ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ІІ. ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ
ДАМЫТУДЫҢ ОБЬЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ
2. 1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ . . . ………. . 5
2. 2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСІПОРЫНДАРДЫ САҚТАНДЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ 9
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСІПОРЫНДАРДЫ САҚТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . . 13
3. 1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ 22
3. 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 24
- НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ БАР ЕЛДЕРДІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ 28
ҚОРЫТЫНДЫ . . . …30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 34
ҚОСЫМША . . . 36
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары шағын және орта кәсіпорын Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР - ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген) .
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай - ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы курстық жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі мәселелерді және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады. Сонымен қатар шағын жәнеи орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты мәселелерді зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды. Курстық жұмысымның тақырыбы: «Шағын және орта кәсіпорын дамуын сақтандыру жетістіктері».
Тақырыпты зерттеу мақсатым: шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған мәселелерді қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту болып табылады.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі калликтивті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару мәселелеріне алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі нарыққа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ - ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
Бұл тақырыптың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай - ақ бұл курс жұмысының тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта кәсіпорынның қамтуындағы мәселелермен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.
ІІ. ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ
ДАМЫТУДЫҢ ОБЬЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ
2. 1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ
Шағын және орта кәсіпорын түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р. Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын кәсіпорын барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды. [13, 17-20]
Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі. Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды. Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек. Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді. Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді. Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім) : «кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». Соған қарамастан, тәжірбиеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін - бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бірі - біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық үлеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу. Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0, 5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 - 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.
Шағын және орта кәсіпорынның жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынща шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп. Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта кәсіпорынның динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі. Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі - ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу - шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта кәсіпорынның келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
2. 2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫ САҚТАНДЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды. Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын және орта кәсіпорынды дамыту келесі мәселелерді шешеді:
- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі - бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтарды қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплекстелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату.
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта кәсіпорынның экономикалық, әлеуметтік функциялары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта кәсіпорын ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы) .
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілмеуі, құрал - жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.
Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік - ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.
Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.
Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 - шағын кәсіпорындар
8
, және 59244 - қызмет етуші кәсіпорындар болды.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады - жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай - ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады. Кез келген процесс сияқты шағын және орта кәсіпорынның дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:
- жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу) ;
- ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру) ;
- мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру) ;
- бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу) ;
Осы орайда ұсынғым келіп отырғаны мәні - шағын кәсіпкерліктің экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді. [3, 102-103б]
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz