Экономикалық тәрбие беру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Экономикалық тану сатылары . . . 6

1. 1. Экономикалық білім мен тәрбие . . . 6

1. 2. Экономикалық тәрбиенің жүйесі мен әдістері . . . 11

1. 3. Экономикалық теория . . . 16

2. Экономикалық тану сатыларының

экономикалық зерттеулердегі ролі . . . 21

2. 1. Экономикалық заңдылықтар мен экономикалық категориялар . . . 21

2. 2. Экономикалық тану сатыларының экономикадағы

және экономикалық зерттеулердегі ролі . . . 23

Қорытынды . . . 27

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 29

Қосымша . . . 31

Кіріспе

Адамдардың экономикалық үрдістерге деген қызығушылығы - табиғи заңдылық әрі маңызды құбылыс. Экономика адамдардың материалды қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Экономиканы тану адамдар өмірінің деңгейіне ықпал етеді, сондықтан да адамдар экономиканы өздерінің бүкіл өмірлері бойы меңгереді.

Экономиканы тану сатылары келесідей деп атауға болады:

  • Экономикалық тәрбие беру
  • Экономикалық білім беру
  • Экономикалық ағартушылық, экономиканы оқыту

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Адамдар экономиканы біртіндеп, есейіп, білімдерді жинақтаған сайын ұғынады. Экономикалық тәрбие адам өмірінің барлық тұстарын: соқыр сезімді, стихиялық үрдістер мен ағартудың, оқытудың арнайы әзірленген жүйелерін қамтиды. Экономиканы үйрету - адамдардың экономикалық өмірінің тәжірибесін игерудің бастапқы нысаны. Экономиканы үйрету отбасынан басталады және де адамдар үй шаруасын, қосымша жеке шаруашылықта да экономика негіздерін меңгереді.

Күнделікті тұрмыс тіршілік, көшедегі тәрбие, жол және т. б. адмды оның өмірінің кез келген сәтінде тәртіпке, жатақхана, өзара қарым - қатынас ережелерін сақтауға, экономикалық қарым - қатынастарға үйретіп, оның мағлұматты болуына ықпал етеді, адамның білімдарлығын дамытады. Балалық шақта пайда болып, тәрбиелеудің осы нысаны адамның бүкіл өмірі бойы жалғасады. Ол экономиканы үйрету үрдісінде бастапқы кезең болып табылады. Және де бүгін (менторлық, ақыл айту) - бүкіл әлемдегі көптеген адамдардың экономикалық тәрбиесінің жалғыз қана құралы.

Экономика негіздерін осындай әдіс арқылы үйрету шынымен де жеткіліксіз және де сондықтан экономиканы үйренудің тек осы сатысын қана меңгерген адамдар қоғам өмірінің ең төменгі қабатында күй кешуге мәжбүр.

Білім беру - қмірлік тәжірибені берудің неғұрлым дамыған нысаны. Ол жинақталған білімді, соның ішінде экономика саласындағы білімді адамдарға, келер ұрпаққа берудің арнайы құрылған тәжірибе нысаны. Келесі сатылар:

  • Жарнама
  • Насихат жұмыстары
  • Ағартушылық жұмыстары

Яғни, курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі - экономикалық даму сатыларын белгілеп, олар бойынша күнделікті тұрмыс - тіршілікте өмір сүре білу.

Курстық жұмыстың мақсаты: экономикалық тану сатыларын белгілеп, мен олардың экономикалық зерттеулердегі ролін анықтау.

Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін курстық жұмыстың келесідей міндеттері белгіленген:

  • экономикалық тану үрдісін зерттеу, оның сатыларын анықтау
  • экономикалық білім мен экономикалық ілімді үйрету кезеңдерін, экономикалық зерттеулер үрдісін қарастыру;
  • экономикалық зерттеулер мен экономикалық сатылардың өзара байланысы экономикалық зерттеулердегі ролін нақтылау.

Ағартушылық - (білім берудің бастапқы нысаны) алуан түрлі: оның ішіне халық шығармашлығын (фольклор), өнер, әдет - ғұрыптар, дәстүрлер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі және т. б. жатқызуға болады. Ағартушылық шеңберінде жеке адамға экономикалық құбылыстар туралы мәліметтерді (ақпаратты) бір рет және бір тараптан қана беріледі. Осындай негізде білім үнемі жинақталады, үнемі адамдардың жалпы білімдарлығы мен эрудициясы және де соның ішінде - экономика туралы да білімділігі мен эрудициясы да жинақталады. Ағартушылықтың адамдарға деген әсер етушілік деңгейлері де әртүрлі, орта есеппен нөлден ең жоғары көрсеткішке дейін - және тиісінше ағартушылықтың нәтижелері де әртүрлі. Экономика жағдайларында ағартушылықтың нысаны өзгертілген нысаны ретіндегі жарнаманың ролі ерекше; жарнаманы көру нәтижесінде адамдар оқып білгенге емес, тек көзбен көріп - естігенге қана көбірек мән бере бастайды.

Оқыту - адамдарды басқа салалармен қоса экономика саласында да тәрбиелеудің, оларға білім берудің жоғары нысаны. Оқыту дегеніміз көп рет қайталанылатын әрі оқытушылар мен оқушылар арасындағы екі жақты өмір тәжірибесін табыстау үрдісі. Оқыту барысында экономиканы оқып білу әрі түсіну үрдісі неғұрлым қарқынды болады, өйткені оқыту барысында оқыту пәні ерекше нысанда ұйымдастырылады, экономикалық білімдер арнайы пән шеңберінде жүеленеді. Оқыту үрдісі әралуан және де әдістер, құралдар жүйесі болып табылады. Оқыту негізінде адамдардың білімдарлығы, білгірлігі, эрудициясы, экономикалық құбылыстар мен оларды ад оймен шолып түсіну әдістері кеңейе туседі. Оқыту мектептер жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады. Мектептер де сан қырлы болып табылады. Мысалы, бастапқы мектептер, орта білім беру мектептері, кәсіби мектептер, училищелер, техникумдар, жоғары мектептер, институттар, университеттер, академиялар.

Мектептер жүйесі төменгі сатыдан бастап жоғарғы сатыға дейін сол мектептерде оқитын адамдардың экономикалық үрдістер біртіндеп, барабар негізде қабылданады, оны барлық мектепте оқытылатын пәндер де қамтамасыз етеді. Барлық мектепте оқытылатын пәндер белгілі бір деңгейде экономикамен түйіседі. Тарихи пәндер экономиканың қалыптасуын сипаттайды. Қоғамтану (гуманитарлық) пәндер, соның ішінде экономикалық пәндер экономикаға жинақталған түсінік береді.

Мектеп шеңберінде оқытылатын пәндер экономиканың игерілген аспектілерін бекітеді. Оқыту деңгейіне байланысты адамда экономикалық эрудицияның әртүрлі көлемін алады. Адамның алған оқу және білім деңгейі неғұрлым жоғарырақ болса, соғұрлым адамдар экономиканы білетін болады. Адамның онан әрі өмірі жеке тәжірибе, тәлімгерлік негізінде әдетте экономикалық білімдерді нақтылау және кеңейту болып табылады.

Курстық жұмыстың пәні - экономикалық оқыту үрдісімен байланысты қоғамдық қатынастар.

Курстық жұмыстың объектісі - экономикалық тану сатыларының қоғамдық қатынастардағы ролі.

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, курстық жұмыстың тақырыбын ашатын екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмысты әзірлеу барысында салыстырмалы, қисынды, тарихи, және жалпы философиялық әдістер пайдаланылған.

Жұмыстың теориялық базасы - отандық және шетелдік экономика саласында қызмет ететін ғалымдар мен практиктердің ғылыми еңбектері.

1. Экономикалық тану сатылары

1. 1. Экономикалық білім мен тәрбиенің негізгі міндеттері.

Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудық маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық сүраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады.

Тәрбие жұмысы тәжірибесі мен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет деген ұғым жиі кездеседі. Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптас тыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі. Экономи

калық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ыңыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т. б. қасиеттерді дарытуға бағытталған.

Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге әкономикалық қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тыс қары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру. Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
• Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
• Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т. б. қасиеттерді дағдыландыру.

• Экономикалықесеп, , еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.

Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі:
• Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негізгісін оқып үйренуде сонымен қатар, оқушылардың қызығуына қарай енгізілген факультативтік сабақтарда беріледі;

• Еңбек сабағы процесінде;

• Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында іске асады;

• Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі;
• Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады.

Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіре тіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механика ландыру, пайдасы мен нөтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдауы арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін қалыптастырады, экономи каға деген сенімін арттырады. Қоғамға пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылар дың экономикалық санасын қалыптастыратын механизмдер.

Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы білімдер енеді. Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта құру, өндірістегі қатынастарды жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты жүргізу әдістерін жетілдіру. Экономика - тұтас құбылыс, сондьщтан барлық халық ппіруашылығының тиімділігі (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігінің тиімділігіне байланысты. Экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдар бойынша әңгіме өткізуге болады: "Тұрмыстағы экономика", "Біздің айналадағы экономика". Экономика туралы ауызша журнал шығару, радиодан хабар ұйымдастыру, мерекелер, кештер, экскурсиялар, экономика мен халық шаруашылығы саласындағы өзгерістер туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді.
Мектеп радиоторабы арқылы экономикалық білімдерді жүйелі түрде насихаттауға болады. "Зауытқа кірер жерде", "Құнттылықты сақтап тұрған күзетшілермен кездесу" сияқты хабарлар жалпы мүлікті ұқыпты ұстаудың маңызын ашады. Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай еңбектің жаңа түрлері мен әдістерін тез білуге мүмкіндік беретін біліктіліктермен қаруландыру.

Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша ауыл шаруашылығында жүргізетін тәжірибесінде тұқымның ең жақсы сорттарын пайдаланып тықайтқыштарды дұрыс қолдануға, өсімдіктерді қоректендіруге, нәтижені көруге үйренеді. Оқушылар өндірістік бригадада ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе жүргізеді. Республикамыздың әр түрлі аймақтарында топырақтың құрамы және ауа райы ескеріліп, тәжірибе жасау үшін берілген учаскеде мәдени өсімдіктер өсіріледі. Өсімдіктерді өсіріп, мол өнім алу үшін агротехникалық ережелерді жақсы білу керек. Әсіресе еске алатын басты нерсе -дақылдар егілетін жердің топырағындағы өсімдікке керекті қоректі заттардың мөлшерін агрохимиялық зертханада анықтау. Содан кейін бір гектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін өр түрлі тықайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп, топырақты қоректендіреді.
Химия сабақтарында оқушылар зертхана жабдықтарын, аспаптарды, реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемді жұмсауға үйренеді, эксперимент жасайды. Экономикалық тәрбиеде оқушылар ұлттың кіріс, қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік қүн, акция, бизнес нарық, аңша, т. б. ұғымдарды меңгереді. Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Қоғам өмірінде материалдық заттардың жасалу негізін, қоғам өмірінің құпия сырларын, қоғамды қайта құруға әсер ететін жағдайларды, адамның шешуші рөлін ұғындыру да экономикалық тәрбиенің міндеті.

Қоғамдық циклдағы пәндер негізі экономикалық ұғымдарды меңгертеді. Оқушылар экономикалық базистің өндірістік қатынастар жиынтығынан тұратынын, өндіргіш күштерді, олардың орналасқан жерін, әр түрлі экономикалық жүйені, оларда қандай мпішік түрлері бар екенін, материалдық игіліктерді бөлу тәсілдерін біледі. Ғылыми-жаратылыс сабақтары оқушыларға өндірісте қолданылып жатқан ғылым мен техника жетістіктерін көрсетеді, олардың еңбек өнімділігін арттырғаны туралы айтады. Өндірісті дамыту міндеттерін шешуге оқушылардың информатика және есептегіш машина негіздерін оқуы, компьютерді үйренуі тікелей әсер етеді. Өнімді еңбек жасөспірімді, қыздар мен жігіттерді еңбекті ұйымдастыруда кездесетін мәселелермен, жоспарлаумен, технология талаптарын саңтаумен, өнім сапасына, өндіріс тиімділігіне, оны жетілдіруге қойылатын талаптармен таныстырады. Кліміздің экономикалық дамуын жалпылай оқу да маңызды.

Мектепте оқу пәндерін өтуде экономикалық тәрбие жұмысын жан-жақты жүргізуге болады. Бастауыш сыныптарда біздің экономикамыздық негізгі түсініктері енгізіледі. Жоғары сыныптарда мектеп оқушыларының мамандық таңдауға даярлығын қалыптастыруды аяңтау керек, қоғам үшін, оиі үшін ең тиімді еңбек жолын бастауға тиіс. Қала мектептерінде жоғары сынып оқушылары үшін еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, жоспарлау негіздері, өндірісті ұйымдастыру мен экономика мәселелері бойынша оқушылардың экономикалық түсініктерін қалыптастыру мақсатында оқушыларды еңбекке даярлау бағдарламасының бәрінде де "өндіріс туралы негізгі мәліметтер", "қазіргі өндірісте еңбекті ұйымдастыру негіздері", "өндірісті жоспарлау экономикасы және ұйымдастыру негіздері" тақырып тары қамтылады. Ауыл мектебінің жоғары сыныптарында еңбек сабағы бағдарламасында "Ауыл шаруашылығы экономикасы және оны ұйымдас тыру" тақырыбы енгізіледі.

Экономикалық тәрбиенің негізі отбасында, балалар бақшасында, мектепте қалыптасады. Ол ата-аналардың, мұғалімдердің, жұртшылықтың бірлесе күш салуымен іске асады. Мектепте экономикалық тәрбие бүкіл оқу-тәрбие процесінің негізінде іске асырылады.

Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:

• Жаттыңтыру. Әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электрқуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т. б.
• Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік мердігер лікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде шағын мал, қүс фермаларында қолдануға болады. Тәжірибелік және эксперимент жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
• Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
• Сандық материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау.

• Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.

• Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.
Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтың экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектептің педагогикалық ұжымдарының төл ісі.

Экономика деген сөз алғашқы ұғымында «отбасы шаруашылығын» білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп білеміз. Өндіріс - қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті. Өндіргіш күш - өндірістің жетекші саласы. Бұл қоғамның табиғатқа қатынасын көрсетеді. Әрбір адам көп қырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады. Адам өнім шығарады, жалақы алады, меншік иесі болады, сатушы және сатып алушы ретінде қызмет атқарады. Адамның пайда табуға, оны иеленуге құқығы бар. Ол қандай кедей болса да бір нәрсені иеленеді, оны құрметтейді, қорғайды. Адам жеке меншігі - оның үй-мүлкі, киім-кешегі, көлігі, саяжайы, т. б. Адам қай заманда болсын өз өмірінен экономика белгілерін табады, яғни күн сайын ұшырасады. Мысалы, үстіңіздегі киім, таңертеңгі асыңыз, үй жанындағы дүкен, т. б.

Қазіргі нарық заман тұсында мектеп қабырғасында оқып жүрген өскелең ұрпаққа көптеген жаңа пәндер келіп қосылуда. Соның бірі - экономика сабағы балаларға өте қажет-ақ. Шет мемлекеттерде экономика негіздері балабақшадан бастау алса, елімізде бастауыш сыныптардан бастап дамып келеді. Астана, Ақтау қалаларында экономикалық лицейлер ашылып, тереңдетіліп білім беруде. Экономика білім саласы қазіргі таңдағы жаңалықтармен, дүниежүзілік ақпарат көздерімен тығыз байланыста болғандықтан, бұл пәнге балалардың өз қызығушылығы, ынта-жігері көптеп табылуда. Үш тілді еркін меңгерудегі термин сөздерді біліп-тану олардың экономикалық білімін шыңдаумен қоса, ЖОО-да оқуына жол ашады. Бұл пәннің тағы бір ерекшелігі - адамзат дамуы үшін, белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін, өзінің ішкі қабілеттерін дамытуы керек десек, ол жас бүлдіршіндерді экономикалық ойлаумен қатар, қоғамға араласуға, табиғи дарындылықпен қатар, тез шешім қабылдап, ойлау қабілетін дамытуға және бизнес этикасы мен табысты бизнес қадамдарын жасауға үлес қосады.

Еліміздегі экономика пәнінің мақсаты - жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін бизнес пен экономикаға үйрету, жеке кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру мен нарықты зерттеу. Балалардың лидерлік қабілетін дамытуға, іскерлікке, жауапкершілікке, өз қаражатын білуіне немесе қаржылық есепті меңгеру ісінде сауаттылығын дамытуға да пайдасы зор. Жалпы алғанда экономика сабағы тарих, құқық негіздері, математика, география, бейнелеу өнері, еңбек пәндерімен тығыз байланысты.

Экономикалық тәрбие - бұл оқушының экономикалық санасын қалыптастыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық әрекет. Бұл салада тәрбиелік жұмыстар бекітіліп, сол арқылы қызықты да мазмұнды іс-шаралар өтуде. Олар: «Дүниенің кілті - экономикада» плакаттар сайысы, «Жарнамалық агенттік», «Жұмыссыздық» рөлдік ойындар, бизнес, банк, базар сияқты іскерлік, танымдық, логикалық ойындар, нарық саласында жазылған эссе, өлеңдер, жыл сайынғы Елбасының халыққа арнаған Жолдауын (экономика бойынша) насихаттау мен таныстыру, кәсіпкер, банк қызметкерлерімен кездесулер, шағын мектеп компания жұмыстары мен бизнес хабарлар және капитал әліппесі. Қосымша мәліметтер бойынша айтсақ, заңға қайшы келетін экономикалық қылмыс түріндегі «сыбайлас жемқорлық» тақырыбы да жоғарғы сынып оқушылары арасында қарастырылып, елімізде парасатты экономика саясатын жүргізуде өз ойларын ашық түрде айта алады. Осындай мәселені көтеру арқылы елімізде келешек жастарды үлкен өмір жолында әділ де шыншыл, иманды да қарапайым, ар-ұяты таза, дұрыс өмір сүру деңгейіне көтереді. Экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті дамушы елдерде мұндай көлеңкелі мәселені ертеректе қолға алып, қазір де аз пайыздық мөлшерде ғана көрсеткіш береді.

Қазақстан Республикасында 1995 жылдан «Жастар жетістігі - Junior Achivement» (ЖЖ) қоғамдық қоры - балалар мен жастарға экономикалық білім беру барысында орталықтарда жұмыс атқарады. Астанадан бастау алып, еліміздің көптеген облыстарында Білім және ғылым министрлігі бекіткен педагогикалық нұсқаудағы бағдарламалар нәтижелі көрсеткіштер беруде. Бұл орталықтар ұйымдастыруымен жыл сайын жоғарғы сынып оқушыларына экономикалық олимпиадалар, сайыс жарыстары, кездесулер, көрмелік өнім жәрмеңкелерін, ал пән мұғалімдеріне арнаулы семинар-тренингтер мен ашық сабақтар беріледі. Осы орайда Қызылорда қаласындағы «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының басшысы Алишева Светлана Серікбайқызының қолдауымен экономика курсының маңыздылығы жүзеге асуда. Алдағы кезең - оның жұмысын жандандыратын, қатарын молайтатын шақ. Бүгінгі білім беру ісінде бағдарлы оқытудың маңыздылығы ерекше десек, осы орайда экономикалық білім мен бизнестің алғашқы баспалдағы кәсіпкерлік негіздерін үйренудегі өзіндік үлесі болары сөзсіз.

1. 2. Экономикалық тәрбиенің жүйесі мен әдістері

Экономикалық тәрбие жүйесі - тәрбие беру кезеңдерінің кешенді жиынтығы. Экономикалық тәрбие мектеп қабырғасынан басталып, онан кейін жоғары оқу орындарында жалғасады да кейін жғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бүкіл өмір бойы адам өзінің экономикалық білімінің толықтыра түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық білім мен тәрбиенің негіздері
Экономикалық тәрбиенің әдістері
Экономикалық тәрбие ұғымы
Мектеп окушыларының көзқарасын қалыптастыру
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің маңызын анықтау
Оқушыларға экономикалық тәрбие беру
Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары
Экономикалық білім
Экономикалық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz