Эмоция және дене


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

І. ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ7

1. 1 Эмоция - мінез - құлық негізіне жататын феномен ретінде7

1. 2Эмоция және тұлға мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау13

1. 3 Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде15

1. 4 Мотивация теориясын дамытқан ғалымдардың негізгі теориялары . . . 22

ІІ. ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ диагностикалауды психологиялық-шарттары28

2. 1 Эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері28

2. 2 Мотвациялық процесс және еңбек мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары32

Қорытынды37

Пайдаланған әдебиеттер тізімі38

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі : Эмоция (латын тілінен аударғанда, «emovere» - уайымдау, қозу) - индивидтің өзіне әсер ететін факторларды бағалаумен тығыз байланысты қалып. Ол, әдетте, өзінің қажеттілігіне деген қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз немесе уайымдаулар түрінде байқалуы мүмкін. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда. Эмоцияның әсерінен адам өзінің ішкі сезімдерін немесе оның сезімдерінің мәнін түсіне бастайды. Күшті, бірақ аз уақыттық эмоцияны аффект деп атайды. Ал терең әрі тұрақтыны сезім деп атайды. Эмоция - бұл психикалық процесс, әрекетті импульсивті қалыптастыратын негізгі сезім бейнесінің қажеттілігінің сыртқы әрекетінің мәні. Индивидке сыртқы жағдайлардың жағымды және жағымсыз әсер етуі.

И. П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты. Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және әлеуметтік мәні бар.

Эмоция организмнің эволюцияда жақсы адаптациялану нәтижесінде пайда болды. Эмоция - әр уақытта қосвалентті (екі полюсі бар) . Олар: жағымды және жағымсыз. Жеке заттар құрылымы және жағдайлардың маңыздылығы эмоцияны тудыра отырып, организмге сай келетін әректтерге бағыттайды.

Эмоция түйсік сияқты психиканың негізгі құрылысы. Егер түйсікті материалды жағынан бейнелесе, ал эмоцияда әртүрлі жағдайларда субъективті қарым-қатынаста болады.

Эмоциялар ішкі белгілердің функциясын атқарады, ал олар заттық іс-әрекеттің тікелей психикалық бейнесі болып табылмайды. Мотивтер және жетістіктер арасындағы қатынастарды бейнелеу эмоциялардың ерекшелігінен тұрады. Сонымен қатар бұл жерде осы қатынастардың рефлекциясы жайлы емес, олардың тікелей сезімдік бейнеленуі, күйзелістері жайлы сөз болып тұр. Сөйтіп, олар мотивтің актуалдануынан есебін және субьектінің өзінің іс-әрекетін бағалауына дейін пайда болды.

Сыртқы жағдайлардың әсерінен импульстер миға екі ағынмен әсер етеді. Оның бірі ми қыртысының өзіне сай зонасына бағытталып, осы импульстер қабылданып, оны түйсіну мен қабылдау ретінде қабылданады. Екінші ағын оларды мидың қыртысастылық қабатына (гипоталамус) алып барып, артынша оларды субъективті эмоция түрінде орындауға мүмкіндік береді.

Мотивация отандық және шет елдік психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс-әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде, ең алдымен оларды осындай байланысқа итермелеген, түрткілер жайлы және де олар алдына азды көпті мөдшердесаналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды» Ең жалпы түрде түрткі-бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекеткеитермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы.

Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілі оның мәнін, табиғатын, құрылымын түсінуде және де оны әр тұрғыдан зертеу әдістерінің көп болуымен шарталады(Б. Г. Ананьев, С. Л. Рубинштейн, М. Аргайл, В. Г. Асеев, Дж. Аткинсон, Л. И. Божовивич, К. Левин, А. Мослау, Ж. Нюттен, З. Фрейд, П. Фресс, П. М. Якбсон және т. б) Отандық психологияда мотивациялық аясын зерттеуді анықтаушы негізгі әдіснамалық принцип мотивацияның динамикалық пен мазмұндық-мағыналық жақтарының бірлігі жайлы ереже болып табылады. Осы принцпті белсенді жетілдіру адамның қатынастар жүйесі мән мен мағына арақатынасы, түрткілер ықпалдасуы жәнеолардың мәндік контексі, тұлға бағыттылығы мен мінез -құлық динамикасы, іс-әрекеттегі бағдар сияқты т. б. проблемаларды зерттеумен байланысты.

Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі - мотивтер. Олар дидактикалық процестің басты қозғаушы күштері болады. Әсер етіп тұрған мотивтерді зерттеу және дұрыс қолдану, жеке адамның дамуын бағыттайтын мотивтерді қалыптастыру - педагогикалық еңбектің өзегі болып табылады.

Мотивтер (латынша қозғалтамын) - оқушыларды білім мазмұнын белсенді меігертетін, өнімді танымдық іс-әрекетке ұмтылдыратын процестердің, әдістердің және құралдардың жалпы аты. Егер де оқушылардың іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Мотив - адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талаптануы. Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді.

Мотивтерді қалыптастыру педагог-ғалымдарды, мұғалімдерді ойландырып, оны зерттеуге талпындыруға. Бұл мәселені А. К. Маркова, Г. И. Шукина, В. И. Ильин, Т. А. Матис т. б. психологиялық-педагогикалық зерттеуде. Шет елдерде де мотивті қалыптастыруға көп мән беріледі. Американ психологы Д. Мак Клелланд осы салада жемісті еңбек етуде. Қазақстанда Т. Сабыров, А. Бейсенбаева т. б. осы мәселемен айналысуда.

Арнайы зерттеулер мектеп мұғалімдерінің мотивтерді зерттеуді және қалыптастырудың жолдарын, әдіс-тәсілдерін біле бермейтінін көрсетті.

Бүгінгі таңда мектепте мотивтерді қалыптастыру әдіс-тәсілдерін жетілдіру, осы мақсатта озық технологияларды қолдану өзекті проблемаға айналып отыр. Мұғалімдерді мотивтерді қалыптастыруға үйрету мәселесі де бар.

Зерттеудің мақсаты: Эмоциялар және мотивациялық процестерін қалыптастырудың жолдарын ашу.

Зертеудің міндеттері:

-эмоцияны - мінез - құлық негізіне жататын феномен ретінде қарастыру

-эмоция және тұлға мәселелерін теориялық тұрғыдан талдау

-мотивация және мотив мәселелерін ғылыми зерттеу пәні және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде айқындау

-мотивация теориясын дамытқан ғалымдардың негізгі теорияларына шолу жасау

-эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері ретінде қарастыру

-моивациялық процесс және еңбек мотивациясын қалыптастырудың психологиялық жақтарын талдау

І ТАРАУ. ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Эмоция - мінез - құлық негізіне жататын феномен ретінде

Эмоция қазіргі теорияларда білімнің маңызды түрі ретінде қарастырылады. Эмоция психологиясы психологияның белгілі аймағы болып табылады. Қазіргі эмоция психологиясында «эмоция» түсінігінің түрлі анықтамалары кездеседі. Бірақ, барлық теоретик -психологтардың тәжірибелі тұрғыдан сай келуі осы «эмоция» түсінігінің жалпы қабылдаған анықтамасының жоқтығында. Сондықтан да «эмоция» категориясы мамандар тарапынан үлкен қызығушылықты туғызып отыр. Осыған байланысты Э. Роштың прототивтік ағым бойынша талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зеріттеуін қарастырамыз. П. Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша, табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі.

1. Жиілік.

2. Прототиптілік.

3. Бейкатегориялық.

4. Доминанттылық.

А. Ортони, Дж. Клор және А. Коллинз өздерінің «эмоцияның конгетивті құрылымы», еңбегінде эмоцияға тек қана валенттілігі бар психикалық пайда болулар ғана жатуы керек, яғни, жағымды немесе жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік және осы сияқты феноменттер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу эмоцияға кіргізіледі.

К. Изарды «Адам мінез - құлқының фундаметальды принципі болып, эмоцияның қабылдауды, ойлауды және әрекетті ұйымдастыруы және күшберуі болып табылады, барлық эмоция эволюция барысында дамитын адаптивті функцияларға ие» деп, атап көрсетеді.

Эмоция - адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады. Мауер: «эмоция өз әсерімен мінез - құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді» деп, атап өтеді. Мінез - құлықтың негізгі қозғаушы күші эмоция болып табылады. Осы эмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық.

Эмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде эмоция кезінде электрофизиологиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс мидың электрлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында да жүреді. (Симонов, 1975) ; Қатты ашулану немесе қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 - 60 дүрсілге көтеріледі. Күшті жүретін эмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай бірден өзгеруі барлық нейрофизиологиялық системалардың көп немесе аз дәрежеде бір - біріне қосылуына әкеліп соқты. Мұндай өзгерістер қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс әрекетіне әсерін тигізеді. Өзгерулер психикалық бұзылуға да әкеліп соғуы мүмкін.

Эмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді. Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына, белсене мән бермеу тән.

Сонымен қатар, эмоция танымдық процестердің басқада бөліктеріне әсерін тигізеді. Осының әсерінен субьектінің мінез - құлқы өзгереді.

Томкинспен Изард эмоцияның пайда болуына қабылдаумен білім үлкен роль ойнайды деп атап көсетеді. Жалпы эмоция фудаментальді деп аталады. Өйткені ол 3 компанентен тұрады:

1. Арнайы ішкі детерминацияланған жүйкелі субстрат;

2. Мимикалық немесе жүйкелі бұлшықет тән комплекс;

3. Субьективті уайымдаумен ерекшеленетін немесе фенаменалогиялық қасиет.

Осы 3 компонент бірігіп, эмоцияны көрсетеді. Ал осы пайда болған эмоцияға түрлі сипат тән:

1. Қызығу - толқу - жиі уайымдалатын жағымды эмоция, ол оқуды, дағды, үйрену және шығармашылық талпынуды мотивациялайды. Яғни, осы қызығу нәтижесінде субьектінің белгілі нәрсеге деген процестері артады.

2. Қуаныш - максималды қажет эмоция. Ол сенімділік сезімімен сипатталады. Бұл Томкинс позициясы тұрғысынан қуаныш - жүйке стимуляциясының градиентінің қатты төмендеуінің нәтижесінде пайда болады.

3. Таңқалу эмоцияның бірнеше түрлерінен көрінеді, бірақ ол эмоция емес. Басқаларға қарағанда таңғалудың ерекшелігі - ол барлық уақытта өтпелі жағдаймен сипатталады. Ол жүйке стимуляциясының бірден жоғарлауы нәтижесінде пайда болады.

4. Қайғы - қасірет - бұл эмоция нәтижесінде адам өзін тастап жібереді. Жалғыздықты адамдармен қатынастың жоқтығын сезінеді, өзіне жалынышпен қарайды.

5 . Ашу - бұл кезде бет қызарып, қан қайнап кетеді.

6. Жек көру - ашумен бірге пайда болады. Ол физикалық немесе физиологиялық бұзылудың нәтижесінде пайда болады. Ол деструктивті мінез - құлыққа алып келуі мүмкін;

7. Көргісі келмеу - жоғарыдағы екеуімен бірге пайда болады. Осы, яғни эмоцоияның үш сипаты «жаушылық триадасы» деп аталады. Өзін күштімін яғни, басқадан ақылдырақпын, білімдімін, т. с. с) сезіну осыған алып келеді. Мұның бір қауіптілігі «суық» эмоцияға келіп тіреледі, ол индивид немесе топтың деперсонизациялануына алып келеді. Бұл эмоция біреуді өлтіруде көмегін тигізеді;

8. Қорқыныш - бұл эмоция адам психикасы үшін өте зиян: адам тіпті «өлуге» дейін қорқуы мүмкін;

9. Ұят - бұл адамның тығылу немесе жоғалып кетуіне кепіл болады немесе керісінше;

10. Күнә - моральды этикалық норманы бұзу нәтижесінде пайда болады.

Біз эмоцияны мінез - құлық бейнесі ретінде көреміз. Сонымен қатар, біз эмоцияның компоненттерін, сипатын атап өттік, енді оның комплекстерін атап өтеміз. Оның комплекстері:

1. Мазасыздану өмір ерекшелігімен байланысты, яғни субьект психикасының белгілі бір нәрсеге мазасыздық көрсетуі;

2. Депрессия - депрессияның алғашқы психодинамикалық түсінігін Карл Абрахан берген. Ол мазасыздық пен дипрессияны қорқыныш пен қайғы аналогиясы ретінде қарастырды. Дефференциалды эмоция теориясында депрессия мазасызданудан да күрделі синдром деп аталады. Депрессия фундаменталды эмоциялармен қатар басқа да аффективті факторлармен сипатталады, яғни, өзін физикалық нашар сезіну, жоғары уайымдаушылық. Махаббат - аффектінің маңызды комплексі болып табылады;

4. Жаушылық - агрессияның негізі ретінде анықталады.

Жалпы осы сипаттамаларға сүйене отырып мынандай қорытындыға келеміз: «Адам мінез-құлқының әр түрлі жағын эмоциялар арқылы көреді екенбіз». Ал эмоция дегеніміз не? Оған анықтама бермес бұрын бірнеше теорияларға тоқталамыз.

Фрейдтің психоаналитикалық теориялары психология тарихында және мінез-құлық ғылымында белгілі бір себептерге байланысты үлкен роль алып отыр. Фрейд санасыздық, түс динамикалығын сақтау мезанизмдері санасының дамуы, қысылу, көтерілу, тұрақтылық, өзгергіштік, балалар сексуалдығы сияқты эвристикалық концепцияларды шығарды. Мұның барлығы аффект (эмоция) концепциясы болып табылады.

Фрейдтің инстинктік қызығушылық теориясы мотивацияның классикалық психоланалитикалық теориясының ядросы болып табылады. Сөйтіп Фрейд: «аффект немесе эмоция психикалық өмірде тек қана қозғаушы күш болып табылады». Сонымен қатар, ол кейінгі еңбектерінде: «аффект немесе эмоцияны адам психикасына фантазияны және тілекті итеруші күш ретіндегі интропсихикалық фактор» деп атап көрсетеді.

Психоаналитикалық теорияларды анықтай отырып, Рапапорт - инстинктік қызығуды немесе мотивті интропсихикалық күш ретінде анықтайды.

Түрлі теорияларға сүйене отырып, эмоция механизмі туралы келесі түсініктерді береді: Сөйтіп, қабылданған обьект танылмаған инстинкті энергияны мобилизациялау инициаторы болып табылады деп атап көрсетеді, егерде осы энергияның шығуына ашық жолдар болмаса, (яғни, бұл инстинктивті талаптың конфликті болу жағдайлары) онда ол басқа канал арқылы жол тауып, түрлі әрекеттерге әкеліп соғады. Осының әсерінен «эмоционалды түр» немесе эмоционалды сезім - симультанды немесе бірінен кейін бірі немесе жалғыз иекті болуы мүмкін. Біздің қоғамда инстинктің пайда болуының ашық жолдарының сирек болуына байланысты, түрлі интенсивті эмоционалды разряд жиі болып тұрады. Сондықтан да біздің психикалық өмірімізде «инстинкті эмоциялардан» басқа (бірден көтерілу, қорқыныш және т. с. с. ) түгелдей эмоционалдық пайда болу иерархиясы бар (яғни, конвенционалдыққа, интелектуалдыққа негізделген) .

Эмоция туралы, Рапапорт: «Аффект сигналдар жиынтығы секілді шындықты танудың ойлау механизмі»:

Джон Боулби: «Үйреніп қалғанннан басқа өте күшті сезіммен шығарылатын мінез-құлық жоқ (нет поведения сопроваждающегося более сильным чувством чем привязанность) » - деп көрсеткен.

Сонымен, эмоцияның толық анықтамасын беру үшін біз үш аспектіге тоқталып өтеміз:

а) Эмоцияны сезіну;

ә) Жүйке, эндокринді, тыныс және организмнің тағы басқа жүйелерінде болып жатқан процестер;

б) Бақылауға берілетін эмоциялық комплекстер, дәлірек айтсақ, түс арқылы белгіленетіндігі.

Сөйтіп, Шахер берген анықтама бойынша, эмоция дегеніміз, физиологияны қоздыру функциясымен біріккен функция оның бағасы және субьектінің сол жағдайға қатынасы. Бұл эмоцияның когнитивті теориясымен байланысты.

Ал Лазарус, Авериль оқиғаларға, өмір жағдайларына адамның берген бағасын танымдық процестерден пайда болған құбылыс деп суреттейді, ал Арнольд болса бағаны интуитивті автоматтандырыланған процесс ретінде анықтайды. Томкинс бұл проблеманы неврологиялық дәрежеде қарастыра отырып, эмоция нейронды стимуляцияның өзгеруімен бірге пайда болады деп көрсетеді.

Сонымен, мінез-құлық - психологиялық дәстүрлерде кеңінен қолданылатын жалпы термин. Биховиористер бұл терминді бақыланып отырған реакцияның мәнін ашуға қолданды., бірақ көптеген ғалымдар оны кез-келген организмдік функциялар ретінде (аффективтік, когнитивтік немесе қозғалыс) анықтауда қолданды.

Осыған байланысты, эмоция мінез-құлық ретінде қарастырылған жоқ, ол мінез-құлық негізінде жататын феномен ретінде қарастырылды.

Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық еркшелігімен ерекшеленеді. Ол даралық өзгешелік мінез болып табылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру. Сондықтан да, мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам мінезінің даралық еркшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған - еретедегі грек философы Теофраст (б. э. д. ІҮ-ІІІ ғ. ғ. ) . Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік санасына тән қасиет дейді.

Лабюерде (ХҮІІІ ғ. ) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады.

Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі, әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті дейді.

И. Кант (ХҮІІІ ғ. ) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамға жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.

Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье және тағы басқалары мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді.

К. Рубин айтуы бойынша «баланың әлеуметтік-эмоционалды дамуы өзара интроиндивидуалды және макрожүйелі күйі әрекетімен реттеледі. Интроиндивидуалды күштер негізінде тума физиологиялық процесстерге жататаны темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады».

Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі мұндай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді, әйтседе мінез адамның жүре пайда болатын фенотипті ерекшелігі.

Адамдар түрлі іс-әрекеттермен айналысады, осы іс-әрекеттермен айналысу барысында оларды белгілі бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтың басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептер мен факторларды талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез-құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:

1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, дағды, бағыттылық) ;

2. Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т. с. с. ) .

Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян «өзіндік детерминация және ішкі мотивация» теорияларымен түсіндіреді. Ол бойынша мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтың да екі типі бар:

1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві немесе себебі бар мінез-құлық;

2. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоция және сізім
Психика - ми қасиеті
Эмоционалдық стресс
Эмоция және сезімдер
Адамның психикалық іс-әрекеті
Эмоцияның нейрофизиологиялық механизмдері
Сезім жөнідегі түсінік
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
Психикалық денсаулық
Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz