Электронды оқулықты құру методикасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4

1. Физика пәнін оқытудағы электронды оқулықтың педагогикалық мәні

1. Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5-9
2. Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10-12
3. Физикадан электронды оқулықты құрастырудағы негізгі
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 12-19
2. Сақталу заңдарын оқыту әдістемесі
1. Импульстің сақталу заңы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20-21

2. Механикалық энергия және оның сақталу заңы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22-24

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 25
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26-
27
Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 28

КІРІСПЕ
Бүкіл әлемдегі ғылыми - техникалық прогресстің қарқынды дамуы, бүкіл
әлеуметтік қатарлардың глобалды ақпараттандыруына әкелді. Мемлекетттің
экономикасы, ұлттық қауіпсіздігі, сол мемлекеттің дүниежүзінде өзіндік орны
ақпараттық технологиялардың дамуына тәуелді болып келеді.
Дүниежүзілік практикада ақпараттық – телекоммуникациялық
технологиялардың білім саласында қолданылуына, сонымен қатар, оң нәтиже
беріп отырған бағдарламалар мен жобаларға көп мысал келтіруге болады.
Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы елдегі интеллектуалды және білім
деңгейінің дамуына тәуелді. Білімнің сапасы мен мазмұны жайлы сұрақтар
әлеуметтік ортада елеулі рөл атқарады. Бүкіл дамыған және дамушы елдерде
білімді ақпараттандыру процесстері, күннен- күнге көрініп отыр. Сонымен
бірге, білімнің сапасын көтеру мақсатында, жаңа технологияларды ашып,
іздестіруіне үлкен қаражат бөлініп отыр.
Білімді ақпараттандырудың мәні осында жатыр десек те, артық болмас, бір
жағынан - мұғалімдерге, екінші жағынан – оқушыларға ғылыми – ақпараттық оқу
құралдарына еркін жетуіне жағдай жасау. Кез – келген пәнді, сонымен қатар
физиканы қоса, ақпараттық технологияларға оқыту ұғымы, компьютерлік оқыту
бағдарламаларға, компьютерлік желілер мен есептеуіш құрылғылардың кең
мүмкіндіктеріне негізделген.
Ақпаратты құруға, сақтауға және өңдеуге мүмкіндік беретін Жаңа
ақпараттық технологиялар білім процесінің қарқынды дамуына үлесін қосып
отыратын, күшті құралы болып отыр. Білім жүйесінің ерекшелігін айқын көруге
болады: бір жағынан, ол – тұтынушы болса, екінші жағынан, ол – ақпаратты
технологиялардың белсенді өндірушісі болады. Осыдан пайда болған
технологиялар, тек білім жүйесінде ғана қолданбай, одан да тыс салаларда
қолданылады.
Бүгінгі таңда республикамызда білім саласының ақпараттандыру жағдайы
автоматтандырылған басқару жүйесін құру және оны қолдануымен мінезделеді.
Электронды оқулықтар мен оқыту бағдарламалардың жеке – жеке құрастырылған
жобалары бар. Бірақ, бұл бағытта жүйеленген, мақсатты түрде бағытталған
жоспарлануы мен қаражаттандыруы жоқ.
Қазіргі кезде бақылау және тестілеу бағдарламалары кең түрде
қолданылады.
Мультимедиалық оқыту жүйелерін құрастыру әлі де жалғасуда. Оқыту
бағдарламаларының құрылуы, негізінен жаңа, жас ғалымдардың немесе
студенттердің арқасында болып отыр. Яғни, олар мектептік және жоғарғы оқу
орындарының пәндері бойынша электронды оқулықтарды құрастыра отырып,
техникалық білім бойынша электронды оқулықтарды әзірлеп, өз күштерін сынап
отыр.
Бұл оқулықтардың артықшылықтарын айтып кеткен жөн: біріншіден – олардың
мобилді болуы, екіншіден – компьютерлік желілердің дамуына байланысты,
олардың қолайлығы, үшіншіден – олар оқытудағы білім бағасын төмендетеді.
Электронды оқулықтардың пайда болуы, ақпараттық материалдың қайта – қайта
жаңару қиыншылықтарын жойды. Сонымен қатар, оларда көптеген есептер мен
олардың шығару жолдары, кез – келген ақпаратты түсіндіретін көрнекі
материалдар болуы мүмкін. Соған қоса, электронды оқулық көмегімен білім
деңгейін анықтайтын компьютерлік тестілеуді өткізуге болады.
Елімізде оқыту – тәрбиелік процесінің бағдарламалармен қамтамасыз ету,
келесі түрлер бойынша жүзеге асады:
1. бақылау және тестілеу бағдарламалары;
2. ақпараттық - анықтамалық оқу жүйелері;
3. кәсіби бағдарламалар;
4. дамытатын және оқытатын компьютерлік ойындар;
5. электронды оқулықтар;
6. жаттығу бағдарламалары;
Электронды оқулықтар – ашық жүйе түрінде құрастырылады, олар жеке білім
ортасы мен қорын дамытуына мүмкіндік беріп, негізгі оқыту құралдарының бірі
болып саналады.
Электронды оқулықтар: біріншіден – оқушыға , яғни өзіне лайықты уақыт
пен орынды таңдауға, екіншіден – белгілі бір себептерге байланысты,
қозғалысы жағынан шектеулі адамдарға білімді алуға, үшіншіден – оқыту
процесінде жаңа технологияларды қолдануға, төртіншіден – оқуға деген
шығынды белгілі бір дәрежеге қысқартуға мүмкіндік береді. Басқа жағынан,
электронды оқулықтар оқытудың жеке, дара мүмкіндіктерін арттырады.
Тақырыбы: Электронды оқулықты құру методикасы.
Мақсаты: жоғарғы оқу орындарының физика пәні бойынша электронды
оқулықтарды құрастыра отырып, техникалық білім бойынша электронды
оқулықтарды әзірлеу
Міндеттері:
1. Статика курсы бойынша электронды оқулықтың дидактикалық мәнін
зерттеу;
2. Оқу әдебиетінің оқыту процесінде психологиялық – педагогикалық
теориясын жобалап, қолданысқа енгізуді зерттеу;
3. Электронды оқулықтың практикада қолданылу тәжірибесін зерттеу;
4. Статика курсы бойынша электронды оқулықты құрастырып, оны
қолданып көру.
5. Электронды оқулықтың тиімді қолдану жолдарын іздестіру;
Гипотеза: Егер Статика курсы бойынша электронды оқулықты мектептегі
оқушыларды оқыту процесіне енгізсек, онда сол оқушылардың білімдерінің
сапасын арттырады.
1 Физика пәнін оқытудағы электронды оқулықтың педагогикалық
мәні

1. Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
мүмкіндіктері

Қазіргі таңда өмір деңгейінің үнемі өзгеріп тұруына, әлеуметтік
глобализацияның дамуы мен Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің
Дүниежүзілік қауымдастыққа интеграциялануына байланысты, мектеп
оқушыларының даралық, тұлғалық, интеллектуалды жағынан қалыптасуына жаңа
талаптар пайда болады. Осында оқушының есте сақтау, зейін, ойлау
қабілеттерін дамытып, басшылық және тәрбиелік салаларға бейім көшбасшыны
қалыптастыратын жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері жайлы сөз
қозғап отырмыз.
Технология деген сөз, грек тілінен шыққан. Ол шеберлік дегенді
білдіреді. Алғашында технология деген ұғымы ХХ ғасырдың 50 – ші
жылдарында АҚШ – та қолданған еді. Ол оқыту процесінің тиімді нәтижелерін
біріктіру мақсатында қолданды.
Жаңа ғасырда зерттеушілер жаңа ақпараттық технологиялар мен олардың
құралдарына көп көңіл бөліп отыр. Бұны айта отырып, жаңа ақпараттық
құралдар қатарына: микропроцессор және есептеуіш техника қорында жұмыс
істейтін бағдарламалы – ақпараттық құралдар мен құрылғыларды, сонымен қатар
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау әрекеттерін қамтамасыз
ететін жаңа ақпараттық құрылғылар мен жүйелерді жатқызуға болады.
Жоғарыда айтып кеткен жаңа ақпараттық технологиялар құрылғыларының
қолданылуы, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу, интерактивті сұхбат
(тұтынушы мен бағдарлама арасында, оқушы мен мұғалім арсында), оқудағы
бақылау нәтижелерін автоматтандыру, оны түзету, жаттығу және тестілеуді
өткізу мүмкіндіктерін туғызып отыр.
Ақпараттық технологиялар өзіне бағдарламалық оқытуды, интеллектуалды
оқытуды, экспертты жүйелерді, гипермәтін мен мультимедианы, микродүниені,
демонстрацияларды біріктіреді.
Мұндай жекеленген әдістер оқытудың мақсаты мен жағдайларына қарай
қолданылуы қажет. Яғни, бір кезде оқушының қабілеттіліктерін танып білу
керек болса, екінші жағынан пәндік білім деңгейінің қаншалықты екенін
анықтау керек. Бүгінгі күннің жаңа ақпараттық технологияларын қарастыра
отырып, әр түрлі зерттеушілер мына негізгі қасиетерді ортаға салып отыр:
- компьютерлік оқыту жүйелерінің типтері (оқыту машиналары,
оқыту және жаттығу, бағдарламалық оқыту, интеллектуалды
оқыту);
- қолданылатын оқыту құралдары (жаңа нәрсені ашу арқылы оқыту,
микродүниелер, гипермәтін, мультимедиа);
- инструменталды жүйелер (бағдарламалау, мәтіндік
процессорлар, мәліметтер қоры, авторлық жүйелер, топтық
оқытудың инструментттері);
Жаңа ақпараттық технологиялардың ең негізгісі, ол – компьютер. Осыдан
ЖАТ түсініктемесі, яғни компьютер арқылы оқушының ақпаратты әзірлеп, жіберу
процесі. Жаңа ақпараттық технологиялар мектептегі білім сапасын жаңа
деңгейге көтеріп, ондағы педагогикалық саласының мазмұны мен түрін
түрлендіреді.
Жаңа ақпараттық технологиялар кең түрде дистанционды білім беруде
қолданылады. С.П. Крицкий пікірі бойынша: Дистанционды оқыту – ол жаңа
сандық – ақпараттық жүйелерге негізделіп, интернет желісі бойынша оқыту
формасы. [6].
Ал Е.С. Полаттың пікірі бойынша: Дистанционды оқыту – ол, қашықтықтан
оқыту. Дипломдық жұмысымызда Е.С. Полаттың берген ұғымына сүйенеміз.
Себебі, дистанционды оқыту деген термин, ағылшын тілінен, яғни, distant
learning (distant - қашықтық, learning - оқыту) сөзінен шыққан. [3]
Дистанционды оқыту, қашықтықта оқыту формасы ретінде, өзіндік тарихы
бар. Мысалға, алғашқы осындай оқыту ХІХ ғасырда пайда болған, бірақ бұл
тәсіл, хат жазып, оны алыс жерлерге жеткізу ғана болатын. Жалпы ақпараттық
коммуникациялардың (радио және теледидар) пайда болуы дистанционды оқытуға
өз үлесін қосты. Бірақ та, дистанционды оқытудың қарқынды дамуы
компьютерлік оқыту құралдары мен телекоммуникациялық жүйелердің пайда
болуына себепкер болды. Мұндай оқытудың ерекшелігі, интерактивті оқыту
бағдарламаларын пайдаланып, мұғалімдер мен оқушылар арасында оперативті
кері (қайтымды) байланыстың болуы. Бүгінгі таңда дистанционды оқыту мектеп
саласында ерекше бағытты алып отыр. Дистанционды оқыту технологияларының
ерекшеліктерінің біріне мынаны жатқызуға болады:
- мұғалім мен оқушы арасындағы интерактивті сұхбат мүмкіндігі;
- электронды түрде оқу материалдарының тез жеткізілуі;
- интернет желісінде орналасқан, білім қорына оперативті жету;
- дистанционды тестілеу мүмкіндігі;
- виртуалды лабораториялық жұмыстарды өткізу мүмкіндігі және
т.с.с.
Бәріне де таныс, оқу процесі тиімді болу үшін, ол циклдардың бірыңғай
жүйесі ретінде құрылу керек. Кез келген цикл өзіне үш компонентты
біріктіреді:
1. мақсаты (не үшін оқыту);
2. мазмұны (нені оқыту);
3. оқытудың барысы (қалай оқыту);
Сондықтан әр оқыту циклі оқу ынтасын қоздыруын, жаңа әрекеттер мен
түсінушіліктерін қалыптастыруын, әр деңгейлі тапсырмалар жүйесін
орындалуын, оқып жатқан білім мазмұнына сәйкес диагностикалық бақылаумен
қамтамасыз етілуі керек.
Оқыту циклдарының орындалуы әр түрлі сызба (схема) түрінде жүзеге асуы
мүмкін. Мысалы, танысу – ұғу – қайталау - қолдану немесе көрсету – ұғу -
бақылау және түсінушілікті қалыптастыру – жалпылау және қорытынды – пайда
болған нәтижелерді қолдану.
Дистанционды оқытуда оқу курсы негізінен өзіндік білім алуға
бағытталған. Себебі, оқушы мұғалімнің іс - әрекетінің объектісі ретінде
емес, оқу саласының субъектісі ретінде рөл атқарады. Оқушының жекелеген
жұмысының пайдалы болуының шарты: ол - оқушының өз - өзін оқуға деген
ынталандыруы, әр түрлі деңгейлі қабілеттіліктерінде.
Оқу курсын құрастырып жатқан мұғалім, оқушының өзі меңгеріп, оқи
алатын, арнайы деңгейлі оқу құралын табу керек. Жиі түрде орташа деңгей
таңдалынады, ол жеңілден ауырға деген принцип бойынша құрастырылады.
Бірақ мұндай принцип тәжірибелердің көрсетуі бойынша, тиімсіз болуы да
мүмкін. Ауыр , жоғары деңгейлі оқу принциптерін қолданып, оқушы
түсініктемелерді пайдалана отырып, оқу тапсырмаларын жеке орындайтын арнайы
курсты құрастыруға болады. Бұл жағдайда, оқыту үлкен шығармашылық қасиетке
ие болады. Бірақ кез келген оқушы түсіндірме бағдарламаласын қолдана
отырып, берілген материалды ұқпауы да мүмкін. Осындай оқушыларға кеңестер
мен көмек көрсету керек және оларды жалпы түрде оқу материалын меңгеруге
арналған жеке қатты оқыту алгоритмімен қамтамасыз ету керек. Мұндай
жағдайда мұғалімнің оқу – меңгерушілік және қалыптасқан жағдайдан шығу
жолдарын табу қабілеттіліктері көріне бастайды.
Соңғы кезде осындай аспектіде танымал жобаның бірі – толық ұғу болып
келеді. Ол негізінен, оқушылардың барлық, түгел материалды ұғып алуына, ал
мұғалімнің мақсаты - әр оқушыға берілген материалды меңгеруіне жағдай
жасауына негізделген.
Қалыптасқан дәстүр бойынша барлық электронды курстар модульдік түрде
беріледі.
Модуль деген термин, педагогикаға информатикадан келді. Онымен
ақпараттық саладағы құрылғысын көрсетеді.
Модуль – ол нақты функционалды қызметті атқаратын кез келген жүйенің
еркін (тәуелсіз) бөлшегі. Сонымен қатар әр түрлі қабілеттіліктерді
қалыптастыратын ақпарат пен іс - әрекет мөлшері.
Педагогикада модуль деген ұғым оқытудың мінездемелер мен базистік
бөлшектердің мазмұнын көрсету үшін қолданылады. Көп зерттеушілердің пікірі
бойынша, модуль – қарапайым автономды, тәуелсіз, стандартты оқытудың
мазмұны. Сонымен бірге, модуль жабық емес, тұйық бірлік, құрастырушының
еркі бойынша оның құрамына жаңа элементтер енгізілуі мүмкін.
Модульдік технология, оқушының еркін (толық немесе жартылай) жекелеген
бағдарлама бойынша білім алудың оқыту процесін түрлендіреді. Модульдік
оқыту, жүйелі түрде оқушының тек белсенді іс – қимылдары мен ұғудың
нәтижесінде ғана өз шыңына жетеді. Сондықтан, мұғалім тапсырмаларды
құрастыру кезінде оқушыларды оқу бағдарламасының мақсатына бағыттап,
өзіндік бақылау және өзіндік бағалау жүйесін қалыптастырады.
Технология, бағдарламалық оқытудан көп нәрсені алып отыр: нақтылық пен
логика, оқушының тәуелсіздігі мен белсенділігі, өзіндік бақылау және т.с.с.
Оқыту модульдерінде пәндік білімдермен қатар, сапалық білімдер де
қолданылуы мүмкін. Сонымен, модуль бойынша бақылау мазмұнды, кәсіби немесе
кәсіби – мазмұнды (материалды оқу, экспериментті орындау, тапырма мен
есептерді шығару) болуы мүмкін. Бақылаудың нәтижелері оқу саласының сапасын
және педагогикалық технологияның дамығанын мінездеп көрсетеді.
Мазмұнды түрде құрастырылған модуль бойынша бақылау тапсырмалары нақты
пән бойынша меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Модульдің түп
нұсқасы бойынша, білімнің үш деңгейін алуға болады: критикалық, жеткілікті
және оптималды. Осындай модульдердегі тапсырмалардың түрлеріне, ғылыми
элементтердің құрылғысы мен оларды қолдану түсініктемесі кіреді.
Түп нұсқада құрылған модульдердің бақылау тапсырмалары, нақты саланы
орындайтын іс - әрекет пен операцияларға сандық – деңгейлік бағаны беруге
мүмкіндік туғызады.
Е.С. Полат келесі модульдерді ерекшелеп көрсетті:
- әдістемелік модуль;
- ақпаратты - оқытатын модуль;
- ұйымдастыру модулі;
- түсіндірме модулі;
Ұйымдастыру модуліне: анкеталар (оқушы туралы қажетті мәліметті алу
үшін), тесттер (электронды курспен жұмыс істей бастаған оқушының білім
деңгейін тексеру үшін) кіреді.
Әдістемелік модуль өзіне кіретін курстың мақсаттары мен тапсырмаларын,
мұғалім мен оқушының стандартты деңгейден жоғары жетістіктеріне жету үшін
керекті кеңестерді біріктіреді.
Ақпаратты – оқытатын модульге оқу материалдары мен тапсырмалар бірлігі
кіреді.
Түсіндірме модульге электронды сөздікті (глоссарий) кірістіру
қарастырылған. Осындай сөздіктің болуы, оқушының мәтінмен және
жаттығулармен жұмысын жеңілдетеді.
Электронды оқулық мектептегі жеке (индивидуалды) оқып үйренудің
қиыншылықтарын шешуге, оқушының өзіне лайықты оқу тақырыптарын таңдауына,
өз - өзін бақылау әдістерін таңдауына, материалды оқып үйренуге қолайлы
уақыт пен жерді таңдап алуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жеке оқыту
жүйелерінің теориялық жағы құрастырылып, практикаға енгізілуде, дамыған
елдердің оқыту мекемелерінде ақпараттық аудио- және телересурстарының жалпы
ұлттық құрылымдары құрылуда.
Е.С. Полат оқушылардың пән бойынша оқыту дайындықтарын келесі
деңгейлерге бөледі: стандартты (А), жаңа (В) және тереңдетілген (С).
Әр оқушының арнайы және жалпы дайындықтарының деңгейлеріне (А, В, С),
қызығушылықтарына, кәсіби дайындықтары мен дарындылығына қарай оқытудың
түрлері мен формалары әр түрлі болу керек. Е.С. Полаттың пайымдауы бойынша,
болып тұратын сыртқы дифференциация оқып үйренген материалдар мен
иллюстрацияларда, мақсаттары мен тапсырмаларда, түсіндірмелі материалдар
мен сілтемелерде, курстарды құрастыруда өз бейнесін табады. Сонымен бірге,
оқытуға кіретін ішкі дифференциалдың педагогикалық технологиялар мен
сыртқы және жүйелі әр түрлі оқыту құралдарын қолдануға болады.
Қазіргі кезде дәріс – семинарлық жүйесі, сабақтарды құрастырудың жалғыз
формасы болып келеді. Бұл жүйе оқушының орташа деңгейіне негізделіп,
дәстүрлі оқытудың әдістері мен іс - әрекеттерін басқаруға бағытталған.
Яғни, нашар оқушыларға материалдарды меңгеруіне уақыт пен практикалық
қабілеттіліктері жетпей тұрса, ал күшті оқитын оқушылардың білімдеріне сай
келетін тапсырмалардың одан да ауыр деңгейлеріне жетпей тұрады. Сондықтан,
оқытудың бағдарламасын құрастыра тұрмай, оқушының білімінің,
қабілеттіліктерінің және нысанының деңгейлерін тестілеу арқылы анықтау
керек.
Бүкіл оқыту мерзімі бойынша тестілеу бағдарламасы жұмыс істеп тұрады.
Егер осы мерзім ішінде, оқушы нәтижелері оң жаққа өзгеріп, өзі келесі ауыр
деңгейлі тапсырмаларға өтуіне өтініш жасаса, оған еш кедергісіз осындай
мүмкіндік беріледі.
Осында тағы бір фактор рөл атқарады, ол – білімді бағалау. А деңгейі
– білім стандартымен бекітілген бүкіл пәндер бойынша, жалпы деңгей болып
табылады. Егер оқушы стандарт бойынша берілген білім деңгейіне жетіп,
қабілеттілігін арттырса, онда нәтижерге сүйене отырып, бұл оқушы тиісті
бағаларын алады. Ал егер сол оқушы осыдан жоғары деңгейлі тапсырмаларға
талпынса, онда оның білімі мен қабілеттілігінің жалпы деңгейі бойынша емес,
одан жоғары деңгей бойынша бағалануы тиіс. Осыған орай, үлкен жетістіктерге
жету үшін өзінің білімі мен қабілеттіліктеріне қарай бүкіл күшті жинап, оны
жұмсау керек. Егер жалпы деңгей бойынша күшті оқушымен салыстырғанда
қарапайым оқушының жұмсалған күші емес, білімі бағаланса, онда оның әрі
қарай оң нәтиже алу үшін ешқандай ынтасы болмайды. Сондықтан, оқушының
қабілеттіліктерін ескере отырып, оның жұмсаған күшін бағалайтын болса,
сонда ғана ол өзінің алдына мақсат қойып, алға қарай ұмтылады. Осындай әдіс
оқушының бағаны емес, білімді бағалауды үйретеді.
Тәжірибелердің нәтижелеріне көз салсақ, қолайлы жағдай туғыза отырып,
күшті оқушыларды өз назарынан қалдырмай, қалып бара жатқан оқушыларға уақыт
бөліп, мұғалімдердің дифференциалдық оқытудың керектігін аңғарғанын
көреміз.
Осыдан, әр деңгейлі оқыту – оқушының материалды меңгеруіне жұмсайтын
күші мен шығармашылығын, оның жеке тұлғалық қабілеттіліктерін ескере
отырып, жалпы деңгейден кем емес, одан да жоғары А, В, С деңгейлерінің оқу
материалдарын оқып үйренуге мүмкіндік туғызатын оқу – тәрбиелік процессті
айтуға болады.
Оқушының әр түрлі пәндерді өз бетімен оқуды қарастыруына мүмкіндік
жасау керек екенін айтып кетсек те артық болмас. Себебі, жаңа ғасырда оқушы
жаңа ақпараттық технологияларды жетіп меңгерген, әр түрлі қиын жағдайлардан
шыға алатын, шығармашыл тұлға болып қалыптасу керек.
Сондықтан, мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып,
физиканы оқыту, модульдік оқыту процесінің жаңа мүмкіндіктерін қолдануына,
оқушының білімі мен қабілеттіліктерінің әр деңгейлі болатынын ескеріп, оқу
материалдарын таңдауға, өздік жұмыстарды өз бетімен шығарылуына жағдай
жасайды.

1.2 Физикадан электронды оқу құралдарының сипаттамасы

Қазіргі кезде компьютерлік оқыту бағдарламаларын құрастырып, оларды
қолдану кең таралған. Электронды компьютерлік оқулық термині кең
таралуымен, бұл терминге әр түрлі авторлардың түсінік беруі қарама – қайшы
болып келеді. Жалпы түсінігі жоқ болғанымен, оны көптеген оқыту
бағдарламалар түрлерінің түсініктеріне жатқызуға болмайды. Электронды
компьютерлік оқулыққа кең жайылған көзқарасы, бағдарламалы- әдістемелік
кешенге тіреледі. Ол өзіне қарапайым оқулықтың қасиеттерін, яғни, онымен
жұмыс жасау, есеп шығару, лабораториялық жұмыстарды орындау және өз бетімен
үлкен оқу курсын меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Мұндай оқулық оқушылардың
кітаптармен, конспектілермен, есеп жинағымен және жаттығулармен жұмыс
істеуін өзгертпейді, ол тек дәстүрлі оқыту формаларын толықтыратын құрал
есебінде қолданылуы мүмкін. Осы Электронды оқытушы компьютердің барлық
жағдайларын, я мультимедиа болсын, я жаңа ақпараттық технологиялар болсын,
оларды қолдана отырып, оқулық пен кітаптың мүмкіндіктерін арттыруға болады.
Осындай мүмкіндіктерге мыналар жатады:
- көптерезелі интерфейстің басылым мәтіні, видеобейнелерін
және аудиожазбаларын қолдана отырып, оқу ақпаратының
көптеген көрнекілік түрлерін көрсетуге жағдай жасайды;
- объект пен әрекеттердің көрнекілігі (физикалық әрекеттер,
физикалық құбылыстар, кішкентай және үлкен уақыт аралығымен
өрнектелетін құбылыстар, т.с.с.)
- мәзір, ыстық перне, функционалды пернелер арқылы бір
оқу ақпаратын екіншіге ауысудың лездігі;
- Тек компьютерлік жүйелерге таныс, оқу материалдар
құрылымының кіру және шығу көп нұсқаулығы (аналог,
компьютерлік сөздік және жай сөздік, сілтемелер);
- Адам денсаулығы мен өміріне қауіпті ерекше және қымбат
құралдарды, материалдарды, реагенттерді компьютерлік
бағдарлама арқылы қолдану мүмкіндігі;
- Оқу саласы бойынша статистикалық ақпараттарды жинап, сақтау
мүмкіндігі;
- Оқушының жаттығу мен тесттерді орындау кезіндегі, өзінің
білімін оперативті тексеру мүмкіндігі;
- Сандық және графикалық түрде күрделі есептеудің тез өткізу
мүмкіндігі;
- Тұлғаның творчестволық жағын дамыту мүмкіндігі;
Э.Г. Скибицкийдің пікірі бойынша, компьютерлік курстар өзінің
жалпылығымен, кешендік мазмұнының, мақсатының қалыптасуымен, оқу процесінде
компьютерлік және дәстүрлі оқыту технологиялардың қолдануымен, басқа оқу
түрлерінен ерекшеленеді.[15]
Ал Е.С. Полаттың айтуы бойынша, қазіргі интернет желісіндегі электронды
оқулықтардың құрылымы, үйреншікті кітап бейнесінде, яғни
иллюстрацияланған мәтіндік ақпарат пен гиперсілтемелер жинағынан
құрылады.[3]
Осыдан, жаңа тәсілдерден интерактивті мультимедианы оқу құралдарын
құрастыра алатын стандартты ойламайтын мамандар болу қажет. Дәстүрлі
дидактикалық оқыту арқасында – жаңа ақпараттық технология құралдары
көмегімен орындалатын оқыту теориясы көкке көтеріліп отыр.
Көптеген авторлар, электронды оқулық әдебиеттерінің қарапайым қағаз
бетіндегі әдебиеттердің артықшылықтарын айтады. Мысалы, Е. Аленичева мен Н.
Монастырев пікірлері бойынша электронды оқулық мынандай іс - әрекетті
жасауға мүмкіндік туғызады:
- педагогикалық еңбектің автоматтандырылуы (оқу жүйелерін
құрастырған кезде, қойылған мақсат бойынша оқу материалдарын
дайындау, дидактикалық материалдарды қалыптастыру);
- білетін материалды іздеу, еш жүйке күйзелістің қоздырылмауы;
- ақпараттың гипермәтіндік және мультимедиалық қалыптасуын
пайдалану;
- қолайлы жағдай туғызу;
- үлкен ақпараттың сақталуының қолайлығы;
- экологиялық талаптардың орындалуы (орманды кесіп тастау
қаупі, қағазды жасайтын зиян кәсіпорындардың жабылуы,
типографиялық бояулар және т.б.)
Электронды оқулықтың оң жақтары болғанымен, теріс жағы да бар. Солардың
біреуі – сұхбат. Сондықтан, электронды оқулықтың құрастырушылары, оқушы мен
мұғалім арасындағы байланысты, электронды пошта немесе желі көмегімен
ұйымдастыру қажет.
Электронды оқулықтарды құру кезінде дидактикалық талаптар туындайтын
сұрақтар, оны бағалаудың сапасын қиындатады. Э.Г. Скибицкий пікірі бойынша,
көптеген электронды оқулықтар, тек компьютерлік технологиялардың
элементтері және олардың педагогикалық маңыздылығы жоғары емес.[15]
Ал В.М. Монахов сапа түсінігіне бағдарламалық, дидактикалық және
әдістемелік қасиеттерді жатқызады.[7]
Ж.А. Караевтің пікірі бойынша, электронды оқулықты құрастыру үшін,
алдымен, құрастырушы алдына қойған мақсаттарын білу қажет. Себебі, мұндай
тәсіл мынандай кезде көмектеседі:
- көптеген дидактикалық оқыту құралдарының арасынан олардың
орнын табуға көмектеседі;
- компьютерлік құрылғыларды пайдалана отырып, дидактикалық
мақсаттардың деңгейін табуға көмектеседі;[4]
Көптеген әдебиеттерде компьютерлік бағдарламалардың әр түрлі
классификациясы көрсетіледі. Біз А.О. Кривошеев ұсынған, класификациясын
ұстанамыз:
- компьютерлік оқулықтар;
- лабораториялық тәжірибелер;
- жаттығулар;
- бақылау бағдарламалары;
- түсіндірмелі сөздіктер;[5]
Сонымен, физика курсы бойынша құрастырушы құрастырып отырған электронды
оқулық мақсаттарының бірі, ол – функционалды болуы.

1.3 Физикадан электронды оқулықты құрастырудағы негізгі жолдары
Электронды оқулық полиграфиялық оқулықтың көшірмесі - деген пікір,
ғылыми жағынан электронды оқулық құрастыруында түп негізі бола алмайды.
Электронды оқулықтың дәстүрлі оқулықтан айырмашылықтары болғанымен, оны жай
оқулық есебінде құрастыруы ешқандай мағынаға жатпайды.
Электронды оқулық пен дәстүрлі оқулық арасындағы айырмашылықтарына
мынаны жатқызуға болады:
- оқу материалдарын тез ұғып алуына жағдай жасайтын
әдістемелік және психилогиялық әдістер;
- жоғары дәрежелі көрнекі графикалық құралдар;
- лабораториялық тәжірибелерді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін
мультимедиалық құралдар;
Әдебиеттерді зерттеу бойынша компьютерлік курстарды құрастыру кезінде,
пәнді жүргізу үшін дидактикалық және психологиялық концепциялары, мазмұны,
логикасы мен әдістері қолдану қажет. Б.С. Гершунский, компьютерлік
курстарды құрастыру кезінде компьютерлік оқытудың деңгейлерін,
материалдарды ұғып алу процесін, бақылау және өзін - өзі бақылаудың
нәтижелерін және тағы басқа жағдайларын ескеру керек,- деп айтты. Сонымен
бірге автор, құрастырушы оқушының жеке және өзіндік қасиеттері мен
қабілеттіліктерін ескерген де жөн.
Э.Г. Скибицкий және Л.И. Холдина, компьютерлік курстарды кибернетикалық
жүйелер деп санайды. Сондықтан, оларды құрастырғанда алдына мақсат қойып,
ұйымдастырушылық, жартылай функционалдық принциптерді қолдану қажет. [15]
Г.К. Нургалиева, Қазақстан Республикасында модульдік оқыту бойынша
(жалпы, ақпараттық, дидактикалық процестер) физика курсынан электронды
оқулық құрастыру технологиясын ойлап тауып, қолданысқа енгізуде. [9]
Ю.Е. Усачев пікірі бойынша, нақты мақсатпен бір пәнге негізделген
интеллектуалды электронды оқулықты құрастыру кезінде, келесі функцияларға
негізделу қажет:
- оқытудың мақсатына қарай, оқушының білім дәрежесін анықтау;
- оқытудың жоспарын синтездеу;
- жоспар бойынша, оқу материалдарымен қамтамасыз ету;[18]
Қазіргі жағдайда электронды оқулықтардың тәжірибеде жобалануы мен
құрастырылуы әр түрлі жолдары арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге, бүгінгі
күнге электронды оқулықтарға біріккен дидактикалық талаптар қойылады.
Сондықтан, біз дидактикалық талаптарға сай электронды оқулық жасауды
жөн көрдік.
Осында оқу туралы сөз қозғағандықтан, мұғалім мен оқушы арасындағы
байланыс міндетті түрде болу керек.
Электронды құралдарды қолдану барысында мұғалімге оқу процесіне қатысу,
яғни, оқу процесін басқару функциясы жүктеледі. Дистанционды білім беруде,
О.П. Околелов оқыту процесін басқару әдістеріне: ынтаны, пән мазмұнының
оптимизациясы мен құрылымын, материалды түсіндіруді, көрнекілікті,
практикалық бағыттты, оқушының курсты меңгеру дайындығының диагностикасын,
меңгерілген бүкіл курс бойынша тестілеуді, теориялық білімнің меңгеру
процесін, практикалық тәжірибелер мен қабілеттіліктер процесін түзетуін,
оқып жатқан курс бойынша оқушыға талаптарды жатқызады.[11]
Ал Н.Ф. Талызина және Т.В. Габай пікірі бойынша, компьютерлік оқыту
бағдарламасын құрастыру кезінде, мұғалімнің осындай функциялары жүзеге асу
керек:
- қалыптасып отырған салаға кіретін білімді көрсету,
түсіндіру, қолайлы жағдай жасау;
- оқушылардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау;
- оқу ісінің қиын жағдайларын машинаға сеніп беру;
- нақты момент кезінде, оқушының жеке қабілеттіліктеріне сай
келетін оқу тапсырмаларымен қамтамасыз ету;[16]
Жоғарыда атап кеткен функциялардың автоматтандырылуы, біріншіден –
оқушылардың көптеген жұмыстарын тексеруден босатады, екіншіден – бұл
фунциялар көмегімен мұғалім оқушылардың жетістіктерінің нәтижелерін
зерттеуіне, белгілі бір оқушылардың оқу материалдары бойынша үлгірімін
қадағалауына және білім деңгейін бақылауға алуына мүмкіндік береді.
Оқушыларды жоспар бойынша бірыңғай оқу материалдарының тапсырмаларымен
қинамай, әр оқушының қабілеттілігіне сай, тек өзінің білім деңгейіне
келетін оқу бағдарламасының арнайы тапсырмалар жиынтығын беруге болады.
Осындай мақсаттардың орындалуы, оқушы мен компьютер арасындағы
байланыстың оперативті және объективті, қайтымды болуында.
Электронды оқулық арқылы дидактикалық оқытудың бірден – бір шарты, ол –
интерактивтілігі. Яғни, оқушы мен мұғалім арасында, оқушы мен оқушы
арасында немесе бүкіл процесс мүшелерінің арасындағы байланыстың бар болу
мүмкіндігі. Интерактивтіліктің жоғарғы дәрежесін интернет желісі,
телекоммуникациялар және т.б. қамтамасыз етеді. Оперативті кері байланыс,
аралық және соңғы оқудың нәтижелерін бақылауға, қойылған мақсаттармен
салыстырып, оқу процесіне керекті түзетулерді енгізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, оперативті кері байланыстың бар болуы, оқушы өзінің оқулық
бағытының дұрыс немесе дұрыс еместігіне көз жеткізу мүмкіндігі. Кері
байланыстың механизмі, оқытудың әр кезеңі бойынша мақсаттардың орындалуына
көзделген. Кері байланыс қорытынды тестілеу (бастапқы, аралық және соңғы),
сұхбат немесе телеконференция түрінде өтілуі мүмкін. Сапалы электронды
оқулықтың бағалануы интерактивті дәреженің болуына негізделеді.
Ж. Караев сұхбаттық бағдарламаларды актив және пассив сұхбаттары
деп ажыратады. Бірінші түрдегі жүйе тұтынушыға сұхбат жүргізуге мүмкіндік
берсе, екінші түрдегі жүйелер өзі сұхбатты жүргізеді.[4]
Біздің көзқарасымыз бойынша, М. Моисеева ұсынған электронды
оқулықтардың түрлерін интерактивті классификация арқылы ажырату тәсілі
тиімді болып келеді. Себебі, ол осындай түрлерін ұсынады:
- интерактивті, яғни, ол бүкіл қатысушылардың оқу байланысын
қарастырады, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты
тудырып, интерактивті оқу құралдарын пайдалануға мүмкіндік
береді;
- интерактивті емес, яғни, ол мұғалімнен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Электрондық оқулыққа жүйелік талап
Эффектілі оқыту стратегиялары
Қашықтықтан оқыту технологиялары
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктер мен техникалық құралдар
Балалар энциклопедиясы әмбебап оқулық
Педагогикалық технология
Шет тілінде электронды оқулықтарды пайдалану
Оқыту процесін компьютерлендіру проблемалары және перспективалары
Пәндер