Ағаш конструкциялары және материалдары
Кіріспе
I – бөлім Ағаш конструкциялары және материалдары.
Жоспары
1. Ағаштың физикалық және механикалық қасиеттері
2. Ағаш конструкцияларының ұзақ мерзімге шыдауын арттыру амалдары
3. Ағаш материалдарының түрлері мен ағаштан жасалған бұйымдар
4. Ағаштан жасалған құрылыс конструкциялары мен бөлшектері
5. Құрылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары
II – бөлім Ағаш өңдеу технологиясы.
Жоспары
1. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу
2. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің технологиялық процесс
3. Ағаш станогында өңдейтін жұмысты ұйымдастыру
4. Бөлшектердің сыртын жонып өңдеу
5. Ағашты өңдеуге құрылымдық жабдықтау. Доңғалақ арасы бар станок
6. Қорытынды
КІРІСПЕ
Ағаш ежелден маңызды құрылыс материалы болып табылады, оның кең пайдалануын
тығыздығы аз ғана болғанмен, беріктігі жоғарлығы, жылу өткізгіштігінің
төмендігі, өндеуінің жеңілдігімен түсіндіруге болады. Сонымен қатар ағаштың
айтарлықтай кемшілігі бар. Олар: әртүрлі бағыттағы қасиеттерінің
әркелкілігі, оңай шіруі, жоғары сусорғыштығы, санқила ауруларының болуы.
Ағаш – көп жылдық өсімдік. Ол діңнен, бұтақтар мен тамырлардан тұрады.
Ағаштың діңі басты және барынша құнды бөлігі, діңнің құрылымына ағаш
құрылыс материалы ретіндегі сапасы тәуелді. Діңнің ағашы әр бағытта әртүрлі
құрылымда болады. Тегінде ағашты үш түрлі тілік бойынша қарайды. Олар:
көлдеңен, радиалды ұзын бойына (диаметрі немесе радиусы бойынша) және
тангентальды ұзын бойына (хорда бойынша).
Ағаш құрылымын жай көзбен немесе микроскоппен зерттеуге болады. Жай көзбен
макроқұрылымын, микроскоппен микроқұрылымын білуге болады. Макроқұрылымы;
қабық,ағаш,камбий және өзек.
Микроқұрылымы: әртүрлі мөлшердегі және түрдегі көптеген тірі және өлі
клеткалар. Тірі клетка қабық, протоплазма мен өзек. Атқаратын қызметіне
қарай ағаш клеткалары өткізуші, механикалық, кор жинаушы болып бөлінеді.
Ағаш шеберлігі - құрылысы детальдары мен бұйымдарын жартылай автоматты және
автоматты линияларды қолдана отырып, тасқынды тәсіл арқылы ағаш өңдеу
кәсіпорындарында дайындайды. Фрезерлі детальдар, паркет еденнің элементтері
құрылыс алаңына дайын күйінде әкелінеді. Терезе және есік блоктары
қақпақтары ілініп, фрамугасы мен полотнолары бар, сырланған және шынысы
салынған күйінде құрылысқа әкелінеді де, оймалар орнын толтыру біршама
қарапайымдалынады, өйткені дайын терезе және есік, блоктарын орнатумен
шектеледі. Ағаш талшықтары мен ағаш жаңқалары тақталарын жасауға
қолданылатын технологиялық жаңқаға қайта өңдеу үшін ағаш қалдықтарын
барынша тиімді пайдалану әдісіне үлкен маңыз беріледі. Бұл плиталар
құрылыста еденге төсеу үшін қалқанды конструкциялы және басқа да есіктер
дайындау үшін қаптама материал ретінде қолданылады.
Күрделі құрылыс саласындағы негізгі міндеттер ақша қаражатын жұмсау
тиімділігін арттыру: құрылыс өнеркәсібін одан әрі индустрияландыру, сөйтіп
завод дайындаған элементтен тұрғызудың біртұтас процесіне айналады; құрылыс
және монтаж жұмыстарын, әсіресе, жұмыс істеуші кәсіпорынды қайта құру
жағдайында комплексті механикаландыруды қамтамасыз ететін машиналар мен
механизмдер жүйесін, прогрессивті технологияны енгізу, құрылыс өнеркәсібі
мен жоба-смета ісінде ұйымдастыру жұмысын жетілдіру болып табылады.
1.АҒАШТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІ
Ағаштың түсі мен құрылым сипаты (текстура) бойынша оның қай түрге жататынын
анықтауға болады. Ағаштың дәл тығыздығы оның барлық түрлеріне біршамалас
келеді. Орташа 1,55 гсм³.
Ағаштың орташа тығыздығы оның түріне, кеуектігіне, өсу жағдайларына,
ылғалдылық және т.б. байланысты.
Орташа тығыздық шамасы орташа 0,37-0,7 гсм³ аралығында болады.
Ылғалдылық – ағаштың бойындағы сол сәттегі ылғал мөлшері. Ағаш ылғалдығының
3 түрі болады: ұсақтамырлық (копилярлық), сусорғыштық және химиялық
байланыстағы.
Ылғалдылық дәрежесіне қарай ағаштар: суағаш, жаңа кесілген (ылғалдығы 33
процент және одан жоғары), ауалық құрғақ (15 -20 %) бөлмелі құрғақ (8-12%)
және мүлде құрғақ лаборатория 100-105º-та кептірілген.
Шартты ылғалдылық - 12%. Құрылыста ылғалдылығы 15-20 % ағаштарды
пайдалануға рұқсат етіледі.
Сусорғыштық – құрғақ ағаштың қоршаған ортадан ылғал жұтуын немесе өз
бойынан ылғал шығаруын айтады. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ылғи өзгеріп
отыратындықтан, ағаштын да ылғалдылығы өзгеріп отырады.
МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР
Ағаштың механикалық қасиеттертері әр бағытта әртүрлі. Сонымен бірге ағаштың
механикалық қасиеттертері ағаштың түріне, ылғалдылығына, ағаштың ақауларына
(пороки) байланысты.
Ағаш материалдарының құрылыста пайдаланғанда оның осы қасиеттерін ескеру
қажет.
№4 кесте. Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштардың (12º ылғалдылықта)
физика-механикалық қасиеттерінің орташа көрсеткіштері.
Ағаш түрлеріОрт. Ұзын бойлық беріктік шегі
тыгыздығы
кгм³
созғанда сыққанда тұрақты
июде
Қарағай 500 110 48 35
Балқарағай 600 125 62 105
Шырша 450 120 44 80
Самырсын 370 70 40 70
Шамшат 670 130 56 105
Емен 700 130 58 106
Қайын 630 125 55 110
Көктерек 480 120 42 78
Ағаштың механикалық қасиеттері едәуір мөлшерде оның ылғалдылығына тәуелді.
Ылғалдылығы артқан сайын ағаштың беріктігі азая түседі. Ағаштың ақаулары
оның механикалық қасиеттерін едәуір төмендетеді.
Әртүрлі ортада (тұздар, сілттілер, қышқылдар) түрлі ағаштардың төзімділігі
түрліше болады. Қышқылдар мен ертінділер ұзақ уақыт әсер еткенде ағаштар
баяу бүліне бастайды. Өзен суынан қарағанда теңіз суынан ағаш төзімсіздеу
келеді.
Ағаштың ақаулары:
бұтақтар, жарықтар, діңі мен құрылымының дұрыс қалыптасуы, бояуының түзу
еместігі, жәндіктердің зақымы.
2.АҒАШ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМГЕ
ШЫДАУЫН АРТТЫРУ АМАЛДАРЫ
Кептіру – ағаш бұйымдары мен конструкцияларының қызмет мерзімін ұзарту мен
сапасын арттырудың негізгі шараларының бірі.
Кептіру табиғи және жасанды болады. Табиғи кептіру ашық аспан астында,
немесе іші құрғақ жабық үй ішінде іске асады. Кептірудің бұл түрі көп уақыт
қажет етеді; апта, кейде айлар өтеді.
а)
Бұтақ түрлері: а – сау бұтақ, б – босаған бұтақ.
в – мүйізделген бұтақ,
Жарықшақ түрлері.
а – кесе көлденең, б – доғал, в – аяздан жарылу, г – кебуден жарылу
Жасанды кептіру – кептіру камераларында ыстық ауа, газ, бу немесе жиілігі
жоғары тоқ күшімен жүргізіледі. Жасанды кептірудің ең көп таралған түрі
камераларда кептіру. Камералар бітеу жабылады, оның ішінде температураны
реттеуге, ағаштан шыққан ылғалды аластауға мүмкіндік береді.
3.АҒАШ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН
АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР
Өзінің табиғи физикалық құрылымы мен химиялық құрамы сақталған ағаштан
жасалған материалдар ағаш материалдар деп аталады. Олар өңделмеген (жұмыс)
және өнделген (кесілген), жарылған ағаш материалдары т.б. болып екіге
бөлінеді.
Жұмыр ағаш материалдары бұтақтарынан тазартылған діңнің кесінділері.
Жіңішке басының диаметіріне қарай жұмыр ағаш материалдары бөрене, төсеніш
ағаш, сырғауыл деп аталады.
Құрылыстық бөренелер мен тілінетін ағаш материалдарының жіңішке жағының
диаметрі 14 см-ден кем болмауы және ұзындығы 4 - 6,5 метр болуы тиіс. Олар
қабығынан тазартылып, көлденеңінен тік кесілуі керек. Сапасы бойынша
бөренелер үш сортқа бөлінеді. Сортты анықтау бөренедегі ақауларға
байланысты. Құрылыстық бөренелер тұрғын үй, өнеркәсіптік, мәдени-тұрмыстық
ғимараттардың күш түсетін конструкциялары ретінде қолданылады, сонымен
қатар қадалар мен ағаш көпірлерді салуға қолданылады.Төсеніштік жұмыр
ағаштар (подтаварники) жоғары басының диаметрі 8-13 см. Және ұзындығы 3-9 м
діңнің бөлігі. Оны тұрғын үй және ауыл шаруашылық құрылысында, қосалқы және
мерзімдік ғимараттарда және т.б. түрлі мақсатта қолданылады.
Сырғауылдардың (жерди) жіңішке басының диаметрі 3 см, ұзындығы 3-9 м.
Оларда төсеніштік жұмыр ағаштар сияқты пайдаланады.
Тілінген ағаш материалдары (пило материалы) тілінетін бөренелерді ұзын
бойына тілу арқылы дайындайды.
Олар: пластиналар – бөренелерді екіге бөліп тілгенде шыққан жарты
бөренелер, ширектіктер (четвертины) бөренені төртке бөліп тілгенде шыққан
бөренеге ширегі.
Шет тақтай (горбыль) – бөрененің шеткі тілігі, бір жағы ғана
араланған, бір жағы сол қалпында қалдырылған бөрененің тілігі.
Тақтайлар бөрененің ортасын ұзын бойына тілгенде шығады. Тақтайлардың
қалындығы 13-100, ені 80-250мм, яғни ағаштың ені қалындығынан екі есе артық
болуы тиіс.
Тақтайлар қыры алынбай (необрезные) және қыры алынған (обрезные)
болады.
Төрт қырлы ағаштар (брусья) қалындығы немесе ені 100-250 мм.
Ағаштан жасалынған бұйымдар:
Үстіріктелген қума бұйымдар (строганные погонажные изделия) еден
тақтайлары, кертілген (шпунтованные) еден тақтайлары, кенереліктер,
көмкерліктер, терезе, есік жақтауының көмкермелері (наличники)
Паркетті еден бұйымдар:
жеке паркет ұсақтіліктер (планкалар). Олар қатты ағаштардан (емен, қайын,
балқарағай т.б.) жасалады. Ұзындығы 150,200,250,300,400мм ені 30-60мм,
қалындығы 15 және 18мм.
Құрама паркет (наборный паркет) – қатты қағазға желімделген паркеттер
400х400, 600х600мм.
Қалқан паркет тақтайлар мен қырлы ағаштарға желімделген паркет
пластиналары. Паркеттік тақтай – ұзын жұқа таспа тақтайларға (рейкаларға)
желімделген ұсақ тіліктер. Ұзындығы 1200,1800,2400,300мм, ені 160мм,
қалындығы 25мм.
Ұшқат (фанера) ұзындығы 3м, ені 2м, қалындығы 15мм-ге дейін.
4.АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН ҚҰРЫЛЫС
КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ МЕН БӨЛШЕКТЕРІ
Бұларды ағаш өңдейтін зауыттар мен комбинаттарда жасайды, құрылыс
бойында оларды түзетіп, реттеудің қажеті жоқ, дайын бұйымды тиісті орнына
жалғастырады. Бұларға қарастырмалы ағаш үй құрамалары (комплектілері),
ауылшаруашылық ғимараттары конструкцияларының бөлшектері мен элементтері
(арқалықтар, торкөз аралықтар), қабатаралық және төбе жабындылары т.б.
Жұмыстың сипатына және ғимараттардың жағдайларына құрылыстық ағаш
конструкцияларының құрама бөліктерін бір-бірімен болтпен, қапсырма шегемен
(скоба), қамытпен (хомут-сақина) кертпе ойық немесе желіммен жалғанады.
Беріктігі өте жоғары суға төзімді фенолоформальдегидтік желімдерді
қолданып, қысқа ағаш материалдарынан (кесінділерден), беріктігі өте жоғары,
ұзақ мерзімге шыдайтын, отқа төзімді мөлшері (размер) мен пішіні (форма)
әрқилы конструкциялар жасауға болады. Оның үстіне, желімделген
конструкциялар басқаларына қарағанда салмағы жеңіл, бағасы арзан,
пайдалануда сенімді болады, өйткені оларды жасауға ағаштың анизотроптық
қасиеттері (физикалық қасиеттерінің біркелкі еместігі)ескеріледі, ал желім
қабаты конструкцияның тұтастығы қамтамасыз етеді.
Желімделген ағаш конструкцияларын көбінесе қылқан жапырақты ағаш түрлерінен
тілінген ағаш материалдарынан, кейде құрылыс ұшқатын (фанера)суға
төзімділігі желіммен біріктірілген қолданып жасайды. Бұларды өндірістік
ауылшаруашылық және кейбір өнеркәсіп ғимаратарын жабуға (химиялық ортада),
Қиыр Солтүстік пен жер сілкінетін аудандарда ғимараттар салуға пайдаланады.
Аз қабатты зауыттарда жасалатын үйлерді дайындағанда ағаштан жасалған
бұйымдар мен ағаш шикізаты қалдықтарын кешенді (комплексно) пайдаланған
тиімді. Қалдықтардан фибролит және арболит ағаш талшықты, ағаш жаңқалы
тақталар шығарылады.
Тілінген ағаш түрлері
а – қақ жарылған бөрене, б – төртке бөлінген бөрене, в – қырқыс, г – қыры
алынбаған тақтай, д – бір қыры алынбаған тақтай, е – қырлары алынған
тақтай, ж – төрт қырлы бөрене, з – таза тілінген бөрене.
Бойлық бұйымдар
а – кертпе ойықты ағаштар, б – керттік ағаштар, в – кенерелік, г –
кемкерме, д – тұтқалық
Құрылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары
Ағаш конструкцияларды монтаждау әртүрлі тәсілдермен: жекеленген
элементтерді бөлшектерді немесе конструкцияның құрастырмалы элементтері
арқылы жүргізіледі. Ағаш бұйымдарын монтаждау тәсілі салынып жатқан
бұйымдарға, оларды көтеру әдістеріне байланысты.
Ағаш бұйымдарын жекелеген элементтерден монтаждау жұмыстары мыналардан
тұрады: алдымен ол орнатылатын жерге алдын ала жинастырылған элементтерді
алып келеді, сонан соң осы элементтерден бұйымдар құрастырады (терезе
блоктарын жекелеген қораптардан, жармалардан, фрамугадан, желдеткіш көзінен
немесе жекелеген қалқаннан құралған қосалқы қабырғалар құрылғысы). Бұл
тәсіл өте көп еңбек сіңіруді талап етеді және қол еңбегін қажет етеді,
сондықтан да оны жұмыс көлемі азырақ кезде қолданады.
Ағаш конструкцияларды монтаждау кәсіпорындар мен құрылыс алаңдарында
жиналатын ірі элементтер мен блоктар арқылы жүргізу ұсынылады.
Ағаш шеберлігі құрылыс бұйымдарын ірілендіріп құрастыруды ірілендірілген
элементтер жобасы көлеміне сай етіп тексеруден бастайды.
Дайын конструкииялық элементтерден терезе және есік блоктарын, қосалқы
қабырға секцияларын, шкаф блоктарын монтаждау тиімдірек.
Конструкциялық элементтерді бірден жобадағыдай етіп орналастырады, мұның
өзі ғимараттың салуын тездетеді және арзандатады.
Ағаш конструкцияларын жобадағыдай етіп орналастыру үшін, конструкцияны
вертикаль көтеру, оны жылжыту, көтеріп бұру және басқа жолдары арқылы
әкелуге болады.
Ағаш конструкцияларын монтаждаған кезде атқарылатын барлық процесс
жекеленген кезеңдерге бөлінеді, мұның өзі дайындық жұмыстарынан,
конструкцияны жобадағыдай етіп құрастырып және орналастырудан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде конструкция монтаждалатын ойықтардың көлемінің
дұрыстығын, монтаждалатын ағаш конструкциялардың еріктілігі мен
орнықтылығын, жүк көтергіш құралдар мен механизмдердің, доңғалақты
сатылардың, сигналдаушы аспаптың жәй-күйін тексеріп отырады.
Ағаш конструкцияларды орналастырмастан бұрын оны мұқият етіп дәлдейді.
Сонымен қатар оны дымқылдан, қара күйенің түсуінен қорғау үшін не
істелгенін тексеру керек.
Бұйымның жүк асатын арқанды ілетін жерін сырмен белгілейді. Бұдан басқа
конструкциялардың дәл дұрыс құрастырылғанын,
оның жұмыс сызбасымен сәйкестігін, сонымен қатар кездесетін
ауытқуларды тексереді. Конструкцияларды орнататын жерін мұқият тексеріп,
тегіс емес жері және ауытқуларды жою қажет.
Конструкцияларды орнына орнату жүк асатын арқанға байланысты, жүкті
жобадағыдай етіп көтеру мен орнату, оны дәлдеу және біржолата бекіту болып
табылады.
Ағаш конструкцияларды алдын ала бекітілген технологиялық
карта бойынша, ал егер ол болмаған жағдайда, бекітілген схема
бойынша монтаждайды
Ағаш конструкцияларды монтаждау үшін монтаждау жабдықтары - крандар,
лебедкалар, блоктар т.б., монтаждау тетіктері және түрлі арқандар,
қармауыштар қолданылады.
Айтылған машиналар мен тетіктер тиеу және түсіру жұмыстарында
пайдаланылады.
Крандар. Құрылыста көтергіш тасымалдау машиналары болып табылатын бұрылмалы
крандар кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен жүктерді жоғары, горизонталь
және қиғаш көтеруге, сондай-ақ кран мұнарасының вертикаль осіне айналдыра
тасымалдауға болады.
Бір орынға орналастырып, монтаждау процесі кезінде сол орыннан жылжымайтын
тұрақты, ал монтаждау процесі кезінде жылжып отыратын крандарды жылжымалы
(өздігінен жүретін) крандар деп атайды. Жылжымалыға шынжыр табанды,
автомобильді, пневмодоңғалақты крандар жатады.
Крандар сонымен қатар мұнараның орналасу әдісіне қарай:
айналмалы және қозғалмайтын болып, ал тіреу түріне қарай сыртқы тірегі бар
және онысы жоқ болып ажыратылады. Мұнаралы крандар өздігінен жүк көтеретін
және жылжымалы болып келеді. Өздігінен жүк көтеретін крандарды көп қабатты
үйлерді салғанда қолданады. Оларда үйлерді құрсауына немесе жылжымалы
порталға монтаждайды.
Жылжымалы мұнаралы крандарды салынып жатқан объектінің жанына
орналастырады. Олар сол салынып жатқан үйдің бойымен төселген рельстер
арқылы жылжиды. Мұндай кран түрлерінің бұрылмалы мұнарасы болады.
Құрылыс конструкциясын монтаждау үшін өздігінен жүретін
стрелалы крандар: шынжыр табанды, автомобильді және т.б. қолданылады,
крандардың қозғалуы кең, оларды орнату жылжыту үшін рельс жолдары қажет
емес.
Лебедкалар. Лебедкалар арнайы және жалпы пайдаланылатын болып ажыратылады.
Арнайы лебедкалар крандарда жүкті көтеріп түсіру және мұнара стреласын
өзгерту үшін қолданылады.
Орналастыру әдісіне қарай лебедкалар тұрақты және жылжымалы болып
ажыратылады.
Жалпы жұмыстарға пайдаланылатын лебедкалар қолмен және механикаландырылған
жетекті (электр двигателінен немесе
іштен жанатын двигательдер көмегінен) болады.
Қол жетекті лебедкалар редукторлы, реверсивті және фрикционды болып тағы да
бөлінеді. Монтаждайтын лебедкалар көбінесе реверсивті болады, яғни барабан
екі жағына да айнала алады. Лебедканың барабан айналымындағы өзгерістер тек
электр двигатель айналу өзгерісінен болады. фрикционды лебедкалар бір,
екі, үш барабанды болып келеді.
Лебедкалар орнықты және мықты етіп бекітілуі керек.Көбіне көп лебедкалар
сол жағдайда якорды алмастыра алатын тұрғызылған үй-жай конструкциясына
бекітіледі. Лебедканы бекіту үшін сым арқанның бірнеше тарамын оны рамасы
және үй-жай конструкциясы, құрылыс арқылы өткізеді. Лебедкамен жұмыс
істеуде оның құрылысын жақсы білетін және оны басқара алатын жұмысшылар
жіберіледі. Іске қоспастан лебедка механизмінің үйкелетін бөлшектерін
майлап, олардың дұрыстығын және қалай бекітілгенін тексеру қажет. Сонымен
қатар сым арқанның бекітілуімен болт қосылыстарының іске қосқыш
аппаратураны тексереді.
Лебедкамен жұмыс істеп тұрғанда, арқанның барабанға бірінің үстіне бірі
шатаспай, біркелкі оралуын қадағалап, ал арқан тартылғанда барабанда оның
екі орамнан кем қалмауын қадағалау керек. Арқан барабанға жақсылап
бекітілуі тиіс. Жүкті төмен түсіргенде немесе көтергенде жайымен, жұлқып
тартпау керек. Көтеретін жүктің салмағы паспортта көрсетілген мөлшерден
аспау керек. Жұмыс істеп тұрған кезде лебедканы майлауға, тазартуға және
жөндеуге болмайды. Лебедканың барлық айналмалы бөлшектері (шестернялар,
ременьдер және басқалары) қоршалған болуы керек.
Арқандар. Ағаш конструкцияларды монтаждау, жүкті көтеру түсіру үшін
кендірден, болаттан және капроннан жасалған арқандар қолданылады.
Кендір арқандар блок арқылы қолмен жүк көтеру үшін, сонымен қатар көтергіш
және тартқыштарды орналастыру қызметін атқарады. Арқандардың шайыр жағылған
және боялған екі түрі шығарылады. Боялған арқандар неғұрлым иілімді және
жұмыс барысында ыңғайлы, бірақ дымқылданған жағдайда өзінің беріктігін
жоғалтып, шіруге бейім болды, ыстық сіңірілген шайыр арқандар боялған
арқандарға қарағанда, берік және ұзаққа
төзімді, ылғал жеріне азырақ ұшырайды, көбінесе монтаждау
жұмыстарында қолданылады.
Болат арқандарды жүктерді көтеру, түсіру және орнына жылжыту, жүк асатын
арқандарды бекітетін және тартқыштарды дайындау үшін пайдаланылады. Олармен
жүк көтеретін механизмдерді - крандар, лебедкалар, полиспас, тали және
басқаларын дайындайды. Арқанды мейлінше көбірек иілімді ету үшін болат
орамдардың арасына кендірден немесе асбестен өзектерге салынады.
Арқандардың өрімдері олардың элементтерінің үйлесімдігіне қарай біржақты
немесе қиылысқан болуы керек. Өрімі бір жақты арқандарда сымдардың оралу
бағыты, арқандардың оралу бағыты арқандардағы оралымға сәйкес бағытта
жүргізіледі. Қиылыстыра өрілген арқандарда сымдардың оралу бағыты,
арқандардағы оралымға кері бағытта өріледі.
Арқандар бір өрімді, қос өрімді және үш өрімді болады. Арқандар оң, және
сол бағытқа да өрілуі мүмкін. Өрімнің адымы өз осінің айнала өрілімнің
толық айналым жасайтын участке ұзындығын айтады.
Бір өрімді арқандар неғұрлым иілімді болады, бірақ көбіне
қиылыстыра өрілген арқандарға қарағанда ауыр салмақ түсіп немесе
жаншылғанда тез тартылады, сондықтан крандар, лебедкалар және такелаж
жұмыстары үшін қиылыстыра өрілген арқандар қолданылады.
Пайдалану процесі барысында арқандардың жарамдылығын
үнемі қадағалап отыру керек. Пайдаланылуға жарамдылығын тозу
дәрежесі бойынша, жеке сымдардың үзіліп кетуінен, өрілім адымының ұзындығы
және тотығып мүжілуінен анықтауға болады. Арқанның тіпті болар болмас
үзілген жері оның беріктігін нашарлатып және арқанды алмастырудың негізі
болып табылады. Арқанның ширатылған бұрымы үздіксіз және ешқандай томпақсыз
болуы керек.
Пайдалануға берместен бұрын арқанның бетін техникалық
вазелинмен, солидол немесе арқан майымен майлайды. Монтаждау жұмыс кезінде
жүкті көтергенде арқандарды түю және күрмеу арқылы бекітеді. Арқан ұштарын
бір-бірімеи берік әрі сенімді байлау үшін оның ұштарын өру (түю) болып
табылады; арқандардың байланысқан тұстарында арқан жуан болмауы керек.
Арқандармен жұмыс істемей тұрғанда, олардың лебедка барабанына және ілмешек
жерге бекітілу беріктігі мен мықтылығын тексерген жөн. Лебедка барабанына
арқанды барабанның еңкіш тесігінен өткізіп алып бекітеді. Арқан қиылып
кетпес үшін, барабандағы тесіктің еңкіштігі арқан орамы бағытына сәйкес
келуі қажет.
Арқанды тесіктен өткізген соң және 4-5 орам оралғаннан кейін арқан ұшын
қысып қояды.
Арқандағы қысқыштар арқанның жұмыстық жағында тартқыш гайкалар болатындай
етіп, арқанға орналастырылады. Арқандарды мықтап бекіту үшін гайкаларды
біркелкі етіп тарту керек. Қысқыштар аралығы арқанның алтыдан бір
диаметрінен кем болмауы тиіс.
Жүк асатын арқандар. Жүкті кранның ілгегіне асу үшін болаттан жасалған және
сирек кезде кендір арқаннан жасалған жүк
асатын арқандар қолданылады. Көбінесе жиі қолданылатыны әмбебап жүк асатын
арқандар, оның өзі күрмеу түріндегі тұйық арқаннан тұрады. Олардың диаметрі
19,5...31 мм, ұзындығы 15 м жұмсақ болаттан дайындайды.
Жеңілдетілген жүк асатын арқан – ұштарында ожауы және ілгегі, немесе екі
ілмек, екі ожауы – бар болат арқанның бір бөлігі болып табылады.
Көтеретін жүктерді байлау және шешу – көп еңбекті қажет ететін операция,
сондықтан да қарапайым жүк асатын арқанды
жартылай автоматтымен алмастырады, мұның өзі жүктарді көтеруді және оларды
босатуды анағұрлым жеңілдетеді.
Тақталарды, қосалқы қабырғаларды көтеру үшін төрттармақты жүк асатын
арқандар пайдаланылады.
Өздігінен теңгерілетін жүк асатын арқандар ауырлық центрін анықтайтын
симметриялы емес күштерді көтеру үшін қолданылады. Мұндай жүксіз қалпында
сым арқан (3) құлыптың жырашығымен еркін жылжиды. Жүкті көтерген кезде
қысқыштар арқанды құлыпқа қыса түсіп, жұмыстық қалпында бекітеді.
Жүктерді көтерген кезде жүк асатын арқанды дұрыс таңдай
біліп, оны жүкке сенімді түрде бекітеді. Жүк асатын арқанның
майысқан, ілмек немесе қайта төккен жері болмау керек.
Екі немесе бірнеше тұсынан ілмектерді қажет ететін конструкцияларды көтеру
үшін траверс қолданылады, олар асқышы бар түтіктен жасалған қарапайым
арқалық түрінде болады. Траверс, жүк көтеретін арқан, көтергіш түріндегі
такелажды тетіктерді жүк көтергіш машиналардын жұмыс органына сақиналар,
ілмек, ілгешектер арқылы бекітеді.
II – бөлім Ағаш өңдеу технологиясы.
Ағаш өңдеу технологиясы
Технология – қоғамға қажетті заттарды дайындау барысында техникалық
әдістерді және еңбек түрлерін қолдану туралы ғылым. Мақсаты- адам еңбегімен
құралдар қызметін аз мөлшерд е қолдану және шыққан шығынды қысқа мерзімде
қайтару.
Технологиялық процесс – өндірістік процесстің бір бөлігі, өндірістік
заттың өзгеру стаысын білдіруші.
Ал технологиялық жүйе, жалпы айтқанда, технологиялық машинаның,
жабдықтардың, құралдардың және өңделмелі нәрсенің бірігіп жұмыс істеуінен
тұрады.
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу
Ағаш өңдейтін тәсілдердің екі түрі бар, олар: кесу және қысу. Аңаш
материалдарын кесу арқылы өңдейтін машинаны станок деп, ал қысу арқылы
механикалық тәсілмен өңдейтін машинаны пресс деп атайды.
Кез келген станок қозғаушы, жеткізуші және атқарушы механизмдердің,
сондай ақ басқару реттеу мен бақылау механизмдерінің кешенді жиынтығы болып
табылады. Қозғаушы механизм (қозғаушы тетік)қуаттың өзге түрлерін (электр,
химия) қозғалыстың механикалық қуатын айналдыру үшін қажет. Станоктар
электрлік, гидравликалық, механикалық, пневматикалық және басқа жетек
түрлерімен іске қосылады. Жеке электр жетегі бар станоктар неғұрлым кеңінен
тараған. Жеткізуші механизм қозғалыс параметрлерін қозғаушы тетіктен
(қозғалтқыштан) атқарушы механизмдерге жеткізу және өзгерту үшін қызмет
етеді. Станоктың атқарушы механизм кесу мен беріліс жөніндегі жұмысшы
қозғалысын қамтамасыз етеді. Кесудің басты қозғалысын жеткізуші механизм
(басты жетек) жұмысшы біліктің айналысын іске қосуға арналған. Механизм
қозғалысының екі түрлі сұлбасы бар. Бірінші жағдайда, қозғалыс қорғаушы
тетіктен (қозғалтқыштан) жұмысшы білікке бірден жеткізіледі. Мұндай кезде
кескіш аспап қозғаушы тетік білігінің айналу шапшандығына тең шапшандықпен
айналады. Сондықтан оның айналу шапшаңдығын өзгерту мүмкін емес. Ал екінші
жағдайда, қозғалыс қозғаушы тетіктен (қозғалтқыштан) жұмысшы білікке
жеткізуші механизм арқылы беріледі. Бұл механизмнің көмегімен қозғалыстың
өлшемдерін өзгертуге болады. Беріліс механизмі дайындалған ағаш
материалдарын немесе аспапты өңдеу кезінде бір орыннан екінші орынға
жеткізіп беруді қамтамасыз етеді. Беріліс механизмі қозғалысының қуат
алатын қайнар көзі жеке немесе басты қозғаушы тетік болуы мүмкін, ал
қозғалысты жеткізіп беріп, іске қосу жеткізуші механизмдердің көмегімен
жүзеге асырылады. Қозғалысты жеткізуші механизмдер құрылымы жағынан
белдікті, шынжырлы, тісті жеткізушілер деп бөлінеді. Қозғалысты беріліс
механизміне жеткізу үшін көбіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz