Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ... ... ... ... ... .5
1.1 Шаруашылық серіктестікке түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Шаруашылық серіктестікті басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері,оларды
қайта құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ. ТОЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ
ЕРЕЖЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Толық серіктестіктің түсінігі, жарғылық капиталы ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Қатысушының толық серіктестіктен шығуы және ( немесе ) шығару
негіздері,толық серіктестікті
тарату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .13
ІІІ. СЕНІМ ( КОММАНДИТТІК )
СЕРІКТЕСТІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.1 Сенім серіктестігіне түсінік және сенім серіктестігінің
салымшылары,сенім серіктестігінің жарғылық
капиталы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
3.3 Сенім серіктестігінің ісін басқару және сенім серіктестігінің
тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ІV. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР
СЕРІКТЕСТІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
4.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы негізгі ережелер.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы ... ... ... ... ... ... 19
4.2 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі басқару ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің
іскерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкіншілігін кез келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Экономикасы нарықтық бағытқа бет
алған Қазақстан үшін экономиканы жедел дамыту - өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Жеке бизнесті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың
кепілі. Әрине осы бизнес төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп
жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек,
өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы
факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар.
Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта
жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемдігі. Жалпы өркениетті
елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономилық және әлеуметтік
мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі іскерлік халықтың әл
ауқатьн арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін
тигізеді. Жеке іскерліктің осындай және басқа да экономикалық және
әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер
қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп
қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық
қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтьмақтастық құруы келешегі
зор бағыт. Әйткенмен де елімізде іскерлік әрекеттің дамуының өзекті
мәселелерінің бірі - шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді
қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай
бейімделетіндігінде болып отыр. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар
жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі
олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне
(салымшыларына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп
танылады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы
жалпы ереже Азаматтық кодекске енгізілген. Шаруашылық серіктестіктерді құру
мен олардың қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық
серіктестіктері туралы заң күші бар жарлықтарымен реттеледі. Шаруашылық
серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің
құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін,
ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сай келуі тиіс. Азаматтық кодексте
шаруашылық серіктестіктің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндігі
қарастырылған:
1.Толық серіктестік;
2.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
3.Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
4.Сенім (коммандиттік) серіктестігі.
Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейін
қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары жалпы
ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да бола алады.
Міне осыған орай курстық жұмысты жазудағы басты мақсат- еліміздегі
серіктестіктің түсінігіне, оларды құқықтық жағынан қорғалу жайына және
оларды құру жөніндегі мемлекеттік саясат қалай жүзеге асырылып
отырғандығын жан-жақты саралау болып отыр.
Курстық жұмыстың міндеті- шаруашылық серіктестік, толық серіктестік,
сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі
бар серіктестік түсінігін толық ашып көрсету, қазіргі кезеңде маңызды деп
табылатын көкейкесті сұрақтарын қарастыру.
І. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Шаруашылық серіктестікке түсінік

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне
(салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп
танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған,
сондай - ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған
мулік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестікті бір адам құруы мүмкін, ол оның бірден - бір
қатысушысы болады.
Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
нысандарында құрылуы мүмкін.
Азаматтар ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім
серіктестігіндегі толық серіктер бола алады.
Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серіктестіктің құрылтай
құжаттары болып табылады.
Жарғы бір адам (бір қатысушы) құрған шаруашылық серіктестіктің құрылтай
құжаты болып табылады.
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын (жарғы және құрылтай
шартын) нотариат куәландыруға тиіс.
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында осы ҚР -ң Азаматтық
Кодексінің[1] 41 – бабының 4 және 5 - тармақтарында аталған мәліметтерге
қоса әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы; серіктестіктің жарғылық
капиталына олар салатын салымның мөлшері, құрамы, мерзімі және тәртібі
туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салым салу жөніндегі міндеттерді
бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы ережелер, сондай – ақ
заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс.
Шаруашылық серіктестік, заң құжаттарында көзделген реттерді
қоспағанда, басқа шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мумкін.
Акционерлер саны жүз және одан да көп акционерлік қоғам шаруашылық
серіктестігі болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
Шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімінен үзінді көшірме
қатысушылар саны жүз және одан да көп акционерлік қоғамнан қайта құрылған
шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына үлес құқыгын растайтын
құжат болып табылады. Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың тізілімін
қалыптастыру, жүргізу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң
актілерінде белгіленеді.
Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, санаткерлік қызмет
нәтижесі құқығын қоса алғанда және өзге де мүлік шаруашылық серіктестіктің
жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда
немесе мұліктік құқықтар түрінде салған салымдары барлық құрылтайшылардың
келісімі бойынша немесе серікгестікгің барлық қатысушыларының жалпы
жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның
құны жиырма мың айлықесептік көрсеткіш мөлшеріне барабар сомадан асып
кетсе, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс.
Шаруашылық серіктестігін қайта тіркеген кезде оған қатысушының салымын
ақшалай бағалау серіктестіктің бухгалтерлік құжаттарымен не аудиторлық
қорытындымен расталуы мүмкін.
Серіктестіктің құрылтайшылары ( қатысушылары ) осындай баға берілген
кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдында салым
бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді.
Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілетін
жағдайларда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген барлық
мерзімге есептелген осы мүлікті пайдалану төлемімен анықталады.
Салымдарды мүліктік емес жеке құқық және өзге де материалдық емес
игілік түрінде, сондай - ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын
есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық
капиталдағы барлық қатысушылардың үлестері және тиісінше олардың шаруашылық
серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлес) жарғылық
капиталдағы салымдарына барабар болады.
Шаруашылық серіктестікке[2] қатысушы серіктестік мүлкіндегі өз үлесін,
егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып
қоюға және сатуға құқылы.
Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ
жарғылық капиталды құру жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін
жауапкершілік заң құжаттарында және (немесе) құрылтай құжаттарында
белгіленеді.
Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталын азайтуға оның барлық
несие берушілеріне хабарланғаннан кейін жол беріледі. Олар бұл жағдайда
серіктестіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін
орындауын және оның зиянды өтеуін талап етуге құқылы.
Осы аталып өткен белгіленген тәртіпті бұза отырып, жарғылық капиталды
азайту мүдделі адамдардың арызы бойынша сот шешімімен серіктестікті
таратуға негіз болып табылады.
1.2 Шаруашылық серіктестікті басқару

Шаруашылық серіктестіктің жоғары органы оның қатысушыларының жалпы
жиналысы (өкілдер жиналысы) болып табылады.
Бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың
өкілеттігі оның бірден бір қатысушысына тиесілі болады.
Шаруашылық серіктестікте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын
және оның қатысушыларының жалпы жиналысына (өкілдік жиналысына) есеп беріп
отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе) жеке - дара құрылады). Жеке
- дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін.
Серікгестіктің алқалы органдары ретінде:
1) басқарма ( дирекция );
2) байқаушы кеңес;
3) заң актілерінде немесе шаруашылық серіктесгігі қатысушыларының жалпы
жиналысының (өкілдері жиналысының) шешімінде көзделген жағдайларда басқа да
органдар құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серікгестіктің органдарының құзыреті, оларды сайлау
(тағайындау) тәртібі, сондай - ақ олардың шешімдер қабылдау тәртібі ҚР
Азаматтық кодексіне, заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес
белгіленеді. Шаруашылық серіктестігі қаржы есептерінің дұрыстығын тексеру
және растату үшін серіктестікпен немесе оның қатысушыларымен мүліктік
мүдделер жөнінен байланысы жоқ кәсіпқой аудиторды тарта алады ( сыртқы
аудит ). Шаруашылық серіктестігін аудиторлық тексеру серіктестік бір немесе
бірнеше қатысушысының талап етуі бойынша соның (солардың) есебінен кез
келген уақытта жүргізілуге тиіс.
Шаруашылық серіктестігінің қызметіне аудиторлық тексеруді жүргізу
тәртібі заңдармен және серіктестіктің құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың:
1) құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктің
істерін басқаруға қатысуға;
1) шаруашылық серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және құрылтай
құжаттарында белгіленген тәртіппен оның құжаттамаларымен танысуға;
3)таза табысты бөлісуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бір
немесе бірнеше қатысушыны пайданы бөлісуге қатысудан шеттетуді көздейтін
ережелері жарамсыз болып табылады;
4)шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп
айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес
мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқылы.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылар:
1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
1) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер
және мерзімдер бойынша салып отыруға;
1) шаруашылық серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған
мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Шаруашылық серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай құжаттарында
көзделген басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.
Шаруашылық серіктестіктер заң құжаттарында белгіленген реттер мен
тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық
серіктестіктің бір түрінен екінші түріне акционерлік қоғамдар немесе
өндірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкін.
Толық серіктестік немесе сенім серіктестігі акционерлік қоғам,
жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болып
қайта құрылған жағдайда акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі
немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушысы болған әрбір
толық серіктес толық серіктестіктен немесе сенім серіктестігінен
акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі
бар серіктестікке көшкен міндеттемелер бойынша екі жыл бойы өзінің барлық
мүлкі мен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серіктестің өзіне
тиесілі акцияларды ( үлестерді ) иеліктен шығаруы оны мұндай
жауапкершіліктен босатпайды.

ІІ. ТОЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1 Толық серіктестіктің түсінігі, жарғылық капиталы

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары
серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ
жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы[3] бола алады.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес толық
серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін оның құрылтайшылары
белгілеиді, бірақ ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі мелшерден кем
болмауы керек.
Толық серіктестіктің ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы
болып табылады. Толық серіктестігінің ішкі мәселелері жөнінде шешім барлық
қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай
шартында қатысушылардың көпшілік дауысымен шешім қабылданатын реттер
көзделуі мумкін. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын
анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір
қатысушысының бір даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс
санын олардың жарғылық капиталдағы үлесіне сай белгіленетіндігі көзделуі
мүмкін.
Толық серіктестікті ҚР АК - нің 65 бабының 1 - тармағының ережелерін
ескере отырып басқаруды толық серіктестіктің атқару органдары жүзеге
асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың кұзыреті
құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Толық серіктестікке қатысушының қалған қатысушылардың келісімінсіз өз
атынан және өз мүдделері немесе үшінші жақтардың мүдделері үшін серіктестік
қызметі мәнімен біртектес мәмілелер жасасуға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған
жағдайда серіктестік өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не
серіктестікке келтірілген залалдың орнын толтырудың не осындай мәмілелерден
тапқан бүкіл пайданы серіктестікке беруін талап етуге құқылы.
Серіктестіктің ісін жургізу тапсырылған толық серіктестіктің органдары
барлық қатысушыларға олардың талап етуі бойынша өз қызметі туралы толық
ақпарат беріп отыруға міндетті.
Өкілеттігі болмаса да ортақ мүдделер үшін әрекет жасаған қатысушыны,
оның әрекеттерін қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер өз
әрекеттерінің арқасында серіктестік құны жөнінен серіктестік шеккен
шығындардан асып түсетін мүлікті сақтап қалғандығын немесе тиісінше сатып
алғандығын дәлелдеген жағдайда серіктестіктен өзі жасаған шығындардың орнын
толтыруды талап етуге құқылы.
Толық серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір
бөлігін) оның басқа катысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық
қатысушылардың келісімімен ғана беруіне болады.
Үлес (үлестің бір бөлігі) үшінші жаққа берілген жағдайда
сонымен бірге толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі құқықтар мен
міндеттердің бүкіл жиынтығы соған ауысады.
Толық серіктестіктің қатысушысы қайтыс болған ретте қалған
барлық қатысушылардың келісуімен құқықты мирасқор (мұрагер) серіктестікке
кіре алады.
Құқықты мирасқор (мұрагер) қатысушының толық серіктестік
алдындағы борыштары бойынша, сондай - ақ серіктестіктің үшінші жақтар
алдындағы бүкіл серіктестік қызметі кезінде пайда болған борыштары бойынша
жауапты болады.
Құқықты мирасқор (мұрагер) толық серіктестікке кіруден бас
тартқан немесе құқықты мирасқорды (мұрагерді) қабылдаудан серіктестік бас
тартқан жағдайда оған қатысушы қайтыс болған күні белгіленген серіктестік
мүлкіндегі үлестің құқықты мирасқорлық негізінде өзіне тиесілі құны
төленеді.
Бұл реттерде тиісінше құрылтай қужаттарында (жарғысында) көзделген
мерзімде құрылтай шартында (жарғысында) аталған серіктестік мүлкінің
мөлшері азайтылады, бірақ ол үш айдан кешіктірілмеуге тиіс.

2.2 Қатысушының толық серіктестіктен шығуы және (немесе) шығару негіздері

Толық серіктестіктің қатысушысы оның өзге де қатысушыларына заң
құжаттарында немесе құрылтай шартында көзделген мерзімнен кешіктірмей
ескерте отырып, серіктестіктен кез- келген уақытта шыға алады.
Егер қатысушы шығып кеткен уақытта толық серіктестік сақталып қалса,
оның шығып кеткен күнінде жасалған балансқа сәйкес шығып кететін қатысушыға
серіктестік мүлкіндегі үлесінің салған салымынатең құны төленеді.
Қатысушының талабы бойынша және серіктестіктің келісуімен салымды толық
немесе ішінара заттай түрде қайтарылуы мүмкін. Шығып кеткен қатысушыға оның
осы жылы серіктестікте болған кезеңінде серіктестіктің сол жылы алған таза
табысының оған тиесілі бір бөлігі де төленеді.
Серіктестікке қатысушының пайдалануға ғана берген мүлкі сыйақы
төленбей заттай түрде қайтарылады.
Қатысушыны толық серіктестіктен шығару[4] Азаматтық кодекстің 68 –
бабына сәйкес: толық серіктестікке қатысушылар қалатын қатысушылардың
бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша және оған дәлелді себептер болған
жағдайда, атап айтқанда оның (олардың) өз міндеттерін дөрекі бұзуы немесе
іс жүргізу қабілетсіздігі байқалған жағдайда қатысушылардың біреуін немесе
бірнешеуін серіктестіктен сот тәртібімен шығаруды талап етуге құқылы.
Толық серіктестіктен шығарылған қатысушыға ҚР АК - ің 67 –бабының 2 -
тармағында белгіленген тәртіп бойынша мүліктің бір белігінің құны төленеді.
Қатысушылардың толық серіктестіктің борыштары бойынша жауапкершілігі
егер толық серіктестік таратылған жағдайда оның барлық борыштарын өтеу үшін
нақтылы мүлкі жетпейтін болса, серіктестік үшін жетіспейтін бөлігі жөнінен
оған қатысушылар ортақ жауапкершілікті өздерінің заң құжаттарына сәйкес ақы
өндіріп алынатын барлық мүлкімен өз мойнына алады.
Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің борышы бойынша егер заң
құжаттарында өзгеше көзделмесе, оған өз кіргеннен кейін немесе кіргенге
дейін пайда болғанына қарамастан жауап береді.
Серіктестік мүлкіндегі өз үлесінен астам бөлігіндегі толық
серіктестіктің борыштарын өтеген қатысушы өзінің алдында серіктестік
мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне тең үлестік жауапкершілікті мойнына алатын
өзге де қатысушыларға тиісті бөлігінде кері талап коюға құқылы.
Толық серіктестіктен өз қалауымен шыққан немесе серіктестіктен соттың
шешімі бойынша шығарылған қатысушы, сондай - ақ қайтыс болған қатысушының
серіктестікке кіруден бастартқан құқықты мирасқоры (мұрагері)
серіктестіктен өздері шыққан кезге дейін пайда болган серіктестік
міндеттемелері бойынша серіктестіктің өздері серіктестіктен шыққан жыл
ішіндегі серіктестік қызметі туралы есеп бекітілген күннен бастап екі жыл
бойы жауап береді.
Өз үлесін бір қатысушыға немесе үшінші жаққа беру арқылы, серіктестік
мүлкіндегі өз үлесінен несие беруші (несие берушілер) ақы өндіріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы жалпы ережелер
Шаруашылық серіктестік түрлері
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар
Меншікті капитал есебі
Шығарылған капитал
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сипаттамасы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайы
Шаруашылық серіктестіктің түрлері
Пәндер