Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері


ЖОСПАР
1. Әкімшілік жаза қолдану ұғымы
2. Әкімшілік жазалардың түрлері
3. Әкімшілік жазаларды қолдану ережелері
4. Әкімшілік жаза қолдану мерзімдері және әкімшілік жазаға
тарту мерзімінің өтуі
5. Әкімшілік жауапкершіліктен және әкімшілік жазадан босатудың түсінігі
6. Әкімшілік теріс қылықтардың көптігі үшін әкімшілік жаза
қолдану
Пайдаланған әдебиеттер
ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР
1. Әкімшілік жаза қолдану ұғымы
Әкімшілік құқық нормасы қандай да бір әрекетке (әрекетсіздікке) әкімшілік-құқықтық тыйым белгілейді және әкімшілік-құқықтық санкцияның болуын көздейді, сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, ал ол бұзылған жағдайда кінәліге қандай да бір жаза қолданылады.
Әкімшілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты қылмыстық құқықтағы жазалауды емес, әкімшілік құқықтағы жазаны қолдануды көздейді. Бұл әкімшілік жаза қолдануда өзіндік мән бар екендігімен және іс-әрекеттің жазаланатындығы әкімшілік теріс әрекеттің міндетті белгісі ретінде қаралмайтындығымен байланысты.
Әкімшілік құқықта жаза қолдану уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның әкімшілік теріс әрекет жасаған адамға заң негізінде қолданатын мемлекеттік ықпал ету шарасы. Өз кезегінде, әкімшілік заңда іс-әрекеттің жазаланатындығын заң шығарушының құқық бұзудың қажетті салдары ретінде тікелей көрсетпеуі оны әкімшілік теріс әрекеттерге мүлде тән емес деп айтуға негіздеме бола алмайды. Заң шығарушьі іс-әрекеттің жазаланатындығын әкімшілік құқық бұзушылық ұғымның міндетті белгілерінің бірі ретінде бөліп алмаса да, әкімшілік жаза қолдануды әкімшіліктер іс-әрекетке қатысты жауаптылық шаралары деп қарастырған жөн: Осыған байланысты әкімшілік жауапкершілік шаралары ретінде қолданылатын әкімшілік жазаның мына мақсаттарын анықтауға болады:
- құқық бұзушының өзінің де, басқа адамдардың да қайтадан құқық бұзуының алдын алу;
- іс-әрекет үшін әкімшілік заң, нормаларында көзделген тиісті жауапкершілік шаралары;
- құқық бұзушыны әкімшілік заң нормаларына сәйкес тәрбиелеу (қайта тәрбиелеу) ;
- әкімшілік құқық бұзушылық жасаудан сақтандыру жұмыстары.
Сонымен, әкімшілік жаза, көрсетілген мақсаттарға арналып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте берілуге тиіс.
Жаза қолдаиу шараларын қолданудың мәніне баға бергенде (әңгіме, әдетте, мәжбүрлеудің мәні жайында), құқық нормалары, уәкілетті адамдардың құқықтық мүмкіндіктері мен нақты нәтижеге жетудегі мақсаттар арасындағы байланыстың бар екендігіне назар аудару керек.
Осы құбылыстар ғана жаза қолдану қызметінің мазмұнын көрсетеді. және оған тән екінші бір ерекшелік сол - құқық қолданушы тарап субъективтік құқықты құқық қолдану актісі арқылы іске асырады.
Әдебиетте жекелеген авторлар іс жүргізу нормаларын материалдық нормалармен бірге құқық қолдану көзі деп санауға болар ма екен деген пікір айтады.
Құқық қолданудың әкімшілік құқықтағы өзіндік ерекшелігі сонда, материалдық нормалар іс жүргізу нормаларында көзделген шекте (жағдайларда, мерзімдерде) және белгілі бір субъектілердің қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай жүйелік жағдай материалдық-іс жүргізу режимінің көмегімен құрылады, мысалы, әлеуметтік ауытқудың (құқық бұзудың) классикалық формасының өзі өндіріс барысында анықталуы мүмкін.
ӘҚтК-де және басқа әкімшілік-құқықтық актілерде көзделген әкімшілік жазалар әртүрлі негіздемелер бойынша топтастырылуы мүмкін:
I. Түрлері бойынша: 1) ескерту жасау; 2) айыппұл салу; 3) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болып затты өтемін төлеп алу; 4) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған затты тәркілеу; 5) сол азаматқа берілген арнаулы құқықтардан (көлік құралын басқару құқығынан, аң аулау құқығынан) айыру; б) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біиіктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе белгілі бір қызмет түріне, не белгілі бір әрекет жасауға оның күшін тоқтату; 7) жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; 8) өз бетімен тұрғызып жатқан немесе тұрғызған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; 9) әкімшілік қамауға алу; 10) шетелдікті немесе азаматтғы жоқ адамды ҚР аумағынан әкімшілік жолмен аластату.
Сонымен қатар ӘҚтК-нің 45-бабының 2-бөлігі занды тұлғаларға да қатысты осы шаралардың қолданылуын көздейді (ескерту жасау, әкімшілік айыппұл салу, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою немесе ол затты тәркілеу, арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (қуәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтату, сондай-ақ занды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу) .
II. Іс жүргізуді қамтамасыз етудің (немесе жаза беру тәртібінің) сипаты (түрлері) бойынша: сот және әкімшілік тәртібінде жаза беру.
III. Жаза берілген жер бойынша: 1) құқық бұзушылық жасалған жер бойынша; 2) оқу (жұмыс) орны бойынша; 3) тұрған жері бойынша; 4) көлік құралы тіркелген жер бойынша;
IV. Ықпал етудің сипаты бойынша: негізгі және қосымша жазалар;
V. Күшінде болу уақыты бойынша: бір реттік, бір жолғы (ескерту жасау, айыппұл салу), ұзақ уақытты (қамауға алу, арнаулы құқықтардан айыру) .
VI. Құқық бұзушылықтан сақтандырудың функциялары бойынша жазалар жалпы, жеке, арнаулы болып топтасады.
Жалпы - тек әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның ғана емес, басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылығының алдын алуға бағытталған жаза;
Жеке - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жаңа құқық бұзушылығының алдын алуға бағытталған жаза;
Арнаулы - жеке жазаның бір түрі, онда кінәлі адамның жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасауына кедергі болатын жағдайлар туындайды.
Бұл ретте әкімшілік жаза қолдану мәжбүрлеудің (жауап беру, міндетті және басқа да талаптарды орындау) тек мазмұндық жағын (немесе мәнін) ғана көрсетеді. Сондықтан да заң шығарушы, әкімшілік теріс әрекет ұғымын анықтағанда, бұл ұғымды тікелей аша отырып жаза жайында емес, әкімшілік заң теріс әрекет деп таныйтын іс-әрекет үшін қарастырылған әкімшілік жауапкершілік жайында айтады.
Барлық жазалар бірыңғай жүйе құрайды, ол Қазақстан Республикасының зандарымен регламенттеледі. Заңда жазалардың тізбесі мен олардың орналасу тәртібі қатаң белгіленген: жұмсақтаудан қатаңдауға қарай орналасқан, ол заң шығарушының өзі үшін де, оны қолданушы адамдар үшін де қажет.
Сондықтан да, мәжбүрлеп ықпал етудің осы жазаларға ұқсас болуы мүмкін басқа құралдарын заңда көрсетілген жазалар тобына жатқызуға болмайды.
2. Әкімшілік жазалардың түрлері.
ӘҚтК-нің 46-бабында әкімшілік теріс әрекет жасағандық үшін жаза ретінде қолданылатын әкімшілік жазалардың тізбесі келтірілген. Бұл жерде заң шығарушы жазалаудың негізгі және қосымша шараларын бөліп қарайды. Негізгілер - ескерту жасау, әкімшілік жолмен айыппұл салу және әкімшілік қамауға алу. Ал, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, тәркілеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша түрге жатады. Басқа шаралар (ӘҚтК-нің 46-бабы-ның 2-бөлігін қараңыз) негізгі де, қосымша да шаралар ретінде қолданыла алады.
Республика заңнамасында, сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық не құқық тәртібін бұзушылық жасаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасы аумағынан әкімшілік жолмен кетіру жағы да көзделген, сондай-ақ басқа да әкімшілік жазалар түрі белгіленген.
Ескерту жасау елеусіз әкімшілік теріс әрекет жасағандық үшін көзделген әкімшілік жауапксршіліктің өзінше дербес шарасы ретінде қолданылады.
Ескерту жасау тәрбиелік ықпалдың мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады, онда - теріс әрекет жасаған адам азаматтарға, басқа адамдарға, қоғамдық және мемлекеттік институттарға залал (зиян) келтіретін әрекетті (әрекетсіздікті) алдағы уақытта қайталап жасамауы жөнінде ескертіледі.
ӘҚтК-нің 47-бабына сәйкес ескерту, әкімшілік жазалау шарасы ретінде, жазбаша формада жасалады. Жаза қолданудың бұл шарасын заңға қайшы әрекеттің (өз бетімен құрылыс жүргізу, т. б. ) жалғасуына тыйым салу шараларынан ажыратып қарау керек. Осыған байланысты Д. Н. Бахрах мынадай алаңдаушылық білдіреді: құқық қолдану барысында бұл шараны жаза қолдану және бұлтартпау деп санауда түсініспеушілік туындауы мүмкін. Ескерту жасауды бұлтартпау шарасы ретінде қарау жөніндегі ұсынысты "сақтандыру" ұғымын пайдалана отырып сындарлы деп тану керек.
Сонымен қатар, заң шығарушының ескерту жасаудың жазбаша түрде емес, белгіленген басқа тәсілмен бекітілуін қарастыруға құқылы екендігін ескерген жөн (ӘҚтК-нің 47 бабы) .
Құқық бұзушыға әкімшілік жазаның осы шарасын қолданғанда істің барлық мән-жайлары міндетті түрде ескеріледі, оның жеке басы зерттеледі, оған жасаған іс-әрекетінің заңға қайшы екендігі және оны ұғынбаған немесе қайталаған жағдайда қатаңырақ жазалау шарасы қолданылуы мүмкін екендігі түсіндіріледі. Ескерту жасау кінәлі адамға қандай да бір құқықтық салдарлар әкеледі: біріншіден, ол әкімшілік жазаға ұшыраған болып саналады, екіншіден, ескерту жасауды қолдану қайтара жасалған теріс әрекет үшін жазалау мәселесін шешкенде жазаның басқа түрлерімен қоса есепке алынады.
Айыппұл салу - ақшалай жаза қолдану, белгілі бір әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзған кінәлі адамға (азаматқа, занды тұлғаға) мүліктік ықпал жасау шарасы, ол заңда регламенттелген жағдайда және тәртіпте, дәл мөлшердегі ақша сомасы арқылы салынады.
Әкімшілік тәртіпте салынған айыппұл әкімшілік жазалау шараларының ішіндегі ең көп таралғаны. Айыппұл түрінде жаза қолдану практикасында едәуір тәжірибе жинақталған, бұл жерде қандай да бір түсініксіздік немесе проблема туындауы мүмкін емес. Бірақ мәселенің басын мұқият зерттеу айыппұлдың мәнін ғана емес, сонымен қатар оның мөлшерін де, салу жағдайларын да қайта ойластыру керек екендігін көрсетіп отыр. Мынадай мысал алайық: теріс әрекет үшін онға дейінгі немесе жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу белгіленген. Жазалау шарасын қалай дәл анықтауға болады, қажетті критерийлерді табу мүмкін бе?
Айыппұл салу, әкімшілік құқықта, мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа ақшалай жазалау шарасы ретіндегі іс-қимылы деп қаралып келді. Бұл жазалау шарасының кең таралуы одақтық, сондай-ақ республикалық деңгейде (1961 ж. ) тиісті актіні -"Әкімшілік тәртіпте салынатын айыппұлдарды қолдануды ары қарай шектеу туралы" заң нормасын қабылдауға әкелді. Бұл актіге бірқатар түбегейлі өзгерістер енгізді (айып-пұлды кім және қандай мәселелер бойынша салуға құқылы; әкімшілік жауапқа тартуға болатын жас мөлшері он алты деп белгіленді) . Бірақ уақыт өз түзетуін енгізді, айыппұл салуға құқылы әкімшілік органдары мен лауазымды адамдардың саны азаймақ түгіл, қайта көбейіп барады.
Айыппұл заңда белгіленген жағдайларда және шектерде салынатын, айлық есептік көрсеткіштердің санына сәйкес келетін ақшалай жаза ретінде анықталады. Бұл ретте заң шығарушы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезге қарай анықталады деген тұжырым жасады.
Айыппұл мөлшері салықтық міндеттемелердің орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ зандар бұзыла отырып жүргізілген операциялар сомасының пайызымен көрсетіледі.
Әкімшілік айыппұл салудың мәнін талдай келе, бірнеше негізгі кезендерді атап өтуге болады.
1) қоғамның әлеуметтік жікке бөлінуінің және басқа экономикалық себептердің салдарынан әкімшілік айыппұл салу әкімшілік-фискалдық “бақылаушы" сипатында өзінің классикалық белгілерін “жоғалта” бастады. Мысалы, Т. М. Дәубеков "Әкімшілік жазалар: Қазақстан Республикасында құқықтық реформаны жүзеге асыру барысында оларды даралаудың құқықтық тетігін жетілдіру” (1995 ж. ) атты заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайындаған диссертациясында Қарағанды аумағында халықтың төлем қабілетінің төмен екендігін атап өткен ал бұл жағдай айыппұлды өндіруде қиындық тудырып қана қоймайды, ол шараның тиімділігін төмендетеді;
2) кәсіпкерліктің әртүрлі, оның ішінде мемлекеттік формасын дамыту әкімшілік тәртіпте салынатын айыппұл бойынша нақты сомадан (ақшалай жазадан) бас тартып ғана қоймады, ол "жалақының ең төменгі айлық мөлшерінен" "айлық есептік көрсеткішке" көшті, ал соңғының мөлшері әкімшілік құқық бұзылған кездегі көрсеткіш бойынша анықталады. Бірақ, бұл көрсстілген жағдайда да, егер бұл жазалау шарасын ақылы мүдделі ықпал шарасы ретінде анықтамаса, ондай азаматтық құқықта бар, онда әкімшілік органдарында, лауазымды адамдарда қазынаны толтыру дәмесі ғана емес, келген залалдың орнын толтырудың нақты мүмкіндігі де сақталады. Әкімшілік айыппұл салу мен азаматтық құқық бойынша зиянның орнын толтыруда елеулі айырмашылық бар екендігі даусыз, ол:
1) тараптардың құқықтық жағдайының теңсіздігінде (теңдігінде) ;
2) билікті органдар анықтаған міндеттерде, және әкімшілік акті жағдайларының императивтігінде (шарттардан туыңдайтың міндеттемелерде) және т. б.
Лауазымды адамдарға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері құқық бұзушылықтың сипатына қарай өзгеретіндігін жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, ӘҚтК әкімшілік айып-пұлдың мөлшерін құқық бұзушылықтың сипатына және құқық бұзушының мәртебесіне қарай белгілейді. Сонымен, жеке тұлғаға салынатын айылпұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бірінсн аз емес, лауазымды адамдарға салынатын айыппұл мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем емес, заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде болады.
48-бапқа сәйкес айыппұл:
1) ақшалай жаза ретінде;
2) ӘҚтК-де көзделген жағдайларда және шектерде;
3) айлық есептік көрсеткіш санына сәйкес келетін сома түрінде салынады деп қаралады;
4) азаматтарға салынатын айыппұл, әдетте, айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінен, лауазымды адамдарға - елу мөлшерінен аспауға тиіс.
Сонымен қатар, заң шығарушы заңдарда белгіленген салықтық міндеттемелердің орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған сомасының, сондай-ақ заң нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасының пайызымен көрсетілген айыппұл 48-баптың 3-бөлігінде аталған айыппұлдар мөлшерінен асатын мөлшердс белгіленуі мүмкін (48-балтың 4-бөлігі) .
Айыппұл, әдетте, азаматтарға, лауазымды адамдарға, занды тұлғаларға әкімшілік және басқа құқық бұзушылық үшін салынады. Құқық бұзушылық жасағанда, мысалы, кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрімен айналысқанда немесе лауазымды адам кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласса, өкілеттігі бар лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды. Бірақ, ескерту жасауға немесс бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын айыппұл салуға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалынбайды.
Әкімшілік жаза қолдану практикасы кәсіпкерлсрдің өз қызметінің ерекшеліктеріне қарай бір іс-әрекет үшін негізгі де, қосымша да ықпал ету шараларын қолдануға болатындай құқық бұзушылық жасайтындығын көрсетіп отыр. Оған мынадай мысал келтіруге болады: ең жоғарғы деңгейден асатын бағамен және тарифпен тауар сату және қызмет көрсету (тауары мен түсірген пайдасы тәркіленіп айыппұл салынуы мүмкін), не кедендік ресімделуі аяқталмаған тауарларға, көлік құралдарына қатысты заңсыз операциялар жүргізу, олардың жағдайын өзгерту, пайдалану және билік жасау (тәркілеп айыппұл салу) .
Айыппұлды құқық бұзушы өзіне айыппұл салу туралы қаулы тапсырылғаннан кейін oн бес күннен кешіктірмей төлейді. Бұл ретте азаматтың, лауазымды адамныц шағымдану құқығы сақталады және, егер шағым беріліп қаралғаннан кейін немесе прокурордың наразылығынан кейін шағым қанағаттандырусыз қалдырылса, онда жоғарыдағы мерзім шағымның қанағаттандырусыз қалдырылғандығы жайында хабар берілген күннен бастап саналады.
Заң шығарушы айыппұл өндіру туралы қаулының ерікті және мәжбүрлі түрде орындалуын қарастырған.
Қорытындысында облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар - депутаттар жинасы қабылдауға өкілетті, әкімшілік жауапкершілікті көздейтін міндетті ережелерді қолданудың көп таралған практикасына назар аударайық. Әрине, әкімшілік жауапкершілік әкімшілік айыппұл салумен ғана шектеліп қалмайды. Бірақ міндетті ережелерді: жерді, орманды, су ресурстарын және т. б. қорғау және сақтау; көпшілік орындарда сауда жасау; қоғамдық тәртіп, өрт және жол қауіпсіздігі; судағы қауіпсіздік; жұқпалы аурулар мен эпизотийлердің алдын алу шаралары; инженерлік қатынас жүйелерін қорғау; аумақты санитарлық қорғау; қоғамдық көлікті пайдалану; автокөлікті тұраққа қою және т. б. мәселелер бойынша құқық бұзылғанда ("Қазақстан Рсспубликасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" ҚР Заңының 41-бабы) айыппұл салынуы мүмкін.
Мұндай ережелердің қолданылуына қатысты көптеген сыни пікірлер бар (мысалы, әрбір аймақтың өз "әкімшілік кодексі" бар деген) . Бірақ аталған Заңның 41-бабына берілген доктриналық түсініктеме маслихаттар міндетті ережелер шығаруға ғана құқылы емес, олар ӘҚтК-тің 3-бабының 2-бөлігі, басқа да баптардың негізінде әкімшілік жауапкершілік, белгілей де алады деп тұжырым жасауға негіздеме бермейді. Жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделген (жаза түрлері, айыппұл мөлшері), мысалы, сауда ережесін бұзғандық үшін, т. б. Сонымен, мәслихаттар, егер заңда анықталмаған болса, жауапкершілік белгілеуге құқылы емес, ол ҚР Конституциясының 61-бабынан туындайды, немесе заңда белгіленген шектен асыра алмайды.
Әкімшілік теріс әрекет үшін салынатын айыппұлдарды талдағанда ӘҚтК және басқа нормативтік құқықтық актілермен қоса облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарға қарайтын аумақтарда ережелер қабылданатындығын, оларды бұзғандық үшін де жауаптылық көзделгендігін ескеру керек. Және де, мәртебе ескеріліп, мысалы, Алматы қаласының, мұндай ережелерде әкімшілік айыппұл мөлшерінің көтеріңкі шегі болуы мүмкін.
Бұл міндетті ережелер тиісті аумақта қажетті тәртіпті қамтамасыз етуді көздейді және олар жарияланған кезден бастап ары кетсе екі апта ішінде, ал табиғи апатпен, жұқпалы аурулармен және эпизоотиямен күрес жөніндегі ережелер тез арада занды күшіне енеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық қаруы болған немесе тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою - ӘҚтК-тің 49-бабына сәйкес жүзеге асырылатын әкімшілік жаза, ол бапқа сәйкес зат алынып сатылады, ал сатуға байланысты шығын шегеріліп, қалған сома заттың бұрынғы иесіне тапсырылады.
Заттар адамды ұстағанда, оның үсті-басын қарағанда, заттарын қарағанда тиісті лауазымды адам арқылы алынуы мүмкін. Өтемін төлеп алуға жататьш заттардың түрлері республика заңнамасында белгіленген.
Алынған заттар затты алуға құқық берілген органдар (лауазымды адамдар) анықтаған жерге сақтауға өткізіледі, ол онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін сақталады. Оның нәтижесіне қарай заттар заңда белгіленген тәртіпте сатылады. Мысалы, өтемін төлеп алып қоюға қоғамдық тәртіпті ұдайы бұзатын, ішімдікке салынған, жүйке ауруына ұшыраған адамға тиесілі аңшы мылтығы жатады. Мұндай мылтықтарды полиция қызметкері комиссиялық негізде сатуы үшін сауда органдарына өткізеді.
Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрілерін және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемін төлеп алып қоюды аң аулау өмір сүруінің негізгі занды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды (ӘҚтК-тің 49-бабының 2-бөлігі) .
Затты өтемін төлеп алып қою әкімшілік жазалау шарасы ретінде негізгі және қосымша жаза түрінде қолданылуы мүмкін.
Сонымен қатар заттарды алып қою мен тәркілеу бірдей қолданылмайды.
Тәркілеу - мүліктік сипаттағы әкімшілік жаза, ол құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды мемлекет меншігіне тегін алудан тұрады. (ӘҚтК-тің 50-бабы) .
Тәркілеу, әдетте, мүлікті қазынаға алып қою деген ұғым береді, ол социалистік революция кезінде кең қолданылды. Әкімшілік жазалау шарасы ретінде тәркілеугс қызығушылық өткен күндердің әлеуметтік контексімен байланысты емес. Бүгіндері бұл шараға жүгінудің себептері аз емес, ол негізгі де, қосымша да әкімшілік жаза ретінде қолданылады. Сонымен қатар, затты мәжбүрлеп тегін алып қою, егер тйісті бір ережелер сақталмаса, меншік құқығына қауіп төндіруі мүмкін, сол себепті осы тақырыпты қарастырып көрейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz