Балалардың психологиялық дайындық компоненттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

I БӨЛІМ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 12 ЖЫЛДЫҚҚА ӨТУ МӘСЛЕЛЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ 5
1.1. 12 жылдық білім беру мақсаты 5
1.2. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
тұжырымдамасы 10
1.3. 12 жылдык білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері 13

II БӨЛІМ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЭКСПЕРИМЕНТІНІҢ БАСТАЛУЫН
ТАЛДАУ 18
2.1. Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау 18
2.2. Алматы қаласында 12 жылдық білім беру эксперименті 22
2.3. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижесі 24

ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
ҚОСЫМША 30
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып
түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек
білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны
дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда
білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе.
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім
беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі
өзгеріс, яғнии 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса
назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12
жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің
қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар
алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды
тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында
олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен
дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды
негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру
жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш
сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен
енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді.
Баланың жеке басын жан - жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі
таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-
сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға
кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке
психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы.
Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл - күйінің
сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері,
жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле
бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық -
психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып,талдануы тиіс.
Мектепке жаңадан келген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір
ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни
баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы,
сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері – осының бәрі бала психикасына
едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай- күйін бақылап, жаңа ортаға баулу
үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте
қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан
даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау
ісін арнайы маман- психодиагност немесе психолог жүргізуі керек. Сондықтан
бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық психикалық даярлық диогностикасын
анықтап алудың жалпы теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін
ғылыми тұрғыда негіздеу қажет.
Халыққа білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін тәжірибелі психологтар
балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау мәселесімен жиі
кездеседі. Сонымен бірге, әр психолог өзінің шамасына, теориялық
қалауларына және мүмкіндіктеріне қарай 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша
енгізілген мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдауда психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты қабылдауда.
Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының
түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін
жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі
нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық
деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті
қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі
үздіксіз білім беру саласының 12- жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым,
білім саласында үлкен жаңалық болып табылады. Халықтық білім беру
ордасындағы психолог- мамандар күнделікті өмірде баланың мектептегі оқуға
психологиялық дайындығын анықтып, 12- жылдық білім беру жүйесі енгізілген
мектептерге қабылдаудағы психологялық ерекшеліктерін анықтау мәселелерімен
жиі жолығады. Осыған байланысты әр психолог өзінің жетік білім деңгейіне,
біліктілігіне байланысты балалық мектепке дайындығын әртүрлі әдістемелік
тәсілдерді пайдалана отырып анықтайды. Сондықтан да Қазақстандағы
педагогикалық психология ғылымының осындай көкейкесті мәселелерін ескере
отырып. Қазіргі таңда ұлт мектептеріне қабылдаудағы бастауыш сынып
оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтап, сипаттап бермекпіз.
Курстық жұмыстың мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесін зерттеп талдау.
Зерттеу пәні: мектепке дайындық компоненттері.
Зерттеу болжамы: 12 жылдық мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдау
үшін даярлық компоненттерін айқындалды.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі 12 жылдыққа өту мәслелесінің мазмұнын
зерттеу;
- алматы қаласында 12 жылдық білім беру экспериментінің басталуын
талдау.
Экспериментальды жұмысымызды жүзеге асыру барысында зерттемелік алаң №
7, 9, 18, 44 орта мектептері даярлық тобы болып табылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, II бөлімнен, түйін, қорытынды, тәжірибелік
ұсыныстардан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмысымыздағы зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті түрде
бейнеленген.

I БӨЛІМ. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 12 ЖЫЛДЫҚҚА ӨТУ МӘСЛЕЛЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ

1.1. 12 жылдық білім беру мақсаты

12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр.
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы
шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық
үлгіні жасауды, жалпыға арналған білімнен, білім әркімге өмір бойы
үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз
етуді мақсат етеді. [1; 15]
2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі
басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан
Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және
ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.
Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына;
Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық
жоспарына, Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін
дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың
қарқынды жолында атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім
министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына
сәйкес әзірленді.
Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп
бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары
бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің
шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері
әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да
төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру
тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді,
сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр.
Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті – баланың
денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз
өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала
болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау
жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу
қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын
бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік,
әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл
оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға
тікелей мұрындық болады. [2; 48]
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз
пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген
шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып,
келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық,
мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-
педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа
құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан
тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға
міндетті білім стандарттары әзірленуде.
Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған
халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ,
Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда –
13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін
қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру
барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып,
өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл,
бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында
12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 2020 жылға
арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда
республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс
жүргізілуде. Егер 2020 жылға бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, олардың
саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті
құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу
жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар.
12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар)
сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл
бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-
қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12
сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да
толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да
әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы
мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-
тәжірибелік орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның
құзырына берілген. [3; 19]
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен
адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты
жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.Әлемдік білім
кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны
шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге
тиіс.
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты
- қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
- өзін-өзі дамытуға;
- өз ойын еркін айта білуге;
- өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
- жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. [4; 10]
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің,
соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі
маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес
қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті
тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет.Себебі, ел
тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп
тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті.Осы міндеттерді
орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер
өрістеуде.Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі
құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.
Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл
білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету
енгізіліп, талданатын өзгерістер.Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі
салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің
қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.Сондықтан да
12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр
педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған
белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен
сезімталдықты қажет ететін үрдіс.
Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы
негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын
алады.Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген
саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен,
шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.
Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының
білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген
қызығушылығымен түсіндіріледі.Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке
қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Сонымен
қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді,
ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.Өзіндік
зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа
білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс
балалардың өз қызығушылығынан басталады.
Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі-жобалар әдісі, өзінің
дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік
беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзіреттілік
тәсілді қолдайтын технология.
12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық
қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық
сипатқа ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену
арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы қабілеттерін
дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын
көрсетеді. [5; 35]

Сурет 1 – Балалардың психологиялық дайындық компоненттері

Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға
бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге
болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың
жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық
компоненттері болып табылады.
Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу,оқытудың тиімділігін
арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып,
жұмыс жасау керек.
Интеллектуалдық дайындық – баланың мектепке интеллектуалды дайындық
компоненті оның ой - өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда,
мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады:
- Дифференциалдық қабылдау;
- Аналитикалық ойлау;
- Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі);
- Есте сақтау;
- Білімге қызығушылық;
- Ести отырып сөйлеу және түсіну,әр түрлі символдарды қолдана білуі;
- Қол қимылдарының,көру,қимыл кординацияларының дамуы.
Атақты психолгтардың айтуы бойынша Бала ойын үстінде қандай
болса,өскенде еңбек үстінде сондай болады дейді. Сондықтан ойын – адамның
өміртанымының алғашқы қадамы.
Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын
қолдану – оқушының оқудағы танымдық іс - әрекетін және қалыпсыз жағдайларда
өз білімін қолдануға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиясы – шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға,
қиялдауға, есте сақтау,тіл дамытуға бағытталған. [6; 13]
Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ
құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс - әрекет
қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін - өзі көрсетуге мүмкіндік беретін
педагогикалық жағдай құру.
Бұл технологияның бір ерекшелігі жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей,
барлық баланың ой - өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат
тұтуы.
Коммуникативті оқыту технологиясы – сабақта диалогтық және монологтық
оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу
іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік
әдісті қолдану кезінде қарым – қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік
қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен
қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық
жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан –
жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы
да,мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет,ізгі
қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері
қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, сахналық
алаң. Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа,
бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму
процесіне,оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау
жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс.

Сурет 2 – Жеке тұлғалық факторлар

12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене
отырып,әрбір технологияны өздік жолда әдіс – тәсілдермен ерекшелендіріп, өз
өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен
әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін,өз бойында бар мүмкіндіктерін
жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез - құлқында - мінезі,
темпераменті,талабы,көзқарасы,талға мы байқалып, үнемі өзін - өзі үйретуі,
өзін - өзі тәрбиелеуі,өзін - өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе
алуы,өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап
етеді.

Сурет 3 – Бастауыш сатыны бітірген жеке тұлға бейнесі

Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген,психология,педагогиканы
терең меңгерген – жаңашыл мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сатыны
бітірген жеке тұлғаның бейнесі мынадай болуы тиіс.

1.2. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері,
ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып
табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Занына;
"Казақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық
жоспарына"; Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы-на; Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың "Казакстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың
каркынды жолында" атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім
министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына
сәйкес әзірленді. [7; 63]
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен
қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы,
сондай-ақ адамның интеллектісіне, әлаукаттылығына, оның икемділігінё,
жасампаздык іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы
бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі -
өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана
емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны
жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
болып табылады.
Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы
орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-
өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке
қызығушылығының басымдығы.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмүны оқушының өмірдегі құзыреттілігі
үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және
дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық
ақпараттылығы оқушының окуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының
нашарлауына себепші болады.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты
өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын
камтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың каркынын арттыру
кажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқушыны тұлғалык дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық
және физио-логиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп
білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор.
Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жағдайында Қазакстан
Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту
стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міңдеттері:
- 12 жылдық мектептегі білім беру максатын, міндеттерін, құрылымын,
мазмұнын және оку-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып
көрсету;
- 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылык-экономикалық негіздемесін
дайындау;
- Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
- Әлемдік үрдістер мен отандык тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдык
жалпы орта білім беруге көшудін негіздемесі.
- 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
- Жалпы орта білім беру құрылымы.
- Білім беру мазмүнын жаңартудың негізгі бағыттары.
- Білім беру процесін үйымдастырудың ерекшеліктері.
- Педагогикалық кадрлар.
- Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
- Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
- 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта
білім беруге көшудің негіздемесі
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың
негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
- қоғам дамуынын карқындылығы;
- постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара
қатынас ауқымының кеңеюі;
- халықаралык ынтымақтастык, нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық
проблемалардың туындауы және өсуі;
- қоғамның демократиялануы;
- экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
- адам капиталы мәнінің артуы. [8; 47]
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру
философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру
әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің
жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер
байқалып отыр.
Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық
белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы
білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының
бірі болып табылады.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп сонғы жылдары өзінің
келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар
жасалды.
Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары
білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудін енгізілуі, білім
сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жүмыстар басталды.
Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты
экономикалық есуді толық камтамасыз ете алмайды.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ыкпал ететін
мынадай факторлар қалып отыр:
- Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылыктың болмауы.
- Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге
бағдарлануы.
- Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты
қамта-масыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген
жүйенің сақ- талуы.
- Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік касиеттерінің
жеткілікті дамымауы, өзін-өзі аныктау мотивтерінін болмауы, өзіндік
кызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік
жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Реслубликасының жалпы
орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтканда, орта білім мазмұны мен
құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап
етеді.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық
білім беру стандарты қалыптасты.
Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру
әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда.
Олардын ішінде дамыған еддерден: АКШ., Жапония, Германия, Франция және
т.б. ТМД елдерінен 12 жылдык окыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан
және Балтық елдері таңдады.
Қазақстанның 12 жылдық. білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық
моделін жобалаудың стратегиялык міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік
береді.

1.3. 12 жылдык білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері

12 жылдық білім берудің басты максаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде
өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге
бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны
дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп
түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше аныкталады.
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей
қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз
коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен
елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай
білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты
болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан
әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мәдениеттанымдық құзыреттілік - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері
негізіндегі іс-әреқет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке,
отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік
құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу.
Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті
мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін
мәдени-демалыс кызметін тиімді үйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім
мен толеранттылық идеяларына бейім болу. [9; 17]
Оку-танымдык құзыреттілік - окушының зерттеу әрекеті мен езіндік оку-
танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің
білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес
функционалдық сауатгылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің
ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын
игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау
тәсілдерін карастырады.
Коммуникативті құзыреттілік - адамдармен өзара әрекет пен қарым-
қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу
дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты
жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу
білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел
тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік - бағдарлай білу, өз бетінше
іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен
акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен
жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
Әлеуметтік-еңбек қузыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси,
қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен
білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға
накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда
жеке басына және қоғам мүдде сіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек,
экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-
қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты
әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік
жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра
білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің
өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім
қабылдауды және ыкдал етуді қарастырады.
12 жылдық жалпы орта бідім берудің құрылымдық-мазмүндық моделі
төмендегі ұстанымдар негізінде үйымдастырылды:
- жеке түлғаның жас кезендерінің ескерілуі;
- күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
- окытудың сабақтастығы;
- әрбір окыту сатысының даралығы.
12 жыддық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
денгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау
олардың психологиялык, педагогикалык, дене және физилогиялық талаптарын
ескере отырып, бастауыш мектепке окытуға дайындау сапасының басты жағдайы
ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
1-саты:
- Жалпы орта білім беру (1-4-сыныптар)
- Оқуды бастау жасы - 6 жас
- Оқыту ұзақтыгы - 4 жыл
1-сатыдағы негізгі бағдар - окушының өзін-езі таныту мүмкіндігі мен
қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға
талабын және білігін қалыптастыру, яғни окытудың келесі сатыларына қажетті
танымдық қызығушылы-ғын арттыру, кіші жастағы окушылардың біртұтас оку
әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
Баланың тұлғалык қалыптасуын, оның қабілеттерінің түтастай дамуын
қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте кажетті біліктер мен дағдыларды игеруге,
оқу, жазу, санау, шы-ғармашылықпен ойлау элементгерінің, жеке гигиенасы мен
денсаулығын сақтау негізде-рінің болуына ыкпал ететін оку әрекетін
ұйымдастыру.
2-саты:
- Жалпы орта білім беру (5-10-сыныптар)
- Оқыту ұзақтыгы - 6 жыл
2-сатының негізгі бағдары - негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау,
адамдар арасындағы және этносаралық катынастар мәдениетін, тұлғаның
біртүтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі
ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына,
теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін
оқу әрекетін ұйымдастыру.
Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және
орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
Бүл сатыныд ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік
окытуға саналы тандау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың
жүргізілуі болып есептеледі.
3-саты:
- Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)
- Оқыту узақтыгы - 2 жыл
Үшінші сатының бағдары - жалпы орта білім берудің сонғы кезеңі болып
табылатын, окытудын саралануы мен даралануына, окушылардын білімін
жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ыкпал ететін
талабымен, кызығушылык ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған
бейіндік окытуды іске асыруға жағдай жасау.
Бейіндік окыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық
және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін,
білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, каланын, ауданның
сұранысын ескере отырып аныкталуы тиіс.
Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде,
гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде
жүзеге асырылады.
Материалдык-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оку-әдістемелік
камтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік окыту төмендегі
үйымдастыру ны-сандары бойынша карастырылады:
- Бір бейінді мектеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психолог-педагог ғалымдардың балаларды мектепке дайындау туралы көзқарастары
Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту ерекшеліктері
Мектепте оқуға психологиялық дайындық жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
Арифметикалық ұғымдарды оқытуда ақпараттық құзыреттіліктерді дамыту
Бастауыш мектеп оқушысының мектепке даярлығы
Жастардың отбасылық өмірге дайындық мәселесін зерттеу
Балаларды мектепалды даярлау мәселелері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Педагогикалық тәжірибеде мектепішілік басқарудың диагностикалары
Пәндер