Әлеуметтік жұмыскердің маман ретінде қалыптасыуындағы этикалық сапалары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе. 3

І. Әлеуметтік жұмыскер профессионализмінің дамуының көпжақтылығы5

1. 1 Әлеуметтік жұмыскер профессионализмі мен кәсіби біліктілігінің қалыптасуы және болашақ мамандарды дайындау мәселелері. 5

1. 2 Әлеуметтік жұмыскердің маман ретінде қалыптасыуындағы этикалықсапалары. 10

1. 3 Әлеуметтік жұмыскер имиджінің қалыптасуы. 14

ІІ. Әлеуметтік жұмыскер мен клиент арасындағы жұмыс технологиялары18

2. 1 Қарым-қатынас-әлеуметтік жұмыскердің профессионализмінің маңызды қасиеті ретінде. 18

2. 2 Клиентпен сұхбат. 23

Қорытынды. 26

Әдебиеттер тізімі:29

Кіріспе.

Экономикалық, саяси, демографиялық процестер әлеуметтік кеңістіктегі қоғам өмірінің түбегейлі тамырын өзгертті. Өте жиі өсіп келе жатқан халықтар дифференциациясы, жұмыссыздар, қашқындар, үйі жоқ адамдар, экологиялық және демографиялық күрделі жағдайға түскен халықтар- бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Осындай күрделі мәселелерге байланысты өзектендірілген мәселелер әлеуметтік көмекпен тікелей байланысты, яғни жеке көрсетілетін реабилитациялық көмектер, түрлі топтар мен қауымдастықтар, өз кезегінде нағыз мамандандырылған кадрлар қажеттілігі туындап, әлеуметтік жұмыс мамандығы пайда болды. Әлеуметтік кеңістіктегі мамандар туралы айтқанда, ең алдымен олардың өзіндік іс-әрекеттері мен әрқашан қоғаммен байланысты болатынын түсіну, өмірлік қолайлы жағдайларда клиенттерге мақсатқа жету үшін әрекет жасайды. Жалпы әлеуметтік жұмыс саласында әлеуметтік қызметкердің профессионализмін қалыптастыру үшін жоғары білім мен практика қажет болады.

Тақырыптың өзектілігі- әлеуметтік жұмыс саласында мамандарды дайындауда профессионализмді қалыптастыру. Профессионализмнің қалыптасуына әсер ететін факторлар мен шарттармен танысу. Курстық жұмыс барысында кездесетін әлеуметтік жұмыскердің кәсіби-этикалық нормаларымен, әлеуметтік жұмыскер имиджі және кәсіби біліктіліктің дамуына ықпал ететін технологиялармен танысу. Әлеуметтік жұмыскер және клиент арасындағы қарым-қатынасты шынайыландыру. Клиентпен қарым-қатынас кезінде әлеуметтік қызметкердің кәсібилігін көрсететін сенімділікті қалыптастыру.

Жұмыстың мақсаты- әлеуметтік жұмыскердің кәсібилігін жан-жақты, түрлі әлеуметтік саладағы іс-әрекеттерге байланысты қалыптастыру.

Жұмыстың зерттеу болжамы- әлеуметтік жұмыскердің профессионализмін көрсетеді. Оның кәсібилігі этикалық сапалар мен рухани құндылықтар арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар бұл курстық жұмыс этика мен педагогика ғылымының әлеуметтік жұмыс саласындағы рөлін айқындайды.

Жұмыстың мақсаты- әлеуметтік жұмыстағы профессионал тұлғаны қалыптастыру. Оны теория жүзінде оқу, практикада жүзеге асыру.

Көрсетілген мақсатқа және болжамға жету үшін міндеттер де көрсетілген:

1. Қарастырылатын тақырып бойынша әдебиет көздерін жинақтап оқу;

2. Әдебиеттер арасынан әлеуметтік жұмыскердің профессионал ретінде қалыптасуына әсер ететін іс-әрекеттерді анықтау;

3. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби құндылықтарын сипаттау;

4. Әлеуметтік жұмыскер мен клиент арасындағы қарым-қатынасты шынайыландыру;

5. Әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық ерекшеліктерін анализдеу

Жұмыстың объектісі- әлеуметтік жұмыскердің профессионал ретінде қалыптасуына әсер ететін іс-әрекеттер.

Жұмыстың зерттеу пәні- әлеуметтік жұмыскердің профессионализмі. Жұмыстың жалпы құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңғы бетінде пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

І. Әлеуметтік жұмыскер профессионализмінің дамуының көпжақтылығы

1. 1 Әлеуметтік жұмыскер профессионализмі мен кәсіби біліктілігінің қалыптасуы және болашақ мамандарды дайындау мәселелері.

Профессионализм- жоғары, тұрақты білім сатысы, ғылымдар мен үлгерімдер, кәсіби әрекеттерде тиімді жолмен мақсаттарға жету. «Профессионализм» түсінігі қазірде энциклопедия сөздіктеріне енгізілмеген. Көптеген ғалымдар профессионализмді қабілеттіліктің жарқын дамуы деп емес, сондай-ақ іс-әрекеттің сәтті аяқталуы үшін қажеттіліктерді игеру деп түсіндіреді. Профессионализм сонымен қатар өзіндік мінез-құлық және іс-әрекет нормаларын реттеуді қарастырады.

Әлеуметтік жұмыста мамандардың кәсіби біліктілігінің қалыптасуының элементтері:

-концептуалдық-мамандыққа байланысты теориялық негіздерді түсіну;

-инструменталды-негізгі профессионалды дағдыларды игеруге қабілеттілік;

-интегративті-әлеуметтік жұмыстың практикасы мен теориясын бір жүйеге келтіру арқылы байланыстыру;

-контекстуалдық-географиялық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды түсіне білу;

-адаптивтік-кәсіби ортадағы өзгерістерді қарастыру;

-коммуникативті-клиентпен және басқа мамандармен қарым-қатынаста тұлғааралық тиімділіктерді құрастыру.

Әлеуметтік жұмыста зерттеу бағыттары салааралық жетілдірілген амалдарда көрсетіледі. Ең алдымен, жетілдірілген амалдар кәсіби білімнің кешенді нәтижесі ретінде қарастырылады. Білім беру процесінде бұндай іс-әрекеттер моделі әлеуметтік жұмыскердің профессионал ретінде қалыптасуында қолданылады. Сондай-ақ бұл саланы жетік меңгеру, өзін танушылық кеңістігінде, азаматтық-отандық, әлеуметтік-еңбектік, отбасылық-тұрмыстық, мәдени іс-әрекеттерді үйренуге жағдай жасайды. Осылардың барлығы заманауи қоғамға бейімделу қабілеттілігіне дәл келеді. Осылардан бөлек, негізгі критерийлер білім, тәжірибе, болашақ мамандарды жетілдіру, конгитивтілік, ақыл-ой рефлексиясы, өзін-өзі реттеу сияқты әрекеттерді атқарады.

Барлық арнайы компетенттіліктер әлеуметтік жұмыскерді профессионал тұлға ретінде көрсетіп, әлеуметтік топтарда және жеке адамдар жағдайларында пайда болған мәселелерді тиімді жолмен шешуге қабілетті. Әлеуметтік жұмыста субъекті маңызды орынга ие. Оның нақты іс-әрекеттері дұрыс бағалау, өз дамуына жағдай жасау болып табылады. Әлеуметтік жұмыс анализін тиімді құрастыру мынадай сатыларда жүруі мүмкін:

-мотивациялық-қажеттілік, субъекті мотивациясымен өзара байланыста анықталады (альтруистік, профессионалдық, материалдық, өзін-өзі реттеу мотивациясы) ;

-ақпараттық, маманның белгілі бір стандартқа сәйкес білім алуымен анықталады;

-мақсаттық-жетілдіру, маманның өз функцияларын орындау дәрежесімен анықталады;

-функциональды-құрылымдық, маманның нақты іс-әрекеттері әлеуметтік жұмыс функциялары арақатынасында тиімді анықталуымен байланысты;

-маңызды-кәсіби сапалар, субъектінің барлық индивидуальды қасиеттерін анықтап, оны шынайыландырады.

Әлеуметтік жұмыскер үшін өте маңызды сипат ішкі әлеуметтік себептер болып табылады. Ресейлік басқару жүйесінде әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыруға көптеген тосқауылдар болып жатыр. Іс-әрекеттер тиімділігін бағалауда, маман объективті қиыншылықтарды үйреніп, себептерінің деңгейін төмендетіп, нәтижені арттыру керек. Бұл процестегі ең маңыздысы- қоғамдағы әлеуметтік денсаулық пен халықтың әл-ауқатының артуы.

Әлеуметтік жұмыстың тиімділігіне кедергі келтіретін факторлар:

-қызметтік ұйымдардағы ведомствалық өресіздік және бытыраңқылық;

-әлеуметтік жұмыскердің орташа буын мамандарының төменгі деңгейдегі төлемдері;

-қоғамдық әрекеттердегі тиімді ұйымдастырылған қолдаулардың жоқтығы;

-әлеуметтік жұмыста теориялық және әдістемелік амалдарды, нормативтік және этикалық негіздерді практикада жеткіліксіз қолдану.

Бұл кемшіліктерді жеңу ең алдымен әлеуметтік жұмыс деңгейінің құрылымдарымен байланысты. Әлеуметтік жұмыстың тиімділігін жоғарылату үшін, үлкен потенциал ішінде алынған кәсіби құзіреттіліктер мен субъектінің даму дәрежелерін және жолдарын анықтау керек.

Практикалық іс-әрекеттерде әлеуметтік жұмыскерлер әр-түрлі профессионализм деңгейінде көрініп отыр. Американдық зерттеулер әлеуметтік жұмысшылардың кәсіби статусы мен жүйелерін көрсетсе, оларды Ресей ғалымдары Б. Шерон мен Тэмплэн интервью мен сұхбат әдістерін қолданып, 2000жылы әлеуметтік жұмыстағы субъектіні 4 топқа бөліп, олардың профессионализм деңгейлерін анықтады.

Біріншіден, ЖОО-дағы «әлеуметтік жұмыс» мамандығында оқитын дәстүрлі студенттер, дегенмен олардың сандары аз болса да, әлеуметтік жұмыста олардың талап-тілектері үлкен орынға ие. Студенттерде бұл мамандықты игере келе, адамдарға көмек көрсету, кәсіби білім мен биік біліктілікке қол жеткізу қажеттілігі туындайды.

Екінші топқа, білім тәжірибесі аз, кәсіби деңгейі төмен әлеуметтік жұмыс кеңістігіндегі әлеуметтік жұмыскерлер жатады.

Үшінші топты басқа саладағы мамандар құрайды. Субъектілердің әсіресе осы деңгейі, жаңа мамандарды даярлау мен профессионализм деңгейін өсіруді қажетсініп жатыр.

Төртінші топ, әлеуметтік жұмыс саласындағы білім беретін мұғалімдер, яғни олардың бойында профессионализм мен жаттығу тәжірибесінің бағдарламалары биік деңгейде жинақталған.

ХХғ. зерттеулер нәтижесінің тенденциясы, әлеуметтік жұмыстағы субъекттілердің профессионализмінің жеткіліксіздігіне байланысты айқындалған. Қазіргі кезде топтар дамуына байланысты профессионализм деңгейі едәуір өсті: әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар, сауықтыру және арнайы оқыту мекемелеріндегі әлеуметтік жұмысшылар, оқытушылар және т. б маман сандарының артуы. Сараптамалар әлеуметтік жұмыс кеңістігіндегі осы саладағы бітірушілер санының көбею тенденциясын айқындап отыр.

Әлеуметтік жұмыскерлер өзінің кәсіби функцияларын орындау барысында әр қилы қызметтермен айналысады. Олардың қызметтері мәселелерді шешуде негізгі үш әдіспен сипатталады:

  • Тәрбие беру әдісі - ұстаз, консультант, эксперт ретінде болады. Әлеуметтік жұмыскер кеңес береді, іскерлікке, өңдеуге, өзін дұрыс ұстауға баулиды, кері байланысты орнатады, үйрету әдісі ретінде ойындарды қолданады.
  • Фасилитативті әдіс - көмекші, жақтас немесе апатияны жеңу үшін делдал немесе тұлғаның істеуге қолы бармайтын тәртіп бұзушы болады.
  • Қорғаушылық әдісі - әлеуметтік жұмыскердің нақты клиенттің немесе клиенттер тобының атынан қорғаушы қызметін атқарғанда қолданылады.

Әлеуметтік жұмыс оқу пәні ретінде әлеуметтік жұмыстың теориялық және практикалық көпжүйелілігінің мазмұндамасы, кешенді ұғым. Оның негізгі мақсатты әлеуметтік жұмыста мамандықтың бағытын, құралдарын, технологиялары мен әдістерін қалыптастыру. Әлеуметтік жұмыстың интегралды сипаты мамандық ретінде мультидисциплинарлы мінез-құлықты үйренуге себепші болып отыр. Осының нәтижесінде әлеуметтік жұмыс өзара байланысты гуманитарлық оқу процестерінің идеяларынан, адам туралы білім ретіндегі табиғи және әлеуметтік ғылымдардан, тұлғаның әлеуметтік дамудағы қоғамдық және табиғаттың байланыстарынан құралады. Әлеуметтік жұмысты үйрену процесінің жүйелендіру факторлары болашақ әлеуметтік жұмыскердің сапалық мақсаттарына, көпфункционалды кәсіби әрекеттердің тапсырмалары мен шарттарына сәйкес келеді, сондықтан да әлеуметтік жұмыскердің принциптері мен дағдылары әмбебап болып табылады. Маманның білімінің деңгейі мен көлемі білім беру стандартымен нақтыланып, әлеуметтік жұмыскердің теориялық кәсіби деңгейінде көрсетіледі. Оқу процесінің сипатын мемлекеттік стандарт арқылы анықтайды, оқытылатын пәндер мазмұны мен жиыны, талаптардың сипаты, әлеуметтік жұмысты сипаттайды және ол мыналарды құрайды:

- ұйымдар үшін қажетті кәсіби көмек пен білім;

-әлеуметтік жағдайларды талдаудың нақты дағдылары;

-жалпы негізді адамдық және маңызды кәсіби құндылықтарды талдауы;

-кәсіби және тұлғалық сапаларды саналы қолдану және қалыптастыру;

-кәсіби мақсаттарда қарым-қатынас дағдыларын дифференциалданған түрде қолдану;

-әлеуметтік жауапкершілік;

-жұмыста клиентпен ақкөңілділік мүддесі;

-өзін-өзі тәрбиелеу және өзіндік білім алудағы тұрақты орнықтыру;

-күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге дайындық.

Жаңартылған жалпы кәсіби және арнайы стандарттардағы негізгі өзгерістер, маманды терең кәсібилендіру және гуманитарлық оқытуға бағытталған. Шын мәнінде әлеуметтік жұмыскерлердің таралу объектісі тек қана әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінде ғана емес, сондай-ақ олар білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс саласы, құқық қорғау органдарында қызмет ете алады. Бұл әлеуметтік жұмыскерлерді дайындауда кадрлық, материалды-техникалық және оқу-әдіснамалық процестерге талапты жоғарылатады. Қазіргі әлемдегі мамандықтардың жетілгендігі екі бағыттағы тенденцияны құрайды: мамандандыру және әмбебаптандыру. Әлеуметтік жұмыскерге тұлға ретінде және квалификацияланған маман ретінде ең алдымен академиялық дайындық пен практикалық іс-әрекет маңызды болып есептеледі. Әлеуметтік жұмыс құрылымы, оның мамандануы, қалыптасуы, әлеуметтік жұмыс аймағында мемлекеттік стандарттарға сай мерзімді тәжірибе уақыты белгіленеді. Әлеметтік жұмыс әмбебап, пәнаралық сипатта ерекшеленеді, яғни әлеуметтік қолдау көрсету, әлеметтік-экономикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік- психологиялық, әлеуметтік-медициналық көмек көрсетумен анықталады. Сонымен қатар мамандандыру әлеуметтік жұмыстағы объектілерге, ішкі жүйелер мен түрлерге әсер етеді. Мысалы, жетім балалармен әлеуметтік жұмыс, түрлі топтағы халықтармен әлеуметтік жұмыс және т. б. Қазіргі күнде әлеуметтік жұмыскерге білім берудің квалификациясы мынадай 3 саты бойынша қалыптасады: әлеуметті жұмыс бакалавры(4 жыл), әлеуметтік жұмыс маманы(5 жыл), әлеуметтік жұмыс магистрі(6 жыл) . Әрқайсысының өзіндік кәсіби білімінің мазмұны толық принципте құрылған. Бірінші орында бакалаврды үйрену оның қолданбалы зерттеу дайындығын жылжытып, оның әкімшілік-ұйымдық және практикалық әрекетке шығара алады. Мамандарды дайындау интегративтік, теориялық, аналитикалық-зерттеуші, ғылыми-педагогикалық сипатта жүзеге асырылады. Әлеуметтік жұмыс магистрі зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жобалық болжау және ақпараттық-ресурс тапсырмаларын орындай білуге міндетті, өйткені олар өз уақыттарының көп бөлігін ғылыми зерттеулерге және ғылыми-педагогикалық тәжірибеге арнайды. Әлеуметтік жұмысты оқу сапаларының негізлері интеллектуалдық, коммуникациялық, технологиялық, басқа білім мен дағдылар бірлігінің сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыс аймағын жоғары білім сапаларымен қамтамасыз ету үшін талапкерлерді сапаландыру, профессорлық-оқытушылық құрамының өсуі, ғылыми-әдіснамалық және оқу процестерін материалды-техникамен қамтамасыз ету, студенттерді практикалық дайындау, білім деңгейлерін бақылау, рухани-адамгершілік, әлеуметтік-мәдени және физикалық дамыту қажет. Аталған бұл аспектілер, әлеуметтік жұмыс аймағындағы шешімді талап ететін проблемалар болып табылады.

Мамандар кәсіби бағдарламаларды өңдеуді, әзірлеуді және кәсіби қызметкерді қайта даярлауды үйренуді қазіргі заманғы білімнің биік қамтамасыз ететін қажеттілігі деп айтады. Әлеметтік жұмыс жүйесінің төнірегіндегі білімдерді әбден жетілдіру үшін келесі жолдардың іске асырылуы керек болады:мамандарды әзірлеуге кажетті нақты шарттардың аймақтық ұстанымдары; аймақтық және кадрлық қатынастардың барлығын қамтитын жол: десаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрліктері, сондай-ақ басқа деңгейдегі әлеуметтік жұмыс атқаратын өлкелер; практикалық әрекеттер әлеуметтік жұмысты мамандандырудың қайнар көзі болып табылады. Бұл іс-әркекттер әлеуметтік жұмыс үйретуші бағдарламалық функцияларын, жаңа білім беретін бағдарламалардың пайда болуы және әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандар диапозонының кеңеюіне жағдай жасайды. Әлеуметтік жұмыс аймағына анализ жасау, жобалау жасау және талдау әлеуметтік жағдайлар мен процестерді үйрену болып табылады. ЖОО-дағы дәрістер, практикалық сабақтар және ғылыми әдістер- әлеуметтік жұмыстың технологиясына жатады. Осы мамандықты үйренуде барлық еңбекте жауакершілікті алатын орталық субъект -студент болып есептеледі. Өз кезегінде, студент пен оқытушы арасындағы өзара байланыстағы ЖОО-ның әкімшілік құрылымдары студенттің өзіндік дамуы үшін жеке және кәсіби шарт жасауы керек. Сайып келгенде, әлеуметтік жұмыс аймағында білім беру маманның кәсіби тұлғасының қалыптасуын көрсетеді. Қазіргі әлемде бұл туындаған қажеттіліктер әрқашан өзін-өзі жетілдірумен, білімнің үздіксіз жаңаруына байланысты болып отыр. Ресейдегі әлеуметтік жұмыстың білім беру процесіне, тұлғаны тәрбиелеу және дамытуды мамандық арқылы жүзеге асыру, әсіресе маманның өзектілігі «адам-адам » концептуалды идеясы.

Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау басты мәселе болып табылады. Өйткені қоғамда әлеуметтік көмекті, қамсыздандаруды, қызмет көрсетуді қажет ететін нұқсан жандар көбеюде. Ал әлеуметтік жұмыс мамандарының объектілері сол нұқсан жандар болып табылады. Сондықтан әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау Қазақстанның әртүрлі қалаларында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындары Астанада, Алматыда, Қарағандыда оқытылады. Бұл қалалардағы жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жұмыс мамандары 4 жыл ішінде дайындалып шығады, бірақ толығымен емес, 4 жыл ішінде оқыған мамандар бакалавр деңгейін алады. Маман білімділігін жоғарлатқысы келсе 2 жыл магистратураны оқиды. Көптеген жоғарғы оқу орындары әр қалада мамандарды әр түрлі бағытта дайындайды. Жоғарғы оқу орындарының көп бөлігі ұйымдастырушы мамандарды, әлеуметтік жұмыс басқарушыларын, ал кейбір жоғарғы оқу орындар - құқықтық және психологиялық бағытта мамандарды дайындайды. Әлеуметтік жұмыс - көп деңгейлік іс - әрекет болғандықтан, әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау толық пәндер кешеніне негізделеді. Әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындауға негізделген әлеуметтік жұмыстың негізгі пәндеріне: әлеуметтік жұмыс теориясы мен тарихы, әлеуметтік жұмыс технологиясы, халықаралық әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік жұмыстағы басқару, мамандыққа кіріспе жатады. Сонымен қатар мамандарды дайындауда жалпы пәндер: әлеуметтану, педагогика, психология, құқық, медицина, философия, экономика, тарих, мәдениеттану, экология оқытылады. Бұл пәндер әлеуметтік жұмыскер іс - әрекетінің бөлімдерін толықтырады.

1. 2 Әлеуметтік жұмыскердің маман ретінде қалыптасыуындағы этикалық сапалары.

Әлеуметтік жұмыскердің модельдері өзара байланысты жүйелер мен параметрлерден көрініс табады. Негізгі компоненттері мен тұлға мінез-құлқы, маманның іс-әрекетімен тығыз байланысты; яғни әлеуметтік жұмысердің терең мотивациясы, сана-сезімінің құрылымдық дамуы әлеуметтік жұмысқа психикалық дайындық болып табылады. Әлеуметтік жұмыс аймағындағы профессионалдың теориялық моделі өзіне адамгершілік- этикалық сапалар, әлеуметтік жұмыскердің этикалық кодексіндегі адекваттық талаптар, өзін-өзі дамыту, қоғамның өзгеруіндегі шығармашылық қатынастар сияқты факторларды қалыптастырады. Отандық және шетел әдебиеттерінде әлеуметтік жұмыскердің кәсіби- этикалық сапалары туралы маманның жеке типологиясы қарастырылған.

Американ ғалымдары Г. Джун, Хоппс және Элейн әлеуметтік жұмыскердің түрлі сатыдағы кәсіби- теориялық құрылымын ұсынып, практикалық әрекеттердегі квалификациялық нормаларды тізбектеп, маманның кәсіби жауапкершілігіндегі этикалық нормалар позицияларын және әлеуметтік жұмыскер стандарттарының мағынасын сызбалаған. Олардың ойынша, қоғамдағы процестер өзгерісі қиын жағдайларда адекваттық реакцияларды қажет етеді. Әлеуметтік адамдар талантты адамдарды толықтыруға, еркін критикалық ойлауға, көмек беру туралы өтініштерге жауап беруге, клиенттермен жұмыс жүргізгенде заманауи технологияларды пайдалана білуге міндетті. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби-тұлғалық мінез-құлқы Швеция, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Израйль және т. б елдерден мамандық мазмұнын терең түсінугмен оған заманауи талаптар қоюға рұқсат етілген. Негізгі қызығушылықтар «Әлеуметтік жұмыс этикасы: принциптері мен стандарттары» жалпы құжатында көрсетілген. Бұл құжат 1994ж қазанда әлеуметтік қызметкерлердің Халықаралық Федерациясында қабылданып, әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби нормаларын жетілдіру мен моральдық жауапкершіліктері белгіленген. Әлеуметтік-этикалық бағдары осы құжатта мазмұндалып, әлеуметтік жұмыскерлерге талаптар қою жүйесі ескертілген. Мамандарды тұлғалық мәнді бағалау көрсетілген: «Этикалық білім- бұл әлеуметтік жұмыскердің маңызды кәсіби іс-әрекетінің бөлімі. Ол қызмет көрсету дәрежесін жоғарылатуға қабілетті, этикалық нормаларға сәйкес маманның негізгі стандартты этикалық мінез-құлықтары, әлеуметтік жұмыскердің гипотетикалық моделінің адамгершілік-этикалық сапасын құрайды». Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби-этикалық сапалары, функциялары мен рөлі мына еңбекте толық жазылған. «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі шартттарды қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыскерлер рөлі мен функциясы» кітабында әлеуметтік жұмыскерлер профессионализмінің қалыптасуы көрсетіліп, әлеуметтік жұмыскердің белгілі критерийлерін бағалау, әлеуметтік жұмыскер мамандарының квалификациясын жоғарылату жүйесі қарастырылған. Ал «әлеуметтік жұмыскер профессионализмі» кітабы әлеуметтік зерттеулерге негізделіп, әлеуметтік жұмыскердің кәсіби-этикалық сапалары көрсетілген.

Әлеуметтік жұмыске мамандарының кәсіби-этикалық талаптары мынадай сапаларда анықталады:

-заманауи қоғам мәдениетінің сатысы және оның әлеуметтік жұмысқа қатынасы мен маңызды субъектілері- әлеуметтік қызметтегі жұмысшылар, оның философиялық-этикалық көрсетілімдері, ұлттық менталитет пен әлеуметтік дәстүрлер;

-әлеуметтік жұмыскердің квалификацияларына Халықаралық талаптар, яғни белгіленген деңгейде шет елдердегі объективті қажеттіліктердің пайда болуы мен әлеуметтік қызметтердің дамуы, кешенді, көп профильді және мамандандырылған әлеуметтік орталықтардың қызмет көрсетуі;

-әлеуметтік мәселелердің көп нұсқаулы шешімдері, белгілі жағдайларда мақсатқа жету, халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік дамытуда өзгерістер нәтижесін қолдану, экономикалық реформалар және т. б бекіту.

Әдіс-тәсілдерінің шындығы, әлеуметтік жұмыскердің кәсіби әрекеттеріндегі түрлер мен формалар саланың тек қана өзгешелігі ғана емес, іс-әрекеттің мінез-құлқын анықтау, бірақ әлеуметтік-экономикалық қоғамда жағдайлардың ерекшеліктері белгілі аймақтарда, мекендерде қолданылады. Әлеуметтік қызметкерлер кәсіби-этикалық талаптарды түрлендіре алады және халықты әлеуметтік қорғау ерекшеліктерін қарастырады. Шын мәнінде әлеуметтік түсінік, кедейшілік, жұмыссыздық, балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары, проституция, жетімдік, алкоголизм, мүгедектік және т. б маңызды факторларды білдіреді, яғни бұл факторлар маманның мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді және маңызды кәсіби сапалар бойынша анықталып реттеледі.

Құндылықтар - әлем мен адамға деген қарым-қатынастың жолдары. Олар бағалы субъекті мен бағаланатын объектінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Әлеуметтік жұмыстағы құндылықтар жүйесі кез келген ұғынылған практиканың құрылысындағы негізгі мәселесі болып табылады: тек сонда ғана бақыланған фактілер белгілі бір мәнге ие бола алады, және тек солай ғана әлеуметтік іс-әрекеттер мақсаттанған қызметке орай қалыптастырылады.

Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби-этикалық сана-сезімі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиялық құндылықтар мен идеалдар
Әлеуметтік жұмыстың қалыпты заңдылықтары
Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшеліктері
Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындаудың практикасында қолданылатын оқыту технологияларының болашақ маманның өзіндік дамуындағы маңыздылығы
Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік тәрбиесін басқарудағы кәсіби этиканың рөлі
Педагогикалық құзырлық түсінігі
Әлеуметтанудағы әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің методологиясы
Жұмыстың объектісі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби дамуы
Қызметшілерді басқару
Жергілікті басқару органдарының құрылымы мен функцияларына талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz