаменті қалдықтармен жоғары көтерілген көтерілімдерге және төменгі ойыстарға бөлінген, көтерілу және иілу амплитудасы 100-150 м. Балхаш-Алакөл ойысының геологиялық құрылымы Т. Н. Джуркашевтің еңбегінде терең зерттеліп, баяндалған (1)
8
1. 3 Топырақ және жер ресурстары .
Шығыс Қазақстан жерінде ендік зоналылық анық байқалғандықтан топырақ жамылғысы сан алуан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр (құрғақ дала), ашық қоңыр (шөлейт) және қоңыр топырақ зоналары бірін-бірі алмастырады.
Шыңғыстау, Қалба жотасы, Алтай, Тарбағатай тауларының биік бөктерлерінде ендік зоналылық биіктік белдеуге ауысып, сұр топырақ, субальпілік тау шалғындарына өзгереді.
Қара қоңыр топырақ - Ертістің оң жағалауын алып жатыр. Қара қоңыр топырақтың үлесіне облыс ауданының 9-10 пайызы тиеді. Белағаш даласы мен Тарбағатай жотасындағы лесс топырақтарының таралған аудандарында сортаңсыз қара қоңыр топырақ кең алқапты алып жатыр. Қалбаның батыс бөлігі мен Коростелев-Солонов далаларында сортаңды қара қоңыр топырақ басым болады. Олар құрамына байланысты саздақты, құрылысына қарай кесек болып келеді. Бұндай топырақтар гумусқа өте бай, мелиорациялауды қажет етеді.
Ертістің оң жағалауындағы қара қоңыр топырақ шығыстағы Алтай бөктеріндегі қара топырақпен алмасады. Ал Бородулиха ауданының көпшілік бөлігін қара топырақ кешеніне жататын карбонатқа бай қара қоңыр топырақ алып жатыр. Алып жатқан жері небәрі 1 пайыз бола тұра, облыстың ең құнарлы топырағы осында. Сонымен бірге Белағаш даласының орталық бөлігі мен Тарбағатай жоталарының оңтүстік беткейінде қара топырақ кең тараған. Ертістің оң жағалауын бойлай кең алқапты құм алып жатыр. Ол батысында құмдақты далаға ауысады. Бұл өлкенің топырағы эрозияға тез ұшырайды. Ертіс аңғарының жайылмаларында құнарлы, дегенмен жиі батпақталатын аллювиальді-шалғынды топырақ, ал жайылма үстіндегі террасаларда сортаң шалғынды қара қоңыр топырақта жел эрозиясына тез ұшырайды.
Ашық қоңыр топырақ - облыстың ұсақ шоқылы бөліктеріне таралып, Ертістен Алакөл қазан шұңқыры мен Балхаш бойы үстіртіне дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ашық қоңыр топырақ қабаты жұқа, құрамында гумусы аз, ұсақ тасты болады. Бұл топырақ облыстың 1/3 бөлігін алып жатыр.
Қоңыр топырақ зонасы - облыстың оңтүстік бөлігіндегі кең алқапты алып жатыр, Балхаш үстірті мен Алакөл қазаншұңқырын қамтиды. Қоңыр топырақтың жекелеген ірі массивтері Зайсан қазаншұңқырында кездеседі. Топырақ қабаты жұқа, гумусы аз көпшілік бөлігі сортаң.
Барлық тау жотасының етегіне жақындаған сайын топырақ ұсақ түйіршікті болғандықтан, егіншілікке қолайлы болады. Алакөлдің солтүстігінде тақырлар кездеседі. Қоңыр топырақтың барлық түрлері суаруды қажет етеді.
Аласа, орта және биік таулар топырағы.
Бұл жерде негізінен даланың таулы қара қоңыр топырағы кешеніндегі сортаңды қара топырақты шалғын дамыған.
9
Тарбағатайдың солтүстік беткейінде бұл топырақтар таулы қара топыраққа ауысады. Тарбағатай мен Алтайдың биік белдеуіне жоғарылаған сайын ол таулы шалғынды қара топыраққа және таулы шалғынды субальпілік топыраққа жалғасады.
1000-1100 м биіктіктегі Қалба жотасының оңтүстік беткейінде де, таулы-далалы топырақ таулы қара топыраққа ауысады. Шігелік пен кіші Бөкен өзендерінің жоғарғы ағыстарында таулы қоңыр күлгін топырақ кездеседі. Шыңғыстау орташа биіктіктегі тау болғандықтан, онда биіктік топырақ белдеуі жақсы дамымаған. Бұл жерде таулы даланың қара қоңыр топырағы басым. Берілген топырақ зонасының сипаттамасы, облыс топырағының көпшілік бөлігінің егіншілікке жарамсыздығын айғақтайды.
Шөлейт зонасы топырақтың аналық құрамының әр түрлілігі, жер бедерінің әркелкілігі, әр зонадағы топырақ жамылғысының әр түрлі болуымен ерекшеленеді. Облыс топырағының өзіне тән тағы бір ерекшелігі, оның құрамындағы тұздың көп болуы. Сор және сортаң топырақтардың бірігіп үйлесуі өңдеуге қиындық туғызады.
Кендірлік, Қалжыр өзендерінің бойы ауыр сазбалшықты топырақтан тұрады. Ол шабындықтың өсуіне аса қолайлы. Құмды аймақтарда топырақ қабаты болмайды. Зайсан көліне таяу жерде батпақты, тұзды-сорлы топырақты жерлер көптеп кездеседі.
Тарбағатай тауының топырақтарына жалпы сипаттама.
Таулар, тауаралық далалар мен тауалды жазықтар топырағы көп жағдайда вертикальді биоклиматтық зоналылық әсерімен қалыптасады және сондықтан кейбір авторлар бұл топырақтардың барлығын таулы деп атайды және көрсетеді.
Көп жағдайда вертикальді зоналылық байқалатын таулы рельеф дамуында әр түрлі таулы топырақтар таралған: таулы-шалғындық альпілік және субальпілік, таулы шалғынды-далалық және күрең түсті субальпілік (Тарбағатайдың биік тауы), таулы қаратопырақтар, қарапайым және оңтүстіктік (ортатау, Тарбағатайдың аласа тауы және Қалба жоталарының аласа тауы), таулы қарақоңыр (Тарбағатайдың аласа тауы және Шыңғыстаудың оңтүстік беткейі, Қалбаның тау маңайы, ұсақ шоқы арасындағы жекелеген таулы биіктіктер), таулы ашық қоңыр (Тарбағатай, Барлық, Шыңғыстаудың аласатауы мен тау маңайы, ұсақ шоқысы ішіндегі жекелеген таулар), таулы күрең және сұр күрең шөлді топырақтар (Тарбағатайдың шығыс бөлігі мен Барлықтың тау маңайының ұсақ шоқы арасындағы жекелеген таулар топырағы) .
Тауаралық аңғарлар мен тауалды жазықтар топырақтары вертикальді зоналық әсерімен қалыптасып, ерекше топты құрайды, бірақ өзінің морфологиялық көрсеткіштері бойынша және қасиетері бойынша олар көп жағдайда өздерінің жазықтық аналогтарынан аз ерекшеленеді. Оларды сәйкес жазықтық топырақтардың ерекше провинциальді нұсқалары ретінде немесе таулы рельеф жағдайында вертикальді зоналылық әсерімен қалыптасқан топырақ ретінде қарастыруға болады.
10
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz