Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН
ТАЛДАУ
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттің экономикалық жетістігін анықтау үрдісінде еліміздің бәсекеге қабілетті болуы мен оны әріқарай дамыту механизмдерін жетілдіру ісіне баса назар аударылады. Өйткені ұлттық шаруашылықтың экономикалық тиімділігін басқару жолдарын жетілдіру Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жоспарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ең бастысы - экономиканың бәсекеге қабілетті моделін таңдау, басым салаларды анықтау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыратын қолда бар экономикалық мүмкіншіліктерді анықтау, сондай-ақ сыртқы экономикалық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан бәсекелестік байланыстарды дамытуға әсер ететін механизмдер мен факторларды анықтау жөніндегі мәселелер туралы сөз қозғалады. Осы және басқа да мәселелердің шешімін табу Қазақстанда толыққанды зерттелмеуі экономиканың тұрақты дамуына қиындықтар туғызып отыр.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасы экономиканы қай бағытта дамыту қажет деген сауалға тірелгені белгілі. Әрине, бұрын социалистік даму үрдісінде болып келген Қазақстан үшін АҚШ немесе Жапония сияқты дамыған ел экономикасы үлгісін көшіру мүмкін емес еді. Ол кезде Малайзия сияқты дамушы елдің мысалын зерттеу біздің экономика үшін анағұрлым қолайлы болатын. Алайда, қазір Қазақстан экономикасы дамудың екінші сатысынан үшінші сатысына - инновациялық даму бағытына бет бұруда. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету де осы инновация мәселесімен тығыз байланысты. Осыған орай, елімізде қабылданып, іске асырылып жатқан индустриалды-инновациялық дамуды жеделдету стратегиясын айтуға болады. Ал инновациялық дамуда біз үшін аса пайдалы болатын үлгі - әлемнің ең озық елдерінің экономикалық даму үлгілері. Өйткені дәл осы елдер - әлем бойынша ғылым мен технологияны дамытуға өкімет тарапынан аса мән беретін мемлекеттер. Әлемнің жетекші елдері дәл осы ғылыми-техникалық дамуға зор мән берудің арқасында қысқа мерзім ішінде әлемдегі ірі экономикалық державаға айналды. Олай болса, қазіргі таңда, яғни, ХХІ ғасырдың басында әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан орын алуды көздеген Қазақстан үшін экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесін зерттеу қажеттілігі туындайды. Осындай күн тәртібіне қойылған маңызды мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Қазақстан экономикасын барынша бәсекеге қабілетті етудегі мемлекеттің рөлін ғылыми негіздеу мен жалпы Қазақстанға қатысты салалық, аймақтық және ұлттық деңгейде бәсекелестік мәнін анықтау, экономиканың бәсекеге қабілетті болу ерекшеліктерін зерделеу отандық және шетелдік ғалымдардың теориялары мен көзқарастарын кешенді әрі жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың тұрақты дамуы сияқты мәселелер көптеген ғалымдардың еңбектерінде жарық көрген.
Отандық экономика әдебиеттерінде мемлекеттің немесе аймақтың бәсекеге қабілеттілік түсінігі біржолата анықталып, қалыптаспаған. Өтпелі экономика жағдайындағы бәсекеге қабілеттілік және ондағы басқару мәселесінің кейбір аспектілері көптеген қазақстандық экономист-ғалымдармен зерттелген.
Ғылыми жұмыстың мақсаты - Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны шешудегі мемлекеттің рөлін айқындау, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан жүргізілетін шараларды ұсыну және оны әрі қарай дамыту мәселелерін зерттеу болып табылады.
Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылды:
- «бәсекеге қабілеттілік» және «экономиканың бәсекеге қабілеттілігі» түсініктерінің ара жігін ажырату, оларға берілген анықтамаларды жүйелеу;
- экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің мәні мен мазмұнын анықтау;
- ұлттық бәсекелестік басымдықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің ролін айқындау;
- экономиканың бәсекеқабілеттілігін көтеру шараларының ерекшеліктерін анықтау;
- - мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Қазақстан экономикасын бәсекеге барынша қабілетті етудің жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні: Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік шараларды қалыптастырудың ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан экономикасының анағұрлым бәсекеге қабілетті салалары алынды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасындағы экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайына бағалау жүргізіліп, оған әсер ететін үдерістерге талдау жасалынды. Жасалынған талдау барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- - бәсекеге қабілетті өнім өндірудің механизмдері көрсетіліп, оларды жетілдіруге қатысты тұжырымдар жасалынды;
- бәсекелестік қабілеті бар аграрлық өндіріс қалыптастыру бойынша
- мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері анықталған;
- экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жолдары айқындалды.
- өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында және экономикалық
қауіпсіздікті нығайту үшін аграрлық өндірістегі салық салудың тәжірибесі және оның шет елдердегі үлгілері жинақталған;
- агроөнеркәсіптік кешенінің даму стратегиясының негізгі бағыттары;
Арттыру жолдарын айқындау барысында экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту және экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру ұсынылды.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері ретінде бәсекеге қабілеттілік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер проблемасын қарастырған отандық және шетел ғалым-экономистердің еңбектері алынды. Ғылыми жұмыс тақырыбы бойынша мәселелерді зерттеу барысында ҚР-ның заңдары, Үкімет қаулылары, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары, жыл сайынғы бәсекеге қабілеттілік туралы анықтама мен басқадай материалдар негізге алынды.
Ғылыми жұмыста ресми статистикалық мәліметтер, мерзімдік баспа мәліметтері пайдаланылды.
Экономикалық зерттеулердің жалпы-ғылыми әдістері мен тәсілдері қолданылды: монографиялық, экономико-статистикалық, есепті- конструктивтік, эксперттік және басқалар.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Ғылыми жұмыс 40 бет көлемінде баяндалған, соның ішінде 5 кесте және 9 сурет бар. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздеріне арналған. Бұл бөлімде Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі, экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері, шет ел экономикасының бәсекеге қабілеттілік тәжірибесі қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің қазіргі жағдайына бағалау жүргізіліп, оған әсер ететін үдерістерге талдау жасалынған.
Үшінші бөлім экономиканың бәсекеге қабілетті өнімдерін мемлекеттік реттеу жолдарын жетілдіру мәселесіне арналған. Осы бөлімде мемлекеттің бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі механизмдерін жетілдіру және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар қарастырылған.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде қарастырылып отырған мәселеге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
1. 1 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызы мен рөлі
Нарықтық экономикада әрбір тауар өндіруші өзінің шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді. Өйткені бәсекеге ортаның дамуы шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Ғылыми әдебиеттерде және үйреншікті қарым-қатынаста мұндай қақтығысу бәсекелестік деген атқа ие болды [2] . Бәсеке ұғымы бәсекелестік деп аталатын экономикалық категория негізінде жатыр.
Қазақстан Республикасы «Бәсекелестік туралы» Заңында: «бәсекелестік - дербес жасаған іс - әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы» деп көрсетілген [3] .
Ең алдымен, обьекттің және субъекттің бәсекеге қабілеттілігі ұғымын айыра білу қажет. Обьекттің бәсекеге қабілеттілігі (өнім мен қызмет) ұйымдастырушылық, басқарушылық, өндіру функцияларын орындау арқылы жүзеге асатын нақты шаруашылықтың экономикалық субъектісінің қызметі үрдісінде қалыптасады. Шаруашылықтың экономикалық субъектісінің бәсекелесу, бәсеке күресінде жеңіске жету, оның бәсекелесу ерекшелігінде көрінетін, субъектіге өз тұтынушыларын сақтауға, жаңа тұтынушыларды тартуға және өтімнің жаңа нарығын жаулап алуға мүмкіндік туғызуы - «субъекттің (фирманың) бәсекеге қабілеттілігін» сипаттайды [4] . Бәсекеге қабілеттілік экономикалық категория ретінде нарықтың әр түрлі деңгейінде және сегментінде бәсеке әрекетінің көптеген факторларын пайдаланудың функционалды нәтижесін білдіреді. «Бәсекеге қабілеттілік» термині көптеген отандық және шет ел зерттеушілерінің еңбектерінде қарастырылған. Өз атауы көрсетіп тұрғандай, бәсекеге қабілеттілік - бұл, ең бірінші бәсекелесу немесе бақталасу қабілеті.
Бәсекеге қабілеттілікті түсіндіру ерекшелігін бірнеше деңгейде қарастырайық:
─ мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі
─ аймақтың бәсекеге қабілеттілігі
─ өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі
─ өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Әр түрлі деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік түсінігінің арасында ішкі және сыртқы тығыз тәуелділік бар. Бір жағынан, мемлекеттік және салалық бәсекеге қабілеттілік нақты бір өнім өндірушілердің бәсекеге қабілетті өнім өндіру қабілетіне байланысты. Екінші жағынан, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мемлекет пен аймақтағы өнім өндірушілерге жасалған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, оның қаржылық-экономикалық күйі мен атағын анықтайды. Бірақ, бұл мына жағдайда ғана мүмкін, егер өткізілген өнімнің құрылымында бәсекеге қабілетті өнімнің еншісіне түскен түсімнің көп бөлігі және кірістің едәуір бөлігі келсе.
Фатхутдинов Р. А. өзінің еңбегінде барлық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті өнімнің бәсекелік артықшылығының ішкі факторы ретінде анықтаған. Оның пайымдауынша, мемлекет, салалық, аймақтық, ұйымның деңгейінде бәсекенің артуымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралды және жеке көрсеткіштері жақсарады [5] .
Біздің көзқарасымыз бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің барлық деңгейінің екіжақты байланысы бар (сурет 1) . Яғни, төмен тұрған деңгейдің обьектісінің бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейдегі обьектінің бәсекеге қабілеттілігінің факторы болып табылады. Өз кезегінде, жоғары деңгейдегі обьекттер төменгі деңгейдегі обьекттердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жағдай жасайды.
Бірақ, бір деңгейдің обьектісінің бәсекеге қабілеттілігі басқа деңгейдің обьектісінің бәсекеге қабілеттілігіне әр кезде де әсер ете бермейді. Мысалға, бәсекеге қабілетті өнім өндіру көп шикізатты қажет етуі мүмкін және үлкен шығынға әкелуі мүмкін, бұл нарық жағдайында тиімділіктің төмендеуіне, кірістің азюына, кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда қосымша қаржыландыру қажет, бұл нәтижесінде өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Сурет 1 - Әр түрлі деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің өзара байланысы
Өнімнің, өнім өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін және салалық бәсекеге қабілеттілікті біріктіретін, әлемдік нарықта мемлекеттің жағдайын сипаттайтын синтетикалық көрсеткіш болып мемлекеттің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші табылады.
Жалпы түрде, мемлекеттік бәсекеге қабілеттілікті еркін бәсеке жағдайында мемлекеттің әлемдік нарықтың талаптарын қанағаттандыратын өнім мен қызмет өндіру қабілеттілігі ретінде анықтауға болады.
Жалпы алғанда, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі бірнеше маңызды қасиеттерге ие:
- бәсекеге қабілеттілік - салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады;
- ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік цикліне және басқа да жағдайларға тәуелді;
- әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі құбылмалы сипатқа ие;
- бәсекеге қабілеттілік нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйесіне және т. с. с. байланысты;
- бәсекеге қабілеттілікке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды .
Осы жағдайларға байланысты бәсекеге қабілеттілік жүйелі түрде, уақытқа және қоғамдық талаптарға сай тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу қажет.
М. Портердің «Халықаралық бәсеке» атты еңбегінде қалыптасқан теориялық ұстанымға сәйкес жекелеген уақыт аралығындағы дамуын анықтайтын негізгі төрт қозғалыс күшіне немесе ынтаға сәйкестендірілген ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің ерекше төрт сатысы бөліп көрсетіледі (2 - сурет) .
Сурет 2 -Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің даму сатылары
Өндіріс факторлары негізіндегі бәсеке.
Аталған сатыда іс жүзінде барлық ұлттық салалар әлемдік нарықта ойдағыдай әрекет етуде, бәсеке күресіндегі өзінің артықшылықтарына негізгі өндіріс факторларының арқасында жетуде: табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы мәдениетіндегі өнімді өсіруге қолайлы жағдай, жартылай білікті арзан жұмыс күші.
Осындай экономикада ел ішіндегі фирмалар арасындағы бәсеке қарапайым және қол жетімді технологияны талап ететін салаларда өнімнің бағасын төмендету негізінде айрықша жүреді. Өндіріс факторына сүйемелденген экономикада ішкі нарыққа бағдарланған салалар ауқымы импорттық тауарларды алмастыратын отандық алмастырушыларды құру арқылы кеңейтіледі.
1. 2 Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі әр текті және әр бағытта көптеген факторларға байланысты. Өнімнің нарықта нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар объективті емес, тұтынушылардың субъективті қабылдауына байланысты. Мұндай факторлар экономикалық әдебиетте «табыстың стратегиялық факторлары» немесе «табыстың негізгі факторлары» деген атауға ие болған. Табыстың стратегиялық факторлары өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Әдебиеттердің талдауы көрсетіп отырғандай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторларды екі негізгі топқа бөледі. Олар: субъективті және объективті. Көптеген ғалымдардың пікірлері бойынша, субъективті факторлар өндірушіге байланысты емес, оларға психологиялық және жеке тұлғалық факторлар жатады, мәселен, тұтынушылардың ұстанымдары, әдеті, салты және т. б.
Объективті факторлар өндірушіге тікелей (сапа деңгейі) немесе жанама (сатылған өнімге техникалық қызмет көрсету, делдал ұйымдардың қызметі және т. с. с. ) түрде байланысты болады.
Осы жіктеуге ұқсас, өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды эндрогендік және экзогендік деп бөледі.
Эндрогендік факторлар өндірістік кәсіпорынның мүмкіндіктерін сипаттайды және өнімнің техникалық - экономикалық деңгейіне ықпал етеді.
Экзогендік факторлар - әлемдік нарықтың немесе импорттаушы мемлекеттің өнеркәсіптік тауарлар нарығының қажеттіліктерін және тауарға деген сұранысты анықтайды. Мұндай жіктеу дұрыс, алайда, біріншіден, ол бағаның өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін фактор екендігін ескермейді, екіншіден, өндіруші тарапынан әсер ететін факторларды нақтылауды қажет етеді, өйткені өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету өндірушіге байланысты.
Тауардың өмірлік цикліне байланысты бәсекеге қабілеттіліктің факторлары екі топқа бөлінеді :
- өнімді дайындау мен өндіру барысында пайда болатын факторлар - техникалық деңгейі мен дайындау сапасы;
- өнімді нарықта өткізу үдерісіне әсер ететін факторлар - тұтынушының сатып алу шығындары мен тұтынушының талабын қанағаттандыру (жеткізу, сатудан кейінгі техникалық қызмет көрсету және т. б. ) .
А. Трубилин бәсекеге қабілеттіліктің факторларын сыртқы, сапалық және экономикалық деп бөледі. Оның пікірінше, сыртқы факторларға экономика мен нарықтың даму үрдістері, ғылыми - техникалық ілгерілеу, тұтыну құрылымындағы өзгерістер, нарық құрылымы және бәсекелестер құрамы жатады. Сонымен қатар, мұнда кәсіпорынның имиджі мен танымалдылығы, өндіруші мемлекеттің беделі де үлкен мәнге ие.
Екінші топ факторларын қазіргі қолданыстағы стандарттар, мөлшерлер, ұсыныстар анықтайтын өнімнің қауіпсіздігі, ұзақ мерзімге сақталынуы да осы топқа кіреді. Өнімнің сапасын анықтау халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) талабымен жүргізіледі.
Бәсекеге қабілеттілікке әсер ететін үшінші топтағы факторларға өнімнің өзіндік құны мен бағасын қалыптастыратын экономикалық көрсеткіштер жатады.
Әлемдік тәжірибеде өнімнің бәсекеге қабілеттілігі келесі факторлармен анықталады:
- өнім сапасының нарықтың және нақты тұтынушының талабына сай болуымен;
- сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен;
- тұтынушыға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен;
- кәсіпорынның нарықтағы беделімен және сенімді әріптес болатындығы туралы дәлелімен.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі 3 - суретте көрсетілген негізгі кешенді үш факторға тәуелді:
- міндет - өнімді қандай мақсатқа пайдаланатынын, оның функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды;
- жоғары сапа - бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің кешенді көрсеткіштері ретінде қарастыруға болады;
- баға - тауар құнының ақшалай көрінісі. Өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше, нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлдеқайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен құн заңына сай қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болады.
Төменде аталған үш факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бір - бірін толықтырып отырулары қажет.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды техникалық, экономикалық және әлеуметтік - ұйымдастырушылық деп те бөлуге болады.
Техникалық факторлар тауардың техникалық - конструкторлық сипатын, оның міндеті мен белгілі бір топқа қатысын, адам ағзасы мен психикасына сәйкестігін бейнелейтін эргономикалық көрсеткіштерін сипаттайды.
Сурет 3 - Бәсекеге қабілеттіліктің кешенді үш факторы
Экономикалық факторлар өнімді өндіруге кеткен шығындармен, оның бағасымен, тауарды сату кезіндегі шығындармен және басқаларымен анықталады.
Әлеуметтік - ұйымдастырушылық факторлар тұтынушылардың әлеуметтік құрылымын, олардың ұлттық ерекшеліктерін, өндірістің, өткізудің және тауарды жарнамалаудың ерекшеліктерін көрсетеді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды бір топ авторлар бағалық және бағалық емес факторларға бөледі.
Бағалық факторларға тауарды сатып алу бағасын (жеңілдіктерді, төлеу мерзімін ескере отырып) жатқызуға болады. Тауардың сатылу бағасы өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындардан, өндірушінің табысынан, түрлі салықтар мен алымдардан құралады. Сондықтан да, бағалық бәсеке кезінде өндірушілер шығындылықты төмендетуге үлкен мән береді. Бұл бағаны өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін негізгі фактор ретінде қалыптастырады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін бағалық емес факторларға: өнімнің сапасын, ұйымдастырушылық - коммерциялық жағдайларды, сауда маркасының имиджін және өндірушінің беделін жатқызуға болады. Бұл жерде өнімнің сапасы оның тұтынушылық қасиетін анықтайды және сол үшін маңызды болып есептеледі. Ұсынылып отырған өнім тұтынушы тарапынан сыналып, басқа ұқсас өнімдермен салыстырылады. Өнімнің қасиеті тек оның сапасына ғана емес, сол өнімнің құрамына кіретін заттардың жоғары сапасына да байланысты. Алайда, тұтынушыға өзі үнатқан өнімнің сапасымен қатар, ол өнімді сату жағдайлары да үлкен әсер береді. Өнімді жеткізіп беру, белгілі бір жеңілдіктер көрсету, өнімнің бұзылмауына кепілдік беру, несиеге беру және т. с. с. тұтынушының бір өнімнен екінші өнімді таңдауына ықпал етуі мүмкін.
Бағалық емес фактор нарыққа ұзақ уақыт өнім шығарып жүрген, тұтынушылардың талғамынан шыққан өндірушілер үшін өте маңызды болып келеді. Өйткені, біркелкі өнімдердің ішінен тұтынушы өзіне жақын, таныс, сауда маркасы сенім білдіретін өндірушінің өніміне басқа өнімдерге қарағанда жоғары баға беруге де дайын. Осы жағдайлардың өзі - ақ өндіруші үшін бағалық емес факторлардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Сурет 4 - Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Бұл факторлардың әрбірі, тиісті дәрежеде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуына әсер етіп отырады. Кейбір жағдайларда сыртқы факторлар ішкі факторларға қарағанда өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне көбірек ықпал етеді. Өйткені, мемлекеттің әлемдік нарыққа шығуда және ішкі нарықты қорғауда ұстанып отырған саясаты, халықтың әл - ауқатына байланысты тұтынатын тауарларының мәзітін өзгертуі, пайдаланылатын шикізат сапасының өзгеруі, ішкі нарықтағы бәсекелі ортаның сақталуы, теріс пиғылды бәсекені шектеу жұмыстары, нарыққа жаңа өнімдердің шығуы, тұтынушының белгілі бір өнімге деген тұрақты ұстанымы және тағы басқалар өнімнің бәсекеге қабілеттілігін ішкі факторларға қатыссыз өзгертуі мүмкін.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін ішкі факторлар кәсіпорынның қызметіне тікелей байланысты, сондықтан да олар кәсіпорын тарапынан қадағаланып, реттеліп отырады. Мұндай факторларға келесілерді жатқызуға болады [19] :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz