Сыныптан тыс оқытудың маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Мектептегі сыныптан тыс оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері 7

1. 1 Тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен негізгі белгілері 7

1. 2 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері 11

2 Сыныптан тыс оқытудың маңызы 16

2. 1 Тарих пәнінен сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік мәні 16

2. 2 Оқушы құзіреттілігін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстың ролі 20

2. 3 Тарих сабағында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін дамытудағы қосымша материалдарды пайдалану жолдары 22

Қорытынды 27

Пайдаланылған әдебиет тізімі 29

Кіріспе

Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті үрдіс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі - сыныптан тыс оқыту.

Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әр түрлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

Оқушылармен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жүргізіледі. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыратын және тереңдете отырып, ең алдымен оқушылардың талаптары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады. Сыныптан тыс оқытудағы жұмыстар оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырудың формасы ретінде олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі болып саналады. Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс оқыту ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік ең алдымен сыныптан тыс жұмыс түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Оқушылармен мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға салтанатты кештер мен мерекелер, тақырыптық кештер, мектепке шақырылған атақты адамдармен әдеби кештер, әдеби диспуттар, байқаулар, конкурстар, олимпиадалар мен жарыстар, демалыс кештері жатады. Сыныптан тыс жұмысты өткізудің формасын таңдағанда, ең әуелі тәрбие жұмысының нақты мақсаттары мен міндеттерін есте ұстаған жөн. Мектептерде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы мұғалім ең алдымен сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлайды. Мектеп директорымен және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірігіп алдағы оқу жылындағы тәрбиенің негізгі міндеттерін анықтайды, оқушылар айналысатын іс-әрекеттердің түрлерін қарастырады және мектеп көлеміндегі негізгі тәрбиелік шараларды белгілейді. Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстар мектеп мұғалімдерінен көп ізденісті, білімділікті күтеді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың білімін тереңдете түсуде, тәрбие жұмысында мектептерде ұйымдастырылатын әдебиетке арналған сыныптан тыс жұмыстардың формалары да сан алуан болып келеді

Жұмыстың өзектілігі:

Мектепте тарихты оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем-дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілеті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ үрдісінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты - оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отырып, патриотизм, рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл тарихтан оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі. Осы айтылған мәселелер курстық жұмыстың өзектілігін айқындайды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: осы курстық жұмыстың мақсаты аталған мәселенің ғылыми-теориялық, тәжірибелік өзектілігінен туындайды. Тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері мен ерекшеліктерін, оны оқытудың әдіс-тәсілдерін, тәрбиелік маңызын зерттеп, оның мәнін ашу.

Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми ізденіс үдерісінде келесі міндеттерді шешуге аса назар аударылды:

- сыныптан тыс оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама беру;

- тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен негізгі белгілерін қарастыру;

- сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдерін үйреніп, зерттеу;

- сыныптан тыс оқытудың маңызын, тәрбиелік ролін жан-жақты қарастыру.

Тарихнамасы:

Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің және оқу-ағарту ісінің тарихында зерттеушілер Ә. Сыдықов, Т. Тәжібаев, Ә. Сембаев, И. Я. Гармс, С. Мусин, Қ. Бержанов, И. Б. Мадин, А. Т. Колмаков, Ж. Есекеев, А. Көбесов, К. Құнантаева, К. Б. Сейталиев, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, Т. М. Алсатов, Е. Омарұлы, Ә. Н. Көшербаева, К. Ж. Ибраева, А. Ильясова және т. б. ғалымдар тобы өз орындарын алады.

Ә. Сембаевтың зерттеу еңбегінде төңкеріске дейінгі Қазақстанда оқыту ісінің түрліше ұйымдастырылуы, орыс және орыс-қазақ мектептерімен кәсіптік оқу орындарында қазақ жастарын оқыту жайы, сонымен бірге сыныптан тыс жұмыстарды қалыптастыру, мектептерге, әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі мамандарын даярлауда ескіше оқып даярланған мұғалімдерді қайта тәрбиелеуде кәсіптік білім беру жұмыстарының өркендеуі мен дамуын тарихи тұрғыдан талдап берді.

И. Я. Гармстың ғылыми еңбегінде бір тарау сыныптан тыс жұмыстарға арналып, орыс-қазақ бастауыш мектептеріне сипаттама беріліп, Н. И. Ильминскийдің, М. Н. Григорьевтің, Ы. Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері талданады. Сондай-ақ, қоғамдағы болған түрлі төңкеріс пен өзгерістер қазақ өлкесіндегі оқу-ағарту жұмыстарына тигізген ықпалын баян етеді.

Қ. Б. Бержановтың ғылыми-зерттеу жұмысының негізінде жарық көрген монографиясында, орыс-қазақ арасында ынтымақтастық және оның халық ағарту ісіне тигізген ықпалы, қазақ мектептері, сыныптан тыс білім беру мәселелері жөнінде өз пікірлерін түйіндеп береді.

Ж. Есекеев зерттеу жұмысында 1917-1930 жылдар аралығындағы Қазақстандағы педагогикалық білім мәселелері қамтылса, А. Т. Колмаков 1925-1954 жылдардағы Қазақстандағы жоғарғы педагогикалық білім берудің дамуын қарастырады. Ал бұл кезеңге дейінгі мектеп мұғалімдерін даярлау мәселесіне А. П. Герасимова қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы орта дәрежелі педагогикалық оқу орындары жөнінде тұңғыш пікір айтты. Қазақстанда мұғалім мамандарын даярлаудағы сырттай оқыту арқылы білім беру ісін дамыту мәселесіне И. Б. Мадиннің зерттеулері арналған. А. К. Тлебалдиеваның кандидаттық зерттеу жұмысы Қазақстандағы сыныптан тыс білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын (1917-1941ж. ж. ) қамтыса, Е. М. Байзақованың диссертациясын мектептердегі сыныптан тыс жұмыстардың түрлі оқыту әдістеріне талдау жасаған еңбек ретінде танимыз.

Қазақстандағы педагогика тарихы мен оқу-ағарту жұмыстарының дамуындағы педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуына А. Ильясова, К. К. Актаева, С. Утаназаров т. б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары арналып, бұл тұрғыдағы еңбектер бірін-бірі толықтырып жетілдірілсе, Е. Омарұлы қосымша білім беру жүйесіне арналған зерттеуінде мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен дамуының (1917-1990 ж. ж. ) теориясын әрі тарихын қарастырып, сүбелі үлес қосты.

Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер мен тәлім-тәрбиелік даналық жолдың өскелең ұрпақты тәрбиелеу тарихының мәселелеріне Т. М. Алсатов, К. Ж. Ибраева, т. б. ғалымдар өз зерттеулерін арнаса, Қазақстандағы халықтық педагогиканың өзектілігі мен бүгінгі күнге қажеттігін дәлелдей отырып, олардың ғылыми-теориялық және тарихилығына мән берсе, осы тұрғыдағы зерттеулер С. Қ. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, С. Ғаббасов т. б. әр қырынан қамтыған. Сондай-ақ, Қазақстандағы рухани дүниенің әлеуметтік-мәдени салаға ықпалы, оның ішкі бірлігі мен табиғи үйлесімділіктерімен даналық бейненің берілуі, ондағы білім, тәрбие, ұлттық мәселенің төңірегінде ой-түйіндер жасап, пікір қалыптастырған философ-ғалымдарымыз, Ә. Нысанбаев, Ж. Әбділдин, Ғ. Есімов, О. А. Сегізбаев, Ә. Сағатова, Н. Елікбаев т. б. болды.

Қазақ жеріндегі жеке тұлғалардың педагогикалық мұралары мен көзқарастары жөнінде жазылған еңбектерде сыныптан тыс жұмыстардың қалыптасуы мен дамуына зор күш салып, еңбек еткен зиялы қауым өкілдерінің педагогика тарихында алатын орындары анықталып, сараланып дәлелденді. Кеңестік кезеңде осы сынды зерттеулер 30-жылдары сталиндік жүйеге ұшырап, жазылған еңбектер мен қолжазбаларды (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонанов, т. б. ) оқуға, сараптап талдауға, авторлардың аттарын атауға тиым салынғандығына байланысты елеусіз қалған еді. Аттары аталған қазақ зиялыларының алғашқы ұлттық негіздегі қазақ тілі мен әдебиетінен, тарих, математикадан, т. б. оқулықтар мен оқу құралдарын жазудағы қосқан үлесі орасан зор. Оның маңыздылығы жайлы тарихшылар М. Қойгелдиев, Ж. Қасымбаев, М. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, Х. Табылдиев, филологтар Р. Бердібаев, Т. Кәкішұлы, Р. Нұрғалиев, Ш. Сәтбаева, Р. Сыздықова, С. Сейітов, Ш. Елеукенов, С. Дәуітов, А. Мектепов, Т. Қожакеев, Н. Омаш, тарих саласы бойынша Т. Оспанов, Б. Қосанов, Ж. Қайынбаев, т. б. ғылыми-зерттеу және ғылыми мақалалары ауқымды талданды және олардың көмегі зор болды.

Зерттеу объектісі: Тарих пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың рөлі.

Зерттеу пәні: Тарихты оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың дәстүрлі әдістері және оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау және мәнісін ашу.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы: Осы курстық жұмыста тарихты оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар, оның негізгі әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері келтіріліп, олардың маңызы ашық көрсетіледі. Сол себепті бұл курстық жұмысты мұғалімдерге көмек ретінде дәрістік курс ретінде қолдануға болады.

Зерттеу әдістері: Курстық жұмыс орындау барысында тарихи-салыстырмалы, анализ, сипаттау, талдау, сараптау, синтез, жинақтау, жүйелі-функционалды, қорыту, бағалау әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында тақырыпқа қажетті пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

1 Мектептегі сыныптан тыс оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері

1. 1 Тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен негізгі белгілері

Толыққанды жеке тұлға дайындау жүйесіндегі институттар ішіндегі мектептен тыс білім беру орындары маңызды рөл атқарады. Осы орындарда көптеген жылдар бойы жастарды мәдениетке тарту, жеке шығармашылық мүмкіндіктері мен дарынын дамыту жолға қойылған.

Бүгінгі таңда өздігінен жұмыс істей алатын, білімін тереңдете білетін, өмірде өз орнын табуға құлшынатын жастарды дайындауға сұраныс өте зор. Осы мақсаттарды іс жүзіне асыру үшін тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін табу қажет. Осындай білім беру үрдісінің негізінде өз мүмкіндіктерімен, қажеттілігімен және мүдделерімен жеке тұлға тұруы керек.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңының «Дамыту жолындағы оқыту бағдарламасы» туралы 12-бабында мектептен тыс оқу орындары жұмыстарының негізгі бағыттары белгіленген. Мектептен тыс білім берудің негізгі мақсаты мыналар:

- 6 жас пен 18 жас аралығындағы жастарға жеке тұлға ретінде дамуына, денсаулықтарын шынықтыруына, кәсіби жағынан өз жолдарын дұрыс таңдауына, шығармашылықпен еңбектенуіне қажетті жағдайлар жасау;

- оларды қоғам өміріне машықтандыру;

- жалпы мәдени деңгейлерін қалыптастыру;

- бос уақыттарын пайдалы да мағыналы өткізуді ұйымдастыру [1] .

Мектептен тыс білім беру орындары баланың ақыл-ой деңгейінің дамуында, мүдделерін қанағаттандыруда, кәсіби өзін-өзі анықтау қабілетінің артуында, жасөспірімдерді тәрбиелеуде үлкен орын алады.

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға педагогтар ұжымының даму стратегиясы мен тактикасында басшылыққа алатын негізгі идеясы - жастардың шығармашылық өсіп-өркендеуі. Әрбір баланың дарынды болуы үшін педагогтар мен ата-ананың негізгі мақсаты - баланың қабілетін арттыру.

Балалар мектептен тыс білім беру орындарын өздері еркін таңдайды. Мектептен тыс білім беру орындары балалардың отбасында, басқа орындарда олардың тәлім-тәрбиесін алдарына қойған мақсаттарына сәйкестендіре, жаңа әдістерді пайдалана отырып тереңдете түсуі қажет.

Мектептен тыс білім беру орындарында үш түрлі мақсат көзделеді. Олар:

- үйрету;

- шығармашылық өсулеріне жағдай жасау;

- өз мүмкіндігін дұрыс пайдалануына көмектесу.

Балаларға қосымша білім берудің орта мектептегі білім беруден ерекшелігі, баланың аңсары ауған құбылыстарды терең әрі тез меңгеруіне көбірек көңіл бөлетіндігінде. Бұл орайда баланың қызығуы оның кейбір қабілеттерін анық көрсетеді. Балаға қосымша білім беруді оның негізгі білімінің, әрі кәсіби бағыт алуының «келешекке қадамы» деп қарастыру дұрыс.

Қосымша білім беруді түрлендіру білім беру жүйесіндегі өзгерістермен тығыз байланысты. Қазіргі таңда жастарға бұрынғы ескі үйірмелерден айырмашылығы бар жаңа бағдарламалар жасау қажеттілігі туындап отыр. Ондай бағдарламалар дарынды балалардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуындағы қажеттілігі, мүмкіншілігінің молдығы, қабілеттілігі сияқты қасиеттерін ертерек дөп басып табуға бағытталуы қажет. Ол бағдарламалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, әр түрлі жұмыс түрлерін қамтуы шарт [2; 43] .

Республикадағы мектептен тыс білім беру орындарында балалардың дарындылығы мен даму деңгейін анықтайтын айрықша білім беру технологиясы жинақталған. Дарынды балалардың өз ерекшеліктерін ескеретін жаңа бағдарламалар қалыптасқан:

- жеделдетіп дамыту бағдарламасы - баланың дүние тануға ұмтылысы мектептің білім беру деңгейінен артып кеткен жағдайда жеке пәндерге, құбылысқа деген қызығуын, іс-әрекеттің мазмұны мен әдістерін тез игеруін қамтамасыз етеді;

- тәжірибе мен білімнің әр саласының мазмұнымен толықтырылған интегративтік (байытылған) бағдарлама.

Бағдарлама бірдей жастағы және әр түрлі жастағы балалардың біріккен ұйымдарында іске асырылады. Бұл жерде білім берудің үш сатылы жүйесі тиімдірек болып саналады.

1. Үйірме жұмысы.

2. Қосымша білім беру және ғылымды тереңдете оқыту.

3. Тәжірибелік және ғылыми зерттеу жұмысы.

Мектептен тыс білім беру орындарының ұжымдары өздерінің ережесіне сәйкес өз іс-әрекеттері негізінде өздігінен бағдарлама жасайды. Бағдарламада оқушылардың мүддесі, қабілеті, отбасының, білім беру орындарының қажеттілігі ескеріледі.

Сондай бағдарламаға сәйкес мектептен тыс білім беру орындарының мынадай құрылымы ұсынылады:

1. Оқушылардың Кіші Ғылым Академиясы республиканың барша оқушыларын қамтиды. Оның өз Ережесі, Жарғысы бар. ОҚҒА жыл сайын ғылыми-практикалық мәслихат өткізіп тұрады. Мәслихатта балалар өз ғылыми жұмыстарының қорытындысы жайында ғалымдар мен мамандардың құралған әділқазылар алқасы алдында баяндамалар жасайды. Онда жұмыстардың қорытындысы шығарылып, өте жақсы орындалған жұмыстар марапатталады және баспасөзде жариялануға жіберіледі. Іріктелініп көзге түскен ОҚҒА-ның мүшелеріне еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге жеңілдік қарастырылады.

2. Бастапқы кәсіби мамандыққа дейінгі даярлық. Бұл ертеректе мектептерде өтетін оқу-өндіріс комбинаттары сияқты балаларға мамандық таңдауына, сол бойынша білім алуына мектеп қабырғасында мүмкіндік береді.

Мектептен тыс білім берудің мектептегі оқу-өндірістік комбинаттарынан айырмашылығы, ол оқушыларға мамандықтың түрлерін кеңінен ұсынады және оқудың аяғында куәлік-сертификат береді.

3. Мектептерге көмек орталығы. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарымен бірлесе отырып, бай техникалық құралдармен жабдықталған орталықтарда әр түрлі семинарлар өткізіліп отырады. Әр түрлі оқыту әдістемелерін даярлауды көздейді. Ғылымның әр саласында топтық олимпиадаларға, математикадан және физикадан халықаралық турнирлерге қатысу көзделген, ғылыми мекемелерде қазіргі заманғы озық техника мен технологияны оқу процесінде пайдалануға мүмкіндік мол. Мысалы, обсерваторияда астрономия пәнінен сабақтар жүргізіледі.

4. Сырттай оқытатын мектептер жалпы республика көлемінде оқушыларды химия, астрономия, математика, тарих пәндерімен терең шұғылдана алады. Оқу процесінің интернет жүйесімен қамтылуы оқудың бұл түріне кең жол ашады.

5. Үйірмелер, клубтар, шеберханалар - оқушылардың мүддесіне сәйкес жұмыс істейтін ең көп тараған түрлері.

Мектептен тыс оқыту жүйесінің болашағы зор. Жастардың шығармашылығын дамытып, қабілетін ашуға ықпал жасайтын бұл жүйенің аса мол мүмкіндігі ғылым мен техниканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың жетілуімен бірге кеңейе түседі [3; 119-121б] .

Жұмыстың бұл түрін тарихи білімді күнделікті оқытуды ұйымдастыру формалары арқылы үйретуден бірқатар ерекшеліктері бар. Оларды жеке-жеке атап өтейік. Алдымен назар аударатын ерекшелік, бұл жұмыстың еріктілік сипаты. Тарихшы мұғалімдер оқу жылы басында өз шәкірттерін мектепте ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыспен, оның формаларымен таныстырғаннан кейін, оқушылар жұмыстың қандай түріне қатысатынын өздері таңдайды. Мұғалім тек білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жағынан тиімдірек түрлерін басымырақ ұсынады. Ал оқушыларды сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне бөлгенде олардың ынтасын, бейімділігін ескеру керек.

Сыныптан тыс жұмыс қазіргі кезеңмен тығыз байланысты жүргізіледі. Мұның өзі бұрын болып өткен оқиғаларды қазіргі жағдайлармен салыстыру, өткендегінің қазіргімен байланысты тұстарын ашып көрсету, қазіргі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларды жақсы білу, түсіну үшін тарих пәнінің өмірлік маңызы зор екенін және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы қол жеткен табыстарын айқын сезіну үшін қажет. Өткенді қазіргімен байланыстырудың басқа да жолдары бар, бірақ қандай тәсілді қолдансақ та, ол оқушылардың ойлау қызметінің одан әрі дамуына, тәрбиелілігінің жақсара түсуіне әсер етуі, демек әдістемелік жағынан тиімді болуы тиіс [4; 235б] .

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың зерттеу әдісімен танысуына, оны іс жүзінде байқап көруіне мүмкіндік береді. Бұл жұмыс алдымен оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінше атқаратын жұмысында басталады. Бірақ та сабақ үстінде зерттеу жұмысын жүргізу шектеулі. Ал сабақтан тыс уақытта бұған мүмкіндік мол. Мұнда оқушыларға күрделірек, көлемді тапсырмалар беріледі, ал тапсырмалар көбіне жалпы беріледі, оларды шешудің нақты жолдарын оқушылар өздері іздеп табады.

Сыныптан тыс жұмыстардың көбінің қоғамдық пайдалы бағыты бар, яғни жұртшылық үшін пайдалы іс деген сөз. Мәселен, жоғары сынып оқушылары халық арасында саяси үгіт-насихат жұмысын жүргізеді, тарихи-мәдени ескерткіштерді тауып, оларды қамқорлыққа алады, ұйымдар мен мекемелердің тапсырмаларын орындайды (үлкен қалалардағы бірқатар мектептер қалалық әкімшілікпен бірлесе отырып белгілі ауданның, көшелердің экологиялық тазалығын қамқорлыққа алады т. б. ), ғылыми экспедицияларға қатысады, аты ұмыт болған ардагерлерді тауып, есімі мен еңбегін қалпына келтіреді, оларға ескерткіш орнатуға қатысып, оны одан әрі қамқорлыққа алады, мектеп мұражайы мен залдарын да ұйымдастырады, соғыс, еңбек ардагерлерін, мүгедектерін қамқорлыққа алады. Осы жұмыстардың бәрі оқушыларды өмірді шын мәнісінде түсінуге, қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтарды бағалай білуге, осы қоғамдағы лайықты өмір сүріп, еңбек етуге тәрбиелейді.

Жоғарыда атап көрсетілген алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстарды орындау оқушыларды белсене әрекет жасауға, әрі істе бастамашы болуға тәрбиелейді.

Сыныптан тыс жұмыстардың бірқатарының мазмұны оқытылып жатқан тарих сабақтарының мазмұнымен тікелей байланысты. Мәселен, қазақ халқының сырттан болған шапқыншылыққа қарсы ерлік күресі, мәдениет тарихы, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы, отарлық бұғауға қарсы жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы және басқа да маңызды тақырыптардың мазмұны сыныптан тыс жұмыстардың түрлі формаларында жүргізілетін жұмыстарда қамтылып жатады [5; 26б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Сабақтан тыс жұмыс түрлері
Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс жұмыс
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Сыныптан тыс оқытудың жалпы теориялық ерекшеліктері
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz