Ақпараттық технологиялар кезеңі
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ақпараттық технологиялар 5
1.1Ақпараттық технология ұғымы, қалыптасу тарихы 5
1.2Ақпараттық технология – бүгінгі өмір талабының алғышарты 8
1.3ЭЕМ-ның дамуының кезеңдері 10
2 Ақпараттық технологиялар кезеңі 16
2.1Ақпараттық технологиялар кезеңі 16
2.2Ақпараттық технологиялардың қоғам үшін маңызы 19
Қорытынды 23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 24
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ақпараттық технология – қазіргі
қоғамдағы барлық саланың өзекті мәселесі болып саналады. Жаңа ақпараттық
технологиялар ғылым мен техниканың, қоғамның барлық саласында қолданылады.
Болашақ мамандарды даярлауда да белсенді қолданыста, сонымен бірге болашақ
мұғалімдерді оқытуда, білім негіздерімен қаруландыруда басты алғышарт болып
есептеледі. Өйткені бүгінгі заман талабына сай әр маманның озық технология,
жаңа ақпараттық негіздерді терең игеруі – басты шарттардың бірі болып
саналады. Қазіргі қоғамның, заманның талаптарына сай оқу-тәрбие үрдісінде
ақпараттық технологияларды жүйелі қолдану әрекеті нәтижелерге жол ашып
отырғаны белгілі. Оқушылардың ғылыми жобалар дайындауда жоғары көрсеткіштер
танытуы, мемлекеттік гранттарға қол жеткізуі – осы ақпараттық технология
жемісі десек қателеспейміз.
Ақпараттық технологияларды пайдалану нәтижесінде мұғалімдердің
өздерінің шығармашылық деңгейлерін лайықты дәрежеде нақтылауға мүмкіндіктер
туады. Соның арқасында болашақта қандай бағытта білім, білік, икем, машық
қалыптастыру қажеттілігі туралы мүмкіндіктер туады, бағыт-бағдар алады.
Ақпараттық технологиялар арқасында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жол
ашылып, ғылыми тұрғыда жұмыс жасауына жол ашылады.
Ақпараттандырудың түрлі аспектілері мен кезеңдік даму тенденциялары
Гершунский Б. Г., Давыдов В. В., Машбиц Е. И., Қараев Ж. А., Каргин С. Т.,
Ким Н. П., Мәлібеков М. С., Нұрғалиева Г. К., Есбосынова М. Б., Аганина К.
Ж., Жангисина Г. Д., Илеуова А. К., Уразымбетова Г. К. және т.б.
еңбектерінде ғылыми негізделген. Жүсібалиева Д. М. білім беруде
ақпараттандыруды жетілдіруде қашықтан оқыту жағдайында студенттердің
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мен ақпараттық ресурстарды пайдалану,
Қараев Ж. А. оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында
танымдық іс-әрекет белсенділігін арттру, Нұрпейісов С. А. интерактивті
оқыту және ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін, Мыңбаева А. К.
білім берудегі ақпараттық технологиялардың дидактикалық негіздерін
қарастырған.
Зерттеудің мақсаты: Ақпараттық технологиялар, оның дамуы мен
ерекшеліктерін, кезеңдік сипаттарын, басты қағидаларын айқындау,
ақпараттық технологияның бүгінгі таңдағы қажеттілігін, берер нәтижелерін
қарастыру. Ақпараттық технологиялар, оның даму кезеңдері мен
ерекшеліктерін, басты қағидаларын айқындау, ақпараттық технологияның
бүгінгі таңдағы қажеттілігін, берер нәтижелерін қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1) ақпараттық жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшеліктерін
қарастыру;
2) ақпараттық технологияларды пайдалану кезеңдерінің ерекшеліктері
мен мәнін ашу;
3) ақпараттық технологиялар кезеңдерін нақтылау;
4) ақпараттық технологияларды әр кезеңдегі пайдалану тиімділігін
арттырудың шарттарын анықтау;
Зерттеу нысаны: ақпараттық технология кезеңдері.
Зерттеудің дереккөздері: ақпараттық технологиялары және оларды
қолданудың мүмкіндіктері Гершунский В. С., Левина В. М., Машбиц Е. И.,
Нұрғалиева Г. К., Полат Е. С., Разумовский В. Г. т.б. ғалымдардың
еңбектерінде зерттелген. Ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды Бидайбеков Е.
Ы., Жүсіәлиева Д. М., Әбішева Л. П., Кеңесбаев С. М., Досжанов Б. А.,
Нұрбекова Ж. К., Полупанның К. Л. еңбектеріне арқау болған.
Зерттеу әдістері: жүйелеу, талдау, ғылыми-зерттеу, салыстырмалы
талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, болжамдау және монографиялық
әдістерді қолдану көмегімен алынды.
Зерттеудің құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Сонымен
қатар, жұмыста кестелер мен суреттер көрсетілген.
1. Ақпараттық технологиялар
1.1 Ақпараттық технология ұғымы, қалыптасу тарихы
Ақпараттандыру қоғам өмірінің барлық саларына түбегейлі өзгеріс
әкеліп отыр: адамдардың өмір сүру жағдайына, іс-әрекеттеріне, мәдениеті мен
өзіндік келбетіне, бейнелі ойлау қабілетіне және тағы басқа.
Ақпараттандыру адамзат өмірінің барлық саласына әсер ететін парасаттылық іс-
әрекетінің ролі мен денгейін көтерумен байланысты жан-жақты даму үдерісі
болып табылады.
Ақпараттандыру кең көлемде қолданылады, ол адамзат әрекетіндегі
қоғамдық мәні бар толық анықталған, жеткілікті және сол уақыттағы білім
негізіндегі қоғам өмірін қайта құру үдерісін көрсетеді.
Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру-жауапкершілік сезімі мол,
терең білімді, жаңа қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін талап
етеді.
Барлық типтегі оқу орындарын, соның ішінде, жоғары оқу орындарын
бітірушілердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар да күшейтілуде. Білім
берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде. Ақпараттандыруда - білім беру
жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге
қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол заманауи технологияның әсерімен маңызды
өзгерістерді басынан өткере отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде,
әсіресе, жоғары кәсіби білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше.
Ақпараттық мәдениет – бұл адамның өзінің күнделікті іс-әрекетінде
ақпараттық-компьютерлік технологиялар кешенін үйлесімді пайдаланудағы
біліктілігі. Ол адамдардың болған және болатын жағдайларға өздігімен талдау
бере білу қабілетін дамытуға, анықталмаған шарттар бойынша шешім
қабылдауға, табиғи-экономикалық және әлеуметтік үдерістердің даму
тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын түсінуге, сондай-ақ, қабылданған
шешімдердің салдарларын болжауға мүмкіндік береді.
Қоғамның бүгінігі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін
ақпараттандыру. Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің
дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр.
Білімді ақпараттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте
енгізу – қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа
ақпараттандырылған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ
ұрпақтың дайындығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған
белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда. Білімді ақпараттандыру
жағдайында білім парадигмасының өзгеруі (Ершов А. П., Жданов С. А.,
Заинчковский И. А., Тұрғанова Г. К., Жүсібалиева Д. М. т.б.) қазіргі жалпы
білім беретін мектептің дамуының негізі ретінде ақпараттық технологиялары
(Абумова Г. А., Ермеков Н., Құнанбаева С. т.б.) мәселелері ретінде
зерттелуде.
Оқытуды модельдеудің практикасы мен теориясы (Овакимян Ю. ),
компьютерлік оқытудың ақпараттық және ұйымдастырылған модельдері (Боранов
В. Ю. ) біртұтас білім кеңістігін құрудағы ақпарат технологияларының рөлі
(Жог В. И., Лейбовский М. А, Панкина М. Н., Медешова А. Б. , Миниус Г. М.
тағы басқа).
Компьютерлік диагностика білімі мен дағдылары көмегімен оқыту
әдістемесін жетілдіру (Ахметова Г.Б., Беляков О. И.) экономикалық
(Глухова Л. В.) валеологиялық (Иманғалиев А. С.) білімді ақпараттандыру
мәселелері; ақпараттық технологияның адам санасы мен денсаулығына әсері ;
(Буресбаев Б. Б., Дузбаева Р. М., Пиварова М. А.) компьютерлік
сауаттылықты қамтамасыз ету көзделген мектептегі информатиканың
қолданбалы бағыты елеулі өзгерді деп, тұжырымдауға болады. Ол қазіргі
информатика пәндерінде көрініс тапты (Бешенкова С. А., және Ракитина Е. А.,
Семкин И. Г.).
Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық
салаларына қарқынды түрде енгізілуі баланың жеке тұлға ретінде дамып-
жетілуіне елеулі іздерін қалдырды.
Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық
технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық
ойыншықтардың және автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне,
оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді.
Ақпарат термині латынның Informatio түсіндіру мазмұндама деген
сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білідіреді.
Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы
шешу үшін қолданылады. Ақпаратты тек қандай да бір мәліметтердің жиынтығы
деп түсінуге болмайды.
Ақпарат белгілі бір мәселелрді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі
бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады. Ақпарат дегеніміз
– ақпаратты алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті
– бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Ақпарат сөзіне Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында мынандай түсінік
беріледі: ақпарат ( информация, лат.Informatio – түсіндіру, баяндау,
хабардар ету).
1) істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі
туралы хабарлау, мәлімет беру;
2) ХХ ғасырдың ортасынан бастап адам мен адам, адам мен автомат,
автомат пен автомат арасындағы деректер алмасуды, жануарлар мен өсімдіктер
арасындағы сигналдар алмасуды, тұқым қуалаушылық белгісін бір клеткадан
басқа бір клеткаға, бір ағзадан (организмнен) екінші бір ағзаға жеткізуді
қамтитын жалпы ғылыми ұғым;
3) кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ақпарат
үздіксіз(аналогты) не үзілісті (дискретті) болуы мүмкін. Ақпаратты жеткізу,
қабылдау. Түрлендіру және сақтаудың жалпы мәселелерімен ақпарат теориясы
айналысады.
Қазіргі кезде қоршаған орта жөніндегі қандай да бір сигналдар,
мағлұматтар, құбылыстар жиынтықтары ақпарат деп түсініледі.
Күнделікті оқылатын оқулықтар, газеттер мен журналдар, түрлі радио
және телехабарлар әр түрлі ақпараттарға толы.
Ақпарат мәтін, сурет, схема, график, сан, әуен, дыбыс, иіс, аралас
түрде беріледі. Мысалы; кітапта ақпарат, мәтін, сан; халықтың өсімі, сирек
кездесетін жануарлардың азаюы кесте; шаруашылықтың дамуы график, диаграмма;
жаңа ән дыбыс, әуен түрінде берілетінін түсіндіре отырып, түрлі мысалдар
келтіруге болады, мысалы, электрондық оқулықтардағы бейне материалдар.
Ақпараттық технология терминін академик Глушков В. М. енгізген.
Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты
болғандықтан, Глушковтың В. анықтауынша, Ақпараттық технологиялар
ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде
компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың
ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. Горячевтің А. тұжырымдауынша,
Ақпараттық технология – мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер
базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен
сипатталады.
Матрос Д. жаңа ақпараттық технология ұғымын қарастыра отырып, кез
келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер,
оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни,
оның анықтамасы бойынша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз –
бұл ақпараттық технология.
Әбдірәсілова Р. болса, Ақпараттық технологияны оқыту құралдары
жүйесінің элементі деп қарастырады.
Апатова Н. Ақпараттық технология ұғымына екі анықтама береді.
- Ақпараттық технология - қажетті техникалық және бағдарламалық
жабдығы бар компьютер.
- Ақпараттық технология - бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге
асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы.
Грищенко В. мен Паньшин Б. Ақпараттық технологияны әлеуметтік
ортаның заңдылықтарына сәйкес және мейілінше аз шағынмен ақпаратты жасап,
сақтап, таратуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы дейді.
Анықтамалық сөздік бойынша, Ақпараттық технология - компьютер құралдарын
оқытуда пайдалану әдістері туралы білімдер жиыны.
Роберттің И. айтуынша, Ақпараттық технология - есептеуіш техника
негізінде қызмет ететін бағдарламалық құрылғылар, сонымен бірге ақпаратты
таратуды, өңдеуді, сақтауды, жинақтауды қамтамасыз ететін құралдар мен
ақпарат айырбастау жүйелері болып табылады .
Извозчиковтың В.анықтауынша, білім берудегі Ақпараттық технология -
оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен компьютерді оқу-тәрбие
үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы.
Жалдак М. бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді.
Ақпараттық технология - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық
және әлеуметтік процестерді басқару мүмкінідігін дамытатын, ақпартты
жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық
құралдары мен әдістерінің жиынтығы.
Сондықтан біз Ақпараттық технологияны білім беруді ақпараттандыру
құрладарын пайдалана отырып, жоспарлы және саналы түрде білім беру
процесін, білімді игеруді зерттеумен айналысатын дидактиканың саласы
ретінде қарастырамыз.
1.2 Ақпараттық технология – бүгінгі өмір талабының алғышарты
Келесі кезең жазудың пайда болуы б.э.б. 5-6 мың жыл бұрын қоғамда
есте сақтау қалыптасты. Алғаш рет тарихта ақпараттық символика тас
дәуірінде тасқа салынған сурет ретінде – пиктографиялық хат деп аталды.
Қола дәуірінде ұғымдар жүйесін қайталайтын бейнелер-идеограммалар пайда
болды. Бұлар б.э.д. 4 мың жылдықтың соңында суретті ироглифті хатқа
айналды. Б.э.д. 3 мың жылдықта Вавилонда қашап жазу пайда болды. Мұнда
белгінің орналасуына байланысты оның мәні белгілі болды. Есептеу жүйесінде
60 сандық жүйелік есептеу болды. Ол әлі күнге дейін сақталды, яғни 1сағатта-
60мин, 1мин-60сек.
Есептеудің вавилондық жүйесі миллионға дейін және одан көп санап,
бөліммен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Б.э.д. IV ғасырда ежелгі Грецияда
еркін өлшеуге арналған белгілер пайда болды. Ежелгі римдіктер иероглифтерді
есептеу белгілерінің негізі ретінде саусақтарды белгіледі. Рим мәдениетінің
дамуына байланысты латын әріптеріне ұқсас белгілермен ауысты. Үндістерден
есептеу жолын алғаннан кейін арабтар сан белгілері – цифрларды алды. Бұл
белгілер қазіргі сандарды рет ретімен жазуды қалыптастырды. Ақпараттық және
коммуникациялық технология дамуына әсер еткен келесі саты сазды
тақтайшалардағы сызықты буынды хаттардың пайда болуы. Осы уақытта аккадтық
(вавилон) тілі халықаралық қатынас пен сауда саттықта ұлттық шекте оған
коммуникациялық және термин қалыптастырушы түр берді. Осы жылдағы жаңа
кезең IX-X ғ.ғ фин алфавитінің пайда болуы. Еуропада жазу символикасының
аяқталуы XV ғ. келеді. Ол қазіргі кездегі пунктуацияның пайда болуымен
байланысты. Тілдің жетілуі ежелгі грек ғылыми түсініктердің пайда болуымен,
артық ақпараттың жойылуына әкелді. Математикалық символика математикадағы
фундаментальді ашылулар мен терең зерттеулерге нәтижесінде дами түсті:
- жетілген алгебралық символ -XIV-XVII ғасырларда;
- қосу, алу, көбейту әріптің пайда болуы -XV ғасырда;
- тең, шексіздік, алым, түбір, логарифмдер 1718 жылы;
- синус, косинус, тангенс 1748-1753 жылдары пайда болды.
Техникалық графиктердің пайда болуы ерте жазудың нәтижесінде
қалыптасты. Техникалық графикалық құжаттар күрделі обьектілерді салу
нәтижесінде қалыптасты (пирамида, сарай, шахталар), б.э.д 3-2 – ші мың
жылдықта (ежелгі Египет, Вавилон) және б.э.д 1 мың жылдықтың ортасында
алғашқы механизмдер мен алғашқы өлшеу құралдары пайда болды.
Техникалық графиктердің жетілуі қайта өрлеу дәуірінде күрделі
кинематикалық машиналар, механизмдердің құрылуы мен ірі қалалардың
салынуымен байланысты. XVIII ғасырда энергетикалық революция кезеңінде
техникалық графика бу қозғалтқыш, автономды жұмыс машиналарын жасауда
негізгі аспап болды .
Ақпараттық және коммуникациялық технологияның пайда болуы
ақпараттық технология құралдарының жетілуіне байланысты. Ол адамдарда
сөздің пайда болуымен байланысты. Бұл фаза технологиялық өркениет
тарихындағы алғашқы ақпараттық жарылыс ретінде есептелінді. Ақпараттық
жарылыс дегеніміз - ақпаратты тасымалдайтын құралдарың жетілуі: тастағы
жазулар, б.э.д 4 мың жылдықта сазбен тақтайшаларға жазылған мәліметтер.
Папирустың б.э.д 3 мың жылдықта ақпарат тасыушының ауқымы кеңейіп, әр
түсті қолдануға мүмкіндік болды. Пергаменттің пайда болуы б.э.д ІІІ ғасырда
жаңа ақпараттық жарылыс қағазға дейінгі фазаны аяқтады. Енді ақпаратты
тасымалдайтын ең тиімді тасымалдаушы - кітаптың пайда болуы б.э.д IV ғасыр.
Ақпараттық және коммуникациялық технология сапалы жаңа сипаттамасы
ежелгі Римдегі ірі мемлекеттерінде (Греция, Парсы, Қытай, Рим) мемлекеттік
пошталық байланыс қалыптасуы. Жазба ақпараттар атшабарлар арқылы
жеткізілді. Ежелгі Грек қала-полистерінің пайда болды. Ондағы кітапханалар
папирус орамдарындағы алғашқы ақпараттар берудің орталығына айналды. XV
ғасырда Константинополь құлағаннан кейін қашқындармен бірге ежелгі грек
және латын кітаптары батыс европаға көшіріледі. Мұнда негізі ақпарат
көздері - жинақталған білім көзі болады. Бұл қағаз коммуникациялық
технологияның дамуына әсер етті. Ақпараттық коммуникациялық технологияның
дамуы X ғасырға келеді. Жаңа жазба – көне түрік әліппесі – түріктердің
арасында VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашында бір-
бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38
әріптен тұрған, оның соңғы әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазумен
қолайлылығымен ерекшеленеді.
Кәсіби білімді ақпараттық және коммуникациялық технологиямен қамтамасыз
етуді жүйелі зерттеудің 30 жылдық тарихы бар. Осы кезеңде АҚШ, Франции,
Жапония, Ресей және басқа елдердің оқу мекемелерінде есептегіш машиналардың
әр түріне бағытталған. XX ғасырдың 90 жылдарының басында Ресей мен ТМД
елдерінде есептегіш машиналармен жұмыс істеу бойынша курстар ашылды. Жалпы
білім беру мен кәсіби дайындықтың екінші кезеңінде адам әрекетінің барлық
салаларында (ғылым, білім, техника, экономика) компьютермен қамтылды. 80
жылдардың басында білім саласында – интелектуалды оқыту жүйелері деген жаңа
бағыт қарқынды дами түсті. Оның жан-жақтылығы сандық жүйені әр түрлі шолып
байқау арқылы анықталып, оқудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар арқылы студенттер
мәтінмен жұмыс істеуге, графикалық обьектілер құруға, электронды кестелер
құруға үйренеді. Студенттер ақпарат жинаудың жаңа тәсілдерімен танысып
дүниетанымы кеңейіп, өздік жұмысының тиімділігі артады. Ақпараттық және
коммуникациялық технологияны сабақта қолдану барысында оқуға деген
қызығушылығы қалыптасып көзқарасы кеңейеді. Ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар мен бірге білім саласында, оқу әрекетінде және шығармашылық
жұмыста жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ақпараттық және коммуникациялық
технологияны пайдалану арқылы тұлғаның-танымдық, адамгершілік-құлықтылық,
шығармашылық және эстетикалық потенцияларды жүзеге асыруға тырысады. Бұл
потенциалды жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін педагогикалық
құзыреттілікпен қамтамасыз ету қажет. Ал құзіреттілікті дамыту үшін
студенттерді жоғары оқу орындарында бастау керек. Ғылыми техникалық
прогресс халық шаруашылығының техникалық қайта жаңғыруы мен әр түрлі
салаларда теника мен технологияның қолданлуымен ерекшеленді.
Қазіргі уақытқа тән құбылыс өндірісте жаңа технологияның және жаңа
құралдардың пайда болуы мен ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалану.
Ғылыми-техникалық прогрестің өзгеруінің барысында өндірісте жаңа
машиналар мен технологияны пайдалану интелектуалды еңбек өнімділігін
арттырып, жұмысшылардың кәсіби жылдамдығы мен шығармашылығының жоғары
болуы, студенттердің білім, икемділік, дағды жүйесінің қайта жаңғыруына
әсер етуде.
Ақпараттық және коммуникациялық технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық және
коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына,
іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
1.3 ЭЕМ-ң дамуының кезеңдері
Ақпараттану (Информатика) – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау,
түрлендiру, жеткiзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн
зерттейтiн жаңа ғылыми пән. Ақпаратты оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек
ЭЕМ-дердi пайдалану мүмкiндiктерi мен олардың жұмыс iстеу принциптерiн
түсiндiрiп ғана қоймай, қоғамдық өмiрде және адамдар арасында ақпаратты
кеңiнен тарату заңдары мен тәсiлдерi туралы түсiнiктерiн бередi.
Қазiргi кезде жаңа ЭЕМ-дер күнде пайда болып отырғандықтан, олардың
даму процесi ғылыми-техникалық прогреске айналды.
Ақпараттанудың негiзгi объектiсi, яғни шикiзаты менберетiн өнiмi
ақпарат болып саналады. Сондықтан ақпарат ұғымы ақпараттану мен ЭЕМ-де
жұмыс iстеудiң ең түбегейлi атауларының бiрi болып есептеледi.
Бiз барлығымыз бала кезiмiзден бастап ақпарат алмасу процесiне
қатысамыз. Кiтап, газет, журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде,
мұғалiммен, ата-анамен, достармен әңгiмелескенде ақпарат алады.
Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзiнiң даму
барысында жұмбақталған ақпаратты өсiмдiктер мен тiрi ағзалар арқылы берiп
отырған.
Философиялық түсiнiк бойынша ақпарат дегенiмiз нақты әлемдi (өмiрдi,
қоршаған ортаны) мәлiметтер мен хабарлардың көмегiмен көрсету.
Ақпаратты жазу мүмкiндiгi пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек
ауызба ауыз айтумен немесе әртүрлi қимылдармен ғана емес, оқу –жазу арқылы
да берiледi. Оқи бiлу және ойын жазып жеткiзе бiлу адамзаттың
сауаттылығының белгiсi болды.
XV ғасырда мәлiметтi қағазға басып шығару станогының пайда болуы
кiтап шығару iсiн жолға қойып, адам ойын тiкелей көпшiлiкке жеткiзуге
мүмкiндiк жасады.
XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы ақпаратты
кез келген қашықтыққа жылдам жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Мәлiметтердi iздеу мен өңдеудiң бұрын болмаған жаңа мүмкiндiктерiн XX
ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеуiш машина бердi. ЭЕМ-дер
бастапқы кзде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшiн шығарылды.
Кейiннен олардағы мәлiметтердi магниттiк таспаларға жазып, қағазға
басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттерi бар екенi анықталды.
Информация латынның information деген сөзiнен шыққан. Ол түсiндiру,
баяндау, бiлу деген ұғымдарды бiлдiредi. Ақпаратты ауызша немесе жазбаша
түрде, қимыл не қозғалыс түрiнде бередi. Ақпарат әрқашан белгiлi бiр түрде
– әңгiме, сурет, мақала және т.б. түрiнде болуға тиiс.
Ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлген әлемнiң, заттың
бейнесi болып саналады. Ақпарат алу дегенiмiз – бiздi қоршаған құбылыстар
мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бiр-бiрiне
қатысуы жөнiнде нақты мағлұматтар мен мәлiметтер алу деген сөз.
Ақпарат – белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы
таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлетiн мағлұматтар.
ХХ ғасырдың соңы адамзаттың индустриялық эрадан ақпараттық эраға
өтумен ерекшеленедi. Осыған байланысты ақпаратты ала бiлу, оны өңдеу мен
күнделiктi iсте пайдалану өркениеттi дамудың қажеттi шарты болып табылады.
Жаңа бағдарламалардың дамуы көптеген адамдарға кәсiптiк ақпараттық
технологияларды пайдалана бiлудiң аса қажеттiгiн бiлдiредi.
ЭЕМ ақпаратты өңдеудiң ең негiзгi құралы болып саналады. 70-жылдарда
электрониканың дамуы компьютердiң жаңа түрiн – жеке пайдаланатын дербес
компьютерлердi көптеп шығаруға жол ашты. Мұндай компьютерлердi оқуда,
жұмыста, ойнау үшiн, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалану болады.
Осы компьютерлер өндiрiс пен жобалау iсiн, ғылыми зерттеу iстерi мен бiлiм
беруде пайдалану көптеген адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын
түбегейлi түрде өзгерттi.
ЭЕМ-дер өндiрiстiң автоматтандырылған тхнологиясын жасауға
мүмкiндiктер бердi. Сол технология көмегiмен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа
машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. ХХI ғасырда есептеу
машиналары адамсыз жұмыс атқара алатын өндiрiс технологиясын жасау
мүмкiндiктерiн бермекшi. Осы сияқты болашақтың фабрикаларында қолмен
iстелетiн жұмыстардың бәрiн роботтар орындайды да, адамдар өндiрiстi
жоспарлайды, роботтар жұмысын басқарады және ЭЕМ көмегiмен жаңа бұйым жасау
iстерiн жобалау ғана болады.
Бүгiннiң өзiнде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дердi пайдалану
адамдарға ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып,
жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргiзуге мүмкiндiк бердi.
ЭЕМ-дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия
мен биология сияқты және басқа да пәндердi оқып үйрену iсiне көмек бередi.
Компьютерлiк сауаттылық деп ЭЕМ-дi пайдалана отырып оқу, жазу,
есптеу, сурет салу және ақпарат iздеу жолдарын меңгерудi айтады.

Адамзат дамудың барлық тарихи кезеңдерiнде есептеу жұмыстарын
жүргiзiп отыруға мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған аяқ-қол саусақтары
сияқты қарапайым құралдар жеткiлiктi болды. ғылым мен техника дамуына
байланысты есептеу жұмыстарының қажеттiлiгi артып, оны жеңiлдету ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz