Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері


Жоспар
Кіріспе3
І Франчайзингтік бизнестің теориялық мәселелері6
1. 1 Франчайзингтің мәні және жүйесі6
1. 2 Франчайзингтің түрлері және ерекшеліктері12
II Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік бизнестегі шағын кәсіпкерліктің жағдайы16
2. 1 Франчайзингтің Қазақстан Республикасында пайда болуы және даму кезеңдері16
2. 2 Франчайзингтің бизнестің Қазақстан нарығында алатын үлесі19
III Франчайзингтік бизнесті дамытудағы мәселелер және оларды шешу жолдары23
3. 1 Әлемдік тәжірибедегі франчайзингтің дамуы23
3. 2 Қазақстан Республикасында франчайзингтік бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері27
Қорытынды31
Пайдаланылған әдебиеттер:33
Кіріспе
«Біз шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы үлесін айтарлықтай ұлғайтып, оны орташа дамушы Еуропа елдерінің деңгейіне дейін жеткізуге тиіспіз.
Сонда барып бізге кезекті дағдарыстық циклдарға қарсы тұру оңай болады. Әрбір қазақстандық үшін жаңа істі игеру, жаңа бизнес ашу немесе өз қызмет саласын кеңейту мүмкіндіктері болуы тиіс»
Н. Ә. Назарбаев
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі - өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны - франчайзинг.
Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі - франчайзинг болып табылады.
Франчайзинг - ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды:
Біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге - табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді,
Екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы,
Үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Франчайзингтің көп аспектілі сипаты мен өзектілігі ғалымдардың оған деген қызығушылығын арттырады.
Франчайзинг мәселесін зерттеген шетелдік авторлардың ішінен оның жан-жақты дамуына өз үлесін қосқандар: М. Мендельсон, Я. Мюррей, Дж. Стэнворд, Б. Смит, Н. К. Сирополис және т. б.
Франчайзингтің теориялық және ғылыми тәжірибелік аспектілері ТМД ғалымдары - В. В. Довгань, Д. Н. Земляков, Д. Н. Колесников, А. З. Майлер, М. О. Макашев, С. В. Поворин, И. В. Рыкова, С. А . Силинг, Л. Б. Сульповар, А. В. Цират және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының жекелеген аспектілерін отандық ғалымдар Ә. Ә. Әбішев, О. Б. Баймұратов, Ж. О. Ихданов, М. Б. Кенжеғозин және т. б. қарастырған.
Кәсіпорындардың маркетинг қағидалары негізінде нарықта әрекет жасау мәселелері Ш. Р. Әбділманова, Н. В. Джангарашева, С. Р. Есімжанова, Ұ. М. Искаков, К. К. Қажымұрат, С. Н. Нысанбаев, К. Ә. Сағадиев, Ф. С. Сейдахметова, Н. Н. Хамитов сияқты отандық ғалымдар еңбектерінде сипатталған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - франчайзингтің теориялық және практикалық аспектілерін кешенді талдау арқылы оның Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің алатын орнын және франчайзингтің дамуы жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер анықталды және шешімін тапты:
- франчайзингтің теориялық әдістемелік мәселелерін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің пайда болу және даму кезеңдерін зерттеу;
- ҚР-ғы франчайзингтік бизнес бойынша шағын кәсіпкерліктің даму жағдайын қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік бизнесті дамыту және жолдары және кедергілерін талдау.
Зерттеу пәні. Франчайзингтік бизнес: теориялық әдістемелік мәселелері, қазіргі жағдайы және дамыту жолдары зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласының франчайзингтік кәсіпорындары алынды.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде экономикалық теория, франчайзингке, маркетингке байланысты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары және франчайзингтік қатынастар мәселелеріне жөніндегі нормативтік құжаттар қарастырылды.
Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің, сонымен қатар франчайзингтік кәсіпорындар мен Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері және жүргізілген маркетингтік зерттеу нәтижелері ақпараттық база болып табылады.
І Франчайзингтік бизнестің теориялық мәселелері
1. 1 Франчайзингтің мәні және жүйесі
Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі - франчайзинг болып табылады.
«Франчайзинг» термині француздың «franchise» - жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған.
Франчайзинг дегеніміз - айрықша құқық кешенінің құқық иеленушісі осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет.
Франчайзинг - көптеген франчайзилер желілерін және территориялық дамудың жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес.
Франчайзинг - ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы.
Аталған анықтамаларды қорытындылай келе және шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: «Франчайзинг -келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны».
Филип Котлер франчайзингтің келесідей белгілерін атап көрсеткен:
- Франчайзер өзінің тауарлық белгісін қолданысқа бергені үшін белгіленген пайда алып отырады
- Франчайзи жүйенің бір бөлігі үшін алғашқы төлемді ұсынады
- Франчайзер франчайзиға бизнесті жүргізу жүйесін береді
Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік іс-тәжірибеге сәйкес, франчайзинг франчайзер (ноу-хау мен бренд құқығын иеленуші) мен оператор-компанияның (франчайзи) арасында шарттық қарым -қатынас орнатылуын көздейді, соңғысы франчайзердің сауда белгісін, технологиясын, маркетингілік мүмкіндіктерін, жеткізілім жүйесін және басқа да бейматериалдық активтерін пайдала отырып, оның стандарттар бойынша істі ұйымдастырып, жүргізеді.
Франчайзингтік жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық құрылымды сипаттайды. Әрбір жүйе оның тараптарының өзара байланысымен сипатталады, осыған орай, франчайзингтік қатынастарды оның қатысушылары, яғни франчайзингтік жүйенің объектілері тұрғысынан қарастырамыз. (сурет 1)
сурет 1. Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесіне қатысушылардың өзара байланысы
Бұл суретте көрсетілгендей, франчайзингтік келісім-шарттың тараптары болатындар:
Франчайзер - франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иесі. Көп жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие, атақты сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына белгілі бір мерзімге және келісім-шартқа сәйкес сауда маркасын пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару шығындарын азайту, шаруашылық субъектісінің тауарлық белгісі мәртебесін көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді.
Франчайзи - франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшиза ұстаушы, құқық алушы. Франчайзи - франчайзердің сауда белгісі мен технологиясын пайдалану арқылы коммерциялық қызметін жүргізетін тұлға, компания немесе серіктестік. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде - франчайзи франчайзерден белгілі бір мерзімге және шартқа сәйкес айрықша құқықты (франшиза) алатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Франчайзи үшін франчайзинг - өз бизнесін ашудың қайталанбас мүмкіндігі, себебі франчайзер оған дайын нарықтық тауашаны, өзінің фирмалық атауын бере отырып, жан-жақты көмекпен қамтамасыз етеді.
Франчайзинг компоненттерінің бірі - франшиза - белгілі бір шарттарға және сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін құқық.
Франшиза - франчайзинг негізінде белгілі бір экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін өзара келісіммен бекітілген айрықша құқықтар жиынтығы немесе франчайзингтік жүйеде қолдануға арналған іскерлік тұжырымдама. Франшизалық пакет франчайзингтік келісімге қатысты құжаттардың және франчайзиге берілетін бәсекелік артықшылықтар жиынтығы болып табылады. Оның келесідей құрамдас бөліктері бар:
Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна - франчайзердің бизнес-тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін алғашқы төлем мөлшері;
Роялти - франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдерінің мөлшері, немесе, франчайзердің авторлық құқықтарын пайдалану үшін төленетін төлемдер (лицензиялық төлем, роялти) ;
Жарнамалық қорға төленетін төлемдер - бизнестің тиімді жүргізілуін ынталандыратын, франчайзер тарапынан өткізілетін әр түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуының қаржылық мөлшері. Әдетте, франчайзингтік келісімде франчайзер оның мөлшері алдын-ала белгілейді.
Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесідей бес кезеңнен тұрады
(сурет 2) .
сурет 2. Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франчайзингті жіктеудің тәсілдемелері тәжірибе жүзінде толық зерттелмегендіктен, шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, оны белгілеріне сәйкес жіктеудің келесідей үлгісін ұсынамыз (сурет 3) .
сурет 3. Франчайзинг түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамалары
Әрине, франчайзингтік үлгінің жалпы жіктелімі мұнымен шектелмейді, ұсынылған жіктеме франчайзингтік қызметтің жалпы құрамын сипаттап, франчайзингте жүретін барлық үрдістерді зерттеуге жеткілікті негіз болуы мүмкін.
Франчайзингтік жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық құрылымды сипаттайды. Әрбір жүйе оның тараптарының өзара байланысымен сипатталады, осыған орай, франчайзингтік қатынастарды оның қатысушылары, яғни франчайзингтік жүйенің объектілері тұрғысынан қарастырамыз.
Франчайзинг кәсіпкерлік қызмет түрі болғандықтан, оның жағымды жақтары болуы сөзсіз.
Франчайзинг - ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді.
сурет 4. Франчайзингтің жағымды жақтары
Көптеген шетелдік әдебиеттерге сүйене отырып және шетелдік тәжірибеге сүйене отырып франчайзингтің келесідей жағымды жақтарын ашып көрсетуге болады (сурет 4) .
Байқап отырғанымыздай, франчайзингтік бизнеспен жұмыс істеу үшін талатты кәсіпкер болудың қажеті жоқ, тек ұйымдастырушы-менеджер болудың өзі жеткілікті.
1. 2 Франчайзингтің түрлері және ерекшеліктері
Өріс алушы нарықта франчайзинг - кәсіпкелерді пайдалы, табысты бизнесті жүргізуде қажетті іс-тәжірибелік стандарттарға үйретудің, оқытудың ең жылдам тәсілі болып саналады. Франчайзингтің негізгі типтері тауарлық, өндірістік, іскерлік, еншілес және конвенсиялық франчайзинг болып табылады:
1. Тауарлық франчайзинг
2. Өндірістік франчайзинг
3. Іскерлік франчайзинг
4. Конверсиялық франчайзинг
Тауарлық франчайзинг бизнесті жүргізу тәсілін сипаттайды, онда франчайзи жетекші компаниядан тауарларды, оның тауарлы маркасымен бірге сату құқығын сатып алады.
Өндірістік франчайзинг кезінде ірі компаниялар басқа компанияларға өнім өндіру мақсатында патенттелген үрдіс арқылы өзінің сауда белгісін немесе сауда маркасын пайдалануға лицензиялар береді.
Іскерлік франчайзинг франчайзердің «басшылығымен» тәуелсіз бизнесті ұйымдастыруды қарастырады.
Конверсиялық франчайзинг өнім франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс істейтін көтерме немесе бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы сатылатындығымен сипатталады.
Франчайзингтің негізгі түрлері дара немесе аумақтық болып екіге бөлінеді.
Кең таралған түрі болып табылатын дара франчайзинг кезінде лицензия (франшиза) өнімнің қандай да бір белгілі түріне сатылады.
Аумақтық франчайзинг кезінде бірегей бас кәсіпорны (бірегей франчайзинг) бар, белгілі бір аумақта қызмет ететін екі және үш деңгейлі франчайзингтік құрылымдар құрылады.
Аумақтық франчайзинг келесідей қосалқы түрлерге бөлінеді:
- Көптеген кәсіпорындарды иеленетін франчайзингдара франчайзинг негізінде дамиды. Бұл жағдайда франчайзер мен франчайзи бизнесті аймақта дамыту үшін келісімшарт жасайды. Соның негізінде франчайзидің белгілі бір ауданда өз кәсіпорындардың ашу құқығы пайда болады;
- бас кәсіпорын франчайзимен келісімшарт жасап, әрі бір мезгілде субфранчайзер ретінде болады. Соңғысы басқа франчайзиларда келісімшарттық қарым-қатынастар негізінде басқа франчайзиларды тартады;
- Дамушы ерекшелігі, төменгі франчайзи субранчайзермен және франчайзермен де келісімшарттық қарым-қатынастармен байланысты болады. Келісімшарттың талабына сәйкес субфранчайзер дара франчайзиды өзі таңдайды және оны оқытуға, оларға тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсетуге, олардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға міндеттейді. Сонымен қатар франчайзер дара франчайзиге тікелей лицензия (франшиза) береді және онымен тікелей келісімшарттық қатынастарға түседі.
Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады. Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағармай, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын, сусындаржәне тағы басқа өнімдерді өткізуде қолданылады. Мысалы: «TEXACO», « Chevron», « Procter&Gamble», «Coca-Cola».
Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материялдарды технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз. Франчайзердің франчайзиді құрал-жабдықтар, тауардбелгілерді пайдалану құқығы менрецептурасы және де өндіріс пен өнімді өткізу кезінде жалпы жарнамалық қормен жабдықталуы. Мысалы: «Дока-Пицца», «Довгань» компаниялары.
Іскерлік франчайзинг - жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда - саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді. Мысалы: «Mac Donald s» рестораны, «Алматы Құс» АҚ, Okan Inter - Continental мейрамханалық желілері жатады.
Әлемдік тәжірбиеде франчайзингтің мынадай типтері қалыптасты:
1. Өндіруші мен бөлшек саудагер арасындағы франчайзингке мысал ретінде, «Форд» және оның делдары арасындағы келісімдік қатынастар. «Аdidas» компаниясы Шығыс Еуропада франчайзингтік дүкендер жүйесін ұйымдастыруын айтуға болады.
2. Өндіруші мен көтерме саудагер арасындағы франчайзинг. Мысалы, «Coca - cola» және «Pepsi» компаниялары өз концентраттарын, сусындарды өндіріп, бөтелкелерге құятын және бөлшек сауда орындарында сататын зауыттарға сатады.
3. Көтерме және бөлшек саудагерлер арасындағы франчайзинг. Мысалы, ойншықтар сататын «Христиансенс» дүкендері.
4. Дистрибьютор және қызмет көрсету фирмасы арасындағы франчайзинг. Әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін «Mac Donald s» және оның кәсіпорындары франчайзинг жағдайындағы тиімді серіктестікті жүргізудің нақты мысалы бола алады.
Франчайзингтің ерекшеліктері
Франчайзинг бизнесиендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірбиені иемдебей, кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс ала алады. Бірақ, бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу феномені мыналармен анықталады:
1. Франчайзерге, сонымен қатар мыналар бойынша франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.
2. Салық салыну базасының қысқаруы.
Франчайзер үшін артықшылықтар:
- өткізу нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің ауқымдық түрде таралуы;
- шұғыл басқару қажеттілігін босатылуы;
- меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;
- лицензияны сатудан түскен табыс;
- франчайзи төлемі есебінен қосымша табыстарды иемдену;
- меншіктік сауда желісі арқылы өткізубойынша шығындарды қысқарту;
- жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнесмендер сәттілікке күштірек ынталандырылған.
Франчайзер үшін кемшіліктер:
- өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы;
- франчайзи біреулерінің лайықты дәрежеде репутациясына сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың болмау есебінен франчайзер өзінің репутациясына кесірін тигізуі мүмкін;
- франчайзи қаржылық есеп беруінің шынайылығын бақылау қиыншылығы;
- франчайзи бизнесі негізін жеткілікті жерде таңдау қиыншылығы
- франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер өзіне болашақта болуы мүмкін бәсекелесті даярлауы ықтимал;
- жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен қарым-қатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы;
- коммерциялық құпияның сақталу қиыншылықтары;
Франчайзи артықшылықтары:
-шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі;
-дайын «қуыс», франчайзи франчайзермен жан-жақты сыналған, дайынбизнесті сатып ала алады;
-материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар, жабдықтаушылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды ақпаратты иемденетіннақты нұсқаулардың толық жинағын меңгеру;
-бизнес пен менеджментті жүргізу технологиясындағы франчайзер көмегі.
Франчайзиде келесі кемшіліктерді қарастыруға болады:
- қызмет ету бостандығының шектелінуі;
- сервистік төлем;
- қызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі;
- франчайзер компаняға қатысты жағымсыз сипаттамалардың франчайзи-кәсіпорын үшін де тән болуы;
- франшизаны иемденгенде құрылған жоспарлар ойдағыдай іс жүзіне аса бермейді.
Жоғарыда аталған себептерге байланысты қорытынды жасайтын болсам, елімізде франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:
- инвестицияның ішкі және сыртқы ағымын күшейтеді;
- жаңа технологиялардың, құралдардың, бағалы ноу-хаулардыңпайда болуына септік етеді;
- бар өндірістерді дамытып, және жаңа өндірістерді қалыптастыру, ол сәйкесінше, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді;
- шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуілуіне тұғыр болады;
- жұмыс күшінің біліктілігін жетілдіреді;
- елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге қанықтыруды жылдамдатады;
- қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік береді.
II Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік бизнестегі шағын кәсіпкерліктің жағдайы
2. 1 Франчайзингтің Қазақстан Республикасында пайда болуы және даму кезеңдері
Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені - АҚШ-та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі «Зингер», «Форд», «MC Donald , s» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz