Әлеуметтік жұмыстың қалыпты заңдылықтары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3

І Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде4

1, 1 Әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері. 4

1. 2. Әлеуметтік жұмыстың қалыпты заңдылықтары. 6

ІІ Әлеуметтік жұмыстың негізгі әдістері мен қағидалары8

2. 1. Әлеуметтiк жұмыстың әдiстерiнiң мәнi және олардың сипаттамасы8

2. 2. Әлеуметтік жұмыстың қағидалар жүйесі. 14

2. 3. Этикалық кодекс және оның ұстанымдары22

Қорытынды27

Әдебиеттер тізімі28

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы - « Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен қағидалары». Әлеуметтік жұмыс күйзеліс жағдайындағы адамға көмек берудің теориясы мен практикасы ретінде терең тамырлы тарихқа ие. Ол жеке тұлғаның немесе топтың өмірлік жолының өзгеруіне әлеуметтік мәдени қағида бойынша тиімді ықпал жасау секілді ұлттық дәстүр негізінде ғылымға айналған. Батыс еуропалық өркениет адамға тек қана көмек беру емес, сонымен бірге, көмекті қажет ететіндерге қолдау берудің қағидалары мен әдістерін жасады. Кедейшілік парадигмасы жақын адамға махаббат және қайырымдылыққа негізделе отырып, әлеуметтік теңдікке келісті қолданысқа енгізді. Бүгінгі таңдағы ерікті көмек көрсетушілердің қызметі көмек қажет етушілерге көмектің жаңа қағидаларын, әртүрлі деңгейдегі қолдау мен сақтандырудың әдістерін қалыптастыруды талап етеді.

Қазіргі күні әдістер мен техникалардың, сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс теориясы аумағындағы теориялық келістердің ауқымын кеңейтуге ерекше назар аударылуда.

Тақырыптың өзектілігі. Әлеуметтік жұмыс көпсалалы мамандық болғандықтан, онда қолданылатын әдіс-тәсілдер, қағидалар мен технологиялар, заңдылықтар көптүрлі және сан алуан. Болашақ әлеуметтік жұмыскер үшін практикада қолданылуы керек тиімді әдістерді білу аса маңызды. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыскердің өз қағидаларына бағынып және әр түрлі мәселеге тиімді келіс таңдай отырып жұмыс істеуі оның кәсібилігінің дәржесін бейнелейді.

Курстық жұмыстың мақсаты - әлеуметтік жұмыс практикасында кездесетін мәселелердің әртүрлілігін анықтау, сонымен бірге, болашақ әлеуметтік жұмыскерге мәселелерді шешуге қажетті әдістерді таңдауға бағдар жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері :

  • Әлеуметтік жұмыстың теориясындағы әдістер мен заңдылықтарды зерттеу;
  • Жалпы әлеуметтік жұмыс мамандарына арналған қағидаларды меңгеру;
  • Әлеуметтік жұмыс практикасында кездесетін мәселелерге теорияда меңгерген әдістерді тиімді қолдана білу.

Курстық жұмыстың объектісі - әлеуметтік жұмыскер мен клиент арасындағы қарым-қатынас.

Курстық жұмыстың пәні - әлеуметтік жұмыста кездесетін мәселелер, және оны шешу барысында қолданылатын келіс, әдіс-тәсілдер мен әлеуметтік жұмыскер ұстануы тиіс қағидалар.

І Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде

1, 1 Әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері.

Әлеуметтік жұмыс адамдарға көмек көрсетуге, олардың қиындықтарында қолғабыс көрсетуге бағытталған әлеуметтік қызмет түрлерінің қатарына енді.

Көмек беруші мен алушы арасындағы байланыс, ертеректе, органикалық болып қарастырылды. Қарым-қатынастар заңдар аясында емес, салт-дәстүр, әдет-ғұрып аясында қалыптасты. Көмек көрсетілетін адамдар әлсіз, зарар шеккен, тәуелділер позициясында болды. Олар сыйлық алуға және сыйлаушыларға ризышылықтарын көрсетуге міндетті болатын. Сонымен бірге, бұл саладағы еріктілік пен волюнтаризмді: садақа берушілер, қайырымдылық шараларын ұйымдастырушыларды көрсету керек.

Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде қалыптасуы мен нығаюы қоғамдағы дәстүрліліктің ақырындап жойылуы процестерімен толық байланысты. Бұл идеологияның, қоғамдық психологияның, білім берудің, пана болудың - тіршілік әрекетінің барлық қырының секулярлық эмансипациясы. Дін жоғалған жоқ, бірақ бәрін қамтитын әрекетін доғарды; ол басқа әлеуметтік институттар арасында өзінің арнайы орнын алды. Бұл индивидуалдылықтың революциясы: егер дәстүрлі қоғамның адамы бірлескен болса, яғни ол кез-келген көмекті тек белгілі-бір қала немесе ауыл қауымына, шіркеуге, кәсіптік цехқа тәуелді болуымен алатын болса, ал қазір ол сол қоғамнан «бөлектенеді», ол жеке тұлға болады, яғни ол белгілі бір ортаға бағыныштылық арқылы емес, өз құзіретінде көмек ала алады.

Бәрінен бұрын, әлеуметтік көмек идеологиясы жеңілдіктер концепциялары негізінде қалыптасқан. «Жеңілдік» түсінігі барлық адамдар міндеттіліктің белгілі-бір ауыртпашылығымен жүретіні, және бұл ауыртпалық олардың таңдаулыларынан ғана түсіріледі деген көзқарастан пайда болды.

Әлеуметтік жұмыс құрылымын тұлғаға, отбасына немесе адамдар тобына индивидуалды көмек көрсету, адамға оның өмірінің мәдени, әлеуметтік және материалдық деңгейлерін қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес қолғабыс беру кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады[1] .

Әлеуметтік жұмыстың теориялық парадигмаларының қалыптасуын төмендегідей ғасырларға бөлуге болады:

•philos, яғни достық сүйгіштік түсінігінің пайда болуы. Ол тек туысқандық сипатта емес, сонымен бірге, әлеуметтік байланыстардың кең көлемді шеңберінде де сипат алды.

•негізін салушы жақын адамға махаббат ретінде «агапе», яғни жақын адамдарға деген қайырымдылықтың қалыптасуы.

• батыс қоғамында «адам құқығы» тұжырымдамасының жүзеге асрылуы, онда кедейлік пен пауперизм негізгі басым сұрақтардың бірі болды.

•әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларға негізделген, кәсіби мамандарға адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмек беретін әлеуметтік жұмыстың теориясының қалыптасуы.

Әлеуметтік жұмыс - әмбебап әлеуметтік институт: оның тасымалдаушылары барлық индивидтерге олардың әлеуметтік статусы, ұлты, діні, нәсілі, жасы және т. б. белгілеріне қарамай қөмек көрсетеді. Бұл сұрақта жалғыз белгі - өмірлік қиыншылықтарымен күресе алмау және көмекке қажеттілік.

«Объект» термині таным мен қызметтің дара қатынастарын сипаттайтын нақты екіжақты байланысты талдау кезінде қолданылады. Бұл нақты қатынаста таным немесе қызметті жүзеге асыратын жақты субъект деп атайды; ал таным немесе қызмет бағытталған жақ объект деп аталады. Әлеуметтік жұмыстағы субъект ұғымы аса көп планды, және ол ары қарай талданады.

Субъект-объекттік қатынас жылжымалы. Бір қатынаста объект болғаны таным немесе қызметтің басқа әрекетінде субъект болуы мүмкін, немесе керісінше. Бұдан басқа, қызмет пен танымның екі жағы да белсенді продуцент болып табылатын коммуникативті қызмет саласының толық қатынас қатары субъект-субъекттік ретінде ұғынылуы мүмкін. Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қызметтің нақ осы салаларының қатарына жатады.

Әлеуметтік жұмыста көмек бағытталған адам «клиент», ал медицина саласында «пациент», заң саласында «жәбірленуші» ж. т. б. деп аталады.

Клиент жеке немесе топтық (отбасы, мектеп класы, мүгедектер тобы, еңбек коллективі ж. т. б. ) болуы мүмкін. Оның аса нақты сипаттамасы әлеуметтік жұмыстың ұйымдастыру деңгейімен анықталады. Сонымен, әлеуметтік жұмыс объектісі болып өмірдің қиын жағдайына түскен тұлғалар, отбасылар, топтар, қоғамдар табылады. Өмірдің қиын жағдайы - белгілі объектілердің қалыпты әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін бұзатын немесе бұзуы ықтимал жағдай. Сонымен қатар, тұлғаның өзі сыртқы көмексіз өз күшімен жеңе алмайтын жағдай екенін де айта кету маңызды.

Әлеуметтік жағдай - әлеуметтік жұмыстың жеке немесе топтық болсын нақты клиентінің нақты мәселелік жағдайы.

Клиенттің әлеуметтік жағдайы, сонымен бірге, әлеуметтік жұмыстың пәні , әлеуметтік қызметкердің күш жұмсайтын бөлігі болып табылады. Оның қызметінің мақсаты - клиенттің әлеуметтік жағдайын жеңілдету, оның нашарлауының алдын алу, қалай болғанда да, клиенттің өз жағдайына субъективті қайғыруын оңайлату. [2]

1. 2. Әлеуметтік жұмыстың қалыпты заңдылықтары.

Теория әлеуметтік жұмыстың өзара байланысты компоненттерінің барлық жиынтығының дамуы мен жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары мен тенденцияларын айқындап сипаттайды. Негізінде, бұл кешен әлеуметтік жұмыстың біртұтас механизмін құрайды: саналы іс-әрекет объектісі және оның тіршілік әрекетінің шарты; саналы іс-әрекет субъектісі және оның мүмкіншіліктері; субъект пен объектінің өзара қатынасының мақсаты мен заңдылықтары; субъекттің объектке әсер етуінің қағидалары мен әдістері; субъект пен объектінің өзара байланысының нәтижесі.

Халықтың көрсетілген топтарын әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешудің нәтижелілігі мен тиімділігі, көбінесе, әлеуметтік қызметтің жұмыс істеуі мен дамуның оңтайлы деңгейімен, әлеуметтік жұмыс әдістерінің, түрлерінің және мазмұнының ғылыми негізділігімен, адаммен практикалық жұмыста олардың қажеттіліктері, қызығушылықтары, ұмтылыстары, іс-әрекет жасауындағы түрткілерінің және ішкі және сыртқы реттегі басқа да қозғаушы факторлардың нәтижелі байланыстарын есепке алумен анықталады. Әлеуметтік жұмыстың нәтижелілігі мен тиімділігінің аталған шарттарының байытылған түрі болып әлеуметтік жұмыстың заңдылықтары саналады. Заңдылықтардың қызметтің кез-келген ортасында жұмыстың нәтижелілігі тәуелді болатын, маңызды, мәнді болып саналуы кез-келген ғылымның, ғалымның және тәжірибешінің нақты бір қызмет саласындағы маңызды міндеті болып табылады.

Әлеуметтік жұмыстың заңдылықтары дербес білім ретінде емес, әлеуметтік жұмыс объектісінің ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуімен бір сапалы күйден басқасына өтуі көрінетін әлеуметтік процесі кезінде ғана қолданылады. Сондықтан әлеуметтік жұмыс заңдылықтары сезімдік қабылдауларға шектеулі, олар тек қана айқындалған тенденциялардың, тәуелділіктердің анализі мен синтезінің көрінуі, абстрактілі ойлау негізіне ұғынылуы мүмкін.

Әлеуметтiк жұмыстың заңдылықтарының анықталуы оның пән аралық, интегратия сипатымен қиындайды, қажеттiлiк эмпирикалық материалдың көптiгiнiң статистикалық өңдеуi, тәжiрибелi мәлiметтер және бақылаулар. Әлеуметтік жұмыс заңдылықтарын білу оның пәнаралылығымен, интегративті сипатымен, үлкен көлемді эмпирикалық материалдарды, тәжірибелі деректер мен зерттеулерді статистикалық өңдеудің қажеттілігімен күрделене түседі.

Тұтас алғанда, әлеуметтік жұмыстың заңдылықтары халықты әлеуметтік қорғау орындарының мамандары мен әлеуметтік қызмет пен көмекті қажет етуші роліндегі әр түрлі топтар немесе индивидтердің арасындағы елеулі байланыстарын білдіреді. Мұнда әлеуметтік өзара байланыстың субъектісі мен объектісінің басқарушылық қарым-қатынасының өзіндік әртүрлілігі орын алады, ал олардың есебі осы өзара байланыстың тиімді жетістігін қамтамасыз етеді.

Мамандардың ұйымдық рәсімделген топтарын құрайтын федералды да, аймақтық та деңгейдегі әлеуметтік қорғаудың басқарушы органдары үшін басқарушылық қатынастар барлық басқарушы органдарға жалпылама заңдылықтар бойынша детерминделеді. Оларға мыналар жатады:

  • Басқару субъектілерінің ерекше қызығушылықтарының өзара ықпалдары;
  • Басқару органдарының құрылымдық қорытындылығы;
  • Басқару органдары қызметінің әлеуметтік әлеуметтік бағыттылығы;
  • Әлеуметтік ықпал жасаудың жақын және алыс мақсаттарының әлеуметтік қорғау объектісіне сәйкестігі.

Контактілік деңгейде қызметтің жетістігін айқындайтын заңдылықтардың факторлары келесідей:

  • Әлеуметтік жұмыкердің клиентпен бірлескен мүдделері соңында өзара әрекеттерінің нәтижесі;
  • Әлеуметтік жұмыс маманының клиентке бүтіндік және кешендік әрекеті;
  • Әлеуметтік жұмыс маманында өкілеттілік пен жауапкершіліктің үйлесуі;
  • Әлеуметтік жұмыс маманының клиентке әлеуметтік қызмет көрсетуінде даму деңгейінің сай келуі.

Заңдылықтар обьективті түрде орындалады. Оларды білуіне немесе мойындауына тәуелді емес. Тәжірибелік қызметте заңдылықтар танылады және есептеледі соған қарай әлеуметтік жұмыста жетістіктер артады.

Әлеуметтік жұмыс мақсатына жетудің тиімділігіне әсер етуші әлеуметтік жұмыстың субъектісі мен объектісінің мәнді байланыстары әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы байланыстың соңындағы ортақ қызығушылық; әлеуметтік жұмыс қызметкерінің клиентке ықпал жасауының тұтастығы; әлеуметтік қызметкердің жауапкершілігі мен өкілеттігінің сәйкестігі; клиенттің ерекше және жеке қызығушылықтары арқылы жалпы қызығушылықтарының іске асуы; әлеуметтік жұмыс субъектісі мен объектісінің даму деңгейлерінің сәйкестігі сияқты заңдылықтар арқылы көрінуі мүмкін.

Әлеуметтік жұмыстың әлемдік және отандық тәжірибесі аталған заңдылықтырдың маманның әлеуметтік жұмыс облысындағы білімі, ынтасы немесе еріктеріне тәуелсіз қалыптасатынын көрсетеді. Кез-келген әлеуметтік қызметкер әртүрлі себептердің күшімен әлеуметтік жұмыс заңдылықтарының объективті сипатын елемеуі мүмкін. Және бұл, әлеуметтік жұмыс заңдылықтарының күшін бұзбайды деп ұғынылады, алайда жағымсыз салдарға, қосымша күш, уақыт пен ресурстарды талап ететін жойылуларға алып келеді. Міне сондықтан, әлеуметтік сала қызметкерлері әлеуметтік жұмыс заңдылықтарын практикада қаншалықты терең түсініп, толық ескерсе, соншалықты олардың қызметтері тиімді болмақ. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс заңдылықтарын білу оны қызмткерлердің өз практикаларында табысты қолдануына кепілдік бермейтінін ескеру қажет.

Әлеуметтік жұмыс құрылымының мазмұнындағы орталық орынның бірі заңдылықтармен қатар әлеуметтік жұмыстың ғылымилығын қамтамасыз ететін субъекттің объектіге ықпал жасауының қағидалары мен әдістеріне тиесілі. [3]

ІІ Әлеуметтік жұмыстың негізгі әдістері мен қағидалары

2. 1. Әлеуметтiк жұмыстың әдiстерiнiң мәнi және олардың сипаттамасы

Әлеуметтік жұмыста қолданылатын әдістердің көбісі нақты іс-әрекет ретінде әлеуметтік жұмысты универсалды сипаттайды және пәнаралық болып табылады. сондықтан оларды экономикалық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әкімшілік-басқарушылық және т. б. деп бөледі.

Әлеуметтік жұмыстағы барлық әдістерді 2 топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. мәселелерді шешу әдістері;
  2. білім алу әдістері.

Мәселелерді шешу әдістеріне келесілерді жатқыза аламыз:

Әлеуметтік

Өз іс-әрекеттері барысында, әлеуметтік жұмыскерлер, бәрінен бұрын документтерді анализдеу (жазбаша, баспа түрінде, жеке, жеке емес ресми, бейресми), бақылау, сауалнама және контент-анализ (газеттердің, кинофильмдердің, көпшілік алдында сөйлеудің мазмұны) сияқты әдістерге жүгінеді.

Психологиялық

Психологиялық әдістердің ерекшелігі адамдардың психикасын үйренуге бағытталуында жатыр.

Өзге методтар

Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік және психологиялық әдістердің рөлі ауқымды, бірақ әдістер олармен ғана шектелмейді. Оларды қолдана отырып, әлеуметтік қызметкерлер адамдардың өмір шарттары, сонымен қатар олардың жеке ерекшелектері жайлы ақпарат алады. Олардың қызметінде маңызды рөлді, алайда, басқа да теориялық білім мен практикалық қабілеттілікті талап ететін әдістер ойнайды. Олардың негізгілері әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, ұйымдық, құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік-медициналық.

Әлеуметтік-психологиялық әдістер сол немесе өзге әлеуметтік топқа жататын адамдардың мінез-құлық заңдылықтарын оқып-үйренуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық әдістердің мағынасы әлеуметтік жұмыскерлердің педагогика саласынан білімін талап ететін тәрбие мәселесіне тап болуымен ашылады.

Ұйымдық әдістер әлеуметтік қорғаусыз топтармен жұмыс жасаушы кәсіби және қоғамдық ұйымдармен байланысты. Әлеуметтік қызметкерлердің құқықтық әдістерге жүгінуі көмекке мұқтаж адамдарға арнайы заңдарға негізделе отырып көмек көрсетуінен көрінеді. Олар материалдық көмек мәселелерін емес, сонымен қатар экономикалық жеңілдіктер мен санкциялар мәселелеріне бағытталған қаржы-экономикалық әдістерді меңгеруі шарт.

Әлеуметтік-медициналық әдістерді санитарлық білім беру, дәрігерлік еңбек экспертизасы немесе патронаждықпен айналысатынтар қолданады.

Әлеуметтік жұмыс әдістерінің көптүрлілігі оның әр мәселесін шешуше барлық әдістердің қолданылатынын білдіртпейді. Нақты әдісті таңдай отырып, әлеуметтік қызметкер алдында тұрған мәселеге басшылық жасайды.

Білім алу әдістеріне келесілер жатады:

Коммуникативтік (байланыстық)

Әлеуметтік жұмыс коммуникацияның дербес жағдайы болып табылады. Байланыс жасау процесінде білімдер ақпарат ретінде қолданылады. Әлеуметтік қызметкерлер коммуникативтік әдістермен, яғни өзара ақпарат алмасушы адамдар арасында қалыпты әңгімелесу барысын сақтауға бағытталған тәсілдермен таныс болуы тиіс.

Философиялық

Білім аданың қоршаған ортасын тануының нәтижесінде пайда болатындықтан, ол гносеологияның (немесе таным теориясы) арнайы зерттеу пәні болып табылады.

Логикалық

Таным өзіне тек зерттеу пәнін енгізіп қана қоймайды, сонымен қатар бар білімді өзгертумен де айналысады.

Әлеуметтік жұмыс практикасында әлеуметтік жұмыскер мен клиент арасындағы қарым-қатынас кезінде қолданылатын, теорияда әдістер деп аталатын, келесі әдіс-тәсілдерді бөліп қарастыру қажет:

-нақты жағдайдағы индивидуалды жұмыс;

-топпен жұмыс;

-микроәлеуметтік ортадағы жұмыс.

Индивидуалды әлеуметтік жұмыс әдістері , немесе индивидуалды жағдайдағы әлеуметтік жұмыс әлеуметтік жұмыскер клиентпен біріге отырып, клиенттің тұлғалық және әлеуметтік мәслелерін шешудегі «бірге бір» жағдайында пайда болады. Әлеуметтік жұмыстағы нақты индивидуалдық мәселелер болып эмоционалдық мәселелелер, отбасылық немесе тұлғалық күйзелістер, отбасындағы дау-жанжалдар, өндірістегі немесе мектептегі мәселелер, жұмысынан айырылу және т. б. табылады.

«Бірге бір» жағдайы әлеуметтік жұмыскер мен клиент арасындағы белгілі-бір байланыстарды көрсетеді. Индивидуалды көмек көрсету кезінде тек қана өзара жақсы байланыс орнату емес, сонымен бірге, әлеуметтік жұмыскерден «бірге бір» жүйесі үшін ерекше рөлді, клиент жайлы қажетті ақпаратты білуін талап етеді.

Л. Джонсонның тұжырымдамасына сәйкес, жұмыстың жақсы нәтижесі әрқайсысы өзінің ерекше құндылықтары мен мазмұнын көрсететін, әлеуметтік жұмыскер мен клиент бойынша қаралатын белсенді жүйе түрінде қарастырылады. Л. Джонсонның схемасында жағдайға байланысты индивидуалды жұмыс процесіндегі субъект-субъектті өзара байланыстың шарттары көрсетілген.

Индивидуалды жұмыстағы өзара байланыс орнату ретті іс-әрекеттер жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Бәрінен бұрын, әлеуметтік жұмыскер мен клиент арасында контакт орнатылуы тиіс.

Нақты жағдай бойынша индивидуалды жұмыстағы әлеуметтік жұмыскердің қызметінің жалпы моделі келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

  1. Бастапқы байланыс орнату және клиенттің өзгеруге қажеттілігін орнату.

Бұл кезеңде әлеуметтік жұмыскер мынадай қиыншылықтарға тап болуы мүмкін: клиент өз мәселесінің неде екенін ұғынбауы және қажетті өзгерістерге талпыныс жасауды қаламауы. Бұл уақытта әлеуметтік жұмыскер клиентті өз мәселесіне назар аудартқызады, және сол проблемалардың бар екендігіне дәлелдер келтіреді. Егер осы жағдайдан кейін де клиент өзгеруді қажетті деп санамаса, онда әлеуметтік жұмыскер клиентке оның мәселесіне келесіде оралуына уақыт береді, яғни клиент ол уақытта бұл мәселені шешуді ұажет деп санайды.

  1. Мәселені зерттеу және анықтау.

Процестің келесі кезеңі клиенттің өзінің жағдайын қалпына келтіруде әлеуметтік жұмыскер шынайы қажет екендігін түсінгенде басталады. Бұл кезеңде әлеуметтік жұмыскер мен клиент арсында мәселені шешуде қажетті келістерді анықтауға мүмкіндік беретін өзара тығыз байланыс орнатылады.

  1. Мотивация.

Әлеуметтік жұмыскердің клиентпен біріге отырып, оның жағдайын бағалау. Әлеуметтік диагноздың орнатылуы. Клиенттің мотивациясымен жұмыс, егер клиент өзгеруге мотивацияны қаламаса, онда түдегейлі өзгерістер болмайды.

  1. Мәселенің концептуализациясы.

Әлеуметтік жұмыскер мен клиент қол жетілуі керек мақсаттарды, қолданылуы қажет әдістерді, және мақсатқа жету үшін шешілуі тиіс міндеттерді қарастырады. Олар бірігіп мәселені шешудің әр түрлі нұсқаларын бағалайды, объективті қажетті өзгерістерді анықтайды. Жиі клиент өзінің мәселесінде жеке тұлғалық жеткіліксіздіктерді көруге бейім, сондықтан олардың мінезі, іс-әрекеттері тынымсыз дәне эмоционалды болып келеді. Бұл жағдайда ол өз мәселесінің өзге жаққа өзгеруі тиіс компоненттер қатарынан тұратынына көз жеткізе алмайды.

  1. Шешім табу стратегиясын зерттеу.

Өзгерістерге бағытталған объективті ықпал жасауды қалыптастыруға көмек беру мақсатында клиентті сәйкес қызметке назар аударту. Мұнда клиент пен әлеуметтік жұмыс ортасында мәселені шешудің біріккен стратегиясы қолға алынады. Әрбір клиент өзінің мәселесі секілді маңызды болып саналады. Бір клиент үшін маңызды болып саналатын мәселе, басқа клиент үшін ешқандай қызығушылық тудырмауы мүмкін.

  1. Стратегияны таңдау.

Әлеуметтік жұмыскердің клиентпен бірігіп жасаған жұмысының нәтижесі мен поцесін бағалау, жағдайдың тұрақтануы мен болып жатқан өзгерістерді жалпылануы. Егер клиент жағдайды өзгертуге шешім қабылдай алмаса немесе іштей оған қарсылық білдірсе, онда жоғарыда айтып кеткеніміздей түбегейлі өзгерістер болмайды.

  1. Стратегияның жүзеге асуы.

Егер клиент өзіне алынған міндеттерді орындаса, өзара байланыс нәтижесі ұтымды болады.

  1. Эволюция.

Созылмалы және жалғасымды болуы шарт түбегейлі өзгерістер барысында клиент қажетті өзгерістерге қол жеткізуі тиіс, және клиент пен әлеуметтік жұмыскер арасындағы байланыс тоқтатылуы қажет.

Индивидуалды жұмыс процесінде әлеуметтік жұмыскер клиент өз қажеттіліктерімен қатар құқықтарға да ие екенін ескеруі керек. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикасына негізделе отырып, кәсіби қызметкер клентпен қарым-қатынаста келесі қағидаларға бағынады:

-клиент индивидуалды;

-клиент өз сезімдерін білдіруге құқылы;

-әлеуметтік жұмыскер бақылаушы эмоционалдық қатысу жасауы қажет;

-клиент әлеуметтік жұмыскер тарапынан қарсылықты сезінбеуі қажет, ол «қабылданылуы» керек;

-ол әлеуметтік жұмыкер тарапынан оны «бағалап жатқанын» сезінбеуі керек;

-клиент өзі таңдау жасауға немесе өзі шешім қабылдауға құқылы;

-клиент сыр сақтауға құқығы бар.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген қағидаларға сүйене отырып, әлеуметтік жұмыскерге тыйым салатын қағидалар қалыптасады. Ол қағидалар қатарынан мыналарды белгілеуге болады:

-ешқашан «үшінші тұлғаға» көмек көрсетпеу - көрмеген және оның жағдайын қарастырмаған адамға;

-ешқашан адамның тіпті көмексіз екеніне сенбеу (тек санасыз жағдайда болмаса) ;

-адамды не болса да өзін жақсы сезінуге күштемеу;

-өзге тұлға үшін шешім қабылдамау және өз көзқарасы тұрғысынан дұрыс деп ойлайтын таңдауды жасауға көндірмеу[4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларының рөлі
Ғылымдар жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың алатын орны
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және принциптері мен әдістері
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Ғылым – таным процесінің ерекше формасы
Адам генетикасына жалпы сипаттама
Әлеуметтік жұмыскер
Тәрбиенің ұзаққа созылатын процессі
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
Әлеуметтанудағы әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің методологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz