Территориялық басқару жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың
теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
1.1 Территориалды басқарудың мазмұны мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу қағидалары және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3Территориялық басқару жүйесі. Жергілікті басқару және жергілікті өзін-
өзі басқару категориялары

2 АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ...

2.1 АҚШ-тың жергілікті жерлердегі территориялық басқарудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...15

2. АҚШ-та муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу барысын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2. АҚШ менеджментіндегі стратегиялық ерекшелігі,территориялдық бөлініс
пен басқарудың жағымды әрі жағымсыз
жақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 АҚШ территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың
тиімділігі,басқа елдерге ықпалы мен әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кiрiспе

Тақырыптың өзектілігі. Америка Құрама Штаттарына айналған бұрынғы
колониялар алғашында Конфедерация баптары (1781) деп аталатын келісім
шеңберінде жұмыс істеді. Көп ұзамай-ақ бұл аз міндет жүктейтін келісім
штаттар арасында іс жүзінде жұмыс істемеді. Орталық (федералдық) өкімет тым
дәрменсіз болды, ал оның қорғанысы, сауда және салық саласындағы
өкілеттігінің тек аты ғана болды. 1787 жылы Конфедерация баптарын қайта
қарау үшін Филадельфияға штаттардың өкілдері жиналды. Олар мүлде жаңа құжат
— конституцияның негізін жасап, өздерінің алғаш алдына қойған мақсаттарына
жету үшін әрі қарай алға қадам жасады. Көптеген айтыс-таластардан, ымыраға
келуден кейін конституцияның тексі жазылып, 1790 жылы 13 штат ратификация
жасады.
Дүние жүзінде қолданылып жүрген Қонституциялардың ішіндегi ең ежелгісі
— АҚШ Конституциясы өкіметiтің Федералдық құрылысын бекітті, оның үш
тармағын жасап, олардың әрқайсысына басқалар жөніндегі өкілеттік билігін
(баланстар мен шектеулер жүйесін) белгіледі. Конституция олардың
құқықтары мен міндеттері белгілеп беріп, қалған құқықтарды штаттардың
үкіметіне қалдырды. Конституцияға бірнеше рет түзетулер еңгізіліп, ол
өзгеріп отырған қоғам өмірінің талаптарымен сәйкестенді, алайда ол
бұрынғыша елдің ең жоғарі заңы ретінде қалып отыр. Барлық үкімет және
билік құрылымдары — федералдық деңгейде, штаттар мен муниципалиттерде
конституцияның негізгі қағидаларын сәйкес жұмыс істеуге тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты: Америка Құрама штатының басқару жүйесінің
талдау және муниципалды менеджментінің негізгі типтерін анықтау.
Конституция бойынша АҚШ-та жоғары билік президентке де (атқарушы
өкіметтің басшысы), конгреске де (заң шығарушы билік), Жоғарғы сотқа да
(сот билігi қандай да бір саяси топтар мен партияларға да (басқа көптеген
елдерден өзгешелігі) берілмейді. Бұл билiк конституцияның рухы мен мәніне
сәйкес, онда айтылған біз халықпыз дейтіндерге берілген.
Сөйтіп, американдықтар тұңғыш рет, саяси бостандық пен барлығына тең
құқықтарға ие болды, бұл артықшылықтар басқа елдерде ат төбеліндей асыл
тектілердің ғана үлесіне тиді.
Американдықтар өздерінің өкілдері арқылы заңдар қабылдай отырып, өз
мүдделері үшін өз істерінің қамын өздері ойлады. Әрине, олар өз қателерін
де өздері жасады.
Құқықтар туралы Билль деген атпен белгілі болған конституцияға алғаш
енгізілген он түзету американдықтардың негізгі құқықтары деп саналған
құқықтарды бекітті. Бұл құкықтардың ішінде — ар-ождан, сөз және баспасөз
бостандығы, бейбіт жиындар өткізу және үкiметтің әрекетіне шағым жасау
құқықтары бар. Басқа құқықтар азаматтарды негізсіз тінтуден, тұтқындаудан,
жеке мүлікті алып қоюдан қорғауды, заң талаптарын, сақтауды қамтамасыз
етеді. Америкада өкілдер соты, яғни өз азаматтарымен бірге сот ісіне
араласу құқы бар.
Американдықтар өз конституциясын мақтаныш етеді. Оны дінді қандай
құрмет тұтса, сондай дерлік құрмет тұтады: Мұндай құрметтің негізі аталған
мұраттар, құқықтар мен бостандықтар оларға ат төбеліндей билеуші таптың
тартқан сыйлары емес деген сенімде жатқан еді. Бұл құқықтар мен
бостандықтарды, түптеп келгенде, табиғи, әрбір американдықтың мызғымас
құқықтары, олар сол үшін күресіп, жеңіп алды. Оларды ешкім де үкімет те,
сот та, заң да тартып ала алмайды.
Конституция негізінде құрылған федералдық үкімет пен штаттардың
өкіметі халыққа қызмет етуді және азшылықтың емес, көпшіліктің еркін
орындайтындай етіп құрылды. Американдықтар нені қаламайды, ол — біреуге
қызметші болу. Олар, керісінше, үкімет өздеріне қызмет етуге тиіс, саяси
қайраткер мен чиновниктер ха-лықтың қызметшілері ғана деп санайды. Осындай
көзқарас бүгінде американдықтардың арасында берік сақталып қалған.
Соңғы екі жүз жылдықта американ конституциясының ықпалы Құрама
Штаттардан тыс жерге де тарады. Кейбір елдер басқару формасын Америка
мысалы бойынша тандап алды. Бір атап айтатын нәрсе, Американ революциясының
батыры Лафайет Америкадан қайтып оралғаннан кейін Француздың Құқықтар
декларациясының жобасын жасады. БҰҰ-ның хартиясы да қалайда революциялық
құжат ретінде танылған АҚШ конституциясымен мазмұндас.

1 ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МУНИЦИПАЛДЫ МЕНЕДЖМЕНТТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРЕТИКО-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Территориалды басқарудың мазмұны мен мәні

Социологиялық сөздік анықтамасына сүйенсек – ағылш. Territory;нем.
Territorium жер аумағы,ішкі немесе сыртқы су жағалауымен,сонымен қоса әуе
кеңестігімен ,көлемі бойынша шектелген жер ауқымы.Ал кейбір
елдерде,мемлекеттерде ерекше әкімшілік аймақтар,яғни дәлірек айтсақ ерекше
әкімшілік бірлік.Жалпы бұл терминді қарастырғанда-жер шарындағы сыртқы
белгілі бір шекаралармен шектелген бөлігі.Территория деп-ең біріншіден жер
ауқымына мемлекеттің заңдары мен әкімшілік бірлігі тараланатын әкімшілік
аймақ бөлінісі.Гидденс бойынша (1985) -танылған басқаруды менсінген,сол
территорияның басқару органдарының бақылауындағы географиялық
аймақ.Қазіргі замандағы ұлттық мемлекеттердің территориалдық бөлінісі нақты
әрі қатаң шекаралармен белгіленген,басқаруға көнетін кеңістік.Территория-
өкімет басқаратын құқықтық мемлекет,халықпен қоныстанған аумақ.Территория-
бұл мемлекеттің ,мемлекет болып қалыптасудың басты бірден бір маңызды
көрсеткіші,белгісі.
Алғаш халықтың жер бетін қоныстануын-бастапқы саты деп қарастырамыз.Сол
кездегі өмір сүру және аман қалудың басты тәсілі бір жірден екінші жерге
көшіп табиғи ресурстарды пайдалана отырып аман қалу.Сол кездерден бастап-ақ
көшіп қону барысында көш барысын қадағалап бақылайтын ,әрі көшу барысын
басқаратын белгілі бір басқару жүйесі пайда болды.Кейіннен отырықшылыққа
көшкеннен кейін әр тайпаның өзінің нақты аумағы белгіленді,яғни
қоныстанатын территориясы пайда болды.Бұл мемлекеттің құрылуындағы басты
итермелегіш фактор ретінде танылды.
Мемлекеттің өзінің белгіленген территориясында өкіметпен территориялдық
басқару анықталады,бұл басқару,өкіметтің ең жоғары рангтағы ықпалды
орган.Мемлекеттік территория құрылымы келесідей анықтамалардан құрылады:
-жер-сумен қапталмаған ,мемлекет шекарасынан шықпайтын жер бетінің
бөлігі
-ішкі және территориалдық сулар
-әуе кеңістігі-тропосфера,стратосфера,ин осфера
-недр жер қойнауы- жер бетінен төмен орналасқан ,су асты жететін тубіне
дейін орналасқан жер қыртысының бөлігі
-космос,елшілік
Бүгін жер бетіндегі барлық дерлік аумақтар мемлекет араларында бөлініп
алынған.Мемлекет территориясына жатпайды:ашық мұхиттар,көлдер,космос
кеңістігі ,ай мен басқа аспан денелерін қоса алғанда және антарктида
материгі.

Қазіргі таңда басқа бір мемлекеттерді зорлап басып алу ,территориясына
заңсыз басып кіру,немесе өзге мемлекеттердің территориясын өз мақсатында не
заңсыс пайдалану халықаралық құқықпен рұқсат етілмеген.Халықаралық құқық
бойынша мемлекеттің өз шекарасын территориясын өзгерту тек келесі белгілі
бір жағдайларға байланысты жүзеге асырылады:
-ұлт пен халықтың қайта таңдалуы барысында мемлекеттің шекаралық
территориясының қағидаларға байланысты өзгерілуі
-мемлекеттер арасында айырбас , алып сату не болмаса өз келісімімен
өзгертілуі
Қала территориясы-қалалық шекарамен шектелген территория.
Жергілікті өзін өзі басқарудың территориясы-қалалық, шағын аудандар мен
аұмақтардың,қалашықтардың ,басқа да жерлердің муниципалды білім берудің
территорисы.
Қоғамдық өзін өзі басқару-қоғамдық өзін өзі басқару жүйесі бар әрі
қалыптасқан қала,аумақ,жерлердің білім беру муниципалитеті бар формалық
жүйе. Территориалды басқару-бұл аймақ,аудан,территория сипатындағы
әлеуметтік экономикалық көрсетілімдерге ие аумақтың жергілікті муниципалды
органдары тұрғысынан басқарылуы. [Энциклопедического словаря Брокгауза и
Ефрона (1890—1907)].

1.2 Муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу қағидалары және
ерекшеліктері

Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі ретінде нарықтық
қатынастардағы дамудың қазіргі заманғы шарттарына мақсатталған, себебі,
Қазақстан Республикасында жергілікті аймақтарда демократизм мен әрекеттерді
басып тастайтын басқарудың командалық-әкімшілік жүйесі қалыптасып қалған.

Басқарудың жаңа түрі – муниципалды менеджмент өзінің алғашқы
кезеңдерінде біршама қиындықтарға ұшырады. Басқарудың бұл жүйесінің
мақсаттылығы әлемнің көптеген елдеріндегі нарықтық экономиканың құрылуымен
және де экономикалық әсерлілігі мен пайдалылығымен дәлелденіп отыр.

Жоғары мектептің алдына мынадай мақсат қойылды, яғни болашақ
мамандарға шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістерін үйретумен қатар өзіңдік
табиғи-экономикалық, тарихи және ұлттық ерекшеліктері бар муниципалды
құрылымдарда, нақтырақ айтсақ, қалаларда, аудандарда, ауыл аймақтары мен
басқа тұрғылықты мекендердегі басқарудың жаңа әдістерінің қағидалары мен
үлгілерін игеру болып отыр.

Осындай жағдайларда ғылыми білім салаларының ішінде муниципалды
менеджменттің алар орны бөлек, болашақ мамандарда теориялық білімдер мен
тәжірибелік біліктіліктерді қалыптастыру мақсатында басқару жүйесін түсіне
білген дұрыс, бұл алынған білімдер нақты бір территориядағы экономикалық
үрдістерді талдауға және жергілікті өзің-өзі басқарудың әр түрлі
бағыттарында ғылыми зерттеулердің әдістерімен пайдалануға көмектеседі.

Мемлекеттегі басқару үрдісін ұйымдастыруға қатысты мәселелер оның
территориялық құрылымымен тығыз байланысты, себебі билік органдарының
қызмет етуі мемлекет территориясы бөлінетін территориялық бірліктер шегінде
жүзеге асады.

Соңғы уақыттарда мемлекеттер жаңа қалыптасқан талаптарға сай
территориялық басқарудың қағидаларын, орны мен мағынасын өзгертуде. Шет ел
әдебиеттеріне сүйенетін болсақ, бұл құбылыс 70 жылдардың соңына қарай жақсы
дами бастады. Жүргізілетін реформалардың мағынасы, мемлекеттік билікті
қайта орталықтандырудың және территориялық басқару органдарының
жауапкершілігін жоғарылатудың, сонымен қатар оларға тиісілі аймақтардың
әлеуметтік және экономикалық дамуының қоғамдық басқарылуының негізгі
тенденцияларын көрсетеді.

Қалалар, ірі және күрделі әлеуметтік-экономикалық және территориялық
құрылыс болғаннан кейін, олар қалалық билік органдарынан көп жұмыс істеуді
талап етеді. Олардың бақылауында келесілер болады: инфра құрылым
объектілері, әлеуметтік қызмет көрсету орталары, тұрғын үй-коммуналдық және
жол шаруашылығы, мемлекеттік білім беру мекемелері, полиция (милиция), өрт
күзеті, сонымен қатар қоршаған ортанын ластануын, атмосфераның
радиологиялық жағдайын және қалдықтарды тастауды бақылап отыру орталары
және т.б. Сонымен қоса бұл объектілер басқа да территориялық құрылымдарға
тән, оларда басқару органдары әр түрлі амалдардың көп санын шешуге
тырысады. Осындай жағдайларда басқару қызметтерінің санының өсуі ғана емес
(американдық мамандардың деректеріне сүйенсек ХХ ғасырдың бірінші
жартысында ірі қалаларда ол екі есе өскен), сонымен олардың орындалу
қорытындыларына деген жауапкершіліктің жоғарылауына байланысты олардың
мағынасы да қиындай түсетіндігі байқалады.

Территориялық басқарудың жаңа мағынасы ойлаудың жаңа деңгейі мен
масштабын талап етеді. Стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды жасау
барысында келесідей мамандардың қызметі маңызды, яғни оларға аймақ үшін
перспективті, профилді салалар мен кәсіпорындарды анықтайтындар, және осы
анықталған саланың өз территориясына қызықтыра ала алатындығы мен аймақтың
бәсекелестікке жарамдығын анықтайтын мамандар жатады. Сонымен қатар
шектеулі ресурстарды қандай бағыттарға шығындалатынын анықтау керек, ол
перспективтік салалардың жоғары санының негізінде аймақтын жақсы қырларын
аша түседі. Стратегиялық даму жоспарын жасау және оны әркез түзетіп
отырумен байланысты жұмыс өте ауқымды және қиын екендігін осы ретте айта
кеткен дұрыс.

Реформалау мәселелерімен оның әлеуметтік ортасын, қызметтегі
әлеуметтік стандарттардың қамтылуын, экологиялық нормативтерді тәжірибелік
тұрғыдан шешудің ауыртпалылық орталығы нақты осы жергілікті, аймақты
деңгейге көшірілген. Реформалау үрдістері мен экономиканың дамуының
қаншалықты жоғары болғандығы жалпы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
өсуіне тікелей қатысты болады. Аймақтық және жергілікті өзін-өзі басқарудың
қалыптасуымен, орталықтан басқаруға деген бағытпен, байланысты
территориялық шаруашылық қазіргі уақытта өзінің толыққанды дамымағанын
көрсетті.

1.3 Территориялық басқару жүйесі. Жергілікті басқару және
жергілікті өзін-өзі басқару категориялары

Территориялық басқару жүйесі мынадый түсініктермен ұштасады, яғни
жергілікті басқару, жергілікті мемлекеттік басқару, муниципалды
менеджмент.

Дәстүрлі демократиясы бар мемлекеттер жергілікті өзің-өзі басқарудың
даусыз қадір-қасиеттерін мойындап, оған билік құрылымында ерекше орын
бөлген. Тұрғындармен аса тығыз байланысты болатын жергілікті өзің-өзі
басқару органдарына локалды сипаттағы жалпы барлық туындағын мәселелерді
шешу жүктелген болатын, яғни, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс,
қызмет ету орталарының дамуы, экология және т.б.

Сонымен, жергілікті өзің-өзі басқару дегеніміз, ол тұрғындар мен
жергілікті маңызды мәселелерді өздігімен шешуге үйлескен сол жерлердегі
биліктің ұйымдасуын айтады. Жалпы оның мағынасы мынада, жекеленген әр
азамат жергілікті биліктін ірге тасы болуға құқылы, ол өз өмірінде
жолығатын мәселерді өздігімен шешіп, оның қорытындысына өзі жауап береді.

Көптеген елдерде жергілікті ұжымдар мемлекет тарапынан қандай да бір
тікелей әсер етуге ұшырайды. Оларда жергілікті өзің-өзі басқару жүйесі
тіпті болмайды, немесе, керісінше, мемлекеттік құрылымдармен паралелді
түрде қызмет етіп, олардың бақылауына ұшырайды. Бұл жерде айтылып жатқаны:
жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару немесе жергілікті мемлекеттік
басқару. Осы жергілікті өзің-өзі басқарудың қарама-қайшылығы. Дәл осы үлгі
жергілікті территориялық бірліктегі орталықтандырылған билік пен жоғарғы
территориялық деңгейлі әкімшілікпен басқарылатын басқарушылық қызметті
көрсетеді, ал олар жоғары билікпен бекітілетін әкімшілік органдары арқылы
өтеді. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқаруға қарағанда жергілікті
өзің-өзі басқару жергілікті территориялық бірліктегі тұрғындармен іске
асады, яғни жергілікті ұжымдармен немесе тандалған органдармен.

Ең көп дискуссия тудыратын мәселелердің бірі қоғам мен мемлекетті
басқару жүйесіндегі жергілікті өзің-өзі басқарудың өзіндік еркіндігінде
болып отыр. Сондықтан, жергілікті өзің-өзі басқару институты барлық елдерде
өз бетінше дамитындығына қарамастан, оның мемлекеттен, мемлекеттік басқару
органдарының жүйесінен бөліп алу туралы айту, әсіресе, жаңа қалыптасқан
реформалардың бастапқы деңгейінде тиімсіз екені белгілі болады. Негізінен,
жергілікті өзің-өзі басқару, тіпті дамыған демократиялық қоғамдарда,
мемлекеттің тұтас атқарушылық бөлімдерінің қызметін атқарады, және оларға
анықталған жүктемелер көлемі бекітілген, сол жүктемелер үшін ол қоғамның
алдында ғана емес, мемлекеттің алдында да жауапты болады. Осыдан Президент
пен Үкіметтің тұтас атқарушылық бөлімдерге жергілікті өзің-өзі басқару
органдарын тіркеуге, әр түрлі деңгейлердегі биліктің қарым-қатынастарындағы
қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді алып тастауға деген талпыныс
түсінікті болады.

Көптеген ғалымдар муниципалдық (жергілікті) басқару мен жергілікті
деңгейдегі мемлекеттік басқару түсініктерін бір бірінен алшақтатады.
Басқалары муниципалды басқаруды муниципалды құрылымдардың атқарушылық-бөлу
органдарының қызметімен байланыстырады, яғни оны жергілікті өзің-өзі
басқару жүйесінің құраушы элементі түрінде қарастырады.

Толық анықтамаларды Ресейлік зерттеушілердің еңбектерінде кездестіруге
болады (Гладышев А. Г., Иванов В. Н., Мельников С. Б., Патрушев В. И.)
Олардың айтуынша, кейбір муниципалды басқару- лар жергілікті өзің-өзі
басқаруларға қарағанда өз масштабы бойынша кең болады, және оларға
жататындар:

а) жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару, яғни мемлекеттік
биліктің федералдық және аймақтық органдары, олар қаржы, салық салу, жер
мәселелері және халықтың жұмыспен қамтылу сияқты тағы да басқа салаларда
мемлекеттік саясат қызметтердің ретін іске асырады;

б) жергілікті басқару халықтық билік үлгісі ретінде;

в) жергілікті өзің-өзі басқару органдары арасында, тұрғындар мен жеке
капитал арасында муниципалдық қалыптасудың әлеуметтік-экономикалық
дамулармен қамту мақсатында, әріптестік қатынастарды жақсарту бойынша
муниципалды менеджменттің қызметтер жүйесі ретінде.

Осындай көз қарастың негізінде, кез-келген мемлекеттің мемлекеттік
құрылымында нақты бір өзіңдік деңгейі бар муниципалдық басқарудың белгілі
бір түрлері болады деп тұжырымдауға болады. Жергілікті билік органдарының
қызметіндегі өзіңдік басқарудың деңгейі көп жағдайларда орталық
құрылымдардың жергілікті басқаруда жоғарыдан тағайындалатындығына
байланысты болады.

Муниципалды менеджмент ғылымның пәні ретінде XIX ғасырдың аяғында
қалыптаса бастады. Оның толық теориялық ортақтануы мен толықтырылуы әлі
күнге дейін аяқталған жоқ. Муниципалды менеджменттің ғылыми мектебі
тәжірибе қажеттіліктерінен шегінгенде қалыптасады, оның академиялық курсы
өте баяу және үздік-үздік болуда.

Муниципалды менеджменттің әдістемелік негізі келесідей:

1) ортақ ғылымдық білімдер — тарих, философия, дүние тану;

2) ортақ және арнайы менеджменттің теория, соның ішінде басқарудың
гуманизация және экологизация концепциялары, жиілілік, өсімділік, даму,
дағдарыс, тұрақты даму циклдері;

3) территориялық әлеуметтік-экономикалық ұйымдардың арнайы теориялары,
соның ішінде экономикалық-географиялық мектептер, кенттену және қайта
кенттену концепциялары, территориялық кешенділік, адамдардың
бейімделушілігінің әлеуметтік теориялары, және т.б. бұл пәндер бір-бірін
толықтыра, ортақтай отыра қызмет етуде.

Муниципалды менеджменте келесідей зерттеу әдістері пайдаланылады.

Нормативтік әдіс, ол жергілікті ерекшеліктерді ескеретін нормалар мен
нормативтердің жүйелерінің муниципалдық құрылымдарының әлеуметтік-
экономикалық дамуының болжамдары мен маңызды білімдерін негіздейді.

Баланстық әдіс территориялық құрылымдар мен ішкі аймақтық кешендерді
қосымшалайтын салалар арасындағы дұрыс қарым-қатынастарды тандауға
мүмкіндік береді. Баланстар тиімді ішкі аймақтық және сыртқы аймақтық
байланыстарды жасау үшін және де қаланың немесе ауылдық аймақтың
территориясында орналасқан жекеленген кәсіпорындарды экономикалық тұрғыдан
орналастыруға қызмет етеді,

Жүйелік талдау әдісі – деңгейлілік қағидасын пайдаланылатын жан-жақты
талдау түрі, яғни ол мақсаттардан, амалдардан, гипотезалардан басталып,
өндірісті орналастырудың оптимум нұсқасының ерекшеліктерін жан-жақты
зерттеумен жалғасады.

Өндіргіш күштерді орналастыру мен аймақтардың шаруашылығының дамуының
мәселелері өте қиындап кеткендіктен және салалық және территориялық
байланыстар қиын басқарылатын болғандықтан экономикалық-математикалық әдіс
қолданылады. Экономикалық-математикалық әдісті қолдану аз уақыт ішінде
үлкен көлемді мәліметтерді өндеп, қойылған мақсаттарға сай қолайлы шешімді
тандауға мүмкіндік береді.

Статистикалық әдісті индекстерді талқылап, корреляциялық талдаулар
жүргізілу үшін қолданылады.

Сонемен қатар, муниципалды менеджментте өзіңдік спецификалық басқару
әдістері қолданылады.

Ұйымдастырушылық әдістер – белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін
ұйымдастырушылық қарым-қатынастарға (бөліп қарайтын, тәртіптік) әсер ету
жүйесі.

Экономикалық әдістер – нақты экономикалық шарттарды құру жолдарына
әсер ету тәсілдері (қаржы тетіктері, болжамдары, экономикалық
қызығушылықтар мен шаруашылық есептер).

Әлеуметтік-психологиялық – психологиялық білімдеріне негізделген ,
қызмет етушінің өз мінезіне тәуелді болатын әсер ету тәсілдері.

Қалалар мен аудандарда қоғамда жиі кездесетін барлық негізгі
байланыстар мен қарым-қатынастар түрі территориялық ерекшеліктерге иеленіп,
нақтыланып келеді. Сондықтан да муниципалды менеджменттің қағидаларын
ғылыми негіздеу және оларды тәжірибеде тиімді пайдалану бір ғана мағынада
болады.

Муниципалдық менеджменттің қағидалары әр қилы. Олардың жүйесінде ортақ
және специфиалық қағидаларды бөліп қарастыруға болады.

Қоғамдық ұйымдардың барлық орталарында, соның ішінде муниципалдық
менеджментте қызмет ететін ортақ қағидалардың ішінде жүйелілік, ғылымдылық,
тұрақты даму, әлеуметтік-экономикалық әсерлілік және т.б. айтуға болады.

Спецификалық (жеке) қағидалар муниципалды менеджменттің объектілері
мен субъектілерінің ерекшеліктеріне негізделген. Оларға келесілері жатады.

Демократизм қағидасы аймақтық масштабтағы шешімдерді қабылдауға
тұрғындардың белсенді қатысуын көздейді. Жүргізілетін іс-әрекеттер хандық
негізде болады, яғни қоғамды муниципалитеттің істеріне еліктіріп, қоғамдық
бірлестіктердің аймақ территориясында өмір сүруіне жауапкершіліктерді
жүктеп, басқарылатын аймақтарды бекіту болып саналады.

Субсидиарлық қағидасы билік органдарының арасындағы басқарушылық
қызметтерді бөліп беру үрдісімен сипатталады. Қағиданың қызметі билік
қызметтерін атқарудағы тұрақты реттілікті және осы органдардың халық
алдындағы жауапкершіліктерін бөліп беру тәртібін анықтайды.

Децентрализация қағидасы жекеленген территориялардың сәйкесінше осы
территорияларға қаржылық басқарылу қызметінің ретін көрсету тәртібін
білдіреді. Осы қағиданың арқасында территоиялардың құқықтары мен
міндеттерін кеңейту жолдарымен тұтастылық шарттарын қамтамасыз етіп
отырады.

Кешенділік қағидасы бұл қалалардың немесе аудандардың келесідей
өмершендік құрылуды көздейді, яғни ондай жағдайда тұрғындар тек қана өдіріс
факторы ретінде ғана емес, сонымен қатар, басты мақсат экономиканы дамыту
болғандықтан тәжірибелік менеджменттің технологиялары мен барлық
құрылымдарының әлеуметтік бағдаршысы ретінде болу керек.

Муниципалды менеджменттегі целеполагания қағидасы үрдістердің
қорытындыларға қарай дннамикалық түрде бағытталып, экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық және т.б. түрлерді құрайды.

Қағидалар тек формалары бойынша өзгеріссіз сияқты болып көрінеді. Ал
оның мағынасы динамикалық түрде болады, яғни мемлекеттің, оның аймақтарының
және де муниципалдық құрылымдарының даму шарттарына сәйкес келеді.

Муниципалды менеджмент келесідей қызметтер атқарады:

- қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуының
болжамдарын, сценарийларын, бағдарламалары мен жоспарларын талдау, бағалау
және жасау;

- муниципалдық құрылымдар мен, олардың тылыми-техникалық және
интелектуалды орталарының еңбек потенциалын пайдалану және көбейту;

- әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың дамуы және қолдануы;

- тұрғындарға қызмет көрсету бойынша бәсекелестіктерді жою, соның
ішінде муниципалдық құрылымдармен;

- жергілікті бюджетті толтыру және оны тиімді пайдалану;

- бюджеттік емес ресурстарға қол жеткізу;

- муниципалды меншікті алу және оны меншіктеу, сонымен қатар оны
тиімді пайдалану;

- нарықты ортаның, оның инфрақұрылымдары мен кәсіпкерлікті дамытуға
жағдай жасау;

- муниципалдық құрылымдар мен экономикалық белсенді қоғамның
экономикасына демографиялық жүктелу мен жұмыспен қамтуды іске асыру, жаңа
жұмыс орындарын ұйымдастыру;

- басқа қалалар және аудандармен экономикалық және өндірістік
байланыстарды жақсарту және бекіту;

- жергілікті биліктің коммерциялық банктермен, инвестиционерлермен,
сақтандыру және тағы да басқа құрылымдармен, соның ішінде басқа қалаларда
немесе шет елде орналасқандарымен әсерлесуі.

Қазіргі таңда Қазақстанда іске асырылатын экономикалық реформалар
басқарудың териториялық аспектісіне көңіл бөлуді күшейтуге объективті түрде
септігін тигізуде.

Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі болғандықтан қазіргі
заман шарттарында өте маңызды болады, алайда біздің елімізде жергілікті
деңгейде басқарудың демократизмі мен белсенділігін басып тастайтын
басқарудың командалық - әкімшілік жүйесі әлі күнге дейін жүргізілуде.
Өзінің аяқ басып тік тұруындағы кезеңінде, басқарудың жаңа түрі -
муниципалды менеджмент — экономикалық дағдарысқа байланысты және Қазақстан
Республикасындағы заңнамалық актіледрің біршамасының жоқтығына байланысты
үлкен қиындықтарға ұшырауды. Бұл жүйенің мақсатты болуы әлемнің көптеген
елдеріндегі нарықтық экономиканың бекінуімен дәлелденеді.

2 АҚШ-тың ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 АҚШ-тың жергілікті жерлердегі территориялық басқарудың
ерекшеліктері

Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка – Солтүстік Америкадағы
мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363,2 мың км2. Халқы 302 млн.
Астанасы – Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-
Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филаде льфия, Детройт, Бостон,
Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1
федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48
штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың
орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады.
Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға
жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы
орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент
(конгресс).

АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі
ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде
орналасқан.

АҚШ муниципалды өзін өзі басқару мен штат басқару жүйесі әкімшілік
территориалды бөліну негізінде жүзеге асады.Әр бір штатта муниципалды
басқару жүйесі әр түрлі.Штаттардың көбісі графстваларға бөлінген.АҚШ-та 3
мыңнан астам графство бар.Оларды тұрғындар графвство кеңесінде
таңдайды.Сонымен қоса,тәртіпті қадағалайтын –шериф,штат уәкілеті-прокурор
мен атторнейді,қазынашыны таңдайды.Кеңес басқармасының бұл және басқа да
лауазымды тұлғалардың қадағалауымен жергілікті муниципалды шенеуліктер
қызмет атқарады.Кеңес қаржыландыру жөніндегі сұрақтарды даму
бағдарламаларын анықтайды.Қалалар графстводан бөлектенген және өзінің
жергілікті өзін өзі басқару жүйесі бар болуымен сипатталады.АҚШ-та қалалық
муниципалды өзін өзі басқарудың 3 түрі бар.Көптеген қалаларда кеңес-
басқарушы жүйесі қолданылады.Тұрғындарды кеңес таңдайды,кеңес мэрды
таңдайды,,ал мэр кеңесте уәкілетті және ол басқарушылық жұмыстармен
айналыспайды.Басқарушылық қызметті арнайы контракт бойынша жалданатын маман
шенеулік -менеджер жүзеге асырады.Графстволар тауна мен ауншип болып
бөлінеді.

АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде
кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи
ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді
ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды
көрсетеді. АҚШ көбіне капиталистік шаруашылық деген терминмен
сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік
теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса
маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген.
Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп социалистік
экономиканы қарама-қарсы қойды. Маркс пен оның шәкірттері капиталистік
жүйеде өз байлығын арттыруды мақсат еткен қуатты бизнесмендердің қолында
билік шоғырланған дей отырып, социалистік шаруашылықта үкіметтің негізгі
мақсаты - қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі
Аймақтық басқару – жалпы басқару саласы ретінде
Мемлекеттік қызмет жүйесі
МУНИЦИПАЛДЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Мемлекеттің территориялық құрылымы мен түрлері
Аймақтық әлеуметтік экономикалық даму
Рекреациялық қызметтің ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
ҚР әкімшілік-территориялық бөлінуі
Муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен жүргізу ерешеліктері
Пәндер